Диплом дайын. Дипломды Жмыс 050712 Машинажасау мамандыы
Скачать 3.09 Mb.
|
4. 4 Негізгі қорлардың амортизациясы бойынша есебі Амортизация - негізгі қорлар құнының бір бөлігін өнімді өндіруге кеткен шығындарға қосу арқылы негізгі қорлардың тозуын ақшалай төлеу. Содан, амортизация - негізгі қорлардың физикалық және моралды тозуларын ақшалай көрсету. Аммортизациялық қор келесі формуламен есептеледі. Амортизация үрдісі – бұл негізгі қорлардың қызмет көрсету кезеңі ішінде өз құнын өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстыруы және осы құнды пайдаланылған негізгі қорлардың орнын толықтыру үшін қолдану деп түсіндіруге болады. Өнім құрамына ауыстырылған негізгі қорлар құны өндіріс сферасынан өтіп, айналым сферасына түседі. Өнім өткізілгеннен кейін негізгі қордың ауыстырылған құнына сәйкес ақшалай сомасының бір бөлігі амортизациялық қорға түседі. Амортизациялық қор тозған негізгі қорлардың орнына жаңа негізгі қорларды сатып алу үшін пайдаланылады. Амортизация шығындарын мына формуламен есептейміз: Аа =(Кб ∙ На ∙ ti ) / (Fж ∙ kз ∙ kв ∙100)=(38 ∙ 0,15 ∙ 4060)/(4060 ∙ 0,56 ∙ 1,2 ∙100)= 84,8 мұнда Fж – жабдықтар жұмысының тиімді қоры, сағат; Кб – жабдықтардың баланстық құны, теңге; На– амортизация нормасы, На = 15%; kз – жабдықтардың жүктелу коэффициенті; kв – норманы орындау коэффициенті. Есептеу нәтижелерін 2-кестеде келтіреміз. Ar=Б·Бп/100 Кесте 2 Амортизациялық аударымдарды есептеу
4. 5 Жалақы қоры Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Еңбек ақыға жұмсалатын шығындар төмендегі формуламен анықталады: ЕАҚ = аi ∙ ti ∙ Kg ∙ Kc ∙ Кқ =445∙4060∙ 1,15 ∙ 1,35 ∙ 1,18=330978,41 мұнда ai – i-ші операцияның сағаттық тарифтік мөлшерлемесі, тг/сағ; ti – технологиялық операция ұзақтығы, сағат; Kg – негізгі еңбек ақыға үстемелер коэффициенті, Kg=1,15; Kc – әлеуметтік аударымдар коэффициенті, Кс=1,38; Кқ – қосымша еңбек ақы коэффициенті, Кқ=1,35. Есептеу нәтижелерін 3-кестеде келтіреміз. Кесте 3 Базалық және жобалық варианттардағы еңбек ақы шығыны
|