ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
Скачать 157.55 Kb.
|
АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 1.1 Арнайы психологияның басқа ғылымдармен байланысы Арнайы психология пәнаралық ғылым болғандықтан, оның басқа ғылымдармен байланысын Усанова О. Н. екі деңгейде қарастырады. «Бірінші деңгей – ішкі психологиялық байланыстар, мұнда жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, клиникалық психология, әлеуметтік психология, педагогикалық психология т.б. көптеген салаларымен байланысы. Екінші деңгей – сыртқы психологиялық байланыстар, бұл деңгей арнайы психология мәселелерінің негізін, философия, әлеуметтану, медицина, педагогика және т.б. адам туралы ғылымдар тұрғысынан қарастыруды көздейді. «Л. С. Выготский жас ерекшелік психологиясын, балалар психологиясын, педагогикалық және арнайы психологияны өзара жақындатады. Мысалы, арнайы және жас ерекшелік психологиясының зерттеу нысаны бір, ол – дамып, өсіп келе жатқан адам. Егер жас ерекшелік психологиясы қалыпты дамудағы психикалық даму онтогенезін, жасқа сай даму динамикасын т.б. зерттейтін болса, арнайы психология ауытқыған дамудағы әдістерді процестерді зерттейді. Педагогикалық психологиямен байланысы мынадан көрінеді: арнайы психология даму ауытқуы бар балалардың білім, білік, дағдыларды меңгеру ерекшеліктерін, педагогиалық әдіс заңдылықтарын, оқыту-тәрбиелеу әдісінде психиканың өзгеру механизмдерін зерттейді. Сөйтіп, педагогикалық әдіске бағдар береді. А.Р. Лурия балалар нейропсихологиясын дамыта отырып, «ми мен психика» мәселесін зерттеудегі жаңа сатыны ұсынады. Нейропсихология саласында, локальды ми зақымдануы бар балалардың жоғары психикалық қызметтерін зерттеуде, олардың ми механизмдерінің ерекшеліктерін анықтау, жоғары психикалық қызметтердің хроногендік (мерзімдік) локализациясы (оқшаулануы) заңдылықтарын ашты. Қазіргі кезде нейропсихологиялық әдістер, арнайы психологияда кеңінен қолданылады. В.В.Богословский, А.Г.Ковалев, А.А. Степанов сияқты авторлар, арнайы психологияны патопсихологияның тармағы деп көрсетеді. Себебі, олардың зерттейтін нысаны – психикалық даму мен психикалық әрекеттің бұзылуы. А.В. Петровский, керісінше, патопсихология арнайы психологияның тармағы деп есептейді. Себебі, патопсихология психиканың бұзылуын, ақыл-естің жоғалуын, жеке тұлғалық қасиеттердің жойылуын т.б. қарастырады. Бірақ, бұл көзқараспен келісуге болмайды, себебі, жоғарыда көрсетілген мәселелер, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуынан кейін, пайда болатын патология. В.И.Лубовский, Т.В.Розанова т.б. арнайы психологияны дефектология ғылымының саласы ретінде қарастырады». Шындығында, арнайы психологияның пайда болуы, туа біткен немесе жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан, қалыпты дамуы бұзылған балаларға психологиялық көмек беру қажеттілігінен туындаған болатын. Демек, арнайы психология теориялық және практикалық дефектология пайда болған. Бірақ дефектология арнайы білім беру мәселелерімен айналысады, сондықтан арнайы психологияны коррекциялық педагогикамен байланыстыруға болады. 1.2. Арнайы психологияның зерттеу салалары Арнайы психологияның зерттеу салалары: олигофренопсихология; психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы; сурдопсихология; тифлопсихология; тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы; логопсихология; мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы; ерте жастағы балалар аутизмі бар балалар психологиясы; мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы; Олигофренопсихология немесе ақыл-ойы кем балаларпсихологиясы – ақыл-ойы кем балалардың танымдық әрекет динамикасын және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияның құрамдас бөлігі. Негізгі міндеті - ақыл-ойы кем балалардың психикасына тән жалпы, жеке және ерекше белгілерін, әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беретін қабілеттерін анықтау. Психикалық дамуы тежелген балалар (жалпы мектептегіүлгермеуші балаларды осы категорияға жатқызуға болады) психологиясының мақсаты – түзету–дамыту жұмыстарының көмегімен психикалық дамудағы тежелуді жеңілдету немесе мүлдем жою. үлгермеушілер категориясы екендігін айтады. Сурдопсихология – есту қабілетінің кемшілігі барадамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді, оларды компенсациялау мүмкіндіктері мен жолдарын қарастырады, есту қабілеті бұзылған ересек адамдар мен балаларға, педагогикалық ықпал жасаудың тиімді жолдары мен әдістерін, психологиялық жағынан негіздеумен, интеграциялы оқыту мен саңырау адамдарды қоғамға енгізудің психологиялық мәселелерін зерттеумен айналысады. Тифлопсихология – көру қабілеті зақымданған адамдардыңдаму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторы қызметінің бұзылуына байланысты пайда болатын, ақпарат кемшілігінің орнын толтыратын компенсаторлық әдістердің қалыптасуын, бұл кемістіктің психикалық дамуға тигізетін ықпалын зерттеп қарастырады. Көру қызметі зақымданған балаларға көрсетілетін тиімді түзету (коррекциялық) педагогикалық көмектің психологиялық негіздерін оларды қоғамға бейімдеудің әлеуметтік-психологиялық негіздерін құрайды. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы, қимыл-қозғалыс дамуы қалыпты және бұзылғанбалалардың, жалпы психикалық даму заңдылықтарын зерттеп қарастырады, психикасының дамуындағы өзгеше ерекшеліктерді зерттейді, кемістіктің психикалық дамуға тигізетін әсерін жеңуге жағдай жасайтын компенсаторлық мүмкіндіктерді ашады, балалардың дамуына ықпал жасайтын психологиялық негіздегі коррекциялық тиімді әдістерді қарастырады. Логопсихология —алғашқы кемістік ретінде,сөйлеуіндебұзылуы бар адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейтін, арнайы психология саласы. Логопсихологияның міндеті - әртүрлі тілдік патологиялары бар адамдардың, балалардың психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру, тілдік кемістіктерге ерте жастан психологиялық коррекция жасау, алдын-алу әдістемелерін даярлайды. Ерте жастағы балалардың аутизмі (ЕЖБА) бар балалар психологиясының қарастыратын мәселесі–эмоционалды-еріктесаласының бұзылуы салдарынан, әлеуметтендіру және бейімделу қиындықтарына ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық көмек беру жүйесін құрастыру. Мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы. Бұл бөлімтұлғалық дамуында әрәрлі дисгармониялық белгілер кездесетін, балалар мен жасөспірімдерді қарастыруға арналады. Арнайы психологияның бұл бөлімінің негізгі міндеттері - бала дамуының патологиялық белгілерін ерте жастан анықтауға бағытталған әдістерді даярлау; әртүрлі патологиялық даму түрлеріндегі балалар мен жасөспірімдердің психикалық және әлеуметтік дамуының «күшті» және «әлсіз» жақтарын сипаттау; балалық жастағы патологиялық дамуға, психологиялық-педагогикалық коррекция жасау мен алдын-алу әдістерінің жүйесін даярлау. Күрделі даму кемістігі бар балалар психологиясы, екінемесе одан көп даму бұзылуы бар адамдардың психикалық дамуын зерттейтін бағыт. Бұл саланың негізгі мақсаты - күрделі бұзылулары бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттеу оларға, олардың отбасына психологиялық-педагогикалық көмек беру жолдарын қарастыру мен жүзеге асыру. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар Арнайы психология пәні нені зерттейді? Арнайы психологияның міндеттері қандай? Арнайы психологияның зерттеу салалары бойынша салыстырмалы кесте құр. 1.3 Дефектология ғылымының зерттелу тарихы Дефектология ғылымының зерттелу тарихы ХVІІІ ғасырдан басталады. Бұл саланың ғылым ретінде қалыптасуы Ж.Итар, Ж.Эскирол, Ж.Демор, Э.Крепелин, Э.Сеген, В.К.Кащенко, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.Н.Граборов, М.Монтессори т.б. есімдерімен байланысты. Қазақстандағы дефектология саласын зерттеуші ғалымдар ретінде Ж. Ы. Намазбаеваны, Р. А. Сүлейменованы, Қ.Қ.Өмірбекованы, К.Б.Бектаеваны, З.А.Мовкебаеваны т.б. атауға болады. Ақыл-ойы кемістіктің зерттелуі «ХVІІІ ғасырдан бастап, Ж.Эскирол, Э.Сеген, Ф.Гальтон, А.Бине, Э. Крепелин, Дж. Кэттел сияқты психиатрлар, ақыл– ойдың айқын бұзылуын зерттеуге кірісті. Ғалымдардың алға қойған негізгі мәселесі, интеллектуалды кемістіктің жан ауруларымен, психикалық науқастармен байланысын анықтау, бұл бұзылулардың тереңдігін ажырату болды. ХІХ ғасырдың ортасында, көптеген Еуропа елдерінде жалпыға міндетті білім беру ісі енгізілгенде интеллектуалды жетіспеушілік мәселесінің мектеп бағдарламасын меңгеруге кедергі жасауы, дәрігерлердің, педагогтардың, кейін психологтардың назарын өзіне аударды. Жан ауруы жоқ, бірақ бағдарламаны меңгере алмайтын балаларды топтап оқытатын көмекші мектептердің, сыныптардың ашыла бастауы, осы кезеңдерге сәйкес келеді. Кеңес Одағы дәуірі кезіндегі ғылымда, олигофренияны жан ауруынан жеке алып қарастыру кейін, ХХ ғасырда басталды, әрі медицинада ғана емес (И.П.Кащенко, Г.И.Россолимо) 20 жылдары пайда болған дефектология ғылымында Л.С.Выготский арқылы кеңінен зерттеу қолға алынды. Ол дәрігерлер, психофизиологтар, психологтар мен педагогтардың еңбектерін бір арнаға бағыттады. К.Д.Ушинский өз еңбектерінде мектеп оқушыларының арасында, жүйкелік-психикалық ерекшеліктердің салдаорынан оқуда әлгермейтін балалардың кездесетіндігі туралы ескертеді. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушіліктің себебін анықтауға әлкен мән береді. Көп жағдайда, бұл ақыл-ойдың кемістігімен түсіндіріледі, балалар көмекші мектептерге жіберіледі. Ресейде көмекші мектептер 1908-1910 жж. ашыла бастайды. ХІХ ғасырдың ортасында, дәрігерлер ақыл-ойы кем балаларды психиатриялық аурухананың басқа пациенттерінен бөлек қарастыпа бастады. Оларды тәрбиелеу мен оқытуға тырысудың нәтижесінде олардың психикалық әрекетінің ерекшеліктері туралы мағлұматтар жинақталды. 1929 ж. Мәскеуде балалар әйлері мен арнайы мектептердің ғылыми-практикалық институтының ашылуы, аса маңызды оқиға болып саналды. Ондағы арнайы психологиялық зертханаларда талантты жас ғалымдар еңбек етті, олардың ішінде арнайы психология мен арнайы педагогиканың дамуына елеулі әлес қосқан Л.С.Выготский болды. Л.С.Выготский маңызды теориялық ережелерді тұжырымдайды: адам психикасы құрылымының жүйелілігі, яғни бір жүйедегі буынның бұзылуы, барлық жүйенің қызметін өзгертетіндігі туралы; бала дамуының өзекті және жақын даму аймағы туралы; қалыпты және дамуы ауытқыған балалардың дамуындағы факторлардың бірдейлігі туралы; ауытқыған дамудағы бірінші және екінші кемістік туралы, дамуы ауытқыған балалармен жүргізілетін коррекциялық педагогикалық жұмыстар туралы; баланың психикалық жоғары қызметтерының дамуындағы ұжымның фактор ретінде қарастырылуы туралы; ақыл-ойдың кемістігі зият пен аффект қатынасының өзгерісі туралы; дамуы ауытқыған балаға ерте коррекциялық– педагогикалық ықпал жасаудың маңызы туралы; 1930 ж. басында Л. В. Занков арнайы психологияның теориялық негіздерін жасады, ол ақыл-ойы кем балалардың есте сақтау қабілетін зерттей бастады. Л.В.Занков Россия тарихында ең алғаш рет өз лабораториясындағы ғалымдардың материалдары негізінде «Очерки психологии умственно отсталого ребенка» (1935) кітабын жарыққа шығарды. Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы Психикалық дамудағы аздаған ауытқулар мәселесі, шетелдік және отандық ғылымда, тек ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл кезде ғылым мен техниканың түрлі салаларында, қарқынды даму болды, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламалары күрделене тәсіп, көптеген балаларға оқу қиындай бастады. Педагогтар мен психологтар мұндай үлгермеушілік себептерін, өте маңызды деп санап, талдау жасады. Көп жағдайда, бұл мәселе ақыл-ойдың кемістігі деп қарастырылып, үлгермеуші оқушылар көмекші мектептерге орналастырылды. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламаны меңгере алмаған балаларды клиникалық тексеруден өткізгенде, ақыл-ойы кем балаларға тән өзгеше ерекшеліктер байқалмаған. Тек 50-60 жж. Л.С.Выготскийдің шәкірті М.С.Певзнердің басшылығымен, үлгермеушілік мәселесінің түпкілікті себебі анықтала бастады. Кешенді клиникалық-психологиялық-педагогикалық тексерулер үлгермеуші оқушыларға психикалық дамудың тежелуі деген (ПДТ) тұжырымдама берді. Сөйтіп, жалпы мектептердегі үлгермеуші оқушылардың тең жартысын құрайтын, дамуында ауытқуы бар балалардың жаңа категориясы пайда болды. 1960 ж. Кеңес Одағында Ғылым академиясының дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтында, М.С.Певзнер мен Т.А.Власованың жетекшілігімен жүргізілген кешенді зерттеулер екі жақты қажеттіліктен туындады: біріншіден, жалпы мектептердегі үлгермеушілік мәселесімен күресу болса, екіншіден, танымдық әрекеттің клиникалық бұзылуын әрі қарай тереңірек зерттеу қажет болды. Барлық көрсеткіштерге сәйкес, бұл категориядағы балалардың психоәлеуметтік дамуы басқа дизонтогениялық бұзылулардан өзгеше, екінші жағынан, қалыпты дамудан айырмасы бар, сөйтіп, психикалық даму деңгейіне қарай ақыл-ойдың кемістігі мен қалыпты даму аралығын көрсетеді. Ақыл-ойдың кемістігінде орталық жүйке жүйесі диффузиялық түрде зақымданатын болса, психикалық дамудың тежелуінде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) локальды зақымданады. Ақыл-ойдың кемістігінде екінші сигналдық жүйе шартты байланыстар жасауда белсенді рөлді атқармайды, ал ПДТ-де екінші сигналдық жүйе шартты байланыстар жасауда, қалыпты жағдайда белсенді рөл атқарады. Ақыл-ойы кем балалар ересек адамдар тарапынан берілген көмекті қабылдамайды, ал ПДТ бар балалар көмекті қабылдайды». Психикалық дамуы тежелген балаларға, айқын даму ауытқулары жоқ (ақыл-ойдың кемдігі, сөйлеудің ауыр бұзылуы, жеке анализаторлар кемістігі т.б.) балалар жатады. Бұл категориядағы балаларда, түрлі биоәлеуметтік себептер (ОЖЖ-ң жеңіл зақымдануының қалдықтары, соматикалық әлсіздік, церебрастениялық күйлер, педагогикалық қараусыздық, гармониялық инфантилизм т.б.) салдарынан, бейімделу қиындығы кездеседі. Жоғарыда аталған кемшіліктер бұл балалардың жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруіне кедергі жасамайды, бірақ олардың психикалық және дене бітімдік ерекшеліктеріне бейімделуін қажет етеді. Дер кезінде жүргізілген коррекциялық–педагогикалық көмек жүйесі кейбір жағдайдағы медициналық көмек аталған, даму ауытқуын толық немесе жартылай жоя алады. Есту бұзылуының зерттелу тарихы Есту қабілеті бұзылған адамдардың мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиясы алғаш рет ХІХ ғ. орта шенінде зерттеле бастайды. 20-жылдары Л.С.Выготскийдің басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жүйелі түрде қарастырылды. Оның шәкірттері Л.В.Занков пен И.М.Соловьев өз әріптестерімен бірге, есту қабілеті бұзылған балалардың қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты зерттеуге кіріседі. Бұл зерттеулердің нәтижелері, 1940 ж. сурдопсихология бойынша алғаш жарияланған «Очерки психологии глухонемого ребенка» монографиясында беріледі. Одан кейін, сурдопсихология саласындағы зерттеулер И.М.Соловьевтің жетекшілігімен жүзеге асады. Сурдопсихологияның қалыптасуының кезеңдерінде, А.П.Гозова, Г.Л.Выгодская, Н.Г.Морозова, М.М.Нудельман, В.Г.Петрова, Т.В.Розанова, Л.И.Тигранова, Ж.И.Шиф т.б. ғалымдар әлестерін қосты. Көру бұзылуының зерттелу тарихы Тифлопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы соқырларды арнайы мектептерде оқытуды ұйымдастыру ісімен байланысты. «Алғашқы арнайы мектеп В. Гаюидің бастамасымен Парижде 1784 жылы ашылды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында бәкіл әлемде, барлығы 150-ге тарта соқырларға арналған мектептер ашылды. Соқырлар психологиясына талдау жасауға деген алғашқы ұмтылысты, біз француз материализмінің негізін қалаушы Д.Дидроның «Көретін адамдарға уағыз ретінде соқырлар туралы жазбалар» (1749) еңбегінен табамыз. Соқырлық жағдайындағы психикалық даму ерекшеліктерінеарналған алғашқы зерттеулер, ХІХ ғасырдың 70-жылдарында жүргізіле бастады. Зерттеуді соқыр адамдар интроспекция арқылы (өзін-өзі бақылау) жүргізді. М.Сизеранның «Зағип адам зағиптар туралы» монографиясы, сол кездегі елеулі еңбектердің бірі болып саналады. Онда өзін-өзі бақылау негізінде, соқыр адамның ішкі әлемі суреттеледі». Ғылыми психологияның орнығып қалыптасуы, Т.Геллер, М.Кунц, К.Бюрклен, П.Виллей, А.А.Крогиус, М.И.Земцова, Ю.А.Кулагин, А.Г.Литвак, Л.И.Солнцева еңбектерімен тікелей байланысты. Осы уақытқа дейін, әлемдік тифлопсихологияда соқырлар психологиясының қалыпты дамудағы көретін адамдардың психологиясына қаншалықты жақын және өзгеше екендігі туралы екі түрлі ұстаным бар. Бұл ұстанымдар адамның психикалық және әлеуметтік дамуындағы кемістіктің рөліне көзқараспен ажыратылады. Олардың бірі, көру патологиясы бар баланың психикалық дамуында көру кемістігініің рөлі негізгі және айқын деп қарастырады. Бұл ұстаным осы категорияға жататын балалардың, полисенсорлық қайта құрылу мүмкіндіктерін ескермейді. «Соқыр балалардың танымдық әрекеттерінде өзіндік ерекшеліктердің болатынын А. И. Скребицкий, А. Щербина анықтаған. Ал, соқыр балалардың психикалық дамуындағы өзгешелік ерекшеліктерді тым асыра карастыру Ф.Цехты көретін адамдардың тілінен өзгеше «соқырлар тілінің» қажеттігін дәлелдеуге мәжбүр етті. К. Бюрклен соқыр адамдардың қоғамнан бөлек өмір сүруі нәтижесінде, адамдардың жаңа бір өзгеше типі пайда болады деген қорытындыға келеді. Бірақ көру қабілеті зақымданған балалардың психикалық процестерінің ерекшеліктері өзгермейтін құбылыс емес. Ғалымдардың келесі бір тобы (Т.Касфорс, Б.Гомулицкий, К.Максфилд, А.Г.Литвак, М.И.Земцова, Л.И.Солнцева т.б.) бұл балалардың психикалық даму динамикасын бақылай келіп, мынадай тұжырым жасайды: аталған категориядағы балалардың психикалық даму динамикасы жақсарған сайын, көретін балалар мен көрмейтін балалардың жалпы психикалық мәртебесі арасындағы айырмашылық азая түседі. Көру патологиясы бар балалардың озық даму мүмкіндігінің болатыны белгілі болды (М.Тобин)». Сөйлеу бұзылуының зерттелу тарихы Логопсихология арнайы психологияның ең көп зерттелген, қалыптасқан саласы болып табылады «Тілдік патологиясы бар балаларды зерттеп қарастыру ісі, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қолға алынды. Аталған патологияның терминологиялық қамтамасыз етілуі бірыңғай емес: мысалы, отандық әдебиеттерде 1920 ж. баланың сөйлеуі қалыптасқанға дейінгі кезде, мидың органикалық зақымдануы салдарынан пайда болатын, ауыр тілдік жетілмеуді белгілену үшін, «алалия» термині енгізілді (Д.В. Фельдбергер), ал шетелдерде бұл патология «даму афазиясы», «сөйлеудің конституциональды тежелуі», «туа біткен афазия» деп аталды (А.Л.Бентон, Ф.Жияр, Ф.Кохер т.б.). Аталған категорияға жататын балаларға, адекватты коррекциялық – педагогикалық көмек беру мен әлеуметтендіру тұрғысынан қарағанда, ең маңызды болып саналатын нәрсе – бірінші кемістік – тілдік жетілмеудің баланың интеллектуалды дамуына ықпалын шеттету. Логопсихология тарихында, осы мәселе төңірегінде қарама–қайшы пікірлер болды. А. Куссмауль, П. Мари, М.В. Богданов-Березовский , сондай-ақ қазіргі замандағы зерттеушілер – Р.А.Белова-Давид, Е.А. Кириченко, бұл бұзылудағы жетекші рөлді «жалпы органикалық зияткерлік кемістіктің» атқаратынын көрсетеді. Авторлар сөйлемейтін және нашар сөйлейтін балалардың сөйлеу әдістердің басқа психикалық әдістердің жетілмеуіндегі басты себеп, олардың зияткерлік саласындағы ауыр кемшіліктер, осымен байланысты, сөйлеу кемістігімен қатар, ақыл-ойдың кемістігі немесе психикалық даму тежелуі байқалады деп санайды. Осы бағытта жүргізілген зерттеулерде, сипаттау қағидасы басым, онда психикалық әдістердің жетілмеуін, сөйлеудің ішкі заңдылықтарынсыз қарастырады. Ал, екінші пікір мынаны дәлелдейді: алғашқы сөйлеу кемістігі, сөйлеу қызметінің айқын жетілмеуі немесе мүлдем болмауы, мұндай патологиясы бар балалардың психикалық даму деңгейі оларды ақыл-ойының кемістігі бар балалар категориясына жатқызуға болатындығы. «Сөйлеуі бұзылған балалардың психикалық кемшіліктерін зерттеудегі алғашқы еңбектер Р.Е. Левинаның еншісінде шықты. Автор мектеп жасындағы сөйлемейтін алалик балалардың 4 тобын қарастырады. Балаларды топтауда ғалым олардың сөйлеуімен қатар психикалық қызметтерінің ауыр зақымданғанын есепке алады, бәкіл танымдық әрекеттің даму ерекшеліктерін анықтайды. Сөйтіп, балаларды келесі топтарға бөледі: сөйлеу дамуының бұзылуы, фонемалық қабылдаудың бұзылуымен ұласқан; сөйлеудің бұзылуымен қатар кеңістіктік мағлұматтары бұзылған; көру арқылы қабылдау қабілеттерінде бұзылу бар; сөйлеу қабілеті мен түрткі – қажеттілік саласы бұзылған (психикалық белсенділікте). Р.Е.Левина айқын сөйлеуде бұзылуы бар балалардың танымдық әрекеттерінің дамуындағы ауытқуларды, екінші кемістік ретінде қарастырады, демек, оның құрылымы тікелей бірінші кемістікке қатысты. Бұл пікір басқа ғалымдардың еңбектерінде өз жалғасын табады (Т.А. Власова, В.И.Лубовский, Л.С.Цветкова, И.Т.Власенко)». Сөйлеудің бұзылуындағы танымдық әдістерді бағалаудағы үшінші бір пікір Е.М. Мастюковаға тән, ол бұл мәселенің саралаушы түрде шешілуі қажеттігін айтады, себебі, балалардың бұл тобы полиморфты, әрі формаларының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Олардың әрқайсысында, танымдық саланың дамымауының өзіндік көріністері бар, бұл орталық жүйке жүйесінің органикалық және функциональды локализациясы мен оның айқындық деңгейіне байланысты. Қимыл-қозғалыстың бұзылуының зерттелу тарихы Қимыл-қозғалыста бұзылуы бар адамдардың, клиникалық және психикалық ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін зерттеу жұмыстары, ХІХ ғасырдың орта шенінен басталды. В.Литтл алғаш рет, қимыл-құрсақішілік және тууда, сал ауруына ұшыраған балалардың қозғалыс бұзылуының клиникалық сипаттамасын жасады, сонымен бірге, олардың тіл мүкістіктері мен жеке тұлғалық даму ерекшеліктеріне сипаттама берді. «Ресейде ХІХ ғасырдың басында, қимыл-қозғалыстың бұзылуы бар балалар мен жасөспірімдерге көмек беру мәселесімен Г.И.Турнер айналысты. Ол зақымданған аяқ-қолдарға ортопедиялық коррекция жасауға талпынды. Оның басшылығымен еңбек шеберханасы ашылды, онда қимыл-қозғалысында бұзылуы бар ұл балаларды кәсіп түрлеріне үйретті. Бірінші дүниежүзілік соғыс және одан кейін болған полиомиелит эпидемиясы, көптеген адамдардың тірек-қимыл аппаратының бұзылуына әкеп соқтырды, полиомиелит адамдардың әр жасында және әртүрлі басқа науқастардың, әскери жарақаттардың салдарынан, басқа себептерден пайда болды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды реабилитациялау мен әлеуметтік бейімдеу, қоғамдық-саяси мәселеге айналды. Бұл мәселені шешуде қимыл-қозғалыс патологиясы бар адамдардың рөлі ерекше болды. Олардың ішінде Америка президенті Ф.Рузвельт, австралиялық жазушы–журналист А.Маршалл, американдық дәрігер Д.Фелпс бар. Олардың өмірі мен қызметі қимыл-қозғалыс кемістігі бар, тіпті өздігімен жүре алмайтын адамдардың қоғамдық жұмыстарында тамаша жетістіктерге жетуге мүмкіндіктері болатынына дәлел болды. АҚШ дәрігері Д. Фелпс, ауыр сал ауруынан зардап шегеді, бірақ екі дүниежүзілік соғыстың аралығында, дәрігерлік мамандық алып әлгереді, ол церебральды сал ауруына ұшыраған балаларды зерттеуге кіріседі. Ол қоғамға осы церебральды сал ауру балалардың жоғары интеллектуалды қабілетінің болатынын, нәзік, сезімтал психикасы барлығын дәлелдейді. Оның жинаған ғылыми мәліметтері, қоғамның назарын аударады, ғылыми қызығушылық тудырады, сөйтіп, бұл балаларға қоғам тарапынан жанашырлық көрсету, оларды белсенді әлеуметтік әдіске араластыру сияқты жетістіктерге әкеледі. Бұл өз кезегінде, қоғамның дене бітімдік кемістіктері бар адамдарға деген көзқарасын өзгертеді, әрі дәрігерлердің, педагогтардың, психологтардың тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды зерттеуге деген қызығушылықтарын оятады, бұл медициналық және психологиялық–педагогикалық коррекция әдістерінің құрылуына ықпал етеді. ғасырдың 50–60 жылдарында Венгрияда тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қимыл–қозғалыстарын түзетуге бағытталған реабилитациялық жұмыстар, яғни қимыл-қозғалыс бұзылуын жеңуге үйретуде, жетекші рөл атқаратын кондуктивті педагогика пайда болды». Кеңес Одағында мұндай балаларды емдеу әдістерін жасауға айрықша әлес қосқан ғалым К.А.Семенова, оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жасаған М.В.Ипполитова. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың клиникалық–психологиялық ерекшеліктері туралы, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы деректерден, әлкен көлемді материал жинақталған, сөйтіп, арнайы психологияның бұл саласы шетелдерде, біздің елімізде де жедел даму әстінде. Аутизмнің зерттелу тарихы «Аутизм терминін алғаш рет Е.Блейер нақты қарым-қатынасжасау ортасын қажетсінбеу, одан оқшаулану, логикалық заңдардан азат болу мен өз «әлемінде» ғана өмір сүру сияқты, ерекше кәйді белгілеу үшін енгізген болатын. 1943 жылы американ клиницисті Л.Каннер ерте жастағы балалар аутизмі синдромының 11 жағдайын топтастыра отырып, өзінің «Аффективті байланыстың аутистік бұзылулары» атты еңбегінде, аутизмді жан-жақты қарастырады. Ол «экстремальды жалғыздық» деп, ерекше клиникалық синдром қорытындысын жасайды, кейін аутизмді ашқан ғалымның құрметіне оны Каннер синдромы деп атау ұйғарылды. Г.Аспергер өзгеше категорияға жататын - бірнеше баланы сипаттай отырып, оны «аутистік психопатия» деп атайды. Бұл бұзылудың психологиялық сипаты, Каннер синдромынан өзгеше. ЕЖБА–мен салыстырғанда, бірінші айырмашылық - аутистік психопатия белгілері, 3 жастан кейін білінеді. Аутистік психопаттардың мінез-құлық пен тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі, олар «балалық» белгіден тыс, барлық көріністерінде «егделік» байқалады, пікірлері мен көзқарастары өзгеше бір қайталанбас сипатқа ие. Құрбыларының ойындары оларды қызықтырмайды, өз ойындары механикалық ойын тәрізді болып келеді. Аспергер олардың «аспанда қалықтап» жүретіндіктерін, мимикаларының, сөйлеудің монотондылығын, қарым-қатынастарды қажетсінбеу, аялау, еркелеу әдеттерінің болмауын сипаттайды. Интуицияның жеткіліксіздігі, өзгенің жанын түсінбеу, жанашырлық көрсетпеу белгілері бар. Ал, екінші жағынан, Аспергер бұл балалардың өз өзіне деген ерекше сүйіспеншіліктерін байқайды». Ресейде ЕЖБА бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек беру мәселелері, өткен ғасырдың 70-жылдары қарқынды қарастырыла бастады. Зерттеулердің нәтижесі ретінде, осы категорияға жататын балалардың психологиялық классификациясы пайда болды (К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, О.С.Никольская,). Мінез-құлықтың бұзылуының зерттелу тарихы. Тұлғалық дисгармониялық дамудың, әлеуметтік-психологиялық бейімделудің бұзылуы мәселесін қарастыру, «шағын психиатрияның» саласымен басталған және сол салада жалғасын табуда. 1835 ж. Причард «моральды ақыл-ойдың кемістігі» жағдайлары туралы жазды. Бұл кейін «психопатия» терминімен белгіленген күйлер. Психопатиялық тұлғаны, ең алғаш рет сипаттаған Морел (1857). Ол адамның қалыпты ақыл-ой қабілетінің, әлеуметтік тұрғыда қате болып саналатын мінез-құлыққа бейімділігін ерекше атап көрсетеді. 1877 ж. Модслидің, пікірінше, психикалық бұзылу болып саналмайтын, тек шекаралық күйлер болып есептелетін психикалық күйлерге қатысты, «патологиялық даму» ұғымын енгізеді. Психопатия туралы ілімнің пайда болуы XIX ғасырдың 80-90 жж. сәйкес келеді және ол Х.Кандинский, В.М.Бехтерев, Е.Кох, С.С.Корсаков, Е.Крепелин есімдерімен тығыз байланысты. Е.Крепелин психопатияның классификациясын ұсынады, оған қозғыштар, импульсивті адамдар, тұрақсыздар, патологиялық өтірікшілер, қоғам жаулары, кикілжіңіне бейім адамдар сияқты 7 тип кіреді. 1921 ж. Э.Кречмердің конституциональды типологиясы пайда болды. Ол адамның дене құрылысының типін, ерекше мінез-құлықпен байланыстырады. Конституция типтері мен олардың әйлесуі, Э.Кречмер бойынша, екі түрлі өзара, қарама-қарсы патологиялық тұлға типтерін көрсетеді: маниакальды–депрессиялық және шизофрениялық. Бірінші тип бойынша, даму пикник дене құрылысын түзеді, ал екінші тип – астениялық және атлеттік дене құрылысын түзеді. Кречмер шекаралық күйлерді шизоидтық деп атайды (шизофренияға жақын күйлер) және циклоидтық (маниакальды-депрессиялық психоздардың негізгі симптомдарын көрсетеді). Психопатия туралы ілімнің кейін дамуы, бір жағынан, клиникалық типологияларды анықтау мен даралау бағытында жүрсе, (П.Б.Ганнушкин, О.В.Кербиков, Г.Е.Сухарева, В.В.Ковалев), екінші жағынан, шекаралық күйлердегі (акцентуацияланған) тұлғаны тану ілімін қалыптастыру бағытында жүрді (К.Леонгард, А.Е.Личко). Күрделі кемістіктердің зерттелу тарихы «Ең бірінші соқыр-саңырау бала, 1894 ж. Е.К.Грачеваның Петербургте ұйымдастырған ауыр дәрежедегі ақыл-ойының кемістігі бар балаларға арналған паналату орнына қабылданды. «Братство во имя Царицы Небесной» деп аталатын жерге, 1905 ж. тағы бір соқыр-саңырау бала тәрбиеленуге алынды. Ол кезде, бұл сияқты қайырымдылық мекемелерінде белгілі дәрігер, әрі оқытушы М.В.Богданов-Березовский кеңес береді, ол Ресейдегі соқыр-саңырау балалардың жағдайына назар аударып, осы жайлы ғылыми және көпшілік басылымдарда бірқатар мақалалар жариялады. Ресейде, XIX ғасырдың 80 ж. Ч. Диккенстің «Американ жазбалары» жинағы аудармасының басқа хабарламалардың жариялауының нәтижесінде, американдық соқыр-саңырау қыз Лаура Бриджменнің өмір тарихы, оның Бостондағы Перкинстің соқырларға арналған институтында білім мен тәрбие алғандығы жария болды. Бұдан кейін, бәкіл әлем Перкинс институтындағы Анна Сулливанның тәрбиеленуші соқыр-саңырау қызы Елена Келлердің оқып білім алу тарихы туралы хабардар болды. 1884 жылдан 1913 жылға дейін Ресейде Е. Келлердің өмір тарихы мен шығармашылғы жайлы 11 еңбек жарияланды. Бельгия, Франция, Норвегия, Шотландия мен Швецияда соқыр-саңыраулардың оқыту жайлы деректер белгілі бола бастады. Германиямен тығыз ғылыми қарым-қатынас жасау барысында, Ресей мамандары Потсдам жанындағы мүгедектерге арналған паналату орнындағы соқыр-саңыраулардың оқуын бақылауға мүмкіндік алды. Мүгедектер онда 1887 жылдан бастап оқытыла бастады, кейін 1906 ж. бұл жерде соқыр-саңырауларға арналған арнайы мектеп ашылды. 1908 ж. ай сайын шығатын орыстың «Слепец» журналында, неміс педагогы және зерттеушісі Г.Риманның 1905 ж. Берлинде жарыққа шыққан «Саңырау–мылқау-соқырларға психологиялық бақылау жасау» («Психологические наблюдения над глухонемыми слепцами») атты еңбегі жарияланды. Әлемнің әр тәкпірінен соқыр-саңырау балаларды оқытудың жетістіктері туралы келген хабарлар Ресей қоғамында аталған балалар мәселесі туралы ерекше қызығушылық туғызды. 1909 ж. Ресейде соқыр-саңырауларға қамқорлық жасау қоғамы құрылды және Петербургтегі соқыр-саңырауларға арналған балабақшада, баланы оқыту қолға алынды. Сол жылы жазда, осы мекеменің педагогары мен тәрбиешілері, Швеция мен Германиядағы соқыр-саңырауларды оқыту тәжірибесімен танысты, сөйтіп 1910 ж. ашылған және ауыр көру-есту кемістіктері бар 7 баланы паналатқан мекемеде жұмыс істей бастады. Бұл Ресейдегі соқыр-саңырауларға арналған ең алғашқы оқыту–тәрбиелеу мекемесі болып саналды. Мұнда, балалармен педагогтар М.А.Захарова мен Ю.А.Якимова жұмыс істей бастады, олар өз қызметтерін 1917 ж. төңкерістен кейін соқыр-саңырау балалар Петроградтағы отофонетикалық институт (кейінірек Ленинградтық есту және сөйлеу институтына айналды) жанындағы саңыраулар тобына енгенде де жалғастырды. Олар 1941 ж. дейін оқытылды. Бұл балаларды оқыту барысында жасалған ғылыми тұжырымдар белгілі психолог А. В.Ярмоленконың еңбектерінде беріледі. 1923 жылдан 1937 жылға дейін И.А.Соколянский ұйымдастырған Харьковтегі соқыр-саңырауларға арналған мектеп өте қарқынды жұмыс істеді. Бұл мектепті бітірген оқушы, атақты соқыр жазушы О.И.Скороходова болды. Кейінірек бұл тәжірибені И.А. Соколянский мен А.И.Мещеряков, Москвада КСРО ПҒА дефектология институтында жалғастырды, мұнда 1947 ж. бастап ғылыми зерттеулер және соқыр-саңырау балалармен тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Атақты психологтар А.Н.Леонтьев пен А.И.Мещеряковтың жетекшілігімен 1971 – 1977 жж. Аралығында, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің психология факультетінде, 4 соқыр-саңырау студентті оқыту ісі ұйымдастырылды. Олардың екеуі – А.В.Суворов пен С.А.Сироткин ғылыми дәрежеге ие болды және бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік кітаптардың авторлары болды. Қазіргі кезде кеңінен танымал болған, Москва облысының Сергиев Посад елді мекеніндегі соқыр-саңырау балаларға арналған балалар әйі 1963 ж. бері, Ресей Федерациясының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүйесінде жемісті жұмыс істеп келеді. Ресейдегі соқыр-саңырау балаларды оқыту тәжірибесі басқа елдерге мәлім, әрі әлкен беделге ие. 1969 жылдан бастап, соқыр-саңырауларды зерттеу жұмыстарын дамытатын және оларға қызмет ететін бәкіл әлемдік ұйым жұмыс істеп келеді, оның өткізетін шараларына ресейлік мамандар белсене ат салысады». Бұл ұйымның мәліметтері бойынша әлемде соқыр-саңырау адамдардың саны бір миллионға жуық. Қазіргі кезде олардың қатарына жататындар: туа біткен немесе ерте кезден соқыр-саңырау болған балалар; жүре келе, есту қабілетін жоғалтатын, тумысынан соқыр балалар; жүре келе, көру қабілеті бұзылатын тумысынан саңырау немесе нашар еститін балалар; есейген немесе қартайған шақта, есту және көру қабілетін жоғалтқан адамдар. Қазіргі кезде соқыр-саңыраулықты әр елде әртүрлі қарастырады. Ол көбінесе әр мемлекетте қабылданған нормативтік құжаттардағы бұл ұғымның қалай түсіндірілетіне саңыраулар категориясына жатқызу үшін, шетелдерде оған арнайы мектепте тегін оқыту құқығы мен ерекше әлеуметтік қызмет көрсетілетін кепілдік беріледі (көлікпен және басқа да көмектермен қамтамасыз ету, т.б.). Бұл елдерде «соқыр-саңырау» категориясы мемлекеттік мүгедектер тізіміне енгізілген. |