Главная страница
Навигация по странице:

  • Танымдық саланың даму ерекшеліктері.

  • АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 5.1. Қазіргі кездегі арнайы психологиядағы өзекті мәселелер

  • 5.2. Бейімделу. Түзету және орнын толтыру «Бейімделу

  • Әлеуметтік бейімделу

  • Түзету (коррекция)

  • Орнын толтыру (компенсация)

  • ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы


    Скачать 157.55 Kb.
    НазваниеАрнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
    Дата12.05.2021
    Размер157.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛЕК 1-7.docx
    ТипДокументы
    #203917
    страница7 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    4.9. Күрделі даму кемістігі
    Күрделі кемістік дегеніміз–екі немесе одан көп дамудыңбұзылуы. Күрделі даму бұзылуы, ағзаның әртүрлі жүйесінің зақымдануымен байланысты. Бұл көру кемістігі мен БЦП немесе көру және есту кемістігі, саңыраулық пен БЦП, әйтпесе әш кемістік бірден қатар келді т.б. түрінде болуы мүмкін. Бірнеше қызметтің бірден зақымдануы, асқынған кемістік деп аталады. Күрделі кемістікті ерте диагностикалау, өте маңызды болып саналады. Себебі, күрделі кемістіктің дамуы, тұқым қуалау арқылы немесе экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. «Күрделі кемістік этиологиясының бірнеше нұсқаларын қарастыруға болады:

    1. Бір кемістік – генетикалық, ал екіншісі – экзогендік факторлардың әсерінен болады. Мысалы, баланың көру нашарлығы шешесінен беріледі, ал қимыл-қозғалысының бұзылуы туу кезіндегі немесе одан кейін алған жарақаттардың әсері болуы мүмкін.




    1. Екі кемістіктің тегі генетикалық болып келеді. Бірақ, олар өзара байланысты емес. Мысалы, баланың көру қабілетінің нашарлығы әкесінен беріледі, ал есту қабілетінің нашарлығы шешесінен беріледі.




    1. Әр кемістік экзогендік факторлардың салдарынан пайда болады. Мысалы, скарлатина ауруынан кейін, баланың есту қабілеті төмендейді, ал қимыл-қозғалыс қиындығы, омыртқаның жарақаттану нәтижесінде болады.




    1. Екі кемістік те тұқым қуалау синдромының көрінісі.




    1. Екі кемістік те бір ғана экзогендік әсерлердің нәтижесінде пайда болған.


    Күрделі кемістіктің соңғы екі нұсқасы (экзогендік немесе тұқым қуалау арқылы берілген), қазіргі кезде ең көп зерттеліп қарастырылады. Бұлар күрделі кемістіктің, тіпті бірнеше кемістіктің тәпкі себебі болуы мүмкін. Алуан түрлі кемістіктер тобында, балаларда туа біткен патологиялардың түрлері, яғни генетикалық тектес патологиялар басым болып келеді. Күрделі кемістіктер, яғни хромосомдық синдромдар сирек кездеседі. Тегі хромосомдық күрделі кемістікке айқын мысал – Даун синдромы. Бұл хромосомдық аурулар қатарына жатады. Мұндай науқасқа шалдыққан балаларда, ақыл-ойдың кемдігінен басқа есту кемістігі, көру кемістігі жиі кездеседі».
    Кемістіктердің қатар кездесуінің 20-дай түрін көрсетуге болады. Бұл сенсорлық, қимыл-қозғалыс, сөйлеу және эмоционалды әртүрлі зақымданулардың өзара қабаттасуы болуы мүмкін (есту мен көру кемістіктерінің күрделі сенсорлық бұзылу ретінде қабаттасуы; көру бұзылуы мен сөйлеудің бұзылуы; көру бұзылуы мен қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдануы), сондай-ақ, барлық кемістіктердің әртүрлі дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігімен қабаттаса кездесуі (саңыраулық пен интеллектуалды бұзылу ретінде қабаттасуы; көру бұзылуы мен сөйлеудің бұзылуы; көру бұзылуы мен қимыл-қозғалыс аппаратының зақымдануы), сондай-ақ, барлық кемістіктердің әртүрлі дәрежедегі ақыл-ойдың кемдігімен қабаттаса кездесуі (саңыраулық пен ақыл-ойдың кемдігі, соқырлық пен ақыл-ойдың кемдігі, қимыл-қозғалыстың бұзылуы мен ақыл-ойдың кемдігі; күрделі сенсорлық кемістіктер мен ақыл-ойдың кемдігі).
    Мұндай жіктеу, баланың арнайы мектептің қай түрінде оқуына болатындығы жайлы мәселені, дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қата, мұнда қолданылатын емдік шаралар мен олардың әсері ескерілуі тиіс.
    Мысалы, тумысынан соқыр немесе ерте байқалған катаракта зардабынан, екі көзінен зағип болған бала, неғұрлым катарактаны ертерек алғызса, қайта көру мүмкіндігіне ие болады. Бірақ, бұл жерде операциядан кейінгі асқынуларды да естен шығармаған жөн, кейде екінші рет пайда болатын катаракта немесе құрсақтағы кезінде қызамық науқасына шалдыққан баланың, жасөспірімдік шақта көз клетчаткасының ыдырауынан, көру қабілетін жоғалтуы сияқты жағдайлар жиі кезігеді. БЦП-ң ауыр түріне шалдыққан балалар мен тосаң құлақ балаларға дұрыс тағайындалған ем мен дұрыс тәрбие беру, олардың дамуында оң динамиканы көрсетеді.
    «Күрделі бұзылулардың пайда болу уақытына қарай, оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады :


    • туа біткен немесе ерте кезден пайда болған күрделі

    кемістік;


    • мектеп жасына дейін көрініс берген немесе пайда болған күрделі кемістік;

    • жасөспірімдік шақта пайда болған күрделі кемістік;




    • егде жаста пайда болған күрделі кемістік;

    • қартайған шақта пайда болған күрделі кемістік».


    Туа біткен немесе өте ерте кезден пайда болған күрделі кемістік, баланың даму әдісін мейілінше қиындатады және өмір бойы әртүрлі профильдегі мамандар тарапынан, ерекше назарды

    қажет етеді. Отбасында кешенді кемістігі бар баланың дүниеге келуімен туындайтын мәселе, оның қайда тәрбиеленетіндігі жайында. Кейбір жағдайда, осы балалар арнайы балалар әйлеріне түседі, олардың даму мүмкіндігі өте қиын жағдайда болады. Осы уақытқа дейін, ата-анасы тәрбиелеуден бас тартқан кешенді кемістігі бар баланың жақсы дамып өскен жағдайы болған емес.
    Кез келген жаста пайда болған күрделі кемістік жағдайлары үшін, баланың осы науқастану сәтіндегі даму ерекшеліктері мен білім, білік дағдыларын, психологиялық жасын анықтап алу өте маңызды .
    Мамандар арасында соқыр-саңырау баладағы, күрделі кемістік пайда болғанға дейінгі психикалық даму деңгейінің, жалпы дамудағы рөлі жайлы пікірталастар туды. Көру және есту қабілетінен мектеп жасына дейін айрылған бала, тумысынан соқыр-саңырау балаға қарағанда, анағұрлым ілгері дами алады. Екінші жағынан, мамандар жасөспірімдік және егде жаста есту-көру қабілетінен айрылған адамдарда, қиын психологиялық мәселелер пайда болатындығына назар аударады.
    Жасөспірім бала өзінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасының бұзылғанын, бұрынғы мүмкіндігінің жоғалуын қатты уайымдайды. Егер бұл кезеңде, айналадағы ересек адамдар, оның мұндай мінез-құлқының себебін түсінбесе, дұрыс жәрдем бермесе, агрессивтілігі күшейіп, психикалық құлдырауға немесе жеке тұлғалық ауыр өзгерістерге соқтыруы мүмкін.
    Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Күрделісенсорлық кемістігі бар балалардың психикалық дамуы, өзіндік ерекшеліктермен көзге түседі. Жалпы психикалық даму, олардың
    қалыпты сақталған интеллектуалды және сенсорлық мүмкіндіктеріне сүйенеді (иіс сезу, вибрациялық және кинестетикалық сезім). Туа біткен соқыр-саңырау балалардың, танымдық даму қабілетін бақылағанда, олардың иіскеп-сезу және сипап-сезу мүмкіндіктерінің өте жоғары екендігі анықталған. Егер оларға дер уақытында, дұрыс көмек көрсетілсе, отыру, ұстау, жәру, кеңістікте қозғалу, тұрмыстық іс-әрекеттерге үйрену т.б. дағдыланады. Олар бала кезінен–ақ, ойыншықпен ойнауды, киінуді өздігінен орындай алады, бөлмеде еркін қозғалады. Күрделі кемістігі бар балалардың түйсігі мен қабылдау қабілеттері, өзіндік ерекшеліктермен дамитыны белгілі.


    1. АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    5.1. Қазіргі кездегі арнайы психологиядағы өзекті мәселелер

    «Педагог-зерттеушілер даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқыту әдістерін, оқытудың мазмұны мен құралдарын даярлауда, міндетті түрде психологиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенеді.

    Психологтар мен педагогтардың жұмыстарының өзара байланыстылығына айқын мысал – ол психикалық дамуы тежелген балаларды түзете-дамыта оқытудың жүйесін құру. Мұндай өзара байланысты жұмыс, жалпы білім беретін мектептерде оқитын үлгермеуші оқушыларды клиникалық және психологиялық зерттеулердің нәтижелерінен ғана емес, педагогтардың, психологтардың және дәрігерлердің жұмысының бір-бірімен үнемі байланысынан туындады. Нәтижесінде психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту жүйесі, осы балалар категориясына арналған арнайы түзету сыныптары мен түзету мектептерінің ашылуына аз уақыт болғанына қарамастан, толық қалыптасқан болып саналады. Бұл, ең алдымен, осы категориядағы балаларға арналған мекемелер жұмысының нәтижесін, тиімділігін көрсетеді. Түзету мектептерінің тәжірибесі, психикалық дамуы тежелген балалардың 40—50 % бастауыш буынды аяқтағаннан кейін, жалпы білім беретін мектепте оқуға мүмкіндік алған. Демек, ерте кезден басталған түзету жұмыстары, яғни психикалық дамудың тежелуін ерте коррекциялау — 2-3 жыл арнайы балабақшада оқытып-тәрбиелеу, одан жоғары нәтиже береді: балабақша тәрбиеленушілерінің 80 % бірден жалпы білім беретін мектептерге бара алады. Мұндай балаларды психологиялық зерттеу, олардың мектепте оқуға дайындығының деңгейі, қалыпты дамып келе жатқан балалардың даму деңгейіне жақын екендігін көрсетеді.

    Г. М. Дульнев, Б. И. Пинский т.б. психологиялық зерттеулері, ақыл-ойы кем балаларды еңбекке үйрету жүйесін жетілдіруге негіз болды. Бұл балалардың нұсқауларды түсінуі, сызулар мен бұйымдардың үлгілерін қабылдауы, еңбек дағдыларының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу, оларды еңбекке даярлау жұмысының әдістемелерін, кәсіптік бейімдеу жұмысының әдістемелерін жетілдіруге, тиімді тәсілдерді даярлауға, оқыту-тәрбиелеу жұмысының бағытын анықтауға мүмкіндік берді.

    Бұл зерттеулер, еңбекке үйретудің психологиялық тұрғыдан негізделген әдістемелерінің, оқушыларды тек болашақ өмірге дайындап қана қоймай, жалпы психикалық дамуға ықпал ететінін көрсетеді: кеңістікті бағдарлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытады, ойлау операцияларын дамытады.

    Психологиялық зерттеулердің келесі бір бағыты, оқыту мазмұнының, әдістерінің тиімділігін психологиялық тұрғыдан бағалау. Өкінішке орай, мұндай зерттеулер өте аз. Әдетте, оқытудағы жаңа әдістемелердің авторлары, өз әдістемелерімен

    эксперимент жасайды, оқытудың тікелей нәтижесімен қанағаттанады, яғни материалдың меңгерілуін ғана көрсетеді,

    бірақ бұл көрсеткіш жеткіліксіз болып саналады. Оқытудың

    нәтижелілігі, оның балаға бағдарлама материалын меңгертетіндігімен ғана емес, баланы жалпы дамыта алатындығында болуы тиіс.

    Мұндай дамытушылық ықпалды, диагностикалық әдістемелердің көмегімен анықтауға болады.

    Арнайы психология, сонымен қатар, кемшіліктердің орнын толтыру (компенсация) мәселесімен айналысады. Оның ішінде, алғашқы және туынды кемістіктердің пайда болу уақытына көңіл аударылады

    Оларға жататындар: жеке психикалық қызметтердің кемістіктері, жоғары психикалық қызметтердің қалыптаспауы, жеке тұлғалық дамудағы ауытқулар. Мұндай кемістіктерді арнайы психология ғылымынан және психокоррекциялық әдістемелерден толық хабары бар, психолог мамандар түзете алады. Қазіргі кезде арнайы мекемелердің барлығында, психологиялық қызмет жүйесі кеңейтіліп келеді, онда практика психологтар қызмет атқарады».

    Арнайы психологияның маңызды міндеттерінің бірі ретінде, арнайы мекемелерде және интеграцияланған жүйеде оқитын балалардың, психикалық дамуының динамикасын зерттеуді,

    сондай-ақ, олардың әртүрлі жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін зерттеуді атауға болады. Бейімделу мәселесі психикалық және физикалық кемістігі бар, ересек адамдарға қатысты болып саналады. Арнайы білім мен кәсіби даярлық алғаннан кейін, көп жағдайда, олар әлеуметтік бейімделу мен қоғамға интеграциялану қиындықтарына кезігеді.

    Жоғарыдағы мәселелердің бәрі жеткілікті зерттелмеген, болашақта толық зерттеуді қажет ететін мәселелер.

    5.2. Бейімделу. Түзету және орнын толтыру

    «Бейімделу (адаптация)ұғымы психологиияда адамныңқоршаған орта жағдайына бейімделуін білдіреді. Адам бейімделуінің екі аспектісі бар – биологиялық және психологиялық.

    Биологиялық бейімделу ағзаның қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуін түсіндіреді (температураға, атмосфералық қысымға, ылғалдылыққа, жарыққа және басқа физикалық жағдайларға), сондай-ақ, ағзадағы өзгерістерге бейімделуді түсіндіреді (науқасқа, қандай бір мәшенің жойылуына немесе оның қызметінің шектелуіне).

    Бейімделудің психологиялық аспектісі – адамның жеке тұлға ретінде, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Психологиялық бейімделу, қоғамдық ережелер мен нормаларды меңгеруден, қоғамдық құндылықтарды қабылдаудан тұрады. Психологиялық бейімделудің негізгі көріністері – адамның айналасындағы адамдармен белсенді қарым-қатынас жасауы. Психологиялық бейімделудің басты құралы, тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады.

    Психологиялық адаптация, адам өміріндегі кез келген өзгерістерде жүзеге асады: «әйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне тура келеді, мектепке келу, жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейіуімделуді қажет етеді, еңбек жолын бастаған жастар да, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті микросоциумдағы (отбасы) өзгерістер: ата-аналардың ажырасуы немесе жақын адамдардың қайтыс болуы т.б. жаңа жағдайлар туғызады.

    Әлеуметтік бейімделу –мүмкіндігі шектеулі балалардыңәлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі.

    Бейімделу әдісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптации күйі оңай пайда болғанмен, адаптация әдістері ұзақ уақытқа созылады.

    Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату, коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады.

    Түзету (коррекция) ұғымы–психикалық және дене бітімдікдамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу–сауықтыру шараларының жүйесі көмегімен түзету. Бұл жүйе, баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады.

    Дефектологияда «коррекция» («педагогикалық коррекция») терминін, мінез-құлық ауытқуы бар балаларға қатысты, алғаш рет В. П. Кащенко енгізді. Кейінірек бұл термин, ақыл-ойы кем балаларға қатысты қолданыла бастады. Қазіргі кездегі көмекші мектептер қызметінің мазмұны, коррекциялық-тәрбиелеушілік тұрғыда құрылады.

    Оқытудағы коррекциялық немесе түзетушілік бағыт, арнайы білім беру мекемелері жұмысының негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

    Ағылшын тілді елдерде, «коррекция» термині, арнайы білім беру саласында қолданылмайды, дамудағы кемшіліктерді психологиялық-педагогикалық жолдармен түзету, «remediation» сөзімен түсіндіріледі. Ондағы түзету немесе коррекциялық педагогика – бұл құқық бұзушылық және оның алдын-алу мәселесімен айналысатын педагогика саласы.

    Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тужырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М. Монтессори (1870 - 1952) жасады, ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы (сенсомоторлық коррекция), автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі, олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді.

    Коррекция идеясының бұдан кейінгі дамуы, бельгиялық педагог Декролиге (1871-1933) тән. Ол ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың әш кезеңнен тұратын жүйесін жасайды. Бірінші кезең – бақылау, бұл кезең Монтессоридің сенсорлық мәдениетті қалыптастыру идеясына сәйкес келеді. Екінші кезең – ассоциацияларды қалыптастыру – ана тілін үйрену мен жалпы міндетті пәндерді меңгеру барысында, ойлау қабілетін қалыптастыру. Үшінші кезеңде – баланың сөйлеу, сурет салу, еңбекету, ән салу, қимыл-қозғалыс қабілеттерін қалыптастыру. Мұнда оқу материалының мазмұны,

    балалардың инстинкттері мен қарапайым физиологиялық әдістеріне сай келуі керек.

    Ресейде түзету жұмысының теориясы мен тәжірибесін дамытуда жетекші рөлді А. Н. Граборов (1885 - 1949) атқарды. Ол ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін сабақтардың біртұтас жүйесін жасады, бұл жүйенің құрамына ойлау, есте сақтау әдістерін дамытуға ықпал ететін ойындар, қол еңбегі, топсаяхаттар тәрізді, маңызды әлеуметтік мазмұндағы жұмыстар енеді.

    Ақыл-ойы кем балалармен жүргізілетін түзету жұмысының әріқарай дамуы мен зерттелуі, Г. М. Дульневтің атымен байланысты.

    Орнын толтыру (компенсация) –даму кемістігі немесезақымдану нәтижесінде жойылған, бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Орнын толтыру күрделі, көп деңгейлі әдіс. Бұған зақымданған және жоғалған қызметтерды қалпына келтіру мен алмастыру енеді. Кемістіктің орнын толтыру, ағзаның бейімделу реакциясының бір түрі.

    Әдетте, компенсация әдісіне ағза толық қатысады, өйткені қандай бір жүйенің бұзылуынан, ағзада өзгерістер пайда болады, олар тек зақымданған қызметпен ғана байланысты емес (алғашқы кемістік), ол басқа жүйелерге әсер етеді (туынды кемістік). Мысалы, туа біткен немесе ерте пайда болған саңыраулық - алғашқы кемістік, ал сөйлеудің қалыптаспай қалуы – туынды кемістік, бұл өз кезегінде ойлау, есте сақтау сияқты психикалық әдістерді тежеуі мүмкін, бұл – үшінші кемістік, егер осының барлығы, баланың жеке тұлғалық дамуында ауытқулар туғызса, төртінші кемістік болып табылады. Бірақ, зақымданған жүйелер автоматты түрде өз қызметін өзгертіп, қайта құрылады, сөйтіп, жаңа жағдайға бейімделе бастайды.

    Ағза қызметтерінің компенсациясы, екі деңгейде жүзеге асады: жүйеішілік және жүйеаралық.

    Жүйеішілік орын толтыру немесе компенсация, сол жүйенің ішіндегі мүмкіндіктерді пайдалану есебінен жүзеге асады. Мысалы, өкпе қабынған кезде, әдетте, тыныс алуға қатыспайтын жоғарыдағы тыныс мәселелері жұмыс істей бастайды; бір өкпе істен шықса, екіншісінің жұмысы күшейе түседі. Жүйеаралық орын толтыру немесе компенсация, қызметтердің қатты зақымдануында болады, бұл ағзаның күрделі түрдегі қайта құрылуы, зақымданған жүйелердің орнына өзге жүйелер қосылады.

    Күрделі психикалық әдістердің компенсациясы, көмекші құралдар көмегімен жүзеге асады. Мысалы, есте сақтау кемшілігіне компенсация жасау, қосымша ассоциациялар туғызумен, мнемотехниканың басқа тәсілдерімен іске асады.

    Анализаторлар зақымданған кезде, алғашқыда сақталған анализаторлар афферентациясы пайдаланылады, кейін бұл байланыстар қалыптасқаннан кейін, афферентация «қысқарады», зақымданған жүйенің сақталған буындары іске қосылады.

    Мүлдем жойылған немесе ауыр зақымданған анализаторлар компенсациясы, басқа сенсорлық жүйелердің алмасуымен орындалады. Мысалы, көру кемістігі сипап-сезу мүмкіндігімен алмасады. Мүлдем көрмейтін адамдар, сипап-сезу қабілетін қоршаған ортамен танысу барысында, сөйлеу мен ойлау әдістеріне сәйене отырып пайдаланады, сөйтіп, айнала туралы мағлұматқа ие болады. Ал көретін адамдарда, бұл мағлұмат немесе көрініс, тек көру арқылы алынған ақпарат негізінде пайда болады.

    Есту қабілеті жойылған жағдайда, сөйлеуді қабылдау көру арқылы жүзеге асады («ерін қимылын оқу»), дактиль әліппесін оқу. Жойылған қызметтердің орнын толтыруда, арнайы техникалық құралдардың маңызы зор. Мысалы, арнайы құралдар көмегімен, мүлде естімейтін адамдар, дыбыстық сигналдарды жарық сигналдарына айналдырып, тани алады (сондай-ақ, дыбыстық сөйлеуді баспа жазуға айналдыруға болады) т.б.

    Кемістіктердің орнын толтыруда, психотерапияның рөлі ерекше маңызды. Арнайы психологияда психотерапияны қолдану, К.Роджерстен басталады. Ұзақ уақытқа дейін, психотерапевтік шаралар вербальды коммуникация, интеллект сияқты қалыпты дамыған адамға тән, компоненттер негізінде ғана жүзеге асады деген теріс ұғым орын алып келді. Бірақ ақыл-ойы кем балаларда интеллектуалды әрекеттік болатыны және психотерапияда вербальды емес әдістердің қолданылатыны дәлелденді, мысалы, арттерапия.

    Н. П. Вайзман «педагогикалық терапия» (И. Е. Шварцтің термині) терминін пайдалана отырып, олигофрен оқушылармен психотерапевтік жұмыстар жүргізеді, нәтижесінде олардың зейін, қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің артқанын, оқу әрекетінің арта тәскендігін көрсетеді. Сондай-ақ, психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілген психотерапевтік жұмыстарда нәтижелілігін көрсетеді.

    Коррекциялық жұмыста арттерапияның тиімділігін, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған артпедагогика мен арттерапия бағдарламасын даярлаған Е. А. Медведева дәлелдейді».

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта