Главная страница
Навигация по странице:

  • Теориялық және әдіснамалық негіз

  • Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.

  • диплом. Дипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі


    Скачать 164.45 Kb.
    НазваниеДипломды Жмыс 5B021000 шетел филологиясы аылшын тілі
    Анкордиплом
    Дата07.02.2023
    Размер164.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла09062022.docx
    ТипДиплом
    #925350
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Зерттеу әдістері лингвистикалық бақылау әдісі, дискурс-талдау әдісі, интерпретациялық әдіс болып табылады.

    Зерттеу материалы ағылшын және қазақ тілдерінің студенттік ортадағы достық қарым-қатынастың ауызекі сөйлеу аудиожазбалары болды. Ағылшын тілі бойынша, американдық ауызекі сөйлеу аудио материалдары Калифорниялық университетпен әзірленген (Santa Barbara Corpus of Spoken American English (SBCSAE) https://www.linguistics.ucsb.edu/research/santa-barbara-corpus) корпусынан іріктеліп алынды.

    Қазақ тілі бойынша арнайы ауызекі сөйлеу аудиожазбалары жинақталған корпусы болмағандықтан, ауызекі сөйлеуге зерттеу жұмыстары жүргізілді.

    Барлық зерттеуге ұсынылған аудиожазбалардың жазылу уақыты 6 сағат 59 минут. Оның ішінде қазақ тіліндегі аудиожазбаның уақыты 2 сағат 33 минут ал ағылшын тіліндегі аудиожазбаның уақыты 4 сағат 26 минут. Барлық аудиожазбалардың саны 45. Қазақ тіліндегі аудиожазбаның 25 ал қалған 20 аудиожазба ағылшын тілінде. Барлық репликалардың саны 1300. Қазақ тілінде 580 реплика болса, ағылшын тілінде 720 реплика болды.

    Теориялық және әдіснамалық негіз ретінде, ағылшын тіліндегі ауызекі сөйлеуді зерттеуге төменде көрсетілген американдық лингвисттердің жазбалары қолданылды.

    Сакс Х., Шеглофф Э., Джефферсон Г. А. (Sacks, H.Schegloff, E.Jefferson, G.A.), Орестром Б. (Orestrӧm B.), Джим М. және Регина B. (Jim M., Regina W.), Лайтер Дж. (Lighter J.), Хенне Г. мен Ребок Г.(Henne H. Rehbock H.), В. Бренненстул (Brennenstuhl W.), Дж. Синклер мен М. Кулхард (Sinclair, Coulthard,), Хаймс Д. (Hymes Dell) Балмер Т. (Ballmer T.)

    Қазақ тілінің ауызекі сөйлеуін зерттеу мақсатында Әміров Р.С., Балакаев М. Б., Әлкебаева Ә. Д., Шалабай Б., Сыздық Рәбиғаның, Бекжанова Ж. Е. еңбектері қарастырылды.

    Келесі кезекте, салыстырмалы түрде орыс лингвист ғалымдарының да жазбалары қарастырылып, қолданылды Земская Е. А., Земская Е. А. Китайгородская М. В. және Ширяев Е. Н., Лазорак О. В., Сиротинина О. Б., Байкулова А. Н., Колокольцева Т. Н., Акутина С. П., Верхолетова Е. Ю., Улановский А. М., Орлов Г. А. пен Макаров М. Л., Шатилов А. С., Карлинский А. Е., Дементьев В. В.

    Сонымен қатар жастар дискурсін теориялық негіз талдау барысында Милёшина Л. В., Осипова О. А., Краснов А. Н., Павлова Е. Э., Бобков К. П., Павлова Н. Д., Байкулова А. Н., Бекжанова Ж. Е. Андроутсопулос Я. Георгакопулу А. (Androutsopoulos J. Georgakopoulou A.), (Martinez P.), Стэнстром А. Б. (Stenstrom A. B.), Стэнстром А. Б., г. Андерсен және Хасунд И. К. (Stenstrom A. B., Andersen G., Hasund I. K.), Чэннел Дж. (J. Channell), Думас Б. К.

    Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе мен екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған 42 әдебиеттер тізімінен тұрады.

    1 ЖАСТАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

    1.1. ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУДІ ЗЕРТТЕУ

    Ауызекі сөйлеу – бұл қарым-қатынас серіктестерінің тікелей өзара әрекеттесуімен дайын емес, еркін қарым-қатынас жағдайында ауызша жүзеге асырылатын әдеби тілдің бір түрі. Ауызекі сөйлеуді жүзеге асырудың негізгі саласы – бейресми жағдайда өтетін күнделікті қарым-қатынас.

    Ауызекі сөйлеу қарапайым қарым-қатынаста қолданылады, нақты ережелер мен шеңберлері жоқ. Дәл, осы себепті ол кейбір жағдайларда грамматикалық норманың төменгі сатысына жатады. Ауызекі сөйлеу қайда қолданылады? Бұл күнделікті қарым-қатынас саласында: достар арасында, әріптестер арасындағы қарым-қатынаста, көшеде, дүкендерде және басқа бейресми жағдайда. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу өз ойларын білдіруге, әртүрлі өмірлік мәселелер бойынша ақпарат беруге арналған. Мұндай жағдайға тән ауызекі лексика белгілері: спонтандық, дайындықсыз байланыс. Сонымен қатар ауызекі сөйлеуді ғалымдар екі көзқараста қарастырған. Олар лингвистикалық және стилистикалық деп екі көзқараста талқыланады. Осыған орай алдымен, ауызекі сөйлеу лингвистикалық категория ретінде пайда болған бірінші көзқарасты қарастырамыз.

    Ең бірінші кезекте Земская Е. А. өзінің еңбегінде бейресми байланысты былай деп сипаттап жазды. Бейресми байланыс – бұл сөйлеу коммуникациясының автоматты түрде түсіндірілетін дайын бірліктер мен кез-келген дайын құрылымдарды қолдануға деген ұмтылыспен сипатталатын тілдік жүйе. Еркін дайын емес сөйлеу коммуникация жағдайында адам өзінің сөйлеу мінез құлқын босаңсытады, дәл осы себепті адам кез-келген дайын клише мен шаблондарды қолдануға немесе оңай тілге жиі жүгінеді. Осылайша, бейресми байланыстың экстралингвистикалық ерекшеліктерін екі қарама-қарсы бағытта түсіндіреді. Біріншісі бірліктерді еркін құруға деген ұмтылыс болса, екіншісі дайын сөйлеу формулалары мен дайын шаблондарды қолдану болып табылады. Тағы айта кету керек Земская Е. А. бейресми байланысты еркін сөйлеу қарым-қатынасында қолданылатын ерекше тіл деп санайды, оның айтуынша бейресми байланыстың тағы бір ерекшелігі жағдайдың үш компоненттігімен сипатталады:

    - сөйлеушілер арасында ресми қатынастардың болмауы (достық, туыстық қарым-қатынас);

    - сөйлеушілірде ресми сипаттағы хабарлама (дәріс, баяндама жиналыста сөз сөйлеу, ғылыми хабарлама және т.б).

    - бейресми байланыс сипатын бұзатын жағдайлардың болмауы. Осы үш бөліктің ішіндегі ең маңыздысы достық және туыстық арасындағы әңгімелесушілер деп санайды, өйткені бұл факторда ауызекі тіл мен кодификацияланған әдеби тілдің бірін таңдап, тілдік коммуникация жағдайында қолданады. Енді ең әлсіз бөлігі екінші компонент болып табылады. Себебі сөйлеу әрекетіне қатысушылардың арасында ресми байланыс болмаса да, белгілі сөйлеу әрекетінің шарттары болмаса да, олар кодталған әдеби тілді ауызекі тілмен алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда ауызекі сөйлеуді алдын-ала дайындау мүмкін емес [1].

    Келесі кезекте Земская Е. А. Китайгородская М. В. және Ширяев Е. Н. үшеуі бірлесіп жазған еңбектерінде ауызекі сөйлеуге мынадай сипаттама берген. Ауызекі сөйлеу вебралды және вебралды емес болып қолданылатын коммуникативті актінің бір бөлігі болып табылады, толыққанды екі қатысушының конситуациясы ауызекі сөйлеуге айналады. Сонымен қатар ауызекі сөйлеуге қатысты маңызды жайт ол сөйлеушінің жеткізіп тұрған ақпаратын есту ғана емес, сонымен қоса визуалды арна үлкен рөл атқарады. Яғни әңгімелесушілердің арасында олрадың бет-әлпеті, мимикасы, ерекше рөл атқарады. Олар сөйлемді толық аяқтап сөйлемесе де, олардың ым-ишаратына қарап жеткізгісі келген ақпаратты толықтай түсінуге болады. Ауызекі сөйлеу үшін кодификацияланған әдеби тілден басқа, сөйлеу актісінде дайын және жасалатын қарым-қатынас тән. Ауызекі сөйлеуде тек тіркестер мен мәлімдемелер ғана емес, сонымен қатар сөздер де оңай құрылады. Ауызекі сөйлеу сөзі көбінесе дайын блокқа қарағанда оңай бөлінетін құрылым ретінде әрекет етеді [2].

    Ал Лазорак О. В. дайын емес ауызша сөйлеу өздігінен сипатталады деген. Ауызша дайын емес байланыс кезінде көп кідірістер болады, бұл ақпаратты мағынасы жағынан толықтай жеткізуге көмектеседі және ақпаратты жеткізуші аздаған кідірістер арқылы сөйлемнің логикалық тұрғыда үйлесімділігіне көз жеткізіп, тиісінше керек сөздерді қолданады. Бірақ, тілдің фонетикалық және морфологиялық деңгейлері яғни грамматикалық жағынан сөздер бақыланбайды [3].

    Келесі көзқарас ауызекі сөйлеуді стилистика аумағында қарастырсақ Сиротинина О. Б. өзінің анықтамасында ауызекі сөйлеуді негізінен бейресми қарым-қатынас жағдайындағы сөйлеу немесе спонтанды сөйлеудің ауызша формасы деп анықтайды. Қарым-қатынастың бейресми болуы тікелей қарым-қатынастың негізгі факторы болып табылады. Сиротинина О. Б. бейресми байланыстың негізгі ерекшелігі сөйлесудің спонтандылығы, қарым-қатынастың жеделділігі мен сөйлесу барысында түсінбеушілік кезінде қайта сұрау мүмкіндігі деп анықтайды. Байланыстың жеделдігі синонимдік кедейлікке, сол сөздің жиі қайталануына, кейбір мәлімдемелердің барысында толық емес және қайта құрылуына әкелетін сөйлеудің абсолютті спонтандығын анықтайды. Оған қоса байланыстың жеделділігі синонимдік кедейлікке, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сөйлеудің абсолютті спонтандығын анықтайды [4].

    Ал Байкулова А. Н. сөйлеу тілі гетерогенді деген пікірді ұстанады. Себебі бұл ауызша сөйлеу әр-түрлі қарым-қатынаста қолданылады мысалы, достар мен құрдастар арасында, отбасы арасында, жұмыскерлер арасында, спорт секция мүшелерінің арасында, көршілер арасындағы қарым-қатынаста әр түрлі болып қолданылады. Бейресми қарым-қатынас белгілі бір кезеңдегі адамдардың сөйлеу және жалпы мәдениетінің деңгейін дәл және шынайы көрсетеді [5].

    Ал енді Колокольцева Т. Н. еңбегін алсақ, ауызекі сөйлеу стилін әдеби тілде сөйлеушілердің жеке бейресми қарым-қатынасының қажеттіліктеріне қызмет ететін сөйлеудің функционалды түрі ретінде анықтауға болады. Бұл қарым-қатынас күнделікті, кейде кәсіби, ауызша және жазбаша түрде жүреді деген [6].

    Ендігі кезекте өзіміздің отандық ғалымдарының жазбаларын алатын болсақ, олар ауызекі сөйлеуді көбінесе стилистикалық категорияда қарастырған.

    Ең бірінші кезете Әміров Р. С. ауызекі тіл – диалог түрінде жүзеге асырылатын ой алмасу деп есептейді. Сөйлесу – әңгімелесушілердің репликалары арасындағы грамматикалық сабақтастықты қамтамасыз етуі керек. Әрқашан тыңдаушының тиісті реакциясын тудыруға бағытталған, сөйлеу үнемді, эмоционалды, экспрессивті болып келеді. Бұл қасиеттер ауызекі сөйлеудің барлық құрылымдық бірліктерінде көрініс табады [7].

    Ал Балакаев М. Б. ауызекі сөйлеу стилін екіге бөлуге болатынын айтқан олар:

    1) қарапайым түр;

    2) әдеби түр.

    Әсіресе қарапайым түрі, әр уақытта ауызекі, көзбе-көз, беттесіп сөйлесу орайында танылады. Күнделікті өмір қажеттігін өтейтін сөйлеу тілінде еркінділік күшті болады. Сөз арасында диалектизм, тұрпайы сөздер де айтыла береді. Бетпе бет сөйлескен кісілердің сөздері көбінесе сұрақ, сұраққа жауап түрінде, қысқа, тұжырымды болады. Сөздерді, сөйлемдерді сығымдап, шолақ қайыру арқылы айтып, мақсатты ойға пәлендей нұқсан келтіріп, тұжырымдап, қысқартып сөйлеуді ауызекі тіл жағдайы, көтере береді» [8].

    Ал Әлкебаева Ә. Д. пайымдауынша ауызекі сөйлеу стилі негізгі коммуникативтік функцияны орындайды, ақпарат берудің ерекше нысанын қалыптастырады деп пайымдайды. Сондай-ақ, Әлкебаева Ә. Д. ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерекшеліктері екі ардресат арасындағы байланыс үшін маңызды үлкен коммуникативті эстетикалық функцияны атқаратындығын баса айтады. Сөйлесу стилінің сөйлемдерінде дауыстың үні, тонның күші және тон жиілігі осы стильдің ерекшелігін құрайды. Ауызекі сөйлеу стилінде интонация эмоционалды-экспрессивті білдіру тәсілдерінің бірі болып табылады және оның үні әртүрлі прагмастилистік мағыналарды қамтиды. Сөйлесу стилінде тон жиілігі, дыбыстардың ұзаруы, дыбыстардың ерекше стилистикалық бояуы тыңдаушыға тиісті әсерін береді [9].

    Әлкебаева Ә. Д. ауызекі сөйлеу стилін сөйлемнің интонациясымен және дыбыстың ұзаруымен сипаттаған болса Шалабай Б. өз еңбегінде былай деп жазған, функционалды стильдер экстралингвистикалық факторлардың әсерінен қалыптасады. Әр стильге тән тілдік құралдар бар екені белгілі. Сонымен, ғалымның пікірінше, күнделікті сөйлеу стилі эмоционалды бояуы бар қарапайым сөздермен сипатталады. Сөйлесу стилінде толық емес және аяқталмаған сөйлемдер жиі кездеседі [10].

    Келесі ретте Сыздық Рәбиғаның зерттеуі бойынша ол ауызекі сөйлеу стилін көркем әдеби тілмен байланыстырған. Ауызекі тіл мен көркем әдеби тілдің нормалары бірдей болмасада, қазіргі таңда көркем әдебиет тілінің нормаларынан ауызекі сөйлеу стилін кездестіретін сәттер аз емес. Мысалға алатын болсақ көркем әдебиетте етістіктердің «ем», «кеп» деген сияқты сәттерді аз кездестірмейміз. Бұған дәлел ретінде Мұхтар Әуезовтың «Абай» эпопеясында молынан кездестіруге болады. Демек бұл дегеніміз көркем әдеби тілде ауызекі сөйлеу стилін қоспай қатаң сақтаса, енді бірінде бұл нормалар босаңсып, бейнормалық сөздермен жеткізіледі.

    Ал, тілдік норма дегенді – көпшіліктің қатынас құралы ретіндегі тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі құралдары, амал-тәсілдері мен тәртіптері деп түсіндіреді [11].

    Ал американдық зерттеулерге тоқталсақ, американистикада, сондай-ақ русистикада, ауызекі сөйлеуді түсіндіруде белгілі бір қиындықтар бар, өйткені ауызекі сөйлеу (conversation) – бұл бір уақытта ақпарат, ойлар, идеялар мен эмоциялар алмасуды қамтитын сөйлеу актісі, бұл дәл қазіргі болып жатқан қарым-қатынас деңгейінде жүреді.

    Американдық тілдің түсіндірме сөздіктерінде «сөйлесу» (conversation) сөзі әр түрлі анықталады. Сонымен, Лонгманның Американдық Ағылшын тілінің сөздігінде бұл сөзді былай түсіндіреді: «A talk between two or more people in which people ask questions, exchange news etc.» (екі немесе одан да көп адамдар арасындағы сұрақ қоятын және жаңалықтармен бөлісетін әңгіме) [12].

    Басқа Вебстер сөздігінде бұл сөз бейресми әңгіме ретінде түсіндіріледі, әдетте белгілі бір дәлелді талап етпейді: «An informal talk, generally void of argument». Осылайша, егер бірінші анықтамада адамдар арасындағы сөйлесу фактісі баса айтылған болса, бірақ әрдайым әңгімемен бірге жүретін вербалды емес мінез-құлық туралы ештеңе айтылмайды, ал екінші анықтамада әңгімелесудің бейресми сипаты, ауызекі сөйлеу шеңберін нақты шектейді [13].

    Келесіде тұрмыстық диалогты нақты анықталған бағыт ретінде талдаудың негізін қалаған негізгі жұмыстардың бірі Сакс Х., Шеглофф Э., Джефферсон Г. А. (Sacks, H. Schegloff, E. Jefferson, G.A.) Бұл авторлар күнделікті сөйлесудің келесі негізгі сипаттамаларын анықтады:

    1) Сөйлесушілердің әңгімесі өзіне тән маңызды ортаға ие;

    2) Сөйлесу үшін оның барлық құраушы компоненттерін қадағалаудың белгілі бір тәртібі тән;

    3) Ауызекі сөйлеу сөздері алдыңғы сөздерге байланысты болады;

    4) Күнделікті сөздер бұл тілдің негізгі формасы [14].

    Ал Орестром Б. (Orestrӧm B.) ауызекі сөйлеуге нақты анықтама беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен, ол ауызекі сөйлеудің бірқатар ерекшеліктері мен сипаттамалары бар екенін айтады. Ауызекі сөйлеудің нақты тұжырымдалған анықтамасы іс жүзінде дәлелсіз деген ұстанымға сүйене отырып, Орестром Б. (Oreström B.) пікірталас немесе жиналыс сияқты ауызша сөйлеудің басқа түрімен салыстыра отырып, оның өзіне тән белгілерін анықтауды ұсынды:

    - кездейсоқтық және спонтандық;

    - сөз сөйлеу тақырыбы да, кезегі де, ұзақтығы да алдын ала жоспарланбаған және ескертілмеген;

    - негізгі назар оның мазмұнына емес, қарым-қатынасқа бағытталған;

    - тыңдаушының ауызша реакцияларын жиі қолдануы (m, yes, that, right);

    - мәлімдемені жоспарлаудың болмауы;

    - ой өрнегінің анық еместігі;

    - талқыланатын тақырыптың кездейсоқтығы [15].

    Ал Британдық социолингвистер Джим М. және Регина B. (Jim M., Regina W.) ауызша қарым-қатынас жағдайына байланысты ауызекі сөйлеу формаларының әртүрлілігі олардың стилін саралау мүмкіндігін ұсынады деп санайды. Спонтанды сөйлеуді зерттей отырып, Джим М. және Регина В. (Jim M., Regina W.) оның келесі қасиеттерін анықтайды:

    1. Спонтандық сөйлеу нақты уақыт режимінде, таңқаларлық және редакциялау мүмкіндігімен жасалады, ал жазбаша сөйлеу әдетте ойлау үшін кідірістермен және көп редакциялаумен жасалады;

    2. Спонтандық сөйлеу спикерде де, тыңдаушыда да қысқа мерзімді есте сақтау шектеулеріне ұшырайды;

    3. Риясыз сөйлеу, әдетте, адамдар белгілі бір контексте бетпе - бет сөйлескен кезде пайда болады;

    4. Спонтандық сөйлеуге тон, амплитуда, ырғақ және дауыс сапасы кіреді;

    5. Риясыз бетпе-бет сөйлеу ым-ишаратпен, көзге көрінумен, бет әлпетімен және дене қалпымен бірге жүреді – мұның бәрі ақпаратты білдіреді [16].

    Қортындылай келе ауызекі сөйлеу лингвистикалық категорияда экстралингвистикалық екі ерекшелікпен ерекшеленеді оның бірі бірліктерді еркін құру, екіншісі дайын сөйлеу формулаларын қолдану. Сонымен қатар ауызекі сөйлеу лингвистикалық категорияда үш компонентке бөлінеді:

    1) сөйлеушілер арасындағы бейресми қатынастар;

    2) сөйлеушілерде ресми сипаттағы хабарлама;

    3) қарым-қатынастың сипатын бұзатын элементтер. Ауызекі сөйлеу кезінде әңгімелесушілердің ең маңыздысы, олардың бет-әлпеті, ым-ишараты мен мимикасы. Ал стилистикалық бағытта Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың жазған жұмыстарында ауызекі тілдің әдеби тілмен тығыз өзара байланысын көруге болады, атап айтқанда, бұл әдеби ауызекі тіл және ауызекі стилі сияқты тілдік негізінде пайда болған қазақ тілі үшін өзекті болып табылады. Сондай-ақ, ауызекі сөйлеудің негізгі белгілері – дайындықсыздық және ситуациялық жағдай. Американдық ғалымдардың зерттеуінде ауызекі сөйлеудің бірнеше ерекшеліктерін ажыратады: нақты құрылым, спонтандық, бейресмилік, кездейсоқтық, мәлімдеменің толық аяқталмауы. Сөйлесу нақты уақытта коммуниканттардың жеке байланысы жағдайында ауызша және ауызша емес қарым-қатынас құралдарын қолдана отырып жүзеге асырылады. Қазақстандық жазушылар мен американдық жазушылардың арасында біраз айырмашылық бар екенін көруге болады. Мысалы американдық ауызекі сөйлеуде оларға коммуникацияның арасындағы мазмұны емес фактісі маңызды, ал қазақ ғалымдарының жазуынша керісінше оларға сөйлесушілер арасындағы диалог емес сол диалогтің мағынасы мен мазмұны маңызды деп есептелінеді.

    Тағыда нақтылап теория жүзінде ауызекі сөйлеуді ғалымдардың зерттеуіндегі негізгі ерекшеліктері кестеде көрсетілген:

    1-кесте

    Ғалымдардың зерттеулері бойынша анықталған ауызекі сөйлеу белгілерінің ерекшеліктері


    Ғалымдар

    Ауызекі сөйлеу белгілері

    Қазақ ғалымдары

    1. диалектизм

    2. диалогизм

    3. сөздерді қысқартып айту

    4. тонның жиілігі

    5. эмоционалды бояу

    6. нақтылық пен үнемділік

    7. сөйлесу стилінің еркіндігі

    Орыс ғалымдары

    1. әңгімелесушілердің мимикасы

    2. сөйлеу кезіндегі көп кідірістер

    3. спонтандылық

    4. дайынсыздық

    5. тыңдаушы мен сөйлеушінің үздіксіз ауысуы

    Ағылшын ғалымдары

    1. әңгіменің мазмұны емес оның фактісі маңызды

    2. сөйлесудің тақырыптарын таңдау еркіндігі

    3. кездейсоқтық және спонтпндық

    4. ауызша реакциялардың жиі қолданылуы

    5. сөйлесудің нақты құрылымы мен ұйымдастырылуы бар.



    1.2 СТУДЕНТТІК ОРТАДАҒЫ ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

    Студенттер – бұл қоғамның болашағына тікелей әсер ету әлеуетін қамтитын жастардың қоғамдық тобы. Студенттердің күнделікті қарым-қатынасы, студент жастардың ішкі мәдениетін, оның адамгершілік және зияткерлік қасиеттерін көрсетеді. Қоғамдағы қарым-қатынас дағдыларын дұрыс пайдалану мүмкіндігі өте маңызды: ол байланыс орнатуды жеңілдетеді, өзара түсіністікке қол жеткізуге ықпал етеді, жақсы, тұрақты қарым-қатынас жасайды. Әлеуметтік топ ретінде студенттер белгілі бір әлеуметтік маңызды ұмтылыстары мен міндеттері бар жастардың бірлестігі болып табылады. Бұл оқушы жастардың тек өзіне тән ерекшеліктері бар, нақты топ.

    Студенттік кезең ерекше коммуникабельділікпен, креативтілікпен, ақыл-ой қабілеттерін дамытумен, ой-өрісін кеңейтумен, сыртқы және ішкі факторларға психологиялық тұрақтылықпен сипатталады. Осы кезеңде студенттер өз курстастарымен, жоғары және төменгі курс студенттерімен жиі сөйлеседі. Студенттердің өз курстастарымен қарым-қатынасы өте тығыз: олар дәрістерде бір аудиторияда отырады, кейбіреулері бір ғимаратта (жатақханада) тұрады, қоғамдық шараларға қатысады. Студент өзін құрдастар тобында жеке тұлға ретінде көрсетуге тырысады, құрдастарымен қарым-қатынас қажеттілігі басым болады. Курстастарымен қарым-қатынаста бағалау қажеттілігі мен серіктесті бағалау қажеттілігі үйлесімді түрде қанағаттандырылады. Бұдан шығатыны, құрдастардың қарым-қатынас серіктестері ретіндегі теңдігі студенттердің қоршаған әлем туралы идеяларын қалыптастырудың алғышарты болып табылады.

    Осыған орай Акутина С. П. өзінің еңбегінде жастардың бейресми байланысын былай сипаттаған: «Ауызекі сөйлеу ұғымы – жастардың сөйлеуі, ауызекі сөйлеу экспрессивті төмендетілген бағалау сөздерімен әдеби тілде бейтарап синонимдер мен танысудан дөрекілікке дейінгі реңктермен байланысты. Яғни жастардың өзіндік ауызекі сөйлеуі бар, ол негізінен әдеби норма аясында, бірақ қатаң кодификацияланбаған, күнделікті өмірде қолданылатын тіл түрі. Қазіргі жастардың сөйлеу тілі тек әлеуметтік ғана емес, сонымен бірге ұлттық тілдің стилистикалық әртүрлілігі: әдеби тілде сөйлеуші жастар еркін қарым-қатынас жағдайында, жастар сөйлеу элементтерін ирония мен әзіл үшін де, саналы стилистикалық контраст үшін де қолданады. Жастардың ауызекі сөйлеуінің келесі анықтамасын және тиісті аббревиатураны ұсынады: «қазіргі жастардың ауызша сөйлеуі – бұл айтылу, сөзжасам, қолдану және қызмет ету тұрғысынан қалыптан тыс, тілдің лексикасы мен фразеологиясы, аумақтық шектеусіз, белгілі бір сөйлеушілер шеңбері бар – әр түрлі ұлттардың жастары, әлеуметтік мәртебесі мен білім деңгейі, қазіргі заманғы тілдің заңдылықтарын білдіру мақсатында әдейі құрылған, құрамында жалпыхалықтық тіл мен әлеуметтік жобалардың бірліктері, шетелдік қиылыстар бар, негізінен тұрмыстық сөйлеу жағдайларында жұмыс істейді, тек ауызша сөйлеу түрінде болады» [17].

    Ал Милёшина Л. В. өз еңбегінде бейресми байланысты бірнеше лексикалық топқа бөліп көрсетті. Бейресми қарым-қатынаста студенттер көбінесе әртүрлі дөрекі, агрессивті сөздерді қолданады. Студенттердің жаргонын бірнеше лексикалық тақырыптық топтарға бөлуге болады:

    - оқу саласы,

    - интернет-кеңістік,

    - тұрмыс және демалыс,

    - этикет,

    -бағалау жаргоны; деген топтарға бөліп көрсетті. (Балтийский гуманитарный журнал [18].

    Ал Осипова О. А. студенттер арасындағы бейресми байланыс ащшы қалжынмен сипатталады деген. Студенттер кез-келген ыңғайлы уақытта қалжындауды жөн көреді деп санайды. Студенттік этикеттің басты ерекшелігі ол сленг. Студенттер көптеген жағдайда, жаргондарды байқамай-ақ, автоматты қолданады. Қазіргі студенттік жаргон негізінен университеттердегі жастар ортасында қалыптасқан.

    Жастар әдетте, сарказм мақсатындағы сөздерді оңай және тез қабылдай біледі және сол сөздер өздері үшін құпия тілге айналады. Белгілі бір ортада жиі қолданылатын жаргон сөздерін білу кез-келген топқа оңай енуге, және тезірек психологиялық байланыс орнатуға көмектеседі. Сленг көп жағдайда бейресми жағдайда және құрдастарымен тұлға аралық қарым-қатынаста қолданылады [19].

    Ал Краснов А. Н. жастардың бейресми байланысын жаргонмен байланыстырған. Жастар жаргоны – бұл тілдің бұрмалануы емес, сөзжұмбақ іспеттес. Сөздер жиі дөрекі болып, бастапқы мағынасына қарама-қарсы мағына берсе де, жастар арасында қарым-қатынас жасау үшін өте маңызды. Бұл жаргон уақыт өте келе өзгеріске ұшырайды, бірақ мүлдем жоғалмайды. Жастар арасындағы ағылшын тілі ең сәнді және оқуға перспективті болып саналады. Көптеген жастар онымен таныс, сондықтан жастар жаргонының көп бөлігі ағылшын тілінен алынған. Қазіргі жастар мәдениеті ересек адамнан ерекшеленетін бөлек ерекше әлем, кейде өз ойларын білдірудің өрескел және өткір түрі, тек жастарға ғана тән ауызша абсурд. Жастар тілі – өз алдына күрделі көп компонентті құрылым. Жастар тілінің ерекшелігі-стилистикалық бейтарап және көптеген қысқартылған лексиканы, аббревиатураларды қолдануымен ерекшеленеді [20].

    Келесі кезекте Павлова Е. Э. жастар тілі – өз өмірімен өмір сүретін күрделі көп компонентті құрылым деп санайды. Жастар тілінің ерекшелігі – стилистикалық бейтарап және көптеген қысқартылған лексиканы, аббревиатураларды қолдану, эмоционалды максималды сақтай отырып, тілдік құралдарды үнемдеуге бағытталған жүктеме. Лингвистикалық тіл білімі әлемінде әсіресе жастар тілінде «жаргон» термині жиі кездеседі. Сленг тілдің және, тиісінше, сөйлеудің бөлігі бола отырып, оны қолданатын қоғамның лингвистикалық-мәдени ерекшеліктерін қалпына келтіреді. Қазіргі тіл білімінде «жаргон» терминінің этимологиясына әртүрлі көзқарастар бар [21].

    Ал Бобков К. П. достық қарым-қатынастың мақсатын былай деп айқындап жазған: «Достық дискурстың мақсаты – әділеттілік, теңдік, құрмет, бір-бірін түсіну қабілеті, әрқашан көмекке келуге дайын болу, сенім мен адалдық, өзін-өзі ашу сияқты Достық элементтеріне негізделген ашық сенімді қарым-қатынас.» [22].

    Ал Байкулова А. Н. еңбектерінде достық қарым-қатынасты басқа салаларымен салыстыра отырып, бейресми қарым-қатынас және достық дискурс өрісін анықтайды. Достық қарым-қатынас – бұл тек достардың, бір-бірін дос деп санайтын адамдар арасындағы сөйлеу әрекеті. Көріп отырғанымыздай, бұл анықтаманың проблемасы – сөйлеу тұжырымдамасына тән құрылымдық сипаттамалармен шектелген. Достық дискурс, жалпы дискурс тұжырымдамасынан көрініп тұрғандай, бұл дос адамдар арасындағы сөйлеу байланысы арқылы туындаған мәтіндер. Достық дискурстың қатысушылары-достар, оларды ортақ біректіретін достық қарым-қатынасы. Сонымен қатар, қарым-қатынасқа қатысушылардың өзара сәйкестігі маңызды шарт болып табылады, яғни, коммуниканттардың әрқайсысы бір-бірін дос ретінде қабылдайды. Достық дискурстың қатысушылары бір-бірімен белгілі бір ұқсастықты сипаттайды. Көп жағдайда достық қарым-қатынас ұқсас әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бар адамдарды байланыстырады, басқаша айтқанда, олар әдетте өз жасындағы, жынысы, әлеуметтік жағдайы, білімі және т. б. адамдармен дос болады [23].

    Отандық ғалым Бекжанова Ж. Е. еңбегіне сүйенсек ауызекі тілмен қатар жастар дискурсына мынадай сипаттама берген – жастар дискурсы мәртебеге бағытталған дискурсқа сілтеме жасай алмайды, өйткені іс жүзінде жастар ешқандай әлеуметтік институтты білдірмейді. Бұл дискурсты тек жеке тұлғаға бағытталған тұжырым ретінде көруге болады. Өз кезегінде, жеке тұлғаға бағытталған жастар дискурсын ішкі және күнделікті түрлерге бөлуге болады.

    Тағыда айта кететін жайт жеке бағдарланған дискурс түріндегі диалогтық сөйлеу күнделікті деңгейдегі жастар қарым-қатынасына да тән "Ага", "ну", "мхм", келісім белгісі ретінде басын изеу, сияқты репликалар байқалады. Бұл фактілер дискурстардың мысалдарында байқалады, онда жастардың тар шеңберіне ғана түсінікті сленгтер, ауызша сөздер және бір-біріне дөрекі сөздер, әзіл-оспақ сөздері, сыпайы сөздерді минималды түрде қолданады (өтінемін, мүмкін емес, кешіріңіз және т.б.) [24].

    Ал енді американдық жазбаларға сүйенсек Андроутсопулос Я. Георгакопулу А. (Androutsopoulos J. Georgakopoulou A.) еңбектерінде жастар дискурсын, оның коммуникативті қорғаныс стратегиясы мен тактикасын зерттеу танымдық және лингвистикалық тұрғыдан өте перспективалы сала болып табылады. Жастар дискурсы, әдетте, эмоционалды, ауызша сленгтерге және өзгертілген сөйлем құрылымдарына толы болып саналады. Жастар арасындағы тұлға аралық қарым-қатынасты Андроутсопулос Я., Георгакопулу А. (Androutsopoulos J. Georgakopoulou A.) тәжірибеге негізделген зерттеулерінде олар әр түрлі достық коммуникация түрлерін зерттей отырып, достар арасындағы жақындық пен ынтымақтастықты көрген. [25]

    Келесі кезекте Мартинез П. (Martinez P.) жастар тілі грамматикасын өзіне тән белгілермен сипаттаған: сөйлеу кезінде грамматикалық ережелерді айтарлықтай елемеу, күрделі сөйлемдерді әдейі, саналы түрде қолданбау, коммуниканттардың жалпы фондық білімімен негізделген толық емес сөйлемдер. Осы тізімге дискурста үйлесімділіктің болмауы, сөйлемдердегі инверсия, таутология және сын есімдер мен қыстырма сөздерді шамадан тыс пайдалану, тілдің орфографиялық, орфоэпиялық және пунктуациялық нормаларын сақтамау (көбінесе қасақана) түрде қолданылады [26].

    Ал Стэнстром А. Б. (Stenstrom A. B.) және тағы басқалары жастардың сөйлеуінде ағылшын грамматикасының нормаларына қайшы келетін бірнеше теріске шығарудың жиілігін, тұрақты емес етістіктерді өткен шақта дұрыс деп өзгертуді, сын есімге қажет емес (more) жерде салыстырмалы дәрежеде көбірек қосу және тағы басқаларды баса айтты [27].

    Стэнстром А. Б., г. Андерсен және Хасунд И. К. еңбектерінде, (Stenstrom A. B., Andersen G., Hasund I. K.) лексикалық тұрғыда жастардың сөйлеу коммуникациясында сленгтің белгілі бір сөздік бірліктер ретінде ғана емес, сонымен қатар термин ретінде «сленг тілі» деп атайды. Осы сленг тілін олар 4 бөліктен тұратынын атап көрсетті.

    1. Заманауи сөздер – жаңа мағынаны иеленген сөздер (мысалы: «sad» сөзі «сапасыз», «әлсіз» деген мағына берсе «wicked» сөзі «керемет», «өте жақсы» деген мағынаны білдіреді.

    2. Мағынасыз сөздер – толық түсінікті сөздер орныны қысқартылған жастар ортасында ғана қолданылатын сөздер. Сонымен қатар мағынасыз сөздер қатарына паразитті сөздерді де жатқызуға болады. (мысалы: «whatisname», «and that lot» және тағы басқалары.

    3. Сөз алмастырушы сөздер – біреудің сөзін қолдануға арналған сөз алмастырғыштар (мысалы: «like», «go» және т.б).

    4. Қысқа сөздер – қыстырма сөздермен немесе сөз байланысын құрастыратын сөздер. (мысалы: «just», «like», «you know» т.б сөздер) [28].

    Ал Цибизов К. С. (Tsibizov) жастар дискурсын зерттей келе, эмоционалды қарым-қатынас пен тілдік сананың жоғалу тенденциясын баса көрсетеді және бұқаралық ақпарат құралдары және интернет жүйе жастар қарым-қатынасының пассивті болуына ықпал етеді, ал жастар өз ойлары мен эмоцияларын білдіре алмайды. Жастар дискурсының қалыптасуын психологиялық және әлеуметтік факторлар ғана емес, сонымен бірге аймақтың географиялық және тілдік жағдайы жастар тілінде шешуші рөл атқара алады [29].

    Бергердің (Berger) ойынша жастар дискурсы көбінесе әлеуметтік процестермен қалыптасқан белгілі бір тұлға ретінде түсіндіріледі. Жеке басын қолдайтын бұл әлеуметтік процестерді әлеуметтік орта анықтайды. Дискурсты құрылымдауға ықпал ететін әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеумен байланысты идеялар үлкен маңызға ие, әлеуметтік өзара әрекеттесудің қатысушысы ретінде жастар ұжымдық дамыған қарым-қатынас жасауға қатысады [30].

    Ал Чэннел Дж. (J. Channell) жастар дискурсын сөйлемдер арасындағы семантикалық паразит сөздер тән деп санайды. Ол өзінің тәжірибиелік жұмысында, студенттер мен орта жастағы адамдар арасындағы әңгімелерін салыстырып зерттей келе, жастар мынадай паразит сөздерді көп қолданатынын көрсетті: thing, thingy, some, most, about, sort of, loads of, kind of, like this, and them тағы басқа. Осылайша, жастардың өзара әңгімелесуінде паразиттік сөздер жастардың қарым-қатынасындағы жиілігін 4-5 есе арттырады [31].

    Ал Думас Б. К. мен Лайтер Дж. (Dumas B. K., Lighter J.) жастар арасындағы сөйлесу коммуникациясында сленгті көп кездестіруге болады деген. Олар сленгизмді жалпы қабылданған шартты лексикалық бірліктердің синонимдері деп атайды [32].

    Қорытындылай келе Акутина С. П. студенттік достар арасындағы бейресми байланысты негізінен тұрмыстық сөйлеу жағдайымен оған қоса жастардың бір-бірімен дөрекі сөйлесуі, тілдің әдеби нормасын мүлдем сақтамайтын жаргон мен сленгтарды көп мөлшерде пайдаланатын орта деген анықтама берсе, Милёшина Л. В. осы ортаның жаргонын 1) оқу саласы, 2) интернет кеңістік, 3) демалыс және тұрмыс жағдайларына нақты бөліп көрсетті. Ал Осипова О. А. Краснова А. Н. және Павлова Е. Э. жастар арасындағы бейресми байланысты жаргон мен сленг және сарказммен тығыз байланысты деген пікірді ұстанады. Жастар арасындағы байланыс өзара ащшы қалжынмен ерекшеленеді және көптеген ағылшын тілінен енген жаргон мен сленгтерді білу жастар үшін өте сәнді болып табылады. Себебі бұл жастардың кез-келген жаңа ортаға сіңісіп кетуіне үлкен әсерін тигізеді деген.

    Ал Бобков К. П. пен Байкулова А. Н. жастар арсындағы достық қарым-қатынасты бұл тек бір-бірін дос деп санайтын жастар арасындағы байланыс деп есептейді. Ал ағылшын зерттеулерінде достық қарым-қатынасты тәжірибиелік негізге сүйене отырып ол жастардың арсындағы дөрекіліктен басқа ынтымақтастың да бар екінін айтты. Ал Мартинез П. (Martinez P.) жастар тілінің грамматикасын өзіне тән белгілі ерекшелікпен сипаттады. Олардың негізгі ерекшеліктері толық емес сөйлемдер, сөйлемде шамадан тыс сын есім мен қыстырма сөздердің қолданылуы деп сипаттайды.

    1.3. АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУДІ ТАЛДАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ

    Ауызекі сөйлеудің негізгі функциясы – адамдардың күнделікті жағдайда сөйлеу қарым-қатынасының, адамдардың сөйлеу барысында жеке эмоцияларын білдіруі мен ауызекі сөйлеу тілінің басқа тілдерден негізгі ерекшеліктерін зерттеуі. Сөйлеуші мен тыңдаушының орыны ауысуынан басқа, методологиялық зерттеуге арналған жұмыстарда сөйлеудің басқа бөлімдері де зерттеледі. Сөйлеудің ең кішкентай интерактивті функциясының бірі естілген сигнал, іс-қимылдың рөлі, көздің қозғалысы және басқа паралингвистикалық құбылыстар талданады, бұдан бөлек зерттеудің басқа салалары: сөйлесудің құрылымдау тәсілдерін талдау, оның ұзақтығы мен әңгіменің басталуы мен аяқталуының ерекшелігі, әңгімеге кіретін үлкен сегменттердің коммуникативті мағынасын зерттеу, яғни әңгіме барысында әзіл айтудың маңыздылығы қарастырылады.

    Ауызекі сөйлеу диалогын талдаудың әртүрлі салаларын ортақ әдістемелік тәсіл біріктіреді, атап айтқанда: белгілі уақыт жағдайындағы диалогті талдау және обьективті түрде туындайтын сөйлеу әрекеті. Ауызекі сөйлеу диалогін талдаудың тағы бір бағытын бөліп көрсетуге болады. Бұл ауызекі сөйлеудің тілдік ерекшеліктерін талдау, яғни тілдің сөйлеу құрылымын талдау, бұл бағытта сөз тіркестері мен сөйлемнің жасалуы мен ұйымдастырылуы талданады.

    Павлова Н. Д. тіл мен сөйлеуді зерттеудегі жүйелік тәсіл коммуникативті контекстті орнатуда көрінеді деген. 20-ғасырдың 80-жылдарының тоғысында тіл мен сөйлеу коммуникация процесінің орындаушысы мен оның құрылымында қарастырылуы керек деген ой қалыптасты. Ол тіл, сөйлеуші және адресат арасындағы тығыз байланыспен сипатталды. Диалогтік сөйлеуді ұйымдастыру, әртүрлі көзқарастардан қарастырылады, диалогтың әртүрлі параметрлері сөйлеу процесі ретінде және арнай тілдік құрылым ретінде талданады деген [33].

    Келесі кезекте Верхолетова Е. Ю. ауызекі сөйлеуді диссипативті құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін бірнеше ойларды атап өткен.

    Біріншеден спонтанды сөйлеу бұл детерминистік заңдарға бағынбайды.

    Екіншіден бейсаналық процестер сананың назарына түседі, яғни сөйлеу кезіндегі кідірістер мен тежеулер арқылы диалог өрбиді.

    Үшіншіден сөйлеу кезіндегі қайталанулар өздігінен болады деген. [34]

    Дискурсты ғалымдар әр-түрлі көз-қарастарымен, оның құрылымы мен пікірлері әр-түрлі болғанымен, кейбір көз-қарастардың сәйкестіктерін байқауға болады. Мысалы Орлов Г. А. пен Макаров М. Л. дискурстың құрылымын талдағандағы біраз сәйкестікті көруге болады:

    1) сөйлеу байланысына ену, әңгімелесудің өзге тақырыбын ұсыну және әңгімені бастау;

    2) әңгіменің дамуы мен оның ортасы;

    3) әңгіменің аяқталуы.

    Орлов Г.А. басқа зерттеушілер сияқты аталған кезеңдердің ішінде, әңгіменің бірінші кезеңі, басталуына үлкен назар аударған. Себебі, жақсы қарым-қатынасты орнату және сол қарым-қатынасқа қатысушылардың көңіл күйі мен әңгіме тақырыбына деген қызығушылығы сияқты маңызды факторлар ерекше назар аударуды талап етеді деген [35].

    Ал Шатилов А. С. еңбегін қарастырсақ, теория түрінде жинаған деректерді, сапалы түрде талдау үшін диалогті тіл деңгейлеріне бөліп қарастырған. Олар: фонетикалық, лексикалық және синтаксистік деп бөлген.

    Диалогтің фонетикалық талдауына – сөйлеу қарқыны, жоғары жиілікті сөздердегі дауысты дыбыстардың азаюы байқалады, оған қоса кейбір жерде дауыссыз дыбыстардың айтылмауы, яғни ілгерінді ықпалдың көп қолданылуы, аяқталмаған мәлімдеменің интонациясы басым болады, сөйлемдер арасында тиісті кідірістер болмайды.

    Лексикалық талдауға – жалпы қолданылатын лексика (ненормативная лексика), ауызекі лексикасының аздаған мөлшері, сөзжасамдық жаңалықтар, неологизімдерді қолдану, фразеолагизімдерді өте сирек қолдану.

    Синтаксистік талдауға – сөйлемнің көлемі, фразалар мен сөйлемдер арасындағы үзілістер, өз ойын жеткізген соң, келесі сөйлемді бастар алдында, кідірістер кезінде қолданылатын сөздер (типа, вот так вот, солай) деген талдауды ұсынды [36].

    Келесі кезекте Карлинский А. Е. дискурті талдауда әңгіменің жағдайлығы үлкен маңызға ие болады деген. Дәл осы себепті Карлинский А. Е. дискурсті талдауда өзінің алгоритімін ұсынды:

    1. Қарым-қатынас жағдайының сипаттамасы;

    2. Дискурсың түрін анықтау;

    3. Дискурс құрылымын құру;

    4. Коммуниканттардың ауысу рөлі;

    5. А коммуникантының сөйлеу мінез-құлқының семантикалық ерекшеліктері;

    6. Б коммуникантының сөйлеу міне-құлқының семантикалық ерекшеліктері;

    7. Екі коммуниканттың сөйлеу стратегиясы мен тактикасын анықтау;

    8. Жалпы дискурсың семантикалық ерекшелігі;

    9. Дискурстың лексико-грамматикалық аспектісі [37].

    Методологиялық анализбен қатар конверсационалды анализдің біраз айырмашылықтары болғанымен, Улановский А. М. жасаған сөйлесудің конверсационалдық талдау анализінде, методологиялық анализбен ұқсастығын байқауға болады [38].
    2-кесте

    Улановский А. М. ауызекі тілді талдауға құрастырған модель элементтері




    Модель элементтері (құрамдас бөліктері)

    Модель элементтерінің мазмұны

    1

    Қатысушылар сахынасы

    Жағдай, уақыт, орын, қатысушылар, олардың саны, жынысы, жасы, қосымша сипаттамалары

    2

    Сөйлесу дизайны

    Сөйлесудің жалпы құрылымдық ұйымдастырылуы, сөйлесудің жалпы сипаттамалары

    3

    Сөйлеушілердің ауысуы

    Қатысушыдан қатысушыға ауысуды ұйымдастырудың ерекшелігі, бастаманы ұстап қалу, кезекті беру тәсілдері

    4

    Қайталанатын үлгілер

    Сөйлесудің белгілі бір жанрына немесе түріне тән сөйлесудің мазмұнды және интеграциялық элементтері

    5

    Коммуникативті қиындықтар

    Әңгіме барысында туындаған қиындықтар мен іркілістер, қатысушылардың оларды жеңуі

    6

    Институционалдық ерекшеліктері

    Сөйлесу түрінің ерекшеліктері, форматтың ерекшеліктері, сөйлеушілердің асимметриясының формалары.

    Улановский А. М. [38].


    Келесіде, ағылшын ғалымдарының жазған еңбектері өте маңызды болғандықтан, олардың өз еңбектерінде жазған ауызекі сөйлеудің анализдері қарастырылды. Дәл осы себепті Хенне Г. мен Ребок Г. (Henne, Rehbock инициалы) диалогтің негізгі үш деңгейін анықтады, олар:

    1. Макро деңгей – бұл бөлім сөйлесудің үш кезеңімен ерекшеленеді, олар диалогтің басы, ортасы және аяғы.

    2. Орта деңгей – бұл бөлімде сөйлесу қадамының реттілігі, диалогқа қатысушылардың рөлінің ауысуы кіреді.

    3. Микро деңгей – соңғы үшінші бөлімге, сөйлеудің лексикалық, грамматикалық және фонетикалық белгілері кіреді. [39].

    Сонымен қатар бұл авторлар диалогті талдауға коммуникативті-прагматикалық категориялардың жиынтығын енгізеді. Олардың пікірінше бұл категориялар диалогтық қарым-қатынасқа тән белгілер деп есептейді.

    Бұл белгілерді мына кестеден көре аласыз:
    3-кесте

    Ауызекі сөйлеуді талдаудың белгілері


    1

    2

    3

    1. Ауызекі сөйлеудің түрлері.

    Табиғи ауызекі сөйлеу

    Көркем ауызекі сөйлеу

    Сахна ауызекі сөйлеу

    Алдын ала ескертілмеген, дайындықсыз сөйлеу коммуникациясы.

    Бұл сөйлеу коммуникациясы белгілі бір ортада орын алады. Жұмыс орынында немесе оқу орынында.

    Коммуникацияның бұл түрі театрлық қойылымдарда немесе драммалық диалогта кездеседі.

    2. Кеңістік уақыт қарым-қатынасы.

    Жақын байланыс

    Қашықтық байланыс

    Байланыс кезінде уақыттың сәйкестігі үйлесіп тұрады, яғни бетпе-бет сөйлесу жатады.

    Уақыт сәйкестігі үйлеспейді, бұл байланысқа ұялы телефон арқылы байланыстар жатады.

    3. Комбинация.

    Тек 2 адам арасындағы байланыс.

    2 немесе одан көп адам арасындағы байланыс.

    4. Ауызекі сөйлеудің дәрежесі

    Жеке байланыс

    Бейресми байланыс

    Жартылай ресми байланыс

    Ресми байланыс

    Бейресми байланыстың ерекше түрі, екі адамның бір-біріне деген сенім дәрежесі арқылы туындаған байланыс.

    Күнделікті тұрмыста қолданылатын байланыс.

    Мұғалім мен студент арасындағы немесе белгілі бір қызмет аясындағы байланыс.

    Алдын ала жоспарланған, қателіктері жоқ байланыс.

    5. Өз-ара әлеуметтік байланыс.

    Симметриялы

    Асимметриялы

    Өз-ара сөйлесу әрекетінің жас теңдігіне негізделген.

    Асимметриялы байланыс симметриялы байланысқа қарама-қарсы бағытта негізделген.

    6. Сөйлесу актісіндегі сөйлеу әрекетінің түрлері

    Директивті

    Нарративті

    Дискурсивті

    Сөйлеудің бұл түріне, нұсқау мен сипатталатын сөйлеу актісінің бір түрі.

    Әрқашан әңгіме мен өмір арасындағы қарым-қатынас мәселесі болып табылады.

    Екі сөйлеушінің соңғы кезде орын алған саяси жайттарды талқылауы

    4-кестенің жалғасы


    1

    2

    3

    Мысалы: оқушы мен мұғалім немесе дәрігер мен пациент арасындағы байланыс жатады.




    немесе екі сөйлеушіні де қызықтыратын футбол матчын талқылауы жатады.

    7. Сөйлеушілердің таныстық дәрежелері.

    Сенімді қарым-қатынас арасындағы байланыс

    Сөйлеушілердің бір бірін жақсы тануы

    Таныс адамдар арасындағы байланыс

    Алыс таныс адамдар арасындағы байланс

    Мүлдем таныс емес адамдар арасындағы байланыс

    8. Сөйлеушілердің сөйлеу қарым-қатынасына дайындық дәрежесі.

    Мүлдем дайындықсыз байланыс

    Қарапайым түрде дайындалған байланыс

    Саналы түрде, әдейі дайындалған байланыс

    9. Тақырыпты алдын ала жоспарлау

    Тақырып алдын ала аталмаған

    Тақырыптың шеңбері белгіленген

    Әңгіменің тақырыбы арнайы аталады

    Хенне Г. мен Ребок Г. (Henne H. Rehbock H.) [39].
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта