Главная страница
Навигация по странице:

  • Лексикалық-грамматикалық бұзылулар.

  • Әуендік – екпіндік бұзылулар

  • Қарқындық–ырғақтық бұзылулар

  • Сөйлеудің жүйелі бұзылуы

  • Танымдық саланың даму ерекшеліктері.

  • 4.7. Ерте жастағы балалар аутизмі «Аутизм

  • 4.8. Мінез-құлықтың бұзылуы

  • ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы


    Скачать 157.55 Kb.
    НазваниеАрнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
    Дата12.05.2021
    Размер157.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛЕК 1-7.docx
    ТипДокументы
    #203917
    страница6 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    2. Интеллектуалды кемістіктің біркелкі емес, дисгармониялық сипаты, екінші ерекшелік болып табылады. Интеллектуалды қабілеттердің бірі тежеледі, екіншісі қалыпты дамиды. Психика дамуының мозайка түріндегі белгісі, мидың ерте кезеңдерінде органикалық зақымдануынан болады. Балалардың кеңістіктік және уақыттық түсініктері бұзылады, дененің оң және сол жақтарының саралауы жеткіліксіз. Оптикалық-кеңістіктік бұзылулар жиі кездеседі, балалар геометриялық фигураларды көшіріп сала алмайды. Сурет салуда, жазуда айна сияқты, керісінше жазу, шатастыру кездеседі.
    Балалардың фонемалық қабылдауы жеткіліксіз, праксистің барлық түрлері тежелген. Салыстыру, топтау, т.б. әдістер тежелген. Кейбір балалардың көрнекі ойлау түрі жақсы дамиды, ал кейбірінде сөздік-логикалық ойлау қалыпты дамиды.


    1. Психоорганикалық құбылыстардың көрістері, үшінші ерекшелікке жатады. Бұл психикалық әдістердің өте баяулығынан, тез таусылатынынан және әрекеттердің бір түрінен екінші түріне ауысудың қиындығынан, зейін, қабылдау, ес әдістерінің кемшілігінен байқалады. Бұл балалардың басым көпшілігінде, танымдық белсенділік аз. Ми жұмысындағы төмен қабілеттілік, церебрастениялық синдроммен байланысты. Балалар интеллектуалды тапсырмалар күрделенген сайын, тез шаршағыш, жалыққыш бола бастайды. БЦП бар баланың интеллект күйі әртүрлі. Бірде қалыпты, бірде қалыпсыз кәйге жақын болып келеді. Бірқатар балаларда ПДТ, ал енді біреулерінде ақыл-ойдың кемістігі кездеседі. Сөйтіп, психикалық дамуында ауытқуы жоқ балалар сирек кездеседі.


    70

    4.6. Сөйлеудің бұзылуы
    Сөйлеу тек қана адамға тән, қайталанбас қабілет бола отырып, ойлау әдісімен тікелей байланысты, адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін негізгі құралы.
    «Сөйлеу патологиясы есту, көру және қозғалыс анализаторларының перифериялық және орталық бөліктерінің зақымдануы салдарынан болады. Есту анализаторларының перифериялық бөлігі зақымданған кезде, ауызша сөйлеуді қабылдау мүмкіндігі бұзылады. Бұл сенсорлық афазия немесе алалияны туғызады, сөйтіп, фонемалық қабылдау қабілеті зардап шегеді. Ал көру анализаторының кейбір бөліктерінің зақымдануы, жазба тілді қабылдау мүмкіндігін қиындатады. Сол сияқты, қозғалыс анализаторының моторлық аймақтарының зақымдануы, дыбыстаудың кемістігін тудырады. Себебі, артикуляциялық мәселелердің (тіл, ерін, таңдай) және статикалық мәселелердің (қатты таңдай), дыбыс шығару және тыныс алу мәселелерінің (көмей, өкпе, бронхылар, трахея, диафрагма) жұмыстары бұзылады. Жоғарыда аталғандардың барлығы,
    ғылыми әдебиеттерде сөйлеуге қатысатын қозғалыс анализаторының перифериялық бөлігі болып саналады.
    Баланың құрсақтағы дамуы кезінде, миына әсер ететін түрлі қолайсыз, теріс жағдайлардың салдарынан, бала өмірінің алғашқы жылдарындағы алған жарақаттар т.б., сөйлеу патологиясын туғызады.
    Сөйлеу кемістігінің құрылымы мен дәрежесі, мидың зақымдану деңгейімен және оқшаулануымен байланысты, ал бұл факторлар, миға әсер ететін патогендік себептердің уақытымен байланысты. Зақымданудың ең ауыр дәрежесі, эмбриогенез кезеңінде болады. Оның ішінде, алғашқы 3-4 ай немесе алғашқы триместр өте қауіпті кезең болып саналады. Ми жұмысының кемістігін туғызатын себептер, негізінен түрлі уланулар, жұқпалы аурулар, нейроинфекциялар т.б. (Н. С. Жукова, Е. М. Мастюкова, Т. Б. Филичева) болып саналады.
    Мидың жетілмеуі мен сөйлеудің ауыр бұзылуына әкеп соғатын себептердің ішінде жиі кезігетіні-ананың жәкті кезінде жұқпалы науқастармен ауыруы, улануы (интоксикация),
    токсикоздар, асфиксия, ана мен бала қанының резус-фактор бойынша (резус-конфликт) немесе қан тобы бойынша сәйкес келмеуі, орталық жүйке жүйесінің аурулары (нейроинфекциялар
    – менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) және бала өмірінің алғашқы жылындағы ми жарақаттары.
    Ал, Е. М. Мастюкованың еңбектерінде ішімдік пен никотинді қолдану, құрсақтағы баланың жүйке-психикалық дамуына кері әсерін тигізіп, нәтижесінде тіл мүкістігіне әкеп соқтыратыны туралы айтылады. Ішімдік синдромымен дүниеге келген баланың дене салмағы, нормадан анағұрлым кем, дене бітімі мен психикалық дамуында тежелу болады. Бұл балалардың жалпы тіл кемістігі қимыл-қозғалыстың бұзылуымен, аффективті қозғыштықпен және жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен көрінеді».
    Балалардың сөйлеуі қалыптасқаннан кейінгі кезеңде, мидың тілдік аймақтарына зақым келсе, сөйлеудің мүлдем жойылуы, яғни афазия пайда болуы мүмкін.
    Сөйлеуде қайта түзетілмес бұзылулардың пайда болуына, балалардың өмір сүру ортасындағы зиянды әсерлер себеп болады. Әсіресе, сөйлеудің қарқынды дамуы кезіндегі психикалық депривация, сөйлеудің тежелуіне әкеп соқтырады. Сондай-ақ, егер бұл факторлар церебральды-органикалық кемшіліктермен
    немесе генетикалық бейімділікпен асқынатын болса, онда сөйлеудің кемістігі анағұрлым күрделі, әрі тұрақты сипатқа ие болады.
    Сөйлеудің жалпы жетілмеуі, әдетте, мидың резидуальдық-органикалық зақымдануының нәтижесінде болады (бұл терминмен аяқталған патологиялық әдіс нәтижесінде пайда болатын күйлер аталады). Мұны ағымдық жүйке-психикалық науқастардағы (эпилепсия, шизофрения т.б.) сөйлеудің бұзылуынан ажыратып алған жөн. Интеллектуалды кемістігі бар балалармен салыстырғанда, бұл балалардың ОЖЖ органикалық зақымданулардың қалдығы – минимальды ми дисфункциясы (ММД) сияқты көріністер байқалады.

