Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.1.2 Қарапайым қосиінді баспақтар

  • 1.1.3 Бір тіректі қосиінді баспақтар

  • 1.1.4 Ашық типті екі тіректі қосиінді баспақтар мыналардан тұрады

  • 1.1.5 Қысу жастықтары

  • 1.1.6 Екі əрекетті кермелеу баспақтары

  • 1.1.7 Үш əрекетті кермелеу баспақтары

  • 1.1.8 Таза шабуға араналған үш əрекетті баспақтар

  • 2.1 Қосиінді баспақтардың энергетикасы мен ПƏК-і 2 .

  • Қосиінді машиналардың классификациясы 3.1.1 Орындаушы механизмдер

  • 3.1.2 Қосиінді баспақтың элементтері мен қолданылуы

  • 4.1 Бұлғақтар 4.1.1 Бұлғақтардың құрылымы

  • 4.1.2 Қалыптау аралығынның шамасын өзгерту механизмдерінің құрылымы мен сырғақ жүрісі

  • Диплом дайын. Дипломды Жмыс 050712 Машинажасау мамандыы


    Скачать 3.09 Mb.
    НазваниеДипломды Жмыс 050712 Машинажасау мамандыы
    АнкорДиплом дайын.docx
    Дата21.11.2017
    Размер3.09 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДиплом дайын.docx
    ТипДиплом
    #10351
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    1.1.2 Қосиінді – бұлғақты пресс


    Бұл сурет ұсталы – пресс жабдығына келеі және механикалық прессте қолданылуы мүмкін. Қосиінді – бұлғақты пресс эксцентрикті жетек білішімен байланысты. Бұлғақ сфералық топсалы тірек сырғағымен байланысты. Сырғақ тұғырда орналасқан, бағыттаушы сызықпен және үдемелі – салыстырмалы жылжыту бағытқа қарай, перпендикулярлы жазықтық қосиінді – бұлғақты механизмде. Бұл нәтижеде кинематикалық жұп механизмі шелді реттеуді қамтамасыз етеді, сырғақ бұлғақпен байланысты болады және механизмнің сенімділігін арттырады.

     

    1.1 сурет - Бұл сурет ұсталы – пресс жабдығына байланысты.

    Қосиінді бұлғақты пресс сфералық жұбы бар эксцентрикті бұлғақпен байланысты, кіші бастиекке сфералық жұп, мойынтіректі ішпегі және саусақ орналасқан. Техникалық шешудің кемшілігі ол шелді реттеудің сенімділігінің аздығы, сырғақтың қозғалмалы бұлғақпен қосылуы. Бұл сурет сенімділікті арттыруға бағытталған Қосиінді – бұлғақты пресс эксцентрикті жетек білігімен байланысты.

    Қосиінді бұлғақты пресстің құрылымы 1.1 – суретте көрсетілген. Қосиінді бұлғақты пресс механизмі тұғырда орналасқаны айналуға болады және эксцентрикті біліктің жетегімен 1, салыстырмалы айналмалы бұлғақ орнатылған 2, тұғырда орналасқан сырғақтың үдемелі қозғалуы мүмкін 3. Бұлғақ сфералық топса тірегімен байланысты, 4 және 5 қақпақ. Тірек сырғақта орналасқан бағыттаушы 6 сызықпен үдемелі салыстырмалы бағыттаушы, қосиінді – бұлғақты механизмнің перпендикулярлы жазықтығы.

    Қосиінді – бұлғақты пресс механизмі келесідей жұмыс атқарады: айналу қозғалысы 1, бұлғаққа береді 2, сырғақтың ілгері – кейінді қозғалысын береді 3.

    Сфералық топсадағы салыстырмалы қосымша жылжыту: айналу бұлғағы жазықтықтағы сызыққа байланысты, қосиінді – бұлғақты механизмнің перпендикулярлы жазықтығы және жазықтықта, ығыстыру сырғағы перпендикулярлы бағытта, сондай – ақ қосиінді – бұлғақты механизмнің орталық ығыстыруы сфералық топсаның перпендикулярлы жазықтығы. Кинематикалық жұп механизмі жұмыс шартын жақсартады.

    1.1.2 Қарапайым қосиінді баспақтар
    Қарапайым əрекетті қосиінді баспақтардың тобы технологиялық қолданылуы бойынша көптеген машиналар типінен тұрады. Басты түзілімдер мен тетіктердің құрылымы бойынша жəне архитектуралық рəсімдеумен өзара ерекшелене отырып, қарапайым əрекетті баспақтарда, осы немесе басқа модификациялы бір басты орындаушы механизмі бар қарапайым сұлбадан тұрады.

    Қарапайым əрекетті баспақтарға, қысуға, итеріп шығаруға жəне автоматты беруге арналған құрылғыларын қолдану мүмкіндігіне қарамастан бірсырғақты қосиінді баспақатрды жатқызуға болады, бірақта баспақтың құрылымын күрделендіру, яғни қосымша құрылғыларды қондыру кезінде, оның жұмыс істеу сипатын өзгертеді жəне ол кейде екі əрекетті баспақ ретінде, кейде автомат немесе жартылай автомат ретінде жұмыс жасайды. Қарапайым əрекетті əмбебап қаңылтыр қалыптау баспақтары шабу, терен емес кермелеу, ию операцияларын жəне басқада суықтай қалыптау жұмыстарын орындауға арналған. Қарапайым əрекетті əмбебап қаңылтыр қалыптау баспақтарына мыналар жатады: бір тіректі қосиінді баспақтар; ашық типті екі тіректі қосиінді баспақтар; жабық типті екі тіректі қосиінді баспақтар.

    1.1.3 Бір тіректі қосиінді баспақтар
    Бір тіректі қосиінді баспақтарсуықтай қалыптаудың əртүрлі операцияларына арналған ашық типті баспақтарға жатады, оларды МЕСТ 9408-77 бойынша қозғалмалы үстелмен, қозғалмайтын үстелмен, негізгі өлшемдер жəне параметрлермен жасайды. Көптеген баспақтардың тұғыры – бір тірекпен, шойыннан құйылған. Сонғы кездері болат қаңылтырлардын пісірілген тұғыры бар баспақ моделдері пайда болды (1.2 сурет). Қосиінді білік, екі сырғанау тіректерінде баспақ фронтына перпендикуляр орналасқан. Баспақты, сырғақтың жүрісі реттелетіндей етіп, қосиіндегі эксцентрикті төлкені бұру арқылы орындайды. МЕСТ 9408-77 бойынша баспақтар құрылымы (жылжымалы үстелі бар баспақтардан басқалары) дайындаманы автоматты түрде беру механизмін жəне қысу жастықтарын орнату мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

    1.1.4 Ашық типті екі тіректі қосиінді баспақтар мыналардан тұрады

    Ашық типті екі тіректі қосиінді баспақтар мыналардан тұрадыа) енкейтілетін жəне енкейтілмейтін бір қосиінді баспақтар; б) енкейтілетін жəне енкейтілмейтін екі қосиінді баспақтар.

    Ашық типті екі тіректі бір қосиінді баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері (1.3 сурет) МЕСТ 9408-77 бойынша ережеленген, номиналды күші 25 кН - нан 2,5 МН дейін. Бұл типтегі баспақтардың тұғырлары — С- тəрізді, екі тіректі, шойыннан үстелмен бірге құйылған. Баспақтың қатаңдығын арттыру үшін тұғырды ашасы (зеву) бойынша болттармен тартады. Баспақ тұғырын енкейтуді көтеру механизмі арқылы қолмен жүргізеді, арнайы болттармен тартады. Əдетте қатаң бекітуге тұғырдың үш жағдайы сəйкескеледі: тік 15° бұрышпен жəне 30...35° бұрышпен енкейтілген. Бірқалыпты жүрісті баспақтарда қосиінді жетекші білікті бірқосиінді білік түрінде, жүрісі реттелетін баспақтарда, екі сырғанау тіректерінде мандайалды бойымен орналасқан эксцентрикті білік түрінде орындайды. Ашық баспақтардың құрылымын салыстыра отырып, олардың артықшылығы мен кемшілігін атап айтуға болады. Мысалға, біртіректі баспақтарда қосиінді біліктердің көлденең орналасуы беріліс механизмінің жетегі үшін қуат таңдауды қиындатады, ал екі тіректілерді бұл кемшілік жойылған. Бір жағынан, үстелді ауыстыру арқылы жабық биіктікті өзгерту, бір тіректі баспақтарда олардың технологиялық мүмкіндігін арттырады жəне ірігабаритті қалыптаудың жекелеген бөліктерін өңдеуде қолдануға мүмкіндік береді. Енкейтілетін тұғыр баспақтың құрылымын біршама қиындатқанымен, ауырлық күшінің əсерінен үстелдің еңіс жазықтығымен ыдысқа түсетін дайын қалыптар мен қалдықтарды алуды жеңілдетеді. Өндірісте бірқосиінді баспақтармен бірге ашық типті екі қосиінді баспақтарды қолданады (МЕСТ 9222—74). Олардың негізгі ерекшелігі үлкейтілген өлшемді столы мен сырғақтың болуы, яғни үлкейтілген қалыптау кеңістігі. Жабық типті қосиінді екі тіректі баспақтар бір, екі жəне төртқосиінді баспақтарды қоса кеңейтілген топтар болып табылады.


    1.2 Сурет-Болат қаңылтырдан пісірілген

    1.3 Сурет-Ашық типті бірқосиінді тұғыры бар баспақ екі тіректі баспақ
    Бұл топтағы баспақтардың басты ерекшелігі жабық тұғырлы қаңқалы (заманауи баспақтар) немесе аркалы (ескірген баспақтар) типті қалыптау кеңістігіне шектеулі мүмкіндігі бар. Жабық типті тұғырлардың құрылымының жоғары қатаңдығы жəне симметриялы серпімді деформациясы дəлірек қалыптауды ғана емес сонымен бірге құралдың тұрақтылығын жоғарылатуға ықпал етеді. Ашық типті қосиінді екі тіректі баспақтарды екі түрлі модификациямен жасайды:

    1) жоғары жүріс саны жəне жүрістің орташа шамасымен — тез жүрісті баспақтар;

    2) орташа жүріс саны жəне көбейтілген жүріспен — баяу жүрісті баспақтар.

    Барлық типөлшемді тұғырлардың құрылымы қысу жастықтарын қондыру мүмкіндігін қарастырады. Бірқосиінді жабық баспақтардың негізгі параметрлері жəне өлшемдері МЕСТ 10026—75 номинальды күші 1,6- 25 МН ережеленген. Екі қосиінді баспақтар, қаңылтырдан ірі тетіктерді жасау кезінде, қалыптау жұмыстарына арналған. Олар бір қосиінді баспақтардан, қалаптау аралығының өлшемімен ерекшеленеді. Номиналды күші 1 ден 31,5 МН дейінгі, екі қосиінді жабық баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 7766 – 73 ережеленген.
    1.1.5 Қысу жастықтары
    Қарапайым əрекетті қаңылтыр қалыптау баспағын қолданнып қаңылтырдан тұтас тетіктерді кермелеген кезде, деформациялау үрдісінде металды қысуды қамтамсыз ету қажет, кері жағдайда бұйымның бүйір бетінде бүрмелер пайда болады.


    1.4 сурет. - Қарапайым əрекетті баспақтың жұмыс істеу сұлбасы

    Қарапайым əрекетті баспақтың жəне оған орнатылған кермелеу баспағының жұмысы 1.4 суретте көрсетілген. Кермелеу ұяқалыбы 8 итеріп шығарғышымен 7 бірге ұстағыш 6 арқылы, жетекті қосиіні 1 мен бұлғағы əдеттегі қосиінді – сырғақты механизмді құрайтын, бас орындаушы механизімнің сырғағына 3 бекітіледі. Үстелге 12 бекітілген қалыптың тұрқысына 11, жұмыс уақытында қозғалмайтын кермелеу сотаны 10 қатаң бекітілген. Үстелдің төменгі жағына, қозғалмайтын цилиндр 15, екі қозғалатын поршн 17 жəне соташығы 16 бар, пневматикалық жастық ілінеді. Поршндардың қозғалысы тірек тақталары 14 мен итергіштер 13 арқылы, кермелеудің алғашқы моментінде сотанның жоғарғы ернеу денгейінде болатын қысу сақинасына 9 беріледі. Баспақты жұмыстық жүрісіне қосқан кезде сырғақ төмен қарай түседі жəне кермелеу ұяқалыбы арқылы жастықтың поршндарын төмен ығыстырады, олар төмен түсе отырып ауаны сығады. Цилиндрдегі қысым артады, артық ауа қайтадан жинағышқа 20 (ресивер) түседі. Цилиндрдегі жəне жинағыштағы қысым артық болса сақтандырғыш клапан 18 ашылады. Желіден ауаны беру тұрақты қысымды ресиверге жіберуді қамтамасыз ететін қысымды реттеушімен 22 басқарылады. Сонымен сырғақтың толық жұмыс жүрісінде қысу күшінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сұлбада ауаның ресиверден кері қайтуын ескертуге арналған кері қайту клапаны 23 орналасқан. Сүзгіш 24 ауаны тазартуға қажет, вентилдер 21— конденсатты шығаруға жəне ауа өткізгішті жабуға арналған, манометр 19 — ауа қысымын бақылауға арналған.

    Сырғақ ең төменгі күйге келгенде жəне кермелеу үрдісі аяқталғанда, қысу сақинасы ұяқалып ізінен сығылған ауа əсерінен көтеріледі. Бұйымды ұяқалыптан итеріп шығару, итеріп шығарғыш 7 жəне тақтайша 5 көмегімен іске асады, яғни сырғақ жүрісінің жоғары кері қайту уақытындағы қозғалыс реттегіш тірекпен 4 шектелген. Қазіргі кездегі көпқосиінді қаңылтыр қалыптау баспақтарында пневмо жастықтардан басқа, гидропневматикалық жастықтар, гидроұстағышы бар жастықтар жəне т.б. қолданылады.
    1.1.6 Екі əрекетті кермелеу баспақтары
    Екі əрекетті кермелеу баспақтар. Мысал ретінде К5530 модельді кермелеу баспағының жұмыс істеу принципін қарастырайық. Баспақтың басты өлшем параметрлері: ішкі сырғақтың номиналды күші Рн. в = 1 МН, сыртқынікі Рн.н = 630 кН, сəйкесінше сырғақтың толық жүрісінің мəні Smax в= 400 мм жəне Smax н= 265 мм. Берілген кермелеуді орындау үшін ішкі (кермелеу) сырғағын оған бекітілген құралмен бірге қарапайым аксиалды қосиінді сырғақты механизм көмегімен жүргізеді. ІІ класты жазық сегіз буынды қосиінді буынды-рычакты механизмнің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қысу сақинасы бар сыртқы (қысу) сырғақ, басқы сырғақ сияқты сол бағытта ілгері-кейінді қозғалыс жасайды. Қозғалысты тарататын жəне бір уақытта қысқыш механизмнің жетекші буыны болып табылатын басты біліктің шеткі иіні ОΚ табылады, ол KL бұлғақ арқылы LMM сырғанаушысын қозғалысқа келтіреді. Сырғанаушының қозғалысы NO1C екі иықты рычагтармен тербелетін, MN тягалар арқылы екі жаққа беріледі. Тербелетін екі иықты рычагтар арқылы О1СD буыны сыртқы сырғаққа ілгері-кейінді қозғалыс бере отырып жазылады немесе бүгіледі. Ішкі сырғақтың қозғалу графигі синусоидалды қисық болып келеді. Төмен қарай жүріс, бас қосиіннің 180° тан 0 дейін бұрылған кезде орындалады. Бірақта сырғақтың түзу жүрісін, сыртқы сырғақ төмен түсіп қозғалмайтын күйге келгенде пайдалануға болады, сонымен бірге дайындаманы ұстап тұрады жəне жиырылу болдырмайды. Сыртқы сырғақтың қажетті қозғалысы механизмнің негізгі өлшемдерімен жəне соңғы қосиіннің ОК бастапқы күйінен, бас қосиінге қатысты біршама бұрышқа, осы жағдайда 150° тен, ығыстырылуымен қамтамасыз етіледі. Нəтижесінде бас қосиіннің α = 95° бұрышқа бұрылу кезінде сырғақ шеткі төменгі жағдайда тоқтайды: осы сəттен бастап ішкі сырғақтың жүрісі кермелеуге қолданылуы мүмкін. Іс жұзінде кермелеуге сырғақтың біршама кіші жүрісі қолданылады, шамамен α р = 75...80° сəйкес келетін. Сыртқы сырғақтың кідіруі (выстаивание), ішкі сырғақ жоғары қарай бос жүріс жасай бастағаннан кейін біраз уақыт болады, жетекті қосиіннің α=345° бұрышқа бұрылғанға дейін де, жəне 110° жуық болады. Кермелеу аяқталғаннан кейін сыртқы сырғақтың кері қайту кідірісі жоғарғы қалыптан (кермелеу ұяқалыптан) бұйымды алуды немесе төменгі қалыптан кедергісіз итеріп шығаруды қамтамасыз ету үшін қажет. Сырғақтардың кері жүрісі əртүрлі жылдамдықтармен орындалады. Сыртқы сырғақ, ішкі сырғаққа қарағанда жылдам қозғалады жəне

    шеткі жоғарғы күйге бірінші жетеді. Жетекті қосиіннің бұрылу бұрышымен сипатталатын фаза ығысуы, онда сыртқы сырғақ шеткі жоғарғы күйге келеді, озу деп аталады. Əдетте озу 25...50° құрайды. Сырғақтардың тоқтауы жетекті қосиіннің шеткі жоғарғы күйге 10...15° (α ≈ 195... 190°) бұрыш жетпей болады. Бұл кезде сыртқы сырғақ шеткі жоғарғы күйді өтіп біршама аралыққа төмен түседі.

    Екі əрекетті кермелеу баспақтарының қысу механизмінің жетегі үшін типтік кинематикалық тізбектін саны шектелген. Қарапайым тізбек болып төрт тізбекті үш қосиінді механизм табылады. Бұндай механизмнің сыртқы сырғағының кідіруі болмайды. Сондықтан а сұлбасы ішкі сырғақпен орындалатын, терен емес кермелеуге арналған баспақтарда қолданылады. Сыртқы сырғақтың нақты міндеті – дайындаманы шабу (вырубка).

    Қосиінді буынды-рычакты механизмдердің б жəне в сұлбаларындағы сыртқы сырғақ, сырғақ бекітілген ыйын толық жазылған кезде шеткі төменгі күде болады. Қалған уақыт аралығында сырғақ шеткі төменгі күйден біршама шегінеді. Қысу механизмінің сұлбасында түзілімдер көп болған сайын, сыртқы сырғақтың қозғалысы абсолютті күйге көп жақындай түседі. Сондықтан да қосиінді буынды-рычакты механизмдердің екі типі де – сегіз түзілімді жəне тоғыз түзілімді,— құрылымы жағынан бірдей, біршама ерекшеленетін сыртқы сырғақ қозғалысы заңын қалыптастырады. Он түзілімді (десятизвенного) механизмнің сырғағы уақыт жағынан, сырғақ шеткі төменгі күйден аз шамаға шегінуі кезінде, біршама көп кідіреді. Сегіз түзілімді сұлба, сыртқы сырғақтың күйін қажетті жағдайда ұстап, негізгі құрылымдық артықшылықтарға ие – ықшамдылық – жəне қазіргі кездегі, жетекті қосіні баспақ тұғырының фронттына перпендикуляр орналасқан жабық типті бір қосиінді баспақтарда көп қолданыс тапқан.
    ГИД қыспағының типтік сұлбасы қосиінді-буынды механизмдерге жатады. Олар құрылымы жағынан бірдей – бұл, бас орындаушы механизмнің жетекті қосиінінен жетегі бар сегіз түзілімді механизм. Сондықтанда қысу механизмін баспақ сырғағының ішінде жинау жəне жетекті қосиінді шестерна-эксцентрик түрінде жасау қажет. Сұлбалар арасындағы айырмашылық аралық рычактардың тербеліс өстерінің орналасуымен байланысты. Арнайы қолданылатын кішігірім кермелеу баспақтарына, мұнда қысу механизмінің көптүзілімділігі құрылым кемшілігі болып табылады, жұдырықшалы жұбы бар сұлбаны қолдануға болады. Жұдырықшалы буынды-рычакты механизмі бар баспақты қолдану тəжірибесі көрсеткендей, пішінді жұдырықшалардың көмегімен сыртқы сырғақтың жетегі қолайсыз болып табылады. Жұмыс кезінде жұдырықшалар тез тозып қыспақтың біркелкі қысымын қамтамасыз етеалмайды. Жұмыстық жүріс кезінде рычакты жетегі бар қысу сырғағының кейбір қозғалғыштығы, қыспаққа қойылатын үш талапқа байланысты мүмкін болады. Бастапқы жағдайда қысу сырғағына бекітілген сақинаның төменгі жазықтығы жəне төменгі қалыптың жоғарғы жазықтығы арасында саңылау пайда болады. Кермелеу үрдісі кезінде жазық фланец қалындығы артады дайындама сақинамен түйіседі (соприкасается), сонын нəтижесінде қысу күші пайда болады. Саңылау аз болған сайын ол коп болады. Саңылау өте аз боған жағдайда кермеленетін бұйымның түбі үзілуі мүмкін. Саңылау өте көп болса бұйымда жиырылу пайда болады. Əр бұйым үшін саңылаудың тиімді шамасы, қысу сырғағы күйін реттегіш көмегі арқылы дұрыстаумен бекітіледі.

    Қалыпталатын материалдың қалындығы бойынша оң ауытқуларды компенсациялау үшін, жəне де құралдың дұрыс жасалмауына байланысты қысу арнайы амортизаторлар арқылы жүргізіледі. Функционалды қолдануына байланысты амортизаторлар сақтандырғыш құрылғыларға жатады, өйткені олар сыртқы сырғақтың подвеска иынына əсер ететін жүктеудің артуына ықпал етеді, бекітілген шектен артық. Бұл құрылғыларды жүктеудің эталоны ретінде серіппенің серпінді күші (серіппелі амортизаторлар) немесе ауаның қысымы (пневмокамералар немесе пневмоцилиндрлер) қолданылады. Амортизаторды есептеу, сыртқы сырғақтағы номиналды күштің 1,1..1,2 тен жүктеу бойынша жүргізеді.

    Құрылымдық белгілері жəне сыртқы архетектурасы бойынша екі əрекетті баспақтар,

    қарапайым əрекетті қаңылтыр қалыптау баспақтарына ұқсас жəне машиналардың екі тобынан тұрады:

    1) ашық типті қосиінді екі тіректі баспақтар;

    2) жабық типті қосиінді екі тіректі баспақтар.

    Бірінші топ үш қосиінді баспақтардан жəне де сыртқы сырғақтың жұдырықшалы жетегі бар арнайы баспақтардан тұрады. Қазіргі кездегі екі əрекетті баспақтардың көбі жабық типті қосиінді екі тіректі баспақтарға жатады, өзара қалыптау аралығының габаритімен жəне осыған сəйкес сырғақ подвескасының нүкте санымен ерекшеленеді: бір-, екі- жəне төртқосиінді баспақтар. Жабық типті бірқосиінді баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 7639—75 ережеленген, Рн.в номиналды күш ішкі сырғақта 630 кН...6,3 МН аралығында. Сыртқы сырғақтағы Рн.н номиналды күш Рн.в - нің 62...64% құрайды. Шетелдк фирмалардың баспақтарында ішкі жəне сыртқы сырғақтағы номиналды куш қатынасы көбіне осы көрсетілген аралықта болады. Бірақта кейбір фирмалар үлкен əмбебаптық мақсатында, Рн.в/Рн.н= I қатынаспен баспақтарды шығарады. Екі қосиінді баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 8247—70, ал төртқосиінді МЕСТ 16268—70 ережеленген.

    1.1.7 Үш əрекетті кермелеу баспақтары
    Үш əрекетті баспақтар ірі габаритті күрделі бұйымдарды, кері кермелеуді қажет ететін қуысы бар қаңылтырдан кермелеуге арналған. Сондықтан да, орындаушы мəрімі жоғарғы сырғақтардың қозғалысына қарама қарсы бағытта қозғалатын, қосалқы механизм қажет болды. Екі əрекетті баспақтардан айырмашылығы үш əрекетті баспақтарда жоғарғы сырғақтың жетек қозғалысы қосиінді-сырғақты механизммен емес, қосиінді-буынды механизммен жүргізіледі. Бұл біріншіден ерекше кинематикалық қасиетті жасау үшін қажет: шеткі төменгі күйде кермелу сырғағының биіктігімен. Екіншіден, қосиінді-буынды механизм, сырғақты шеткі төменгі жағдайда тоқтатқан кезде кернеу күйінен (состояния распора) тез шығарылуы мүмкін. Жоғарғы жағдайда тоқтатуды қажет етпейтін, төменгі кермелеу сырғағының жетегі қосиінді-сырғақты механизммен орындалады.

    Баспақ жұмысының циклдығы келесі түрде орындалады. Баспақты, бас жетектін жалғастырғышын іске қосу арқылы жұмыстық жүріске келтіргеннен кейін алдымен ОЗУ қозғалысы жəне қысу сырғағының тоқтатылуы болады. Содан кейін жоғарғы кермелеу сырғағының төмен қарай жүрісі басталады. Сырғақ шеткі төменгі күйге жеткен кезде, арнайы жұдырықша, электропневматикалық басқару жүйесінің соңғы сөндіргішіне (выклю- чатель) əсер етіп жалғастырғышты өшіреді, жоғарғы сырғақ тоқтайды. Біршама ертерек автоматты түрде, жоғарғы кермелеу сырғағының жүрісімен байланыстырылған сөндіргіш көмегі арқылы төменгі сырғақ жетегінің жалғастырғышы қосылады. Төмен қарай кері жүріс кезінде төменгі сырғақ бас жетекті қосады. Жоғарғы кермелеу сырғағы біраз кідірістен кейін жоғары қарай кері жүрісті бастайды. Қысу сырғағының кідірісі біршама ұзақ болады, ол кермелеу сотаннан бұйымды алуды қамтамасыз ету үшін қажет. барлық үш сырғақтың бастапқы жағдайға жақындаған кезде бас жəне төменгі жетектін жалғастырғыштары ажыратылады да баспақ тоқтайды. Жаңа жұмыстық жүріс үшін баспақты қайта қосу керек, барлық цикл қайта орындалады.

    1.1.8 Таза шабуға араналған үш əрекетті баспақтар
    Машиналар мен құралдардың көптеген қаңылтыр тетіктерін, сыртқы контурының дəлдігі жəне тесіктердің квалитетті бойынша, əмбебап қосиінді баспақтарда қарапайым шабуды қолдану мен алуға болады, артынша тазартуды, жоңғылау не профильді ажарлау немесе тазашабу қолданумен — жаңа технологиялық үрдіс. Таза шабу кезінде жоғары сапалы кесуді дайындаманы ұяқалыпқа қысу жəне оны ұяқалып қуысына тіреу арқылы алады. Таза шабудың үрдісінің циклдығын анықтайтын құралдың дайындамаға əсерету бірізділігі келесідей. Үрдіс басында кесу сызығына тең қашықтықта, оған жақын аралықта, тақтада бекітілген қысу қабырғасы(сына) дайындамаға сығымдалады; тірегіштін сотанконтры (итеріп шығарғыш) ұяқалыптың кесу қырларының денгейінде дайындаманы ұстай орналасқан. Содан кейін шабу сотанының жұмыстық жүрісі орындалады – яғни шабу. Бұл кезде шабылған тетік ұяқалыптың кесу қырынан кейінгі қуысқа түседі. Шабу сотаны мен қысу қабырғасы бар тақта шеткі жағдайға қайтқаннан кейін сотанконтр жүріс жасайды, яғни шабылған тетікті итеріп шығарады. Солсəтте ауа түтігі қосылып ауа ағынымен тетік қалыптау аралығынан алынады, ал бастапқы материал жолақ немесе таспа беру механизмімен жұмыстық қалыпқа беріледі. Сыртқы сырғақтың қосиінді коленно-рычакты жетегі қысу құралының толық тұруын қамтамасыз етпейтіндіктен, мұндай жетекті таза шабу баспағында қолдану қысу қабырғасында күш тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды, ол кесу сапасын төмендетеді.

    Сондықтан таза шабуға арналған баспақтардың қыспақ жетегін гидравликалық етіп орындайды, ондағы қысымның тұрақтылығы пневмогидравликалық аккумуляторға цилиндр қуысынан сұыйқтықты сығу арқылы қамтамасыз етіледі. Осындай жетек сотанконтрды орынауыстыру үшін де қолданылады.

    Гидравликалық жетектің артықшылығы — қысу күшін жəне сотанконтрдағы кедергіні реттееудің үлкен диапазоны. Таза шабуды оңтайлы жүзеге асыру үшін деформациялау үрдісінің жылдамдық шарттарын қатаң түрде сақтау қажет. Біріншіден, құралдың қозғалу жылдамдығы, материалдың қалындығы мен қаттылығына, тетік қарамының күрделілігіне байланысты шабудың тиімді механикалық режиміне сəйкес келуі тиіс.

    Баспақтың басты жетегі ПС типті электрқозғалтқышпен іске келтіріледі, ол жетекші қосиіннің айналу жиілігін сатысыз яғни сырғақтың жүріс санын реттеуге мүмкіндік береді. Таза шабуға арналған үш əрекетті қосиінді баспақтардың басты өлшемдік параметрі ретінде сырғақтағы толық номиналды Рн күшті қабылдаймыз.

    Əлемдік тəжірибеде таза шабуға арналған үш əрекетті қосиінді баспақтарды күші 250/400 кН - нан 5/8 МН дейін, сырғақтың жүріс саны минутына 35...90 - нан 14...18 дейінгі етіп шығарады. Таза шабуға арналған үш əрекетті қосиінді баспақтар өте қымбат машиналар жəне максималды өнімділікпен жұмыс істеу керек. Ол үшін баспақтар жоғары дəлдікті қадамды беріліске ие жəне автоматты режимде жұмыс істейді.

    1.2 Қосиінді ыссы қалыптау баспақтары (ҚЫҚБ)
    Қосиінді ыссы қалыптау баспақтары (ҚЫҚБ) түржиынды металдан ыссы көлемді қалыптаудың əртүрлі технологиялық үрдістерін орындауға арналған: ашық жəне жабық қалыптау, ыссы баспалауға т.б. Құрылымдық ерекшеліктеріне жəне технологиялық қлданылуына байылнысты параметрлеріне қарай ҚЫҚБ қарапайым əрекетті əмбебап баспақтар, ыссы баспалауға арналған баспақтар, екі əрекетті баспақтар жəне төмен соғылмаларды қалыптауға арналған баспақтар деп бөледі.

    Қарапайым əрекетті əмбебап баспақтардың негізгі параметрлері мен өлшемдері МЕСТ 6809—80 ережеленген, номинальды күші 6,3 тен 63 МН дейін, сырғақ жүрісі Smax =200 ... 460 мм, минут ішіндегі жүріс саны 90 нан 40 дейін. Қазіргі кезде, баспақ жасау зауыттары күші 120 МН дейінгі ҚЫҚБ шығаратының айта кету керек [1].

    Қосиінді ыссы қалыптау баспақтарының ерекшеліктері мынада:

    а) жалпы баспақтың жəне жеке түзілімдерінің қатаң құрылымы;

    б) сырғақтың күшейтілген бағыттаушылары;

    в) сырғақ жүріс санының артуы.

    Соңғы жылдар ішінде баспақ жасауда тұғыр құрылымының екі типі қолданылуда:

    1) Рн < 25 МН баспақтарда — қалың тақтадан тұтаспісірілген ажырамайтын құрылым;

    2) Рн > 25 МН баспақтарда — екі бөліктен құйылыппісірілген: құйылған негізден жəне құйылған жоғарғы мандайшадан, қалың қаңылтырдаң жасалған тіректерге пісіру жігі арқылы қатаң қосылған. Қаңқаның тұйықталуы тарту бұрандамаларымен қамтамасыз етіледі. Негіздің майысуын болдырмау үшін соңғысын құю немесе пісіру кезінде массивті жасайды.

    1.5 сурет. – Ашық жетегі бар тік екі тіректі жабық бір қосиінді баспақ
    ҚЫҚБ қолданудан, екінші типті тұғыр құрылымы технологиялық шарттар бойынша қажетті қатаңдыққа кепілдік беретінін көрдік. Қазіргі кездегі ҚЫҚБ басты орындаушы механизмдерін қосиінді-сырғақты, қосиінді- кулисалы немесе қосиінді-сыналы механизмдер сұлбасы бойынша орындайды. Механизмнің бірінші сұлбасы отандық жəне шетелдік баспақ моделдерінде кен қолданыс тапқан.

    Қосиінді-сырғақты механизмнің қатаңдығын келесідей қамтамасыз етеді: эксцентрикті білікпен; ұзындығы реттелмейтін қысқа бұлғақпен 1 жəне екі бағытты массивті сырғақпен 2 (1.6 сурет) — тұғырдың негізгі бағыттаушыларындағы сырғақ призмалары жəне тұғырдың жоғарғы бөлігіндегі қосымша бағыттаушылардағы тұмсықтəрізді құйылманың жылжымасы. Жылжымалар арқылы қосымша бағыттау эксцентрикті жүктеу кезінде сырғақтың қисаюын азайтуға ықпал етеді, қалыптау дəлдігін де арттырады. Машинаны жасауда ҚЫҚБ еңбексиымдылығы біршама жоғары, сондықтанда, олардың құны ұқсас соғылмаларды өндіруге жарамды буауалы қалыптау тоқпақтарының құнынан бірнеше есе жоғары. Баспақты қолдану кезіндегі пайдалану шығындары

    қалыптау тоқпақтарына қарағанда кішкене төмен, бірақ оң экономикалық əсерге жатқызуға келмейді. Жабық қалыптарда қалыптау жəне ыссы баспалаудың ілгерлемелі технологиялық үрдістерін енгізу кезінде ҚЫҚБ қолданған орынды. Осы үрдістер арқылы бастапқы материалды қолдану жақсарады: тоқпақтарда қалыптау кезінде металды пайдалану коэффициенті 40...50% дан 60...70% дейін артады, бұл өнімнің өзіндік құнын біршама төмендетеді. Сырғақтың енкею жəне құралдың жұмыстық бөлігінің ығысуын болдырмайтын жақсы бағыттауыштан басқа, ҚЫҚБ – да озық қалыптауды енгізуге ықпал ететін екінші фактор болып жоғарғы жəне төменгі итеріп шығарғыштың болуы табылады. Номинальды күші 16 МН дейінгі баспақтарда, басты механизмнен механикалық жетектің əртүрлі сұлбалары бойынша орындалатын итеріп шығарғыштарды қолданады. 1.7 суреттегі сұлба бойынша орындалған итеріп шығарғыштар келесі түрде жұмыс істейді. Жұмыстық жүріс аяқталған соң, сырғақтың 14 жоғары қарай жүрісі кезінде бұлғақ 5 тік жағдайдан солға қарай ауытқиды. Осы ауытқуға байланысты тіреу 6 мен стержн 7 арасындағы ара-қашықтық азаяды. Соңында, αт бұрылу бұрышы кезінде тіреу стержнды 7 ығыстыра бастайды. Соңғысы иінтірекке 8 əсер ете отырып, жоғарғы итеріп шығарғышқа 10 қажетті қозғалыс жасатады жəне қалыптың жұмыстық қуысынан соғылманы шығарады. Иінтіректі жүйенің кері қайтуы серіппенің 9 əсерінен орындалады, яғни итеріп шығарғыш келесі жұмыстық жүріс кезінде деформацияланатын металмен кері қысылады. Төменгі итеріп шығарғыштың жетегі, эксцентрикті білікте орналасқан жұдырықшамен 3 иінтірек 1 аунақшасына 2 əсерету арқылы іске келтіріледі. Иінтірек 1 ұзындығы реттелетін құрама тартқышты 4 жəне ол арқылы тартқышты да 12 тартады. Тартқыштың 12 жұдырықшалы тақтасы, төменгі итеріп шығарғышты 13 көтеретін тартқышты 11 басады. Жұдырықшаның 3 жұмыстық профилі, сырғақты біраз шамаға көтергеннен кейін соғылманы итеріп шығару орындалатындай ығыстырылған. Иінтірек жүйесі кері қайту үшін сұлбада керіқысу серіппесі қарастырылады.

    1.6 сурет. ҚЫҚБ қосиінді – сырғақты механизмі
    Номинальды күші 16 МН көп баспақтарда төменгі итеріп шығарғыштың механикалық жетегі, итеріп шығарғыштың жүрісін реттеу қиындығы мен механизмнің толық технологиялық еместігіне байланысты қолайсыз болып келеді. Пневматикалық жетегі бар жүйелер көбірек рационалды болып келеді. Ыссы қалыптау баспақтарының бас жетегі тұғырдың арнайы кронштейніне орнатылған жеке электрқозғалтқыштан, қабылдаушы біліктің тегершігіне сынабелдікті беріліс арқылы жəне біржақты тісті беріліс арқылы жүзеге іске қосылады. Іске қосу жалғастырғышы – дискілі, электрпнвматикалық басқарылатын үйкелісті – баяу жүрісті тісті доңғалақпен бұғатталған (сблокирована), жəне де тежеуіш сияқты жетекті эксцентрикті білікте орнатылған. Қолданыстағы баспақтардың моделдері таспалы тежегіштпен жабдықталған, бірақ көбінесе баспақтарды дискілі тежегішпен жабдықтау тенденциясы туындайды. Қосиінді-сырғақты механизм қозғалмалы бөлігінің салмақ күші, жоғарғы маңдайшаға орнатылған пневматикалық теңгергішпен теңестірілген.

    Өндірістік тəжірибие көрсеткендей, ҚЫҚБ сəтті пайдалану үйкелісетін беттерді дұрыс майлауға байланысты: майлау жүйесіндегі кішігірім ақаулар баспақтың жиі сыналасуына əкеледі. ҚЫҚБ электрпневматикалық басқару жүйелері бірлік, автоматты жəне баптау жүрістерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

    Əмбебап ҚЫҚБ басқа, стержн типті соғылмаларды ыссы баспалаудың технологиялық үрдістерін орындауға арнайы арналған баспақтар пайда болды. Технологиясының ерекшелігі машинаның кейбір параметрлерінің сипаттамаларын анықтады: басты сырғақ жүрісінің арттыуы, басты сырғақ жүріс санының азаюы, бас жетек электрқозғалтқышының қуаты артуы, төменгі итеріп шығарғыш жүрісінің, қалыптау аралығы габариттерінің жəне бүйірлік тіреу терезелерінің артуы.

    Алғашқы үш параметрлердің өзгеруі, баспалау кезіндегі деформациялау жұмысының біршама артуымен байланысты. Стержн бұйымды қалыптан итеріп шығару үшін, төменгі итеріп шығарғыштың үлкен жүрісі қажет. Соңғы фактор автоматтандыру жүйелерін орнатумен туындады. Қалғанында бұл баспақтардың құрылымы əмбебап машиналардың құрылымынан ерекшеленбейді, жəне олар кез- келген ыссы қалыптауға қолданылады, əрине, энергетикалық мүмкіндіктерінің артқанын ескерумен (орта есеппен 11...12%). Негізгі өске перпендикуляр жазықтықта орналасқан күрделі құрама пішінді ұзартқышы (отростками) бар соғылмалар, мысалға

    крестовиналарды ашық қалыптармен əмбебап ҚЫҚБ қалыптайды, бірақта қылауға кететін метал шығыны өте үлкен. Мұндай соғылмаларды, ұяқалыбы ажырамалы қалыптарда ыссы сығымдау арқылы металды біршама үнемдеуге болады. Онда ҚЫҚБ қосымша қысу сырғағы болуы қажет, оның көмегі арқылы ұзартынды жазықтығында ұяқалып жабылады.

    Екі əрекетті кермелеу баспақтарының қысу механизмінің сұлбасы бұл мақсатқа жарамсыз: олар үлкен габаритті сырғақ жетектеріне есептелген. Соған байланысты Воронеждегі ауыр механикалық баспақтар зауытында ықшамдалған арнайы сұлбаны жасады. 1.4 суреттен көрініп тұрғандай, бағыт бойынша бас білікті айналдырған кезде бас сырғақ 2 қосиіннен 11

    1.7 сурет. – Итеріп шығарғыш төмен қарай қозғалады.
    Бұлғақтың 4 «үшінші сұлбасы. нүктесінен» 8 тартқыштар 7 арқылы қозғалыс екі иынды иінтірекке беріледі, оның екінші 6иыны 3 жəне 5 буындардан тұратын иінді түзетеді: нəтижесінде қысу (сыртқы) сырғағы да 1 төмен қарай қозғалады. Қысу механизмінің геометриясы, қысу сырғағы 1 төмен қарай бұрын қозғалыс жасап, басты сырғақтың 2 жүрісімен дайындаманы баспалау үрдісі басталмастан бұрын, ұяқалыпты бірінші жабатындай (смыкает) етіп есептелген. Екі əрекетті кермелеу баспақтарындағы сияқты қысу сырғағының кері қайтуы, бас сырғақтың жоғары қарай жүрісімен салыстырғанда, кешігеді.

    Сұлбады тұпнұсқа болып, бас біліктің мойынтірек буксасы 10 шығынқылығындағы үлкен бастиектің 9 буын 5 иінінің аспасы табылады. Екі əрекетті баспақтар секілді, ажырамалы ұяқалыбы бар ҚЫҚБ екі номиналды күшпен сипатталады: сығымдау жəне қысу,

    мысалы

    Рн.в / Pн.п =5/5 МН.
    Қалыптардың шыдамдылығы, дайындаманың қыздырылған металымен түйісу уақытымен тығыз байланысты, ҚЫҚБ жүріс санын уақыт бірлігінде арттыруға ұмтылу толық ақталған. Бірақта, сырғақ жүріс шамасы орташа қосиінді- сырғақты механизмі бар ҚЫҚБ сипаттамасын бұлай өзгерту, мысалға МЕСТ 6809—70 бойынша, жетекте динамикалық жүктеулердің бірден артуына əкеледі [2]. Егер де баспақтың жүріс санының артуы, сырғақ жүріс шамасының төмендеуімен үйлессе, онда динамикалық жүктеулер шамасы əдеттегіден аспайды жəне жетек тетіктерінің ұзақ тұрақтылығы төмендемейді. Сырғақтың жүрісі азайтылған, мұндай ҚЫҚБ иінтірек, бұлғақ сияқты жəне т.б. төмен соғылмаларды қалыптауға жарамды, яғни арнайыландырылған машина болып табылады.

    2.1 Қосиінді баспақтардың энергетикасы мен ПƏК-і
    2.1.1 Энергетикалық шығындардың балансы
    Баспақтың қалыпты жағдайда жұмыс істеуі үшін цикл ішіндегі энергия шығыны біркелкі болмайды. Бұл тегершікті жетекті қолданумен түсіндіріледі, яғни асинхронды электр қозғалтқышты немесе тегершікпен үйлескен тұрақты токты электр қозғалтқыш. Баспақтың электр қозғалтқыш арқылы берілетін қуат қисығының өзгеркінің жалпы жағдайда энергия шығынының көп болуын жəне ұзақ уақыт кезеңінде аз энергия щығынын сипаттайтын екі жоғарғы нүктесі болады. Осы жоғарғы нүктелерге сəйкес келетін энергия шығыны пайдалы кедергіні жою кезеңіне, жалғастырғышты қосу уақытына дəл келеді.

    Осы кезеңдерде энергияны электр қозғалтқыш қана емес, өзінің бастапқы бұрыштық жылдамдығын төмендететін тегершік те береді. Ал циклдың қалған уақытында энергия шығыны біліктер мен жетектің басқа да тетіктерінің айналыс кедергісін жəне қосиінді сырғақты механизмдердің тетіктерінің орын ауыстыру кедергісін жоюға, сондай-ақ тегершік энергиясын толықтыруға жұмсалады. Пайдалы жұмысты tр орындау кезіндегі жүктеу уақытына сəйкес келетін бұрылу бұрышы жұмыстық бұрыш αр аталады. Энергетикалық циклдың қалған уақыты бос жүріс tх уақытына сəйкес келеді. Егер тегершіктің бірқалыпсыз айналысын ескермесек, онда қосиіннің бұрылу бұрышымен уақытын пропорционалды деп есептеуге болады, соған байланысты tх уақыты 2π-αр бұрылу бұрышына сəйкес келеді.

    Жалпы жағдайда энергетикалық цикл уақыты қосиіннің толық бір айналыс уақытына тең кинематикалық циклдың уақытымен сəйкес келмеуі мүмкін. Егер баспақ бір ізді жүріс режимінде жұмыс жасайтын болса, яғни жүрістер бірінен кейін бірі орындалады, онда кинематикалық жəне энергетикалық циклдар болады жəне αх=2π-αр. Баспақтар сырғақтың əр жүрісінен кейін жалғастырғыш ажыратылып, тежеуіш қосылып қосиін механизм аз уақыт тыныштық күйде болатын, бір жүрісті режимде жұмыс жасай алады. Келесі жүріс тежеуіш ажыратылып, жалғастырғыш қосылумен басталады, жүріс орындалғаннан кейін, қайтадан үзіліс болады. Бос жүріс кезінде тегершік энергетикалық заряд алады. Бір жүріс кезінде жалғастырғышты қосуға қосымша энергия шығындалады. Бір жүріс кезінде баспақтың жұмыс қарқындылығы жүріс санын пайдалану коэффициентімен бағаланады.



      1. Қосиінді машиналардың классификациясы


    3.1.1 Орындаушы механизмдер
    Қосиінді машиналарда жұмыстық мəрім – сырғақ, өңдейтін құрал - қалыпты қозғалтады. Орындаушы механизмнің жетектегі буыны болып сырғақ, ал бастапқы, жетекші қосиін (кей жағдайларда жұдырықша) болып табылады. Қосиіннің айналмалы қозғалысын сырғақтың қайтымды – ілгерілемелі қозғалысына өзгертетін, орындаушы механизм айналмалы немесе ілгерілемелі кинематикалық жұптармен байланысқан бірнеше буыннан тұрады. Қосиінді баспақтарда жазық төртбуынды немесе аса күрделі көп буынды қосиінді – иінтіректі механизмдерді қолданады.Сырғақтың бір қайтымды – ілгерілемелі қозғалыс уақыты баспақтың жұмыс циклына сəйкес келеді.Сырғақтың жылдамдығы цикл ішінде екі рет нөлге теңеседі, шеткі жағдайлар кезінде, соған байланысты қозғалыс кезінде инерция күштері туындайды. Технологиялық талаптар сырғақтың осы немесе басқа орынауыстыру сипатын шарттайды, жəне соған байланысты қосиінді – иінтіректі механизмнің құрылымын таңдауды талап етеді. Сырғақ қозғалысының кинематикалық параметрлерін мақсатты түрде өзгерту орындаушы механизмі түйіндерінің өлшемдері мен құрылымын өзгерту арқылы жүргізіледі.Бұл кезде мынадай факторларды ескеру қажет: инерция күштерінің шамасын, ықшамдылығын, технологиялығын т.с.с. Қосиінді баспақтарда əртүрлі күрделі қосиінді – иінтіректі механизмдерді қолданады. Технологиялық талаптарға сай төрт тобын атауға болады (1.8 сурет).

    Бірінші топқа төртбуынды механизмдер жатады, олар кинематикалық параметрлергеерекше талаптар қойылмайтын кезде қолданылады. Механизмдердің артықшылығы –ықшамдылығы, қарапайымдылығы жəне т.б. Орталықты жəне дезаксиалды түрдегі қосиінді – сырғақты механизмдер көп қолданыс тапты. Қосиінді – күйектелі (қаңылтыр қайшылар) жəне күшсалы механизм (радиалды – жаншу машиналары, суықтай шегеру автоматтары, ыссықалыптау баспақтары) аз таралған. Егер сырғақ жүрісінің аз ғана аумағында өте үлкен пайдалы кедергі жойылатын болса 2 топтағы механизмдерді қолдану рационалды болып келеді, бұл механизмдерде жүріс соңында жылдамдық аз жəне жетекші буынға аз момент қажет. Орынауыстыру жылдамдығының аз болуы мөлшерлеу, суықтай сығымдау, безеулеу (чеканка) жағдайларын жақсартады, қалып шыдамдылығының артуына жəне жұмыс кезінде шуылдың төмендеуіне ықпал етеді. 1 жəне 2 механизмдерді безеулеу мен суықтай сығындау баспақтарында қолданылады, 3 механизмді кескіш автоматтарда қолданады, 4 – баспақ автоматтарда қолданады. Күрделі тетіктерді қалыптаған кезде жəне басқада операцияларда деформация жүрістін үлкен бөлігі аралығында жүргізіледі жəне де белгілі бір кинематикалық шарттармен орындалуы тиіс. Өнімділікті арттыру үшін сырғақтың қайтымды жүрісінің жылдамдығы жұмыстық жүріс жылдамдығынан жоғары болуы керек. Қарапайым қосиінді–сырғақты механизмде сырғақтың тура жəне қайтымды жүрістердің уақыты бірдей болып келеді. Жүрістің жалпы ұзындығын ұлғайту жəне сырғақ жылдамдығының сипатын қажетінше өзгерту үшін, қайтымды жүрістің уақытын қысқарту үшін топтарға біріктірілген күрделі механизмдерді қолданады. III, 1 қосиінді-иінтіректі механизмді кермелеу жəне түзеу баспақтарында қолданады. 2 III, 2 механизм сырғақ жүрісінің үлкен ұзындығын (қосиіннің 3-4 дейінгі радиусы) жəне қайтымды жүрістің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін екі жетекші қосиінімен сипатталады. Бұл ерекшеліктер механизмнін терең қуыс бұйымдарды кермелеу үшін арнайы баспақтарда қолданылатындығын анықтады. III, 3 механизм III, 2 механизмдегі кинематикалық ерекшеліктермен сипатталады. Топсалы төрттүзілімді жетекті болып келетін түзілімнің қосиін айналысы біркелкі жүргізілмейді, соған байланысты сырғақтың кері қайту уақыты азаяды, ал түзу жүріс ұзақ уақыт жүргізіледі. Мұндай механизм кермелеу баспақтарында қолданылады. III, 4 механизмді суықтай кермелеу үшін баспақ – автоматтарда қолданған. Бұл механизм III, 2 механизмге ұқсас болып келеді, бірақ қосиіннің орынына жұдырықшаны қолдану сырғақтың жылдамдық сипаттамсына əсер етеді. IV топқа цикл ішінде орындаушы түзілімнің ұзақ уақытқа тоқтауымен сипатталатын механизмдер жатады. Бұл механизмдерді екі немесе үш əрекетті қаңылтыр қалыптау баспақтарында, жəне де бойлық соғу машиналарында қолданады.


    1.8 сурет. Қосиінді баспақтардың орындаушы механизмдерінін сұлбалары
    Жұдырықшалы жəне жұдырықша – иінтіректі IV, 1 жəне IV, 2 механизмдерді əсер ететін күш аз болған кезде қолданады. Күш 1МН асатын болса алты түзілімді механизмді қолданады, ол сырғақтын бірқалыптылығын жəне ұзақ уақыт тұру қамтамасыз ете алмайды. Үлкен бірқалыптылықты жəне тұру ұзақтығын сегіз түзілімді IV, 4 жəне IV, 5 механизмдер қамтамасыз етеді. IV, 4 механизмде қосымша ілгерімді түзілім бар, ол механизм габариттерін арттырады.

    3.1.2 Қосиінді баспақтың элементтері мен қолданылуы
    Классификацияны кинематикалық белгілеріне қарай жүргізуге болады – орындаушы механизмнің кинематикалық тізбегінің құрылымына, жетек орналасуына, цикл ішінде жұмыс жасайтын жəне қажетті деформациялау процесін жүргізетін орындаушы механизм санына. Машиналарды технологиялық белгілеріне қарай классификациялау жалпымен қабылданған болып табылады, өйткені орындалатын технологиялық процестің ерекшелігі машинаның (баспақ) құрылымын да қарастырады. Қалыптау үшін машиналардың үш тобын көрсету қажет – қаңылтыр, көлемді жəне ұнтақты масса. Қаңылтыр қалыптауға арналған баспақтар көлемді қалыптауға арналған баспақтармен салыстырғанда əмбебап, ал қалыптау кеңістігі жəне жүріс шамасы айтарлықтай үлкен болуы тиіс. Көлемді қалыптау үшін деформациялау кедергісінің үлкен болуы жəне деформацияланатын дене мен қалыптардын өлшемдерінің кіші болуы шарт. Осыған байланысты мұнда қалыптау кеңістігінің жүрісі мен өлшемдері кіші. Ыссы қалыптау кезінде деформациялау процесі қысқа болуы қажет сондықтан да баспақтар жылдам жүрісті болуы тиіс. Қажетті дəлдікті жəне ең төменгі энергия шығынын қамтамасыз ету үшін көлемді қалыптау баспақтарының қатаңдығы жоғары болуы тиіс.

    Баспақтардың əр тобынан екі топты бөлуге болады: жалпы қолданылатын баспақтар жəне автоматтар. Қазіргі кездегі баспақтың құрылымы күрделі: ондаған түзілімнен жəне бірнеше жүздеген тетіктерден тұрады. Əр машинаның қарапайым түзілімдерімен бірге – қозғалтқыш, беріліс механизмдері жəне орындаушы механизмдермен бірге баспақты басқару, баптау, бақылау жəне күтуші адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ баспақтың технологиялық мүмкіндігін арттыратын немесе басқа да жауапты түзілімдердің тетіктерінің жұмысын жақсартатын қосалқы түзілімдер бар. Автоматтарда аталған баспақ түзілімдерінен басқа автоматтандыру түзілімдері болады, олар өңделетін дайындаманың немесе шикізатты бағдарлауды, тасмалдауды, орнатуды жəне машинаны келесі циклды орындауға дайындауды қамтамасыз етуі тиіс. Барлық аталған түзілімдердің барлығы кез-келген баспақ немесе автомат типінің элементі бола бермейтінін айта кеткен дұрыс. Баспақтардың номиналды күшіне, қолданылуына жəне құрылымына байланысты кейбір түзілімдерді тұрғызу (орнату) осы құрылымға қажетсіз болуы мүмкін, өйткені ол жұмыс істеу шартын жақсартпайды, сенімділікті арттырмайды жəне баспақ жасау құнын төмендетпейді. Соңғы нəтижесінде баспақтарды жетілдіру оның құрылымының күрделенуіне, қымбаттауына əкеледі.

    4.1 Бұлғақтар
    4.1.1 Бұлғақтардың құрылымы
    Бұлғақ баспақтың негізгі бөлігі болып табылады, ол арқылы сырғақтағы күш иінді білікке беріледі. Қосиінді-сырғақты механизмдер (ҚСМ) мен бұлғақтардың құрылымдық ерекшеліктерін қарастырайық. ҚСМ жетек түріне қарай жоғарғы жетекті механизм жəне төменгі жетекті механизм деп бөлуге болады. Жоғарғы жетекті механизмдерде бұлғақ сырғақты итереді де, жұмыстық жүктелу кезінде иілумен қатар сығылады (1.9 сурет). Төменгі жетекті механизмдерде бұлғақ сырғақты тартады да, жұмыстық жүктелу кезінде иілумен қатар созылады (1.10 а сурет). Жоғарғы жетекті механизмдерде де бұлғақты тарту варианттары болады (қаңылтыр металды кесуге арналған қиғаш пышақтары бар қайшылар). Бұлғақтың басты элементтері болып қосиінді басы (үлкен), денесі (стержень) жəне кіші (сырғақты) басы табылады.

    Бұлғақтар ажырамалы жəне ажырамайтын болып бөлінеді. Ажырамалы бұлғақтар – бұлғақ денесінен жəне қақпақтан тұрады (1.9 сурет), ажырамайтындар – бугели 1.10,а жəне б сурет). Күші 1 МН дейінгі баспақтардың, ажырамалы бұлғақтарында, бұлғақ денесідеқұрамды бөлігі болып жасалады (1.10,в жəне 1.11,а сурет – бұлғақ пен бұрама). Бұл бұрама қалыптау аралығын реттеуге қолданылады. Баспақтардың ажырамайтын бұлғақтары түзу өсті болады (1.10,б - сурет). Қанылтыр метал кескіш қашыларда бугели – қисық өсті (1.10,а-сурет).


    1.9 сурет – Бұлғақтың сырғақпен байланысуы мен бұлғақты жүктеу
    Бөлу операцияларын орындайтын баспақтар үшін ажырамайтын бұлғақтарды цилиндр түріне орындайды, бастиегін эксцентрикті жону арқылы, мына формуламен анықталады
    t = 3P /(2bh), (9.1)
    мұндағы: τ — қима центріндегі жанама кернеу; Р — бұлғақ бойымен əсер ететін номиналды күш; b — қима ені; h — қима биіктігі.


    1.10 сурет – Ажырамайтын бұлғақтар (бугели):
    а – қаңылтыр кесуге арналған төменгі жетекті қисық пышақты қайшылар үшін; б – төменгі жетекті қаңылтыр қалыптау баспақтары үшін; в – автомат немесе КСМ; г – шабу баспақтары үшін (дөнгелек бұлғақ)
    1.11 сурет – Бұлғақ бұрандасы
    1– бұрама; 2 — сомын
    Төлкелері қоладан жасалатын қосиінді – сырғақты механизмнің үйкелетін жұптарын дұрыс таңдау өте маңызды болып табылады. Бұл жұптардың материалын кездейсоқ тандау мен толық майламау, қажама пайда болумен жауапты түйіннің істен шығуынын себебі болып табылады. Аса жүктелген шетмойындар үшін қоланың (БрА11Ж6Н6), үлкен меншікті күштерге төтеп беру қабілеті ғана емес сонымен қатар жақсы өңделгіштігі (БрО10Ф1) мен жақсы жылуөткізгіштігі (БрО10С10) маңызды болып келеді. Нақты шарттарға байланысты осы немесе басқа маркаларды қолданады. БрА9Ж3 типті қоланы қолдану біліктін түйіскен мойындарын міндетті түрде шынықтыруды талап етеді.

    Сонымен қатар үйкелісетін жұптардың (шетмойын) өлшемдерін таңдау қажет. Қазіргі кезге дейін мұндай таңдаудың критериясы номиналды күштің (қандай-да бір бөлігі) цапфа диаметрін оның ұзындығына түрлендіру қатынасымен анықталатын орташа меншікті күш болды.

    Жалпы машина жасауда q = const жəне v = const болған кезде олардын екінші критериі болып туындылары табылады [qv], мұндағы: q — шетмойындағы меншікті күш (орташа), v - шетмойын элементтерінің салыстырмалы орын ауыстыруының максималды жылдамдығы. Қосиінді ұсталық-қалыптау машиналарында мұндай шетмойындар қысқа уақытты ауыспалы жүктелумен жұмыс жасайды, жəне көп жағдайларда бір жүрісті режимдерде. Сондықтан qv туындысы лездік үйкелістің максималды қуатын сипаттайды. Мойынтіректе түрақтанған температура жылулық баланспен анықталады, яғни жылу бөлумен жəне де жылу берумен. Соған байланысты критерий ретінде эквивалентті шамалардың туындыларын qЭvЭ қабылдау ұсынылады.

    4.1.2 Қалыптау аралығынның шамасын өзгерту механизмдерінің құрылымы мен сырғақ жүрісі
    Күші аз əмбебап қосиінді баспақтардың қалыптау аралығын бұраманы бұрау арқылыөзгертеді. Алдымен арнайы бұраманы босатып қалыптау аралығын реттейді, содан кейінбұраманы қатайтады. Ірі баспақтарда жəне де екі-, төртқосиінді баспақтардың қалыптауаралығын арнайы электр қозғалтқыштан айналыс алатын бұрамалар арқылы өзгертеді (1.11сурет).

    1.12 сурет - Бірқосиінді баспақтардың жүрісін реттеу механизмі
    1– сырғақ; 2 – иінді білік; 3 – бұлғақ; 4 – эксцентрик; 5 - төлке жұдырықшаларымен; 6 –кілтек; 7 – сақина; а — бір тіректі; б, в — екі тіректі;

    Ыссы қалыптау қосиінді баспақтарының қалыптау аралығын столдың сыналарын жылжыту арқылы реттейді, ал қосиінді – буынды баспақтарда – жоғарғы шарнир астындағы сыналы жастықты қозғалтумен немесе эксцентрикті орындалған жоғарғы шарнирді бұрау арқылы өзгертеді.

    Қосиінді сырғақты механизмнің иінді біліктері, иінді білік немесе қарапайым сатылы осьтер мен шестерна эксцентрикті жетектердің білігі тəрізді жасалынады. Шестерна эксцентрикті жетекте баспақтың траверсіне бекітілген бір (1.3 а сурет) немесе екі (1.13 д, е сурет) қозғалмайтын остер қолданылады.

    Бұл остерде тісті дөңгелектермен байланысқан эксцентриктер айналады. Жасалуы мен қолданылуының қарапайымдылығына байланысты шестерна эксцентрикті жетектер кең қолданыс тапты. Екі əсерлі баспақтарда орстердің орнына біліктерді қолданады.онда эскцентриктер бекітіледі (біліктер сыртқы сырғақтың жетегіне қозғалыс беруге арналған).

    Егер иінді біліктер жетегінің тісті дөңгелектері консольді (1.13 сурет а, б) жəне тірек аралық (1.13 в сурет) орналасатын болса, онда шестерна эксцентрикті жетектің тісті дөңгелектері үнемі травестің ішінде орналасады жəне тірек аралық болып табылады (1.13 г, д, е сурет).

    Екі модификация үшін де жетек бір жақты (1.13 в сурет) жəне екі жақты (1.13 а, б, г, д, е сурет) болуы мүмкін. Иінді біліктерде бір, екі немесе үш байланыс нүктелері бар (бір немесе үш бұлғақты жəне сəйкесінше біліктің иін саны). Шестерна эксцентриктерде бір немесе екі байланыс нүктелері болады. Төрт байланыс нүктесін алу үшін екі қосиінді біліктерді төрт бір қосиінді немесе екі, төрт шестерна эксцентрикті қолданады. а – екі жақты тісті жетегі бар бір қосиінді білік; б – екі жақты тісті жетегі бар бір эксцентрикті білік; в – бір жақты тірек аралық жетегі бар бір қосиінді білік; г – екі жақты шестерна эксцентрикті білік; д – тұғырға бекітілген, екі осьте айналатын тісті дөңгелектермен бірге орындалған бұлғақтың мойны; е – тұғырға бекітілген, екі қозғалмайтын осьте айналатын жеке орындалған жəне тісті дөңгелектермен қатаң байланысқан бұлғақтың мойны.


    1.13 сурет - Бір қосиінді екі тіректі баспақтың қосиінді-сырғақты механизмінің модификациясы
    Иінді біліктерді буын мойындары арасында бекітілген бұлғақ мойындарымен (1.14, а- сурет), жəне бұлғақ мойындары жуандау болған кезде эксцентрикті біліктер (сурет 1.14, б) тəріздес орындайды. Соңдай ақ, қосиінді біліктер де болады, бұнда бұлғақ мойыны білікті жону арқылы алынады, оның диаметірі тірек мойынының диаметірімен бірдей. Біртіректі баспақтарда қолданылатың бұл біліктердің тіректері бұлғақтың біржағында ғана орналасады (1.14 сурет ). Кейбір суықтай көлемді қалыптауға арналған автоматтардың құрылымдарында мойыны жоқ иінді біліктерді қолданады (1.15 II сурет), бұларда бұлғақ мойынының шеңбері тірек мойынының шеңберін қиып өтеді. (егер біліктің жанынан қарасақ).

    Қосиінді машиналардың f(d0) иінді біліктерінің өлшемдері көп жағдайларда қосиінді машиналардың өлшемдерінде анықтайды. Соңдықтан да, машинаның осы элементін құрылымдауға аса көңіл бөлу қажет. Машина жобалаудың негізгі теориясы болып осы машиналардың жəне олардың жеке механизмдеріне құрылымдық талдау жүргізу табылады. Мұндай талдау кезінде сəйкес механизмдерді бір топтаумен ғана шектелмей, ұйымдастырушы түсініктемесін құрастыру міндеттеледі. Түзілімнің, механизмнің, бөлшектің функционалды тағайындалуын жəне олардағы физикалық үрдістерді қарастыру негізінде, механизмді бағалайтын негізгі белгілер анықталады жəне сəйкес кесте құрылады.

    Күш бойынша, қосиіннің бұрылу бұрышы бойынша, уақыт бойынша; сырғақ жүрісінің саны, қолданылған жүріс саны;автоматты немесе бірлік жүріс жұмыс; біліктің мойынтірек түрі – сырғанау немесе тербеліс; иінді білік мойынының беріліс арқылы жүргізілетін сырғақтың сыналасу жиілігі.

    Бұдан басқа оның ішінде білік немесе ось материалы, оларды термо өңдеу, механикалық өңдеудің ерекшеліктері (беттің кедір-бұдырының көлемі), сонымен қатар эксплуатациялау сипаттамасы: бұйым позициясының саны, позициялар арасындағы ара-қашықтық ,сырғақ осіне қатысты жүктемелі күш көрсетілуі тиіс.

    Қосиінді баспақтарда иінді біліктің тіректері, сонымен қатар бұлғақтың шетмойны сырғанау мойынтіректері түрінде жасалады. Сырғанау мойынтіректері диаметрі бойынша үдкенірек тіректер болып табылады. Олар өздерінің шамасына қарай өзгеретін күштерді жəне үлкен соққылы күштерді қабылдай алады (бөлінген үдкен шамалар жəне салыстырмалы үлкен жылдамдықты сырғанау).

    1.14 сурет – Біртұғырлы баспақтың қосиінді білігі
    1 – эксцентрикті төлке; 2 – қосиінді білік; 3 – бұлғақ
    Сырғанау мойынтіректерінің қатаңдықтары сəйкесінше шайқау мойынтіректердің қатаңдығынан үлкен болады. Баспақ мойынтіректері шектік үйкеліс режимінде жұмыс жасайды, ал сұйық майлағанда жартылай сұйық үйкеліс режимінде жұмыс жасайды. Қосиінді баспақтарда үйкелу кезіндегі жағалымды 1МН күшке дейін азайтуда шайқау мойынтіректерін қолдана бастайды.

    1.15 сурет – Біржақты сынатаспалы жетегі бар (тегершікпен), жақты (I) жəне жақсыз (II) бір қосиінді білік .

    Бұлғақтың есептелуі


    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта