Главная страница
Навигация по странице:

  • А. Адлердің және Л. С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімдері.

  • 2.2. Дефектологиядағы Л. С. Выготскийдің рөлі

  • Алғашқы кемістік пен туынды кемістік құрылымдарындағы зақымданулардың байланысы туралы

  • Жақын және өзекті даму аймағы туралы ереже.

  • Оқыту мен дамудың сәйкестігі туралы ереже

  • Л. С. Выготскийдің әлеуметтендіру бағдарламасын жасауы

  • Зият пен аффектінің сәйкестігі

  • 2.3 Онтогенез және баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың рөлі

  • Психикалық–дене бітімдік және тұлғалық-әлеуметтік даму кемістіктері қаупін тудыратын әлеуметтік факторлар.

  • ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы


    Скачать 157.55 Kb.
    НазваниеАрнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
    Дата12.05.2021
    Размер157.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛЕК 1-7.docx
    ТипДокументы
    #203917
    страница2 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    КЕМІСТІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ


    2.1. Кемістік және орнын толтыру ұғымдары
    Дамудың алғашқы және туынды кемістігі.

    Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар әсерінен, органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық– педагогикалық түзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады.

    Даму әдісінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты, «төменнен жоғары» болған жағдайда, дер кезінде коррекциялық–педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың әлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.

    А. Адлердің және Л. С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімдері.

    «А. Адлер теориясының негізі адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің көзқарасына бойынша, адамның өз дамуындағы кемшіліктерді

    жоюға мүмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген үнемі ұмтылуы арқасында пайда болады».

    А. Адлерден кейін Л. С. Выготский функциональды ұстанымда, бір органикалық кемістіктің баланың кеміс екендігіне дәлел болмайтынына назар аударады. Кемістіктің әсері үнемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л. С. Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бұл заң, ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».

    Психикалық қызметтердің кемшілігі мен зақымдануын компенсациялау, тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар: жүйеішілік қайта құрулар (жойылған қызметтердің сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйеаралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауының сипап-сезумен компенсацияланатыны (Брайль шрифті).

    Л. С. Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан, емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті, оның қандай да бір қызметтің (функциясының) жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған қызметтің бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму әдісіндегі компенсациясы».
    2.2. Дефектологиядағы Л. С. Выготскийдің рөлі

    Л. С. Выготский арнайы психологияның негізін салған ғалым. Арнайы психология негізінде, Л. С. Выготскийдің енгізген бірқатар тұжырымдары бар. Ғалымның пікірінше, сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды.Демек қалыпты және дамуыауытқыған балалардың дамуындағы факторлар бірдей.

    Бірақ жалпы заңдылықтармен бірге, ол кемтар баланың өзіндік даму ерекшеліктерін де атап көрсетті. Аномальды психиканың басты ерекшелігі ретінде, биологиялық және мәдени әдістер дамуының бір-бірінен алшақ болатынын көрсетті (дивергенция).

    Ақыл-ойы кем бала, өзінің дамуында сау баланың жәріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және өзіне тән спецификалық ерекшеліктермен өтеді.

    Алғашқы кемістік пен туынды кемістік құрылымдарындағы зақымданулардың байланысы туралы
    ереже.Алғашқы кемістік биологиялық факторларменбайланысты болса, ал екінші кемістік - әлеуметтік факторлармен байланысты. Нәтижесінде Выготский Л. С., білім алу қажеттілігі ерекше балаларда екінші, үшінші кемістіктің алдын-алу мақсатында, ерте коррекциялық көмек беру қажеттілігі туралы тұжырым жасады. Сондай-ақ, туынды кемістіктер, оның ішінде эмоциональды – ерікті саласының зақымдануы сияқты бұзылулар, биологиялық ақауларға қарағанда, коррекциялық әсерлердің көмегімен жеңілдетілетіндігі туралы тұжырым жасады.

    Жақын және өзекті даму аймағы туралы ереже.

    «Жақын даму аймағы» мәнінде, Л. С. Выготский «жетілу әдісіндегі қызметтерді, яғни, әзірше ұрық күйіндегі, піскен жеміс деп атауға келмейтін, тек бүршік немесе гүлі деп атауға болатын», енді жетіліп келе жатқан қызметтерді айтады.

    Осылайша, «жақын даму аймағы» ұғымын қарастыруда, Л. С. Выготский тағы бір маңызды тезис ұсынды. Онда ақыл-ойы кем баланың ой-өрісінің дамуын анықтауда, оның нені меңгергендігін, баланың «динамикалық даму күйін», «әзірге даму күйінде тұрған әдістерін» есепке алу қажеттілігі айтылады.

    Л. С. Выготскийдің пікірінше, «жақын даму аймағы», баланың жасына сәйкес емес, күрделі мәселелерді ересектердің көмегімен шешу әдісінде айқындалады. Сөйтіп, ақыл-ойы кем баланың мүмкіндігін бағалау, екі көрсеткіш негізінде жүреді: ересектер тарапынан берілген көмекті қабылдай білу және аналогиялық тапсырмаларды өз бетімен орындай білу дағдысы. Ол өзінің күнделікті жұмысында, қалыпты дамудағы балаларды зерттеумен ғана емес, дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеумен айналыса отырып, жақын даму аймағы туралы пікірдің, әсіресе кемтар балалар категорияларына қатысты екендігіне көзі жетті.

    Оқыту мен дамудың сәйкестігі туралы ереже.Л.С.Выготский оқытудың дамудан ілгері жәруі, баланың дамуын өзімен бірге ілгері жылжытады деген қорытындыға келді.

    Л. С. Выготскийдің әлеуметтендіру бағдарламасын жасауы.Осыған сәйкес,кеміс баланы әлеуметтік ортаға ертеқосу мен даму патологиясын ерте диагностикадан өткізу қажеттілігі анықталады. Ол дамуы ауытқыған балаға, ерте коррекциялық – педагогикалық ықпал жасаудың маңызын дәлелдейді.

    Зият пен аффектінің сәйкестігі.Түзетушілік(коррекциялық) оқыту мен тәрбиелеу әдісінде ақыл-ойы кем баланың эмоциямен басқарылатын мінез-құлқы мен өзін-өзі ұстауы, анағұрлым саналы болады, демек, ақыл-ой мен аффект арасындағы қатынас өзгереді.

    2.3 Онтогенез және баланың психикалық дамуындағы әртүрлі факторлардың рөлі
    Клиникалық зерттеулерге сәйкес, психикалық қызметтердің бұзылуы немесе жетілмеуі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының ерте жасушалық дамуында, түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады (1-сурет).

    Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кемтар дамуына әсер ететін, әсер ету уақытына қарай, патогендік факторлар әшке бөлінеді: пренатальды (тууға дейін); натальды (туу кезінде); постнатальды (туғаннан кейін, ерте сәбилік кезеңнен 3 жасқа дейін).

    Бала дамуының биологиялық факторларына мыналар жатады:

    • тұқым қуалайтын және гендік мутациялар, хромосомдық абберациялар нәтижесінде пайда болған, хромосомдық-генетикалық ауытқулар;

    • ананың жәкті кезіндегі жұқпалы және вирустық аурулары (қызамық, токсоплазмоз, тұмау);


    1-сурет. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кемтар даму қаупін туғызатын факторлар


    • венерологиялық аурулар (соз, мерез);

    • ананың эндокриндік аурулары, оның ішінде қант диабеті;

    • резус-фактордың сәйкес келмеуі;

    • ата-ананың маскәнемдігі мен нашақорлығы;

    • биохимиялық зияндылықтар (радиация, қоршаған ортаның экологиялық ластануы, айналада қорғасын, сынап тәрізді ауыр металлдардың болуы, агротехникада жасанды тыңайтқыштарды пайдалану, медициналық дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау, тамақтағы жасанды қоспалар т.б.);

    • ананың соматикалық денсаулығындағы ауытқулар, оның ішінде гиповитаминоз, ісіктер, әлсіздік;

    • гипоксия (оттегінің жетіспеуі);

    • ананың жәктілік кезіндегі токсикозы;

    • туу патологиясы, әсіресе, мидың жарақаттануы;

    • баланың ерте сәбилік кезіндегі ми жарақаты, ауыр жұқпалы және токсиндік-дистрофиялық аурулар.

    Генетикалық әсерлер. Гендегі ақпараттарда барлықадамдарға тән белгілер, жеке адамдарға тән дара өзгешеліктер, даму ауытқуларының пайда болуы бар. Зерттеулер көрсеткендей, зият және сенсорлы кемшіліктердің тегі, генетикалық болып келетіндігі анықталған.

    Мысалы, ата-ананың екеуінде ешқандай даму ауытқуы жоқ, бірақ олар саңыраулықты жасырын тасымалдаушы болып табылады, демек, екеуінің бірінен балаға саңыраулық беріледі.

    Даму патологиясына сондай-ақ, хромосом сандарының кемшілігі мен артық болуы себеп болады, яғни 23 жұптан артық немесе кем. Көптеген жағдайда, хромосомдық аномалиялар, ұрықтың құрсақтағы кезінде өлуіне немесе мерзімінен ерте тууына, тәсік тастауға әкеп соғады. Бірақ, қазіргі кезде Даун синдромы(трисомия) кең таралып келеді. Туа біткен патологиясы бар балалардың тууының алдын-алу мақсатында, ата-аналарға тиісті генетикалық кеңестер беріледі, сөйтіп, қандай да бір патогендік белгінің болашақ балаға берілу қаупі анықталады. Ол үшін ата-ананың кариотипі зерттеледі.

    Соматикалық фактор. Жүйке-соматикалық әлсіздік күйініңанағұрлым ерте пайда болған түрі, әрі баланың психикалық, дене бітімі және эмоциональды жағынан дамуына кедергі жасап, қиындықтар туғызатын түрі – невропатия.

    «Невропатия – баланың құрсақтағы даму кезінде немесе туу кезінде пайда болған, туа біткен көп факторлық бұзылу ретінде қарастырылады. Оған себеп болатын жайлар: ананың жәктілік кезіндегі ауыр токсикоздары, тәсік қаупін туғызатын жәктіліктің патологиялық дамуы, эмоциональды стресс күйлері.

    А.А.Захаров бойынша невропатияның негізгі белгілері:

    • Эмоциональды тұрақсыздық –эмоциональды бұзылуларға,

    мазасыздыққа, ашушаң әлсіздікке және аффектілердің тез пайда болуына бейімділік.

    • Вегетативті дистония –ішкі ағза қызметтерінің түрлібұзылуы түрінде көрінеді: асқазан-ішек қызметінің бұзылуы, бас айналу, тыныс алудың қиындығы, лоқсу, т.б. мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда, балалар мекемелеріне бейімделу қиындығы туған кезде бастың ауыруы, қысымның тұрақсыздығы, жүрек айну сияқты соматикалық реакциялар байқалады.

    • Ұйқының бұзылуы – ұйықтаудың қиындығы,тәнгіелегізулер, кәндізгі ұйқыдан бас тарту тәрізді болып келеді.

    • Зат алмасу үдерісінің бұзылуы, аллергияға бейімділік,түрліжұқпалы науқастарға сезімталдық, әсіресе, ер балалардағы тамаққа тәбеттің нашарлығы, анасының жәктілік кезіндегі ішкі эмоциональды қанағаттанбау күйімен байланысты.

    Жалпы соматикалық әлсіздік, ағзаның қорғаныс күштерінің төмендеуі: бала шұғыл респираторлық аурулар (ОРЗ), шұғыл респираторлық вирустық жұқпалы аурулар (ОРВИ), асқазан-ішек ауруларымен, тыныс алу жүйесі сырқаттарымен жиі ауырады.


    • Психомоторлық бұзылулар (тәнгі және кәндізгі ұйқыкезінде, кіші дәретті ұстай алмау, тартылулар, тұтығу). Бұл бұзылулардың органикалық текті бұзылулардан айырмашылығы, бала өскен сайын жоғалады, маусымдық сипатқа ие болады да, көктем мен кәз айларында ғана асқынады. Балада мұндай бұзылулардың пайда болуына, ананың жәктілік кезіндегі дене бітімдік және эмоциональды қатты қалжырауы себеп болады.

    Невропатияның алғашқы көріністері, бала өмірінің алғашқы жылында-ақ, оның жиі құсуына, дене қызуының өзгергіштігіне, ұйқысының бұзылуына, қатты жылауына байланысты бірден диагностикаланады. Невропатия патогендік факторлардың тек базасы ғана болып есептеледі, оның негізінде баланың жалпы белсенділігі төмендейді, психикалық және дене бітімдік жетілу қарқыны баяулайды, өз кезегінде психикалық даму тежелуіне әкеп соқтырады. Сондай–ақ, әлеуметтік талаптарға бейімделу қиындығы артады, жеке тұлғалық жағымсыз өзгерістер (басқа біреулердің көзқарасына толық тәуелді болу, депрессивті кәйге тәсу, өмірге деген қызығушылықты жоғалту) пайда болады.

    Дер кезінде ұйымдастырылған сауықтыру, шынықтару шаралары, оның ішінде психологиялық қолайлы атмосфера орнату, жылдар өткен сайын невропатия белгілерін жояды. Ал, жайсыз жағдайларда, невропатия созылмалы, соматикалық науқастардың, психоорганикалық синдромдардың асқынуына қолайлы жағдай жасайды. Соматикалық аурулар, баланың психикалық–дене бітімдік қалыпты дамуы, жеке тұлғалық-әлеуметтік дамуына, мектептегі оқуды сәтті меңгеруіне кедергі жасайтын себептердің ішінде, мидың органикалық зақымдануынан кейін, екінші орынды иемденеді.

    Мидың зақымдануы. Адамның жоғары психикалыққызметтері мен олардың жасқа сай динамикасын қамтамасыз ететін, ми жұмысының механизмі туралы қазіргі заманғы мағлұматтар, мидың құрылымдық–функциональдық ұйымдастырылуының интегративті жұмысы туралы материалдар негізінде тұжырымдалады. А. Р. Лурияның тұжырымдамасына сәйкес, «психика әш функциональды блоктың әйлескен қызметімен қамтамасыз етіледі:

    1. Тонус пен сергектікті реттеу блогы;

    2. Ақпаратты қабылдау, қорыту және сақтау блогы;

    3. Психикалық әрекетті жоспарлау мен бақылау блогы. Әрбір жеке психикалық функция қалыпты даму жағдайында мидың осы әш блогының әйлескен қызметімен қамтамасыз етіледі». Олар жоғары сараланған, күрделі динамикалық тізбектер кешені, жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде орналасады. Ми бөліктерінің түрлі қызметтерінен басқа, ми жарты шарлары аралық қызметтерді де қарастырған дұрыс. Сол жақ жартышардың зақымдануы салдарынан, сөйлеудің бұзылатыны анықталған. Бұл құбылыстың клиникалық және нейропсихологиялық зерттелуі (Н. Н. Брагина, Т. А. Доброхотова, А. В. Семенович, Э. Г.Симерницкая), сол жақ жартышардың сөйлеу әрекетінің дұрыс дамуына және абстрактілі-логикалық ойлау қабілетіне жауапты екендігін растады. Ал, оң жақ жартышар кеңістік пен уақытты бағдарлау, қимыл-қозғалыс дәлдігі, эмоциональды сезімдердің айқындығына жауап беретіні анықталды.

    Мидың дұрыс қызметі үшін, жартышарлардың өзара тығыз байланысы болуы шарт.

    Осылайша, баланың қалыпты психикалық дамуына әртүрлі ми құрылымы және тұтас ми жүйесі тұрғысында қажетті нейробиологиялық дайындық керек.

    Л. С. Выготский былай деп жазады: «Мінез-құлықтың жоғары формаларының дамуы, белгілі бір деңгейдегі биологиялық жетілуді, алғышарт ретінде белгілі бір құрылымды қажет етеді. Бұл тіпті адамға ұқсас, миы ең жоғары жетілген жануардың мәдени дамуына жол бермейді. Адамның өркениетке енуі, қажетті аппараттары мен қызметтерінің жетілумен ғана байланысты. Егер баланың миы мен сөйлеу аппараты қалыпты дамыса, өзінің биологиялық дамуының белгілі бір сатысында, ол сөйлеуді меңгереді. Ал жоғары даму сатысында, бала санау және жазу тілін меңгереді, одан кейінірек – негізгі арифметикалық операцияларды игереді».

    А. Р. Лурия мен оның із басарларының адамның тұтас психикалық іс-әрекетінің мимен ұйымдастырылуы туралы тужырымдамасы, қалыпты онтогенезден ауытқуды анықтаудың және коррекциялық-педагогикалық әдісте маңызды болып саналатын, зақымданған және сау сақталған ми құрылымын анықтаудың, әдістемелік негізі болып табылады.

    Психикалық–дене бітімдік және тұлғалық-әлеуметтік даму кемістіктері қаупін тудыратын әлеуметтік факторлар.

    Баланың пренатальды және натальды кезеңдердегі дамуына, әлеуметтік механизмдердің тигізетін әсері зор. Балаға бұл кезеңде әлеуметтік әсерлерді жеткізуші анасы болып табылады. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, құрсақта балаға тек патогендік, биологиялық факторлар ғана емес, балаға бағытталған әлеуметтік қолайсыз ситуациялар да (жәктілікті тоқтату, болашақ аналықпен байланысты қорқыныштар, алаңдау күйлері, жәктілік жағдайынан қорлану т.б.) тікелей әсер етеді. Олар жәктілік әдісінің биологиялық және әлеуметтік жағдайларына байланысты, баланың дұрыс психикалық дамуына толыққанды негіз болады немесе керісінше, оның патогендік базасына айналады.

    А.И.Захаров шетелдік және отандық ғалымдардың мәліметтерін топтай келіп, ананың ұзақ уақыттық, жағымсыз көңіл-күйлері мен күйзелістерінің анағұрлым патогендік әсер беретінін айтады. Мұндай күйзелістердің нәтижесінде, мазасыздық гормондары тәзіледі,ол ұрық айналасындағысұйықтыққа келіп түседі. Өз кезегінде, бұл гормондар ұрықтың ми жасушаларына оттегін жеткізіп тұратын, қан тамырларын тарылтады, ұрық гипоксия жағдайында жетіледі. Кейде, плацента қабаты ажырап, бала мерзімінен бұрын туылады.

    Қысқа уақыттық қатты стрестердің (шошыну, жан жүйесіне соққы тию) патогендік әсері аз емес. Мұндай жағдайлардың басым көпшілігінде, жәктілік ырықты тәсік тастаумен аяқталады.

    Ананың босану кезіндегі психологиялық күйіне көңіл бөлінеді: жақын адамдарының қасында болуына рұқсат етіледі, баланы ананың төсіне жанастырады, бұл аналық инстинктті дамыту, әрі баланың туу кезінде алған соққысын (есеңгіреуін) жеңілдетуге септігін тигізеді.

    Әлеуметтік әсерлер. Бала неғұрлым жас болған сайын,оның дамуындағы кемістіктердің пайда болуы мен олардың алдын-алуда, отбасының атқаратын рөлі ерекше. Ең алдымен, баланың сәби кезінде дұрыс дамуы үшін, оның ересектермен эмоционалды қарым-қатынасы қажет, мұндай жағдайлардың болмауы, психоэмоционалды тежелуге әкеп соғады. Бұл мәліметтердің барлығы, жетім балалар мен ата-анасы қамауда отырған балалармен жүргізілген тәжірибелерден алынған. Анасының моральды бейнесі қандай болса, баланың балалар әйінде тәрбиеленуінен гөрі, анасымен бірге болғаны анағұрлым пайдалы, себебі, балабақшада немесе балалар әйінде, балаға қажетті көңіл бөлінбейді.

    Бірақ баланың әлеуметтік қауіпті отбасында (маскәнемдік, нашақорлық, әкенің немес ананың заңға қайшы әрекеттері) өсуі, педагогикалық және әлеуметтік қараусыз күйін туғызады, баланың денсаулығына нұқсан келеді, бар кемістіктерін асқындырады. Созылмалы маскәнемдік жағдайына ұшыраған ата-аналардың балаларының барлығында дерлік, әртүрлі деңгейдегі жүйкелік–психикалық ауытқулар байқалады. Маскәнем ата-ана, іс жәзінде өзінің ата-аналық парызын орындамайды.

    Есте болар жәйт, ауытқулы дамудың себебін қарастыруда, кез-келген біржақты көзқарас пен себептерді анықтауға, тиісті дамыту-түзету мақсатындағы, психологиялық-педагогикалық жүйелерді ұйымдастыруға кедергі жасайды.
    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта