Тест. 647736649676_Лекция 1-9 АМС. Деп аталады
Скачать 412 Kb.
|
Түсті металдар минералдары Мыс- кларкі 0,01%. 240-тан астам минералы белгілі . Олардың ең бастысы: халькопирит -CuFeS2, борнит - Cu5FeS4, ковеллин - CuS, халькозин - Сu2S, теннантит - Cu3AsS3, тетраэдрит - Cu3SbS3, энаргит - Cu∙AsS4, куприт - Cu2O, малахит - Cu2(CO3)(OH)2, азурит- Cu3(CO3)2(OH)2, хризоколла - CuSiO3. nH2O. Мысты кендер сульфидті және оксидті деп екіге бөлінеді. Сульфидті кендерден мыспен қоса, Mo, Ni, Zn, Pb,рений, Cd, Bi, Te және басқа да бағалы элементтер алынады. Қорғасын және мырыш. Бұл екі элемент табиғатта бірге кездеседі. Қорғасын кларкі - 0,0016%, мырыш - 0,01%. Қорғасынның басты минералы: галенит - PbS, буланжерит - Pb5SbS3, бурнонит - CuPbSbS3, джемсонит - Pb4FeSb6S14. Тотығу зоналарында өндірістік минералдары: церуссит - PbCO3, ангиезит - PbSO4 кездеседі. Мырыштың басты минералдары: сфолерит - ZnS, вюртцит - ZnS, тотығу зонасында смитсоний - ZnCO3 және калмин Zn4(Si2O7)(OH)2∙H2O түзіледі. Қорғасын-мырышты кендердің бірнеше қорғасынды, мырышты, қорғасынды-мырышты және полиметалды типтері кездеседі. Соңғы екі типі басты өндірістік маңызды болып табылады. Қорғасын-мырышты кендерде негізгі пайдалы компоненттер ретінде қорғасын және мырыш және біраз мөлшерде күміс болады. Полиметалды кендерде қорғасын Pb, мырыш Zn, мыс Cu, ал қоспа ретінде германий Ge, индий, галлиий, кейде кобальт Co, никель Ni, висмут Bi, сурьма Sb, мышьяк As, селен Se, қалайы Sn және басқа да бағалы металдар кездеседі. Қорғасын, мырыш және сәйкес келетін элементтердің мөлшеріне байланысты полиметалды кендерді бай және кедей кендерге бөледі. Бай кендерде қорғасын 5%-дан аса, мырыш - 7%, ал кедей кендерде қорғасын 1-2%, мырыш 3-4% аралығында кездеседі. Қорғасынның бағалы сапасы жұмсақтық қасиеті. Бұл қасиеті оны аккумуллятор өндірісінде кең қолданылуына мүмкіндік береді. Қорғасын рентгенотехникада және атом өнеркәсібінде қолданылады. Мырыш құймалар өнеркәсібінде қолданылады: қалайы және мыспен бірге бриз құрамына, ал никельмен бірге мельхиор құрамына кіреді. Мырыштың қорғасынмен, қалайымен және сурьмамен балқымасы баббит және типографиялық металл деп аталады. Құймалары авиақұрылыста, машина өнеркәсібінде қолданылады. Мельхиор медициналық құралдар жасауда қолданылады. Кен орындары: Жайрем, Орталық Қазақстан, Қаратау. Қалайы кларкі 0,0006%. Қалайының жоғары концентрациясы граниттерде байқалады. Оның басты өндірістік минералдары: касситеррит SnO2 (Sn-78,6%), станнин Cu2FeSnS4. Қалайы кендерін бай (Sn-1%-дан артық), орташа (0,4-0,1%) және кедей (0,2-0,4%) деп бөледі. Қалайы металлургияда әр түрлі құймаларды алу үшін қолданады. Қалайы құймалары антифрикциялық металдар ретінде жиі қолданады. Қалайы типографиялық құйма - гарта құрамына кіреді. Соңғы уақытта қалайының циркониймен, титанмен, сирек металдармен құймасы атом және космостық техникада қолданылатыны белгілі болды. Қалайы органикалық қосылыстардың негізінде рентген сәулелерінен қорғайтын шынылар жасалып шығарылды. Висмут кларкі 9.10-7 %. Висмут жекеленген минералдар түзеді – табиғи (самородный) висмут және висмутин, сонымен қоса мыс, қорғасын және басқа да металдар қосылыстарының құрамына кіреді: эмплектит - CuBiS2, галеновисмутит - PbBi2S4, т.б. Тотығу зоналарында висмут және висмутит Bi2S3 түзіледі. Висмуттың металл негізгі бағалы қасиеті - оңай балқитындығы (tбалқу=271оС). Висмуттың қалайы және кадмиймен құймасы (Вуда құймасы) 600С температурада балқиды. Бұл оның электрлік сақтандырғыштар дайындау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Висмут антифрикциялық және типографиялық құймалар құрамына кіреді. Висмуттың сынаппен құймасы айна жасауда қолданылады, атом техникасында нейрондарды шағылдырушы ретінде қолданылады. Висмут тұздары эмальдар дайындау үшін (фарфорды глянцтеу), оптикалық шыны өндірісінде қолданылады. Сонымен қоса, ол фармацевтикалық өндірісте қолданылады. Мышьяк. Оның 120-дан астам минералы белгілі, ең көп тарағаны: реальгор-AsS, аурипигмент - As2S3, арсенопирит - FeAsS, леллингит - FeAs2, теннантит – 3Cu2SAs2S3, энаргит - 3Cu2S∙As2S3, скородит - FeAsO4∙2H2O. Мышьяктің және оның қосылыстарының қолданылу аймағы әр түрлі: оны улы зат ретінде ауыл шаруашылығында зиянкестермен күресу үшін, металлургияда - коррозияға төзімді құймаларды өндіруде қолданылады. Өндірістік кендерде мышьяк орташа мөлшері 2% жуық болады. Реальгор аурипигментті бай кендерінде мышьяк мөлшері 5-7% аралығында болады. Сурьма кларкі 0,00005%. Оның 75-ке жуық минералы белгілі. Бірақ олардың антимониттен - Sb2S3 басқаларының практикалық маңызы көп емес. Басқа минералдарынан комплексті кендерде: раэдрит - Cu6Sb2S6, буланжерит - Pb5Sb4S11, джемсонит - Pb4FeSb6S14 кездеседі. Сурьманың жоғары концентрациясы шөгінді жыныстарда байқалады. Олар: сланц, боксит, фосфориттер. Өндірілетін сурьманың 50% құйма түрінде қолданылады. Олардың ең маңыздысы сурьмалы қорғасын (1-22% Sb), аккуммуллятор өндірісінде қолданылады. Бабит (6-22% Sb) - подшипникті және типографиялық балқыма. Соңғы уақытта сурьма жартылай өткізгіштер өндіру үшін қолданылады. Сурьма қосылыстары отқа төзімді маталар дайындауда, бояу, резенке, арнайы шыны өндірісінде қолданылады. Сынап кларкі 0,000005%. Сынап - қалыпты температурада сұйық күйде болатын және - 38,70С температурада қататын жалғыз металл. Тығыздығы 13,6 г/см3. Табиғатта тек 0,02% сынап кен орындарда кездеседі, ал негізгі массасы шашыраңқы күйде болады. Оның 20-дан астам минералдары белгілі. Ең бастылары: киноварь – HgS (Hg 86,2%). Кейде оның құрамында селен және теллур қоспалары кездеседі. Сирек жағдайда қорғасын меташинабарит, шватцит сияқты басқа минералдардан алынады. Сынап әртүрлі салаларда қолданылады, сұйық күйінде болады. Алтын, күміс, қалайы, кадмий, қорғасын, висмут металдарын ерітеді, бу күйінде ультрафиолетті сәулелерді шығарады, электр тогын бір бағытта өткізеді, өздігінен жарылғыш қосылыстар түзеді. Сынаптың булары өте улы болып табылады. Өндірілетін сынаптың жартысы электро- және радиотехника өндірісінде түзеткіштер, сынап-кварцті лампалар дайындау үшін қолданылады. Сынап энергетикада, ядролық реакторларда қолданылыды. 30%-дан астамы химиялық және фармацевтикалық өндірісте қолданылады. Комплексті кендерде мөлшері 0,1%, орташа кендерде 1,5-2% болады. Алюминий кларкі 8,05%, ол жоғары мөлшерде сілтілі жыныстарда, боксит, саз, каолин құрамында кездеседі. Алюминидің өндірістік кендері: белит және диаспор - HAlO2 (85), гидраргиллит – Al(OH)3 (65), алунит - KAl3(OH)6(SO4)2 (37), нефелин - NaAlSiO4 (34), лейцит- K(AlSi2O6) (23,5), андаллузит, кианит Al2O(SiO4) және силлимонит AlO(AlSiO4) (63,1), каолинит, диккит және нокрит Al2(OH)4(Si2O5) (40), кальсилит - K(AlSiO4), анортит Cа(Al2Si2O4) давсонит- NaAl(OH)2CO3. Белит, гидраргеллит және аллунит минералдары алюминийдің ең маңызды кендерінің бірі - боксит құрамына кіреді. Оның құрамында 28% Al2O3 болады. Құрамында SiO2, TiO2, CO2, V, Cr, Ga, Cu, Fe2+ және органикалық заттардың көп мөлшерде болуы бокситтерді өңдеуді күрделендіреді. Алтын. Жер қыртысындағы алтынның орташа мөлшері пайыздың миллиондық үлесінен кіші болғанымен табиғатта кең таралған. Алтын аз мөлшерде әр түрлі тау жыныстарының құрамына кіреді. Әсіресе граниттерде оның мөлшері 1,1г/т, диабаздар құрамында 0,76 г/т-ға жетеді. 1 миллиард тоннаға жуық алтын әлемдік мұхиттарда кездеседі. Онда 3-5 мг/м3. Сап алтынның және оның теллурлы қосылыстарының өндірістік маңызы зор. Сап алтынның құрамында күміс, мыс және темір, сирек мөлшерде висмут, палладий, родий, иридий. Табиғи теллурлы қосылыстары: калавареит – AuTe2, сильвенит - AuAgTe4 және т.б. Күміс. Жер қыртысындағы орташа мөлшері 7.10-6%. Басты минералдары: сап күміс (құрамында Au, Cu, Bi, Sb, Hg қоспасы кездеседі), аргентит - As2S, электрум - Ag, Au, пираргирит - Ag3SbS3 және прустит Ag3AsS3. Күміс ертеден тиын және әшекейлік бұйымдар дайындауда қолданылған. Қазіргі заманғы технологияда және техникада күміс электротехника және электроника өнеркәсіптерінде, өндірістік құймалар өнеркәсібінде қолданылады. Балқымалары зымыран және ұшақ құрылысында, химиялық құрылғыларды (тигельдер, өткізгіш сымдар) дайындауда қолданылады. Фото және киноөнеркәсіптерде жарық сезгіш эмульсия дайындау үшін қолданылады. |