Диплом без картинок. Дипломды жмысы 5В071100 "Геодезия жне картография" Алматы, 2020 ж
Скачать 388.92 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ Мерекеев А. А. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ЖҮРУ ҚАТЕРІНІҢ БАҒАЛАУ (ЗАМАНАУИ ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН) Дипломдық жұмысы 5В071100 – “Геодезия және картография” Алматы, 2020 ж ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ “Қорғауға жіберілді” Кафедра меңгерушісі ____________ Касымханова Х. М. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ЖҮРУ ҚАТЕРІНІҢ БАҒАЛАУ (ЗАМАНАУИ ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН) ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ 5В071100 – “Геодезия және картография” мамандығы бойынша Орындаған Меркеев А. А. Ғылыми жетекшісі Нуракынов С. М. Норма бақылаушы Маженова Ж.А. Алматы, 2020 ж Мазмұны Кіріспе........................................................................................................................... 1 Ақмола облысының физика-географиялық сипаттамасы..................................... 1.1 Таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу...................................................... 1.2 Ақмола облысының географиялық орналасу жағдайы..................................... 1.3 Ақмола облысының ішкі сулары және климаты............................................ 1.4 Ақмола облысының топырақ жамылғысы мен өсімдігі.............................. 2 Ақмола облысының су тасқыны мәселелері................................................... 2.1 Ақмола облысында су тасқынының болу себептері.................................... 2.2 Ақмола облысының су тасқыны мәселелерін шешуге арналған зерттеулер............................................................................................................... 3 Ақмола облысының су тасқыны жүру қатері мәселелерін ГАЖ технологиялардың көмегімен бағалау................................................................ 3.1 Бастапқы деректерді алу және аспаптық құралдарды таңдау..................... 3.2 ГАЖ бағдарламасының карта құрастырудағы рөлі..................................... 3.3 Зерттелген аймақ рельефінің сандық моделі (ЦМР) құрасыру 3.4 Зерттелетін аймақтың картасын құру............................................................ 3.5 Ақмола облысының аумағындағы қар жамылғысы мен су тасқындарының динамикасы............................................................................................................ 3.6 Атбасар мен Астрахан ауданыңдағы Есіл өзеннің қар жамылғысы мен су тасқындарының динамикасы................................................................................ 3.7 ГАЖ технологияларының көмегімен су тасқының қатерің бағалау............. Қорытынды............................................................................................................ Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................. РЕФЕРАТ Жұмыстың тақырыбы: Ақмола облысында су тасқыны жүру қатерінің бағалау (Заманау ГАЖ технологияларының көмегімен). Жұмыстың мақсаты: Жерсеріктік ақпаратты пайдалану негізінде Ақмола облысындағы Есіл өзені мен көлдердің су басу қатерін жедел анықтау технологиясын құру. Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан зерттелу облысына нақты сипаттама беру. Зерттелу аймағының орналасу жағдайын, ішкі суларын, климатын, топырақ жамылғысы мен өсімдіктерін толық зерттеу. Жалпы ақпараттарды жинай отырып су тасқынының болу себептерін анықтау және осы уақытқа дейін болған су тасқыны мәселелерін шешуге арналған зерттеулердің талдау нәтижесін шығару. Облысының қар жамылғысы мен су тасқындар картасын ірі масштабта ЖАЗ мәліметтері негізінде құрастыру. Заманауи Геоақпараттық (ГАТ) технологияларының көмегімен талдау жасап, облыстың су тасқыны мәселесін жалпы қарастырып, оны бағалау. Міндеттері: ғарыштық суреттерді жергілікті жерді динамикалық зерттеуде пайдалану; ғарыштық түсірістер арқылы қар жамылғысынның жату динамикасын зерттеу; өзен мен көлдердің су тасу зоналарын ғарыштық суреттер арқылы анықтау; динамикалық зерттеулердің жаңа теориялық әдістерін пайдалану; Зерттелу аймағының жер беті сулар картасын құрастыру. Әдістері: ғарыштық суреттерді классификациялаудың автоматты әдістерін қолдану, ауданның картографиялық шолу карталарын сандық әдіспен жасау, зерттелу аймағының жердің сандық үлгісін құрасыру, су тасқыны қаупі бар және болган өзен көлдерді анықтау, тасқынның векторлық контурларын жасау. Практикалық қолдану: дипломдық жұмыста жасалған карталарды Ақмола аймағының төтенше жагдайын бағалағанда, болашақтағы бақылаулық зерттеулерге және қар жамылғысы мен су тасқындар картасындағы сандық мәліметтерді есептеуге пайдалануға болады. Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, карталар мен схемалардан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Түйін сөздер: шекаралық жерлер, картографиялау, ғарыштық суреттер, динамикалық өзгерістер, сулар картасы, қар жамылғысы картасы, зерттеу әдістері. РЕФЕРАТ Тема дипломной работы: Оценка риска наводнений в Акмолинской области (с помощью современных ГИС технологий) Цель работы: разработать технологию оперативного обнаружения угрозы затопления реки Есиль и озер в Акмолинской области на основе использования спутниковой информации. Дать четкое описание Акмолинской области, расположенной в северо-западной части Сарыарки, в степном поясе реки Есиль. Полное изучение состояния Акмолинской области, внутренних вод, климатов, почвенного покрова и растений. Определение причин наводнений путем сбора общей информации и обзора результатов недавних проблем с наводнениями. Детали ГИС. Разработка карты Акмолинской области в крупном масштабе с программой ArcGIS. Изучить проблему наводнения в Акмолинской области и оценить риски наводнения. Выполнение с использованием современных технологий геоинформации (ГИС). Цель дипломной работы: - использование космических снимков при динамическом изучении местности; - исследование динамики размещения снежного покрова с помощью снимков с космоса; - определение зон подтопления рек и озер с помощью снимков с космоса; - использование новых теоретических методов динамических исследований; - разработка карт грунтовых вод Акмолинской области. Методы: Использование автоматических классификационных методов космических изображений, численные методы картирования картирования районов, создание трехмерных карт рельефа, определение речных озер, возможные наводнения. Практическое применение: карты, выполненные в дипломной работе, могут быть использованы для изучения земель Акмолинской области, будущих мониторинговых исследований и количественных данных о ирригационной карте. Структура работы: выпускной документ состоит из введения, трех глав, карт и схем, заключения и литературы. Ключевые слова: граница, отображение, космические снимки, динамические изменения, карты вод, методы исследования. ABSTRACT Theme of the thesis: Flood risk prevention in Akmola region (Using modern GIS technologies) The purpose of the work: develop a technology for rapid detection of the threat of flooding of the Yesil river and lakes in the Akmola region based on the use of satellite data. To give a clear description of the Akmola region, located in the northwestern part of Saryarka, in the steppe zone of the Yesil river. Full study of the state of the Akmola region, inland waters, climates, soil cover and plants. Determine the causes of floods by collecting general information and reviewing the results of recent flood problems. Details of GIS. Development of the Akmola region map on a large scale with the ArcGIS software. To study the problem of flooding in the Akmola region and assess the risks of flooding. Implementation using modern geo-information technologies (GIS). The purpose of the thesis: the use of space images in the dynamic study of the terrain; study of the dynamics of snow cover placement using images from space; determination of flood zones of rivers and lakes using images from space; use of new theoretical methods of dynamic research; Development of groundwater maps of Akmola region. Methods: Use of automatic classification methods for space images, numerical mapping methods for mapping areas, creation of three-dimensional relief maps, identification of river lakes, possible floods. Practical application: the maps made in the thesis work can be used to study the lands of the Akmola region, future monitoring studies and quantitative data on the irrigation map. Structure of work: the final document consists of an introduction, three chapters, maps and diagrams, conclusions and literature. Keywords: boundary, mapping, space images, dynamic changes, water maps, research methods. Кіріспе Су тасқыны – бұл ғаламдық құбылыс, ол ауқымды қирауға, экономикалық шығынға және адам өмірін жоғалтуға әкеледі. Су тасқынын бақылау және болжау мәліметтерін пайдалану арқылы, төтенше жағдайды ертерек тұрғындарға ескерту шығын көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Климаттық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты зерттелу аймағында ірі су объектілері аз, ал өзендері таулы алқаптардан негізінен еріген сумен қоректенеді. Ақмола облысының жер бедерінің биіктігі 400 метрден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазықтар табылады. Облыста көлдердің саны өте көп, солардың 94-і тұщы сулар болып табылады. Аумақтың негізгі су артериясы Есіл өзені мен Солтүстікте Көкшетау, ал оңтүстікте Ұлытау тау сілемдерімен ағатын үлкен салалары болып табылады. Зерттелу аймағының жер бедеріне байланысты, көптеген өзендердің су тасу мүмкіншілігі жоғары болып келеді. Су тасудың негізгі себептері мол жаңбырлардан, бөгеттердің, домбалардың бұзылуынан, өзен сағасындағы және теңіз жиегіндегі желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі. Су тасқынының үлкен жылдамдығы 4 м/с-тан жоғары және көтерілу биіктігі 2-метрден жоғары болуы үйлердің бұзылуына және адамдардың өліміне алып келеді. Қар еруі мен мол жауын-шашынның салдары Ақмола облысы аумағын көптеген су басуына алып. Өзен тасқындарының векторлық контурларына жасай отырып, оның көмегімен тасқын болған жерлерде өзендер мен көлдердің қалпына келуін бақылауға болады. Мұндай ақпараттың болуы экожүйелерді талдауға және олардың дамуы туралы болжам жасауға мүмкіндік береді. Яғни, табиғи ресурстарды пайдаланып қана қоймай, оларды қалпына келтіру туралы ойлай бастауымыз, аймақтарды мерзімінен бұрын сақтандырудың жоғары жауапкершілігін көрсетеді. Қазіргі уақытта, Modis Terra/Aqua, Landsat 8 OLI/TIRS және басқа да жоғары дәлдіктегі жер серіктер мәліметтерін пайдалана отырып, талдау жүргізуге және су динамикасын анықтауға болады. Сонымен қатар, жер серіктері мәліметтері негізінде су мен қар жамылғысының жедел түрде бақылау жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, су обьектілерінің түрлі гидрологиялық сипаттарын анықтау үшін және әр-түрлі мақсатта ғарыштық суреттерді жиі қолданылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде гидрологиялық үлгілеу, су тасқынының пайда болу себебін анықтау, ағындарды болжау, қар гидрологиясының мәселесін шешу, апатты су тасқындарын зерттеу және онымен күресу, ғаламдық суайналымды зерттеу сияқты бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, су тасқындарын бағалауда жер серіктері мәліметтерімен қатар гидрологиялық бекеттерден алынған деректер кеңінен қолданылады. Қазіргі таңда, зерттелу аймағында су тасқынын алдын алу мақсатында 45 метеостанциялар және 29 гидрологиялық бекеттер салынған. Ақмола облысының жалпы физика-географиялық сипаттамасы Таңдалған тақырыптың өзектілігін негіздеу Жыл сайын ауыл-аймақтарда су тасқыны болған жерлерінде қауіпті маусым аяқталғаннан кейін мемлекеттік билік органдары мен экологиялық ұйымдар тасқын аумақтарды есепке алуды жүргізеді. Бұл табиғи су тасқыны салдарын бағалау, ауыл-аймақтар туралы ақпаратты жаңарту, су тасқынына дайындық және оны жоюдың өзектіліген корсетеді. Мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық экологиялық және ғылыми ұйымдар есептеген шығын мөлшері, бір-бірімен жиі байланыспайды. Мұндай сәйкессіздіктер алынған ақпараттың сенімділігі туралы пікірталастар туғызады. Яғни, қашықтықтан зерделеу әдістерін қолдануға негізделген су басқан аумақтар алаңын бағалаудың бірыңғай әдістемесі қажеттілігін тудырады. Қазгидрометтің мәліметтері бойынша, еліміздің бірқатар облыстарында жауын-шашынның көп жылдық мөлшері жылдан жылға асып түсуі, су тасқындарының қауіпін төндіреді. [1]. Су басудың негізгі себептері – жазық аумақтар мен тау бөктеріндегі қар жамылғысының еруінің бірінші кезеңі температураның жоғарылауы кезінде болады. Сонымен қатар, гидрометеорологиялық факторлардан басқа гидроқұрылыстардың техникалық жай-күйі әсер етеді. Жыл сайын зерттелу аймағында көктем уаұытында 46 елді мекенді су басу қаупі бар (1-сурет). Сондай – ақ, Ақмола облысында – Есіл өзенінің бассейнінде және Астана су қоймасында соңғы екі-үш жылдары қар нормадан 10-20% артық түсті [2]. 1-сурет. Ақмола облысындағы су тасқыны басқан аймақтар Осы деректерге сүйене отырып, су тасқыны болған аумақтың ауданы мен орналасқан жерін бағалау өте өзекті мәселе болып табылады. Бұл міндетті тікелей жергілікті жерде шешу және бағалау көп уақытты және үлкен еңбек шығындарына әкелуі мүмкін. Бұл мәселені ғарыштық түсірілген деректер негізінде су тасқынын бағалау арқылы айтарлықтай жеңілдетуге болады, бірқатар жағдайларда, дәлдігі бойынша жергілікті жердегі бағалаудан айтарлықтай асып түседі. Бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормадан артық түсуі мүмкін, сондықтан күнделікті ғарыштық бақылау қажет (2-сурет). Қар ақпан айының соңында немесе Наурызда еруі мүмкін, осының барлығын біз осы жұмыста көре аламыз. 2-сурет. Атбасар ауданның су тасқындары болған кездегі жағдайы Ақмола облысында биыл қыста қардың қалың жаууына байланысты, тек ай басынан бері өңірде бір айлық жауын-шашын нормасының 50% - дан түсіп, қар жамылғысының ауданы 100 пайызды құрады. «Қазгидромет» мәліметінше - соңғы қар зерттеулеріне сәйкес, облыста қардың биіктігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 пайызға жоғары. Сонымен қатар, қардағы су қоры 62 пайызға көп. Осы мәселеге байланысты тотенше жағдай жаряланып, республиканың басқа аймақтарынан 813 адамнан тұратын ТЖМ күштері мен құралдары тобы құрылды [3]. Ақмола облысының географиялық орналасу жағдайы Зерттелетін аумақ Есіл өзені мен Ұлытау тауларының жоғарғы ағысының дала аймағындағы Көкшетау биіктіктерінің арасындағы қатпарлы аумақта орналасқан (3-сурет). 3-сурет. Ақмола облысы Бұл аймақтың геологиялық құрылымы каледон және Герцен кезеңінде қалыптасты. Өте ұзақ созылып кеткен тегістеудің төмендеуі кезінде пайда болған тау шеті біртіндеп мезозой кезеңінің жоталарына айналды. Климаты күрт континентальды, қысы 5,5 айға созылады, қар жамылғысы қараша-155 күннен басталады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Каррдың орташа қалыңдығы 20 см-ден асады, ал жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 300 мм-ден асады[4]. Облыстың ең ірі қалалары - Нұрсұлтан, Көкшетау, Ерейментау және басқалары. Облыстың өнеркәсібі негізінен ауылшаруашылық техникаларын өндіруге, астық өндіруге және сиыр етін өсіруге мамандандырылған. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 12 501,1 мың га, оның ішінде 4806,1 мың га - егістік алқаптар, 287,8 мың га - шабындықтар, 72,2 мың га - жайылымдар[5]. 1.3 Ақмола облысының ішкі сулары және климаты Өзендер мен уақытша суағарлар.Ақмола облысының гидрографиялық желісі құрылысының ерекшелігі жер бедері сипатына байланысты. Аумақтың орталық бөлігінің жазықтығы оның шеткі аймақтарында биік шыңдармен бірге келуі ағындының негізгі бағытын айқындайды, ағыс аумақтың шеткі аймақтарынан ортасына қарай бағытталған. Аумақтың негізгі су артериясы – Есіл өзені мен солтүстікте Көкшетау шыңынан, ал оңтүстікте Ұлытау тау сілемдерімен ағатын үлкен салалары болып табылады.Сыртқы ағындысы бар, Ертіс өзеніне жететін Есіл өзенінің алабы Ақмола облысы ауданының жартысынан астам бөлігін алып жатыр. Қарастырылып отырған аумақтың қалған бөлігі жабық ағынды облысына жатады. Бұған Теңіз, Қорғалжын, Керей, Қыпшақ көлдерінде аяқталатын басқа суағарлар кіреді. Сонымен қатар аумақтың солтүстік-шығыс бөлігінің де сыртқы ағындысы жоқ, бұл аумақта Сілеті-Теңіз көліне құятын Сілеті өзені ағады. Ақмола облысы шегінде ұзындығы 10 км-ден асатын 400-ге жуық өзендер мен уақытша суағарлар бар. Ақмола облысы табиғатының ерекшелігі, негізінен, климатының құрғақшылығы өзен желісінің дамуына кері әсер етеді. Өзен желісінің жиілігі ең жақсы дамыған жері – Көкшетау мен Ерейментау шыңдары. Өзеннің жазыққа шығар жерінде олардың салалары кенеттен азаяды.Нұра өзенінің Ақмола облысында орналасқан төменгі ағысының тармақтары жоқ десе болады. Есіл өзенінде тармағы жоқ, учаскелері бар, олрадың ең ұзыны (250 – 300 км) Көкшетау таулары мен өзеннің жоғарғы ағысындағы төбелердің арасындағы жазықтықта орналасқан. Бұл телімдер жоғалу телімі болып табылады. Өзендердің сирек жүйесімен қатар Ақмола облысының гидрографиялық ерекшелігі – оның уақытша су ағыстарының көптігі. Облыс шегінде өзендер және уақытша су ағыстарының жиілігі 0 – 0,05-тен 0,20 – 0,30 км2 – қа дейін құбылып тұрады (Е.