    «Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:


    1. Фонетикалық бұзылулар —бір дыбысты немесе біртопқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шұғыл, тіл ортасы, тіл алды дыбыстардың бұзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң-ұяң-әнді айтылуының бұзылуы, дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетінің бұзылуы). Бұған дислалия, дизартрия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу жатады.




    1. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бұған енетіндер:


    шектеулі сөздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау–жұрнақтарды қате қолдану (сөйлеудің жалпы жетілмеуі).


    1. Әуендік – екпіндік бұзылулар:екпінді дұрыс қоймауменбайланысты (логикалық — фразада, грамматикалық — сөзде); дауыстың күші мен жоғарылығы, тембрінің бұзылуына қарай (ақырын, қарлығыңқы, бақылдақ, тұншыға шығатын, анық емес, мәнерсіз, шырылдақ, кәмілжіңі). Мысалы: дисфония, ринолалия, ринофония т.б..




    1. Қарқындық–ырғақтық бұзылулар: мидағы қозуәдістерінің басымдығымен байланысты болатын шапшаң қарқын (тахилалия); тежелу әдістері басым болатын баяу қарқын (брадилалия); әзік–әзік қарқын (қажетсіз паузалар, сәріну, құрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар, полтерн және құрысу сипатындағы – тұтығу немесе кекештік).




    1. Жазба тілдің бұзылуы:жазуда:фонеманың графемағақате айналуы; толық жазбау; сөздегі әріптерді тастап кету немесе


    шатастыру; сөйлемдегі сөздердің өзара қиыспауы немесе орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сөздің дыбыстық–буындық құрамын бұрмалау; оқылғанды түсінудің бұзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия.

    1. Сөйлеудің жүйелі бұзылуы: сөйлеу мүмкін емес немесе


    былдырлау мүмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және афазия».

    Сөйлеудегі кемшіліктерге қарай, балаларды бірнеше топтарға бөлу, коррекциялық жұмыстар жүргізуде қолайлы болып табылады.
    Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Сөйлеу әрекетініңдамуында, бала өмірінің алғашқы әш жылы маңызды болып саналады. Алғашқы кездегі баланың уілдеу тілі, оның сөйлеу және психикалық дамуының келешекте дұрыс қалыптасуына кепілдік бермейді. Уілдеу қалыпты дамудағы сау балада да,
    сондай-ақ, дамуында ауытқуы бар балада болады (интеллектуалды кемістік, есту қабілетінің кемістігі бар). Алалиясы бар балаларда былдырлау тілі болмайды, болған кәнде де өте нашар, ешқандай айқын екпін жоқ, әрі өте кеш - 2 жас шамасында ғана қалыптаса бастайды. Сол сияқты, ринолалиясы және дизартриясы бар балалардың былдырлау тілінің сапасы мен дамуында, өзіндік ерекшеліктер көзге түседі (О. Н. Усанова, О. А. Слинько).
    Алалиясы бар балалардың тілдік қарым-қатынасына қарағанда, вербальды емес қатынас құралдары анағұрлым жақсы, әрі қарқынды дамиды (мимика, ымдау). Сөйлеуінде патологиясы бар, бірақ интеллектісі сау сақталған балалар жасы өскен сайын, осы құралдарды белсенді қолдана бастайды. Мұндай жағдайларда, қолданыстағы белсенді сөздік қорынан гөрі, енжар сөздік қоры тез толығады, балалар өздеріне қаратылып айтылған сөздерді жақсы, әрі жылдам түсінеді, бірақ өздері сөйлеуді көп пайдаланбайды (сенсорлық алалиядан өзге).
    Сөйлеудің ауыр бұзылуы бар балаларда алғашқы сөздер мен алғашқы фразалық тіл кеш пайда болады.
    Кейбір бұзылуларда (мысалы, моторлы алалияда), тілдік белсенділік өте төмен, баламен тілдік қарым-қатынас жасау ұмтылысы негативизммен қабылданады; басқа тілдік бұзылуы бар балаларда (сенсорлық алалия), белсенді тілдік қатынасқа деген ұмтылыс байқалады, бұл әрдіс ашушаңдықпен, эмоционалды лабильділікпен қатар жүреді, кейде баланың тілін өзгелер түсінбеген жағдайда, ол күшті эмоционалды реакциямен жауап береді.Тілдік интенция, яғни тілдік қарым-қатынасқа ұмтылу, баланың интеллектуалды қабілетіне байланысты
    (интеллекті төмен балалардың сөйлегіштігі, айналасындағылармен тез тіл табысатыны белгілі), баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне, өз кемістігіне, өзінің және өзгелердің қатынасына байланысты. Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі тілдік патологиясы бар балалардың (алалия, дизартрия, ринолалия, кекештену), тілдік қарым-қатынастан бас тартатыны, өзінің тіл кемістігін жасыру мақсатында, түрлі амал жасайтыны туралы айтылады.
    Алалик балалардың ерте сәбилік кезеңінде, қалыпты дамудағы балалармен салыстырғанда, локомоторлы қызметтердің дамуында, кешігу байқалды: балалар жасқа сай нормадан кеш жүре бастайды, қол моторикасы ұзақ уақытқа дейін жеткілікті сараланбайды, артикуляциялық моторика бос болады. Зерттеулер сөйлеудің даму деңгейі, қолдың ұсақ моторикасының дамуымен тікелей байланысты екендігін дәлелдейді.
    Е. М. Мастюкова еңбектерінде сөйлеуі бұзылған балалардың басым көпшілігінде, интеллект қабілеті сақтала тұра, оқу барысында айтарлықтай қиындықтар болатындығын, психикалық дамудың өзіндік дисгармониялық тежелуін сипаттайды.
    4.7. Ерте жастағы балалар аутизмі
    «Аутизм дегеніміз–баланың«экстремалды»жалғыздығы,эмоционалды байланыс пен коммуникация орнату қиындығы мен әлеуметтік даму қабілетінің төмендеуі. Л. Каннер, аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты» атайды, сонымен бірге ондағы сөйлеудің бұзылуын немесе мүлдем болмауын, өзіндік әдет-ғұрып формаларына ұмтылуды, сенсорлық стимулдарға әдеттен тыс реакция жасауды тізбектей келіп, бұл ауытқу түрін, конституционалды генезді даму ауытқуының өзінше бір түрі деп атайды.
    Көзбен байланыс жасау, яғни көзбен бағу, бетқимылы, ым, интонация жасау өте қиын. Бала өзінің эмоционалды күйін жеткізе алмайды және басқалардың көңіл-күйлерін ұғына алмайды. Эмоционалды байланыстар орнату қиындығы, тіпті ең жақын адамдарымен қарым-қатынаста да көзге түседі;


    • іс-әрекеттегі стереотиптілік, баланың өміріндегіүйреншікті, өзіне таныс жағдайларды өзгертпей сақтауға деген ұмтылыстан туындайды. Бала пайда болған өзгерістерге күшті қарсылық көрсетеді. Ол біртекті әрекеттермен әуестенеді:

    шайқалу, қолын жан-жаққа сілтеу немесе сілкілеу, секіру; бір заттармен біртектес манипуляция жасау: соққылау, тарсылдату, айналдыру; белгілі бір тақырыпта айналсоқтап сөйлеу немесе бір ғана тақырыпта сурет салу;


    • сөйлеу дамуының, оның ішінде коммуникативті қызметның тежелуі немесе бұзылуы. Барлық жағдайлардыңәштен бірінде, бұл мутизм (сөйлеуді нақты коммуникативті мақсатта қолданбау) түрінде көрінеді. ЕЖБА бар баланың сөйлеуінің формальды түрде жақсы жетілуі, жеткілікті сөздік қоры болуы мүмкін, тіпті ол көбіне ересек адамдардай сөйлейді. Алайда, мұндай сөйлеуде қайталама бірізділік, мағынасыз көшірме сипат алады. Бала ешкімге сұрақ қоймайды, өзіне қойылған сұрақтарға жауап бермейді, кейде мағынасыз фразаларды, қажетсіз өлеңдерді қайталап айтып, өзін-өзі тыңдайды. Сондай-ақ, бұл балаларға эхолалия (естіген сөздерді, фразаларды, сұрақтарды мағынасыз қайталау) көрінісі тән, олар көпке дейін өзіндік есімдіктерді қолданбайды, өзін «сен», «ол» деп немесе есімімен атайды, қажетін сұрауда, есімдіксіз бұйрықтарды қолданады т.б. Тағы да бір көңіл аударар нәрсе, ол сөйлеудің өзгеше қарқыны, ырғағы және әуені;




    • жоғарыда тізбектелген бұзылу көріністерінің өте ерте жастан байқалуы (2,5жасқа дейін).


    Аутизм әртүрлі формаларда кездеседі:
    1. Айналадағы болып жатқан оқиғалардан мүлде бас тарту, араласпау.
    2. Белсенді бөлектену.

    3. Аутистік қызығушылықтар мен әуестенулер.
    4. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың қиындығы. Осылайша, ЕЖБА бар балалардың негізгі 4 тобын

    ажыратады:
    1. Баланың ерте жастан, әлеуметтік белсенділігінің болмауы назар аудартады. Бала өзінің жақындарының ойнатқан, кәлдірген, назарын аудармақ болған әрекеттеріне жауап бермейді.


    1. Екінші топтағы балалар сәл белсендірек. Олар бөлектенбейді, тек қарым-қатынас жасауда, талғампаздық танытады. Өзіне ұнаған адамдарға ғана жауап береді т.с.с. Олардың киім киюі, тамақ ішуі, ойнауы сияқты әрекеттерінде,

    белгілі бір қалыптасқан жүйе бар. Сонымен қатар, көңіл-күйлерінде қорқыныш, алаңдау т.б қалыптасады. Кейде агрессия пайда болады.


    1. Мұндай балалар қоршаған ортадан бөлектену емес, одан гөрі қызықты өз қиялдарының әлемінде өмір сүруге ұмтылады. Бұл балалар басқалармен тіл табыса алмайды, жиі қақтығысады, басқалардың тілектерімен санаспайды. Кейде олар айлар– жылдар бойы бір ғана тақырыпта сөйлейді, бір ғана ойынды ойнайды. Қиялында мистикалық, қорқынышты, агрессивті бейнелер жасап алады. Өздерін «құбыжық», «өлтіруші» т.б. бейнесінде сезінеді.

    2. Бұл топтағы балалар-анағұрлым жеңіл формадағы ЕЖБА бар балалар. Олар өте өкпелегіш, сезімтал. Бұл балалар ересектер тарапынан берілетін эмоционалды көмекке зәру. Олар үшін ең бастысы, өзара сенім, түсіністік, қауіпсіздік жағдайын орнату.


    Аутизм саңыраулық пен соқырлықты қоса алғанда жиі кездеседі, бірақ оның таралуы жайлы статистикалық мәліметтер әрқилы, оның өзіндік себептері бар:
    1) диагностикалық критерийлердің жеткілікті деңгейде анық болмауы, олардың сапалық жағы;


    1. синдромның баланың жасына сәйкестігін бағалаудағы әртүрлі пікірлердің болуы (Ресейде – 15 жасқа дейін, Батыс Европа, АҚШ, Жапон елдерінде – жасқа сай шектеу қойылмайды);




    1. ЕЖБА себептерін, механизмін, негізгі мәнін ұғынудағы әртүрлі пікірлердің болуы.


    Соңғы жылдары біздің еліміздегі, шетелдердегі ғылыми әдебиеттерде, әрбір 10.000 сәбидің 15-20-да, оның өзінде аутизм қыз балаларға қарағанда, ұл балаларда 4–4,5 есе жиі кездесетіндігі жайлы айтылады. Сонымен қатар, аутизм жиілігінің уақыт өткен
    сайын өсу әрдісі байқалуда, әрі мұның ұлттық, нәсілдік, географиялық факторларға қатысының болмауы, оның тәпкі себебі, локальды емес, жалпы адамзаттық сипатқа ие болатынына айғақ бола алады.
    Балалар аутизмінің патогенетикалық механизмдері, толық зерттелмеген құбылыс. Қазіргі кезде оның генетикалық факторларына назар аударылуда. Мұның ішіндегі ең дәйектісі –

    мультифакторлық механизм. Гендік кешен, патологияның өзін тудырмайды, тек ауытқудың пайда болуына септігін тигізеді.

    Ұзақ уақытқа дейін ЕЖБА-ң психогендік табиғаты туралы
    Б. Биттелгейм болжамы басым болды. Ол баланың психикалық

    белсенділігінің жаншылуы мен аффективтілігі тәрізді даму

    жағдайлары, жеке тұлғаның патологиялық дамуына алып

    әкелетіндігін дәлелдейді. ТМД елдерінің ғылыми әдебиетінде,

    «психогендік аутизмнің болуы мүмкін, бірақ оған нақты

    сипаттама жоқ» деген пікірлер келтіріледі».

    Психогендік фактордың әсері:


    • ЕЖБА-ң кез келген түрін туындатуы мүмкін;




    • ЕЖБА-ғы үшінші бір ауытқудың пайда болуына әсер етуі мүмкін (сана мен интеллект деңгейінің қалыпты күйіне қарамастан, өз жағдайын уайымдауға байланысты, жүйке жүйесінің қажуы, қапалану);




    • сенсорлық кемістіктер мен депривациялық психикалық даму түрлеріндегі, екінші ауытқу ретінде аутизмді туғызу.


    Статистика түрінде ЕЖБА негізінен, шизофрения тектес патологияда кездеседі.

    Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Жалпы алғанда,
    ЕЖБА–де психикалық даму балаларда біркелкі болмайды. Оларда музыка, математика, бейнелеу өнері тәрізді жеке салалардағы қабілеттілік сияқты белгілер жақсы дамыса, өмір сүруге қажетті дағдылар мүлдем болмауы мүмкін. Аутистік типтегі жеке тұлғаның дамуына себеп болатын патогендік факторлардың бірі, жалпы өмір сүру тонусының төмендеуі болып саналады. Бұл ең алдымен, белсенді, талғамды мінез-құлықты қажет ететін жағдаяттарда анық көрінеді.
    4.8. Мінез-құлықтың бұзылуы
    Мінез-құлық жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қарым-қатынасынан көрінетін, тұрақты жеке-дара белгілерінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Мінез-құлық адам темпераменті мен тәрбие жағдайларының өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады. Темпераменттің негізгі қасиеттері базасында қалыптасса да, мінез-құлықты темперамент анықтамайды. Мінез-құлықтағы қалыптасатын моральды, интеллектуалды, эстетикалық даму деңгейлеріне, тәрбиенің қосар әлесі мол.
    Мінез-құлық пен жеке тұлға арасындағы айырмашылықтыңмәнін Ю. Б. Гиппенрейтер былай түсіндіреді: «...Мінез-құлық белгілері, адамның қалай әрекет ететінін көрсетеді, ал тұлғалық белгілер, адамның не үшін әрекет ететінін көрсетеді. Мұнда адамның өзін-өзі ұстау әдістері мен тұлғалық бағыты, біріне–бірі тәуелді еместігі белгілі: бір ғана әдістің көмегімен, әртүрлі мақсаттарға жетуге болады және керісінше, бір мақсатқа жету жолында, әртүрлі әдістерді қолдануға болады».
    Мінез-құлық типі, адамның дұрыс әлеуметтендірілуіне тікелей әсер етеді, ол әлеуметтік-психологиялық бейімделудің әртүрлі формаларында байқалады, оған патогендік формалар да жатады. Жеке тұлғалық дамудың әртүрлі дисгармониялық типтері туралы айтқанда, қалыпты тұлғалық дамудан ауытқу дәрежесі сөз болады, яғни мінез-құлықтың патологиялық типтері сипатталады. Қазіргі кезде, адамның әлеуметтендірілу қиындығын туғызатын мінез-құлыққа, негізінен девиантты мінез-құлықты және психопатияны жатқызады. Ал акцентуация, әлеуметтік-қарым-қатынас қиындықтарын туғызуы ықтимал, уақытша күйлер болып табылады. Енді осы күйлерді кеңінен қарастырайық.
    Девиация –(ауытқу)яғни,қалыптан ауытқыған мінез-құлық.Девиантты мінез-құлық - адамның мінез-құлқы мен тәртібіндегі теріс, деструктивті құбылыстар (нашақорлық, қылмыскерлік, жезөкшелік, өзіне-өзі қол жұмсау т.б.).
    Девиантты мінез-құлықтың себептеріне отбасындағы қолайсыздықтар, ата-ананың ажырасуы, маскәнемдігі және ата-ананың қаражатпен қамтамасыз ету немесе жеке тұлғалық тәрбиелеуге қабілетсіздігі жатады. Сонымен бірге, оқушының жасқа сай дағдарыс кезеңдері, жалғыздығы, мінезінің түсініксіздігі мен оқудағы сәтсіздіктер, нашар үлгерім - міне, мұның барлығы, мінез-құлықтың ауытқуына әкеп соқтырады.
    А. Г. Абрумова мен Л. Я. Жезлова девиантты мінез-құлықты 4-ке бөліп қарастырады.
    Жалпы тәртіпке кері мінез-құлық. Бұл қоғамдағытұрақталған, жалпыға бірдей міндетті тәртіпке бағынбау болып табылады.
    Қоғамға қарсы немесе антиәлеуметтік мінез-құлық. Бұлқоғамдағы жалпыға ортақ, әдептілік нормаларын бұзу.
    Делинквентті мінез-құлық - құқық бұзу әрекеттері.Ұрлық,кезбелік, қылмыс жасауға бейімділік т.б.
    Аутоагрессивтік мінез-құлық - өзіне-өзі қол жұмсау,күйзеліске тәсуге бейімділік т.б.,
    Адамның бала жасында, мінез-құлық жүйесі тұрақты қалыптаспай тұрғанда, «мінез-құлық акцентуациясы» туралы айтқан жөн.
    «Акцентуация (лат. «екпін»деген мағынаны білдіреді)мінез-құлықтың айқын белгілерінің жиынтығы. Бұл қалыпты мінез-құлық нұсқасы. Акцентуацияланған жеке тұлғалар
    тужырымдамасын К. Леонгард жасап шығарды. Ол жасөспірімдерге тән, акцентуацияның типтерін анықтап көрсетті. К. Леонгардтың пікірінше, дамыған елдердегі тұрғылықты халықтың жартысын, акцентуацияланған жеке тұлғалар қатарына жатқызуға болады. Акцентуация жағдайында, жоғарыда аталған психопатияның әш түрі мүлде кездеспеуі мүмкін, кездескен жағдайда, бөлек түрде қарастырылады.
    Әлеуметтік–психологиялық бейімделудің қиындығы психопатия деп аталады.П.Б.Ганнушкин бойынша,психопатияның индивидуумның тұтас психологиялық бейнесіне әсер ететін, ауытқытушы қасиеті бар, ол өмір бойы адамның қоршаған ортаға бейімделуіне кедергі жасайды, рухани дүниесіне кері әсерін тигізеді.
    Психопатияның пайда болуындағы маңызды нәрсе – ол адамның тумысынан, оны дамытуға биологиялық бейімділігі болып табылады.
    Қазіргі кезде психопатияның шығу тегіне байланысты, келесі түрлерін ажыратуға болады:
    Өзекті немесе конституционалды.

    Мұндай психопатиясы бар адамдардың, жүйке жүйесінің жағымсыз жеке қасиеттерінің әйлесуі сияқты, конституцио-налды (тұқым қуалаушылық) бейімділігі болады. Мұндай психопатиялар шынайы психопатия деп саналып, ерте балалық жастан-ақ, «қиын мінез» түрінде, эмоционалды-ерікті ауытқулар түрінде көрінеді. Бұл жағдайда, ой-өріс деңгейі қалыпты болады, ешқандай зардап шекпейді. Жеке тұлғаның доминантты диспозициясының қалыптасуына байланысты, психопатияның әртүрлі формалары тәзіледі: қозғыш, тұрақсыз және т.б.
    Психопатияның бұл этиологиясында, сыртқы факторлар белсенді әрекет етеді, бұрыннан бар бейімділікке, тиімді жағдай тудырады.
    Аймақтық немесе жүре пайда болған. Бұл теріс тәрбие,ата-аналардың қатігездігі, қатты эмоционалды соққы сияқты, психологиялық және әлеуметтік жағымсыз факторлардың әсерінен пайда болады. Е. Блейлер, М. О. Гуревич, В. А. Гиляровский, О. В. Кербиков сияқты ғалымдар, психопатияға айналатын психогендік өзгерістердің мүмкіндігін дәлелдеген болатын. Қазіргі кездегі әдебиетте, мұндай бала ағзасындағы бейімделу мүмкіндіктерін күрт төмендететін және бұрмалайтын психологиялық күйлер ретінде, дистресс немесе жарақат алудан кейінгі стресстік күйлер (ПТСР) аталады.
    Органикалық. Баланың әш жасына дейінгі кездегі,ағзасынаәсер ететін түрлі зиянды әселердің нәтижесінде пайда болады (жәктілік кезіндегі ауыр токсикоздар, туу жарақаттары, ми инфекциялары, ұзақ уақыттық соматикалық аурулар т.б.). Мидың зақымдануымен байланысты (ақыл-ойдың кемдігі, психикалық
    даму тежелуінің, церебральды-органикалық генезінде,
    балалардың церебральды сал ауруында) басқа дизонтогениялардың пайда болуына қолайлы жағдай тудырады.
    Бірақ, жоғарыда айтылған жайларды ескере отырып, патологиялық мінез-құлықтың бірнеше жағымсыз факторлардың нәтижесінде туындайтынын ұмытпаған жөн. Оның ішінде, биологиялық (конституция немесе органикалық патология) және қоршаған орталық (тәрбиедегі теріс әсерлер түрінде), факторлар бар.
    Жүйке жүйесінің типтеріне негізделген, психопатияның келесі топтары ажыратылады (О.В.Кербиков):

    • Қозғыштар – бұл топқа жоғары қозғыштық тән.Ол айқын


    экстраверттілікпен, кәмәнділікпен, ашушаңдықпен, қырсықтықпен және педанттықпен ұласады. Олардың мінез-
    құлқында қатігездікке, өш алуға бейімділік бар. Айналасындағыларға шамадан тыс, жоғары талаптар қояды.


    • Тұрақсыздар – бұларға жоғары эмоционалды тұрақсыздықтән, қызығушылықтары аз ғана уақытқа жетеді. Сезімдері шырқау шегіне тез жетеді де, тез сөніп қалады. Өте иланғыш, қиялшыл, ситуацияларды эмоциялар негізінде ғана бағалайды.




    • Тежелгіштер (астениктер) – тез шаршаумен,күштерініңтаусылуымен және сылбырлықпен сипатталады. Сезімтал, қабылдағыш, өкпелегіш, мін қойғыш, шешім қабылдауда дәрменсіз болып келеді. Қарым-қатынаста келісімге тез келеді, өз ұстанымын дәлелдеуге ұмтылмайды. Әсіресе, таныс емес, шала таныс адамдармен қарым-қатынас жасауда, дискомфорт күйін сезінеді, жаңа ұжымға қиындықпен үйренеді.




    • Психоастениктер – бұларға астениялық жеке тұлғабелгілері тән. Олар өзіндік талдауға, өзін-өзі жазалауға бейім болады. Үнемі қорқыныш, кәмән, тартыну сезімдерін бастан кешіреді. Сондай-ақ, түрлі әдеттер мен ғұрыптарды ойлуға бейім және оларды өзгертуге қорқады.




    • Шизоидтар – бұл топтағыларға патологиялық тұйықтық,әлсіз эмоционалды жақындықтар тән, кейде олар өте жатбауыр болып келеді. Олар үшін қалыпты, формальды емес қарым-қатынастар жасау қиын, ал формальды қарым-қатынастарда белгілі рөлдерді еш қиындықсыз орындай алады.




    • Мозаиктер – бірнеше формаға тән,белгілердіңқосарлануы».


    Жоғарыда айтылған психопатия типтерінің К.Леонгард жасаған классификациясы негізінде, сондай-ақ, жеке тұлға акцентуациясы типтерінің классификациясы негізінде, отандық клиницист А.Е.Личко психопатия типтері мен жасөспірімдік
    кезеңдегі мінез-құлық акцентуациясының классификациясын ұсынды.
    А.Е.Личконың жасөспірімдік шаққа тән мінез-құлық акцентуациясының негізгі 11 типіне тоқталайық:
    «1. Гипертимдік тип. Бұл типке жататын жасөспірімдер,бала жасынан жылдам қимыл-қозғалысымен, оңай қарым-қатынас жасай білуімен, тентектікке бейімдігімен көзге түседі. Олардың ең негізгі ерекшелігі – көңіл-күйлерінің үнемі жоғары болуы, кейде агрессия ұшқынымен, ашушаңдықпен қатар келеді. Белсенділік пен зеректікті, аңғарымпаздықты қажет ететін ситуацияларда, өздерін жақсы ұстай біледі. Мұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары әртүрлі, әрнәрсемен әуестенеді де, оны тез ұмытады. Олар қызық болып көрінетін, қанағат, қауіп сезімін беретіннің бәрімен бірдей әуестенеді. Жалғыздықта өмір сүре алмайды, кездескен сәтсіздіктер, қысқа уақыттық аффект күйін туғызады.


    1. Циклоидтық тип. Жасөспірімдер бала кезінде,гипертимдік типті еске салады, ал 15-17 жасқа келгенде, ашушаңдық пен апатия, сәлесоқтық кәй ұлғая түседі. Көңіл-күйінің жоғарылауы, айқын депрессиямен алмасып отарады. Олар айналадағы, тіпті сәл жайсыздықты ауыр қабылдайды.




    1. Лабильдік тип. Бұл типтің көңіл-күйі өте толқымалы,әріоны болжау мүмкін емес. Көңіл-күйінің күрт өзгеруіне, ең бір елеусіз, мысалы, біреудің байқаусызда айтқан сөзі, себеп болады. Бұл балалардың барлығы сәтсіздіктер мен қолайсыз жағдайлар болмаса да, тұнжырап жәруі мүмкін. Олардың мінез-құлқы мен тәртібі, бір сәттік көңіл-күйіне байланысты. Яғни, олардың бірден гәлденіп кетуі немесе бірден тәнеріп қалуы ғажап емес. Мұндай жасөспірімдер, айналадағы адамдардың өз ініп көңіл-күйін көтеруіне мұқтаж, көмектесуіне зәру.




    1. Астениялық тип. Мінез-құлықтың астениялық тұрпаты,невротиялық бұзылулардың негізгі формаларының бірі – неврастенияның дамуына қолайлы жағдай жасайды. Өте жоғары


    ашушаңдықпен, қажығыштықпен және кәмәншілдікпен, кірпияздықпен сипатталады. Әсіресе, ауыр ақыл-ой еңбегінде шаршағыштық айқын байқалады.


    1. Сензитивті тип. Бұл типке барлық нәрсеге сезімталдық

    тән: қуантатын, ренжітетін, қорқытатын. Бала кезінде, бұлар

    көбінесе қараңғылықтан, жалғыздықтан, жан-жануарлардан, бейтаныс адамдардан қорқады. Сырт қарағанда, олар туралы тұйық, ұялшақ адам деп ойлауға болады. Мұндай жасөспірімдер, әлкен топтарды, құмар ойындарын, қимыл-қозғалыс ойындарын ұнатпайды. Олар тек өздеріне етене таныс адамдармен немесе өзінен кіші балалармен, ересек адамдармен ашық қарым-қатынас жасағанда қалайды. Бұл жасөспірімдер тілалғыш, айтқанды екі
    етпейді, ата-аналарына жақын. Жастық шақта бұл жасөспірімдерде, өз құрбыларының ортасына бейімделуінде қиындықтар туындайды, «толыққанда болмау кешені» орнығуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жасөспірімдерде парызды сезіну, өзіне және айналасындағыларға жоғары моральды талаптар пайда болады. Өз қабілеттеріндегі кемшіліктердің орнын, олар іс-әрекеттің күрделі түрлерімен немесе жоғары тырысушылықпен толықтыруға ұмтылады.


    1. Психастениялық тип. Астениялық тип сияқты,бұл«жабысқақ» күйлердің типіне қарай, невротиялық реакциялардың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл типке жататын


    жасөспірімдерге ойлану, өзіндік талдаумен мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалау тәрізді белгілер тән. Мұндай жасөспірімдер интелллектісінің ерте және тез дамуымен көзге түседі. Кейде олар, тек сөз жәзінде ғана білгір, шын мәнінде қолдарынан ештеңе келмеуі мүмкін. Өз отбасындағы адамдарға, әсіресе анасына өте жақын. Олардың өзіне деген сенімі, шешім қабылдау қиындығымен, ал талқылауға келтірмейтін пікірлері ойлануды, байқауды керек ететін сәттерде, ойланбай әрекет етумен ұласады.


    1. Шизоидтық тип. Негізгі белгісі–тұйықтық.Ол ерте көзгетүседі, бала жалғыздықта ойнағанды қалайды, жалықпай басқалардың әңгімесін ұзақ уақыт тыңдай алады. Олар өз құрбыларымен араласуға ұмтылмайды, керісінше ересек адамдардың ортасын ұнатады. Қоршаған ортадағы адамдарға деген сыртқы немқұрайлылығын көрсетуге тырысады, адамдардың жағдайын түсіне алмайды, жанашырлық білдірмейді. Олардың ішкі әлемі, үнемі түрлі қиялдарға, ерекше әуестенулерге толы. Өздерінің сезімдерін сыртқа шығаруда, ұстамдылық көрсетеді, айналасындағы адамдарға, бұл балалардың күйі түсініксіз, сондықтан, кейде қоршаған ортасы, оларды ұнатпайды.Бұл балалар өз көзқарастарын дәлелдей алмайды. Ауыр психопатия жағдайында, өздерінің ішкі қиял әлеміне біржола кетуі ықтимал.




    1. Эпилептоидтық тип. Бұл типтің аталуын эпилепсиянауқасындағы өзгерістерді еске салатын, жеке тұлғалық белгілермен байланыстырады. Психопатияның бұл типінің пайда болуы, тұқым қуалаушылықпен, мидың жеңіл түрдегі органикалық зақымдануымен байланысты, алғашқы көріністері балалық шақта көзге түседі: балалар ұзақ жылайды, ашушаң болады, кішкене балаларды ренжітуге, жан-жануарларды жәбірлеуге құмар болады. Балалар ұжымында, олар өздерін билеуші (диктатор) ретінде ұстайды, басқа балаларға жасайтын әстемдігі, басқалардың келісімдерімен немесе қорқуымен жүреді. Қатаң тәртіп жағдайында, көбіне олар өздерін жоғары сезінеді, ересек адамдардың көңілдерінен шығуға тырысады. Мұндай «гиперәлеуметтілік» айқын агрессиямен, жақындарына деген қатігездікпен көрінуі мүмкін.




    1. Истероидтық тип. Бұл типтің ең негізгі белгісі–эгоцентризм немесе өзімшілдік, қошаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аударуға деген тойымсыз қажеттілік. Мұндай балалар, өзінен басқаға назар аударылуын көтере алмайды, олар үшін айналасындағылардың көңілін өзіне аудару, өзекті қажеттілікке айналады. Басқаларға ықпал ету үшін, олардың назарын аудару үшін, өз топтарында бастаушы, ұйытқы болуға ұмтылады. Аталған типке жататын жасөспірімдер, көп жағдайда өзіне-өзі қол салу сияқты іске байланысты ауруханаға түседі. Өзіне-өзі қол салуға себеп болатын жағдайлар, әдетте, көпшілік алдында болған елеусіз сәтсіздік, басқаларға өзінің ерекше адам екендігін дәлелдеуге ұмтылу т.б.




    1. Тұрақсыз тип. Лабильдік типпен ұқсастығы тұрғысынаналып қарағанда, мұнда тұрақсыздық белгісі, эмоционалды салаға емес, мінез-құлық пен тәртіпке қатысты айтылады. Әлеуметтік


    жағынан дұрыс тәртіп пен іс-әрекеттің қалыптасуында, бұл топқа
    жататын жасөспірімдердің қиын мәселесі байқалады. Жасөспірімдерде түрлі көңіл көтеру мен бос жәріске бейімділік пен ұмтылыс байқалады. Олар әлсіз ерік-жігермен, тұрақты және
    маңызды кәсіби қызығушылықтардың болмауымен, жауапсыздықпен сипатталады, өз болашақтары туралы мүлде ойланбайды деуге болады. Өз маңындағы туыс, дос-жарандарына шын мәнісінде, жақындық сезімі болмайды, барлығы тек оның қажетін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде ғана есептеледі. Бұл типтің пайда болу себебі әртүрлі – конституционалды, органикалы, әлеуметтік болуы мүмкін.


    1. Конформдық тип. Конформдық тип тек акцентуациятүрінде ғана кезігеді. Басты белгісі – барлық жағынан микроортаның ережелеріне бағыну. Сондықтан, олар көп жағдайда, еш ойланып жатпастан, бір беделді адамға бағынуға, топтағы көпшілікке бағынуға бет қояды. Мұндай жасөспірімдер, әдетте консерватизм мен морализаторлыққа бейім. Бұл өз мүддесі үшін жолдасын сатып кетуден, қиындыққа тастап кетуден тайынбайтын, кәдімгі бейімделгіш, құбылмалы тип. Бірақ, ол қандай жағдайда да, өз ісін «моральды жағынан» ақтап шыға алады. Бұл жасөспірімдер, өздеріне таныс жағдайды, тұрақты таныс адамдармен қарым-қатынасты қалайды, өзге микроортаның адамдарына кәмәнмен, жатырқай қарайды».

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта