Главная страница

Глоссарий. Дріс таырыбы Физика тарихы курсына кіріспе


Скачать 1.58 Mb.
НазваниеДріс таырыбы Физика тарихы курсына кіріспе
АнкорГлоссарий
Дата20.10.2022
Размер1.58 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла357423.docx
ТипДокументы
#745220
страница4 из 21
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Үндістанға саяхаттау кезінде Бируни Жер радиусын анықтайтын әдісті ойлап тапты.

Бируни айдың тұтылуы кезінде Ай түсінің өзгеруін және толық күн тұтылуы кезінде күн тәжі құбылысын бақылап, оларды сипаттап берген. Ол Күннің айналасындағы Жер қозғалысы жайлы ойды айтқан. Ол Үндістан жайлы «Индия» деп аталатын кең көлемді шығарма жазған және ол шығарма басқа да тілдерге аударылған.

Ортағасырдағы Шығыс елінің көрнекті ғалымының өмірбаянына қысқаша тоқталсақ. Бируни 973 жылы 4 қыркүйекте Хорезмнің басты қаласы Кятеде дүниеге келген. Ол қолөнершіліердің ортасында өскен. Оның білімге деген құштарлығы ерте оянған. Ол жас кезінде ертедегі Хорезмнің ғылыми ортасымен тығыз байланыста болған.

Мысырлық (египеттік) Ибн әл-Хайсом ірі физик болды. Ол Европаға Алхазен деген атпен белгілі. Оның негізгі зерттеулері оптикаға жатады. Алхозел камера-обакура жұмысын бірінші болып пайдаланды. Цилиндрлік, сфералық, конустық айналарды зерттеді. Алхазен жарықтың сынуын зерттеді. Ол көру теориясын өңдеп, көздің анатомиялық құрылысын суреттеген ғалым. Жарықтың сыну жұмысында Алхазенсыну бұрышы түсу бұрышына пропорционал екенін дәлелдеді. Алказенның “оптика кітабы” латын тіліне VII ғ. аударылды
Еуропалық ортағасырлық ғылым

Шығыс мемлекеттері ерте ортағасырлық дәуірде (VII-XI ғғ.) экономикалық және мәдениет дамуы жағынан Еуропадан айтарлықтай алда болды. Егер Бируни Птолемей еңбектерін аударса, Жер радиусын анықтаса, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі жайлы ойланып-толғанса, Еуропада Жердің жазық күлше сияқты екендігі және хрусталь қалпақпен жабылған және мұхитпен белдеуленбеген деген аңғырт ұғым үстем болды.

Бірақ X ғасырдың өзінде Еуропа мен Шығыс мемлекеттерінің экономикалық және мәдени байланыстары дами бастады. Қолөнердің және сауда-саттықтың дамуы экономика мен мәдениеттің гүлденуіне себеп болды. Алғашқы университеттер пайда бола бастады, бірінші Испанияда, одан кейін Италияда, сосын Париж бен Англияда. Ортағасырдағы Еуропа университеттері қазіргі университеттерден айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ біздің уақытымызға дейін доктор және магистр ғылыми дәрежелері, профессор және доцент атақтары, білімді жеткізудің негізгі формасы лекциялар, университеттің бөлімшелері сияқты ұғымдар – факультеттер сақталған. Лекциялар (тура оқу) ортағасырдағы университетте білімді жеткізудің негізгі түрі болды. Кітаптар аз және олар қымбат болды, сондықтан діни және ғылыми еңбектерді оқу мен оларға түсініктеме беру ақпараттың маңызды түрі болып саналады.

Сабақ беру латын тілінде жүргізілді. Латын тілі XVII ғасырға дейін халықаралық ғылыми тіл болды, Коперник, Ньютон және Ломоносов еңбектерін осы тілде жазған. Әлі күнге дейін еуропалық университеттерде мерекелік құттықтау сөздер латын тілінде оқылып, дипломдар латын тілінде жазылуда. Салтанатты іс-шараларда профессорлар ортағасырлық докторлық мантия мен бас киімдерде келеді. Алғашқы университеттер жайлы ескерткіштерді қазіргі ғылым осылай сақтап келеді. Бұл ғылыми прогрестің алғашқыларының бірі болды.

Ғылымның кемелденуінің басқа алғы шарты техниканың дамуы болды. Механикалық сағаттар, көзілдірік, кітап басу, қағаз өндіру жаратылыстану дамуында үлкен рөл ойнады. Өркениет дамуында компас айтарлықтай көп рөл атқарды, оның тарихы ежелгі Қытайдан бастау алған. Араб теңізшілері XII ғасырдан бастап компасты пайдалана бастады. Еуропаға компас XII- XIII ғғ. келген.

Антикалық ғылыми мұрағатпен танысу – ғылыми прогрестің үшінші алғышарты болды. XII ғасырда Архимед, Птолемей және басқа да грек ғалымдарының еңбектерінің латын тіліндегі аудармалары пайда бола бастады. Сол кезде шығыс ғалымдары Хорезм мен Алхазеннің аудармалары шықты.

Университеттерде схоластикалық ғылым антикалық ұстанымға негізделген. Шындық – қасиетті кітаптарда және діни беделділердің еңбектерінде жарияланған, ғалымдардың парызы – осы шындықты зерттеу мен түсініктеме беру болды.

Мұндай жағдайда ғылымның дамуы қиын болды. Еркін, дербес ойлар аяусыз жаншылды. Бұл дәуір тарихқа «тоқырау кезеңі» деген атпен келді. Бірақ, бұл уақытта да білімнің жаңа жолдарын іздеген адамдар өмір сүрді және жұмыс жасады. Мысалы, танымал монах Роджер Бэкон (1214-1294жж.) сондай адам болған. Бэкон Англияда, Сомерсет графствосында дүниеге келген, Оксфорд және Париж университеттерінде оқыған. Оның ойынша ғылым қатал дәлелдер мен теориялық қорытындылармен дәлелденген нақты тәжірибелер негізінде құрылуы қажет. Бэкон тәжірибенің үлкен мәнін нұсқаумен шектелмеді. Ол тәжірибе жасаудан жалықпаған және өзі химиялық, физикалық, оптикалық эксперименттер жіне астрономиялық бақылаулар жасаған. Бэкон камер-обскур әдісін білген және кемпірқосақ құбылысын түсіндіруде бір қадам алға жылжыды.

Бэконның кіші замандасы поляк Вителло (шамамен 1230 ж. туылған) XIII ғасырдың 70 – жылдары жазылған оптикадан «Перспектива» кітабының авторы болған. Ол да кемпірқосақты зерттеп, оның жеке су тамшыларынан сынған сәулелерден пайда болады деген тұжырымға келген. Жаңбырлы тамшыдағы жарықтық сәуле кемпірқосақтың пайда болуына алып келетіндігін монах Дитрих Фрейбургский дұрыс сипаттаған.

XIII ғасыр рухани өмірдің жандануын сипаттайды (бейнелейді). Бұл ғасырда Бэконнан басқа белгілі дін мамандары Фома Аквинский; Вильгельм Оккам; Роберт Большеголовый; рыцарь Пъер Перегриндер өмір сүрді және жұмыс жасады.

XIV ғасырда реакция басталады. Шіркеу тарапынан «дінбұзарлық» үшін күрес басталды. Білім алу айыпты болып, Николай Коперниктің әлемде атомдардың үйлесуінен және бөлінуінен басқа ештеңе жоқ деп айтылған еңбегі өртелді. Ол өзінің ілімінен бас тартуға мәжбүр болды. Танымның – ғылыми және құдіретті деген екі түрінің мүмкіндіктерін жақтаған Вильгельм Оккамды да шіркеу айыптады. Бірақ XIV ғасырда да өмір бір орында тоқтап қалған жоқ. Техниканың дамуы жалғаса берді, Париж, Германия, Мәскеуде мұнаралардағы сағаттар пайда бола бастады. 1440 жылы Иоганн Гуттенберг (1400-1468 жж.) әріптері бөлек кітап бастырушылықты ойлап табады. Өркениет пен ғылым дамуының жаңа дәуірі келді.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

VII-XI ғғ. кезеңіндегі тарихи оқиғалар.

XI-XV ғғ. тарихи кезеңнің сипаттамасы.

Ортағасырдағы үш хронологиялық кезең.

Араб халифатының гүлдену кезеңі.

Аль-Хорезми еңбектері.

Тығыздықты анықтаудағы аль-Бируни әдісі.

Аль-Бирунидің астрономиялық көзқарастары.

Еуропада ғылымның пайда болуы.

Ортағасырдағы Еуропа ғалымдары.
№7 дәріс

Дәріс тақырыбы: Гелиоцентрикалық жүйе үшін күрес Гелиоцентрикалық жүйе үшін күрес
Дәріс жоспары

1. Гелиоцентрикалық жүйе үшін күрес

2. . Тарихи ескертулер.

3. Коперниктің ғылыми революциясы
Қайта өрлеу дәуіріндегі физикалық ұғымдардың дамуы.

XV ғасырдың ортасында Еуропаның экономикалық, саяси және мәдени дамуында жаңа мүмкіндіктер орын алды. Сауда дамып, ақшаның мәні артты, жаңа қоғамдық күштер: көпестер, банкирлер, бай шеберлер (буржуазия) пайда болды. Еуропада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы басталды. Сонымен бірге басшылыққа қарсы халықтық көтерілістер дәуірі басталды. Германияда, Швейцарияда, Англияда, Францияда үлкен протестанттық қозғалыстар бола бастады. Осындай саяси жағдайда жаңа дүниетаным және жаңа жаратылыстану пайда болды.

Фердинанд Маргелан 1519 – 1522 ж.ж. алғаш жасаған дүниежүзілік саяхатында Жердің шар тәрізді екенін, ғарыштық дене екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Маргелан жаңа Ғалам деген ұғымға жол ашты.

XV жүзжылдықтың екінші жартысынан бастап тарихи аренаға ұлы итальяндық суретшілер келді: Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль және т.б.; діни реформаторлар: Лютер және Кальвин; ұлы гуманистер: Томас Мор, Эразм Роттердамский, Франсуа Рабле және т.б.; ержүрек саяхатшылар: Колумб, Васко да Гама, Маргелан және т.б.; ғалымдар: Николай Кузанский, Тарталья, Кардано, Рамус, Коммандино, Телезий, Гвидо Убальдо, Порта және басқалары. Осы аталған есімдердің арасынан Леонардо да Винчиді ерекше атауға болады, ол тек суретші ғана емес, сонымен қатар ұлы математик, механик және инженер болған.

Леонардо да Винчи 1452 жылы Винчи қаласындағы бай нотариустың отбасында дүниеге келген. 15 жасынан бастап, Верроккьо атты суретшіден тәлім ала бастаған ол оқушы кезінде-ақ, өз ұстазынан асып түсіп, ерекше дарынын байқатты. Жас кезінде тек сурет өнерімен ғана айналыспай, астрономия, физика, математика ғылымдарын да қызығып, оқыды. Бойында мұндай қызығушылықтардың тууына себеп болған астроном Тосканелли болатын. 

Оның алғаш картиналарының өзі италия халқында ерекше дарынның пайда болғандығынан хабар берді. Мысалы, «Сүйінші», «Мадонна Бенуа» атты еңбектері сол кездің өзінде бар халықты тамсандырды. Дегенмен картиналарының ерекше құрметке ие болуы оның басқа ғылымдармен айналысуына кедергі бола алмады. Адам және жан-жануарлар анатомиясы, механика, архитектураға да көңілін бөлген ол бұл салада да білімін жетілдіре береді. 

Атақты " Джоконда" картинасының авторы тірісінде өзінің жазушылық қасиетін де байқатты. Сол кезеңдерде сурет салу өнері белең алғанымен, оны теориялық тұрғыдан бекіткен ешкім болмады. Осы миссияны өз мойнына алған Леонардо сурет салу ғылымының да негізін салды. 

15 ғасырдың 80 жылдары ғалым Миланға көшіп барады. Людовик Мороның сарайында тұрақтаған ол сол жерде гидромеханика мен әскер ілімін меңгереді. Сонымен қатар, сарайдағы от шашуларды ұйымдастырумен айналысады. Ал мына ізденістері тіпті қызық. Сол кездің өзінде ол ұшу аппараты, су асты қоңырауы, су асты кемесі секілді бастамаларды қолына алған. 

Осылай әмбебап ғалым 1499 жылы Венецияда, кейін Флоренцияда, 1514 жылы Римде өмір сүреді. Қай жерде жүрсе де, суретші ғажайып картиналар салып, елді тамсандырумен болады. 1503 жылдың шамасында ол әлемге әйгілі "Мона Лизаны" салып шығады. Ал 1516 жылы бірінші Францисктың шақыртуымен, Францияға көшеді. Өмірінің соңғы 4 жылын осында өкізген ол, аяқталмаған еңбектерін аяқтаумен айналысады. 

Оның ең жақсы туындылары ретінде "Бақсылар тағзымы", "Кеш құпиясы", "Қасиетті отбасы", "Мадонна Литти", "Мона Лиза" секілді еңбектері көп аталып жүр. Сонымен қатар ғалымның артынан 7 000 парақ жазбасы қалған. Ол жазбалар жүйеленіп, кейіннен 3 трактат болып халыққа жария болды. Атап айтсақ, "Көркемөнер трактаты", "Атлантикалық кодекс", "Құстың самғауы туралы трактат".

Ұлы ғалым 1519 жылы Клу (Кло-Люсе) сарайында дүние салды. 
Коперниктің ғылыми революциясы.

Адамзат күнделікті Күннің шығуы мен батуын, Жерді айналып жүретін жұлдыздардың тәуліктік қозғалысын бақылады. Бұл күнделікті тәжірибелерге Аристарх Самосскийдің және пифогоршылардың Жердің қозғалысы жайлы тамаша жорамалдары қарсы келді.

Жаңа дүниетанымды жақтаушыларға көпғасырлық дәстүрге қарсы тұру үшін үлкен күш керек болды. Мұндай жағдайлар дүниетанымда ұзақ революцияның болуын сипаттады. Николай Коперник осындай осындай революциялық қоғамды жасаушылардың бірі болды.

Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.

Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген болатын. 1530 ж. Коперник өз теориясының негізгі ережелерін жинақтап, «Кіші комментарий» шығармасын жазды. Коперниктің негізгі идеясының мәнікүн жүйесінің қарапайым моделін және оның кинематикалық механизмін құру болды.

Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп көрсетті. Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деді. Коперник жер мен әлемді, атом мен жер ретінде салыстырады.

Коперник осы идеяны айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен болды. Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан- жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп, планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.

Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.

Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак Ньютон қолдап, одан әрі дамытты.

Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.
№8 дәріс

Дәріс тақырыбы: Әлемнің гелиоцентрлік жүйесі үшін күрес.
Дәріс жоспары

1.Әлемнің гелиоцентрикалық жүйесі үшін күрес

2. XVII ғ.ғылыми революциясының сипаттамасы.,

3. Кеплер, Галилео Галилей.
XVII ғасырдағы ғылыми революциясының сипаттамасы.

Коперниктің кітабы ғылым алдында маңызды мәселелерді қойды. Ал астрономияның алдында жаңа теорияның дәлелдерге сәйкес келетінін тексеруді тапсырма етіп қойды. Планеталардың қозғалысын бақылап, бұл бақылаулар Коперниктің моделіне сәйкес келе ме, жоқ па соны анықтау қажет болды.Бұл тапсырманы орындау астрономдар үшін өте қиын болды, себебі астрономиялық ғылымның математикалық және тәжірибелік амалдары ол кезде дұрыс дамымаған еді. Астрономдар жарқырауларды жай көзбен бақылаған.Нәтижелерді сандық есептеу үшін есептеуіш машиналары түгіл, қарапайым арифметикалық техникаға да жүгіне алмады, өйткені ол уақытта ондық бөлшектер мен логорифмдер белгісіз еді. Олар тек XVII ғасырдың басында ғана пайда болды. Дәл осы кезде алысты қарайтын түтік пен телескоптар да жасалды. Астрономдар ұзақтықты (бойлықты) анықтау үшін дәл сағатты пайдаланбады. Астрономиялық ғылым мен кеме жүзу ілімі оптикалық құралдарға, дәл сағаттарға, жаңа есептеуіш құралдарға мұқтаж болды. Астрономия қозғалыс механикасында – динамиканы қажет етті. Бұл жаңа механиканың дамуы үшін жаңа, динамикалық математика қажет болды. Осылай Коперниктің ұлы ашылуынан кейін ғылыми бағдарлама пайда болды, ал бұл эксперименталдық (тәжірибелік) және математикалық жаратылыстанулардың пайда болуына, ал ең алдымен механика мен оптиканың пайда болуына алып келді.

Коперниктің жүйесі үшін күрестің қиындығы жаңа ілімнің ғылымға бірден енбеуіне және ғылыми бағдарламаны іске асыру онжылдыққа созылуына алып келді. Күрес өте ұзақ уақыт болды. Тарихта Джордана Бруноның есімі мәңгілікке қалды. Бруно Коперниктің ізбасары ретінде танылады, ол керемет адам, жазушы, поэт, ғалым, талантты сөзге шешен және дәріс оқушы болды.

Джордано Бруно 1548 ж. италиядағы Нола қалашығында дүниеге келген және туылған кезде қойылған есімі Филиппе болған. Алғашқы білімді оқу пансионатында өз ағасынан алып, он алты жасында Джордана есімімен монахта шаш қидырып, тарихта есімі қалды.

Жиырма төрт жасында Бруно Компаньеде дін қызметшісі болып жұмыс жасайды. Ол мұнда гуманистердің шығармаларымен және Коперниктің кітабымен танысады. Оның ойлары айналсындағы монахтарға күдік туғызып, оны Римге жібереді. Ол Римде жүрген кезінде шіркеуде оның басқа да материалдары әшкере болады. Бруно Генуиге қашады. Осылай Бруноның ұзақ саяхаты басталады. Генуиден Венецияға, одан кейін Миланға, Туринге, Шамбериге. Содан соң Италияны тастап, Женеваға бет алады. Ұзақ саяхаттан соң Тулузуға келіп, Тулузу университетінде екі жыл көлемінде Аристотельдің ілімін сынаушы ретінде дәріс оқиды. Бұл, әрине, университет профессорларының көңілінен шықпайды, енді Бруно Тулузуды тастап, Парижге келеді. Парижде Бруно білімді, әрі жады ерекше қабілетті ғалым деген атаққа ие болады. Корольдің өзі Бруноға қызығып, XIII ғасырда Раймонд Лулла жасаған логикалық математиканың, яғни «Ұлы өнердің» құпияларын ашуды өтінеді. Бруно лулли өнері жайлы бірнеше шығармалар жазып, оның бірін король Генрих III арнады. Король өз алғысы ретінде Бруноны Париж университетінің экстроординалды профессоры деген атау берді. Бруно Парижден Оксфордқа, ол жақтан Лондонға, Лондоннан қайта Парижге, сосын Германияға барады. Бүкіл Германияны аралап болған соң, Бруно 1591 ж. венециялық ақсүйек Моченигоның шақыртуын қабыл алып, Венецияға келеді.

1584 ж. «Пир на пепле» (Күл үстіндегі той), «О бесконечности Вселенной и мирах» (Ғаламның және әлем шексіздіктері жайлы) диалогтарын жазады. Бруно Коперникке үлкен баға беріп, Коперникке біз жалпы өрескел философияның кейбір жалған жорамалдарын көрсетіп, олардан құтылғанымыз үшін оған қарыздармыз деп жазған. Мочениго Бруноны алтын жасаудың құпиясын біледі деп шақырған болатын. Бруно өз қателігін түсініп, Моченигодан кетейін деп ойлайды, бірақ Мочениго Бруноны инквизицияға жеткізіп, 1592 ж. 25 мамырда Бруноны қамауға алады. Ол жеті жыл алдымен венеция, сосын рим түрмелерінде азап шегеді. 17 ақпанда Римдегі гүлдер алаңында Бруноны өртеп жібереді. Осы жерде қазір Бруно ескерткіші бар.

Бруноның саяхаты басталған кезде шваб солдатының алты жасар ұлы мектепке барып жүрген болатын. Осы бала ұлы астроном және планеталардың қозғалысын ашқан болатын. Оның есімі Иоганн Кеплер.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


написать администратору сайта