П. Сенковтың мәліметі бойынша.). Бұл құбылыс Терісаққан, Жабай, Есіл (Көкшетау, Ұлытау, Нияз және Ерейментау биіктерінде) өзендерінің жоғарғы бөлігінде жиі кездеседі. Жазықтық шегінде гидрографиялық жүйе жиілігі әдетте 0,05 – 0,10 км2 -тан аспайды (Есіл өзенінің оңтүстік жазық бөлігі, Сілеті өзенінің солтүстік жағасы, Қалқұтан өзенінің жоғарғы бөлігі) тек жыралар көп кездесетін бөлікте 0,20 – 0,30 км2 -қа жетеді. Уақытша су ағыстарының көлемі әр түрлі. Олардың ең үлкендері 100 – 150 км, ал су жинау алабы 3 мың км2 дейін жетеді [6]. Ақмола облысындағы өзендер су айрығы көбіне айқын емес. Су айрықтарының айқын еместігі жер бедерінің жазықтығына ғана емес, еңістіктердің тұйықтығына да байланысты. Бұл еңістіктердің бір бөлігі тұйық сулар алқабына жатады, бұлардың кейбіреулері ғана суы мол жылдарында ғана өзендерді суландырып тұрады. Бұл су алаптарының көлемі өзгермелі: суы мол жылдардың көлемі ұлғаяды, ал құрғақшылық жылдарында көлемі кішірейеді. Ақмола облысының өзендері жазықтық өзендері болып табылады, еңістігі -1-2%0 (кейбір жоғарғы ағыстарында – 5-10%-ге дейін жетеді), тек олардың кейбіреулері ғана қатты жер қыртысына келгенде су ағыстары жылдамадайды. Су айрықтарының нашар бөлінгіштігі жеке жағдайларында өзеннің бифуркациясына алып келеді. Бұған Есіл мен Нұра өзенінің ең жақын орналасқан жерінде олардың көп қайталанатын қосылуы жатады. Нұра мен Есіл өзенінің қосылуы 3 тармақ – Сарқырама, Қозыкөш, Мұққыр бойынша Есіл өзеніне құяр жерінде бір салаға құйылуынан болады. Тармақтардың қосылу жері Есіл өзенінен 9 км жерде болады. Нұра мен Есіл өзендерінің бифуркацияланған жерде өзен аралығының жер беті уақытша суағарлармен ғана емес, сонымен қатар көлдер орналасқан көптеген жабық төмендеулермен қиылысқан. Өзен аңғарлары кең, тегіс келеді. Жартасты жерлерге келгенде өзен аңғары күрт тарылады, кейбір жерлерде шатқал тәріздес болады. Бұл бөліктер, әдетте, ұзаққа бармайды және өзендердің жалпы жазықтық мінездемесін бұзбайды. Аңғардың формасы көбінесе трапеция тәріздес. Өзендердің төменгі ағыстарында аңғарлар айқын емес және олар сыртқы қоршаған ортамен біртіндеп ұласып кетеді. Уақытша су ағыстарының да аңғарлары айқын емес. Үлкен өзендердің аңғарларының кеңдігі 5 – 10 км-ге жетеді (Есіл,Нұра өзендері). Кіші су ағыстарының аңғарлары су арналарымен салыстырғанда кең болып келеді. Орта есеппен алғанда олардың кеңдігі – 0,5 – 1 км (су жинау көлемі <1000 км2 ), кейбір жерлерде 2 – 3 км-ге жетеді. Беткейлердің биіктігі, әдетте, 10 – 15 метрден аспайды, бірақ жеке өзендерде (Аршалы, Сарқырама және т.б.) 25 – 50 метрге жетеді. Аумақтың биік аудандарында және терең қазылған арналары өзендерден басқа (Қызылсу, Аршалы, Қарасу, Кіші Жыланды, Жаман-Қайрақты және т.б.) өзендер аңғарларында жайылма дамыған. Суы мол жылдары төгілудің ені 1-3 км, аумақтың үлкен өзендерінде 5-10 км-ге жетеді. Ал әдеттегі сулы жылдары жайылманың биіктігі төмен бөлігі мен арна қасындағы учаскелерді ғана су басады. Кіші суағарларда (су жинау алабының ауданы 200 км2 және одан төмен) жайылманың ауданы 50-100 метрден аспайды. Кіші суағарлардың арналарының ені – 10-20 метр, ал су жинау алабының ауданы – 5-10 мың км2, өзендердің ені 50-70 метрден аспайды. Көкшетау мен Ерейментау таулары аймағындағы өзендердің арналары жақсы дамыған. Олардың қазылу тереңдігі негізінен 3-6 метр, ал жеке өзендер 10-12 метрге жетеді (Аршалы, Жаман-Қайрақты, Қызылсу және т.б.). Аумақтың оңтүстік бөлігінің суағарларының арналары жақсы дамымаған, әсіресе олардың жоғарғы учаскелерінде (Жақсы-Шад, Жаман-Шад, Қаңқарасу, Керей және т.б.) нашар дамыған. Осы өзендердің төменгі ағысында арналары 3-5 метр қазылған. Аумақтың суағарлары негізгі өзендерін қоспағанда, аңындысы тек көктемгі кезеңде ғана болады. Бұл кезде су деңгейінің қатты көтерілуі байқалады, кейде өзен суы жайылмаға төгіледі. Жылдың қалған бөлігінде суағарлардың көп бөлігі құрғап қалады да,тізбектерге айналады. Қысқы айларда олардың көбісі қатады. Аумақтың оңтүстік бөлігінде кіші суағарлар жылдың барлық уақытында дерлік (көктемгі айларды қоспағанда) кеуіп қалады [7]. Көлдер. Ақмола облысының аумағының едәуір бөлігінің жазықтығы Қазақстан даласына тән су жинауға, көлдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасайды. Көлдердің көп бөлігін өзендер мен уақытша су ағыстары құрайды. Бұл көлдер категориясына уақ дала су алқаптары, сондай-ақ аумақтың ірі көлдері және Солтүстік Қазақстанды алып жатқан Теңіз (көлемі 1590 км2) және Қорғалжын (330км2) жатады. Бұл көлге Нұра мен Құланөтпес өзендері құяды. Ұсақ көлдердің көп бөлігі өзендер жайылмасына кездеседі. Бұл су қоймаларын еріген қар сулары және көктемгі су тасқындары құрайды. Ақмола облысының көлдерінің ерекшелігі тұйық сулар болып табылады. Сонда да болса суы мол жылдары Лопаш, Құлықкөл, Құнақай көлдері кейбір өзендерді суландырады. Ағысы бар көлдер сирек кездеседі: олар көбінесе Нұра өзенінің төменгі сағасында орналасқан (Біртобан, Шолақшалқар және т.б.). Қарастырылып отырған аумақта шамамен 400 көл бар, оның 90%-ның көлемі 1 км2 (1-кесте). 1-кесте Ақмола облысының көлдері
Жер асты сулары. Ақмола облысының көпшілік бөлігінде жер асты суларының қорлары көп емес. Жоғарғы қабаттағы сулар тұрақты емес. Құрғақшылық жылдары су көздері мен құдықтар кеуіп қалады, ал кейбір құдықтарда су деңгейі төмендеп, минералдылығы көбейеді. Жер асты суларымен қаматамасыз ету және олардың минералдануы Ақмола облысында бердей емес. Жер асты суларының көп бөлігі аумақтың солтүстік және шығыс бөлігінде кездеседі. Орталық жазықтықта және Теңіз-Қлоғалжын ойпатында жер асты су қоры аз. Көкшетау, Ерейментау биіктері бөлігінде жер асты сулары 3-5 метр, сайларда және жазықтықта 25 метр кездеседі, сулардың басым көпшілігі – тұщы. Құдықтар мен ұңғымалардың шығындары 0,05-тен 1,5 л/сек, кейбір кезде 2-3 л/сек жетеді. Көкшетау биіктігінде және оған жақын жатқан ұсақ төбешікті аудандарда жер асты сулары метрден 100-250 метрге дейін тереңдікте кездеседі. Бұл сулар әдетте тұщы. Ұңғыма шығыны 0,1-1,3 л/сек, кейде 6-20 л/сек. Бұл сулар аумақтың солтүстік бөлігінде де кездеседі (Ақмола қаласы және басқа аудандарда). Бұл сулар негізінен Ақмола қаласын ауыз су мен және техникалық сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз етілген аудандарға Теңіз-Қорғалжын ойпаты және Есіл өзенінің солтүстік жағалауы жатады. Алайда жер асты су қоры көп емес, ұңғыма шығындары 0,01-0,0001 л/сек. Осыған байланысты батпақ шөгінділері тұзды болып келеді. Теңіз-Қорғалжын ойпатында жер асты суы мүлдем жоқ. Аумақтың оңтүстігінде жер асты сулары біршама бар, бірақ су қоры аз. Жоғарғы қабатта қуаты аз су қорлары кездеседі, скважина шығыны 0,2 л/сек аспайды. Негізгі су қорлары 10-30 метр тереңдікте жатыр. Ұңғыма шығыны 0,01-ден 1-1,5 л/сек [8]. Есіл өзені1000> |