Главная страница

Дендрология пні бойынша Дріс конспектілері


Скачать 1.06 Mb.
НазваниеДендрология пні бойынша Дріс конспектілері
Дата03.05.2022
Размер1.06 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаdendrologiya daris2 (2).doc
ТипКонспект
#509158
страница5 из 6
1   2   3   4   5   6

Госсипиоспермум


Орысша атауы

Госсипиоспермум ранний

Латынша атауы

Gossypiospermum praecox

Тұқымдасы

F lacourtiaceae

Түрі

Лиственные

Таралу аймағы

Оңтүстік Америка


Басқаша атаулары: palo bianco (Доминик Республикасы), Venezuelan, Colombian, pau branco, castelo, zapateiro (Бразилия), zapa-tero (Венесуэла).

Таралуы: Кариб теңізі, Венесуэла, Колумбия.

Ағаш:  Биіктігі шамамен 20м, диаметрі 15-30 см.

Текстурасы: Қатты, әрі тығыз. Ашық сары түсті. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 800 кг / 

Технологиялық қасиеттері: Оңай кесіледі және өңделеді. Самшидпен (Buxus sempervirens) салыстырғанда тез жарылады.

Қолданылуы: қайықтар, фортепиана пернелері, роял жасалады.
Бразилиялық филлостилон


Орысша атауы

Филлостилон бразильский

Латынша атауы

Phyllostylon brasiliensis

Тұқымдасы

Ulmaceae

Түрі

Лиственные

Таралу аймағы

Оңтүстік Америка


Басқаша атаулары: baitoa (Доминик Республиксы).

Таралуы: Кариб теңізі, Мексика.

Ағаш: Қатты және берік. Құрғақ күйінде тығыздығы шамамен 900кг/  

Технологиялық қасиеттері: Өте жақсы өңделеді.

Қолданылуы: Госсипиоспермуммен салыстырғанда сапасыз болғандықтан, ұсақ құралдар жасауда пайдаланылады.


19 дәріс

Тақырыбы: Оңтүстік Американың қылқанжапырақты ағаштары
Дәріс жоспары: 1. Фитцройя Патагонская

2. Араукария Чилийская

3. Ногоплодник (Manio)

4. Араукария Узколистная
Фитцройя Патагонская (Alerce)

Таралуы: Чилидің орталық және оңтүстік бөлігі.

Биіктігі 30м. Диаметрі 1,25м.

Сүрегі. Туя ағашын еске түсіреді. Ядросы қызғылт- қоңыр түсті, бірақ туя ағашынан қатты және ауыр. Тығыздығы әртүрлі, орташа 510 кг/ .

Мықтылығы. Тығыздылар тұқымына жатпайды.

Төзімділігі. Сүрегі төзімді

Қолданылуы. Сүрегінің жоғары қасиеті, бойының біркелкі болғаны үшін түрлі салада материалдар жасауға мүмкіндік береді. Ағашты сәндік үшін де өсіреді. Чилида жиһаз өндірісінде пайдаланылады.

Араукария Чилийская (Chile Pine)

Атаулары: “Chilean pine ” Ұлыбританияда , “Pilon pehuen” Чилида аталады

Биіктігі 60м. диаметрі 1,5м.

Таралуы: Чилидің оңтүстігі.

Сүрегі: Ашық қоңыр түсті, барлық жағынан арауария ағашына ұқсас.

Тығыздығы құрғақ жерде 550 кг/ . Талшығы түзу. Құрылымы түзі және бірдей.

Кептіру: Тез кебеді, деформацияланады және сызаттанады.

Төзімділігі. Ағаш төзімсіз.

Технологиялық құрылымы. Тез өңделеді, бірақ кескіш құралдардың өткірлігін кетіреді.

Түрлі бояу, лактарға төзімді және оңай желімденеді.

Қолданылуы. Ағаш өнімдерін жасауда пайдаланылады.
Ногоплодник (Manio)

Таралуы: Ногоплодниктің екі түрі де Чилида өседі.

Ағаш: Manio тұқымдасының Podocarpus және Saxegothaea түрлері саудада сатылады.

Екеуінің сүректері ұқсас. Ботаникалық түрінде өзгешеліктері бар.

P.nubigenus ағашының биікігі 9-24м, ал диаметрі 0,75м. Діңінің формасы жақсы.

P. Salignus биіктігі 18м, диаметрі 0,45м. Діңі әдетте бүктеліп келеді.

Сүрегі: Ашық сары түстен сары- қоңырға дейін өзгереді. Талшықтары түзу орналасқан. Сүрегі жұмсақ, тығыздығы 560 кг/ 

Кептіру: Шығыс Африкалық ногоплодниктарға ұқсас болғандықтан тез кебеді.

Мықтылығы: кәдімгі қарағаймен салыстырмалы түрде алсақ, ол ағаштан мықтырақ.

Техн. Құрылымы: Мех. түзетулерге төзімсіз. Сүрегі түрлі бояуларға төзімді, бірақ шеге қақса қақ айырылып қалады.
Араукария Узколистная (Parana Pine)

Басқаша атауы: АҚШ-та “Brazilian pine” деп аталады

Таралуы: Бразилия, Парана, Риу-Гранди-ду-Сул, Санта –Катарина және Сан-Паулу

Сипаттамасы: Діңі тік, бұтағы жоғарғы бөлігіне қарай орналасқан.

Биіктігі: 36м, диаметрі 1м шамасында.

Сүрегі: Қоңырқай түсті. Құрылымы тығыз және біртекті. Сүрегінде смола аз мөлшерде кездеседі.

Тығыздығы: 550 кг/ 

Кептіру: Басқа қылқандыларға қарағанда, жаңа шабылған кезінде қиын кебеді.

Кебуі әртүрлі, мысалы жабық түсті түрлері баяу кебеді.

Тығыздығы. Мех. Құрылымы жағынан кәдімгі қарағайға ұқсас, тек кейбір қасиеттеріне

байланысты көп мақсаттарда қолданыла бермейді.

Мықтылығы: ағаш мықты тұқымдыларға жатпайды.

Техн. құрылымы: Оңай өңделеді. Өңдеп жасағаннан кейін таза, тегіс болып шығады.

Жақсы желімденеді, бояуларға төзімді, полировка жасалынады.

Қолданылауы: Ағаш бұйымдары, мысалы есік жасалынады. Тығыздығы жеткілікті болмағандықтан, ағаштан құрылыс материлдары жасалынбайды. Оңтүстік Америкада

ағашты фанера жасау үшін пайдаланады


20- дәріс

Тақырыбы: Солтүстік Американың ағаштары
Дәріс жоспары: 1. Солтүстік Америка ағаштарына шолу
Солтүстік Американың басым бөлігі Голарктик оңтүстік бөлігі Неотропиктік флоралық әлемге жатады. Канаданың Арктик топаралының солтүстігі мен Гренландияда мүк пен қынадан тұратын арктик шөл, арктик тундра басым, оңтүстігін тундра белдемі алып жатыр. Лабрадордан Макензи тауына дейін ені 100 – 200 км өңірде орманды тундра табиғат белдемі өтеді. Батысында орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман белдемі құрлық аумағының 1/3-ін қамтиды. Қоңыржай белдеудің орманы: тайга, Тынық мұхит жағалауының қылқан жапырақты орманы, аралас және жалпақ жапырақты орман болып бөлінеді. Тайга негізінен қара және ақ шырша, америка балқарағайы, бальзамды майқарағайдан тұрады. Кордильера тауларының Тынық мұхит жағалауындағы ормандарда негізінен биік ағаштар: ситхин шыршасы, дуглас майқарағайы, батыс туясы және қарағайдың бірнеше түрлері өседі. Қылқан жапырақты орман 40 с.е-тен оңтүстікке қарай субтропиктік ормандарға ұласады: шығысында мәңгі жасыл аралас орман және батысында мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман таралған.

Ұлы көл ауданы мен Солтүстік Аппалач өңірінде аралас орман (сары қайың, қант үйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарағай) өседі. Жалпақ жапырақты орман Аппалачтың оңтүстігі мен Ұлы жазықтың шығыс бөлігін қамтиды. Мұнда еменнің америкалық түрлері, шамшат, ақ үйеңкі, жөке, шынар, қызғалдақ ағашы өседі. Тау беткейлерінде орманды алқап (800 – 2000 м) тау-тайгалық самырсынды-шыршалы орманға, жоғарыда субальпі және альпі шалғындарына ұласады. Құрлықтың орта аудандарын орманды дала, дала, шөл және шөлейт алып жатыр. Орманды дала белдемі Кордильераның шығысында Ұлы жазықтың Канадалық бөлігі мен Орталық жазықтың батысында жатыр; биік шөптесін өсімдіктерден тұратын шалғынды дала мен емен ағашынан тұратын сирек орман кезектесе орналасқан. Дала белдемі Ұлы жазық, Колумбия үстірті және Калифорния аңғарын қамтиды. АҚШ-тың Ұлы жазығы боз шалғын және бидайықты даладан, қалған бөлігі бизон шөбі, селеу, т.б. астық тұқымдас аласа шөпті құрғақ даладан тұрады. Шөлейттер мен шөлдер Үлкен Алапты, Колорадо үстіртінің шығыс бөлігін және Мексика шығанағының солтүстік-батысын (субтропиктік шөлдер) алып жатыр. Астық тұқымдас жусанды өсімдіктермен қатар суккуленттер (ағаш тәрізді кактус, алоэ, юкка, т.б.) басым өседі. Мексика таулы қыраты мен Флориданың оңтүстігінде, Орталық Америка және Вест-Индияны тропиктік ормандар алып жатыр. Лиана шырмалып өскен алып ағаштар мен бамбуктен тұратын ылғалды мәңгі жасыл ормандар емен, жөке, магнолия, т.б. жапырағын түсіретін ағаштардан тұратын ауыспалы ылғалды орманға өтеді. Тау жоталарының жел жақ беткейлерінде тропиктік саванна, жағалық ауданда мангр орманы өседі. Жалпақ жапырақты ормандарда емендердің ондаған түрі, каштан, платан, қызғалдақ ағашы, орман жаңғағы, жапырағын түсіретін магнолия, жабайы жеміс ағаштары өседі. Бұл ормандар Аппалач тауының биік бөліктерінде ғана сақталып қалған. Ауыспалы ылғалды ормандар субтропиктік белдеуде таралған. Мұнда қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін ағаштар: шамшат, емен, магнолия, орман жаңғағы мен өседі.

Құрғақ жерлерде қарағай мен ергежейлі сабаль пальмасы, өзен бойларындағы батпақтарда осы жерге ғана тән батпақ кипарисі таралған. Шығыстағы ормандардан Кордильераға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан меридиан бағытында орналасқан орманды дала, дала зоналарын қалыптастырады. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды прерий деп атайды. «Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз. Прерийде жылу мен ылғал жеткілікті болғандықтан қара және қара қоңыр топырақтарда биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз шалғын, бидайық, бизон шөбі және т.б. астық тұқымдасты өсімдіктер қалың болып өседі. Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттлер Мексика таулы қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Субтропиктік шөлдерде құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер - суккуленттер (латынша «шырынды») көп таралған.

21- дәріс

Тақырыбы: Азия ормандары
Дәріс жоспары: 1. Оңтүстік Азия ормандары

2. Индия, Шри-Ланка, Тайланд ормандары
Оңтүстік Азия. Солтүстік және солтүстік-шығысын Гималаймен, солтүстік және солтүстік-батысын Пәкстан, Ауғанстанмен және шығысы Юнь-Янь, Шань қыраттарымен, оңтүстігінде Мергуй архипелагымен шекараласады. Бұл облыс Индия, Бирма, Тайланд, Андаман және Шри-Ланка аралдарын қосады. Аталған аумақ Азия континентінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оңтүстіктегі шеткі нүкте Индия, Шри-Ланка болып табылады және оны «Оңтүстік Азия» деп атайды. Оңтүстік Азияның ағаш түрлері, оңтүстік-шығыс Азияның ағаш түрлерімен ботаникалық жағынан ұқсас деп тапқан.

Индия. Гималайдың батыс бөлігіндегі ағаштар қылқан жапырақты ағаштардан тұрады,ішінара қайың,тал,шегіршін өседі.

Қылқандылардың ең басым бөлігі Гималай самырсыны немесе деодар деп аталады. Деодар Гималай қарағайымен араласып өседі. Шырша, кипарис сирек майқарағаймен (Батыс Гималайлық,серебристый) орманның төменгі жағында ұзын қылқанды Pinus longifolia таза алқаағашты құрайды.Бірте-бірте тауалды және жазықтық алқаағаштарға ұласады. Гималайдың шығыс бөлігінде самырсын мүлдем кездеспейді.Оның орнына шырша, күміс түсті самырсын өседі.Одан төмен еменмен талшын өседі. Шоре орманы немесе майлы ағаш екі белдеумен Гималайдың бойымен орналасқан.Біреуі оңтүстікке қарай орталық штаттан Мадрас мемлекетіне шейін, Батыста Гат тауларының беткейлерінде Тик ормандары орын алған. Әр жерде жылдық жауын-шашын мөлшері айрықшаланады. Кейбір аудандарда жауын-шашын мүлдем жаумайды, муссон жауады. Географиялық ендікте ауа температурасы қарашада шашын мүлдем жаумайды, муссон жауады. Географиялық ендікте ауа температурасы қарашада 37 градус оңтүстікке қарай бірте-бірте 35 градусқа жетеді. Синд провинциясында көлеңкелі жақтарында 54 градусқа дейін жетеді. Батыс Гаттың жолдарында (жоталарында)Калькуттаға қарай Ассам штатында және Калькуттадан Бенгал шығанағына қарай жылына 5000мм жауын-шашын жауады немесе одан көбірек.

Бирма. Ең бағалы және орманның көп бөлігін құрайтын орын. Орман көп орналасқан. Ең жоғары орын алатын орман қорында –Тик. Бұл Пигу, Йома тау жоталарында, Чиндуин өзенінің жазығында және Бирманың, Шаньның автономиялы Республикаларының бәрінде өседі.Бирма территориясының климаттық жағдайы алуан түрлі. Жылына Жоғарғы Бирмада 800мм,төменгі Бирманың Мумейн қаласында 4500мм, Мергуи-4200мм, Табой-4800мм жауын-шашын жауады . Ылғалды кезең мамырдан қазанға дейін. Құрғақ кезең қарашадан сәуірге дейін, Качинск тауларынан басқа.

Андаман аралы. Аралдың ормандарында басқа жерде кездеспейтін ағаштар кездеседі. Әсіресе, Мангр алқаағаштары. Теңіз жағалауларын жиектеп өседі, бірте-бірте мәңгіжасыл ағаштарға ауысады. Су қойнауларында жапырақ тастайтын ағашқа ауысады.

Pterocarpus,Albicia,Canarum,Bombaks.

Шри-Ланка. Үндістанның жазығында орналасқан. Жылдық жауын-шашын мөлшері шашын мөлшері 3000мм, ормандарында Атлас,Эбен немесе Қара ағаш экспортқа шығатын осы мемлекеттегі жалғыз сүрек көзі болып табылады.

Тайланд. Батыс Бирма және шығыс Лаос мемлекеттерінің ортасында орналасқан. Солтүстік бөлігінде Тайландтық таулы рельеф орманмен көмкерілген. Ең басты ағаш-тик. Экспортталатын сүрек Тайландтан Сингапур, Ганконг, Индияға жіберіледі.

22- дәріс

Тақырыбы: Еуропа ағаштары
Дәріс жоспары: 1. Самырсын

2. Лжетсуга тисолистная

3. Еуропалық майқарағай

4. Жапон майқарағайы
Самырсын

Басқаша атаулары: атлас самырсыны, атлант самырсыны, деодар, ливан самырсыны. Бұл түрлер шынайы, нақты самырсынға жатады. Оларды сыртқы түріне, иісіне қарап, қылқан жапырақтылар немесе жай жапырақтылар сияқты сүректің тұқымдарымен шатастыруға болмайды. Олардың сүректері шынайы самырсынға ұқсайды.

Таралуы: cedrus atlantica түрі атлант және атлас түріне сәйкес келеді. Табиғи қалпы Алжир мен Мароккода өседі. Cedrus libani loud syn c. Libanotica Loud ливан самырсынына сәйкес келеді, жергілікті түрі Орта Шығысқа сәйкес келеді. Cedrus Deodara Loud. Гималай самырсынына сәйкес келеді. Бұл бағалы тұқым солтүстік Үндістанға сәйкес келеді.

Бұл барлық түрлер Ұлыбританияға жерсіндірілген, декоративтік мақсатта отырғызылады.

Ағаш. Атлас немесе ливан самырсыны 36 м биіктікке дейін не одан да көп өседі, диаметрі 1,5 м. Ашық алаңда, саябақта өсірілген самырсындардың төбелері домалақ, төмен орналасқан болады. Өйткені үлкен бұтақтары діңінен қарағанда тез өседі. Осылайша, діңінің ұзын болуы сирек жағдай. Бұтақтары 2-3 м биіктікте өседі. Басты діңі бірнеше діңге бөлінеді. Гималай самырсынының сұлбасы пирамидальді және ірілеу, биіктігі 60м және диаметрі 2м. Ұлыбританияда биіктігі 21 м болу сирек жағдай, оның бұтақтары негізінде төмен қарай өседі.

Сүрек. Барлық самырсын түрлерінің сүрегі түсіне байланысты. Ядросы ашық қоңыр түсті, сүрегі шайырлы, өткір самырсын иісі бар. Ерте және кешкі сүректердің арасындағы контраст үшін жылдық қабаттар бөлінеді. Текстурасы орташа. Талшықтары тік, негізінде сызықтық көбінесе гималай самырсынында кездеседі. Сүректің кебу кезіндегі орташа тығыздығы 580 кг/ 

Кебу. Сүрек оңай кебеді, бірақ майысу мүмкін.

Қаттылығы. Сүрегі жұмсақ, сынғыш. Гималай самырсынының сүрегі кәдімгі қарағайдың сүрегіне ұқсас .

Төзімділігі. Сүрегі төзімді.

Технологиялық қасиеті. Оңай өңделеді. Өңделгеннен кейін жақсы қабат алуға болады. Сүрегі бояу, лактарды жақсы қабылдайды, шеге қағуға болады.

Қолданылуы. Ағаш ұсталығында, көпір, ғимарат құрылыстарында, жиһаз, есік, шпал, бақша жиһазы, қақпа жасау сүректің қасиетіне байланысты.

Лжетсуга тисолистная

Лжетсуга тиссолистная (дугласия, дуглас майқарағайы) солтүстік Америкаға абориген тұқым болады. Еуропа мен Ұлыбританияда кең қолданылған.

Ағаш. Ірі, биіктігі 60-70 м, диаметрі 1-2м, кейде биіктігі мен диаметрі үлкен болу мүмкін

Сүрегі. Ядросының түсі ашық қызыл-қоңыр. Ұлыбританияда өскен ағаш сүрегі солтүстік Америкадан қарағанда шайырлы емес. Ұлыбританиядағы түрі тез өседі. Орташа тығыздық көрсеткіші 530 кг\ 

Кептіру. Импорттық дугласин сүрегі қиындықсыз кебеді, өйткені Еуропа және Ұлыбританияға жібергенде ылғалды алып тастайды.

Қаттылығы. Егер дугласия орман материалын сорт бойынша салыстырсақ, онда Солтүстік Америкада жасалған Еуропа сүрегі механикалық қасиеттерінен айырмашылық жасайды.

Төзімділігі. Ағаштың сүрегі төзімді

Технологиялық қасиеті. Еуропа және Ұлыбритания лжетсуга сүрегі үлкен, қатты түйіні үшін механикалық өңдеуге қиын болады. Лжетсуганың ерекшелігі- ерте және тығыз, кеш сүрегінің арасында үлкен шекара бар. Әдемілеу кезінде жақсы нәтиже алу үшін, өте абай болу керек. Сүрегін шегелеседе желімденеді.

Қолданылуы. Құрылыста, үй салғанда, сыртқы және ішкі столярлық өнімдер қызметінде, бак жасағанда, еден, баған құрылысында қолданылады.

Жоғарыда қолданған түрлер импорттық материалға жатады. Сортименттің тиісті таңдауында Еуропа және Ұлыбританияда өсірілетін ағаштың сүрегі қолданылады. Кейбір кезде интрадуциент тұқымның сүрегі онша әсерлі болмайды. Алайда, тисолистная лжетсуга- ол икемді, төзімділік түрі, төтенше климаттық шарттарды жақсы көтереді. Табиғи лжетсуга ареалы Солтүстік Американың қақаған қысына, Мексикалық зонадағы Кордильердің ыстық күндеріне шыдайды. Ағаш формасы пирамидальді. Ашық алаңда өскенде төменгі бұтақтары жерге дейін жайылады. Ағаштың шамалы өмір сүру уақыты 700 жыл. Еуропалық континентте бұл ағаштың тұқымы “жас”, тез өседі.
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта