Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникалық көріністері

  • Қауіп-қатерлі факторлар

  • Диагностика критерийлері Бензодиазепиндерден улану Науқастың шағымдары

  • Клиникалық əйгіленістер

  • Нейролептиктерден улану

  • Науқастың шағымдары

  • Ацетилсалицил қышқылынан улану Науқастың шағымдары

  • Парацетамолдан улану Науқастың шағымдары

  • Кальций каналдарының блокаторларынан улану Науқастың шағымдары

  • Клиникалық əйгіленістері: Жеңіл дəрежелі улану

  • Дифференциалды диагноз

  • Қосымша диагностикалық шаралар тізімі

  • Емдеу тактикасы Ем мақсаты

  • Дəрі-дəрмектік ем: 1. Витальді функцияларды түзету .2. Детоксикациялық (уыттануды қайтару) ем

  • улану шұғыл көмек. улану. Дрідрмектермен, есірткі заттарымен, саыраулатармен, ауыр металл тздарымен, бояыштармен улану кезіндегі алашы кмек. Алкогольмен улану. Жедел кмек


    Скачать 80.48 Kb.
    НазваниеДрідрмектермен, есірткі заттарымен, саыраулатармен, ауыр металл тздарымен, бояыштармен улану кезіндегі алашы кмек. Алкогольмен улану. Жедел кмек
    Анкорулану шұғыл көмек
    Дата07.02.2023
    Размер80.48 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаулану.docx
    ТипДокументы
    #924349

    Дәріс тақырыбы: Дәрі-дәрмектермен, есірткі заттарымен, саңырауқұлақтармен, ауыр металл тұздарымен, бояғыштармен улану кезіндегі алғашқы көмек.

    Алкогольмен улану. Жедел көмек

    Алкогольді ішімдіктерден улану

    Қазіргі уақытта медициналық жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша тұрмыстық уланулардың жиірек кездесетін түрі – алкоголь және оның суррогаттармен уланулар.

    Алкогольмен улану

    Алкогольмен улану этил спиртін немесе 12%- тен жоғары этил спирті бар сусындарды қабылдағанда дамиды.

    Этанол – өзінің психотропты әсеріне байланысты, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тежелу процесстерін төмендетеді.

    Ал ауыр түрдегі улануларда- ми клеткаларының метоболизмінің өзгеруіне қарай және оттегінің жетіспеуіне байланысты, қозу процесстері тежеледі.

    Алкогольды кома қандағы этанолдың құрамы шамамен 3 гл-ге жеткенде дамиды, ал 5-6 гл-ге көтерілгенде өлімге душар етеді. Ал 96% 300 мл-дей этил спирті ашқарынға қабылданса, өлімге әкелуі мүмкін.

    Клиникалық көріністері: Науқас есінен танады. Тері жамылғыларынан суық, жабысқақ тер шығып, беті қызарады, дене қызуы төмендей түседі, құсады. Зәрі мен нәжісі еріксіз бөлінеді. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы төмендейді. Патологиялық рефлекстер пайда болады. Қарашығы тарылады, ал тынысы бұзылған сайын, қарашығы кеңейе түседі. Тынысы сиреп, пульсі жиіленеді, әлсіз болады. Кейде тырысулар байқалып, құсығын жұтып қояды, ол ларингоспазмға әкеліп соғады.

    Механикалық асфиксияның эсерінен тыныс тоқтап қалады. Ары қарай, жүрек – қантамыр жүйесінің қызметі әлсірей түседі.

    Жедел жәрдем шаралары.

    Асқазанды жуу;

    Ауыз қуысын тазалау, жұтқыншақтағы кілегейді сорып, тазалап отыру, тілді бекіту;

    Бронхорреяны азайту үшін – 0.1 % 1 мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу;

    Бұзылған тыныс жүйесін қалпына келтіру үшін – 2мл кордиамин, кофейн ерітіндісін т/а, к/ т;

    40% 40мл глюкоза ерітіндісін, 10-16 Б инсулин ерітітіндісімен қосып к/т;

    Жұтыну рефлекстері сақталмаса – жасанды аппаратпен тыныс беру және интубация жасау:

    Ацидозды төмендету үшін 4% 500-1000 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу;

    Вит В6 2мл, В1 5мл б/е енгізу;

    Зеңбілге жаткызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.

    Алкоголь суррогаттарымен уланулар. (метил спирті, этиленгликоль, одеколон, лосьон) психотропты, нейротоксикалы, нефротоксикалық әсері бар) өлімге әкелетін мөлшері-100 мл.

    Клиникалық көріністері:

    жүректің айнуы, құсу, көз алдында «шіркейлердің» елестеуі, бастың, іштің ауруы. Тері жамылғылары мен кілегей қабаттары кұрғап, қарашықтары кеңейе бастайды. Сан еттері тартылып, ауырады. Тырысулар басталып, желке тұсының еттері керіледі, қан қысымы алғашында көтеріліп, сонан соң төмендейді. Жүректің соғуы жиілеп,тынысы бұзылады. Науқаста алдымен психомоторлы қозу басталып, содан соң есінен танады. 2-3 тәулік өткен соң көру қабілеті нашарлап, соқыр болып қалуы мүмкін.

    Айқын метоболикалық ацидозға ұшырайды.

    Жедел жәрдем шаралары:

    асқазанды жуу;

    30% 50 мл этил спиртін, әр 3 сағат сайын ішкізу керек; ал егер коматозды күйде болса,

    5% этил спиртін көк тамырға тамшылатып немесе 33% этил спирті көк тамырға енгізіледі;

    25-30 мг преднизолонды к/т;

    5% 2 мл глюкоза еріт к/т;

    4% 50 мл натрий гидрокарбанаты;

    форсирленген диурез; перитонеальды диализ; гемодиализ;

    көру қабілеті бұзылса – атропин, гидрокортизон ерітінділері суборбиталды енгізіледі;

    зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.

    Дәрі дәрмектермен улану

    Дәрі – дәрмектермен улану

    Ацетил салицил қышқылымен улану

    Ацетил салицил қышкылы – аскофен, асфен, цитрамон, натрий салицилаты сияқты дәрі – дәрмектердің құрамына кіреді.

    Психотропты, гемотоксикалық (антикогулянтты) әсері бар;

    Өлімге әкелетін мөлшері: 30 – 40 мг, балалар үшін: 10 мг;

    Клиникалық көрінісі: қозу, эйфория. Бастың айналуы, кұлақта шудың естілуі, есту және көру қабілетінің нашарлауы. Тыныс жиілейді. Сандырақтап, есеңгіреп комалық күйге енеді. Кейде тері астында геморрагиялар пайда болып, мұрыннан, асқазан – ішек жолдарынан қан кетуі мүмкін. Ары қарай метгемоглобинемия, токсикалық нефропатия, метоболикалық ацидоз дамиды.

    Жедел жәрдем шаралары:

    Асказанды жуу, 50 мл вазелин майын ішке қабылдау;

    Қан кеткенде- 2 мл дицинон ерітіндісімен, 10% 10 мл кальций хлориді ерітіндісін к/т енгізу

    Қозуларда – 2.5 % 2 мл аминазин ерітіндісін б/е;

    Аурухананың токсикология бөліміне жеткізіледі;

    Антигистаминді дәрі -дәрмектермен улану

    Антигистаминді дәрілердің (димедрол, супрастин, пипольфен т.б) нейротоксикалы, психотропты әсері бар. Өлімге әкелетін мөлшері – 40 мг/кг шамамен;

    Клиникалық көріністері: Ауыздың, жұтқыншақтың құрғауы, ұйқышылдық, жүректің айнуы, бастың айналуы, көру қабілетінің бұзылуы, тахикардия. Тері жамылғылары құрғап, бозғылттанады. Қарашықтары кеңейеді. Ары қарай қимыл және психикалық қозулар, тырысулар байқалып, науқас есінен танып қалуы мүмкін. Қан қысымы төмендеп, тынысы әлсірейді.

    Жедел жәрдем шаралары:

    Егер дәрі ішке қабылданған болса, онда асқазанды зонд арқылы жуу қажет;

    0.1 % 1 мл физостигмин ерітіндісін тері астына, қайталанып салынып отырады. Егер қатты қозу күйі байқалмаса, 1 % 1 мл пилокарпин ерітіндісін қайта салуға болады.

    Ал қозу күйінде болса -2.5 % 2 мл аминазин ерітіндісі енгізіледі;

    Тырысулар байқалса -5 -10 мг седуксен к/т ;

    Науқас аурухананың токсикология бөлімшесіне жеткізіледі;

     Психотропты дәрі дәрмектермен уланулар

     Барбитураттармен улану дәрігерлер тәжірибесінде жиі кездесетін уланулардың бірі болып табылады. Барбитураттар көп жылдан бері суицидалдық әрекеттер үшін қолданылып келген дәрілердің қатарына жатады.

    Токсикалық әсер ету  механизміне қарай оларды 3 топқа бөледі:

    ұзақ әсерлі (8-12 сағат) – барбамил, этаминал натрий, фенобарбитал;

    орташа әсерлі (4-6 сағат )- барбамил, этаминал, натрий;

    қыска әсерлі (1-2 сағат)- гексенал, тиопентал натрий;

    Өлімге әкелетін мөлшері шамамен 1 – 2 гр.

    Клиникалық көріністері:

    4 сатыдан тұрады:

    Ұйқыға бату сатысы. Ол ұйқышылдық, апатия, атаксиямен сипатталады.

    Беткейлік кома сатысы. Есінен танады. Қарашықтары тарылады. Қарашық рефлекстері сақталады. Ауыру тітіркендіргіштерге реакциясы болады. Бұлшық ет гппотониясы және де патологиялық рефлекстер пайда болады. Гиперсаливация, бронхоррея, құсық массасының аспирациясы салдарынан тыныс бұзылады.

    Терең комаға бату сатысы. Қарашықтары кеңейеді, тынысы – сирейді. Пульсі әлсізденіп, тері жамылғылары көгереді. Диурезі азаяды. Рефлекстері жоғалады.

    Комадан кейінгі күй. Тұрақсыз неврологиялық симптоматика (птоз, атаксия т.б). Депрессия, тромбоэмболиялық асқынулар дамуы мүмкін.

    Жедел жәрдем шаралары:

    Жуан зонд арқылы асқазанды жуу, 6 сағат сайын қайталап отыру

    Сифондық клизма;

    40 % -500 мл глюкоза ерітіндісін, 5 мл аскорбин қышқылын,

    8 Б инсулинді қосып көк тамырға енгізу,

    4 % 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу,

    лазикс 4-6 мл көк тамырға енгізу,

    тыныс аналептиктерін (20 % камфора, кофеин, бемегрид) тек беткейлік кома сатысында ғана енгізуге болады ;

    Зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.

    Жіктемесі:

    - жіті улану, созылмалы улану;

    - кездейсоқ улану, əдейі улану;

    - тұрмыстық улану, өндірістік улану;

    - жекебастық улану, топтық улану, жаппай улану;

    - удың организмге түсу жолы бойынша – тері арқылы улану, ауыз арқылы улану, инъекциялық улану, ингаляциялық улану жəне т.б;

    - ауырлық дəрежесі бойынша – жеңіл дəрежелі улану, орташа дəрежелі улану, ауыр дəрежелі улану.

    Қауіп-қатерлі факторлар

     

    Қауіп-қатерлі факторлар: психикалық жəне наркологиялық аурулар, психоэмоциялық ауытқымалылық, химиялық заттектермен, өнімдермен жұмыс істегенде сақтық техникасын орындамау.

    Диагностикасы

     

    Диагностика критерийлері


    Бензодиазепиндерден улану


    Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйықтағысы келе беру (ұйқы басу), бас ауыру, тəлтіректеп жүру. Токсикологиялық анамнезіндегі мəліметтер.

    Клиникалық əйгіленістер: тілі күрмеліп баяу сөйлеу, атаксия (тəлтіректеу), уланудың бастапқы кезінде миоз (қарашық кішірейіп кету), есеңгіреу, есінен тану, рефлекстері əлсіреп кету. Ауыр жағдайларда: тыныс алуы тежелу, брадикардия, шок дамуына ұласқан гипотензия, гипотермия, мидың гипоксиялық зақымдануынан туындаған мидриаз.


    Нейролептиктерденулану (фенотиазин туындылары; тиоксантен туындылары, бутирофенон туындылары) 


    Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйқысы келе беру, бас айналу, енжарлық, жүрек айну, құсу, асқазан тұсын ауыр сезіну.

    Клиникалық əйгіленістер уланудың ағымы бойынша 2 типке бөлінеді:
    - тыныс орталығы функциясының тежелуі басым болып білінетін улану;

    - экзоуыттық шокқа ұласатын қантамырлық коллапс басым болып білінетін улану.

    1-ші тип 2-ші типке ауысып кетуі де мүмкін. Клиникалық əйгіліністерінде енжарлық, адинамия, ұйқышылдық, жүрісі бұзылу байқалады. Бұлшықет тонусы нашар. Бара-бара ұзақ ұйқы басады. Қарашықтары үлкейген, кейде кішірейіп кетуі мүмкін. Денесі (терісі) жəне сілемейқабықтары құрғақ. Орташа дəрежелі улану кезінде нерв жүйесінің функциясы əлсіреу фонында антихолинэргиялық синдром белгілері пайда болады. Желке тұсы бұлшықеттерінің сіресуінен, қарысып қалуынан мəжбүрлі тыжырыну, мойны қисаю, қол-аяқ тартылу т.б. арқылы əйгіленетін бұлшықеттік дистония белгілері болуы мүмкін.

    Атетоз тəрізді құрысқақ болуы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесінде (ЖҚЖ): ЭКГ-де Т-ирек инверсиялануы, ST жылжып кетуі, артық иректер пайда болуы, кейде экстрасистола шығуы, АВ блокада пайда болуы мүмкін. Тахикардия – 1 минутта 120 рет жүрек соғуы, АҚ (артериялық қысым) төмен, тынысы əлсіреген, ентікпе болуы мүмкін.


    Ауыр дəрежелі улану кезінде кома дамиды, тыныс бұзылады, түсі бозарған, көгерген, жабысқақ мұздай тер басқан, қарашықтары жарық түсіргенде реакция бермейді, жүрек жұмысы əлсірейді, АҚ түсіп кетеді, тамыр соғуы жиі жəне клонустық құрысқақ ұстайды.

    Өлімнің басты себебі тыныстық орталықтың салдануынан жəне жүректің функциялық жіті жеткіліксіздігінен болады. Ауыр дəрежелі улану кезінде көп жағдайда өкпе ісінуі, кейде ми ісінуі болады. Уланудың асқынуынан нефропатия, қуық бұлшықетінің салдануы, ішектің динамикалық түйнегі, рабдомиолиз, уыттық гепатопатия, өкпенің салдарлық инфекциялық қабынуы дамиды.


    Ацетилсалицил қышқылынан улану


    Науқастың шағымдары: құсу, кейде кофе тұнбасы тəрізді құсық шығу, ентігу, тершеңдік, құлағы шулау, мазасыздық, енжарлық.


    Клиникалық əйгіленістер: организмдегі ҚСТ бұзылуы - алғашқы кезде компенсациялық тыныстық алкалоз дамиды, кейін компенсациялық мүмкіншілік таусылған кезде метаболизмдік (алмасымдық) ацидоз дамиды.


    Уланудың клиникалық көрінісі екі фазалы болып өтеді:

    1-ші фазасы: дəрі қабылдағаннан кейін кем дегенде 6 сағат өткесін бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек жиі соғады, ентігеді дем алуы минутына 50 ден асып кетеді, жүрегі айниды, құсады, психомоторлық қозу (еліру) пайда болады.

    2-ші фазасы: 12 сағат өткеннен кейін – сопор, кома ауыр ентігу, гиперемия, гиповолемия, құрысқақ пайда болады, ішек функциясы бұзылады, гемокоагуляция бұзылады, асқазан мен ішектен қан кетеді, өкпенің кардиогендік емес ісінуі, коллапс дамиды.


    Парацетамолдан улану


    Науқастың шағымдары: іші ауыру, жүрек айну, құсу, тəбет жоқтығы, əлсіздік, ұйқысы келе беру.


    Клиникалық əйгіленістері: парацетамолдан уланудың клиникалық ағымын 3 сатыға бөлуге болады:


    I-сатысында бейспецификалы (телімсіз) симптомдар парацетамолды қабылдағаннан кейін 14 сағат ішінде білініп əрі қарай бірнеше тəулік бойы сақталуы мүмкін. Көп жағдайда асқазан-ішек бұзылыстары басым болып білінеді. Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) функциясы айтарлықтай əлсіремейді. Бауыр зардапталу белгілері жоқ, аминотрансферазалардың деңгейі қалыпты шамада болады.

    II-сатысында олардың деңгейі жоғарылайды, сонымен қатар билирубин деңгейі жоғарылауы, протромбиндік уақыт ұзаруы мүмкін. Егер 2 тəуліктен кейін бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалса, көп жағдайда, бауырдың айтарлықтай зардапталмағандығын білдіреді.

    III-сатысында ЛДГ, АЛТ, билирубин деңгейі жоғарылайды, ең айқын байқалатыны үшінші-бесінші күндер аралығы. Протромбиндік уақыт ұзарады, соның салдарынан қан ағу болуы мүмкін. Миокард жəне бүйрек зардапталуы мүмкін, бірақ бұл ағзалардың зардапталуы бауырдыкімен салыстырғанда əлдеқайда жеңілдеу. Ауыр жағдайларда бауырдың некроздық зақымдану симптомдары білінеді: сарғаю, гипогликемия, қан ұйығыштығы бұзылу, энцефалопатия.


    Кальций каналдарының блокаторларынан улану


    Науқастың шағымдары: жүрек айну, құсу, бас айналу, жүрек баяу соғуы (брадикардия), жалпы əлсіздік.


    Клиникалық əйгіленістері:


    Жеңіл дəрежелі улану: есі түзу, ЭКГ-да – шамалы брадикардия (60-50 рет/мин.), атриовентрикулалық (АВ) өткізгіштігі 0,20-0,22 сек-ке дейін баяулайды, Гис будасы тармақтарының жартылай блокадасы (0,09-0,11 сек.), əлсіздік, артериялық қысымы қалыпты деңгейде.


    Орташа дəрежелі улану: жалпы əлсіздік, ЭКГ-да 1-2 дəрежелі атриовентрикулалық (АВ) немесе синоатриялық (СА) блокада, 30% жағдайда Гис будасы тармақтарының толық блокадасы дамуы мүмкін. Науқастың түсі (тері түсі) бозарған, артериялық қысымы (АҚ) 110/60 мм сын. бағ., жүрек соғуы 1 минутта 55-40 рет шамасында.


    Ауыр дəрежелі улану: өте айқын брадикардия (1 минутта 40-тан кем), бозарған, тері түсі мəрмəр тəрізді, артериялық қысым (АҚ) 90/60-70/40 мм сын.бағ., азтолымды жəне сирек пульс, жүрек үні нашар естіледі. ЭКГ-да жүрекше-қарыншалық (АВ) немесе синоатриялық (СА) блокада (2-3 дəрежелі), QRS ирегі 0,16-0,18 сек. шамасында ұзарған. Бұл дəрежелі блокада 38% жағдайда жүректің жиырылу жеткіліксіздігі дамуына жəне препарат ішілгеннен кейінгі 3-12 сағат аралығында жүректің кенет тоқтап қалуына себепші болады.


    β-адреноблокаторлардан улану (адренобөгеуіштерден) 


    Клиникалық əйгіленістері: препаратты уытты мөлшерде қабылдағаннан кейін жүрек соғуының жиілігі жəне ырғағы бұзылады (брадикардиялық тип) кейде жаппай бөгеліс дамиды, миокард əлсіздігі, сонымен қатар дозасына жəне организмнің бастапқы жағдайына байланысты артериялық қысым түсіп кетеді (немесе көтеріліп кетеді), кардиогендік шок немесе өкпе ісінуі дамиды. Бронхоспазм пайда болады, соның салдарынан диспноэ (тыныс алу бұзылуы), цианоз (көгеріп кету) білінеді, ацидоз, гипогликемия дамиды. Шаршағандық, бас ауыру, жүрек айну, іш өту, аузы құрғап кету, өте сирек жағдайда − депрессия, галлюцинация, еліру, құрысқақ, көруі бұзылу байқалады. Бета адреноблокаторлардан уланудың ауыр дəрежеде білінуі негізінен кардиоуыттылық əсердің күштілігімен байланысты.


    Жеңіл дəрежелі улану: науқастың есі түзу. Кейде жүрек айниды, құсу сирек кездеседі, аздаған брадикардия (жүрек соғуы минутына 50-55 рет), артериялық қысым қалыпты деңгейде болады. ЭКГ-дан синустық брадикардия бары, кей жағдайда 1-ші дəрежелі АВ-блокада (РQ 0,22-0,26 сек.) байқалады.


    Орташа дəрежелі улану: сəл айқындау брадикардия (пульс минутына 40 рет) байқалады, мұндайда жүрек лықсытуы азаю синдромының орташа белгілері білінеді, тамыр серпуі жұмсақ болады, тері түсі бозғылт, шамалы мəңгірегендігі байқалады. Артериялық қысым шамалы төмендейді − 100/60-90/60 мм сын. бағ. ЭКГ-дан синустық брадикардия (жүрек соғуы минутына 45-55 рет), жүректің синоатриялық өткізгіштігі бұзылуы, қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуы Гис будасы тармағының жартылай немесе толық блокадасы (QRS 0,12 сек-қа дейін) арқылы байқалады, қан құрамындағы калий деңгейі сəл азаюынан миокардта метоболизмдік өзгерістер барын көруге болады. Орталық гемодинамика бұзылады: қанның лықсытылған көлемі, минуттық көлемі сəл азаяды немесе қалыпты болады, жалпы перифериялық тамырлық кедергі (ЖПТК) компенсациялық механизм арқылы артады. Жүректің жиырылғыштық функциясы (ЖЖФ) 20-30% төмендейді.


    Ауыр дəрежелі улану: клиникалық ағымның ауырлығы жүректің жиырылу күшінің азаюымен жəне кардиогендік шокпен байланысты. ЭКГ-да қауіпті формада айқын ПКЭ байқалады - Гис будасы тармақтарының бірі толық блокадаға шалдығуынан QRS ирегі 0,12 сек-тан артық жəне деформацияланған. Синустық брадикардия (жүрек соғуы минутына 40 реттен кем). Сирек түйіндік ритмге ауысып кету қаупі бар, ұзақ кезеңді асистолиялы (1:3-1:4), 2-ші дəрежелі, 2-ші типті СА жəне АВ блокадалар дамуы мүмкін. Аталған бұзылыстардың салдарынан жүрек кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.
    Кардиогендік шок симптомдары: азтолымды сирек пульс, тері түсі бозарып (мəрмəр тəріздені) кетуі, мидриаз, ауық-ауық есінен тану, артериялық қысым түсіп кетуі байқалады. Жүрек лықсытуы төмендейді жəне жалпы перифериялық тамырлық кедергі (ЖПТК) 2,5-3,5 есе артып кетеді, жүректің жиырылғыштық функциясы (ЖЖФ) 50-70% төмендейді. Гомеостаз бұзылыстары шоктық жағдайды бейнелейді – гипокалиемия, ацидоз, қанның оттектік градиент көрсеткіштері төмендейді.


    Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

     

    Дифференциалды диагноз: емдеу тактикасында көрсетілген.


    Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

    1. Несептегі уытты заттектерді анықтау.

    2. Қанның жалпы анализін жасау (6 көрсеткіш бойынша).

    3. Қандағы уытты заттектің концентрациясын анықтау.

    4. Несептің жалпы анализін жасау.

    5. Калий ⁄ натрий деңгейін анықтау.

    6. Кальций деңгейін анықтау.

    7. Хлоридтер деңгейін анықтау.

    8. Қалдық азот деңгейін анықтау.

    9. Креатинин деңгейін анықтау.

    10. Жалпы нəруыз (протеин) деңгейін анықтау.

    11. АЛТ деңгейін анықтау.

    12. Билирубин деңгейін анықтау.

    13. Микрореакцияны тексеру.

    14. Электрокардиограммасын тексеру.

    15. Кардиомониторлық тексеріс жасау.

    16. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік көрсеткішін зерттеу.

    17. АСТ деңгейін анықтау.

    18. Нəжістегі ішекқұрттар жұмыртқасын анықтау.

    19. Коагулограммасын тексеру.

    20. Қанның газдық құрамын тексеру.

    21. Эзофагогастродуоденоскопия жасау.

    22. Бауырды, ұйқыбезді, бүйректі ультрадыбыстық аппаратпен тексеру.


    Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

    1. Глюкоза деңгейін анықтау.

    2. Диастаза деңгейін анықтау.

    3. Несептегі алкоголь деңгейін анықтау (Карандаев əдісімен).

    4. Невропатологқа қарату (невропатолог консультациясын алу).

    5. Психиатрға қарату (психиатр консультациясын алу).

    6. Бассүйек, көкірек клеткасы, құрсақ қуысы R-графиясы.

    Емдеу тактикасы

     

    Емдеу тактикасы


    Ем мақсаты: бауырлық жетіспеушілік сияқты қолайсыз жағдайлардың, байыр алмастыру жəне өлімнің алдын алу, жанама əсерлердің минимум туындауына алып келу.


    Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.


    Дəрі-дəрмектік ем:


    1. Витальді функцияларды түзету.


    2. Детоксикациялық (уыттануды қайтару) ем:

    2.1 Құстыру арқылы асқазанды тазарту (егер қарсы көрсетілімдер болмаса түтік арқылы асқазанды жуу);

    2.2 Ішекті тазарту: макрогол 4000 3-4 литр немесе тазарту клизмасын жасау; неостигмин 0,05% 1,0 бұлшықетке;

    2.3 Активацияланған көмір ішкізу − 1 г/кг дене салмағына;

    2.4 Гемодилюция (инфузиялық ем): коллоидты, криссталоидты ерітінділер, көрсетімдер бойынша көлемдегі форсирленген диурез;

    2.5 Антидоттық заттектер (уытқайырғы заттектер) уыттандырған агенттің түріне байланысты тағайындалады:

    - бета адреноблокаторлардан уланған жағдайда позитивті инотропиялық əсері бар глюкагон тағайындалады (бастапқы дозасы 4-10 мг венаға).
    - нифедипиннен, верапамилден, дилтиаземнен уланғанда кальций препараттарын (кальций глюконаты 2-3 г) жоғары дозалы мөлшерде венаға құяды, адреномиметиктер тағайындалады. Егер улану ұзақ əсерлі препараттан болса ішекті шаю емшарасы жасалады;

    - бензодиазепиндерден уланғанда берілетін уытқайырғы (антидот) − флумазенил. Оның 0,3 мг-ын венаға 15 сек. ішінде құю керек, жəне бұл препаратты əр минут сайын қайталап құюға болады, жалпы құйылатын дозасы 2 г-ға дейін. Флумазенил қысқа мерзімді əсер етеді;

    - парацетамолдан уланғанда ацетилцистеин беріледі, ішкізу арқылы 140 мг/кг, дене салмағына, немесе вена арқылы 20% ерітіндіні декстрозаның 5% ерітіндісіне қосып құяды (150 мг/кг дене салмағына). Уыттық гепатопатия дамып кетпеу үшін гепатопротектор (бауырқорғауыш) дəрілер тағайындалады.

    - ауыр дəрежелі улану жағдайында, көрсетілімдерді ескере отырып, детоксикациялық гемосорбция, гемодиализ, плазмоферез, қанға лазерлік ем жасалады.


    3. Симптоматикалық ем жүргізу негізінен ағзалар мен жүйелердің (тыныстық жүйенің, жүрек-қантамыр, нерв жүйелерінің, асқазан-ішек жолдарының) уыттық зардапталу симптомдарын басуға, қышқылдық-сілтілік жəне су-электролиттік балансын қалпына келтіруге бағытталады:

    - ацетилсалицил қышқылынан уланғанда Н2-блокаторлар: ранитидин, омепразол; антацидтер: смектит тағайындалады;

    - психомоторлық қозу, еліру білінген жағдайда седативті (тыныштандыратын жұбатқы) препараттар тағайындалады: диазепам 5-10 мг/венаға, ГОМҚ (гаммаокси май қышқылы);

    - тамырішілік шашыранды ұю (ТШҰ) синдромы дамыған жағдайда, даму сатысына байланысты гемостатиктер (қантоқтатқылар), антиагреганттар, антикоагулянттар тағайындалады, қан препараттарын (жаңа тоңазытылған плазма, криопреципитат) тамырға құяды.

    Өлу үшін улану (суицидтік улану) жағдайында психиатрға тексерту қажет.


    Профилактикалық шаралар: жоқ.


    Әрі қарай жүргізу: жоқ.

    Наркотикалық заттармен улануда шұғыл көмек.

    Мақсаты: Ағзаға удың енуін тоқтату және ағзаны удан тазарту.

    Құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, оттегі баллоны, маска, дәке салфеткасы, леген, клеенка, су, стерильді асқазан зонды, воронка,

    Стерильді: бір рет қолданылатын шприцтер, мақта домалақтары, этил спирті 70%, резеңке жгут, қолғап, дезерітіндіге салынған пинцет, лоток.

    Дәрілік заттар: 4-6мл 20% кофеин ерітіндісі,физ.ерітінді, 2мл кардиамин ерітіндісі, налоксон ерітіндісі 0,05% 4мл, 5% 400мл глюкоза ерітіндісі, 400мл реопогликин ерітіндісі, 4%-300мл натрий гидрокарбонаты

    Іс- әрекет алгоритмі:

    1.Асқазанды жуу.

    2.Ылғалды оттегін беру.

    3.К/т 4-6мл 20% кофеин ерітіндісін физ.ерітіндіге қосып енгізу.

    4.К/т баяу 2мл кордиамин ерітіндісін құю .

    5.Антидот: к/т налоксон ерітіндісі 0,05% 4мл тыныс алу қалыптасқанша енгізу.

    6.К/т тамшылатып 5% 400мл глюкоза ерітіндісін құю. 

    7.К/т тамшылатып 400мл реополиглюкин ерітіндісін құю.

    8.К/т тамшылатып 4%-300мл натрий гидрокарбонатын енгізу.

    9.Жедел токсикологиялық бөлімге госпитализациялау.

    10.Зембілмен бүйіріне жатқызып тасымалдау.

    Ауыр металдан улану: белгілері, алғашқы медициналық көмек және терапия

    Мазмұны

    Бұл мақалада біз ауыр металмен уланудың белгілерін қарастырамыз. Оларды қалай алып тастау керектігін де айтамыз.

    Ауыр металдар әр адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені олар синтетикалық заттардың, тұрмыстық химияның, топырақтың, жауын-шашынның, ауаның және т.б. егер бұл мазмұн рұқсат етілген мәндерден аспаса және ауыр металдар оларға зиян келтірмесе ғана.

    Көптеген басқа элементтермен қатар ауыр металдар өсімдіктер мен жануарларда кездеседі, өндірістерде қолданылады, адамдарға таныс заттардың бөлігі болып табылады (дәрі-дәрмектер, бояулар, отын және т.б.).



    Улану қауіпті

    Алайда, ауыр металдар мен олардың химиялық қосылыстары (мысалы, тұздар) жұтылған жағдайда, олар жедел реакция тудырмаса да, жай тіндерде жиналса да, өте қауіпті болуы мүмкін, бұл кейіннен қауіпті аурулардың дамуына, соның ішінде қатерлі ісіктердің пайда болуына әкеледі. гепатит, бауыр циррозы және т.б.

    Улы металдар

    Ауыр металдар - бұл ерекше сипаттамалары бар химиялық элементтер. Олар барлық тіршілік иелері үшін өте улы. Егер адам үлкен қалада, ірі өндірістік кәсіпорындардың жанында тұрмаса, қауіпті өндірістерде жұмыс істемесе, онда мұндай заттармен улану ықтималдығы өте аз деп есептеледі. Алайда, іс жүзінде олай емес. Ауыр металдармен уланудың ең көп тараған себебі - қауіпті химиялық заттарды дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік техникасы. Бұл химиялық қосылыстар басқа жағдайларда да қауіпті. Мысалы, ересектердің салғырттығынан балалар көбіне тыңайтқыштарды, дәрі-дәрмектерді, бензинді, бояуды дұрыс сақтамай зардап шегеді.


    Ластанған суды ішетіндер, қалайы ыдыстарды қолданып тамақ дайындайтындар немесе сақтайтындар, пестицидтер бар тағамдарды жейтіндер, тіпті автомобильдерден шыққан түтінге қаныққан ауамен тыныстайтындар да уланудан болады. Нәтижесінде денеде қауіпті заттар біртіндеп жинала бастайды, ал адамда оларға қарсы иммунитет болмайды. Дене әлсірейді және созылмалы улану белгілері дамиды - алдымен жеңіл (шаршағыштық, әлсіздік түрінде), содан кейін токсиннің түріне байланысты анағұрлым тән.


    Қандай ауыр металдар ең қауіпті және улануды тудыруы мүмкін?

    40-тан астам элемент ауыр металдар санатына жататындығына қарамастан, олардың арасында бірнеше ерекше улы элементтер бар. Олардың тізіміне:

    қорғасын;

    мырыш;

    мыс;

    никель;

    сурьма;

    сынап;

    кадмий;

    висмут;

    талий.

    Бұл элементтердің әрқайсысы денеге белгілі бір зиянды әсер етеді.

    Улану көздері

    Ауыр металдар адам ағзасына келесі жолдармен ене алады:

    өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде және металдардың және қоршаған ортадағы рұқсат етілген концентрациядан асқан жағдайда;

    тіндерде біртіндеп жиналатын өндірістік шығарындылармен;

    автомобильдерден шығатын газдармен бірге ірі магистральдар маңында және ірі қалаларда (көкөністер мен жемістерді немесе саңырауқұлақтарды жинау осындай мас болу қаупі бар);

    ауылшаруашылық жерлерін пестицидтермен және гербицидтермен өңдеу кезінде, олар кейіннен өнімге айналады;

    мұнай өнімдерімен (мысалы, құрамында қорғасын бар бензинмен) - жанармай бекеттерінде жұмыс істегенде;

    инсектицидтерді (жәндіктерден репелленттер) немесе ратацидтерді (тышқандар мен егеуқұйрықтарға қарсы) қолданған кезде;

    құрамында осы заттары бар дәрі-дәрмектерді дозаланғанда;

    темекі түтінін ұзақ деммен жұту кезінде (пассивті темекі шегу кезінде);

    егер сіз бояулардың иісін жұтсаңыз (мысалы, құрамында қорғасын бар ақ қорғасын, жасыл түстер, онда хром бар);

    қалайы ыдыс-аяқ пен тамақ контейнерлерін жасау үшін қолданған кезде;

    құрамында ауыр металл тұздары бар тағамдарды жегенде (мысалы, пестицидтермен өңделген жемістер немесе көкөністер).

    Ауыр металдар ағзаға ас қорыту, тері және тыныс алу жолдары арқылы енуі мүмкін. Ауыр металдардың тұздарымен уланған кезде ағзаның барлық жүйелеріне зақым келеді, бірақ бүйрек пен бауырға ең көп әсер етеді (нефропатия мен гепатит дамиды), жүйке және эндокриндік жүйелер, сонымен қатар жүрек. Сонымен қатар, ауыр металдардың қосылыстары әртүрлі тіндерге түсу (жинақталу) қасиетіне ие. Мысалы, қорғасын сүйек тінінде жиналады. Металлдар өте қиын және оларды жою ұзақ уақытты алады, бұл созылмалы әсер ететін улы факторға айналады.

    Ауыр металмен уланудың белгілері

    Осы химиялық қосылыстармен улану және оның белгілері дененің қандай затпен уланғанына және оның ішіне қалай түскеніне байланысты.

    Булардың ингаляциясы жөтелдің дамуын тудырады, кейде қан қоспалары бар, адамның температурасы көтеріліп, өкпе ісінуі дамуы мүмкін. Улы металл теріге түскенде, жергілікті реакциялар жиі дамиды - дерматит. Тері қызарады, қышиды, бөртпелер пайда болады, қабыну пайда болады. Қанға токсиндерді сіңіргеннен кейін толық клиникалық көрініс пайда болады.



    Ішке қабылдау

    Уытты зат ағзаға ішке кірген кезде келесі жағдайлар белгіленеді:

    аузындағы металл дәмі;

    шырышты қабаттың гиперемиясы;

    жұтқан кезде және өңеште ауырсыну, іштің ауыруы;

    қатты жүрек айну және құсу;

    нәжістің бұзылуы, көбінесе диарея түрінде;

    асқазан-ішек жүйесінің жаралы және эрозиялық зақымдануы және ішкі қан кетуі.

    Жалпы белгілер

    Сондай-ақ ауыр металмен уланудың жалпы белгілері бар.

    Пациенттің беті бозғылт немесе қызыл түске ие болатын қан қысымының ауытқуы - бұл ентігу.

    Қозған, эйфориялық күйде көрінетін жүйке жүйесінің бұзылуы, немесе керісінше, сананың күңгірттенуі, команың басталуы.

    Қозғалыстың бұзылуы: қолдардағы немесе аяқтардағы құрысулар, паралич, жүрістің өзгеруі және үйлестіру.

    Көрнекі галлюцинация, елес, бұлыңғыр көрініс;

    ұйқының бұзылуы

    Бүйрек функциясының қатты бұзылуымен сипатталатын нефропатия, кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің шабуылымен.

    Бауыр функциясының бұзылуы, уланған кезде оның мөлшері көбейеді.

    Қанның биохимиялық сипаттамаларының өзгеруі, эритроциттердің жойылуы, анемия (ICD 10 D50), лейкоцитоз.



    Металдан қатты улану жағдайында пациент өлімге дейін токсикалық шок дамуы мүмкін. Адамды жедел ауруханаға жатқызу және алғашқы медициналық көмек қажет болған кезде кенеттен есінің жоғалуы жиі байқалады.

    Ауыр металдардың әртүрлі түрлерімен улану

    Улы металдар көп, бірақ әр жағдайда ол басқаша болады. Сонымен бірге уланудың диагностиканы жеңілдететін ерекшеліктері бар - белгілі бір токсинді анықтау. Қорғасыннан улану өте қауіпті. Сонымен, қорғасын әйел денесінің репродуктивті жүйесінде орталық жүйке жүйесінің жұмысында қайтымсыз өзгерістер тудырады.

    Сурьма мен оның тұздарымен улану репродуктивті жүйеге кері әсерін тигізеді (әсіресе әйелдер), тері мен өкпе ауруларын (қышу, терінің жарықтары), ауыз қуысында қабынуды тудыруы мүмкін, бұл тәбеттің төмендеуінен салмақ жоғалтуға әкеледі. Таллий металы алопецияның дамуын (фокальды немесе толық тазаруды), сондай-ақ жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Мышьяк организмнің барлық мүшелері мен жүйелеріне - жүрекке, бүйрекке, өкпеге, көбінесе өлімге әкелетін перифериялық жүйке жүйесіне әсер етеді. Кобальт жүрек пен есту мүшелерін зақымдауға бейім.

    Мыс бүйрек, жүйке жүйесі және бауыр қызметінің бұзылуының себебі болып табылады. Ауыр метал сынабы (оның булары ең улы) ауа жетіспеу сезімін, жүйкенің қатты көтерілуін, естен тануды, аяқ-қолдың қалтырауын, қатты тұрақты жөтелді және бас пен іштің ауырсынуын тудырады.

    Кадмий анорексияның дамуына дейін тәбеттің төмендеуін, иіс сезу функциясының әлсіреуін қоздырады, ал зертханалық зерттеулерде зәрде ақуыздың көп мөлшері болады. Бұл ауыр металл репродуктивті және жүйке жүйелеріне кері әсерін тигізеді, бүйректерге, сүйектер мен бұлшықеттерге зақым келтіреді және қолдың құрысуын тудырады. Хром иммундық қорғанысты азайтады және қоректік заттардың сіңуін тоқтатады. Мырыш анемияны тудырады (ICD 10 D50), есту қабілетінің төмендеуі және ұйқының бұзылуы. Марганец жоғары шаршаудың пайда болуын, созылмалы ұйқышылдықты тудырады, реакциялардың жылдамдығын бәсеңдетеді, депрессиялық жағдайларды тудырады.



    Неліктен термометр қауіпті?

    Көбінесе күнделікті өмірде термометрден сынаппен улану белгілері байқалады, әсіресе балаларда. Сондықтан ата-аналар бұл өлшеу құралы балалардың қолына түсіп кетпеуін қадағалаулары керек. Сонымен қатар, ересектерге оны қауіпсіз пайдалану және арнайы ыдыста сақтау ұсынылады.

    Термометрден сынаппен улану белгілері

    Адам өмірі мен денсаулығы үшін ең қауіпті - тыныс алу жолдары арқылы сынаптың (дәлірек айтқанда оның буының) енуі екенін есте ұстаған жөн. Бұл жағдайда зақым бірінші кезекте мақсатты органдарға: ми мен бүйректерге түседі. Бұл металдың буларының ағзаға енуімен орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Улы зат бүйрекке қонып, олардың жұмысын бұзады. Тыныс алу жүйесі сынаптың теріс әсеріне де бейім.

    Олардың шырышты қабаты қабынып, қан тамырларына зақым келуі мүмкін (гемоптиз пайда болады). Ауыр жағдайларда өкпе тінінің ісінуі байқалады. Денеге осы заттың ұзақ әсер етуімен метаболикалық процестер бұзылады, сонымен қатар көптеген созылмалы патологиялар дамиды. Сынаптың қауіптілігі - оның денеде жиналуы (оны шығару өте қиын).



    Алғашқы көмек

    Ауыр металмен улану организмнен токсикалық заттарды блоктау және шығару үшін жедел медициналық көмекті қажет етеді. Үйде емдеу қолайсыз, бірақ адамға улы заттың одан әрі енуін және оның бүкіл денеге таралуын тоқтатуға бағытталған кейбір әрекеттер көмектесе алады.

    Алғашқы медициналық көмек:

    Таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе зардап шегушіні ауа уланған бөлмеден шығару (улы түтінмен ингаляция кезінде).

    Жанаспалы улану кезінде улы зат әсер еткен тері аймағын сабынмен мұқият жуу.

    Ішіне токсиндер енген кезде құсуды және асқазанды шаюды тұзды сумен немесе 2% сода ерітіндісімен арандату (және ауруханада зондпен дәрігерлерге асқазанды жуу мүмкіндігін қалдырған дұрыс).

    Шырышты қабаттардың улы заттарды: тауық протеинін, зәйтүн майын, сүтті, «Алмагель» препаратын сіңіру қабілетін төмендететін қабатты агенттерді қабылдау.

    Ішектегі улы қосылыстарды байланыстыруға және кетіруге арналған энтероабсорбенттерді қабылдау (белсендірілген көмір, «Смекта», «Полисорб»).

    Іш жүргізетін дәрі-дәрмектерді қабылдау (сіз кастор майын немесе сұйық парафинді қолдануға болады) және ауруханада клизма жасалады.

    Емдеу қызметі

    Көптеген адамдар денеден ауыр металдарды қалай алып тастауға мүдделі.

    Бірінші кезекте жәбірленушіге ауруханаға жатқызу қажет. Ауруханада мәжбүрлі диурез уларды кетіретін және бүйректің зақымдануының алдын алу үшін диуретикалық әсері бар сұйықтықтың көп мөлшерін енгізу арқылы жасалады. Осыдан кейін антивеном енгізіледі. Ауыр метал тұздарымен улануға қарсы антидот - улы қосылыстарды бейтараптандыратын юнитиол. Ол сонымен қатар натрий тиосульфатын, қорғасынмен улану үшін ЭДТА қолданады.



    Симптоматикалық терапия

    Осыдан кейін симптоматикалық терапия жүреді - ауырсынуды жою, зақымдалған органдардың жұмысын сақтау, токсикалық шоктың басталуының белгілері мен салдарын жою. Сонымен қатар, ауруханада қан гемодиализ және басқа тиімді әдістер арқылы тазартылады. Гепатопротекторлар бауырға улы жүктемені жеңуге көмектеседі. Болашақта қаннан улардың қалдықтарын тез алып тастау үшін пациенттің денесіне тұзды ерітінді енгізуге болады.

    Емдеу ұзақтығы

    Егер улану дәрежесі ауыр болмаса, терапия 1-ден 2 аптаға дейін созылады. Әсіресе қиын жағдайларда қалпына келтіру кем дегенде 2 айға созылады, содан кейін қалпына келтіру кезеңі өтеді, бұл да ұзақ уақытты алады. Сондай-ақ, улану кезінде мас күйінде ең көп зардап шеккен кейбір органдардың (бауыр, жүйке жүйесі, бүйрек) функциялары толық қалпына келмеуі мүмкін екенін ескеру керек, өйткені ауыр металдардың улары ағзаға қайтымсыз процестердің дамуымен жиі әсер етеді.


    написать администратору сайта