Главная страница
Навигация по странице:

  • Көлдер Тұстама Айдын ауданы, км

  • Терең бөліктері Айдын ауданы, км

  • Диплом без картинок. Дипломды жмысы 5В071100 "Геодезия жне картография" Алматы, 2020 ж


    Скачать 388.92 Kb.
    НазваниеДипломды жмысы 5В071100 "Геодезия жне картография" Алматы, 2020 ж
    Дата01.03.2023
    Размер388.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДиплом без картинок.docx
    ТипДиплом
    #962352
    страница3 из 6
    1   2   3   4   5   6


    *) – алымында – Вячеслав су қоймасы салынғанға дейінгі орташа мәні, бөлімінде 1970 жылдан кейінгі;

    **) – алымында 1964 жылға дейінгі орташа су өтімі, бөлімінде 1965 жылдан кейінгі (Сілеті су қоймасы салынғаннан кейін)

    Жақсы Қон өзеніҰлытау тауының солтүстік-шығыс шетінен басталады. Бастауының биіктігі – 577 метр. Су жинау алабының ауданы – 4070 км2, ұзындығы – 160 км, құлауы 230 метр, орташа еңістігі 1 км-ге 1,4 метр, өзен жүйесінің жиілігі – 0,16 км/км2.Ағынды тек қана су тасу кезінде болады, сабалық кезеңінде өзен жеке иірімдерге бөлініп қалады.

    Керей өзені. Ұлытау тауынан 561 метр биіктіктен басталады, солтүстік-батыс бағытта ағып, өзі аттас тұйық көлге құяды. Алабының ауданы F=3490 км2, оның ішінде ағынсыз тұйық аудандар – 1340 км2, құлауы – 232 метр, еңістігі – едәуір 1 км-ге 2,3 метр.

    Қыпшақ өзені. Ұлытау сілемдерінен 536 метр биіктіктен басталады. Негізінен солтүстік-батыс бағытта ағып, өзі аттас көлге құяды. Алабының ауданы F=2410 км3, оның 4%-ы – тұйық аудан, ұзындығы L=111 км, құлауы 1 км-ге 2 метр. Өзен жүйесінің жиілігі d=0.13 км/км3. Ең ұзын саласының ұзындығы – 23 км. Есіл алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамалары 5 – кестеде көрсетілген [12].

    Көлдері.

    Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының География институтының зерттеулері бойынша аумақта 0,01 км2-тан жоғары 4250 шамасында көл бар. Сулардың жалпы ауданы – 2950 км2. Ауданы 1 км2-тан жоғары 300 көл, ал 10 км2-тан жоғары 32 көл саналады. Екі көлдің ауданы 100 км2-тан жоғары. Қазақстанда осындай көлдердің саны – 21. Көптеген көлдердің сипаттамалары жыл ішінде өзгеріп отырады, сондықтан олардың сандық сипаттамалары шартты түрде болып қалады.

    Тұзды көлдер көп емес, олар жалпы көлдердің 6,4%-ын құрайды. Меншікті су жинау алабының көлдің айдынына қатынасы – 10-50.

    Теңіз көлі. Айдынының ауданы бойынша Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөлден кейінгі 6-шы көл және тұзды көл. Оның айдының ауданы – 1145 км2, ұзындығы – 74,4 км. Су массасының көлемі – 2865 км3. Су жинау алабының ауданы – 94900 км2, оның 20%-ы – тұйық аудандар. Көлге Нұра өзені Қорғалжыннан өткеннен кейін келіп құяды және Құланөтпес өзені, сондай-ақ батыс жағынан бірнеше кішігірім құрғап қалатын өзендеп құяды. Бұрын Теңіз-Қорғалжын ойысы бір табиғи су қоймасы болған деп саналады.

    Ең жоғарғы тереңдігі – 6,75 метр. Көктемгі су тасу кезінде су деңгейінің көтерілуі 0,5 метрге жетеді. Суы тұзды, көлде балық жок. Суы аз жылдары тұздылығы 12%0, кей жерлерінде 18%0. Құрамында мирабилит бар. Тұнбаларының минералдануы Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының мәліметтері бойынша – 11,5-15,4 г/кг. Көл желтоқсан айында қатады. Мұздың қалыңдығы 1 метрге жетеді.

    Қорғалжын көлі.Айдынының ауданы 471 км2, бірақ ауданы жылдың ішінде елеулі өзгереді. Максимал ұзындығы – 33 км, ені – 21 км. Сабалық кезеңінде көлемі шамамен – 0,5 км3. Жоғарғы деңгейде теңізбен біріккен су қоймасына айналады. Ал төменгі деңгейде көл 5 иірімге бөлінеді. 1935 жылы мұнда аң, балық шаруашылығы және қамыс дайындайтын мекеме құрылған, кейіннен Қорғалжын қорығы ашылды.

    Мұздық жағдайы қазанның соңғы онкүндігінен желтоқсанның бірінші онкүндігі аралығында байқалады. Мұз жамылғысының орташа ұзақтығы – 160 күн. Қалыңдығы – 72-127 см.

    Есіл алабының ірі көлдерінің сипаттамалары 3 – кестеде келтірілген.
    3-кесте.

    Аймақтың ірі көлдерінің сипаттамалары


    Көлдер

    Тұстама

    Айдын ауданы, км2

    Ұзындығы,

    Км

    Биіктігі,

    м

    Ескерту

    Теңіз

    Өркендеу

    1145/1630

    74,4

    305

    Тұзды, Нұра ө. құяды

    Қорғалжын

    -

    471/330

    36,0

    307,7

    Нұра ө. Ағып өтеді

    Итеймен

    Приозерное а.

    56,2/41,0

    11,5

    294,6

    Тұзды, құрғап қалады, Ақсуат ө. құяды

    Алакөл

    Степное а.

    50,5/40,0

    12,1

    311,0

    Тұзды, құрғап қалады

    Қыпшақ (Ажыбексор)

    Абылай а-нан 75 км ОБ-да

    47,0/64,7

    10,5

    315,2

    Тұзды, құрғап қалады. Қыпшақ ө. құяды

    Қожакөл

    Калинин а.

    40,7/60,0

    10,4

    333,1

    Құрғап қалады, Қарасу ө. құяды

    Қияқты

    Ынтымақ а-нан 41 км ОБ-да

    38,6/51,6

    8,9

    308,6

    Тұзды, құрғап қалады

    Атауы жоқ

    Өркендеу а-нан 16 км ОБ-да

    36,9

    8,1

    307,7

    Құрғап қалады

    Шолақ (Шолақ-

    Өркендеу а-нан 16 км

    31,9/58,1

    19,7

    318,0

    Нұра ө. ағып

    Шалқар)

    ОБ-да










    шығады

    Теңіз

    Қарабұтақ а-нан 4 км-ге ОШ-да

    29,5/15,8

    7,9

    259,6

    Тұзды, Қарабұтақ ө. құяды

    Шалқар (Жәнібек-Шалқар)

    Өркендеу а-нан 16 км ОШ-да

    24,5/19,1

    6,5

    318,0

    Нұра ө. ағып шығады

    Майбалық

    Астана қ-нан 15 км ОШ-да

    21,1/14,6

    8,4

    350,0

    Құрғап қалады

    Ұялышалған

    Қорғалжын а-нан 22 км

    17,8/16,1

    5,9

    328,2

    Нұра ө. ағып шығады

    Балықтыкөл

    Камышенка а-ның ОШ-да

    17,1/18,3

    6,3

    298,8

    Құрғап қалады

    Қарасор

    Қорғалжын а-нан 22 км

    16,4/19,9

    5,6

    331,8

    Тұзды, құрғап қалады

    Қарасор

    Бестөбе а-нан 26 км СШ-да

    15,8/10,8

    7,9

    358,9

    Нұра ө. ағып шығады

    Жанды-шалқар

    Қорғалжын а-нан 26 км СШ-да

    16,3/11,4

    5,1

    328,2




    Шишалқар

    Жантеке а-нан 21 км ОШ-да

    15,5/15,8

    5,8

    320,1




    Жаманқұлақ

    Калинин а.

    15,4/15,8

    5,2

    336,4

    Тұзды

    Біртабан

    Өркендеу а-нан 14 км ОШ-да

    13,5/26,6

    4,8

    317,8




    Атқайлақ

    Өркендеу а-нан 16 км

    12,4/21,6

    7,9

    307,0

    Тұзды, құрғап қалады



    4-кесте

    Қорғалжын көлі бөліктерінің сипаттамалары


    Терең бөліктері

    Айдын ауданы, км2

    Максимал тереңдігі, м

    Ұзындығы, км

    Көлемі, млн м3

    Солтанкелді

    36,1

    3,0

    13,3

    87

    Есей

    36,5

    2,7

    8,1

    71,3

    Қосай

    23,7

    2,7

    8,1

    50,5

    Асаубұлақ

    12,0

    3,0

    4,7

    32,4

    Б.Каракөл

    3,3

    2,7

    2,3

    7,3


    Ақмола облысының ішкі сулары

    Сілеті бөгені, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы жерінде. Сілеті өзенінің бойында 1965 ж. салынған (4-кесте). Машина жасау, тамақ өнеркәсібі дамыған Степногорск қаласын ауыз сумен және тех. сулармен қамтамасыз етеді. Суының минералдылығы мен химиялық құрамы Сілеті өзенінің деңгейіне және жер асты суының көтерілуіне тікелей байланысты. Су жиналатын алабы 200 км2 . Төңірегіндегі Степногорск, Сілеті аудандарының егістігі суландырылады. Сілеті су құбыры осы Сілеті бөгенінен басталады.

    Щучинск жер асты су кені,Көкшетау антиклинорийінің шығысында, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының оңтүстігінде 3-15 км жерде орналасқан. Щучинск қаласын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны архейдің метаморфтық тау жыныстарының ашық жарықшақты белдеміндегі жер асты суында шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары – жарықшақты гнейс, амфиболит, тақтатастар мен кварцтар. Архей тау жыныстары сіңіргішті нашар құмдақ, саздақ және саз тәрізді шөгінділердің тысымен жабылған. Үгілу жарықшақтары 100 м тереңдікке дейін тараған. Сулы белдемнің орташа қалыңдығы 40 м. Жер асты суы арынды. Арынның шамасы 30-50 м оның деңгейі 10-27 м тереңдікте. Ұңғымалардың дебиті 10-15 л/с. Суы тұщы, гидрокарбонатты магнийлі және хлоридті натрийлі. Тау жыныстарында флюориттің болуына байланысты суындағы фтордың мөлшері жоғары. Сутіректің есептік сұлбасы – тереңдігі 80-100 м 2 ұңғымадан тұрады. Олардың арақашықтығы 1000 м Сутіректің өнімділігі 15 л/с. Кен орны 1980 жылдан игерілуде.

    МайбалықНұра-Есіл аралығындағы ағынсыз көл. Ақмола облысы, Астана қаласынан оңтүстікке қарай 15 км жерде, теңіз деңгейінен 350,6 м биіктікте орналасқан. Орташа аумағы 14,6 км2 (суы мол жылдары 21,2км2-ге жетеді). Ұзындығы 8,4 км, енді жері 3,7 км-ге дейін жетеді, тереңдігі 2,8 м. Жағалау бойының ұзындығы 27,4 км. Су жиналатын алабы 455 км2 . Түбі тегіс, тұнба түзілген. Көлге Қарасу және Қызылсу өзендері құяды, суы негізінен көктемде көбейеді. Жағалауында қамыс өскен. Суы мал суару үшін пайдаланылады.

    Майбалық көлінің минералды суы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кентінен батысқа қарай 6 км жерде орналасқан минералды су қоры. Ауданы 1 км2 , ең терең жері 6 м. Тік жағылары түп негізінен борпылдақ жыныстардан тұрады, маусымдық жауын-шашын мен жер асты суларымен толығады. Көлдің хлоридті-сульфатты суында 17,5 мг/л бром бар. 1913-1970 ж. су деңгейінің 2 м-ден артық төмендеуінен судың жалпы минералдылығы 6,6 г/л-ден 25,9 г/л-ге дейін артты. Көл суы гастрит, т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады. Химиялық құрамы мен шипалық қасиеті жағынан Майбалық көлінің минералды суы республиканың бірсыпыра бальнеол курорттарында қолданылатынері 6 м. Тік жағылары түп негізінен борпылдақ жыныстардан тұрады, маусымдық жауын-шашын мен жер асты суларымен толығады. Көлдің хлоридті-сульфатты суында 17,5 мг/л бром бар. 1913-1970 ж. су деңгейінің 2 м-ден/л су бар екендігі анықталды [13].

    Терісаққан Есіл алабындағы өзен. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 334 км, су жиналатын алабы 19500 км2. Бастауын Ащыкөл көлінен 10 км жерден (Ұлытау тауларында) алып, Нұра ауданы арқылы Қостанай облысы, Арқалық қалалық әкімдігі, Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандары жерімен ағып, Көксай және Терісаққан аудандары аралығында Есіл өзеніне сол жағынан құяды. 40-тан астам саласы бар. Басты салалары: Балатерісаққан, Ащылы, Шабдар, Көкпекті, Қайрақты. Аңғарының ені жоғарғы бөлігінде 3-5 км, томенгі ағысында кең, жайпақ келеді, жайылмасы 3 жақты, жоғарғы бөлігінде арнасы ирелең. Жауын-шашын суымен толығады. Суы тұщы, сәл кермек – ауыз суға жарамды. Жылдық орташа су ағымы Балталы аңғарының тұсында 8,97м3/с. Сағасында топырақтан үлкен тоған салынған. Тоған суы – тұщы, жазда шабындық суғаруға, елді мекендер мұқтажына пайдаланылады. Өзеннің жоғарғы және орта өңірі мал жайылымы, шабындық.

    Нұра жер асты су кеніНұра алабының оң жағалаулық бөлігінде орналасқан. Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде. Сумен қамтамасыз ететін перспективті сулы қабат Нұра өзенінің ежелгі аңғарындағы төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділері саналады. Су сыйыстырғыш тау жыныстары саз, саздақты және құмдақты түрлі түйіршікті құм және кесектастан тұрады. Олардың қалыңдығы 20 м. Сулы тау жыныстарының үстін қалыңдығы 0,5-6 м құмдық қабаты жауып жатыр. Суы арынсыз, жер астындағы су деңгейі 1 – 12 м аралығында. Горизонт суы Нұра өзенінің суымен байланысты. Ұңғымалардың дебиті 7,5 – 18,5 л/с-тан 22 – 26,5 л/с-қа дейін өзгереді. Минералдылығы 0,3 – 0,8 г/л. Химиялық құрамы бойынша суы гидрокарбонатты – сульфатты калций – натрийлі. Жобалық сутірек бір-бірінен 500 м-де орналасқан, тереңдігі 40 м болатын қатар түзеген 16 ұңғымадан тұрады. Олардан шығатын судың жалпы жиынтық өнімділігі 315л/с, тәулігіне 27,3 мың м3 су алынады. Кен орны 1967 жылдан пайдаланылуда [14].

    Нұра су құбыры,Ақмола облысындағы Нұра және Терісаққан өзендерінен бастау алады. Толығымен 1979 ж. іске қосылған. Ұзындығы 1252 км. Құбыр екі өзеннен тәулігіне 16,4 мың м3 су алады. Құбыр жүйесінде 8 ұңғыма, 5 су көтергіш сорғы және 2 су тазарту станциялары бар. Қарағанды және Ақмола облыстарының 89 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етеді.

    ӨлеңтіЕртіс алабындағы өзен. Ақмола облысының Аршалы және Ерейментау аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 273 км, су жиналатын алабы 4230 км2. Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының жерімен ағып өтіп, Әулиекөл көліне (Павлодар) құяды. Ерейментаудың оңтүстік және Нияз тауының солтүстік сілемдерінен ағып шығатын бұлақтардан бастау алады. Су жиналатын алабының жер бедері – эррозиялы-денудац. ұсақ шоқылық, тұғырлы денудац және аккумулятты-денудац. жазық. Қошқыл қоңыр топырағында бетеге, боз өскен. Жайылмасында әр түрлі шөптесінді шалғын, талды тоғай, қамыс, құрақола, Қарағанды, Павлодар облыстарының жерімен ағып өтіп, Әулиекөл көліне (Павлодар) құяды. Ерейментаудың оңтүстік және Нияз тауының солтүстік сілемдерінен ағып шығатын бұлақтардан бастау алады. Су жиналатын алабыны су ағымы 8,2 млн. м3-ден 22,5 млн м3-ге дейін. Қарашаның 1-онкүндігінде суы қатып, 5-15 сәуір аралығында ериді. Минералдылығы 0,2 – 1,5 г/л, ауыз су ретінде қолдануға жарамды. Шортан, мөңке, алабұға, шабақ, қарабалық ауланады. Суы ауз су ретінде және мал суаруға пайдаланылады. Жайылмасы – шабындық [15].
    5-сурет. Бурабай көлі

    Бурабай(5-сурет) Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысы, Щучье ауданында, Көкшетау тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Аумағы 10,5 км2 , ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2. Тектоникалық ойыста жатқан көо дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қатаркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м-ге көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.) сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған [16].

    Балықтыкөл Есіл алабындағы көл. Ақмола облысы, Шортанды ауданының батысындағы Жалтыр темір жол станциясының солтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан. Аумағы 18,3 км2. Тереңдігі 1,7 – 2,3 м. Су жиналатын алабы 478 км2. Жағалары тік, биіктігі 3 – 4 м, тек солтүстік жағасы жазық. Түбі тұнба балшықты (қалыңдығы 0,1 – 0,8 м), оңт. құмдақ. Көл ағынды, оған 3 жылға құйып, бір өзен ағып шығады. Қар және жер асты суларымен толысады. Суы қарашаның басында қатып, сәуір айында мұзы ериді. Суы тұщы, ауыз су ретінде пайдалануға жарамды. Жағалауындағы қалың қамыс жергілікті шаруашылық қажетіне, ал көл құс өсіруге, балық аулауға пайдаланылады. [17].
    Ақмола облысының климатына сипаттама.

    Ақмола облысының климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16-180С, шілдеде 19-210С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның басында түсіп, 5 ай және одан ұзақ уақыт жатады. Қардың қалыңдығы 65 – 70 см, ал орталығында 75 – 87 см. Жазсы қысқа, жылы, қысы ұзаққа созылып, аязды, қатты желді және қарлы боранды болады. Ауаның ең төмен температурасы -400С, ең жоғарғы +440С дейін жетеді. Атмосфераның орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 265 мм құрайды. Желдің орташа жылдық жылдамдығы – 5,3 м/сек жетеді. Негізгі климат туғызатын фактор – маусым, шілде айларындағы күн көзінің жарқырауы.

    Есіл орманды дала климаты: қаңтардың орташа температурасы -190С, шілденің орташа температурасы +180С, жауын-шашын жылдық орташа мөлшері 350-400 мм. Негізгі өзені Есіл – аралас қоректенетін өзендер типіне жатады. Су тасуының биіктігі мен қайырлау деңгейінің төмендігімен сипатталады. Жер бедерінің тегістігіне байланысты суффозионды тұщы көлдер көп. Олардың пішіні домалақ, көлденең қимасы табақша тәрізді.

    Көкшетау дала провинциясы климаты: Көкшетау қыратының тосқаулдық – орографиялық әсеріне байланысты. Қаңтардың орташа температурасы -160С, -170С, шілденікі +180С, +190С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 мм. Қолайлаы климаттық жағдайына байланысты Көкшетау қыратындағы орман қоршаған дала ішінде арал секілді. Аласа таулар шоқыларында қарағайлы-қайыңды орман, ал граниттер шығып жатқан жерде қарағайлы ормандар өседі. Таулар етегінде кәдімгі қара топырақтағы әр түрлі шөптесіні қызыл селеулі дала дамыған (көп бөлігі жыртылған).

    Атбасар құрғақ дала климаты: құрғақ, қаңтардың орташа температурасы -18,50С, шілденікі +20,50С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 300 мм. Гумусы аз оңтүстік карбонатты қара топырақтар басым, барлығы жыртылған. Табиғи өсімдігі – әр түрлі шөптесінде-селеулі-қызылселеулі және бетегелі-селеулі дала – аңғарлы-сайлы жер бедерінде ғана сақталған.

    Теңіз құрғақ дала климаты: құрғақ, қаңтардың орташа температурасы -170С, -180С, шілденікі +200С, 210С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм.

    Қызғылт және күңгірт қызғылт топырақтағы бетегелі-ақселеулі дала тән (жыртылған). Өзен аңғарлары мен көл жағалауларында қамыстан тұратын биік шөптік шалғындар мен табиғи дала үлескілері сақталған [18].

    1.4 Ақмола облысының топырақ жамылғысы мен өсімдігі
    Ақмола облысының біраз территориясын жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадана түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі.Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9%. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкеністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша небәрі 0,4 млн (республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі терістіктегі Ресей жерінде.

    Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) орташа ылғалданған дала; б)ылғалы жеткіліксіз қуаң дала. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының біраз жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола,Қарағанды,Ақтөбе,Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады.

    Ақмола облысының орманды дала және дала аймақтарындағы топырақ жамылғысы. Орманды-дала және дала аймақтарында қара топырақ типі аймақтық топырақ болып қалыптасқан. Бұл топырақ Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында кеңінен тараған. Қара топырақты орманды-дала және дала аймақтарының елімізде алып жатқан жер ауданы 25,8 млн га. Яғни, еліміздің барлық ауданының 9,5%-ын құрайды. ТМД елдерінде қара топырақтар 191 млн га ауданда тараған, яғни осы елдер аумағының 8,6%-ын қамтиды.

    Қара топырақты дала аймағыныңауданы 25,4 млн га. Биоклиматтық көрсеткіштеріне, негізгі және қосалқы топырақ түзілу процестері сипатына байланысты аймақ 2 аймақшаға бөлінеді. Олар кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала және оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала.

    Кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасыАқмола облысының терістігіндегі аудандарды алып жатыр. Бұл аймақша 53-550 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан. Ауданы 12,0 млн. Га.

    Жер бедері Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігінде тегіс болып келсе, ал Сарыарқаның Көкшетау қыратында аласа таулар мен тегіс жазықтардан құралған.

    Климаты орманды-дала аймағымен салыстырғанда ылғалдылығы кеміп, жылумен қамтамасыз етілуінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-330 мм. Көктемде топырақтың 1 метр қабатында тиімді ылғал қоры 130-145 мм-ге жетеді. Ауаның белсенді температурасының (+100С тан асатын) қосындысы 2100-22000. Табиғи өсімдік дүниесі аралас шөпті және бозды дала шөптесін өсімдіктерінен (боз, селеу қау, көде, бетеге, т.б.) құралған. Көкшетау қыратының шоқылы-таулы аудандарында қарағайлы және қайыңды-қарағайлы ормандар жиі кездеседі. Сонымен бірге ойпатты жерлерде көктеректі-қайыңды шоқ ормандарда бар.

    Оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала аймақшасы Ақмола облысының орталық және солтүстік бөліктерінде таралған. Ол солтүстік ендіктің 52030/-53030/ бойында орналасқан. Аймақшаның ауданы 13,4 млн га.

    Ауа райының қуаңшылығы бұл аймақшада арта түседі. Жыл ішінде түсетін жауын-шашын мөлшері орташа есеппен алғанда 250-300 мм-ден аспайды. Оның 150-180 мм жылы мезгілде жауады. Ауаның белсенді температурасының қосындысы 2250-24500С. Табиғи өсімдіктер дүниесі ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасына қарағанда кедейлеу дамыған болып келеді. Негізінен бұл аймақшада аралас шөпті бозды дала өсімдіктері дамыған. Табиғи өсімдік дүниесі сирек сақталған, өйткені аймақшаның топырақтары түгелдей дерлік жыртылып егістік алқаптарға айналған.

    Кәдімгі қара топырақ типшесі Ақмола облысының солтүстік аудандарында кездеседі. Жалпы алып жатқан жер аумағы 12,0 га. Бұл топырақтар Батыс Сібір жазықтығының көтеріңкі жерлерінде және Көкшетау қыратының ұсақ шоқылы жазықтарында орналасқан. Аналық тау жыныстары лөсске ұқсас карбонатты саздақтар, кейде балшық немесе құмдақ. Осы топырақтардың дамуы ылғалдылығы жеткілікті дала климаты аясында, топырақтың шайылмайтын су режиму бар, бозды бетегелі аралас шөпті және шұрайлы аралас шөпті-бозды өсімдіктер жамылғысы астында қалыптасқан.

    Құрылымы және қасиеттері жағынан нағыз қара топыраққ ұқсас, бірақ бұл топырақта қарашіріндінің жиналуы баяу жүреді. Кәдімгі қара топырақтардың генетикалық қабаттары: А – қарашірінде жиналу қабаты, В1 – қарашірінділі аралық қабат, В2 – қарашірінді тілдері қабаты, ВС – аралық қабат және С – аналық тау жынысы.

    Қара шірінді жиналу А қабатының қалыңдығы 23-30 см, түсі біртектес қара-сұр, түйіртпегі дәнге ұқсас, немесе дәнше-кесекті болып келеді. Біртіндеп келесі В1 қабатына ауысады. В1 қабатының түсі күрең реңді қара-сұр болады, құрылымы кесекті немесе кесекті-призмалы, қалыңдығы 17-24 см. Жалпы қарашірінді қабатының (А+В1) қуаты 43-59 см-ге жетеді. В2 қабатының қалыңдығы 10-35 см, құрылымы кесекті, әлсіз байланысқан кесекті болып келеді. Аралық ВС қабатының қуаты 16-45 см, жалпы күрең-қоңыр түсті қабат бойында кейде қара-қоңыр түсті қарашірінді тілдері байқалады. Аналық тау жынысы 81-111 см тереңдіктен (орташа есеппен 97 см-ден) басталады.

    Тұз қышқылы ерітіндісінен қайнауы, көзге көрінетін карбонат дақтардың байқалуы бұл топырақтың В1 қабатынан басталады және оның мөлшері топырақ қабаты тереңдеген сайын молая береді. Суда еритін тұздар топырақтың үстіңгі қабатында жоқ. Олар тек аналық тау жынысы қабаттарында жиналған болып келеді.

    Кәдімгі қара топырақтың химиялық, химиялық-физикалық қасиеттері өте қолайлы. Осы топырақтардың А қабатында қара шірінде мөлшері – 5-7%. Алмаспалы сіңген катиондар мөлшері 100 грамм топырақта 33-34 м-экв., және солардың басым бөлігі Са және Mg иондары. Топырақ ерітіндісінің реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтіленген. Топырақтың бір метрлік қабатында әр гектарға шаққанда қарашірінді қоры 500 тоннаға жетеді.

    Жеткілікті ылғалданған дала аймақшасында кәдімгі қара топырақтың келесідей типтері кездеседі:

    • Кәдімгідей (обычные);

    • Карбонатты;

    • Кебірленген;

    • Тереңнен қайнайтын;

    • Жетілмеген;

    • Шала дамыған.

    Кәдімгі қара топырақтың кәдімгідей, кебірленген және карбонатты типтері Ақмола облысының солтүстігінде кеңінен таралған.

    Оңтүстік қара топырақ типшесі дала аймағының жеткіліксіз ылғалданған оңтүстік бөлігіне орналасып, жеке аймақша құрайды. Алып жатқан жер ауданы 13,4 млн га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аз аумақта кездеседі, ал Қостанай, Ақмола, Павлдар облыстарында кең тараған.

    Бұл топырақтардың генетикалық ерекшеліктерінің қалыптасуы осы аймақшада қалыптасқан ауа-райының гидротермиялық режимінің топырақ түзілу процесіне әсерімен тікелей байланысты. Кәдімгі қара топырақ аймақшасына қарағанда, бұл аймақшада ауа-райының құрғақшылығы басым, жазы ыстықтау, топырақтың ылғалдануының тереңдігі шамалы (100-150 см) болуына байланысты далалық шөптесін өсімдіктер жамылғысы селдірлеу қалыптасады. Топыраққа түсетін өсімдіктер қалдығы кемиді және олар қарқынды түрде минералданып, ыдырайды. Сондықтан бұл топырақтарда органикалық заттардың мөлшері және қарашірінде қабатының қуаты кемиді.

    Оңтүстік қара топырақ (5-кесте) және кәдімгі қара топырақтардың негізгі ерекшеліктерінің бірі – олардың қарашірінді тілдері қабатының жақсы дамып, айқын көрініп байқалатыны. Оның себебі Ақмола облысының жазы ыстық, құрғақ, ал қысы қатты аязды болуынан топырақтың терең қабаттарға дейін жарылып, сол жарықшақтарға қарашірінді қабатынан топырақтың жылжып түсуі.
    5-кесте

    Ақмола облысының оңтүстік қара топырағының физикалық қасиеттері

    Топырақ қабаты, см

    Тығызыдылығы, г/см3

    Қатты бөлігінің тығыздылығы, г/см3

    Жалпы қуыстылығы, %

    0-10

    10-20

    20-30

    30-40

    40-50

    50-60

    60-70

    70-80

    80-90

    90-100

    0,95

    1,02

    1,19

    1,26

    1,30

    1,35

    1,37

    1,44

    1,49

    1,54

    2,30

    2,35

    2,37

    2,37

    2,39

    2,44

    2,43

    2,42

    2,45

    2,45

    59

    57

    50

    47

    46

    45

    44

    40

    39

    37



    Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе, оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, к-өбінесе сортаңдаған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орташа есеппен, 180-210 мм-ақ, бұл егістің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды [19].

    2. Ақмола облысының су тасқыны мәселелері

    2.1 Су тасқынының болу себептері.
    Ақмола облысындағы су тасқыны. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының солтүстігінде жатыр. Мұнда климаты күрт континентальды, өте құрғақ. Қысы ұзақ, аязды, суық, ал жаз өте құрғақ және ыстық.. Осы жердің орташа бөлігі арқылы Есіл өзенінің үлкен алқабы өтеді. Қардың еру және жауын-шашынның мол түсу кезінде Есіл өзені бассейнінің суы көп болған кезінде жағалаудан шығады. Осы себепті облыста кейбір қоныстар мен ауылдарды су басуға бейім. Су тасқыны оларды негізгі трассалар мен жолдардан жиі кеседі.

    Бұл аумақтағы өзендердің таяз болуына қарамастан және тек еріген сулармен қоректенетінен қарамастан, су тасқыны кейбір аудандарда жиі кездесетін апат болып саналады. Су тасқынының ең көп тараған себептері:

    • қар мен мұздың тез еруі;

    • температураның күрт көтерілуі;

    • аймақ үшін тым жиі жауын-шашын.

    Сулар кеткеннен кейін жергілікті билік зардап шеккен ауылдар мен елді мекендердің тұрғындарына қалпына келтіру көмегін ұсынады. Қираған үйлер қалпына келтіріледі, материалдық шығын бағаланады және көмек үшін шоттар ашылынады.

    Су тасқыны – судың өз деңгейінен көтерілген кезде біршама жердің су астында қалуынан пайда болады. Су тасқыны – қардың еруі немесе жаңбырдың құюы, дамбаларды қоршап тұрған қақпалардың қирауы, желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және жердің қозғалу салдарынан болады.

    Басқа сөзбен айтқанда, су тасқындардың қаупі қирау зардаптары немесе ықтимал шығындар (өлім, жарақат, мүліктің жоғалуы) ықтималдығы ретінде анықтауға болады.

    Ұзақ мерзімдік су тасқыны – су басу 1 айдан 2 айға дейін созылады.

    Қысқа мерзімдік су тасқыны – су басу бірнеше сағатқа созылады.

    Кенеттен болатын су тасқындары – мол жаңбырлардың, бөгеттердің, дамбалардың бұзылу нәтижесінде болады.

    Судың аумалы деңгейі – жақын гидрологиялық күзет орнымен өлшенетін деңгей, одан асып кетсе аумақты су басады.

    Су басу ауқымдығы – сумен басылған аумақтың мөлшері.

    Су ағымының жылдамдығы – уақыт бірлігіне судың ауысу жылдамдығы.

    Су деңгейінің көтерілу жылдамдығы – белгілі бір уақыт аралығында су деңгейінің көтерілуін сипаттайтын мөлшер.

    Адамның су тасқынымен күресі көптеген мың жылдардан бұрын басталды. Ертедегі Мысырда көктемгі су тасуы кезінде судың артығын өзеннен табиғи шұңқырларға ағызды, қазаншұңқырлар (котловандар) – бірінші су қоймалардың түп бейнесі.

    Бірінші бөгет Сирияда Оронт өзенінде осыдан 5 мың жыл бұрын салынған. Сол кездерде бірінші дамбалар да пайда бола бастады. Су тасқыны мен күрес бойынша үлкен тәжірбие Мысырдан Қытайға созылып жатқан Шығыс тұрғындарымен жиналған болатын. Еуропада дамбаларды салу 1 мың жылдан астам бұрын басталды.

    Су тасқынының негізгі себептері:

    • Көктемгі су тасуы кезінде судың мол құйылуы, қар мен мұз айдындарының еруі.

    • Нөсерлі жаңбырлар.

    • Өзен сағасындағы және теңіздің жиегіндегі желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі.

    • Өзен арнасының мұзбен немесе бөренелермен жабылып қалуы.

    • Өзен арнасының ішкі мұзбен тығындалуы.

    • Цунами.

    • Гидротехникалық құрылыстардың қирауы.

    • Су ағысы алқаптарындағы көшкіндер мен үйінді тастар.

    • Жер асты суларының жер қабатының бетіне кенеттен шығуы.

    Қазіргі уақытта су тасқынымен күресу арнасының бөлек учаскелерінде емес, барлық өзен су алаптарында жүргізілуі керек деп есептелінеді. Бәрінен бұрын, су ағыны біркелкі болуы керек. Бүгінгі күні су тасқындарының барлық түрлеріне жеткілікті дәрежеде болжам жасауға болады. Су тасқынының ерекше үлгісіне өзендердің сағаларындағы желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі жатады. Су тасқындары көпірлерді, жолдарды, ғимараттарды, құрылыстарды қиратып, едәуір материалдық нұқсан келтіреді. Ал су қозғалысының үлкен жылдамдығы (4 м/сек-тан жоғары) және судың өте биік көтерілуі (2 м-ден жоғары) адамдар мен жануарлардың өліміне әкеледі.

    Ғимараттар мен құрылыстарға сеңнің, әр түрлі мұз сынықтарының үлкен жылдамдықпен жүзіп келе жатуы, су салмағының гидравликалық соққыларының әсері қиратулардың негізгі себебі болып табылады. Су тасқындары кенеттен пайда болып, бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылу мүмкін. Қар мен жаңбыр суларының жолдарына бөгет жасауға ағаштарды отырғызу көмектеседі. Натижесінде көктемгі су тасқынының болу мүмкіндігі төмендейді.

    Су тасқынының ауқымы мен салдары олардың ұзақтығына, жер рельефіне, жыл уақыттары мен ауа-райына, топырақ қабатының ерекшелігіне, судың көтерілу биіктігі мен қозғалыс жылдамдығына, су селінің құрамына, қоныстанған мекен-жайдың құрылыс салу деңгейіне және халықтың осы жерде тұру тығыздығына, гидротехникалық және мелиоратифті құрылыстардың жағдайларына, су басып қалған аймақтағы болжаудың туралығына байланысты болады.

    Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, мұздықтардың үздіксіз еруі, қума жел болып табылады. Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде ақпан, наурызда, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, Республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз, маусымда болады.

    Жаңбыр тасқындары Қазақстан аумағында таза түрінде негізінен оңтүстіктегі, солтүстіктегі, оңтүстік-шығыстағы тау етегіндегі және ортасындағы өзендерде, сайларда, көктемнің аяғында және жаз мезгілінде, сондай-ақ жазғы-күзгі мерзімде Ертіс бассейнінің өзендерінде байқалады.

    Су тасқынын алдын алу шаралары:

    Республика аумағындағы көптеген тасқындардың судың деңгейінің көтерілуінің болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар:

    • судың басуы болатын аумақтың тасқын судың арнасын бұру;

    • су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу;

    • жағаны биіктету және түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу;

    • ғимраттар мен үй-жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою;

    • қысқа бұталы ағаштар отырғызу;

    • жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау;

    • толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу;

    • отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету;

    • қайықтың болуы;

    • жақын орналасқан биік жерді білу;

    • жақындаған зілзала туралы хабарды алуға дайын болу;

    • тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу [20].



    2.2 Ақмола облысының су тасқыны мәселелерін шешуге арналған зерттеулер
    Су тасқынына бақылау міндеттері:

    • қар жамылғысының түсу мониторингі;

    • су тасқыны және тасқын сулардың мониторингі;

    • ірі су объектілерінің мониторингі.

    Су тасқыны мониторингінің дербес құралы ГАЖ-талдаудың бағдарламалық кешендері болып табылады, олардың көмегімен:

    • модельдер бойынша есептеулерді схемалау;

    • рельеф туралы ақпарат дайындау

    • есептеулерді визуализациялау;

    • алынған нәтижелерді талдау және жинақтау.

    Су тасқындарының кеңістіктік сипаттамасы және өзен алқаптарын су басу алаңын есептеу, сондай-ақ су басуды визуализациялау үшін Атбасар және Астрахан ауданында Есіл өзенінің учаскелерін су басудың сандық үлгілері жасалынды.
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта