Диплом дайын. Дипломды Жмыс 050712 Машинажасау мамандыы
Скачать 3.09 Mb.
|
Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі 5.1. Қазақстан Республикасы еңбек қорғаудың негізгі заңдық актілері Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтары Конституцияға негізделіп, ҚР нормативті актілерінен, заңдарынан жəне еңбек кодексінен тұрады. Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 2 бабында еңбек барысындағы адамдардың қарым-қатынасы келесі түрде келтірілген: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді жəне Еңбек Кодексінен, Қазақстан Республикасы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы басқа заңдарына еңбек қатынастарын, əлеуметтікəріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тиым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады. ҚР-ның еңбек заңдылықтары принциптері еңбек кодексінің 4 бабында қарастырылған: – адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу; – еңбек бостандығы; – кемсітушілікке, мəжбүрлі еңбекке жəне балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тиым салу; – қауіпсіздік жəне гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; – өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты алғанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығы; – еңбек үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, əділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; – тынығу құқығын қамтамасыз ету; – қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; – қызметкерлер мен жұмыс берушінің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету; – əлеуметтік əріптестік; – еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелерін мемлекеттік реттеу; – қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады. ҚР еңбек заңдылықтарын сақтаудағы жұмысшылар өкілдерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқықтарын қамтамасыз ету. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынастар ҚР еңбек кодексінің бабтарында қарастырылып, негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Еңбек кодексіне сəйкес жұмыс беруші жеке немесе заңды тұлға болсын, еңбек келісімшартына отырады. Жұмысшы – жеке тұлға, жұмыс берушімен еңбек қатынастарына тұрып, еңбек келісімшартына сəйкес жұмыс атқарады. Жұмысшы мен жұмыс берушінің қарым-қатынасы бұйрық, жарлық, тəртіп шығарылуымен түсіндіріледі. Жұмысқа қабылданған кезде жұмыс беруші қызметкерлерді ұйымдағы ішкі еңбек тəртіп ережелерімен, жұмыс берушінің, қызметкерлердің жұмысына (еңбек функциясына) қатынасы бар өзге де актілермен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті. Еңбек шартында қызметкерлердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сəйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептелінеді. Еңбек Кодексінің 82 бабына сəйкес жұмыс уақытының ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған жəне толық емес болуы мүмкін. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. 5.2 Нұсқаулықтар Әр кәсіпорында тұрақты немесе уақытша жұмыскерлерге жарақат алу және кәсіби аурулар пайда болу қаупі бар болса, нұсқау беру жүйесін қалыптастыру керек. Жұмысқа қайта кірген жұмысшылар жалпыға бірдей нұсқаулықпен, өнеркәсіптік санитария және техника қауіпсіздігі ережесінен өткеннен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережесі нұсқаулығының бастапқы өтуі жұмыс жағдайының өзгеруіне және басқа жұмысқа ауысуына қажет. Нұсқаулықпен қайталап танысу 6 айдан жиі болмауы тиіс, жоспарланбаған түрі еңбек қорғау ережесінің өзгеруімен, технологиялық үрдістер, құрал-жабдықтарды ауыстыру, саймандарға бейімделу, сонымен қатар жұмысшылардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жүргізіледі. Қайта жүргізілген нұсқаулықтар ҚР СНжЕ 1.03-05-2001 сәйкес техника қауіпсіздігі инженерінің қолдауымен және өндіріс сипатымен нақты іс-әрекет нормативтері жағдайына қарай ереже бойынша іске асырылады. Жұмысшыларға объектінің жалпы жағдайымен, ішкі тәртіп ережесімен, жарақат алудың басты себептерімен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің әдістері жүргізіледі. Өнеркәсіп аумағында және бөлмелердегі жылжу ережесімен, жүктерді тиеп-тасудағы қауіпсіздік шаралары, қол саймандары жұмыстарында, станок пен механизммен жұмыс істегенде, электр қауіпсіздігі шарасында, тұрмыстық құрылу талаптары, арнайы аяқ киім мен арнайы киімдерді пайдалану ережелері, негізгі өртке қарсы іс-әрекеттер, еңбек қорғау инспекторларының рөлі және техника қауіпсіздігі бұзылуына жауап берулері жайлы айту өте маңызды. 5.3 Кәсіпорын жарақаттарын тексеру Ресейде ең бірінші рет 1903 жылы жазатайым жағдайлар, оның ішінде жарақаттану заңға кіргізілді. 1913 жылы XII Пирогов съезінде арнайы «жарақаттану» ауруханаларын, ал медицина университеттерінде жарақаттану кафедрасын ашуға ұсыныс жасалды. 1912 жылы Мәскеуде емдеу-протез институты (1940 жылдан бастап орталық жарақаттану және ортопедия институты) құрылды. 1927 жылы Наркомздрав РСФСР емдеу мекемелері өнеркәсіп жарақаттары және оны емдеу шараларымен міндеттелді. 1952 жылы ДС КСРО әріптестері жарақаттанудың негізгі үш түрін ажыратты: кәсіпорындық, кәсіпорындық емес және қасақана. 1970 жылы КСРО Әлемдік статистикалық жіктелулерге ауруларды, жарақаттарды және өлім себептерін, XVII класқа жарақаттарды енгізді. Жарақаттың бастапқы өлім себептерін жіктеу қосымша Е кодты айдарында қолданылады. Жарақат (Trauma жарақат, зақымдану) – қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсер етуінен туындаған тіндердің анатомиялық бұзылуы немесе мүшелердің функцияларының бұзылуы. Зақымдануына қарай жарақаттарды механикалық, химиялық, термикалық, акустикалық, психиатриялық, т.б. бөлуге болады. Дене зақымдануының ауырлылықтары өмірге қауіптілігімен жіктеледі. Өмірге қауіпті бөліміне 1 – бас сүйектің, омыртқаның, іштің, кеуденің зақымдануы; 2 – ашық және жабық сүйектердің жиынтығы және бас сүйектің зақымдануы; 3 – бас мишықтың ауыр соққысы; 4 – бас сүйек ішінің қан құйылуынан өмірге қауіпті жағдайы; 5 – мойын омыртқаның зақымдануы жатады. Дене жарақатының ауыр қауіпті зақымдануының шегі: жанарынан айырылу, кереңдік, бір мүшенің функциясының бұзылуы, психикалық аурулар, денсаулықтың 3 аптадан асқан (21 күннен астам) ұзақтығымен немесе еңбекке қабілеттіліктің 10–33% құрайды. Жеңіл дене зақымдануы денсаулықтың аз уақыттық (ұзақтығы 6 күннен астам, бірақ та 3 аптадан аспауы керек) немесе еңбекке қабілеттіліктің 10% құрайды. Өнеркәсіппен байланысты қайғылы жағдайларды тіркеу және тізімдеу, хаттау тәртібі «Қайғылы жағдайларды тіркеу және тексеру ережелері» ҚР үкіметінің 3.03.2001ж. №326 бұйрығымен сәйкес анықталады. Әр қайғылы жағдайда зардап шеккен немесе көрген адам көп кешіктірмей жұмыс ұсынушыға немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабарлау керек. Қайғылы жағдайларды тексеруге кәсіби дайындықтан өткен жеке адамдар, оқу орындарындағы жалпылама мамандандырылған бағдарламадан өткен жеке адамдар, жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби жұмыс ұсынушының жұмыстарын орындауымен және кәсіби тәжірибеден өткендер, жұмыс орындауға міндеттелген әскери қызметтегілер, сот үкімі бойынша еңбекке тартылғандар, әскери жасақтағы апатты-құтқарушылар бөлімінің жеке құрамы, әскери жасақтағы күзет, стихиялық апат салдарынан адам өмірі мен мүлкін құтқарудағы еркін топ мүшелері қатыса алады. Жұмысшының денсаулығының зақымдануы оның еңбек іс-әрекет байланысы уақытша бірер күнге және одан да көп немесе үнемі еңбекке жарамсыздығы өндірістегі қайғылы жағдай ретінде қаралады. Жұмыс беруші зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға және оны денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізуге, сонымен қатар апат болған жерді тексеру басталғанға дейін сол қалпында сақтауға міндетті. Жұмыс ұсынушы қайғылы жағдай немесе жұмысшының денсаулығы зақымдануы жайлы: 1) аймақтық мемлекеттік еңбек органының өкілетті бөлімдеріне, кәсіпорын объектісіндегі қауіпті жағдайдың орын алғанын жергілікті апатты жағдайлар органдарына, 2) кәсіпорын жұмысшылары өкілдеріне (профсоюз), 3) сақтандыру ұйымдарымен келісімшартына тұрған болса, 4) жергілікті Мемсанэпидем қызметі органын кәсіби аурулар немесе улану болу қаупімен тез арада хабарлау керек. Өндіріске қатысты қайғылы жағдайларды тексерушінің тіркеу және хаттау жасау тәртібі ҚР 3.03.2001 ж. №326 үкіметі қаулысының талабына сәйкес жасалынады. Ауыр және өлу шегі бар қайғылы жағдайларда топтың, екі және одан да көп жұмысшылардың, топтық өткір кәсіби аурулар болғанда жұмыс ұсынушы апат болған аймақ бойынша заң орындарына, өнеркәсіптік және өкілетті бақылау органдарына тез арада хабарлайды. Қайғылы жағдайды тексеруді комиссия мүшелері 24 сағат ішіндегі кәсіпорын басшыларының құрамға кіру уақытынан бастап: төраға-кәсіпорын басшылары немесе орынбасарлары, мүшелері, кәсіпорын басшысы қызметі, жұмысшылардың өкілетті органдарының уәкілдері немесе зардап шегушінің сенімді адамдарымен іске асырылады. Жарақаттану статистикалық, топтық, монографиялық, топографиялық және экономикалық әдістермен талданады. 5.4 Еңбек заңдарының бұзылуын, қауіпсіздігін және еңбек қорғаудағы жауапкершілік Республикамызда аса көңіл аударатын адам өмірін сақтау және өндірістегі адамның денсаулығына, еңбек қорғау, еңбек туралы заңдылықтарын бұзғанына қарай факт бойынша орнатылған жауапкершілікті ескертуге болады. Заңдылық жауапкершілік төрт түрлі бола алады: тәртіптік, әкімшіліктік, материалды және азаматтық. Тәртіптік жауапкершілік жұмысшылардың әкімшілік алдында олармен тәртіпті еңбегінің орындалмағаны үшін жауапқа тартады. «ҚР Еңбек кодексі» 72 бабына сәйкес еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни жұмысшының өзінің кесірінен атқаратын еңбек міндеттемелерін орындамағаны үшін жұмыс беруші келесідей тәртіптік шараларды қолдана алады: ескертпелер жасауға; сөгіс беруге, қатаң сөгіс жасауға; кодекстің 54, 56 баптарға сәйкес еңбек келісімін бұзуға құқығы болады. Әкімшілік жауапкершілікті түрлі әкімшілік жазалау түрінде көрсете алады – ескертулер, айып, т.б. Ескертулер мен айыптар еңбек қорғау аймағында мемлекеттік бақылаулар жүргізілетін міндеттемелі бейнелерге жүктеледі. Еңбек қорғау ережелерін және нормаларын бұзғаны үшін айып тек қана әкімшілікті – басқару тұлғаларға қатысты бола алады. Сонымен қоса, бұзушылық адам денсаулығына зиян келтірген кездерде ғана емес, еңбек қорғау жөнінде еңбек атқарушылардың басқа құқықтары бұзылған кезде ескерілетін болады. Еңбек қорғау ережелерін бұзғаны үшін ҚР 30.01.01 №155-ІІ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 89 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырады. 89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу. 1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасы еңбек қорғау заңнамасын және еңбек қорғау ережелерін бұзу, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, - лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскерлердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазымға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көріну қауіп төндірсе, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Мұндай бұзушылықтарды қарау Әкімшілік құқық Кодекстің 550 бап бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының міндеті болып табылады. 550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары. 1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 87, 87-1, 89-94, 175 (екінші бөлігінде, жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушыларға қатысты), 396 (бірінші бөлігінде), 399-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. 2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерде, лауазымды адамдарға – қырыққа дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға – үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; Қазақстан Республикасы еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – қырыққа дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік еңбек инспекторы жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға – елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға құқылы. 3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қарайды. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғандықтан жазымға әлде басқа ауыр зардапқа әкелген үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқызады. ҚР Қылмыстық Кодекстің 16.07.97 №167-І 152 бап бойынша жаза дәрежесі белгіленеді. 152-бап. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу. 1. Қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соқса - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚР Еңбек Кодекстің 335 бап бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдерімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы. Шағымдану мемлекеттік инспекторлары берген актілердің орындалуын тоқтатпайды. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады. Еңбек міндеттерін орындаған кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасы азаматтық Кодексі бойынша орындалады №409-II ҚР АК 01.07.99 ж. 939-946 бап. 5.5 Электр қауіпсіздігінің жалпы мəселелері жəне адам ағзасына əсері Өндірістік мекемелердегі жұмыскерлердің электр тогымен жарақаттануының негізгі себептеріне мыналар жатады: · кернеуден айырмай электр желілерін жəне электр жабдықтарын құрастыру жəне жөндеу; · ток жүретін құрылғылардың ашық бөліктеріне тиіп кету мүмкіндігі; · кернеуде тұрған жалаңаш сымдарға жəне оның үзілген шеттеріне кездейсоқ жанасу; · қауіпсіздік техникасы ережелерімен белгіленген кернеуден жоғары болатын шамшырақтарды қолдану; · жеке қорғау құралдарының түзу еместігін немесе электр қондырғыларында жұмыс істегенде оларды қолданудан бас тарту; · қауіпсіздік техника ережелерін қызметкерлердің жеткіліксіз оқып білуі. Электрлік жарақаттанумен күресудің негізгі мақсаты – электр жабдықтарын, электр қондырғыларын жəне құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру, жоғары өндірістік тəртіпті қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелерді, нормаларды жəне нұсқауларды бұлжытпай орындау болып табылады. Электр жабдықтарын жəне электр тогынан қорғау қондырғыларын күту жөніндегі жұмыстарды арнайы оқудан өткен жəне электр қондырғыларында жұмыс жасауға куəлігі бар тұлғалар ғана жүргізеді. Адам ағзасына электр тогының əсері əртүрлі болады: механикалық – ұлпалардың ажырауы жəне сүйектердің зақымдануы, жылулық – күю, химиялық – электролиз, биологиялық – тірі материяға тəн жəне онымен байланысты тіршілік қауіпсіздігінің электр процестерінен бұзылуы. Механикалық зақымданулар адамның кездейсоқ 1000 В артық кернеудегі екі ток жүретін сымдар арасына түсуі кезінде болады. Күюлер электр тогының əсерімен жəне электр доғасының пайда болуымен байланысты. Терінің металдануы – бұл металдың балқытылған доғасының ұсақ бөліктерінің сіңіруі. Электр соққысы – барлық ағза арқылы электр тогы өткенде байқалады. Адамдардың электр тогымен зақымдану қауіпсіздігін азайту үшін жоғары қауіпті жайларды, ерекше қауіпті жерлерде жəне ашық ауада пайдаланылатын электр жабдықтарының жəне қондырғыларының металл бөліктері жерлендірілуі тиіс. Электр тогымен зақымдану мынадай себептерден болуы мүмкін: · кернеуі бар ток өткізетін бөліктерге адамның кездейсоқ жанасуы; · кернеуі бар электр жабдығының ток өткізбейтін металл бөліктеріне адамның кездейсоқ жанасуы; · фазаның жерге тұйықталуы кезінде токтың жайылу белдеміне адамның кездейсоқ түсуі; · элкетр доғасының, атмосфералық жəне статикалық электрдің, электромагниттік өрістің əсері. Электр тогының адам ағзасына əсері жылулық, механикалық, химиялық жəне биологиялық болуы мүмкін. Электр тогымен адамның зақымдануын екі түрге бөледі: электрлік соққы жəне электрлік жарақат. Электр күйігі үш дəрежелі болады: 1-терінің қызаруы; 2-теріде үлбіреуіктердің пайда болуы; 3-көмірлену жəне терінің жансыздануы. Электр тогы бұлшық еттердің тартылып қалуын жəне олардың салдануын қоздырып, орталық жүйке жүйесіне əсер етеді. Адамның электр тогымен зақымдануының сипаты мен салдары токтың күшіне, токтың түріне жəне жиілігіне, оның өту жолына, кернеуіне, адам денесінің кедергісіне, əсердің ұзақтығына байланысты болады. Адам денесі арқылы өтетін ток күші 0,010 А қауіпті болмайды, ал 0,05 А болса, оның салдарынан өлім де болуы мүмкін. Элекр қауіпсіздігі электр қондырғыларының құрылмасымен, техникалық тəсілдермен жəне қорғау құралдармен, ұйымдастыру- шылық жəне техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі. Электр қондырғыларының құрылмасы – оларды пайдалану жағдайына сəйкес болуы жəне қызмет істеушілерді ток жүргізетін жəне қозғалатын бөліктермен жанасудан қорғауды қамтамасыз етуі тиісті, ал жабдықты – бөтен қатты заттың жəне судың түсуінен қорғау қажет. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай техникалық тəсілдерді жəне қорғау құралдарын қолданады: қорғаныстық жерлендіру, нөлдеу, қорғаныстық ажырату, потенциалды деңгейлестіру, аз кернеу, ток жүргізетін бөліктерді оқшаулау, торапты электрден ажырату, қорғаулық құрылғылар, блокировкалау, ескерулік сигналдары, қауіпсіздік белгілері, сақтық плакаттары, электрден қорғау құралдары. Қорғаныстық жерлендіру – деп жермен ниетті электрлік қосылуды айтады. Электр қондырғысының оқшауламасының бүлінуі нəтижесінде ток өткізетін металл бөліктері кернеулі болуы мүмкін. Қорғаныстық жерлендірудің жұмыс принципі корпусқа тұйықтанудан болған адам арқылы өтетін жанасу кернеуі мен ток күшін қауіпсіз шамаға дейін төмендетуден тұрады. Корпусты жерлендіргенде жерге тұйықтану болады да, жерленген корпусқа жанасу параллель тармақты пайда болдыртады, оның бойымен жерге тұйықтану бөлігі адамның денесі арқылы өтеді. Параллель тармақтардағы ток күші тармақтардың кедергілеріне кері пропорционал болады, сондықтан адам арқылы өткен ток қауіпті емес. Қорғаныстық жерлендіруді қолдану ауқымы – оқшауламаланған бейтараптамасы бар кернеуі 1 кВ дейінгі жəне кез келген бейтараптама режимі бар кернеуі 1 кВ жоғары үш фазалық торап. Оқшауламаланған бейтараптамасы бар кернеуі 1 кВ дейінгі электр қондырғысындағы электр жабдығында жерлендіру үшін қолданылатын жерлендіру құрылғысының кедергісі 4 Омнан артық болмауы қажет. Генераторлардың жəне трансформаторлардың қуаты 100 кВ жəне одан аз болған кезде жерлендіру құрылғыларының кедергісі 10 Ом-нан артық болмауы мүмкін. Электр қондырғыларындағы кернеуі 1 кВ жоғары жабық жерленген бейтараптамасы бар жерлендіру құрылғысының кедергісі 0,5 Ом-нан, ал оқшауламаланған бейтараптамасы бар электр қондырғыларында 10 Ом-нан артық болмауы тиіс. Нөлдік қорғаныстық сымға ток өткізбейтінін кернеуі бар металды электрге қосуды нөлдеу деп атаймыз. Нөлдеудің мақсаты: тұйықталу салдарынан кернеулі болып қалған корпусқа жəне электр қондырғысының басқа ток өткізбейтін бөліктеріне жанасқан кезде токпен Токтың ағып таралуына жерлендіргіштердің кедергілерін есептейтін формулаларға жердің меншікті кедергісі кіреді. Ол жердің көлемін 1м3 деп аламыз. Меншікті кедергіні Ом.м немесе Ом.см-мен өлшейді. Неғұрлым ол кедергі мəні кіші болса, жерлендіргішті орналастыру жағдайлары соғұрлым жағымды болады. Түрлі жердің 10-20% ылғалдылықтағы меншікті кедергілерінің шамалас мəндері 12-кестеде көрсетілген. Жердің қасиеттері – оның күйі, ылғалдылығы, температурасына, т.б. байланысты өзгеруі мүмкін, сол себепті жердің меншікті кедергісі əртүрлі жыл мезгілінде, құрғауына, сулануына немесе жердің қатуына байланысты əртүрлі мəндерді қабылдауы мүмкін, сонымен қатар өлшеу кезеңіндегі жердің күйіне байланысты. ҚОРЫТЫНДЫ Осы дипломдық жұмыста берілген техникалық тапсырманың негізгі шарттарын толықтай дерлік ашып көрсеттім. Бұл жұмыста қосиінді пресстің жұмыс істеу принципін қарастырдым және бұлғаққа түскен күшті анықтадым. Дипломдық жұмыс инженерлік мамандықтын қорытынды жұмысы болғандықтан, оның тинақтылығы болашақ инженер атқаратын қызметінің тиянақты болуы тиіс. Берілген жұмыс техникалық-экономикалық тұрғыдан тиімділігі 2 жыл. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Кузнечно-штамповочное оборудование: Учебник для машиностроительных вузов/ А.Н. Банкетов, Ю.А. Бочаров, Н.С. Добринский и др.; под ред. А.Н. Банкетова, Е.Н. Ланского.-2-е изд. перераб. и қос. – М.: Машиностроение, 1982-576 с. 2. Живов Л.И., Овчинников А.Г. Кузнечно-штамповочное оборудование. Прессы. – 2-изд. перераб. и қос. – Киев: Вища школа, 1981.-375 с. 3. Кривошипные кузнечно-прессовые машины/ В.И. Власов, А.Я. Борзыкин, И.К. Кукин- 4. Кривошипные кузнечно-прессовые машины/ В.И. Власов, А.Я. Борзыкин, И.К. Кукин - Батырев и др. под ред. В.И. Власова. – М.: Машиностроение, 1982.-424 с. 5. РовинскийГ.Н., Злотников С.Л. Листоштамповочные механические прессы. - М.: Машиностроение, 1968. – 375 с. 6. Власов В.И. Системы включения кривошипных прессов. – М.: Машиностроение, 1969. – 272 с. 7. Навроцкий Г.А. Кузнечно-штамповочные автоматы. –М. Машиностроение, 1965. -424 с. 8. Кузнечно-штамповочное оборудование: Альбом конструкций/ Е.Н. Ланский, В.Н. Горяйнов, В.В. Зимин и др.–М.: МГТУ «Станкин», 1996.-176 с. |