Сабақтың басы
3 минут
| Сәлеметсіздер ме! (Оқушылармен амандасып алу)
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Көңіл-күйлерің қалай?
Оқушылар берілген смайликтер арқылы өздерінің көңіл-күйлерін көрсетеді.
Топқа бөлу: пазл арқылы
«Жемістер» тобы
«Көкөністер» тобы
| Оқушылар амандасады
Өлең жолдарын қайталайды
Смайликтерді көрсетеді.
|
| Суреттер
Жемістер мен көкөніс-тер
|
Сабақтың ортасы
25 минут
Сабақтың соңы
2 минут
| Өткенді қайталау
«Сиқырлы сандық» әдісі
Өткен оқу іс әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық? ( Й дыбысымен) Олай болса, дыбыс дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз, айтамыз)
Әріп дегеніміз не? (Әріпті көреміз, жазамыз) Дыбыстар нешеге бөлінеді? (Дыбыстар екіге бөлінеді)
Жаңа сабақ
Оқушыларға тақтадағы суреттерге мұқият назар аудару ұсынылады.
Суреттегі заттарды атаңыздар? Суреттегі заттар қандай дыбыстан басталып тұр?
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс Ж, ж дыбысы мен әрпі. Ж дыбысы дауыссыз дыбыс, сөздің басында, ортасында., соңында кездеседі. Ж дыбысы бес элементтен тұрады. Баспа және жазба түрімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс (Тақтамен жұмыс)
Жалпылама жұмыс Ж-әрпін ауада жазу
Ж-әрпін бастырып жазу
Дескриптор:__Ж_әрпін_жаза_алады_Тапсырма:Берілген_суреттегі_сөздерді_атап,_буынға_бөлу_Жеке_жұмыс'>Дескриптор:
Ж әрпін жаза алады
Тапсырма:Берілген суреттегі сөздерді атап, буынға бөлу
Жеке жұмыс
Дескриптор:__Берілген_сөздерге_дыбыстық_талдау_жасайды._Топтық_жұмысЖемістер_тобыТапсырма'>Дескриптор:
Берілген суреттегі сөздерді буынға бөле алады
Сергіту сәті: Бала, бала бапан
https://youtu.be/744V_ESD7-Y
Тапсырма: Берілген суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Жұптық жұмыс
1-жұп
2-жұп
3-жұп
4-жұп
5-жұп
Дескриптор:
Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Топтық жұмыс
Жемістер тобы
Тапсырма: суреттердегі заттарды ата. Ж дыбысы қай сөзде кездеседі? Сәйкестендір
Дескриптор:
Суреттегі заттарды атайды және сәйкестендіреді.
Көкөністер тобы
Тапсырма: суреттегі заттарды ата. Сөз дауысты дыбыстан басталса, осы сөздің суретінің жанына қызыл, ал дауыссыз дыбыстан басталса, көк дөңгелекті жабыстыр.
Дескриптор:
Суреттегі заттарды атайды және дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады
Қорытындылау:
Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Өте жақсы, балалар.
Балаларды мақтап, мадақтау.
Кері байланыс
| Оқушылар жауап береді.
Суреттегі заттарды атайды, қандай дыбыстан басталаты-нын айтады.
Ж әрпін дәптерге жазады.
Суреттегі сөздерді атайды, буынға бөледі.
Қимылдар-ды қайталайды.
Суреттегі заттарды атайды, сәйкестендіреді
Суреттегі заттарды атайды, дауысты, дауыссыз дыбысты ажыратады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді
| ҚБ: мадақ-тама сөздермен бағалау.
Жарай-сың!
ҚБ:қол шапалақтау
ҚБ: мадақ-тама сөздермен бағалау.
Жарай-сың!
ҚБ: мадақ-тама сөздермен бағалау.
Жарай-сың!
ҚБ:қол шапалақтау
ҚБ:қол шапалақтау
| Сандық
суреттер
Ватман, маркер Ватман, маркер
|