ДР АУ каз. Дипломную работу Разработка автоматизированной системы Профсоюз
Скачать 181.22 Kb.
|
КІРІСПЕ Қазіргі кезде қандайда бір кіші немесе үлкен мекемені алып қарайтын болсақ, олардын барлығында мәліметтерді тиімді басқаруда проблемаларға соқтығысып жатамыз және әр мекеме бұл проблеманы шешуде ең тиімді, нәтижелі жолын іздейді. Кейбір мекемелер бұл проблеманы шешу үшін көптеген үлкен шкафтар мен бумаларды қолданады. Бірақ көптеген мекемелер компьютерленген МББЖ - ін таңдайды. Өйткені бұл жүйе мәліметтердің үлкен көлемін сақтауға, шығаруға, басқаруға нәтижелі мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мәліметтер базасынсыз көптеген қаржы, өнеркәсіптік, сауда т.б. ұйымдардың жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер базасы болмай қалса, олар ақпараттар көшкініне тұншығып қалар еді. Компьютерлер қазіргі кезде адам өмірінде, адам іскерлігінің әр саласына, ғылымға толығымен сеңісіп кетті, сол себептен оларды әртүрлі бағдарламалармен қамтамасыз ету қажеттілігі туып отыр. Әрине, ол біріншіден электронды шығару технологиясының дамуына және оның адам іскерлігінің әр саласына жедел еніп, қолданылуына байлынысты. Ақпараттық технологияның жылдам дамуының себебі, қоғамның дамуына өз үлесін қосатын мәліметтерді тез және сапалы өндеудің қажеттілігін өсуіне тікелей үлес қосады. Мәліметтер базасын ақпараттық жүйелерде қолданудың ең басты ерекшелігі бұл мәліметтің колданбалы бағдарламаларға қарамай сақталуы болып табылады. Бұл қолданушыға мәліметті физикалық деңгейде, мәліметті жадыда сақтау, мәліметпен жұмыс жасау үшін рұқсат алу және тағы да басқа әдістермен жұмыс жасауды талап етпейді. Мәліметті өндеу жұмыстары көптеген жұмыс салаларында таралған. Олар ірі өндіріс мекемелерінің қоймаларында тауарлардың есебін жүргізеді, бухгалтерияда жалақы көлемін есептейді және тағы басқа салаларда қолданылады. Қазір заманға сай кәсіпорынды немесе мекемені бұл жүйесіз елестетуге болмайды, өйткені бұл жүйе барлық сфераларда ақпараттық жүйенің фундаментін қалыптастырады. Ол қаржы басқару, телекаммуникация, өнім шығарудан бастап, жанұя қаржы басқаруымен аяқталады. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы үйді жиһазбен қамтамасыз ететін, жиһаз жарнамалайтын жиһаз үйінің жұмыстарын автоматтандыру, сонымен қатар тапсырыс беретін клиенттерге еш қиындық жасамай қалаған жиһазды таңдап алуына мүмкіндік береді және сол жиһаз үйінің автоматтандырылған жұмыс орнын құру. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты «Империя» жиһаз үйінің тапсырыстарды қабылдау бөлімінің жұмысын толық жетілдіру. Бұл автоматтандыру процесін жаңа деңгейге көтереді де мәліметтер алмасу процесін жеңілдетеді. 1. Қойылған мәселенің қазіргі жағдайы 1.1 Автоматтандыру дегеніміз не? Ғылыми прогресс – білімнің жоғарлауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. XXI ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы – автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыру кеңінен қолданылады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпараттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Автоматтандыру-техникалық – құрал-жабдықтарды, сондай – ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда: технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық - өндірістік процестер; күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау; цехты, мекемені, сондай – ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; ғылыми – зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өндеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады. Жалпы автоматтандыру – адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие. Автоматтандырудың арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір – жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қорытындыларын және тағы басқа жүйелерді басқара алады. Автоматтандырудың мақсаты – еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділенлдіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату. Автоматтандыру – ғылыми – техникалық прогрестің басты бір бағыты. Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл. Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы. 1.2 Автоматтандырылған басқару жүйесі Автоматтандырылған басқару жүйесі немесе АБЖ — ақпараттық және бағдарламалық құралдардың кешені, технологиялық процесс рамкаларында, өндірісте, кәсіпорында әртүрлі процесстерді басқаруға арналған. АБЖ әртүрлі өнеркәсіп салаларында энергетикада, көлікте және т.б. қолданылады. Автоматтандырылған терминінің, автоматты терминінен айырмашылығы кейбір функциялардың адаммен – оператормен орындалуын көрсетеді немесе ең жалпы автоматтандыруға көнбейтін. Айырмашылықтары: Технологиялық процессті автоматтандырылған басқару жүйесі немесе АБЖ ТП - өнеркәсіпте, энергетикада, көлікте техникалық объектілерді шапшаң басқару және бақылау мақсаттарын шешеді. Өндірістік автоматтандырылған басқару жүйесі (ӨАБЖ)— негізгі өндіріс процесстерімен қоса өндірісті ұйымдастыру мақсаттарын шешеді, кіру және шығу логистикасын жүзеге асырады. Өндіріс қуаттылықтарын есептей отыра, шығарудың қысқа мерзімді жоспарлауын, өнім сапа талдауын, өндіріс процесс үлгілеуін іске асырады. [7]. Экономикалық қызметтердің қызметкерлерінің АЖО элементтерін, басқару қызметін қарастырамыз болашақта олардың дамуын және қолдануын. ДЭЕМ-нің негізгі құрылғысы микропроцессор, бағдарламадағы әртүрлі операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Осы уақытта 32-разрядты микропроцессорлар ең көп таралды, бірақ жақында олардың орнына 64-разрядты микропроцессорлар келеді. Разрядтық екілік кодта жұмысшы сөздің ұзындығын білдіреді. Микропроцессорлар жұмыс істейтін ырғақты жиіліктеріне қарай айырылады. Ырғақты жиілік және разрядтық неғұрлым көбірек болса, соғырлұм процессордың өнімділігі жоғарырақ. Сыртқы есте сақтайтын құрылғының (ВЗУ) әр түрлі үлгілері болады. Ленталық жинақтағыштар магниттік таспада ақпарат сақтау үшін қызмет етеді. Осы шақта бірнеше жүз гигабайт (1 Гб=1024 Мб) ақпарат сақтай алады. Бұл құралдар әлдеқашан пайда болғанына қарамастан олар осы уақытқа дейін кең көп таралған, тап осы үлкен сыйымдылығына байланысты, резервті көшіріп алуға арналған және ақпаратты ұзақ сақтау үшін қолданылады. Диск тұлғалы жинақтағыштар осы шақта ең кең көп таралған. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады: а) Иілгіш дискідегі жинақтағыштар (флоппи дискілер). Дискеталардың аз сыйымдылығына қарамастан (1-3 Мб) осы шақта бағасы аздығынан өте кең таралған. ә) Қатты дискідегі жинақтағыштар (винчестерлер). Иілгіш дискідей көп таралған, бірақ деректер беру жылдамдығы үлкен, үлкен сыйымдылыққа ие және ақпарат сақтау сенімділігі анағұрлым сенімді болады. Винчестерлердің құны тұрақты төмендеп келеді, ал жылдамдық, сенімділік және сыйымдылық (қатты дискілердің сиымдылығымен 100-120 Гб қазір ешкімді таң қалдырмайсың) үнемі өсіп келеді. Осының бәрі оны қазіргі кез келген ДЭЕМ-нің ауыстыруға болмайтын атрибуты болуын қамтамасыз етеді. б) Қазіргі уақытта лазерді дискілердегі жинақтағыштар (CD-ROM) кең таралған. в) Сонымен қатар бүгінде ВЗУ-дің әр түрлі себептермен кең таралмаған түрлері бар (магнитті-оптикалы дискілер, Бернулли дискілері, WORM - дискілер және т.