Главная страница

Диплом без картинок. Дипломды жмысы 5В071100 "Геодезия жне картография" Алматы, 2020 ж


Скачать 388.92 Kb.
НазваниеДипломды жмысы 5В071100 "Геодезия жне картография" Алматы, 2020 ж
Дата01.03.2023
Размер388.92 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДиплом без картинок.docx
ТипДиплом
#962352
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6
Ертістің сол жақ саласы, ұзындығы – L=2450 км, су жинау алабының ауданы – F=177 мың км2, оның ішінде белсенді бөлігі – 141 мың км2. Қазақстанда Есіл 4 облысты, Орталық Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді.

4-сурет. Нурсултан қаласы, Есіл өзені
Есіл (4-сурет) – өзендік ерекшелігі бар өзен. Ол суының аздығына қарамастан (оның суының молдығы Обь өзенінің суының 0,5%-ын ғана құрайды) ұзындығы бойынша ТМД өзендерінің ішінде 13-ші орын алады. Есіл өзені гидрографиялық торы үлкен Әмудария, Днепр, Кама, Тобыл, Ангара, Алдан және т.б. өзендерінен, сондай-ақ ұзындығы бойынша 14-ші орынды алатын әрі Есілге қарағанда әлдеқайда суы мол өзіміздің Орал өзенінен де ұзындығы бойынша асып түседі. Ал ус жинау алабының ауданы бойынша Есіл өзені ТМД өзендері аралығында 38-ші орында. Есілдің көпжылдық орташа су өтімі Қалқұтан, Жабай, Терісаққан салалары құйғаннан кейінгі, Каменный Карьер селосы тұсында шамамен 50 м3/с, Қызылжар қаласы тұсында 59 м3/с. Қазақстаннан тыс аумақта Есілдің маңызды саласы жоқ, әрі Ресейдегі Вискулова селосы тұсындағы мәліметтер бойынша оның су өтімі айтарлықтай өзгермейді.

Есіл өзені Қарағанды облысындағы Нияз тауларынан 560 метр биіктіктен басталады. Оң жағалаудың салалары – Қалқұтан және Жабай Көкшетау тауларынан ағады. Сол жағалаудың негізгі салалары Терісаққан Ұлытау тауларынан басталады, ал Ұлытау жоталары алабтың аумағына енеді. Су жинау алабының басым көп бөлігі тегіс бедерлі болып келеді, әсіресе сирек арналық жүйелі солтүстік жағалауы.

Су жинау алабының топырағы қарақоңыр және қаратопырақты, ойыс жерлерде – сортаң, сор, биік бөліктері – қатты байырғы жыныстар. Өсімдігі – далалық. Алаптың ормандылығы Көкшетау биіктігіне байланысты.

Алғашқы 80 км ұзындығында оңтүстік жағалауына қыраттар жақындайды. Одан әрі аңғар кеңейе түседі: басында 2-4 км-ге дейін, Астана қаласынан төменде 5-7 км-ге дейін, аңғардың жекелеген кеңеюі 12-15 км-ге, ал тарылуы 1 км-ге дейін жетеді. Өзеннің солтүстік беткейі бірқатар жерлерде жергілікті жермен қабысып кетеді. Астанадан төмен өзеннің аңғары негізінен үш терассалы болып келеді. Төменгісінің биіктігі сабалық кезеңдегі деңгейден 1,5-2 метр биік, жыл сайын су жайылады; үшінші терасса – аңғар-үстілік, сабалық кезеңдегі деңейден 9 метр биіктікте орналасқан.

Аңғары – жайпақ, екіжақты, ені – 3-4 км. Мұнда ескі арналар көп, аңғарлық көлдер де кездеседі. Аңғардың топырағы саздықұм, құмдысаз, қиыршық-жұмыр тасты шөгінділерден құралған.

Арна иректелген, тармақталған болып келеді. Ағыспен төмен қарай арна біртіндеп кеңейеді, 2-12 ден 10-20 метрге, кей жерлерде 75 метрге жетеді. Арнаның терең бөліктері де ағыспен төмен қарай өседі, тереңдігі 1-3 метр және одан жоғары болып келіп, 0,5-1,5 км-ге созылады.

1967 жылы Астана қаласынан 84 км жоғарыда Вячеслав су бөгені суға толтырыла бастады. Су бөгені Ақмола қаласын және елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге және жерді суаруға арналған. 1970 жылдан бастап бөген жұмыс істей бастады. Оның ұзындығы – 32 км, орташа ені – 1,9 км, максимал тереңдігі шамамен – 29 км.

Бөгеннің ашық бетінің ауданы қалыпты деңгейде, яғни су қоймасын суға толтырғанда – 60,9 км2, толық көлемі – 419 млн м3, жылдық су өткізу қабілеттілігі – 67,2 млн м3. Жергілікті топырақтан жасалған бөгеттің ұзындығы – 1154 метр, биіктігі – 25 метр, төбесінің ені – 10 метр. Су қашыртқы – 1470 м3/с су өтімін өткізуге есептелген. Су қоймасын суға толтыру негізінен су тасудың көтерілу фазасында жүргізіледі. Мәліметтер бойынша су қоймасы Есіл өзенінің су өтімін сәуір айында 2-4 м3/с-қа өсіреді.Жылдық ағынды бөгеннен төмен орташа 2,5 м3/с-қа кеміген. Дегенмен су қоймасы деңгейі қалыпты жағдайға жеткеннен кейін, келген суды түгелдей жіберіп отырады.

Есіл алабында жыртылған жер алаптың 50%-дан астамын құрайды, әсіресе -жылдардың екінші жартысында жыртылған жерлердің ауданы «секірмелі» түрде өзгереді. Нәтижесінде, В.Е. Водогрецкийдің мәліметтері бойынша өзеннің сағасында ағынды жерді суаруға және өнеркәсіптік коммуналдық пайдалануға байланысты 22%-ға кеміді. Қазақстанда негізінен ауылшаруашылық жерлер басым, сондықтан ағындының өзгеруі осы жерде көп орын алады.

Есілдің жоғарғы бөлігі және оң жағалауы 0,5-1 л/с (с км2) шамасындағы ағынды модулімен сипатталады, ал су жинау алабының негізгі бөлігінде ағынды модулі – 0,3-0,5 л/(с км2), әсіресе ағынды модулі оңтүстіктен төмен. Астанадан жоғары ағындының қалыптасуына ағындының ¼ бөлігі қатыспайды.

Астана облысының шекарасына дейін су өтімі бірнеше есе өседі. Соған сәйкес су деңгейінің өзгеру амплитудасы да 5-5,5 метрден (Астана тұсында) 8,9 метрге дейін (Қалқұтан, Жабай, Терісаққан салаларын қабылдағаннан кейін) өседі. Ал Покровка селосының тұстамасында су деңгейінің көтерілуі 12 метрге дейін жетеді.

Астана қаласының жоғарғы бөлігінде Есіл өзенінің суы қыс мезгілінде түбіне дейін қатып қалады. Қыс мерзімі 4 айға дейін созылады. Астанадан төмен арнаның түбіне дейін мұз қату байқалмайды, бірақ мұз жамылғысы орнағанда су деңгейі 0,5-1 метрге дейін көтерілуі мумкін.

Вячеслав су бөгенін салғанға дейін Астана тұсында Есіл өзенінің жылдық ағындысы көлемінің 80%-ынан өткен болса, су бөгенін тұрғызғаннан кейін салалардың өзеннің ұзындығы бойынша бір мезгілде болмауынан және су тасқынының жайылуынан ағынды көлемінің өту мөлшері кемиді, қазір ағынды көлемі мамыр айында сәуір айынан кем түспейді. Жазда және күзде жылдық ағындының шамамен 4%-ы, ал қыста 1-2,5%-ы өтеді.

Есіл өзенінің жер асты суымен қоректенуі – 7-10%.

Су тасуы кезінде су деңгейі жоғары болып келеді. Астана қаласы тұсында су өтімі - 1000м3/с, кей жылдары одан да жоғары болып келеді, ал аумақтың шекарасында және шекарадан тыс жерлерінде су өтімі – 2-4 мың м3/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Өзендердің мұз құрсауы орташа алғанда қараша айының бірінші онкүндігінде орнайды. Мұз жамылғысының орнау уақыты әр түрлі жылдары қазанның ортасынан қараша айының ортасына дейін өзгеріп отырады. Қыс бойы мұздың қалыңдығы 1,5-ке дейін өседі. Мұз жамылғысы орташа есеппен сәуірдің ортасында бұзылады. Сең өте қатты жүреді. Иіріммен тұтастай көтерілген мұз арнаның бұрылысына дейін барып, онда көбінесе кептеледі. Мысалы, «Энергосеть-проект» қызметкерлері ұзындығы 130-150 метр, ені 20 метр және қалыңдығы 0,8 метр мұзды байқаған, дегенмен бір жылдары мұз жүру тіптен болмауы мүмкін. Бұл кезде мұз орнында еріп кетеді.

Көктемде суының минералдануы 200-400 мг/л, жазғы сабалық кезеңде – 0,6-1,5г/кг, қыста 2-2,5 г/кг. Суы гидрокарбонатты кластың калцийлік тобына жатады. Ал сабалық кезеңінде хлоридтік кластың натрийлік тобына жатады [9].

Қалұтан өзені.Су жинау алабының ауданы F=17400 км2 , ұзындығы – 223 км, алабының орташа биіктігі 360 метр, өзен торабының жиілігі 0,10 км/км2. Бастаудан сағаға дейінге құламасы – 83 метр, арна түбінің орташа еңістігі – 1 км 37 см. Негізгі салалары – оң жағалық, Көкшетау қыраттарынан басталады, олар: Талқара (F=2300 км2,L=48 км), Бақсық (F=4300 км2, L=171 км), Аршалы (F=4160 км2, L=174 км).

Қалқұтан өзені жері жыртылған жайпақ жазықтықтан басталып, Есіл өзеніне тармақталып құяды. Су жинау алабы асиметриялы, оның тек оң жағы ғана жақсы дамыған. Оң жағалау жер бедері тілемделген, жоғарғы бөлігіндегі салалары ұсақ шоқылардан ағады. Алапта тұйық ойыс жерлер көптеп кездеседі.

Топырағы қара топырақты, 2%-дай аумағын сортаң жерлер алып жатыр, өсімдігі – далалық өсімдіктер, ауданының 5,5%-ын орманды, 3%-ын бұталы өсімдіктер алып жатыр.

Өзеннің аңғары жоғарғы бөлігінде анық байқалмайды. Орта ағысында оның беткейлері – тік, биіктігі – 4-6 метр. Жайылмасы екі жақты, ені жоғарыдан төмен қарай кеңейеді – 0,3-0,4-тен 4-5 км-ге дейін. Оң жағалаудан құятын Бақсық (Баксук) және Аршалы өзендерінің аралығын тегіс су алып кетеді.

Арнасы аздаған иректі болып келеді. Оның таяз жерлеріндегі жартысында ені жоғарыдан төмен қарай 2-5-тен 10,5 метрге дейін кеңейе түседі, ал иірімдерінің (плесы) ені – 12-20 метрден 25-30 метр. Иірімдерінің тереңдігі – 5-6,5 метр. Жағалары көбінесе тік, биіктігі – 1,5-3 метр, түбі құмдауыт немесе құмды-жұмыртасты, ал иірімдері сазды болып келеді.

Жылдық орташа су өтімі шамамен – 3,00 м3/с, ал оның лездік максимал мәні – 200 м3/с. Су тасуы кезінде су деңгейі 4-5 метрге дейін көтеріледі. Су тасуының қайтуы ұзақ уақытқа созылуы тән, кейде маусымның ортасына дейін созылады [10].

Жабай өзені.Су жинау алабының ауданы – 8800 км2, ұзындығы – 195 км, су жинау алабының орташа биіктігі – 364 метр, өзендер торабының жиілігі – 0,11 км/км2. Бастаудан сағаға дейін құлауы 233 метр, орташа еңістігі едәуір жоғары, 1 км-ге 1,2 метр. Негізгі салалары Сарқырама немесе Сарымсақты (F=1500 км2, L= 79 км), Ащылы (F=1060 км2, L= 58 км), Жыланды немесе Керегетас (F=3650 км2, L= 140 км).

Жабай өзені Көкшетау қыратының оңтүстік беткейлеріндегі бұлақтардан басталады. Су жинау алабының жоғарғы бөлігі төбелі, төменгі бөлігі жазықтық болып келеді. Топырағы саздақты, қыраттардың беткейлері жалаңаштанған гранитті болып келген. Қырат беткейлері орманды, ағаштары өскен, қарағай, қайың алабының 7%-ы орманды. Алаптың көп бөлігі жыртылған. Алабында көптеген тұщы кішігірім көлдер орналасқан.

Өзеннің аңғары жақсы байқалады, оның ені ағысымен төмен қарай кеңейе түседі, 1,2-1,8-ден 3,0-3,6 км-ге дейін. Беткейлерінің биіктігі 50 метрден 9-14 метрге дейін төмендейді. Сол жағалауы тіктеу келген және орманды. Жайылмасының ені 100-ден 400 метрге дейін. Топырағы – саздауыт, өсімдігі – шалғынды. Жайылма 1-1,5 метр су қабатымен жабылады. Арнасының ені 10-50 метр, бірақ сабалық кезеңінде тек бірнеше метр арна иірімдері мен қайраңдарға бөлінеді. Төменгі бөлігінде иірімдерінің ұзындығы – 3-5 км, ені 20-30 метр және тереңдігі 2-3 метр болып келеді. Өзен жағалауында бұталар және қамыс өскен. Орташа жылдық су өтімі 6 м3/с, лездік максимал су өтімі 1000 м3/с-тан асып түсуі мүмкін. Су тасу кезінде өзен көп тасындыны тасиды. Осы мезгіл ішінде қалыңдығы 20-30 см саз шөгеді.

Жоғарғы бөлігінде өзен әр жыл сайын құрғап қалады, ал иірімдері қыста түбіне дейін қатып қалады. Мұзының орташа қалыңдығы – 120-140 см, ал кейбір қыстары 160-180 см жетеді. Бірақ көктемгі сең жүрудің қарқындылығы күшті болмайды және ол әр жыл сайын бола бермейді.

Өзеннен 23 канал шығып, оның су өтімін орташа 1,5 м3/с-қа кемітеді.

Терісаққан өзені.Су жинау алабының ауданы – 19500 км2, ұзындығы – 334 км, су жинау алабының орташа биіктігі – 350 метр, құламасы – 334 метр, орташа еңістігі – 1 км-ге 1 метр. Өзен торабының жиілігі – 0,15 км/км2.

Құрғақ арна Ұлытау тауларының сілемдерінен 640 метр биіктіктен басталады. Өзен Есілге Есіл маңы жазықтығы тұсынан құяды. Қатты ежелгі тау жыныстары сазды құммен, құмды сазбен, қиыршық таспен жабылған. Еріген қар суының жер қабатына сіңуі жоғары болып келеді. Өсімдігі далалық және шөлейттік, өзендердің аңғарларында бұталар өседі. Су жинау алабының шамамен 7% ағынсыз ойыстар (1,3 мың км2) алып жатыр, алыптағы көл айдындардың жиынтық ауданы – 117 км2. Су тасуы кезінде су деңгейінің көтерілуі 6,5 метрге жетеді.

Сілеті өзені.Сілеті өзені Ертіс өзені алабына қарай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ағып, тұзды тұйық Сілеті көліне құяды. Су жинау алабының ауданы – 18,5 мың км2, ұзындығы – 407 км, жалпы құлауы – 361 м, орташа еңістігі – 1 км-ге 89 см. Негізгі салалары: Ақжар (L=55), Ақмырза (F=2780 км2, L=97 км), Ащыарық (L=96 км), Кедей (F= 2250 км2, L= 92), сонымен қатар Шалқарқарасу, Киікбай, Шиелі. Соңғы 174 км ұзындығында ешқандай саланы қабылдамайды. Сілеті өзенінің су жинау алабының басым көп бөлігі ұсақ шоқы аумағында орналасқан, оның жер бедері – орташа төбелі, ал төменгі бөлігі – жазықтық. Ағынсыз тұйық ойыстар алаптың жалпы ауданының 16%-ын құрайды. Бұл ауданда көптеген көлдер орналасқан. Жоғарғы бөлігінде топырағы сазды, орта ағысында қиыршық тасты. Өсімдігі далалық, өзен аңғарларында бұталы. Өзеннің бастауында оның арнасы жетілмеген болып келеді. Ақмырза өзені құйғаннан кейін арнасының ені 150-200 метрге жетеді. Шамамен, Шолаққарасу өзенінің сағасынан бастап Сілеті өзені 75 км учаскеде шатқалмен ағады, қатты тау жыныстары 30-40 см-ге тілімделген. Бұл жерде өзен еңістігі 1 км-ге 1-2 метр, аңғардың ені – жоғарыдан санағанда 150-200 метр, ал аңғар түбінің ені – 80-100 метр, аллювиальді жыныстардан құралған, су тасуы кезінде барлық еніне дейін жайылады. Одан әрі ағыс бойымен төмендегенде өзен аңғары 0,6-1 км-ге дейін кеңейеді, ол жарқабақ, әдетте, сол жағына қарағанда биік болып келеді. Төменгі учаскесінде аңғардың ені 20-22 км-ге жетіп, пішінін жояды.

Жайылмасы 400-500 метрден 2 км-ге дейін. Мұнда құрғақ тармақтары (протоки) көп. Шатқалды учаскесінде жайылма жоқ. Арна ең жоғарғы бөлігіне 40-50 метрден, орта бөлігінде 150-200 метр, шатқалды бөлігінде 80-100 метр болып келеді.

Өзеннің жоғарғы ағысында арнасы құрғап қалады. Бірақ иірім жерлерінде су сақталады.Ақмырза саласы құйғаннан кейін өзен ағындысы тұрақты. Иірімдерінің 12-метрге, ал бұл иірімдердегі барлық судың мөлшері осы облыс аумағында 2,5 млн м3 деп бағаланады.

Суының тасуы 1,5 айға созылады. Судың тасуының ең жоғарғы деңгейі өзенде сең жүрумен бірге байқалады, арнада мұз кептелуі жиі орнайды. Соның себебінен су деңгейінің көтерілуі 8-10 метрге дейін жетеді. Ең жоғарғы су өтімі 1000м3/с-қа дейін жетуі мүмкін. Қыс мезгілінде өзеннің таяз жерлері түбіне дейін қатып қалады, сондықтан 3-4,5 ай ағын болмайды. Мұздың қалыңдығы 1,3 метрге дейін жетеді, ал шатқалды учаскеде мұз үстіне шыққан судың қабат-қабат болып қатуы байқалады. Оның қалыңдығы 1,5 метрге дейін жетеді.

Сілеті өзенінің суы ауыз суға, шаруашылық және техникалық сумен қамтамасыз етуге және бау-бақша суаруға қолданылады. Су сорғылармен тартылып алынады.

1995 жылдан бері Сілеті су бөгені жұмыс істейді. Мұндағы судың көлемі – 222 млн м3. Су бөгені өзеннің төменгі ағысының су режимін өзгертеді.

Нұра өзені.Су жинау алабының ауданы 60800 км2, ал Жарлы өзенінің тұйық алабын мұнда қоспағанда оның ауданы – 55100 км2; Алаптағы тұйық аудандар – 6,5 мың км2, яғни барлық су жинау алабының 12%-ын құрайды. Өзеннің ұзындығы – 978 км, құлауы – 756 м, еңістігі – 1 км-ге 77 см, өзен торабының жиілігі – 0,16 км/км2. Негізгі салалары: Ащысу, Шерубай-Нұра,Үлкен Құндызды. Су жинау алабының бедері негізінен жазықтық, төбелер сирек кездеседі, сондай-ақ көлдер мен сортаңдар да сирек орналасқан. Есіл өзенімен су айрығы сызығы айқын байқалмайды. Қарағанды облысында алаптың көлдігі – 10%. Аңғардың сай-салаларында бірқатар ағынды көлдер кездеседі. Топырағы сазды құм және саз болып келеді.

Өзеннің аңғары анық байқалмайды, оның ені 25-27 км-ге созылып жатыр. Аңғар түбі аллювиальді, құмды, сазды, жұмыртасы шөгінділермен жабылған. Жайылмасы екі жақты, ені 10-15 км, кей жерлерінде 100-300 м-ге дейін тарылады. Алапта тармақтар мен ескі арналар көп. Өсімдіктері әр түрлі шөптерден құралған шалғынды,ал арна маңында қамыс және қияқөлең, қияқ өседі. Жайылмасын 5-6 жылда бір рет түгелдей су басады, судың жайылу тереңдігі – 2-3 метр. Судың жайылу уақыты саға бөлігінде 20-30 күнге созылады.

Өзеннің арнасы көп тармақталған, тармақтарының ұзындығы – 2-3 км, ескі арналар көптеп кездеседі. Төменгі бөлігінде өзен тармақталмаған, бірақ иректілігі жоғары болып келеді, әсіресе Қорғалжын өзенінен 170 км жоғары бөлігінде. Арна ағыспен төмен қарай 15-25 м-ден 30-40 м-ге дейін кеңейеді. Иірімдерінің тереңдігі 2,5-4,5 м. Жағалары биік, тік жарқабақты, биіктігі – 4-12 м, су тасу кезінде өзен бұрылысында өзен жағалары бұзылады.

Өзен бойында 20-дан астам иірімді көлдер бар. Олардың ең ірілерімен Нұра өзені ағып өтсе, қалғандары оның салаларында орналасқан.

Шалқар көлінің солтүстік иірімінен шыққан Нұра өзені меандр жасай отырып, оңтүстікке қарай бағытталады, Қорғалжын көлінің оңтүстік бөлігіне құяды. Арнасының ені – 25-30 м, тереңдігі – 0,5-4 м. Қорғалжын және Теңіз көлдері арасында өзен арнасы тар, ал оның соңғы 11 км-де арна анық байқалмайды.

Нұра өзені – су тасу толқыны өте жоғары және сабалық кезеңде су деңгейі өте төмен болып келеді. Сонымен қатар мұнда жер асты суымен қоректену салыстырмалы түрде алғанда жоғары, 10-15 % шамасында болып келеді. Жаңбыр суымен болатын су тасқыны өте сирек болады. Ең жоғарғы су өтімі Романовское селосы тұысында байқалады. Оның мәні – 2000 м3, ал одан төмен қарай су өтімі төмендей бастайды. Жазда өзеннің төменгі бөлігіндегі көптеген өзендер бетімен булану өте жоғары.

Нұраның орташа су өтімі Романовское селосы тұсында 16,1 м3/с. Қыста өзен 1,5-3,5 ай уақыт ішінде түбіне дейін қатып жатуы мүмкін.

Мұзының қалыңдығы көктемнің басында 1 м-ге дейін өседі. Өзеннің мұздан арылуы Романовское селосы тұсында сәуірдің ортасында жүретін болса, ал өзеннің сағалық бөлігінде мамырда жүреді. Астана қаласы аумағында Нұра мен Есілдің өзен аралығы Есіл өзеніне қарай еңісті болып келеді, құлауы 12,5 м – ді құрайды. Су айрығы сызығының биіктігі Нұра өзенінің сабалық кезеңіндегі деңгейінен бар-жоғы 1,5-2 м жоғары орналасқан. Нұра өзенінен Есіл өзені жағына қарай су оның үш тармағы арқылы өтеді, олар – Сарқырама, Мұқыр және Қозыкөш. Бұл салалар Есілге 9 км-ге қалғанда Қозыкөш болып Нұра өзенінің суын Астана қаласынан 21 км төмендегі Есіл суына жеткізеді. Нұра суының біраз бөлігі – 25-30%-ын Есілге құяды. Орташа есеппен алғанда судың бір алаптан екінші алапқа өтуі нәтижесінде Нұра өзені ағындысының 10-15%-ы жоғалтады. Бұл судың өтуінің шығыны жылдың сулылығына байланысты, ал максимал су өтімі ГГИ-дің бағалауы бойынша 870 м3/c. 1932 жылы бұл тармақтарда бөгеттер салынған, бөгеттер Нұраның өтпелі суын көп төмендетеді. Алаптың төменгі бөлігінде шабылатын шөптер өсіріледі. Лимандық (жайма) суару кең тараған. Казгипроводхоз мекемесінің деректері бойынша Нұра жүйесінде барлық өзендерде 25 су бөгені, 30-дан астам ірі тоғандар, 6 шаруашалық аралық жүйесі бар, мұндағы суғару ауданы – 73,5 мың га. Лимандық суарудың ауданы – 35 мың га. Нұра өзеніне Ертіс-Қарағанды каналынан су жіберіліп тұрады. Орталық Қазақстан облысында 1940 жылдардан бері Самарқан су бөгені жұмыс жасайды. Бөгендегі су көлемі – 267 млн м3, айдынның ауданы – 82 км2. Су бөгенінде ағындының ұсталуы Романовское селосы тұсындағы ағын мөлшерінің 12 %-ын құрайды, ал суы аз жылдары ол 40%-ға дейін өседі. Лимандық суаруға арналған кәдімгі бөгет (плотина) 8 м 2 бетонды қанаты бар, қақпақтары металдан жасалған. Лиманға су диаметрі 1 м болатын бетон трубамен жіберіледі. Амба типтік – топырақ үйіндісінен тұрғызылған. Ұзындығы – 2-5 км, биіктігі – 3 м, ені жоғарыда – 5 м, төменгі жерінде – 15 метр [11].

Құланөтпес өзені.Теңіз-Қорғалжын ойпатына оңтүстік-шығыс жағынан келіп құяды. Өзеннің ұзындығы – 364 км. Құланөтпес өзені 500 м-дей биіктіктен, Аймысық тауларынан басталады. Теңіз көліне құяды, бірақ Қорғалжын көлінің жоғарғы деңгейін ұстап тұру мақсатында теңізге құятын Құлшым (Кулшум) тармағы бекітіліп тасталған, сондықтан су негізінен соңғысына түседі.

Орташа жылдық су өтімі 4 м3/с-тен жоғары, ал максимал су өтімі 500 м3/с-тан асып түсуі мүмкін.

Су тасуы кезінде өзенмен жылдық ағындының 90%-дан жоғары бөлігі өтеді. Суы аз жылдары судың деңгейі 6 метрге дейін көтеріледі. Жазда өзен иірімдерге бөлініп қалады. Сең жүру су тасуының ең жоғарғы деңгейінде байқалады және ол 7-8 күнге созылады.

Қон өзені Құланөтпес өзенінің сол жақ саласы. Су жинау алабының ауданы 11600 км2, ұзындығы – 59 км, құлауы – 37 км, еңістігі 7 км-ге 69 см-ді құрайды. Өзендер жүйесінің жиілігі 0,12 км/км2.

Қон өзені Жақсы Қон және Жаман Қон өзендерінің қосылуынан пайда болады. Жақсы Қон өзенінің бастауынан бастап санағанда оның ұзындығы – 220 км, ал еңістігі 1 км-ге 1,2 метрді құрайды.

Алаптың жоғарғы және ортаңғы бөліктерінде жер бедері төбелі, төменгі бөлігінде жонды-жазықтық. Аңғарда топырағы ақшыл каштанды, төбелердің беткейлерінде қиыршық жұмыр тасты болып келеді. Өсімдігі – шөлейттік, бірақ аңғардың төменгі бөлігінде – шалғын.

Өзеннің аңғары жақсы білінбейді, ол сағалық телімінде Құланөтпестің аңғарымен бірігіп кетеді. Аңғар ені – 3-5,5 км, жаймасының ені – 3 км-ге дейін жетеді. Арнасы орташа иректелген, мұнда су ағыны су тасу кезінде болады. Иірімдерінің тереңдігі 4-5 метр. Олардың жағалауы қамысты тоғай. Арна түбі құмды, жұмыртасты, тұнба. Көктемде қайрандарда су мұз үстімен жүреді. Су тасу 20-40 күнге дейін созылады. Маусымның басында сабалық кезең басталады. Су деңгейі 2-3,5 метрге көтеріледі. Орташа су өтімі 2,0 м3/с, ал макимал су өтімі 400 м3/с жетеді. Көктемгі сең жүру судың тасуы жоғары болғанда ғана басталады, әдетте мұз орнында жатып ериді. Күзде және қыста иірімдерде су деңгейі біршама көтеріледі. Мұздың қалыңдығы қыстың соңында 1 метрге жуық болады. (2-кесте)
2-кесте

Есіл алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамалары


Өзен – тұстама

Алаптың ауданы, мың км2

Су деңгейінің тербелу амплитудасы, м

Орташа жылдық

Жылдық максимумы

Абс. макс

Есіл-Астана

7,4

284

537

629

Қалқұтан-Октябрьский

3,46

346

597

597

Қалқұтан-Қалқұтан

16,5

340

440

456

Жабай-Балкашино

0,92

250

393

404

Жабай-Атбасар

8,53

411

612

623

Сілеті-Ильинское

12,5

379

780

820

Сілеті-Изобильный

14,6

-

-

-

Нұра-Романовское

50,8

354

522

547

Құланөтпес-Шербаковский

4,53

287

486

-

Құланөтпес-Қорғалжын совхозының 1-бөлімшесі

13,6

-

-

-

Қон-Бірлік

10,3

203

340

367
1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта