Дәріс Жыныс жүйесінің аурулары, жүктілік және босану патологиясы. Дріс Жыныс жйесіні аурулары, жктілік жне босану патологиясы жыныс азаларыны Жне ст бездеріні аурулары
Скачать 55.89 Kb.
|
СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ ФИБРОЗДЫ – КИСТОЗДЫ АУРУЛАРЫ Бұл аурулар әр түрді атпен аталып келген: сүт безінің дисплазиясы, мастопатиялар, фиброаденоматоз. Қазіргі танда фиброзды-кистозды патологияның кистозды, пролиферативті және склероздаушы аденоз деген түрлерін ажыратады. Бұл аурулардың клиникалық белгісі сүт бездерінде көлденеңі 2-3 см түйіндердің табылуы. Фиброзды-кистозды аурудың кистозды түрінде сүт бездерінде үлкендіктері әртүрлі кисталар пайда болады, олардың іші жартылай мөлдір сұйықтықпен толған, айналасына дәнекер тін өсіп кетеді. Микроскопта қарағанда майда кисталардың ішкі қабаты текше тәрізді, цилиндрлік, кейде көпқабатты эпителиймен қапталған. Бұл эпителий сорғыш тәрізді құрылымдар түзеді. Ірі кисталарда эпителий қабаты бірте-бірте жазықталып, атрофияланады. Фиброзды-кистозды аурудың пролиферативті түрінде без бөліктерінің, өзектерінің эпителиі пролиферацияланып (көбейіп) өсе бастайды. Олар тығыз жайғасқан (солидті) немесе бүртіктенген (папиллярлы) құрылымдар түзеді. Без альвеолаларында криброзды (тор тәрізді) құрылымдар пайда болады. Егер эпителий жасушаларының арасында атипиялық өзгерістер пайда болса, оны атипиялық эпителиалдық гиперплазия деп йтайды. Бұл патология сүт бездерінің ракалды өзгерістеріне кіреді. Склероздаушы аденоз майда альвеолалар мен өзектердің пролиферациясымен, бөлік ішілік фиброзбен сипатталады. Пролиферация нәтижесінде бездер тығыз орналасқан, сондықтан, ол аденоз деп аталады. Аурудың фиброз кезеңінде дәнекер тін өсіп кетіп, безді құрылымдарды ығыстыра бастайды, түйіндер қатты болады. СҮТ БЕЗДЕРІНІҢ ІСІКТЕРІ Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге фиброаденома жатады. Бұл ісік түйін тәрізді өсіп, консистенциясы қатты болады. Микроскоптық көрінісіне қарап оларды интраканаликулярлық және периканаликулярлық аденомаларға бөледі. Интраканаликулярлық аденомада дәнекер тін без өзегінің ішіне бойлай кіреді, периканаликулярлық аденомада олар өзекті айнала жайғасады. Өзек ішілік папиллома. Әдетте бұл көлденеңі 1 см-ден аспайтын жеке түйін түрінде өседі. Микроскопта қарағанда ісіктің сүт безі жолдарының ішінде бүртіктеніп өсетіндігі көрінеді. Ісік бүртіктері бірқабатты немесе екіқабатты эпителиймен қапталған. Сүт бездерінің қатерлі ісіктері Сүт бездеріне тән қатерлі ісіктерге бөлікше ішілік сіңіп өспейтін (инвазиясыз) рак; өзекшілік сіңіп өспейтін рак, сіңіп өсетін рактар және Педжет ауруы жатады. Бөлікше ішілік сіңіп өспейтін рак без эпителиінің соңғы бөліктерінен және бөлекшеішілік өзектерден өседі. Оның солидтық және безді варианттары бар. Ісік жасушалары полиморфты, ядролары гиперхромды араларында митоздар да кездеседі. Инфильтрация құбылысы болмағандықтан, оны бөлікшеішілік карцинома in situ "орнықты рак" деп атайды. Өзекішілік (лобулярлық) сіңіп өспейтін рак ісікке тән атипиялық эпителий жасушаларының бүртіктеніп, кей жерде көпқабаттанып, өзек ішін толтыра өсіп кетуімен сипатталады. Ісіктің безеу тәрізді түрінде кеңіп кеткен өзектер көзбен де анық көрінеді, өзектерді сыққанда сол жерден ақшыл қоймалжың зат бөлініп шығады. Бұл құбылыс рак жасушаларының өзек ішіндегі некрозымен түсіндіріледі. Қалған ісік жасушалары ірі, ядролары гиперхромды боялған митоздар көп, бірақ карцинома in situ «орнықты рак» айналасына сіңіп өспейді. Педжет ауруының үш морфологиялық белгісі бар: 1) емізік және оның айналасындағы экземаға ұқсас өзгерістер: 2) осы жердегі эпителий жасушаларынын арасында өзгеше бір ірі ашық ренді, ядролары домалақ гиперхромды немесе ақшыл Педжет жасушаларының болуы; 3) сүт безі өзегінін рагы. Д.И.Головиннің болжамы бойынша, Педжет ауруы бір жерден емес, ауқымды ісік алаңынан: емізік эпителиінен, ірі және әріде жатқан майда сүт безі өзектерінен бір мезгілде дамитын рак. Бұл рактың өсіп-өнуі аймақтарды басып алу (аппозициялық өсу) арқылы жүреді. Сіңіп өсуші (инвазиялық) ісіктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының гистологиялық жіктеуі бойынша сүт бездеріндегі инвазиялық рактардың мына түрлерін ажыратады: 1а. Инвазиялық өзектік карцинома. 16. Педжет ауруымен бірге дамитын инвазиялық өзектік карцинома. 2. Инвазиялық бөліктік рак. 3. Медуллярлық (ми тәрізді) рак. 4. Коллоидты (шырыш түзуші) рак. 5. Тубулярлық рак. Инвазиялық өзектік карцинома сүт бездері карциномасының 3-4 бөлігін құрайды, ісіктің консистенциясы қатты, кесіп қарағанда піспеген картоптың көрінісіне ұқсайды, көлденеңі 3-5 см. Микроскопта қарағанда сүт безінде қатты фиброзды тіннің өсіп кеткендігін, оның арасында қоңыр түсті, атипиялық ісік жасушаларының ұя тәрізді, созылма түрінде немесе майда түтікшелер сияқты жайғасқанын көреміз, бұл өзгерістерді скирр деп атайды. Ісік жасушалары айналасындағы лимфа- және қан тамырларына өсіп кіреді. Инвазиялық бөліктік рак сирек кездеседі (5-10%). Ол көп ошақ түрінде басталады. Ісік жасушалары жеке үяшықтар түрінде немесе бір-біріне жақын, тығыз жайғасады, кейде олар без өзекшелерін айнала өседі. Морфологиясы бойынша оларды скиррге немесе аденокарциномаға жатқызуға болады. Медуллярлық (ми тәрізді) рак. Ісіктің консистенциясы жұмсақ ми тәрізді, шекарасы анық емес. Ісік негізінен цитоплазмасы ашық, ірі, полиморфты жасушалардан тұрады. Жасушалар арасында митоздар көп, яғни ісіктің өсу мүмкіншілігі өте жоғары. Стромасында лимфоидты сіңбелер болады. Коллоидты (шырыш түзуші) рак. Рак жасушалары өзінен көп мөлшерде шырышты заттар бөліп шығарады. Сондықтан, бұл ісік жұмсақ, басып қарағанда іркілдеп тұрады. Микроскопта қарағанда шырышты заттардың арасында топ-топ (ұяшықтар түрінде) немесе жеке-жеке жайғасқан ісік жасушалары көрінеді. Ісік жасушалары шырышты "көлдердің" ішінде табылады. Шырыш бөліп шығару үрдісі жасуша ішінде де болады. Бұл кезде "жүзіктәрізді жасушалар' түзіледі. Кейде ісік жасушалары безді құрылымдар (аденокарцинома) түзеді немесе тығыз жайғасқан (солидті) аймақтарға айналады. Бұл жерлерде атипиялық өзгерістер күшті дамыған. Сүт бездерінің карциномалары лимфа жолдарымен қолтық астындағы, кейін көкірек аралығындағы лимфа түйіндеріне метастаз береді. Қан арқылы метастаздар өкпеде, бауырда, мида, сүйектерде пайда болады. ЖҮКТІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘНЕ БОСАНҒАННАН КЕЙІН ДАМИТЫН АУРУЛАР Жүктілік физиологиялық құбылыс болғанымен кейбір жағдайларда өсіп келе жатқан ұрықпен ана организмі арасында иммунологиялық және де басқа қайшылықтар дамиды. Осының нәтижесінде эклампсия, өз-өзінен түсік тастау, мерзімінен бұрын туылу байқалады. Ұрық элементтерінің өсуі тоқтағанда, оның бүрлі қабығы ерекше өзгеріп желбуаз деп аталатын патология немесе аса қатерлі ісік хорионэпителиома дамиды. Бала туғаннан кейін жатырға инфекция түссе қабыну үрдісі (эндометрит, метрит) өрістейді. Бала жолдасының қалдықтарынан полиптер пайда болады. Аталған сырқаттардың бәрі екі қабат әйел организміне әсер етіп өміріне қауіп тудырады, кейбір жағдайларда ана өліміне әкеліп соқтырады. Эклампсия. Гестоздардың ең ауыр түрі болып, жүктіліктің екінші жартысында, босану кезінде немесе босанғаннан кейін байқалады. Эклампсия клиникада тырысу ұстамасы түрінде басталып науқастың құсып, есінен айырылуына соқтырады. Эклампсияның туындау себептері әлі толығымен анықталмаған. Қазіргі кезеңде оның дамуына ана организмінің іштегі бала мен оның жолдасының белокты заттарына қарсы сезімталдығының өте асып кетуімен байланыстырады. Ана организмі үшін жат заттарға қарсы бағытталған аутоаллергиялық шок түрінде өтуіне себеп болады. Қан тамыры кенересіндегі фибриноидты некроздар және қан тамыры ішінде пайда болатын фибринді тромбтар осы болжамды растай түседі. Патологиялық анатомиясы. Эклампсиядан өлген әйелді ашып көргенде теріде сарғаю, денесінде ісіктер, бауырда, мида, өкпеде және бүйректерде өте ауыр морфологиялық өзгерістер көрінеді. Бауыр үлкейген, кесіп қарағанда күңгірт, саз балшықтай сары және жұмсақ болады. Кейде қан құйылу және ақшыл-сары түсті некроз ошақтарының пайда болуына байланысты түсі шұбар болады. Микроскоппен қарағанда, онда гепатоциттердің майлы дистрофиясы, некрозы және қан құйылған жерлер көрінеді. Ми тінінде ісікпен қатар қан құйылу ошақтары, тіпті гематомалар табылады. Эклампсияның асқынулары арасында тірілтуге байланысты өкпеде дамитын патологиялардың орны ерекше. Ауруханаға ес-түссіз түскен науқастарда некроздық бронхит және аспирациялық пневмония жиі дамиды. Некроздық өзгерістер бронхтың барлық (тіпті майда) тармақтарында да көрінеді. Бронх ішінде некроздық массалар, микроб себінділері, ірінді экссудат көрінеді. 5-12 күндері өкпеде ірінді қуыстар - абсцестер пайда болады. Бұл өзгерістердің негізінде асқазан-өңеш рефлюксы нәтижесінде өкпеге асқазан сөлінің түсуіне байланысты дамитын қышқылды-аспирация синдромы жатады. Бүйректер үлкейген, болбыр, қыртысты қабаттары іскен, бозғылт, ал милы қабаты қанмен толған. Кейде бүйректердің қыртысты қабатында екіжақты симметриялық некроз көрінеді, оның негізгі себебі ҚШҰ-синдромы. Сонымен бірге бүйрек шумақшалары капиллярларында тромбтар, ұрықтық жүмыртқа элементтері табылады. Қан құйылу ошақтары асқазанда, ішектерде, сірі қабықтарда да кездеседі. Жатырдан тыс жүктілік. Жатырдан тыс жүктілік деп ұрықтық жатыр қуысының сыртында дамуын айтады. Ұрықтанған жүмыртқаның қай жерге кідіріп қалуына қарап, жатырдан тыс жүктілікте: түтіктік, аналық бездік, құрсақтық түрлерін ажыратады. Бұл сырқаттың дамуына қабыну процестері, жыныс бездерінің жете дамымауы (инфантилизм), қалыпты құрылысындағы ауытқулар, эндометриоз, жатыр түтігі мен аналық без ісіктері және т.б. себеп болады. Түтіктік жүктілік жатыр түтігінің кеңейген бөлігінде (ампуласында), жатырға жақын немесе жатырға кірер жерінде (истмуста) көрінеді. Ұрықтанған жүмыртқа жабысқан жердегі шырышты қабықта децидуалы реакция дамиды. Бұл жүмыртқа өскен сайын жатыр түтігі кеңейіп созыла бастайды, ал хорион бүрлері жатырдың шырышты қабығын, одан әрі қан тамырларын бойлап өседі. Осыған байланысты түтікке қан құйылып, ұрық түтік ішіне көшіп түседі (жартылай түтіктік түсік). Егер ұрық қанмен бірге құрсаққа шығарылса, оны толық түтіктік түсік деп атайды. Жатыр түтігі бүтіндей жарылып кеткен жағдайда, қан кетіп, ол құрсақ қуысына (жатырдың артына) жиналады, кейде осыған байланысты, жедел постгеморрагиялық анемия дамиды. Сонымен қатар құрсақ қуысына түскен ұрық басқа ағзаларға жабысып одан әрі дамуы да мүмкін (екіншілік құрсақтық жүктілік). Аналық безде дамитын жүктілік фолликула ішінде, аналық бездің үстінде (эпиовариальды) немесе аралық тінінде (интерстициальды) дамиды. Ұрықтың дамуы аналық бездің жарылып кетуімен және қан кетумен аяқталады. Құрсақтық жүктілік кейде іштегі баланың толық жетілуіне дейін дамуы мүмкін, бірақ та, оларда көптеген туа пайда болатын ақаулар кездеседі. Дегенмен де ұрық көбінесе осы жерде өліп мумификацияланады немесе әктеніп тасқа айналады (литопедион). Іш қуысына құйылған қан ұйып, кейін дәнекер тінмен алмасып қалады, кейде осы гематома инфекция түсуіне байланысты іріндеп кетеді. Ауру өліміне постгеморрагиялық анемия немесе ірінді асқынулар себеп болады. Түсік. Ұрықтың - жатырдан 22 аптаға дейін бөлініп шығуын түсік (аборт) деп атайды. 22-ші аптадан 39-шы аптаға дейінгі аралықты баланың мерзімінен бұрын туылуы дейді. Түсік түсуінің бірнеше себептері бар: ішкі себептерге ұрықтың жатырда өлуі немесе екіқабат әйелдің әртүрлі сырқаттары жатса, ал сыртқы себептерге әртүрлі сырқаттар, операция және т.б. кіреді. Осыған байланысты кейде ұрық өз-өзінен түсіп қалады. Бұл кезде ұрықпен бірге оның қабықтары да түседі. Микроскоппен көрінетін ұрық қабықтары, хорион бүрлері және децидуа тіндері, әйелдегі қан кету белгілерінің түсікке байланысты екенін анықтайды. Сонымен қатар қазіргі кезде ұрықты жасанды жолмен (медициналық және криминалдық) түсіру кең тараған. Егер ұрық ауруханадан тыс антисептикалық жағдайда түсірілсе (криминалдық аборт), жатырда қабыну процесі, кейде сепсис дамиды. Бала жолдасынан дамитын полип. Жатырда бала жолдасының қалдықтары немесе ұрық қабықтары қалып кеткенде сол жерде дәнекер тін өсіп полип пайда болады. Ол жатырда қабыну үрдісінің дамуына, қан кетуіне ұзақ мерзімге дейін жатырдың қалыпты жағдайға келе алмауына соқтырады. Жатырда босанғаннан соң дамитын инфекция негізінен патологиялық жүктілікке тән. Инфекция ішкі немесе сыртқы жолдармен бала туылмастан бұрын, туылу кезеңіңде немесе туылғаннан соң түсуі мүмкін. Бұл негізінен аутоинфекция немесе аурухана ішіндегі инфекция. Морфологиясына қарап ірінді, сепсисті және шірікті эндометрит түрлерін ажыратады. Әсіресе инфекцияның дамуына бала жолдасы қалдықтарының жатыр ішінде іріп-шіруі қолайлы жағдай тудырады. Осы жерге шірітуші бактериялар түскенде шірікті эндометрит дамиды. Өніп-өскен бактериялардың бүкіл организмге тарауы сепсистің өрістеуіне соқтырады. Бұл жағдайда жатырдың шырышты қабығы фибринді-ірінді, кейде дифтералық, лас-сұр түстегі немесе сарғыш-жасыл түстегі пердемен жабылады. Осы пердені сылып тастағаңда астында жаралар көрінеді. Қабыну жатырдың ет қабатына {метрит) және сыртқы сірі қабатына (периметрит), одан әрі іш пердесіне (перитонит) өтеді. Қабыну үрдісі лимфа және қан жолдарымен тарап, олардың ішінде тромбтар пайда болады (тромбофлебит), яғни, сепсиспен бір қатарда тромбоэмболиялық асқынулар да дамиды. Желбуаз (mola hydatidosa, пузырный занос) деп тұқымдық жұмыртқаның дамуы тоқтағанда немесе өлген жағдайда хорион бүрлерінде болатын өзгерістерді айтады. Хорионның бүрлі қабығы гидропиялық дистрофия нәтижесінде ісініп, жүзімнің шашақты бір шоғына ұқсап қалады, хорион эпителиі көбейе бастайды. Егер хорион бүрлері жатырдың ет қабатына, қан тамырларының кенересіне, тіпті жатырдың барлық қабаттарын бұзып өсе бастаса, оны деструкциялаушы (бұзушы) желбуаз деп атайды. Вена тамырларына түскен хорион бүрлері өкпе артериясына барып тығылып қалуы мүмкін (тромбоэмболия). Ең қауіпті жағы осы өзгерістер хорионэпителиома дейтін аса қатерлі ісіктің даму көзі болуы мүмкін. |