Главная страница
Навигация по странице:

  • Еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген.

  • Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу

  • Мерзімі білімін тексеру

  • Кәсіпорындағы ішкі бақылау

  • Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау

  • Орындаған

  • Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша. Ебек ауіпсіздігі жне ебекті орауды амтамасыз ету бойынша занамалы актілерге сараптама


    Скачать 30.19 Kb.
    НазваниеЕбек ауіпсіздігі жне ебекті орауды амтамасыз ету бойынша занамалы актілерге сараптама
    Дата15.10.2018
    Размер30.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЕңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша .docx
    ТипДокументы
    #53417

    Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнамалық актілерге сараптама
    Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру еңбекті қорғауды басқару жүйесі мамандарының біліктілігін арттыруды талап етеді.

    Ұйымдардың қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау талап- тарына оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында:

    Қауіпсіздік бойынша талаптар

    - жұмыс берушілер мен қызметкерлер, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау саласындағы басшылар мен мамандар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;

    - еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша бағдарламалар, анықтамалық əдебиет, нұсқаулық құжаттар, плакаттар, кітапшалар, бейнефильмдер мен жарнамалық бейнебаяндар əзірлеуді жүзеге асыру;

    - ұйымдардың арасында еңбекті қорғау, өнеркəсіптік санитария, өндіріс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі жөніндегі жұмысты үздік ұйымдастыру бойынша, еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер конкурстарын өткізу;

    - еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында кəсіптер мен жұмыстардың түрлері бойынша оқыту мен білімдерін тексеруге арналған компьютерлік жəне мультимедиалық бағдарламалар əзірлеу жəне басқалар қажет.

    Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқытуды, нұсқама беруді жəне білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жүргізеді (ҚР ЕК-нің 313-бабы).
    Еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту
    Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту, нұсқама беру мен білімдерін тексеру қағидалары мен өткізу мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысымен бекітілген. Кəсіпорында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастырудың негізгі мақсаты қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді өткізу сапасына, нұсқамалардың барлық түрлерін өткізудің уақтылығына, нұсқамаларды тіркеу журналында жазбалардың болуына байланысты болады. Жаңадан келген жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз əдістеріне іс-тəжірибелік оқыту нұсқаушының немесе жұмыс орнында біліктілігі жоғары жұмысшының, бригадирдің немесе қажетті дайындығы бар басқа маманның басшылығымен өндірістік оқыту кезінде жүзеге асырылады. Əрбір оқушының еңбекті қорғау бойынша оқу тақырыбынан өтуі оқу жұмысын есепке алу журналында тіркеледі. Жұмыс беруші жұмысқа жаңадан кіріскен қызметкерлерді ішкі еңбек тəртіптемесінің ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыруға, қауіпсіздік техникасы жөнінде мұқият нұсқама беруге, бекітілген бағдарламалар бойынша жұмыстың қауіпсіз əдістеріне оқытуға, жəне жұмысқа кіріскен күннен бас- тап бір айдан кешіктірмей білімдерін тексеруді өткізуге жəне тиісті куəлік беруге міндетті. Қауіпсіздік техникасы бойынша білімді тексеру əрбір 12 ай сайын қайтадан өткізіледі (еңбек қауіпсіздігінің қосымша (жоғары) талаптары қойылатын жұмыстар мен кəсіптер үшін).
    Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу
    Жұмыс берушінің өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі өткізетін тиімді шаралардың бірі қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша оқыту мен нұсқама беру болып есептеледі. Тиімді шараларға еңбек қауіпсіздігі бойынша қызметкерлерге кіріспе, жұмыс орнындағы, мерзімдік (қайталама), жоспардан тыс жəне мақсатты нұсқамаларды біліктілікпен өткізу жатады. Бұған жұмыс уақытын жоғалту ретінде қарамау қажет. Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу мақсатында жұмыс жағдайлары бойынша жоғары қауіптілікке ұшырайтын тұлғалар үшін (от жағушылар, машинашылар, электр жөндеушілер жəне басқалар) қауіпсіздік техникасы бойынша арнау- лы курстық оқыту ұйымдастыру маңызды. Курстық оқыту сондай-ақ, такелаждық, монтаждау, жөндеу жəне тиеу-түсіру жұмыстарын орындауды ұйымдастыратын бригадирлер үшін де міндетті. Кəсіпорындарда жазатайым оқиғалар мен кəсіптік аурулардан сақтандыру үшін қауіпсіздік техникасы бойынша кабинеттер мен бұрыштар жабдықтауға болады, оларда қауіпсіздік техникасы жөніндегі плакаттар, сұлбалар, нұсқаулық материалдар, жеке қорғану құралдары, шу, жарық, дірілді,т.б. өлшеуге арналған аспаптар орналастырылады. Көрнекті құралдарды, кинофильмдер мен теледидар хабарларын пайдаланумен семинарлар, нұсқамалар, лекциялар, əңгімелесулерді жүйелі өткізу өндірісте қауіпсіздік техникасын насихаттаудың пəрменді тəсілі болып табылады. Мысалы, бірқатар кəсіпорындарда еңбекті қорғау мəселелері бойынша үздік кабинет, еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер, үздік құрылымдық бөлімше конкурстары, байқаулары өткізіледі; еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша жүйелер мен стандарттар енгізіледі; еңбекті қорғау күні (аптасына бір рет) белгіленеді; үшсатылы бақылау өткізіледі жəне т.б. Жер-жерде еңбекті қорғаудың Бүкіл дүниежүзілік күнін (28 сəуір) өткізу де жұмысшы ұжымдарға оңды əсер етеді.
    Оқыту мақсаттары
    Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға олардың кəсіптік құзіреттілігі шектерінде оқыту өндірістегі жарақаттанушылық пен кəсіптік ауруға шалдығушылық оқиғаларын болғызбаудың аса маңызды алдын алу шарасы ретінде қарастырылуы тиіс. Оқыту мақсаттарына орай оқытуды ұйымдастырушылар оқытылатын қызметкерлердің еңбек қызметінің сипатына, олар орындайтын еңбек функцияларына сай оқытудың нақты мазмұнын анықтаулары тиіс. Қызметкерлерді жарақаттарсыз жəне улануларсыз жұмыс істеуге, ал басшыларды - еңбектің қауіпсіз жағдайларын сапалы ұйымдастыруға үйрету – еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауға оқытудың негізгі мақсаты. Жұмысшы кəсіптерінің қызметкерлері еңбекті қорғау мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарын өз еңбек функцияларының шектерінде, яғни еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар немесе жұмысшы кəсіп бойынша жұмыстарды орындау шектерінде білулері тиіс. Басшы немесе маман лауазымын атқаратын қызметкерлер еңбекті қорғау жəне жұмыстарды қауіпсіз орындау талаптарын өз еңбек функциялары шектерінде, яғни өздерінің лауазымдық міндеттері шектерінде білуі тиіс.
    Оқыту әдістері
    Қызметкерлерді оқытуда пайдаланылатын əдістер ересек оқушының психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы тиіс, оларға:

    ● оқытуға уəждемені (оңды немесе жағымсыз);

    ● арнаулы білімдерді меңгерудің жылдамдығы мен жоғары сапасына мүдделілікті/мүдделілік білдірмеуді;

    ● көбінесе іс-тəжірибеден алшақ кітаптық ақиқаттарды қасаң жаттап алуға төзбеушілікті жатқызады. Қызметкерлерді (ересек оқушыларды) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша оқыту ақпаратты жай ғана есте сақтауға емес, кəсіпқойлық, сенімді, дұрыс жəне ұғынумен əрекет ету шеберлігін қалыптастыруға сүйенуі тиіс. Ересек оқушыларды оқытудың кез келген əдістемесі өзіне белсенді оқыту элементтерін қамтуы тиіс. Оқыту əдістемесін құру кезінде қызметкерлердің базалық білім деңгейлерін, сауаттылығы мен сөйлеу дағдыларын есепке алу қажет.

    Тыңдаушыларда қызығушылық туындату жəне оларды белсенді қатысуға ынталандыру үшін:

    1) мүмкіндігінше тікелей тыңдаушыларға, олардың проблемалары мен жеке тəжірибесіне жиірек жүгіну;

    2) күнделікті өмірден нақты мысалдар келтіру;

    3) жуырда тыңдаушылардың өз жұмысында немесе басқа кəсіпорында болған, бірақ олар туралы барлығы естіген оқиғалардың «тың фактілерін» пайдалану;

    4) табиғи, ресми, формальды емес жəне жанды мəнерде əңгімелеу, сөйтіп оқытушының талқыланатын оқиғаларға тартылуын көрсету;

    5) талдауға, ұғынуға түрткі болатын сұрақтарды мүмкіндігінше жиірек қою;

    6) тыңдаушылардың баяндаудың қандай да бір сəтін күшейту немесе талқылау қарқынын, баяндау мəнерін немесе сұхбат жүргізу тəсілін өзгерту қажеттігін айқындауы мүмкін жауап əрекеттеріне сергек қарау керек. Жұмысқа қабылданған барлық тұлғалар (бұдан əрі – қызметкерлер) еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын ала оқытудан өтеді де кейіннен міндетті түрде олардың білімдерін тексеру жүргізіледі. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқау беруден жəне білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Қызметкерлер дербес жұмыс істеуге тағылымдамадан, теориялық білімі тексерілгеннен жəне жұмыстың қауіпсіз тəсілдерін меңгергеннен кейін жіберіледі.
    Мерзімі білімін тексеру
    Жұмысшы мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту мен білімдерін тексеру жылына бір реттен кем емес жүзеге асырылады. Жұмысшы мамандықтар бойынша қызметкерлерді оқыту еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексерумен (емтиханмен) аяқталады. Білімді тексеру нəтижелері хаттамамен ресімделеді. Өндірістік ұйымдардың қызметкерлері, басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен мамандықтар тізбесін, сондай-ақ оқытудың тəртібі мен нысанын жұмыс беруші мамандықтың сипатына, жұмыс түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, қызметкерлердің өкілдерімен келісе отырып, ал ол болмаған жағдайда жұмыс берушінің актісімен белгілейді.
    Кәсіпорындағы ішкі бақылау
    Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтауға ішкі бақылауды жүргізу, жұмыс берушінің міндеті болып, еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау саласында мамандардың қатысуын, ал белгілі бір жағдайларда арнайы бөлімшені құруды талап ететін, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік факторлардың мониторингі, кәсіптік тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша белгілі бір міндеттер мен шараларды жүзеге асыруды көздейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі деп аталатын, бұл бөлімше, жұмыскерлерінің саны елуден асатын,өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда құрылуға тиіс. Бұл ретте, «өндірістік қызмет» ұғымы ҚР ЕК және ҚР-ның басқа заңнамалық актілерінде жоқ, соған байланысты жұмыс берушінің қалауы бойынша түсіндіріледі, бірақ, көптеген кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі құрылмайды. Дегенмен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген, Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында, өндірістік объектілер ұғымына, олардың өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек тұрған өндірістік бөлімшелері екенін түсіндіретін анықтама берілген. Тиісінше, өндірістік қызметті, өнімді шығаруға және дайындауға, пайдалы қазбаларды әзірлеуге, өндіруге және өңдеуге, және құрылысқа байланысты қызмет ретінде түсінуге тиіс. Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады. Қызмет ұйымның бірінші басшысына немесе оның өкілетті тұлғасына бағынады, өзінің дәрежесі бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. Қызметті ұйымның бірінші басшысы тағайындаған адам басқарады. Қызметтің құрылымы мен санын, ұйымда жұмыс істейтіндердің санына, сондай-ақ өндірістің қауіптілігі мен зияндылығына байланысты, жұмыс берушінің өзі белгілейді.
    Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау
    Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.

    Жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметін құрған кезде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1020 бұйрығымен бекітілген, Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені басшылыққа алу қажет. Үлгілік ереженің негізінде, өндірістің ерекшелігін, жұмыскерлердің санын, еңбек жағдайларын, өндірістің зияндылығын және басқа да факторларды ескере отырып, жұмыс беруші Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді, оның жұмысын, құрылымын, санын, негізгі мақсатын, ҚР Еңбек Кодексі сәйкес, мамандарының құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің қажетті саны еңбекті қорғаудың негізгі мақсаты мен міндеттері бойынша жұмысты орындайтын уақыт нормативтері есебінің негізінде белгіленеді және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 604-ө-м бұйрығымен бекітліген, Ұйымдарда (кәсіпорындарда) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлер санының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыскерлерінің саны елуге дейінгі жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді басқа маманға жүктейді.
    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе маман:
    1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және қарап-тексеруге;

    2) қауіпсіз және саламатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

    3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы. 5.
    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-тармағында көрсетілген маман:
    1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу іс-шараларын әзірлеуге және оларды тұрақты сақтау үшін ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге;

    2) ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;

    3) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
    Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің, ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың ішкі бақылауын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді орындауға бағытталған кең ауқымды құқықтары мен міндеттері бар. Бұл, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің мамандары, сондай-ақ осы міндеттер жүктелген адамдар, ҚР ЕК 182-бабында көрсетілген, жұмыс берушінің міндеттерін жүзеге асыратынына негізделеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқауларын ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің барлық жұмыскерлері белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Жұмыс берушінің кәсіпорнында кәсіптік тәуекелдерді басқаратын автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болуы керек, оның мақсаты: кәсіпорында туындайтын қауіпті жағдаяттарға жедел жауап қату; дер кезінде бағалау және кәсіптік тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды әзірлеу; өндірістік жарақат, кәсіптік аурулар және еңбек жағдайлары туралы статистикалық ақпаратты үнемі сақтау.

    Кіріспе

    Қазақстан республикасының еңбек кодексінің5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау

    1. құқықтық

    2. медициналық

    3. экономикалық

    4. техникалық құрамдас элементтерден тұрады.

    Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

    1. Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.

    2. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.

    3. Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.


    Қорытынды

    Еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады: • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан; • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан; • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан; • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен; • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.

    Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

    Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Еңбекті қорғау Г.К. Сапаргалиев

    2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

    3. Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ресми интернет-ресурсы http://www.enbek.gov.kz/kk


    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

    ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    География және табиғатты пайдалану факультеті Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

    СОӨЖ

    5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі мамандығы

    Тақырыбы: Еңбекті қорғау саласы бойынша қызметкерлердің білуге тиіс құқықтық нормативтік актілер тізімін құрастырып сипаттама беру

    Орындаған: 3 курс студенті, қазақ тобы, Бекқұлы Ғазиз

    Қабылдаған: Қожахан А.К.

    Алматы-2018

    Жоспары

    Кіріспе

    Негізгі бөлім

    Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнамалық актілерге сараптама
    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер


    написать администратору сайта