б.). Жинақтағыштардың кейбір түрлері (перфоленталар, перфокарталар, магниттік дабылдар және т.б.) өте ескірді және қазіргі ДЭЕМ-де мүлде қолданылмайды. Дисплей - ақпарат елестетуіне арналған негізгі құрылғы. Экран мөлшерімен, барынша көп рұқсатпен және т.б. сипатталады. Экран неғұрлым үлкен және рұқсат етуі көп болған сайын, оған соғұрлым көбірек ақпарат орналастыруға болады. Клавиатура - хабар енгізуіне арналған негізгі құрылғы. Жиналған тәжірибе АЖО келесі талаптарға жауап беруге тиісті деп айтады: маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттілігін дер кезінде қанағаттандыруы; пайдаланушының сауалдарына жауап ең аз уақытта берілуі; пайдаланушының дайындық деңгейіне және оның кәсіпшілік сауалдарына бейімделуі; АЖО-да жұмыс істеудің игеру қарапайымдылығы және қатынас жеңілдігі, жұмыс істеу сенімділігі және қызмет ету қарапайымдылығы; пайдаланушыға шыдамдылық; пайдаланушының тез үйрену мүмкіндігі; желі құрамында жұмыс мүмкіндігі. 1.3 МБ негізінде АЖО принциптерінің анализі Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) немесе шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» (work-station), өзін кез-келген мамандықтың иесі қолданушының-маманның, оның қандай да бір анықталған қимылдарды орындауын автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған, орны ретінде ұсынады. АЖО негізінен есептеуіш техниканы қолдану бойынша арнайы дайындық өтпеген қолданушыларға бағытталған. АЖО негізгі тағайындалуы – ол ақпаратты жұмыс орындарда орталықтап өңдеу деп есептеуге болады, АЖО және ДК-дің локальды желілеріне, кейде қуатты ЭЕМ-ды кірістіретін глобальды есептеуіш желілерге бір мезгілде кіру мүмкіндіктері кезінде «өзіндік» сәйкес деректер базаларын қолдану болып табылады. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптерде халық шаруашылығымен басқарудың таратылған жүйесінің концепциясы іске асырылады. Онда иерархияның әртүрлі деңгейінде ақпаратты өңдеу локальды, маңызды дәрежеде аяқталған және жеткілікті толық түрде ескеріледі. Бұл жүйелерде ақпаратты астыдан үстіге тасымалдау тек сол жағдайда ұйымдастырылады, егер бұл ақпаратта қажеттілік жоғарғы деңгейде болса ғана. Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеу нәтижелерінің маңызды бөлігі және алғашқы деректер локальды деректер банкісінде сақталуы қажет. Таратып басқару ойын іске асыру үшін басқарудың әр деңгейі және әр пәндік аймақ үшін мамандандырылған дербес компьютерлер базасында автоматтандырылған жұмыс орындарын әзірлеу қажет болды. Мысалы, экономика сферасында осындай АЖО-да процесстерді жоспарлауды, модельдеуді, оптимизациялауды, әртүрлі ақпараттық жүйелерде әртүрлі үлесімді есетер үшін шешімдер қабылдауды іске асыруға болады. Әртүрлі басқару объектісі үшін оның мәніне сәйкес келетін АЖО ескеру қажет. Бірақ-та, кез-келген АЖО әзірлеу принциптері жалпы болуы тиіс: - жүйелігі; - иілгіштігі; - тұрақтылығы; - эффективтілігі. Көрсетілген ұғымдардың мағынасын түсіндірейік. АЖО жүйелігін құрылымы функционалдық тағайындалуымен анықталатын жүйе ретінде қарастыру қажет. Иілгіштік. Жүйенің ішкі жүйелерінің модульдік құрылуы және осы элементтердің стандартты болу себебіне байланысты, мүмкін болатын жаңа өзгерістерге лайықталған болуы. Тұрақтылығы. Принцип негізі- ол АЖО жүйесі, негізгі функцияларды оған ішкі немесе сыртқы факторлардың әрекеттесуіне қарамастан, орындауы қажет. Бұл оның жеке бөлімдегі олқылықтар жеңіл жойылуы, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі керек дегенді білдіреді. АЖО-ның эффективтілігін жүйені әзірлеуге және іске асыруға кеткен шығынды, алдында келтірілген принциптерді іске асыру деңгейіне сәйкестіргендегі интегралдық көрсеткіш ретінде қарастыруға болады АЖО функционалдануы ойдағыдай болады, егер ядросы компьютер болатын ақпараттарды өңдеу құралдармен адам арасында жүктілік және функциялар дұрыс таралған болса. Өндіріс кәсіпорындарында АЖО автоматтандырылған басқару жүйесінде (АБЖ), жоспарлаудың, басқарудың, деректерді өндеудің және шешімдер қабылдаудың дербес құралы ретінде маңызды құрылым құрамы болып келеді. АЖО- бұл әрқашан администратор, экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, ұйымдастырушы, зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т.б. нақты маманға бағытталған –арнайы мамандандырылған жүйе, техникалық құралдардың және бағдарламалық қамтамасыздандаруыдың жиынтығы. Сонымен қатар кезкелген «мамандықтың» АЖО-на, оны әзірлеу кезінде қмтамасыздандырылуы керек, бірдей талаптар қатарын ұсынуға болады, олар: - ақпаратты өндеу құралдардың міндетті болуы; - диалогтік (интерактивті) режимде жұмыс істей алу мүмкіндігі; - эргономиканың негізгі талаптарының орындалуы: оператор, АЖО кешенінің элементтері және қоршаған орта арасында функциялардың рационалды таралуы, жұмысқа комфортты жағдай жасау, АЖО конструкциясының ыңғайлығы, адам-оператордың психологиялық факторларын ескеру, АЖО элементтер түсінің және формаларының әдемі болуы және т.б.; АЖО жүйесінде жұмыс істейтін МБ жеткілікті жоғары өнімді және сенімді болуы; шешілетін есептер мінездемесіне сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандыру; ескішіл процесстерді автоматтандырудың жоғарғы дәрежелі болуы; мамандарға АЖО операторы ретінде өзіндік қызмет ету үшін оптималды жағдай жасау; маманның АЖО-ды жұмыс жабдық ретінде қолданудан кейін максималды комфорт және қанағат алуын қамтамасыз ететін басқа факторлар. АЖО құрылымы техникалық, ақпараттық, бағдарламалық, және ұйымдастырушылық ішкі жүйелердің жиынтығын кірістіреді. Техникалық жүйе туралы алдында айтылып кеткенбіз. АЖО тікелей жасайтын алдында көрсетілген техникалық құралдар жиынына, объектінің жалпы желісінде жұмыс істейтін, басқа АЖО-мен байланысу үшін қажетті құралдарды, сонымен қатар байланыстың басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосуға болады. Ақпараттық ішкі жүйелерге локальды деректер базасында, дәлірек айтқанда, дискілік жинақтауыштарда сақталатын ақпараттар массиві жатады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру операциялық жүйелерді, қызмет көрсету (сервистік) бағдарламаларды, қолданушылардың стандартты бағдарламаларын және модульдік принциптер бойынша орындалған және АЖО тағайындалуымен шартталған, анықталған есептер класын шешуге бағытталған қолданбалы бағдарламалар пакетін кірістіреді. Қажеттіліктің деңгейіне байланысты бағдарламалық қамтамасыздандыру графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін арналған бағдарламалар пакетін кірістіреді. Егер АЖО-ның құралы жеткілікті күрделі болса, ал қолданушының арнайы дағдысы жоқ болса, онда қолданушыны оның негізгі автоматтандырылған жұмыс орны аймағына бірте-бірте кіруге мүмкіндік беретін, арнайы үйрету құралдарын қолдануға болады. АЖО функцияларын іске асыру кезінде ағымды қызметінің, ақпараттық қажеттіліктін, оны іске асыру процестерін сипаттау үшін көптеген сценарийлердің мақсаттарын анықтау әдістемелері қажет. АЖО жобалау әдістемесі оның функционалдау әдістемесімен байланысты емес болуы мүмкін, өйткені дамыған АЖО функционалдануы оның қолданушыларымен өзіндік даму мүмкіндігін қарастырады. АЖО тілдік құралдары соңғы қолданушылар көзқарасынан әдістемелік құралдардың іске асыруы болып табылады, ал бағдарламалық құралдар қолданушылардың тілдік құралдарын іске асырады және соңғы қолданушыға барлық қажетті қимылдарды орындауға мүмкіндік береді. 1.3.1 АЖО-ның тілдік құралдары АЖО тілдік құралдары, қолданушы қимылдарының және оған ДЭЕМ реакциялардың мағнасы жағынан бір мәнді сәйкес болу үшін қажет. Оларсыз оқыту процесі, диалогты ұйымдастыру, қателіктерді табу және түзету мүмкін емес. Мұндай тілдерді әзірлеу күрделігінің мағнасы, олар процедуралық болмауы тиіс. Егер процедуралық берілген қимыл қалай орындалатынын көрсететін болса, процедуралық емес қандай қимыл орындалу қажет екендікті бөлшектемей көрсетеді. Демек, соңғы қолданушылар ақпараттық қажеттіліктін іске асырылу процесін бөлшектеп білуі қажет емес болғандықтан, АЖО интеллектуалдығы тым жоғары болғанда, оның тілінде процедуралық емес мүмкіндіктер көбірек болуы тиістігін қарастыру қажет. АЖО тілдері қолданушы-бағытталған, сонымен қатар маманды-бағытталған болуы қажет. Бұл қолданушылар классификацияларының әртүрлігіне байланысты, олар өзара тек мамандықпен қана емес, сонымен қатар қызмет бабының иерархиясы, оқыту дайындығы, қолданатын деректер түрі және т.б. бойынша ерекшелінеді. Сонымен қатар, кәдімгі тілді қолдану, осындай келудің қарапайым болып келуіне қарамастан, күрделі емес нәтижелерді алу үшін пернетақта арқылы күрделі конструкцияларды енгізу қажеттілігі қандай-да бір елеулі артықшылықты бере алмайды. Кез-келген тілде сияқты, АЖО тілінің негізін алдын-ала анықталған терминдер, сонымен қатар, көмегімен, жаңа терминдер орнатыла алынатын әдістер сипаттамалары, барларды алмастыра немесе толтыра отырып құруы қажет. Бұл АЖО жобалау кезінде АЖО терминологиялық негізін анықталған түрмен классификациялауға әкеледі, яғни тілдің негізгі синтаксистік конструкцияларын және терминдар және олардың жиынтықтары арасындағы семантикалық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты АЖО қарапайым классификациялауға қажеттілік туады, мысалы, ондеудің кейбір қоолданушылық режимдеріндегі деректерді ұсыну мүмкіндіктері бойынша: сандық, текстік, аралас. Күрделі жағдайларда АЖО классификациясы деректер базасының ұйымдастырылуымен анықталады. Қолданушы тілдері АЖО диалог түрі бойынша да айырады. Диалогты қолдау құралдары соңғы жағдайда қолданушы білуі қажетті тілдік конструкцияларды анықтайды. [9]. Формаларды толтыру диалогі кезінде, ол да ДЭЕМ-мен басталады, қолданушы дисплей бетінде арнайы таңдалған формаларды келешекте оларды анализдеу және өндеу үшін толтырады. Гибридты диалог қолданушымен немесе ДЭЕМ-мен де басталуы мүмкін. Оқытылмаған қолданушымен диалог кезінде ДЭЕМ-нің жауаптары толық анық және қолданушы ойында дұрыс істеді ме жоқ па деген ой қалдырмау қажет. Ақпараттың фиксацияланған кадрлері көмегімен құралған диалог кезінде ДЭЕМ жауапты бар тізімнен таңдайды. Бұл жағдайда қолданушы өте қысқа жауаптарды енгізеді, ал негізгі ақпарат автоматты шығарылады. Диалог түрі АЖО классификациясын анықтай алады, мысалы, оқытылмаған қолданушы құралдарымен диалогы бар АЖО. Осындай белгі бойынша АЖО классификациясы қолданушының мамандық бағыты бойынша классификациясымен байланысты. Мысалы, меню әдісі бойынша диалогы бар АЖО жетекші персоналға жататын экономист-қолданушыға лайықты емес. АЖО құрамына әртүрлі бағдарламалық компоненттер кіреді, олар - негізгі есептеу функцияларын және диалогты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар, сонымен қатар деректермен басқару жүйелері, трансляторлар, анықтамалық жүйелер, негізгі деректерді, диалог сценарийлерін, нұсқауларды, басқаратын парамерлерді, қателіктер тізімін кірістіретін деректер базасы. АЖО негізгі компоненттері оның құрамын анықтайды және АЖО әртүрлі белгілері бойынша классификациялауға мүмкіндік береді. АЖО-ның соңғы қолданушымен дамуын қамтамасыз ететін, АЖО құралдары шекарасында қолдануына тәуелді, АЖО екі үлкен класқа бөлеміз: қызмет ететін және интеллектуалды. Олардың екуіде әртүрлі қолданушы үшін тағайындалуы мүмкін. Бірақта, сонда да кейбір қолданушылар туралы алдын-ала ана немесе басқа АЖО қолданушысы бола алмайды деп айта аламыз. Мысалы, қызмет көрсететін қызметшілер (іс жүргізетінділер, хатшылар) олардың орындайтын функцияларының ерекшеліктеріне байланысты интеллектуалды АЖО керек етпейді (өздерінің тікелей қызметтерінде). Ұйымдастырылған басқару сфераларында қызмет көрсететін АЖО келесідей бола алады: - ақпаратты-анықтамалық; - есептеуіш; - мәтінді өндейтін. Интеллектуалды АЖО деректерге және білімге бағытталған деп екіге бөлуге болады (даталогиялық және фактологиялық). Ақпаратты-анықтамалық АЖО қандай да бір басқару процесіне қызмет көрсетеді. Даталогиялық типті интеллектуалды АЖО деректер базаларын және қолданушылар тілдерін кең қолдануға негізделінген. Мұнда қолданушы өз бетімен деректер базасын және тілдерді өзгерте, далогтык мүмкіншіліктерін түрлендіре алады. Осындай АЖО-да білімдер базасы жоқ болады, яғни басқарылатын объектінің осы немесе басқа қасиетіне түсініктемені қамтамасыз ететін ережелерді сақтауға мүмкін жоқ. Білімдер базасы негізгі компонент болып фактологиялық типті АЖО құрамына кіреді. Фактологиялық АЖО сонда пайдалы, егер АЖО шарттарында жұмыс жиналған тәжірибемен және оның негізінде логикалық шығарылумен анықталатын болса. Ұйымдастырылған басқаруды автоматизациялау рамкаларында іске асырылуы қажет бірнеше негізгі функцияларды белгілейік: интерпретация (пәндік аймақтағы деректердің және фактілердің, олардың өзара қатынасын және жүйесін орнату үшін, анализдеу және сипаттау); диагностика (басқарылатын объектінің күйін, жағдайын іздеу, анықтау және сипаттау); мониторинг (АЖО функционалдануын қадағалау және алынған нәтижелерді тіркеу); жоспарлау (берілген әрекеттер жүйелілігін қамтамасыз ету); жобалау (қолданушылық интерфейстерді және дамуды қамтамасыз ету). 1.3.2 АЖО-дың классификациясы АЖО индивидуалды, топтық, коллективті болуы мүмкін. Топтық және коллективті АЖО-да ЭЕМ жүйесінің эффекитивті функционалдану мақсатында – мамандарға (коллективке) АЖО-да жұмысты ұйымдастыруға талаптарды қаттылау және осындай жүйеде әкімшілік ету функцияларын дәл анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, иілгіш, түрақты дамуға және толық жетілдірілуге лайықталынған болуы қажет. Мұндай жүйеде келесілер қамтылу керек: ақпараттарды өндеудің машиналық құралдарға мамандардың неғұрлым жақын болуы; диалогтік режимде жұмыс істеу; АЖО эргономика талаптарына сәйкес жабдықталуы; Компьютердің жоғары өнімділігі; қиын процестердің максималды автоматтандырылуы; мамандардың олардың творчестволық белсенділігі ынталандыратын, келешекте бұдан былай жүйе дамуына себепті болатын, еңбек шарттарымен моральды қанағаттануы; мамандарды өз бетімен оқыту мүмкіндігі. АЖО-да шешілетін есептерді шартты екіге бөлуге болады: ақпараттық және есептеуіш. Ақпараттық есептерге ақпаратты кодтау, классификациялау, жинау, құрылымдық ұйымдастыру, түзету, сақтау, іздеу және шығару жатады. Жиі ақпараттық есептер күрделі емес арифметикалық және текстік мінездемелі есептеуіш және логикалық процедураларды және қатынастарды (байланыстарды) кірістіреді. Ақпараттық есептер ереже бойынша ең көп еңбекті болып табылады және мамандардың жұмыс уақыттарының үлкен бөлігін алады. [9]. Есептеуіш есептер формализацияланатын да, толық формализацияланбайтын да бола алады. Формализацияланатын есептер формальды алгоритмдер базасында шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу есептері және математикалық модельдер негізіндегі есептер. Тікелей есептеу есептер қарапайым алгоритмдер көмегімен шешіледі. Ал көбірек күрделі есептер үшін әртүрлі математикалық модельдерді қолдану қажет. 1.4 Есептің қойылымы Автоматтандырылған жүйенің мақсаты кәсіби одақ қызметкерінің жұмысын автоматтандыру болып табылады. Бұл автоматтандырылған жүйе кәсіби одақтың атқаратын жұмысын толық қамту қажет. Ол үшін келесі тапсырмалар орындалу тиіс: автоматтандырылған жүйелердің қазіргі жағдайына шолу; жүйеннің логикалық құрылымын өңдеу; жүйенің функционалдық құрылымын өңдеу; программалық ортаны таңдау; программалық қамтаманы құру; қолданушыға қолайлы интерфейс жасау. Жалпы талап ретінде интерактивті және графикалық элементтердің көлемі минималды болатынын айта кету керек. 2. Бағдарламалау аймағын таңдау және негіздеу 2.1 Бағдарламалау ортасын таңдау Мен өз дипломдық жұмыстың программалық жабдықты жасаған кезде, қолданушыға жұмыс жасау үшін түсінікті, әдемі интерфейсі бар программаны жасауға қаладым. Сондықтан мен өз программамды Borland Delphi визуалды программалық пакет көмегімен жасауды қаладым. Өйткені Borland Delphi визуалды программалық пакетін көмегімен Windows операциылы жүйе үшін пограмма жасау өте ыңғайлы. Оған қоса программаның мәліметтер базасын мен MS ACCES 2003 мәліметтер базаларды құру процессорында құруды жоспарладым. Сондықтан құрған базаны Delphi визуалды программалық пакетпен байланыстырып қолданушыға ыңғайлы визуалды кабықша етіп жасауды қаладым. Delphi пакеті қиын программаларды программалаудың қарапайым және әрлеу әдістерімен құруға арналған. Программамен жұмыс істегенде екі екі стадияға бөлуге болады. Бірінше стадия – жобалау стадиясы. Бұнда программа бөлек құрама бөліктерден құралады да оған қажетті параметірлерімен мінездемелер белгіленеді. Дәл осы стадияда әлі программа жұмыс атқарғанға дейінгі нәтижелерін көруге болады және визуалды программалаудың әдістері қолданылады. Екінші стадия – программаның жұмыс атқару стадиясы және аралық, үшінші стадияны бөліп қарастыруға болады. Бұл стадияны – тексеру стадиясы деп атаймыз. Тексеру кезінде программаның қателіктерін, дұрыс жұмыс атқарылуын қарастырады. Жобалау болімінде бірнеше файлдар құрастырылып қолданылады. Негізгі бөлігі жоба (Borland\Turbo Pascal – да бұл бөлік программа деп аталған). Жоба орналасқан файл *.dpr кеңейтілуімен. Әдеттебұл бөлік бүкіл программаның жинақтауыш бөлігі болып келеді, бірақ керек жағдайда өзіне қажетті өзгертулер енгізуге болады. Программаның жұмыс істеу стадиясында әртүрлі динамикалық кітапханалы файлдарды (DLL – Dynamic Link Library) қолданылуы мүмкін, кеңейтілуі *.dll. Программаның жұмыс істеу барысында әртүрлі текстік немесе текстік емес файлдарды қолданылуы мүмкін, мұнда қажетті мәліметтер орналасады. Delphi – дің жұмыс барысында жоғарыда айтылған файлдардан басқа керк жағдайларда ресурсты файлдар құрастырылады, кеңейтілуі *.res – бұл жоба үшін, ал *.dfm – файлдың модулі үшін және *.dcr – компонент кітапхасының элементтері үшін. Delphi ортасын - программалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандығы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір – бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады. Delphi ортасы – коптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі: негізгі терезе (Project 1). обьектілі бақылаушысының терезесі (Object Inspector). формаларды құрастырушының терезесі (Form1). программа кодының терезесі (Unit1). 2.2 МББЖ‑н сипаттау 2.2.1 Жалпы түсінік Жүйе аясында бiр мезгiлде бiрыңғай тұтас ретiнде, сан алуан элементтердiң жиынтығында алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу мүддесiмен бiрiктiрiлген ретiндегi кез – келген нысан ұғынылады. Жүйенi сондай–ақ нақты қолданбалы мiндеттердi шешу үшiн есеп айырысуды құжаттау мен басқаруды жүргiзудi процедураларымен толықтырылған көптеген бағдарламалар саналады. ''Жүйе'' ұғымына ''ақпараттық'' сөзiн қосу оның құрылу және қызмет ету мақсатын бейнелейдi. Ақпараттық жүйе кез–келген саладағы мiндеттерге шешiм қабылдау процесiнде қажет ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, iздестiру, берудi қамтамасыз етедi. Ақпараттық жүйе – алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу мүддесiне ақпаратты сақтау, өңдеу және беру үшiн пайдаланылатын құралдар, әдiстер мен адамдардың жиынтығымен өзара байланысты. Компьютер мен ақпараттық жүйенiң арасындағы айырмашылықты ұғыну қажет. Арнайы мамандандырылған бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер ақпараттық жүйе үшiн техникалық база және аспабы болып табылады. Ақпараттық жүйенi компьютермен және телекомуникациямен өзара iс-қимылдағы адамсыз ойлай алмайсыз. Ақпараттық жүйенi ендiруден ненi күтуге болады? Ақпараттық жүйенi ендiру мыналарға қалыптастырады: математикалық әдiстер мен ақыл – ой жүйесiн тағы басқа ендiру есебiнен басқару мiндеттерiн шешудiң ең тиiмдi варианттарын алу; қызметкерлердi жұмыстарын автоматтандыру есебiнен ауыр жұмыстан азат ету; ақпараттың сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету; қағаз пайдаланушыларды магниттiк дискiлерге немесе ленталарға алмастыру, бұл ақпаратты компьютерде өңдеудi мейлiнше тиiмдi ұйымдастыруға және қағаздағы құжаттар көлемiн азайтуға әкеледi; ақпараттар ағынының құрылымын және фирмадағы құжат айналымының жүйесiн жетiлдiредi; өнiм ендiру мен қызметке шығынды кемiтедi; тұтынушыларға қолайлы қызмет ұсынады; жаңа нарықтық жаңалықтарды iздестiредi; фирмаға сатып алушылар мен жеткiзiп берушiлерге түрлi жеңiлдiктер мен қызметтер ұсыну есебiнен тартады; ақпараттық жүйеде басқару құрылымының рөлi; Кез – келген ұйым үшiн ақпараттық жүйенi құру мен пайдалану төмендегi мiндеттердi шешуге бағытталады: |