Главная страница
Навигация по странице:

  • БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар 1.Паралич (сал) пен парез.

  • 2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.

  • Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі (гиперрефлексия).

  • Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы

  • Тепе-теңдік реакциясының қалыптаспауы мен қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия

  • Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы (кинестезиялар

  • Ырықсыз қимыл-қозғалыстар.

  • Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу).

  • Танымдық саланың даму ерекшеліктері.

  • ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы


    Скачать 157.55 Kb.
    НазваниеАрнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
    Дата12.05.2021
    Размер157.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛЕК 1-7.docx
    ТипДокументы
    #203917
    страница5 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    4.5 Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы
    «Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылуы» деген ұғымға әртүрлі себептерден пайда болған және алуан түрлі көрініс беретін қимыл-қозғалыс бұзылуы енеді. «Тірек-қимыл аппараты патологиясының келесі түрлері ажыратылады:


    1. Жүйке жүйесінің аурулары:

    • балалардың церебральды параличі (сал);

    • полиомиелит;




    1. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы : - туа біткен жамбастың шығуы; - қисық мойындық; - маймақ аяқтық;

    - табан деформациялары;
    - омыртқа дамуының кемістіктері; - аяқ-қолдардың кеміс дамуы, - артрогрипоз (құбыжықтық).


    1. Мидың, жұлынның және аяқ-қолдың аурулары мен зақымданулары:

    - полиартрит;

    - жұлынның және мидың жарақаттануы;
    - қаңқа аурулары (туберкулез, остеомиелит); - сәйек ісіктері;
    - қаңқаның жүйелі аурулары (хондродистрофия, рахит). Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай,
    қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар әш топқа бөлініп қарастырылады:
    1) қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жәру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай ғана қалыптасады;
    2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздігінен
    шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан; жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жәрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
    Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістіктер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамудағы тежелу т.б.)».

    «БЦП – балалардың церебральды сал ауруы немесе паралич,бұл жүйке жүйесінің ауыр науқасы. БЦП – мидың қозғалыс жүйесінің зақымдануынан пайда болатын, бұлшық ет қызметіне орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылаудың болмауымен немесе жеткіліксіз бақылануымен көрініс беретін, қимыл-қозғалыстар бұзылуының бір тобы.
    БЦП-да қимыл-қозғалыс және сенсорлық жүйелер арасындағы, қимыл-қозғалыс жүйесінің буындары арасындағы, ырықты және ырықсыз қозғалыстар арасындағы өзара әрекет бұзылады. Бұл науқас ми қыртысының жоғары қызметінің бұзылуымен, пирамидалық жолдардың және қыртыс асты өзектердің зақымдануымен сипатталады. Көп жағдайда, баланың мүгедек болуына әкеп соқтырады. Кейінгі жылдары бұл ауру балалар арасында кең таралуда. БЦП – мидың ерте онтогенездегі жетілмеуінің немесе зақымдануының нәтижесінде пайда болады. Оның ішінде, мидың ең жас бөліктері (ырықты қимыл-қозғалыс, сөйлеу сияқты қызметтерге жауап беретін бөліктер) зақымданады.
    БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар 1.Паралич (сал) пен парез.
    Орталық паралич - ырықты қимыл-қозғалыстар жасаудың мүмкін болмауы. Бала денесін өз қалауымен қозғалта алмайды. Парез – салдың жеңіл түрі, ырықты қимыл-қозғалыстардың шектелуі. Орталық параличтер мен парездер, мидағы қимыл-қозғалыс аймағы мен қимыл-қозғалысты жеткізуші жолдардың зақымдануы салдарынан болады. Ми зақымдануының ауырлық
    деңгейіне байланысты, тұтастай сал күйі немесе жартылай қимыл-қозғалыс шектелуі пайда болады. Бұл бұлшық ет күшінің төмендеуімен байланысты. Мысалы, баланың қолын немесе аяғын өздігімен көтеруі, алға созуы, бәгуі, екі жағына созуы мүмкін емес немесе қиынға соғады. Мұның барлығы, маңызды моторлық функциялардың дер кезінде, толыққанды дамуына кедергі жасайды, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының, ойын, оқу, заттық әрекеттердің дамуын қиындатады.
    2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.
    Кез келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет. Бұлшық ет тонусының реттелуі, жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара әйлескен қызметімен жүзеге асырылады. БЦП–да бұлшық ет тонусы жоғарылайды (спастика, бұлшық ет гипертониясы). Әсіресе, аяқ-қолдардың бәгуші бұлшық еттерінің, жамбас бұлшық еттерінің, табандағы бәгуші бұлшық еттердің т.б. кейбір бұлшық ет топтарының тонусы аса жоғары болып келеді. Бұлшық еттер тонусының жоғарылауы, БЦП балалардың спецификалық кейпін туғызады: аяқтары тізеден бәгіліп, бір-біріне тәйістірілген, салмақ табанға емес аяқ башпайларына түседі, қолдары шынтақтан бәгіліп, денеге жанасқан, саусақтары жұдырыққа тәйілген.
    БЦП-ң гиперкинетикалық формасы, бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония - бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалылығы. Қалыпты жағдайда, бұлшық еттер бос болып көрінеді және гиперкинездер жоғалады, босаңсиды, сәл қимыл жасай бастаса, тонус күрт жоғарылайды, бұлшық еттер бірден қатты жиырыла бастайды гиперкинездер күшейеді. Атетоидтық гиперкинездерде, бұлшық ет дистониясы тонусты өзгертеді, құрт тәрізді жыбырлаған, әздіксіз спазм пайда болады.
    БЦП-ң атониялық–астатикалық формасында, бұлшық ет гипотониясы орын алады. Гипотония - бұлшық еттердің әлсіз, болбыр болып келуі. Ригидтілік құбылысы да жиі кездеседі. Ригидтілік немесе ебедейсіздік - тетанус жағдайы–шамадан тысқатты жиырылу. Қимыл-қозғалыс шұғыл, оқыс орындалады, оқыс қимылдар жасалады.


    1. Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі (гиперрефлексия).

    Мұндай гиперрефлексия пирамидалық жолдардың зақымдану белгісі болып табылады. Ахиллес нәктесі (өкше), тізе, басқа сіңірлік және периостальды рефлекстер өте жоғары, оларды туғызатын аймақтар (рефлексогендік аймақтар) кең. Сіңір рефлекстерінің жоғарылауының ең жоғары дәрежесі, клонус көріністерінен білінеді, яғни, бір бұлшық еттің күрт созылуынан кейін ырғақпен, ұзақ жиырылумен, қайтадан қалпына келуі. Пирамидалық жүйенің зақымдануында, табан мен тізе клонусы үнемі болады.


    1. Синкинезиялар.

    Бұл ырықты қимыл-қозғалыстармен қатар жүретін, яғни

    солармен бірлескен қимыл-қозғалыстар. Синкинезияның

    физиологиялық және патологиялық түрлері болады.
    Физиологиялық синкинезияларға, мысалы, жәріп келе жатқандағы қолдың қабаттаса қозғалуын жатқызуға болады. Патологиялық синкинезиялар, пирамидалық жүйенің зақымдануы кезінде пайда болады. Патологиялық синкинезияларға мысал ретінде, адамның төсектен тұруға әрекеттенгенде, сал болып семіп қалған аяқтың, өздігінен ырықсыз көтерілуін; сал болып қалған аяқ-қолдың, сау аяқ-қолдың қимылын қайталауын; бір қимыл жасағандағы, тіл мен еріннің қабаттаса қимылдайтынын келтіруге болады. БЦП балаларда патологиялық синкинезиялар жиі кездеседі, яғни, кез келген ырықты қимыл–қозғалыстың, оның ішінде сал болған мәшенің қимылының өздігінен қабаттасуы. Бала бір затты алуға қолын созса, жұдырығын тәйсе, бір қолын көтерсе, екінші сал болған қолы, өздігінен қатар созылады, буындары бәгіледі, аяқтары тәйіседі, иықтарында пронация пайда болады. Бұл қимылдар орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылауға көнбейді. Патологиялық синкинезиялардың болуы, ырықты қимыл-қозғалыстардың қалыптасуын тежейді, әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруге кедергі жасайды.


    1. Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы


    (статикалық-кинетикалық рефлекстер).
    Бұл рефлекстер дененің вертикальды күйін және ырықты моторикасын қамтамасыз етеді. Бұл рефлекстердің жеткіліксіз қалыптасуы, баланың денесін, басын қажетті күйде ұстауына кедергі келтіреді. Нәтижесінде, бала оқу, еңбек ету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын меңгеруде қиындықтарға ұшырайды.

    1. Тепе-теңдік реакциясының қалыптаспауы мен қимыл-қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия).


    Дененің тепе-теңдігі дегеніміз – дененің кеңістіктегі орнықты күйі. Дененің тепе-теңдігін сақтау, күрделі перифериялық жүйемен, орталық механизмдермен жүзеге асады. Дене тепе-теңдігінің статикалық (тұрғандағы) және динамикалық (қозғалыстағы) түрлері бар. Динамикалық тепе-теңдік, дененің кейпін ұстап тұратын, бұлшық еттердің рефлекторлық жиырылуы есебінен жүзеге асады, ол қимыл-қозғалыс координациясымен тығыз байланысты. Дененің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін механизмдер координациясы әртәрді деңгейлерде, яғни, көру анализаторынан, бұлшық ет рецепторларынан, буындар мен
    сіңірлерден, вестибулярлық аппараттан келіп түсетін ақпараттарды қабылдайтын жұлында, сопақша мида, мишықта,
    әлкен жартышарлар қыртыстары тәрізді деңгейлерде орындалады.
    Отыру, тұру кезінде дене атаксиясы байқалады. Кейде бала өздігінен отырып-тұра алмайды, жәрісі бұзылады, аяқтарын тым алшақ адымдайды немесе теңселіп жүреді. Бір затты ұстау, алу немесе орнына қою үшін, қимыл-қозғалыс дәлдігінің болмауынан қатты қиналады.

    1. Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы (кинестезиялар).

    Қимыл-қозғалыс функциясының дамуы, қимыл сезімдерімен
    тығыз байланысты. Себебі, қимылды сезіну, арнайы сезім клеткаларының, яғни рецепторлардың көмегімен жүзеге асады (проприорецепторлық түйсік). Олар бұлшық еттерде, буындарда, сіңірлерде орналасады, орталық жүйке жүйесіне дененің кеңістіктегі кейпі, аяқ-қолдың, бұлшық еттердің күйі туралы ақпарат жібереді. Бұл сезімді бұлшық еттің буын сезімі деп атайды.
    БЦП-ң барлық формаларында кинестетиалық сезімталдық бұзылады, баланың денесін кеңістікте қалаған күйде ұстауына, бір кейіпте тұру мен дененің тепе-теңдігін сақтауға, қимыл-қозғалыс кооординациясын дәлдеуіне т.б. қиындық туғызады. Көптеген балалардың қимыл-қозғалыс бағытын қабылдауы бұрмаланады. Мысалы, қолды алға тік созу қимылы, қолды екі жаққа созған тәрізді болып сезіледі. Өзінің қимылы жайлы бұрмаланған мағлұмат баланың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының адекватты болмауына, іс-әрекеттерінің қате қалыптасуына, сөйлеудің бұзылуына (артикуляциялық қимылдарды сезіну қиындығы) әкеп соғады.
    Қимыл-қозғалыстарды сезінудің бұзылуы әсіресе, БЦП-ң гиперкинетикалық және атониялық-астатикалық формаларында айқын көрініс береді.


    1. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар.


    Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, БЦП-ң гиперкинетикалық формасында өте айқын, гиперкинездер түрінде көрінеді: хореиформдық гиперкинездер, атетоидтық гиперкинездер, хореоаттоидтық гиперкинездер, спастикалық қисық мойындық және тремор түрінде көрінеді. Кейбір әдебиеттерде, треморды гиперкинездерге жатқызады. Гиперкинез дегеніміз - бұлшық ет
    тонусының ауыспалылығынан пайда болатын, ырықсыз қимылдар. Олар адам толқыған, абыржыған кезде, қандайда бір әрекет жасаған кезде күшейе түседі. Мұндай қимыл-қозғалыстар артикуляциялық аппаратта, бас, қол, мойында болады. Тремор – бұл саусақтар мен тілдің дірілдеуі. Әсіресе, мақсатты әрекеттер жасауда, тремор күшейе түседі. Тремор БЦП-ң атоникалық-астатикалық формасына тән. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, ырықты қозғалыс актілерінің орындалуын қиындатады. Балалардың заттық, ойын, оқу және басқа әрекеттерінің уақытылы дамуына кедергі жасайды, сөйлеу тілі мен жазуға кері әсерін тигізеді.


    1. Қорғаныс рефлекстері.


    Пирамидалық жүйенің зақымдану симптомдарына, орталық сал ауруында байқалатын қорғаныс рефлекстері жатады. Қорғаныс рефлекстері дегеніміз – сал болып қалған аяқ–қолға тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазылуы мен бәгілуі.


    1. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу).

    Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда
    болмайтын, тек жүйке жүйесінің зақымдануында ғана байқалатын, мидың тежеуші әсерінің төмендеуімен байланысты рефлекстер (патологиялық рефлекстер пирамидалық жүйенің зақымдануынан пайда болады) аталады.
    Патологиялық рефлекстер жазылу және бәгілу рефлекстері болып бөлінеді (аяқ-қол үшін). Бұл патологиялық рефлекстер пирамидалық жүйенің зақымдануында дами бастайтын, орталық (спастикалық) сал ауруының синдромын құрайды. 1 жасқа дейінгі балаларда, бұл рефлекстер патологиялық белгі болып саналмайды.


    1. Позотондық рефлекстер.


    Позотондық рефлекстер туа біткен, шартсыз рефлекстік қимыл-қозғалыс автоматизмдеріне жатады. Қалыпты дамудағы балаларда бұл рефлекстер, бала өмірінің алғашқы айларынан байқалады. Олардың біртіндеп жоғалуы, бала әрекетіндегі шартсыз рефлекторлық сатының пайда болуына қажет жағдай тудырады. Қалыпты дамуда 3 айдан кейін, позотондық рефлекстер мүлдем жоғалады. Ал бұл рефлекстердің сақталуы, ОЖЖ зақымдануының симптомы, яғни БЦП симптомы. Бұл рефлекстерді патологиялық рефлекстерге жатқызуға болады, себебі ересек сау адамдарда пайда болмайды. Церебральды сал аурулы балаларда аталған рефлекстер мектеп жасына дейін сақталады, келешекте бала денсаулығына ықпалы болады. Жоғары интегративті қозғалыс орталықтары, мидың қажетті, яғни рефлекторлық қозғалыс реакцияларын жүзеге асыратын бөліктеріне, тежеуші ықпал жасай алмайды, сондықтан оларды позотондық рефлекстерге жатқызады. Екінші жағынан, алып қарағанда, ми құрылымының белсенді қызметі, ырықты қимыл-қозғалысты, сөйлеуді және жоғары қыртыс қызметтерін реттейтін, ми қыртысының жоғары интегративті орталықтарының жетілуін тежейді.
    Позотонустық рефлекстердің арасында, БЦП кемістігінде маңызды орын алатындары:
    Лабиринттік тонустық рефлекс, басты ұстау күйінөзгерткенде байқалады. Бала шалқасынан немесе етпетінен жатқанда. Шалқасынан жатқанда, бала басын кейін тартады. Аяқтары бір-бірінен алшақ, тізесі бәгілген. Қолдары, саусақтары жұдырыққа тәйілген. Бала басын көтере алмайды. Ал етпетінен жатқанда, басы мен арқасы бәгілген, қолы кеудесінің астында, аяқтарын бәгіп, бәйіріне қарай тартады. Бұл күйде бала басын көтере алмайды, аяқ-қолын тіктеп, тіреле алмайды.
    Мойынның симметриялық тонустық рефлексі. Бұл БЦП барбалалардың омыртқасының мойын бөлігінде байқалады. Бала

    басын еңкейтіп, шалқасынан жатқан кезде, аяқ-қолының жұмылу, жазылу тонусы жоғалады.
    Мойынның ассимметриялық тонустық рефлексі. Бұлмойынды бұрған кезде байқалады. БЦП бар балалардың моторикалық дамуы, кейде тонустық рефлекстердің қатты әсер ететін сатысында тоқтап қалады. Балалардың жасы 2,5-да болса, 10-да болса, оның қимыл-қозғалыс дамуы, 2-5 айдағы сау баланың деңгейімен бірдей болады.
    Сонымен БЦП - мүлде қозғала алмау емес, бұлшық ет қозғалысы әдісін еркін басқара алмау.
    Бұзылу локализациясына байланысты, церебральды сал ауруының 4 түрін ажыратады:
    тетраплегия – аяқ–қолдардың жалпылай зақымдануы; диплегия (параплегия) – аяқтардың,не болмаса қолдардың

    зақымдануы;
    гемиплегия – дененің оң жағының,не болмаса сол жағының

    зақымдануы;

    моноплегия – бір ғана қолдың,не болмаса бір ғана аяқтың

    сирек кездесетін зақымдануы».

    Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Балалардың церебральды сал ауруында кемістіктің күрделі құрылымы орын алады. Қимыл-қозғалыс кемістігінің құрылымы туралы алдыңғы тарауда жан-жақты қарастырғанымызда, бұл кемістіктің психикалық даму бұзылуымен өзара байланысы ескерілген болатын.
    БЦП–да болатын психикалық дизонтогенездің ерекше түрі, дефицитарлық даму жайлы сөз қозғауға болады. Психикалық дизонтогенездің аталған түрі, жеке анализаторлар жүйесі қызметтерінің ауыр бұзылуынан, оның ішінде БЦП-ғы қимыл-
    қозғалыс анализаторының қызметіндегі бұзылулардың салдарынан пайда болады. Анализатордың бірінші кемістігі, оған қатысты қызметтердің жетілмеуіне, сондай-ақ зардап шеккен анализатормен байланысты, бірқатар қызметтердің баяулауына себеп болады. Жеке психикалық қызметтердің дамуындағы

    бұзылулар, тұтас психикалық дамуды тежейді. Моторлық саланың дефицитарлығы, яғни тапшылығы, қимыл-қозғалыс,
    сенсорлық, когнитивтік, әлеуметтік депривация мен эмоционалды-ерікті саласының бұзылуының негізгі себебі болып табылады.
    Дефицитарлық типті дизонтогенезі бар баланың психикалық дамуын алдын-ала болжау, тірек-қимыл аппараты зақымдануның ауырлық дәрежесімен байланысты. Бірақ шешуші, әрі маңызды рөлге интеллектуалды саланың әлеуетті (потенциалды) сақталуы ғана ие болады.
    Мұндай баланың оптимальды дамуы, тек адекватты тәрбие мен оқыту жағдайында ғана іске аса алады. Коррекциялық-дамытушылық жұмыстардың кемшілігі жағдайында, қимыл-қозғалыстық, танымдық және тұлғалық кемшіліктерді тереңдете түсетін депривация құбылыстары көрініс береді. Дефицитарлық типтегі дизонтогенез, БЦП бар баланың психикалық дамуындағы ауытқулардың негізін құрайды, әрі психикалық, қимыл-қозғалыстық және тілдік дамудың әркелкілігі мен динамикасын қамтамасыз етеді. Даму қарқынының айқын көзге түсетін бұзылуы мен әркелкілігі, тепе-тендіктің бузылуы, сондай-ақ, психиканың қалыптасуындағы өзіндік сапалық белгілер – бұл БЦП бар баланың танымдық іс-әрекеті мен жеке тұлғасының басты ерекшеліктері. БЦП балалардың жартысында ғана әлеуетті сақталған интеллектісі бар, бірақ бұл балалардың жалпы дамуы тапшылық жағдайында жүзеге асатындықтан, психикалық дамуға өз таңбасын салады. БЦП-ғы әлеуетті сау сақталған интеллект толыққанды дұрыс дамуды қамтамасыз ете алмайды. БЦП-ғы психикалық бұзылудың негізгі түрлері – психикалық дамудың тежелуі және олигофрения. Демек, психикалық дизонтогенездің дефицитарлық типінің, тежелген даму немесе жетілмеген даму типіндегі дизонтогенезбен әйлесетіндігі дәлелденеді.
    Сонымен қатар, қозғалыс патологиясының ауырлық дәрежесі мен интеллектуалды кемшілік деңгейінің арасында тікелей байланыс жоқ. БЦП-ның түрлі формаларында, қалыпты және тежелген даму да, ақыл-ойдың кемдігі та кездесуі ықтимал.
    БЦП-ғы барлық танымдық психикалық әдістердің бірқатар жалпы ерекшеліктері бар:

    • церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың барлық танымдық жүйесінің қызметіне кері әсер ететін, белсенді ерікті зейін бұзылады, себебі зейін бұзылу қабылдау, ес, ойлау, қиял және сөйлеу бұзылуына әкеліп соғады;




    • төмен интеллектуалды қабілеттен және зейін, ес, қабылдау,

    ойлаукемшіліктерінен,эмоционалдытұрақсыздықтан
    байқалатын барлық психикалық әдістердің тым азаюы (церебро-астениялық көріністер) көзге түседі. Церебро-астениялық көріністер, әртүрлі науқастардан кейін күшейеді,
    әсіресе, жұмыс кәнінің, аптаның немесе оқу тоқсанының соңында әдей түседі. Интеллектуалды жәктемелер шамадан тыс көбейіп кеткен кезде, невротикалық асқынулар қайталанады. Кейде жоғары психикалық таусылу пен шаршағыштық, жеке тұлғаның патологиялық дамуына себеп болады: жасықтық пайда болады, үрей мен көңіл-күйінің төмендігі пайда болады, т.с.с;


    • жоғары инерттілік пен барлық психикалық әдістердің баяулығы, бір әрекет түрінен екінші әрекет түріне ауысу қиындығына, оқу материалының жеке фрагменттерінде «байланып» қалуға , ойлаудың «тұтқырлығына» т.б. алып келеді;


    БЦП бар балалардың психикалық әрекеттерінің хронологиялық жетілуі күрт тежеледі. Осының әсерінен, психиканың бұзылуы байқалады. Оның ішінде, танымдық әрекет зардап шегеді. Бірақ, қимыл-қозғалыс және психикалық бұзылу арасында нақты байланыс жоқ. Мысалы, ауыр қимыл-қозғалыс бұзылуы, жеңіл ПДТ-мен ұласуы мүмкін. Кейде психикалық қызметтердің ауыр түрде жетілмеуімен ұласады. Жалпы БЦП бар балаларға психикалық даму кемістігі тән. Оған себеп, мидың ерте органикалық зақымдануы және қимыл-қозғалыс, сөйлеу, сенсорлық ақаулар. Психикалық бұзылу генезінде, басты рөлді іс-әрекеттің әлеуметтік байланыстары, қоршаған ортадағы тәрбие жағдайлары атқарады.
    БЦП-ғы интеллектуалды кемістік өзіндік ерекшеліктермен сипатталады:

    1. Қоршаған орта туралы ұғымдар мен мағлұматтар қорының аздығы. Оған себеп, балалардың құрбыларымен, ересектермен қарым-қатынасының шектелуі. Жалғыз қалуға, қозғалыссыздыққа мәжбүр болу. Сондай-ақ, сенсорлық қызметтердың бұзылуы. Қимыл-қозғалыс қиындығына


    байланысты, қоршаған ортаны тануда, заттық-тәжірибелік әрекет жасай алмау. БЦП–да әртүрлі анализаторлар жүйесінің координациялы әрекеттері бұзылады. Есту, көру, бұлшық ет– буын сезімінің патологиясы, жалпы ақпарат қабылдауда, интеллектуалды әрекетте қиындықтар туғызады. Бұл балаларда көру кемістігі кездеседі. Көру қабілеті, көру аумағы, көз өткірлігі жеткіліксіз. Қыли көзділік, жоғары қабақтың төмен тәсіп кетуі (птоз) т.б. болады, есту қабілетінің төмендеуі кезігеді. Жоғары жиіліктегі К, С, Ф, Ш, В, Т, П сияқты дыбыстарды естімейді. Сөйлеуде, бұл дыбыстарды мүлдем айтпайды. Кейде фонемалық қабылдау кемшіліктері болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта