Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.2 Дизонтогенез ұғымы мен оның классификациясы 1927 жылы Швальбе алғаш рет, ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін, «дизонтогенез

  • Дисгармониялық дам

  • 3.3 Дизонтогенез параметрлері

  • Дизонтогенездің жасқа сай болуы.

  • Бұзылулардың этиологиясы.

  • Патологиялық үдерістің қарқындылығы мен таралуы.

  • ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БҰЗЫЛУ ТҮРЛЕРІ 4.1 Ақыл-ойдың кемістігі Ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения)

  • Ақыл-ойдың кемістігінің дәрежелері

  • Олигофренияның клиникалық-патогенетикалық заңдылықтары.

  • Танымдық саланың даму ерекшеліктері.

  • ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы


    Скачать 157.55 Kb.
    НазваниеАрнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
    Дата12.05.2021
    Размер157.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛЕК 1-7.docx
    ТипДокументы
    #203917
    страница3 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ДАМУ КАТЕГОРИЯЛАРЫ


    3.1 Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары
    Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады.

    «Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дұрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған, патологиялық күйлер болса – тітіркендіргіш және тежелгіш әдістердің дұрыс қатынасы бұзылады; тәскен ақпаратты талау және жинақтаудың күрделі формаларының жүзеге асуы қиындайды; адамның түрлі психикалық қызметтерінің түрлі аспектілеріне жауап беретін, ми

    блоктарының өзара әрекеті бұзылады. Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жүйке әдістерінің дұрыс сақталуы».

    Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ететін, сезім мәселелерінің қалыпты сақталуы».

    Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі.

    Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын үнемі тексеріп отыратын түрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, әлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сәйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық көмекті қажет етеді.

    «Баланың психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, алғаш рет В. И. Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың әш иерархиялық деңгейін көрсетеді.

    Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық түрлеріне тән заңдылықтар жатады.

    Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану үдерісінің бұзылуы. Кез-келген патологияда,қоршаған ортанықабылдау бұзылады. Даму ауытқуының түріне қарай, қоршаған орта туралы мағлұматтар бұрмаланады, мысалы, сенсорлы патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған сенсорлы ақпараттар бұрмаланады, эмоцианалды–ерікті саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар аутизмі), әлеуметтік ақпараттарды пайдалану бұзылады. Ересектер тарапынан көрсетілген кезкелген қарым-қатынас талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады.

    Сөйлеудің бұзылуы

    Л. С. Выготский баланың екі жасынан бастап, сөйлеудің оның өмірінде маңызды рөлге ие болатындығын, сөйлеу негізінде, басқа психикалық әдістердің дамуы жүзеге асатындығын айтады. Нейрофизиологиялық зерттеулер, сөйлеудің мидағы маңдай аймақтарының жетілуіндегі тежелулер мен ауытқулар, дизонтонгенияның патогенетикалық сипаттамасына негіз болатындығын көрсетеді, мысалы, психикалық дамудың тежелуі, ақыл-ойдың кемдігі, ерте жастағы аутизм. Ал даму ауытқуының басқа түрлерінде, вербальды және вербальды емес әрекеттердің арасындағы алшақтық немесе дивергенция байқалады. Әрине, бұл өз кезегінде, балалардың оқу бағдарламасын меңгеру әдісіне кедергі жасайды, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы, ерекше әдістерін қажет етеді.

    Қоршаған орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы.

    Кез-келген даму ауытқуында, психикалық әдістердің жартылай немесе тұтас бұзылуы байқалады: ой-өрісі немесе зият қабілеттері төмендейді, есту-көру арқылы қабылдау бұзылады, ойлау операциялары жетілмейді т.б. Әрине, мұның барлығының дамуы мен жетілуі, ұзақ уақыт пен арнайы әдіс-тәсілдерді қажет етеді.

    Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация қаупі.

    Бұл көрсеткіш соңғы уақытта пайда болды, себебі білім беру саласында пайда болған интеграциялық әдістер, қоғамдағы адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, жоғары талаптар қоя бастады, нәтижесінде дамуында ауытқуы бар балалардың қоғамға кірігу мәселесі қиындай тесті.
    Екінші деңгейге, дизонтогенетикалық бұзылу топтарына ғанатән заңдылықтар жатады (анализаторлық жүйелердің бұзылуы), мидың ерте кездегі органикалық зақымдануындағы даму заңдылықтары (ақыл-ойдың кемдігі, церебральды-органикалық генезді ПДТ) жатады.

    Үшінші деңгейге, дизонтогенездің белгілі бір түріне ғана тәнзаңдылықтар жатады (ақыл-ойдың кемдігі жағдайындағы, жалпы және тұрақты психикалық жетілмеу немесе ерте балалар аутизміндегі бұрмалана даму).

    Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының мәдени–тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте, оның органикалық жетілу әдістерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де – табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде, баланың жеке тұлғасының әлеуметтік–биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды».
    3.2 Дизонтогенез ұғымы мен оның классификациясы
    1927 жылы Швальбе алғаш рет, ағза құрылымының құрсақтағы кезіндегі қалыптасу ауытқуларын белгілеу үшін, «дизонтогенез»терминін қолданды.Кейінірек,бұл терминменонтогенездегі түрлі бұзылулар, оның ішінде, ағзаның морфологиялық жүйелері жетілмеген, өте ерте постнатальды кезеңдегі бұзылулар аталатын болды. Бұған дейін, арнайы психология мен арнайы педагогикада, ұзақ уақытқа дейін «даму аномалиясы», яғни даму ауытқуы деген термин қолданылып келді, дефектологияның пайда болу кезеңінде, «дефективті балалар», яғни кеміс балалар термині қолданылды. Соңғы жылдары бәкіл әлемде дамуында кемістігі бар балаларды атайтын ізгілік термині қарастырылды. Бұл кең таралған, бірақ нақтыланбаған терминдер болатын: «қауіп тобындағы балалар», «ерекше қажеттіліктері бар балалар», «білім алуда спецификалық қажеттіліктері бар балалар», «нашар бейімделгіш балалар», «ерекше құқыққа ие балалар», «мүмкіндігі шектеулі балалар».

    «Ауытқулы дамудың алғашқы ғылыми технологияларының бірі ретінде, Л. С. Выготский ұсынған классификацияны атауға болады. Ол негізгі әш кемістік: қабылдаушы мәселелердің жетілмеуі немесе зақымдануы (соқырлық, саңыраулық, соқыр– саңыраулық), жауап беруші аппараттың кемшілігі немесе зақымдануы (мүгедек), орталық жүйке жүйесінің кемістігі немесе зақымдануы (ақыл-ойдың кемдігі). Қазіргі кездегі психикалық дизонтогенез түрлерінің кең таралған классификациясы, В. В. Лебединский ұсынған дизонтегнез классификациясы, Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, В. В. Ковалев, Л. Каннер сияқты ғалымдардың зерттеулері негізінде жасалған:

    • ретардация (тежелген даму) –барлық психикалық немесежеке компоненттер дамуының кешігуі немесе тоқтап қалуы;

    • жетілу дисфункциясы орталық жүйке жүйесініңморфофункциональды жасқа сай жетілмеумен және жетілмеген ми құрылымдары мен қызметінің, сыртқы ортадан келетін зиянды факторлармен өзара әрекетімен байланысы.

    • зақымданған даму –қандай да бір аназизаторлық жүйеніңнемесе ми құрылымының жеке зақымдануы;

    • асинхрония (бұрмаланған даму) –бір қызметтердің ертежетілуі, келесі бір қызметтердің керісінше кеш жетілу қарқынынынан көрінетін, диспропорциональды психикалық даму.

    В. В. Лебединскийдің психикалық дизонтогенезді классификациялауы, келесі нұсқаларға бөлінеді:

    І топқа ретардация типіндегі ауытқулар мен жетілу дисфункциясы жатады:

    Жетілмей қалу –мидың ерте кезеңдегі,органикалықзақымдануы нәтижесінде, барлық қызметтер дамуындағы жалпы жетіспеушілік (ең алдымен – әлкен жартышарлар қабығында). Зақымданудың тегі тұқым қуалауы мүмкін (эндогендік) немесе құрсақтағы кезеңде, туу кезінде, ерте жаста әсер ететін сыртқы (экзогендік) факторлар нәтижесінде болуы мүмкін. Жетілмей қалудың көрнекті мысалы ретінде, ақыл-ойдың кемдігінің кең таралған түрі – олигофренияны алуға болады.

    Тежелген даму –танымдық және эмоционалды салалардыңқалыптасу қарқынының баяулығы, ерте жас кезеңдеріндегі деңгейде уақытша тұрақтап қалуы. Тежелген психикалық даму, генетикалық факторлардың, ұзақ уақыттық науқастардың, тәрбиедегі жағымсыз жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Сонымен қатар, инфантилизмнің түрлі формаларында көрінеді.


    • топқа зақымдану типіндегі ауытқулар жатады: Зақымданған дамуға органикалық деменцияны жатқызуға болады: ерте сәбилік кезеңде немесе 3 жастан кейін болған мидың аумақты жарақаттары, нейроинфекциялар, тұқым қуалайтын дегенеративті аурулар салдарынан, психикалық дамудағы зақымданулар түрінде кездеседі. Көптеген жағдайда, органикалық деменция прогрессивті сипатқа ие.

    Дефицитарлық даму жеке анализаторлар жүйесінің ауырзақымдануларымен байланысты: көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты. Анализаторлардың бірінші кемістігі, психикалық дамуды тұтас тежейтін қызметтердің жетілмей қалуына әкеп соғады. Осылайша, көру қабілетінің зақымдануы, сөйлеу мен әрекет арасындағы координацияның жетілмеуін туғызады. Баланың психикалық дамуын болжау, белгілі бір қызметтің зақымдану тереңдігіне байланысты. Бірақ, зияткерлік саланың, басқа сенсорлық және реттегіш жүйелердің сақталуы, шешуші рөл атқарады.

    • топқа асинхрония типіндегі және эмоциональды–ерікті саланың бұзылуындағы ауытқулар жатады:

    Бұрмаланған даму –жалпы жетілмеу,тежелген,зақымданған даму және тез даму күйлерінің, күрделі түрде қабаттасқан, әр түрлі нұсқалары. Бұрмаланған дамудың себептері, кейбір әрекетті тұқым қуалаушылық аурулар, мысалы, шизофрения, туа біткен зат алмасу әдісінің кемшілігі болып саналады. Оның анағұрлым көрнекті нұсқасы – ерте жастағы балалар аутизмі.

    Дисгармониялық даму-эмоционалды-ерікті саласының қалыптасуындағы зақымданулармен байланысты. Оған психопатиялар мен тәрбиедегі теріс, қолайсыз жағдай салдарынан пайда болатын, жеке тұлғалық даму патологиясы жатады».

    3.3 Дизонтогенез параметрлері
    «Балада пайда болатын дизонтогенез типтеріне әсер ететін факторларды, клиницистер Г. Е. Сухарева мен М. С. Певзнердің мәлімдемелерімен және қазіргі заманғы нейропсихология саласындағы зерттеулермен (В. В. Лебединский, Э. Г. Симерницкая, А. В. Семенович т.б.) сәйкес қарастырған абзал:

    1. зақымдаушы өкілдердің әсер ету уақыты мен мерзімі (жасқа сай келуі);

    2. олардың этиологиясы;

    3. ауыру әдісінің таралуы – патогендік әсердің локальдылығы немесе жүйелілігі.

    Бұл дизонтогенездің параметрлері, оларды кеңірек қарастырайық.

    Дизонтогенездің жасқа сай болуы. Баланың жеке дамуыбарысында, оның жетілмеген құрылымы, өсу мен даму қоры арасында үнемі күрес болады. Бірінші немесе екінші фактордың әсер ету күшіне қарай, бір жағдайда анағұрлым тұрақты патологиялық өзгерістерді кәтуге болады, ал екінші жағдайда, жеңіл және коррекциялық-педагогикалық ықпалдармен түзетілетін (Л. С. Выготский, Г. Е. Сухарева, Г. Гельниц) өзгерістер болады. Балалық шақтың сыртқы қауіпке ең сезімтал кезеңі – 3 жасқа дейінгі ағзаның «алғашқы жетілмеген» кезі, сондай-ақ, пубертат кезеңіндегі, ағзаның қайта құрылу кезі. Бір айырмасы, бұл кезеңде баланың үйлесімді қалыптасқан жүйелері, «ересектердей» қызмет жасауға қайта құрыла бастайды, өзінің тепе–теңдік күйін уақытша жоғалтады.

    Клиникалық–психологиялық материалдар бойынша, психикалық қызметтердің жетілмеуі, ми құрылымының қарқынды жасушалық сараналуы кезінде (эмбриогенездің ерте кезеңі, жәктіліктің бірінші триместрі) әсер ететін зиянды күштерден болатындығы белгілі.

    Ерте мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасы кезеңінде (3–11 жас аралығы), бала ағзасы күшті, әрі тәзелмейтін ауытқуларға төтеп бере алатын мықты жүйені құрайды.

    Бірақ әрбір жас кезеңі, патогендік әсерлер жағдайларына реакция жасауға ізін қалдырып отырады. Бұл балалар мен жасөспірімдердің түрлі патогендік әсерлерге ететін жүйкелік– психикалық реакцияларының деңгейлері:

    соматикалық–вегетативті (0–ден3жасқа дейін) –ағзаныңбарлық жүйелерінің жетілмеуінен, осы жаста кез-келген патогендік әсерлерге, жалпы және вегетативтік қозғыштық, дене қызуының көтерілуі, ұйқы мен тәбеттің, ас қорыту жүйесінің бұзылуы тәрізді, соматикалық–вегетативті реакциялар кешенімен жауап береді;

    психомоторлық (4–7жас) –мидың қыртысындағы қимыл–қозғалыс анализаторы бөліктерінің қарқынды түрде қалыптасуы, оның ішінде, мидың маңдай бөліктері, бұл жүйені түрлі генезді гипердинамикалық бұзылуларға (психомоторлық қозғыштық, тартылулар, тұтығу, үрейлену) сезімтал етеді. Психогендік факторлардың рөлі артады: отбасындағы жағымсыз, жанды
    жаралайтын қарым–қатынастар, балабақшаға үйрену реакциялары, жағымсыз тұлғааралық қатынастар;

    аффективті (7-12жас) –кез-келген зияндылыққа балааффективті компонентпен: аутизациядан бастап, агрессия, невротикалық, аффективті қозғыштыққа дейін жететін реакциялармен жауап береді;

    эмоциональды–идеаторлық (12-16жас) –пубертаттыққадейінгі және пубертаттық кезеңдегі жетекші әсерлер. Патологиялық қиялмен, аса қызығушылықтармен, аса құнды ипохондриялық идеялармен, психогендік қарсылық реакцияларымен, оппозициямен, эмансипациямен сипатталады.

    Жоғарыда аталған реакциялар, кел-келген зиянға қалыпты дамудағы балалардың реакция беруінің асқынған түрі болып есептеледі».

    Бұзылулардың этиологиясы.

    Этиология ұғымына,қандай да бір бұзылудың пайда болусебебі ғана емес, сонымен бірге, олардың пайда болу мүмкіндігін туғызатын жағдайлар да кіреді. Осылайша, экзогендік зияндылықтар, тұқым қуалауға бейімділікке сай, яғни ми құрылымының қандай да бір әсерлерге сезімталдығын біле отырып, түрлі ауыр даму ауытқуына әкеп соғады. Және әртүрлі әсерлердің бір уақытта ықпал етуі әртүрлі нәтиже береді. Балалардың психикалық күйін төмендететін себептердің ішінде, бірінші орында тұрғаны – орталық жүйке жүйесінің әртүрлі дәрежеде зақымдануы, екінші орында - созылмалы соматикалық науқастар.

    Cондай-ақ, генетикалық бейімділіктің негізгі себептерінің бірі-тұқым қуалаушылық факторы, әсіресе, ана мен баланың қандарының (резус-фактор) сәйкес келмеуінен, хромосомдық аурулардан болады. Мысалы, қалыпты дамуда жыныс жасушаларының бөлінуінде, әрбір жасушаға 23 хромосома түседі; сөйтіп, жасуша ұрықтанғанда, хромосомдар саны 46-ға жетеді. Даун ауруында 21-ші жұптың дұрыс бөлінбеуінен, хромосомдар саны 46 емес 47 болады. Экзогендік әсерлерге жататындардың бірі – ағзадағы ақуыз алмасу әдісінің бұзылуы. Мысалы, фенилкетонурия ауыр интеллектуалды кемістігінің себебі болып табылады. Мидың қабынуы сияқты аурулар (менингит, менингоэнцефалит), әдетте, ақыл-ойдың кемдігі мен тірек-қимыл қозғалысының бұзылуын туғызады.

    Патологиялық үдерістің қарқындылығы мен таралуы. Кел келген патологияның айқындылық шарты соған жасалатын ықпалдың қарқындылығы болып табылады. Ауыру процесінің қарқындылығы мен таралуы, сенсорлық немесе интеллектуальды бұзылулардың сипаты, өзара тығыз байланысты болады.

    Даму ауытқуының локальды түрлеріне, жеке анализаторлар жүйесінің кемістіктері жатады : көру, есту, сөйлеу және қимыл-қозғалыс салаларының бұзылуы. Ал жүйелік бұзылуларға, интеллектуалды кемістіктер – ақыл-ойдың кемістігі мен психикалық дамудың тежелуі жатады.

    Дамудың кенжелеп қалуы, ешқашан біркелкі сипатта болмайды: жүйке жүйесінің жалпы зақымдануында, ең алдымен дәл осы кезде өте сезімтал (сензитивті) күйде болатын, жаңа жетіліп келе жатқан, нәзік қызметтер зардап шегеді, одан кейін, осы зақымданған қызметтермен байланысты, өзгелер зақымданады. Жүйке жүйесінің зақымдануы қаншалықты терең болса, регресс құбылыстары соншалықты күшті, тигізетін зардабы арта түседі. Сондықтан, кеміс баланың психикалық дамуы сақталған, зақымданған және әртүрлі деңгейде тежелген психикалық қызметтерден тұрады.

    Көру мен естудің бұзылуы, тиісті анализаторлардың перифериялық бөліктерінің зақымдануы мен жетілмеуімен байланысты. Мұнда анализаторлардың орталық бөліктері, әдетте сау сақталады, ал олардың қызметінің бұзылуы немесе өзгеруі депривациямен (пайдаланылмау) байланысты болуы мүмкін. Қимыл-қозғалыс патологиясында, мидың басқа бөліктері сақтала отырып, тек анализаторлардың эфферентті бөліктерінің локальды зақымданғаны байқалады.

    Сөйлеу патологиясының табиғатын қарастырғанда, мидың сөйлеуден басқа қызметтерге жауап беретін бөліктерінің сақталатындығы туралы айтылады. Ал, сөйлеуге қатысатын спецификалық тілдік аймақтар, әртүрлі деңгейде зақымданады.

      1. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ БҰЗЫЛУ ТҮРЛЕРІ


    4.1 Ақыл-ойдың кемістігі
    Ақыл-ойдың кемістігі (олигофрения) орталық жүйкежүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде, танымдық іс-әрекеттің тәбегейлі бұзылуы.
    «Олигофрения – грек тілінен аударғанда, «ақылы аз» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ХІХ ғасырдың басында неміс психиатры Э.Крепелин енгізді. Бұл терминмен, этиологиялары әр текті, клиникалық симптоматикасы әртүрлі, негізгі ерекшеліктері
    – тотальды психикалық жетіспеушілік болып табылатын балаларды атайды. Клиникалық көріністерін сипаттайтын негізгі белгілер:


      1. Психикалық жетіспеушіліктің түзелмеуі.

    1. Интеллектуалды құрылымның кемістігі, дәйексіз ойлаудың жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы.


    Қазіргі кезде ақыл-ойдың кемістігі педагогикалық және психологиялық тұрғыда ең көп зерттелген мәселе болып саналады.
    Деменция –егер ақыл-ойдың кемістігі2-3жасқа дейінгікезеңде, әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, одан кейін пайда болған ой-өріс кемістігі ұғымына, деменция кіреді. Ми қызметінің бұзылуы, біраз уақыт қалыпты жұмыс істегеннен кейін пайда болады. Деменция себептері – түрлі жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит). Деменцияда ми жұмысының бұзылуы, прогрессивті сипатқа ие болады. Емдеу және педагогикалық көмек көрсету арқылы, науқас баланың психологиялық жағдайын тұрақты кәйге келтіруге болады. Ол үшін жоғары педагогикалық тәжірибе керек.
    Ақыл-ойдың кемістігінің дәрежелері:


    1. Дебильдік –олигофренияның ішіндегі ең жеңіл және кеңтараған түрі. Көмекші мектептердің негізгі контингентін, осы дебил балалар құрайды. Арнайы мектепті бітірген ақыл-ойы кем балалар, алғашқы еңбек дайындығын алып шығады. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды.




    1. Имбецильдік (миғұла) –анағұрлым төмен дәреже.Логикалық әдістер, талдау, ойлау қабілеттері өте төмен деңгейде. Олардың кейбірі, көмекші мектепте оқиды, басым көпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар


    халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауында тәрбиеленеді. Кейде, күрделі емес өзіне-өзі қызмет ету немесе жұмыс операцияларына үйретіледі.


    1. Идиотия (милау) –қабылдау қызметінің мүлде жетілмеуі.Қоршаған ортаға даган реакциясы жоқ. Немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан өмірінің соңына дейін, арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.


    Олигофренияның клиникалық-патогенетикалық заңдылықтары. Патогенездің негізгі ерекшеліктері екі факторданқұралады:
    Тотальдылық – бұл барлық жүйкелік–психикалық қызметтің төменгі деңгейінен (моторика, қарапайым эмоция) танымдық әдістерді қамтамасыз ететін, жоғары деңгейге дейін тұтас органикалық жетілмеуі. Олигофренияда жалпы психикалық әдістердің баяу қарқыны, қабылдау, зейін, естің т.б. жеткіліксіздігі, сондай-ақ, эмоциональдық ерекшеліктердің қалыптаспауы байқалады.
    Иерархиялылық – бұл олигофренияның екінші маңызды белгісі. Мұнда зейін, ес, сөйлеу, эмоционалды-ерік саласы мен моторика кемшіліктері, ойлау кемшілігіне қарағанда, аз байқалады. Ал ойлаудың жоғары формаларының жетілмеуі, олигофренияға тән күйде қалады».
    Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Ақыл-ойдыңкемістігі бар баладағы психикалық әрекеттер, әртүрлі деңгейдегі өзгерістерді тудырады. Жүргізілген бақылаулар мен арнайы зерттеулер, баладағы кейбір психикалық әдістер айқын қалыптаспаған болса, басқалары, салыстырмалы түрде сақталған күйде болатындығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Балалар арасында кездесетін жеке-дара айырмашылықтар мен танымдық әрекет барысында анықталатын қабілеттер деңгейі, жеке тұлғалық өзгешеліктер мен түсіндірілетін болса керек.
    Ақыл-ойы кем баланың психикалық құрылымы аса күрделі болып келеді. Алғашқы кемістік, басқа туынды кемістіктердің пайда болуына жағдай жасайды. Баланың психикалық жетілмеуі мен танымдық қабілеттерінің бұзылуы, тұлғалық бұзылу алуан түрлі күйде көрінеді. Таным мен мінез-құлық кемістіктері, айнала қоршаған ортадағы адамдардың назарын еріксіз өзіне аударады. Бірақ, өзге қабілеттері мен жағымды қасиеттері, бұлардың орнын толтырады және даму әдісін қамтамасыз етеді.
    Олигофрен балалар жалпы алғанда, дамуға қабілетті, бірақ бұл әдіс өте баяу, қалыпты дамудан әлдеқайда ауытқу арқылы жүзеге асады. Сөйте тұра, мұндай даму балалардың психикалық әрекетіне сапалық өзгерістер енгізе алады. Л.С.Выготский көрсеткен дене сау бала мен ауытқуы бар баланың даму заңдылығының бірдей болатыны туралы ереже, дені сау баланың даму тұжырымдамасын, ақыл-ойы кем баланың дамуы туралы ережеде пайдалануға болатыны бала дамуына әсер ететін факторлардың бірдей болатынына мүмкіндік береді.
    Ақыл-ойы кем баланың дамуы, биологиялық және әлеуметтік факторлармен анықталады.Олардың алғашқысына,кемістіктің айқындығы, оның құрылымының сапалық қасиеті, пайда болу уақыты жатады. Ал әлеуметтік факторлар: баланың ең жақын ортасы, отбасы, бірге уақыт өткізетін, қарым-қатынас жасайтын ересектер мен балалар, мектеп.
    Жеткіліксіз танымдық белсенділік, бағдарлау әрекетінің төмендігі – бұл ақыл-ойы кем балалардың ми қыртысындағы нейрофизиологиялық әдістердің ерекшеліктеріне тікелей қатысты симптомдар. «Осы категориядағы балалардың патологиялық дамуын зерттеумен айналысқан бірқатар ғалымдар (С. С. Корсаков, Г. Е. Сухарева, М. Г. Блюмина, С. Я. Рубинштейн т.б.), олардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарының аздығын, бастамшылдықтың пен селқостық тәрізді белгілерді атап көрсетеді. Г. Е. Сухарева былай деп жазады: «Олигофрениядан зардап шегетін балаларда, сау балаға тән қоршаған ортаны тануға деген тежеусіз ұмтылыс жоқ». Ақыл-ойы кем балаларда жүйке әдістері деңгейінде инерттілік, сақтану мақсатындағы тежелуге деген жоғары бейімділік орын алады. Бұлардың барлығы, жалпы танымдық белсенділіктің төмендеуіне патогендік негіз береді. Мектепке дейінгі жастағы, ақыл-ойы кем балалар, өзін қоршаған жақын заттық ортаға ешқандай қызығушылық танытпайтындығымен сипатталады. Қозғыш балалар көзіне тәскеннің барлығын бірден қамтуға ұмтылады, оның қажетті-қажетсіз екендігін ойлап жатпайды. Бірақ, оларды жетектейтін күш – қызығушылық емес, оларға тән қасиет – импульсивтілік. Өкінішке орай, балалар қолына іліккенді сол сәтте-ақ тастайды, себебі оның қажеттілігі болмайтыны анықталады.
    Тежелгіш олигофрендер, керісінше, айналасындағы заттарға көңіл аудармайды, ешнәрсеге назар салмайды. Ал, мінез-құлқы анағұрлым адекватты балалар, кейбір айқын, ашық бояулы, жаңа

    заттарға аз уақыт ғана қызыға қарайды. Бірақ, сол затттар туралы ересектерге сұрақ қоймайды, өз беттерімен жаңа нәрсе білуге талаптанбайды. Олардың қолынан келетін жалғыз әрекет – сол затты аузына салу немесе еденді, қабырғаны тоқылдатып ұру. Мұндай стереотипті әрекеттер, білуге құштарлықтың белгісі емес, жаман әдеттер. Мектеп жасына дейінгі балалар, әдетте ойыншықтарды еш аяусыз қиратып, ойланбай сындырып, көзін жоюға тырысады. Әрине, мұндай әрекеттер, заттың практикалық
    талдауын немесе заттың сапасы мен қасиетін анықтауды білдірмейді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта