Главная страница
Навигация по странице:

  • Нарративті түр Келесі кезекте жастардың ауызекі сөйлеуін нарративті түрде қарастырамыз. Мысал 1

  • Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу манерасы. Екі коммуниканттың сөйлеу стратегиясының мен тактикасы.

  • Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың симметриялы және асимметриялы формалары.

  • Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу кезіндегі қиындықтары.

  • Ауызекі тілдің лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері

  • диплом. Дипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі


    Скачать 164.45 Kb.
    НазваниеДипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі
    Анкордиплом
    Дата07.02.2023
    Размер164.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла09062022.docx
    ТипДиплом
    #925350
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Мысал 2

    Келесі аудио жазбаның ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті болып есептеледі, себебі, қатысушылырдың диалог арасындағы үзіндісін алып қарайтын болсақ, мысалы: Келесі екінші аудио жазбаның ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті болып есептеледі, себебі, қатысушылырдың диалог арасындағы үзіндісін алып қарайтын болсақ, мысалы:

    Айдос – Еркош, келесі жарыс қашан болад енд?

    Еркош – Павлодарда, сосын екіншісі сәуір

    Айдос – II келесі ай ма?, барасынба?

    Еркош – Осы ай ғой/, сәуір осы ай ғой/ уж

    Айдос – оны универ бермима не?

    Еркош – универ осы Астанаға акеп беред.

    Айдос – кетчар:, анда неме турнирлар?

    Еркош – Павлодарда тоже СП

    Айдос – неше бір жет, неше ай?

    Еркош – 15, бересінба?

    Айдос – 15 емес неше призы бар?

    Еркош – 200 мын ба солай

    Айдос – 1-ші орынға ма?

    Еркош – ия.

    Қатысушылардың арасындағы әңгіме бір-бірін қызықтыратын сұрақтарды қою арқылы өздерін қызықтыратын тақырыпты талқылау үстінде.

    Нарративті түр

    Келесі кезекте жастардың ауызекі сөйлеуін нарративті түрде қарастырамыз.

    Мысал 1

    Ерсін – Қарын тоқ болса қаласын онда/. Бля: ана бір қыздын үш мың теңгесін беру керек ед шешен.

    Спикер 1 – Бота ма, кімдікі? Ботаның ба?

    Ерсін – Алматта бір қыз.

    Спикер 1 – Ммм. Ертең сабақ барма?

    Ерсін – Жоқ.

    Спикер 1 – Өй/, онда ертеңде жұмысқа шығайық ия, әдемі:леп ия? Бүгін көресің ғой, қаз жұмысқа шыққан кезде, оңай нәрсе/. Просто ше/ ананы апарып жүрсен болд та.

    Ерсін – Кешкісін: бес мың тау келсек ия

    Спикер 1 – Ия, зор/ болатын ед бес мың тау келсек

    Ерсін – Сон: полный/ продукты істеп тастасақ

    Спикер 1 – Өзіміздің тефальды алу керек ед е:/, Мынау че-та басқаша ия, ар жағынан су шыға берема. Бә: бұл Болаттікі қайтару керек қой.

    Ерсін – II Біздікі қайда?

    Спикер 1 – Нә/биде ғой біздікі/

    Ерсін – Нәбидің өзінікі қайда?

    Спикер 1 – Мен қайдан білем/, Нәби өзі бір балаға беріп жіберіпті, сосын біз білмейміз кім екенін, сол балада қалды диді ғой.

    Ерсін – Болаттар ваще/ тепалсыз жүрма?

    Берілген мысал аудио жазбалардың ауызекі сөйлеу түрі нарративті түрге жатады. Себебі, қатысушылардың арасындағы әңгімелері тек тұрмыстық әңгіме арасындағы байланыс екені бізге мәлім.

    Келесі мысалдың ауызекі сөйлеу түрі дискурсивті түрге жатады. Себебі, диалогқа қатысушылардың ортасындағы тақырыбына мән беріп қарасақ, олар тек өздерін қызықтыратын тақырып аясында ғана әңгіме дүкен құрғанын байқаймыз.

    Осыған орай тағы бір мысалға мән беретін болсақ, бұл жерде де нарративті түтүр болады.

    Мысал 2

    Қ1 – Сен.. ұйқыдан тұрғаннан кейін ба?

    Қ2 – Ааа::, бүгін ба - ?

    Қ1 – иә.

    Қ2 – ммм::, баснан бастап тындасай/, ымм:::, кароче, кеп айтам/, не деп\ понедельник күні.. сабақтан келдім да, ауылдан келдім ғо/ сабаққа, сабаққа келдім.. сосын сабақтан шықтым да--, әдебиеттің лекциясы болған жоқ.., апай командировкаға кет қапты, сосы::н, кароче, шықтым.. 10 кезінде сосын.. келдім\ 10:30 ға қарайқ арай уже.

    Қ1 – тоқташ/, сонда:: сен қанша сағатқа келіп кеттің?

    Қ2 – 2 сағатқа

    Қ1 – сенде әдебиет қана еді ғой/

    Қ2 – 2 орыс тілі 1 әдебиет еді ғой

    Қ1 – ммм:::, сөйтіп\?

    Себебі, ауызекі сөйлеуге қатысушылар тұрмыстық әңгіме дүкенмен қатар сабақ кестесі жайлы да әңгіме болғанын байқаймыз.

    Көрсетілген аудио жазбада да, дәл алдыңғы аудио жазбалар сияқты нарративті түрге жатады. Себебі, қатысушылардың арасындағы әңгіме тек күнделікті тұрмыс жағдай аясында ғана болғандықтан, олардың ауызекі сөйлеу байланысы тек нарративті түрге жатады

    Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу манерасы. Екі коммуниканттың сөйлеу стратегиясының мен тактикасы.

    Зерттеудің үшінші бөлігіне тоқталатын болсақ, бірінші көрсетілген аудио жазбада қатысушылардың сөйлеу манерасы бастапқы кезеңде байсалды болып, басталғанымен олардық интонациясы бірде жоғары бірде төмен болып ауысып отырды. Сонымен қатар сөйлеу тактикасы мақтаулыққа жатады себебі, қатысушылардың бірі сабақ үстінде тест тапсырушылардың біріне оқу озаттығы мен жалдамдығы жағынан мақтау айтқанын көреміз.

    Мысал 1

    Е1 – кеттік па?

    Е 3 – 5 минт отыра тұрайықш

    Е 1 – Сосын не қызық болды?

    Е 2 – Потом тест тапсырдық

    Е 1 – Ебайт: тестты создығой

    Е 2 – Көреалмайды ғой 2 адам отырғанын, сразу басқа кабинеттке жиберед

    Е 1 – Кетчар, алдыға отырындар деп шакырып йомае сен кімсің?, сен кімсің? деп сұрады

    Е 2 - Чересчур ғой/

    Е 1 – Бля: мені біл қояма деп ойладым алдыға отырғанда Х

    Е 1 – Сен не стедін?

    Көрсетілген диалогтың үзіндісіне мән беріп, қарасақ қатысушылардың бастапқы кезеңде сөйлеу интонациясының өте байсалды және тыныш болғанын көреміз, тіпті сөйлеушілірдің арасында белгілі бір паузалардың орын алғанын байқаймыз, олардың семантикалық ерекшеліктерін қарастырсақ, диалогтың бастаушысы ретінде, А коммуниканты яғни Е1 өзінің қойылған сұрақтарына, толыққанды жауап алып, біртіндеп тындаушыға айналғанын көреміз.

    Мысал 2

    Қ1 – Сен.. ұйқыдан тұрғаннан кейін ба?

    Қ2 – Ааа::, бүгін ба?

    Қ1 – иә.

    Қ2 – ммм::, баснан бастап тындасай/, ымм:::, кароче, кеп айтам/, не деп\ понедельник күні.. сабақтан келдім да, ауылдан келдім ғо/ сабаққа, сабаққа келдім.. сосын сабақтан шықтым да--, әдебиеттің лекциясы болған жоқ.., апай командировкаға кет қапты, сосы::н, кароче, шықтым.. 10 кезінде сосын.. келдім\ 10:30 ға қарайқ арай уже.

    Қ1 – тоқташ/, сонда:: сен қанша сағатқа келіп кеттің?

    Қ2 – 2 сағатқа

    Қ1 – сенде әдебиет қана еді ғой/

    Қ2 – 2 орыс тілі 1 әдебиет еді ғой

    Қ1 – ммм:::, сөйтіп\?

    Келесі аудиожазба мысалында қатысушылардың семантикалық ерекшеліктері дәл бірінші аудио жазба мысалында көрсетілгендей ұқсастықтар байқалады. Сөйлеу әрекетінің бастамасы, ұйымдастырушысы ретінде А коммуникант өзінің қойған сұрағына толыққанды жауап алып, біртіндеп тыңдаушыға айналғанын байқаймыз.

    Берілген аудиожазба мысалдарының семантикалық ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, олардың сөйлеу тоны байсалды әрі интонациясы көбінесе төмен және бірқалыпты. Қатысушылардың семантикалық ерекшеліктеріне мән берсек, диалогті бастаушы, ұйымдастырушы ретінде, ол өзінің қойған сұрағына толыққанды жауап ала алмағандықтан, әңгіменің әрмен қарай өршуіне біраз қиындықтарын туғызғанын байқаймыз. Яғни А коммуникант диалогті ұйымдастырушының мақсаты қойған сұрақтарына көбірек жауап алуға тырысқанымен, Б коммуникант қойылған сұрақтарға тек қысқа жауаптар мен жауап қатқанын көреміз.

    Сонымен қатар берілген аудиожазба мысалын қарастырсақ, олардың сөйлеу манерасының тоны мен интонациясы өте жоғары және эмоцианалды болып келеді. Аудиожазба мысалында А коммуникант диалогтің ұйымдастырушысы ретінде өзін қызықтыратын сұраққа жауап алу мақсатында, толыққанды жауап ала алды. Яғни бұл дегеніміз сөйлесушілердің арасына барлығын қызықтыратын сұрақты қою арқылы, А коммуникант өзінің сұрағына толық жауап алып қана қоймай оған қоса біртіндеп тыңдаушы айналғанын байқаймыз.

    Келесіде қыз балалардың сөйлеу манерасы мен семантикалақ ерекшеліктерін қарастырамыз. Қатысушылардың өте байсалды, шынайы, және бірқалыпты тонмен сөйлескенін байқаймыз. Екі коммуниканттың семантикалық ерекшеліктерін қарастырсақ, бірінші қатысушы әңгімені ұйымдастырушы болып табалыды.

    Мысал 3

    Қ1 – не стедің демалыста? Қалай барып келдің үйіңе?

    Қ2 – катастрофа болып келдім ғо

    Қ1- Неге? :::

    Қ2 – шықтым остановкада тұрдым, 1 сағаттан кейін бірақ келд автобус, и то айналып толғанып 19 келеді ғой.

    Қ1 – кеш келіпті ғой онда

    Қ2 – Сосын дитін, бардым. Кароче битіп әлемнін қасынан өтіп бара жатам, Нариманға қарсы келеататынғой жеңгем екеміз әлемде кездесеміз ғо, сосын дитін Нариман қарсы келеатыр да, битіп қарат та, үндеген жоқ маған, сосын жеңгем барып шықтық екеміз кездестік екеміз, Петаққа барсақ, Нариманның таксиі тұр екен да, Нариманның машинасы тұр екен да, соған отырдық.

    Қ1 – Сосын жеңгең екеуің ба?

    Қ2 – Иә, сосын сол 2 ақ адаммен кет қалт та ол, жүр кетті, бізді алғаннан кейн

    Қ1 – ммм

    Дегенмен бірінші коммуникант диалогтің өрбуіне себепкер болғанымен, ол өзінің сұрақтарына толыққанды жауап алу мақсатында, бірінші қатысушы ақырындап тыңдаушыға айналғанын көреміз.

    Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың симметриялы және асимметриялы формалары. Зерттеуіміздің төртінші кезеңіне толатын болсақ, жалпы алғанда ең бірінші көрсетілген диалог мысалында сөйлеушілірдің сөйлеу жиілігі тең емес, дегенмен олардың бір-біріне қойған сұрақтары қысқа және берген жауаптары да нақты берілген жауаптар.

    Мысал 1

    Е 2 – Потом тест тапсырдық -

    Е 1 – Ебайт: тестты соз:дығой

    Е 2 – Көреалмайды ғой 2 адам отырғанын, сразу басқа кабинеттке жиберед

    Е 1 – Кетчар, алдыға отырындар деп шакырып йомае сен кімсің?, сен кімсің? деп сұрады

    Е 2 - Чересчур ғой/

    Е 1 – Бля: мені біл қояма деп ойладым алдыға отырғанда Х

    Е 1 – Сен не стедін?

    Е 3 – Мен жалғыз отырдым, артта анау: бұрышта орын бос болмай қалд\. Сосын.. бір баланы тұрғызып жиберд ғой: типа неге бірге отырп алғансындар, бар кет деп. Ол басқа кабинетке кетті, сосын соның орына отра салдм. Жанмда Айпара отырды еще: и Айпара барин мықты істедіма білмим әйту мен 14-ке келдим ғо ана 18-де/ жүр ғой.

    Е 1 – Ейй/, екемиз бирге отырдық емеспа?

    Е 3 – Ия, мен сенен еще астыға түсесіңба деп сұрадым ғо, сен түспедің ия?

    Е 1 – II түстім ғой.. Сенен бірінші түстім ғой мен или сенен кейн түстім ба?

    Е 3 – II - Кейін

    Е 1 – Бірінші Наргиз түсед – потом Толқын, одан кейін сен ба?

    Көрсетілген диалог мысалының үзіндісіне талдау жасайтын болсақ, қатысушылардың сөйлеу жиілігі тең емес екені мәлім, дегенмен мұндағы екі сөйлеушілердің сөйлеу жиілігі қысқа сұрақ жауап арқылы өлшенсе, үшінші қатысушының сөйлеу жиілігі екі қатысушыға қарағанда әлде қайда жоғары. Яғни диалогтағы үшінші қатысушы сөйлеу лидерлігін ұстанады десекте болады.

    Осыған сәйкес тағы бір аудио жазба мысалын қарастыруға болады.

    Мысал 2

    Қ1 – Наны жесей/ дәмі күш::ті екен\

    Қ2 – нені/? Ааа::, ішінде варенка/ ма?

    Қ1 – мхм

    Қ2 – нан қараш жы:нды/ пі/скен

    Қ1 – ас болсын.

    Қ2 – рахмет.

    Қ1 – ағаштарды кесіп қашан бітті?

    Қ2 – кароче мен келді::м

    Қ1 – Сен.. ұйқыдан тұрғаннан кейін ба?

    Қ2 – Ааа::, бүгін ба - ?

    Қ1 – иә.

    Қ2 – ммм::, баснан бастап тындасай/, ымм:::, кароче, кеп айтам/, не деп\ понедельник күні.. сабақтан келдім да, ауылдан келдім ғо/ сабаққа, сабаққа келдім.. сосын сабақтан шықтым да--, әдебиеттің лекциясы болған жоқ.., апай командировкаға кет қапты, сосы::н, кароче, шықтым.. 10 кезінде сосын.. келдім\ 10:30 ға қарай уже.

    Сөйлеушілердің сөйлеу жиілігі тек қысқа сұрақ жауап түрінде ғана өлшенеді.

    Көрсетілген аудиожазбаны талдайтын болсақ, бұл жерде диалогті ұйымдастырушы өзін қызықтыратын сұрақ қою арқылы, екінші қатысушыны әңгімеге шақыру мақсатында сұрақтар қойылғанын көреміз. Қатысушылардың арасындығы сөйлеу жиілігі өте қысқа сұрақ жауап түрінді ғана өлшенетінін байқаймыз.

    Яғни бірінші қатысушының сөйлеу жиілігі бастапқы кезеңге қарағанда азайа бастағанын көреміз. Бұл аудио жазбаның бірінші қатысушысы сұрақ қою арқалы, екінші қатысушыдан жауап күту мақсатында, бірінші қатысушыға қарағанда, сөйлеу жиілігі артып, екінші қатысушының сөйлеу лидерінің айналғанын көреміз.

    Ауызекі сөйлеуге қатысушылардың сөйлеу кезіндегі қиындықтары. Зерттеуіміздің бесінші кезеңіне тоқталсақ, қатысушылардың әңгіме барысындағы қиындықтарын қарастыратын боламыз. Олай болса, ең бірінші берілген аудио жазбадағы қиындықтар түрін қарастырамыз.

    Мысал 1

    Е1 – кеттік па? -

    Е 3 – 5 минт отыра тұрайықш ...

    Е 1 – Сосын не қызық болды?..

    Е 2 – Потом тест тапсырдық -

    Е 1 – Ебайт: тестты соз:дығой

    Е 2 – Көреалмайды ғой 2 адам отырғанын, сразу басқа кабинеттке жиберед

    Е 1 – Кетчар, алдыға отырындар деп шакырып йомае сен кімсің?, сен кімсің? деп сұрады.

    Көрсетілген жазба мысалының үзіндісінде көрсетілгендей, әңгіменің бастапқы кезеңінде аздаған шамалы кідірістер орын алған. Яғни бұл аудио жазбаның қиындығы болып саналатын кезең, үшінші қатысушының айтқан жауабынан кейінгі орын алған үнсіздік болып есептеледі. Үнсіздік қатысушылардың әңгіме барысындағы қиындығы болып есептеледі, себебі, үнсіздік қатысушылардың әңгіменің әрі қарай өрбуіне үлкен кедергі алып келеді. Дегенмен, орын алған қиындықтан кейін, диалогты ұйымдастырушы, қатысушылардың жауабын тікелей талап ететін сұрақ қою арқылы женгенін көреміз.

    Келесі тағы аудио жазба мысалын қатысушылардың қиындығын мына үзіндіден байқаймыз:

    Мысал 2

    Е 1 – Сеған жеуге болмайд, бұндай -

    Е 2 – Тошна?, круасанба?

    Е 3 – Қарын ашып отыр ғо е:, берсей/

    Е 1 – Мә:-/

    Е 2 – Ой:, рахмет, досым/

    Айдос – Еркош/, дебатқа бардындарма/ сендер?

    Еркош – ия...

    Айдос – енді:, айтшиш/ сөйлесиш/

    Еркош – Еее:, осы Қазбек битіп жүру шеді ғой:, қолынды кеп, чап еткізет

    Айдос – кімді?

    Бұл аудио жазбаның әңгіме барысындағы қиындығын нақтылап көрсететін болсақ, қатысушылардың бірі қызығушылық сұрағын қойғанымен оған тыңдаушы және жауап қайтарушы ретінде қатысушы өте қысқа жауап беріп, әрі жауаптан кейін ұзақ мөлшерде үнсіздіктің орын алғаны байқалады, бірақ әңгімені бастаушы қойған сұрағына жауап талап еткенімен, тыңдаушы тікелей сұраққа жауап беруден бас тартып, бірден мүлдем басқа тақырыпқа әңгіме бастағанын байқаймыз.

    Мысал 3

    Спикер 1 – Ммм. Ертең сабақ барма?

    Ерсін – Жоқ...

    Спикер 1 – Өй/, онда ертеңде жұмысқа шығайық ия, әдемі:леп ия? Бүгін

    көресің ғой, қаз жұмысқа шыққан кезде, оңай нәрсе/. Просто ше/ ананы

    апарып жүрсен болд та.

    Ерсін – Кешкісін:.. бес мың тау келсек ия.

    Төртінші аудио жазба:

    Е 1 – Еее:..., менде 2500 бар

    Е 2 – Менде\ 1000 теңге бар\...

    Е 1 – Барып қайтайық онда/..

    Е 2 – Магнумға барып қайтамызба/

    Е 1 – Иә, кеттікпа?/

    Е 2 - ...

    Е 1 – Үй?/

    Е 2 – Каз күте тұр\ мен ойын бастап койдым... Сен бірәз дем алып алш, шешін.

    Е 1 – Иә, бірәз дем алып алайын... Где-то.. 1 сағаттан кейін ғой йә?/, жарты сағаттан кейін--?\

    Көрсетілген аудио жазбаның үзінділерінің қиындықтары, дәл бірінші және екінші аудио жазбада көрсетілгендей, қиындықтар байқалады. Үшінші аудио жазба мысалының қиындығы болып есептелетін кезең бұл, әңгімені ұйымдастырушы өзінің қатысушысына сұрақ қояды, бірақ белгілі бер себептермен тыңдаушы қойылған сұраққа өте қысқа жауап қатқаннан кейін, екі қатысушының арасында шамалы уақытта үнсіздік алғаны бізге белгілі. Дегенмен әңгімені ұйымдыстырушы қиындықты жеңу мақсатында екінші қайтара басқадай сұрақ қою арқылы қиындықты жеңуге тырысты.

    Ауызекі тілдің лексикалық-грамматикалық ерекшеліктері

    Зерттеудің алтыншы кезеңіне келетін болсақ, сойлеудің қиындықтарын қарастыратын боламыз, бұл кезеңде сөйлеушілердің, жалпы сөйлеу барысындығы қиындықтарды, қалай жеңгенін қарастырамыз. Жазылған аудио жазбаның бірден-бір көзге түсетін қиыгдығы аудио жазбаның мына үзіндісінен көреміз.

    Қ1 – Ас/ болсын/..

    Қ2 – рахмет..

    Қ1 – Мағанда рахмет..

    Қ2 – Қуасынба/-? Саған/ рахмет айттым ғой/..

    Қ1 – енді/.. сенде маған ас болсын деп айтқаннан кейін, менде рахмет деп айттым ғо/

    Қ2 – Ааа::, мағанда емес, сағанда/ деп айтасың ғой

    Қ1 - ХХХ

    Қ2 – Еее...

    Қ1 – нестедің демалыста? Қалай барып келдің үйіңе?

    Берілген үзіндіге мән беріп, қарастырсатын болсақ, диалогтің басталған кезінен-ақ қиындықтардың туындағанын байқаймыз. Яғни бейресми ауызекі сөйлеу қатысушыларының кешкі ас уақытында әңгіме дүкен құрып отырғандықтан, жиі кідірістер, ұзақ уақытты паузалар сияқты қиындықтар байқалады. Бірақ, дегенмен әрбір қиындықтан кейін диалогті ұйымдастырушы, оларды жеңуге тырысып, әңгімені тоқтатпай әрі қарай жалғастыруға тырысқанын байқауға болады. Сонымен қатар бұл көрсетілген үзіндіде қысқа және ұзақ мерзімді паузадан бөлек, ұзақ уақытылы күлкінің орын алғаны байқалады.

    Сонымен қатар зерттеудің соңғы кезеңінде берілген диалог ауызеі сөйлеудің лексикалық-грамматикалық ерекшеліктерін қарастырамыз. Зерттеу үлгісі кестеде көрсетілген.

    6-кесте

    Ауызекі сөйлеудің лексико-грамматикалық ерекшеліктері

    1

    2

    3




    Толық емес сөйлемдер

    Е 2 – Көреалмайды ғой

    2 адам отырғанын, сразу басқа кабинеттке жиберед.
    Е2 – нан қараш\ цветте или басқаша/ ғой\

    Е3-идельный/ ғой. Сатыватыр ма/ не?.
    Қ1 – не с/тедің демалыста? Қалай барып келдің үйіңе?

    6-кестенің жалғасы


    1

    2

    3




    Жаргон немесе сленг

    Шымкентский, Қуасыңба




    Балағат сөздер

    Бля, Бля, еп:::тваю мать, пи::здец,




    Сөйлеу кодының ауысуы

    Потом, сразу, чересчур, нармалны, идеальный, еще, Катастрофа, и то.




    Одағай

    Кетчар, йомае, Мәссаған




    Күрделі етістіктің жай етістікке айналуы

    Сатыватыр, табылушед, көралмайд.




    Фонетикалық ерекшеліктер

    жіберед, тұрдм, отрндар, келд, отырқ



    2.3 ЖАСТАРДЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУІН ТАЛДАУ


    1. 1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта