Главная страница
Навигация по странице:

  • Психологиялық зерттеудің міндеттері

  • Психологиялық зерттеудің қағидалары.

  • 9.2. Психологиялық зерттеу әдістері

  • 6.3. Психологиялық қорытынды жасау

  • ЛЕК 1-7. Арнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы


    Скачать 157.55 Kb.
    НазваниеАрнайы психологияны жалпы мселелері 1 Арнайы психологияны баса ылымдармен байланысы
    Дата12.05.2021
    Размер157.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛЕК 1-7.docx
    ТипДокументы
    #203917
    страница8 из 11
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

    ДАМУЫНДА БҰЗЫЛУЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ


    6.1. Психологиялық зерттеу міндеттері мен қағидалары
    Дамуында бұзылуы бар балаларды психологиялық зерттеу, баланы дәрігерлік-психологиялық-педагогикалық зерттеудің бөлігі болып табылады, ол бала дамуының ерекшеліктеріне жан-жақты баға беруді қамтамасыз етеді. «Баланы зерттеудің кешенді әдісі идеясы, диагностикалық және түзетушілік-дамытушылық жұмысты жүзеге асыратын, әртүрлі бейіндегі мамандардың қолайлы бірігуі нәтижесінде, шын мәнісіне ие болады.

    Бұл өз кезегінде келесі міндеттерді шешуді көздейді:

    1. клиникалық-психопатологиялық, эксперименталды

    психологиялықжәнепсихологиялық-педагогикалық
    диагностикалық әдістердің мазмұны мен қосымша құндылықтарын анықтау. Жоғарыда аталған әрбір әдістің, диагностикалық шешімді қалыптастыруға қосатын құнды әлесі, олардың мазмұндық ерекшелігімен ғана емес, диагностикалық нысанның ерекшелігімен анықталады. Кей жағдайда, егер баланың әрекетті науқасының болуы туралы сөз болса, онда патопсихологиялық тексерудің рөлі артады, мұндай тексеру, саралаушы-диагностикалық белгілерді анықтауға тиіс. Егер кемістіктің құрылымын ажырату қажет болса, интеллектуалды жетілмеу дәрежесін анықтау қажет болса, клиникалық-психологиялық тексеру, басым болады. Баланың оқу әрекетіндегі
    бұзылудың себебін анықтау кезінде, психологиялық-педагогикалық талдаудың әлесі салмақты болады;


      1. «диагностика түзетудің бір кезеңіні» қағидасын жүзеге асыру мақсатында, әдістемелік негіздер даярлау. Бұл қағиданың мәнісі, кез келген диагностикалық мәселені, балаға түзетуші көмек барысында түсіндіру болып табылады. Мұндай диагностика, психикалық ауытқулармен байланыста емес, жеке дара жүзеге асуы керек, әрі баланың психоәлеуметтік белсенділігінің анағұрлым маңызды жақтарын қамтуы керек (ойын және оқу әрекеті, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы, мінез-құлық ерешеліктері). Баланың нақты мәселесін барынша дараландыру, олардың иерархиялық құрылымын анықтау, түзету жұмысының бағыты мен мазмұнын анықтап береді, сондай-ақ түзетушілік-дамытушылық әсерлердің дұрыстығы мен тиімділігін жоғарылатады;




      1. «диагностикалық консилиум» барысын даярлау. Дефектолог, психолог, психиатр, психотерапевт т.б. мамандар, көп жағдайда зерттелген баланың өзіндік ерекшеліктерін бағалауда, әркім өз саласына тән интерпретацияларға сәйенуге бейім болады. Түзету жұмысының нәтижелілігі, бала туралы толық мағлұматтың болуымен байланысты. Ал, толыққанды


    мағлұматтың жинақталуына, арнайы ұйымдастырылған консилиум жұмысы ғана мүмкіндік береді, онда мамандар, диагностикалық ақпаратпен алмаса алады және кәсіби өзара әркеттесудің қолайлы жолдарын қолданады».

    Баланың психикалық дамуының бұзылуына диагностика жасауда, оның жүйке жүйесі, соматикалық және психикалық дамуы, белгілі бір жас шамасына сай, меңгеруі қажет білім көлемі, білік-дағдылар туралы мәліметтер өте маңызды. Бұл
    балалардың психикалық дамуының бұзылуы, әртүрлі биологиялық және әлеуметтік себептермен байланысты болу мүмкіндігін көрсетеді, әрі олар өз алдына жеке бұзылыс түрінде, жүйке және жүйке-психикалық аурулар синдромының сиптомы түрінде көрінеді.
    Диагностика –әртүрлі проблемалардың себептері,табиғатытуралы ақпараттың талдауы мен қорытындысы немесе формальды диагноз қою. «Диагноз» термині екі мағынаға ие. Нозологиялық (таксономиялық) диагноз, бір күйдегі аурулар классификациясының бір категориясына формальды түрде жатқызу болып табылады. Екінші жағдайда, бұл ұғымды мәселенің талдауы ретінде, анағұрлым кеңірек түсінеміз, мұнда диагностика, ақпараттар жинау әдісі ретінде қарастырылады, баланың мәселесінің табиғатын түсіну үшін, оның себептері мен оған терапия жасау мүмкіндіктерін анықтау, алынған нәтижелерді түсіну үшін қолданылады. Бұл «тексеру» терминімен мағыналас, мұндай диагностика, балаға психологиялық зерттеу жүргізуде қолданылады.
    Психологиялық диагноз –психологтың жеке тұлғаның дара-психологиялық ерекшеліктерінің мәнін анықтауға, сипаттауға және бағалауға бағытталған жұмыс нәтижесі.
    Психологиялық диагноз қоюдың әш сатысы бар: симптоматикалық (зерттеу мәліметтерін математикалық талдау негізінде); этиологиялық (жеке адамға тән ерекшеліктерді ғана анықтау емес, олардың пайда болу негізін ескеру); типологиялық (зерттелуші дамуын толық динамикалық сипаттау).
    Психологиялық зерттеудің міндеттері:

    1. балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктерді анықтау және бағалау, даму кемістігінің сипатын анықтау;




    1. баланың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау және арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында, даму кемістіктерінің орнын толтыру уақытын, яғни сақталған қызметтердің көмегімен, кемістікті түзету мүмкіндіктерін анықтау;




    1. даму кемістігі бар балаларға арналған, оқыту мекемелерінің типі мен оқытудың қолайлы жолдарын анықтау.


    Психологиялық зерттеу, арнайы оқыту жағдайларын қажет ететін балалармен жүргізілетін, оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады, себебі олардың білім, білік, дағдыларды меңгеруінің өзіндік ерекшеліктерін, сондай-ақ, жеке тұлға ретінде қалыптасуының өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеді.
    Психологиялық зерттеудің қағидалары.
    Объективтілік қағидасы психикалық көріністерді зерттейді; демек, ғылыми негізделген дәйектерге сәйену және зерттеу нәтижелерін, логикалық тұрғыдан талдау және қазіргі заманғы психологиялық теорияға сәйену.
    Кешенділік қағидасы – дәрігерлік, психологиялық және педагогикалық тексеру болып табылады. Дамуында кемістігі бар

    баланы диагностикалауға психоневролог, отоларинголог,
    офтальмолог т.б. дәрігерлер, психологтар, педагог– дефектологтар, логопедтер қатысады.

    Психологиялық зерттеу, медициналық тексерудің
    мәліметтеріне сүйенеді. Мұнымен тексеру жүргізетін мамандардың жұмысындағы тығыз байланыс, яғни баланы кешенді түрде тексеру жұмысы жүзеге асады.
    Тексеру кезіндегі кешенділік қағидасы, баланы психологиялық-педагогикалық тексеруде маңызды болып саналады.
    9.2. Психологиялық зерттеу әдістері
    Ерекше қажеттіліктері бар балаларды, психологиялық тексеру әдістері әртүрлі, олар қалыпты дамып келе жатқан балаларды тексеру әдістерімен сәйкес келеді, бірақ өзіндік спецификасы бар.

    1. Баланың құжаттарын тексеру. Құжаттарды тексерудің


    міндеті – анамнездік мәліметтер жинақтау, кеміс дамудың себептері жайлы мағұмат алу. Баланы кешенді түрде тексеруде, әрбір маман өз әріптестерінің құжаттарын «оқи» білуі керек, ол бала дамуының көрінісін толық құрастыруда, өзіне қажетті мәліметтерді алады. Балаға психологиялық тексеру жүргізуде, мұндай мәліметтерді баланың даму тарихынан алуға болады, онда төмендегідей мамандардың қорытындылары тіркеледі:
    – педиатрдың қорытындысы;
    – психиатрдың, невропатологтың негізделген медициналық диагнозы;
    – оториноларингологтың сипаттама қорытындысы;
    – офтальмологтың көру қабілеті туралы сипаттама қорытындысы;
    – ортопедтің қорытындысы (тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар үшін).
    Мұндай нақты материалдар, психолог үшін психикалық қызметтерді зерттеуде, дұрыс бағыт береді.
    Балаға берілетін педагогикалық мінездеме, маңызды құжат болып саналады. Мінездемеде баланың қандай түрдегі мекемеде оқып-тәрбиеленгені көрсетіледі, үлгеріміне толық талдау жасалады, мінез-құлқы мен тәртібі сипатталады, үлгерімін жоғарылату мақсатында жасалған шаралар мен олардың қорытындылары туралы айтылады (жеке жұмыс, емдеу т.б.). Бұл мәліметтер, баланың оқу мүмкіндіктерін анықтауда және оның болашақтағы даму қарқынына болжам жасауда құнды болмақ.
    2. Баланың іс-әрекет нәтижелерін зерттеу. Соңғы алынған нәтижеге талдау жасай отырып (суреттер, бұйымдар, оқу ісінің нәтижелері: диктанттар, жаттығулар, есептерді шешу т.б.), баланың жұмысының ерекшеліктерін ұғынуға болады, оның қиялы, көру арқылы алатын мағлұматтарының қалыптасуы, ұсақ моторикасының дамуы, оқу әрекетінің қалыптасу дәрежесі т.б. туралы мәлімет алуға болады.
    Баланың жетістіктерін дұрыс бағалау үшін, төмендегі ережелерді білу керек:
    – нәтижеге қол жеткізудегі жағдайлар, психологиялық механизмдер;

    – әртүрлі топтардағы оқушылар үшін, оқу материалын меңгеруде кездесетін типтік қиындықтар;
    – қандай да бір дағдының оқыту әдісіндегі даму ерекшелігі;
    – оқытудың әрбір кезеңінде кездесетін нақты қиындықтарды анықтауға мүмкіндік беретін әдістер.
    3. Бақылау әдісі. Бақылау баланың өз бетінше орындайтын іс-әрекеті барысындағы, психикалық қызметтерінің күйін бағалауға мүмкіндік береді. Мұнда бақылаушы тарапынан ешқандай араласу болмайды, ең аз көмек көрсетіледі. Психологиялық зерттеу үшін, бақылаудың кейбір түрлері өте маңызды болып есептеледі. Олар – ойын әрекетін, тәртібін, басқалармен қарым-қатынасын, жұмыс істеу қабілеттілігін бақылау. Баланы зерттеуді немесе тексеруді оның ойын әрекетін бақылаудан бастай отырып, оның сеніміне кіруге болады, сөйтіп, біртіндеп эксперимент жұмысын бастайды.

    1. Әңгіме әдісі. Әңгіме – арнайы құрылған бағдарлама


    бойынша, әңгіме-сұхбат кезінде, баланың психикалық құбылыстары туралы ақпарат жинақтау. Психологиялық тексеру кезінде, әңгіме әдісі екі бағытта жүреді: бала туралы мәліметтер жинау мақсатында, ата-аналармен (мұғаліммен, тәрбиешімен) әңгіме-сұхбат жүргізу және баланың жалпы дамуы жайлы түсінік алу, сондай-ақ, өзара сенімді қарым-қатынасын орнату мақсатында, баланың өзімен әңгімелесу.


    1. Эксперимент әдісі, зерттелетін отырған психикалық құбылыстардың айқын көрінуін қамтамасыз ететін, арнайы құрылған жағдайда мәлімет жинауды көздейді. Ол балалардың белгілі бір іс-әрекетін, жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін немесе оқыту мүмкіндіктерін жеке қарастыруы мүмкін. Эксперимент жүргізуде, балаға интеллектуалды немесе іс-әрекет моделіне сәйкес, белгілі бір тапсырмалар жүйесі, нұсқаулар беріледі.


    Эксперимент әдісі, басқа әдістер сияқты баланың теріс (негативті) және оң (позитивті) мүмкіндіктерін көрсетеді, баланың оқу қабілетін анықтайды. Оқу қабілетін анықтау – баланың даму әлеуетін анықтау деген сөз. Сондықтан, баланы зерттеуде, оқыту немесе үйрету эксперимент маңызды болып саналады. Оқыту эксперименттінің ұстанатын қағидасы: эксперимент барысында балаға қиын тапсырмалар беріледі, одан

    кейін экспериментатор сол тапсырманы орындауды өзі үйретеді. Экспериментатордың берген көмегі, қысқа нұсқаулар, қысқаша сабақтар түрінде тіркеледі. Оқу қабілетінің көрсеткіштері ретінде, төмендегілер ескеріледі:
    – тапсырманы дұрыс орындауда берілген көмектің саны мен сапасы (дағдының қалыптасу әдісі);
    – орындалған жұмыс туралы, баланың ауызша берген есебінің сапасы;
    – жаңадан қалыптасқан дағдыны, басқа тапсырмаларды орындауда пайдалану мүмкіндігі.
    Балаға берілетін көмектің шамасы, тапсырманың күрделілік деңгейіне байланысты.

    «Күрделілік деңгейі» ұғымына мыналар кіреді:
    – тапсырма материалының көлемі;
    – тапсырманы орындау кезіндегі, экспериментатор көмегінің көлемі;
    – көмек түрлері (ынталандырушы, ұйымдастырушы, түсіндірмелі, көрнекі-әрекеттік, нақты).
    Көмек дегеніміз – іс-әрекетке ынталандыру (ойлан, орындауға тырыс, қолыңнан келеді); әрекеттің мәнін ұғындыру (мысалы, классификация жасауда: мұнда тек сары тесті, ал мұнда тек қызыл тестерді жинаймыз); тапсырманы орындау жолын түсіндіруде, көрнекілікті пайдалану (экспериментатор баланың алдына, қажетті конструкцияға керек бөлшектерді қойып, құрастыруды көрсетеді, ал бала оны жалғастырады); үлгіні көрсету (нақты көмек) – бала көрсетілген үлгі бойынша, қайтадан өзі орындайды (мысалы, экспериментатор кеспе суреттің бөліктерін құрастырып, суретті көрсетеді, баладан өзі құрастыруын сұрайды).

    Оқыту экспериментінің 4 кезеңін ажыратады:
    1. Баланы эксперимент ситуациясына енгізу.

    2. Тапсырманың мазмұнын түсіндіру, нұсқау беру.


    1. Тапсырманың орындалу барысында, баланың әркетін бақылау және көмек беру.

    2. Бала әрекетінің нәтижесін бағалау.


    Бағалауда баланың тапсырманың мазмұнын түсіну деңгейі, нұсқауды түсінуі, тапсырманы қабылдауы, өз бетімен әрекеттенуі, қатесін түзетуі, үйрену мүмкіндігі және тапсырма нәтижесін өзгертетін факторлар есепке алынады.
    Психологиялық зерттеу барысында, баланың сырт келбеті көп нәрсені білдіртеді: жәріс-тұрысы, қимыл-қозғалыс координациясы, көзқарасы, бет қимылы т.б. Интеллектуалды кемістігінде, кейбір тілдік бұзылу кезінде (ринололия, дизартрия),
    күрделі кемістіктерде, баланың сырт келбеті өзінің жағымсыздығымен бірден көзге түседі. Бұл амимикалық, маска тәріздес бет әлпеті, сілекейдің бөлінуі, көзқарастың тұрақтамауы, бас пішінінің дұрыс болмауы, еріндегі жырық т.б.
    Бақылау кезінде, баланың тілдік қарым-қатынасқа тәсу мүмкіндігі мен жылдам тіл табыса алатындығын байқауға болады. Сонымен бірге, тілдік-қарым-қатынас жасауға кедергі болатын факторлар ескеріледі (сөйлеудің жетілмеуі, таныс емес орта, есту қабілетінің бұзылуы). Мысалы, интеллектуалды кемістігі бар балалар тез тіл табысқыш, сөзшең келеді, сенсорлы алалиясы бар балалар, сөйлеуде белсенділік танытады, бірақ, басқа адамдардың оларды түсінбеуі себепті, теріс эмоционалды реакциясы жиі байқалады.
    6.3. Психологиялық қорытынды жасау
    Дамуында бұзылуы бар баланы тексеру немесе зерттеу, сол баланың отбасындағы, мектептегі, қарым-қатынасындағы пайда болған қиындықтарды анықтау мақсатында, алдын-ала жақсы ойластырылған стратегиялар, дұрыс қабылданған шешімдер негізінде жүзеге асады. Стратегиялар баланың эмоционалды, мінез-құлықтық, тәртіптік және когнитивті қызметтерін зерттейді, сонымен бірге, әлеуметтік ортаның ықпалдарын есепке алады. Бұл стратегиялар, даму бұзылуының табиғаты мен себептерін, терапия мүмкіндіктерін, сонымен қатар, түзетулердің қажет-қажетсіздіктерін анықтауды көздейді.
    Дамудағы ауытқудың немесе бұзылудың жеделдігін, жиілігі мен тереңдігін зерттеу, баланың жасына, психикалық дамуына
    әсер ететіндігін, болашақта мұның қандай мәселеге айналатындығын, маңыздылығын көрсетеді. Мұндай көріністерге тоқталатын болсақ, олардың кейбіреулері, бір жас шамасында өздігінен жоғалады, ал кейбір көріністер ұзаққа дейін сақталады,

    тіпті асқыну қаупі туындайды. Баланың дамуындағы пайда болған мәселелер, сол жастағы қалыпты даму көрсеткіштеріне сәйкес қарастырылады. Сөйтіп, әртүрлі симптомдар мен олардың иерархиясы туралы толық мағлұмат құрастырылады.
    Психологиялық зерттеудің соңғы кезеңі, жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасау болып табылады. Психологиялық қорытынды, тексерудің барлық бөлімдері бойынша, алынған нәтижелерді салыстыру мен талдау негізінде жасалады. Ол зерттеу кезіндегі нақты қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Қорытынды жасаудың нақты белгіленген стандарты жоқ, бірақ шартты сызбасын келтіруге болады, ол әш бөлімнен тұрады:
    Бірінші бөлім – зерттеу мәселесін тікелей қою.
    Екінші бөлім – алынған бағыттағы зерттеу нәтижелерін сипаттау.
    Үшінші бөлім – диагноз қоюда қажет болатын маңызды мәліметтерді жинақтау.
    Қорытындының бірінші бөлімі, ата-аналардың шағымын талдауға сүйенеді және тексеруші маманның қойған нақты сұрағын қанағаттандырады.
    Қорытындының екінші бөлімі анағұрлым көлемді. Мұнда анамнездік мәліметтер, баланың сырт тұлғасы мен әрекетін бақылаудың нәтижелері, психикалық дамуын эксперименттік тексеру нәтижелері кіреді. Бұл бөлімде, баланың психикалық әрекеттерінің ұйымдастырушылық және орындаушылық жақтары талданып, алынған нәтижелер қорытындыланады. Психикалық әрекеттің ұйымдастырушылық жағының сипаттамасында, баланың өз әрекетін бақылауы мен реттеу тәсілдері қарастырылып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
    – бала өз алдына танымдық міндеттерді қоя ала ма, оларды міндеттер жүзеге асқанға дейін ұстана ала ма;
    – орындалатын әрекеттерді алдын-ала жоспарлау қабілеті бар ма;
    – міндеттердің жүзеге асуы бақылана ма (алдын-ала, ағымдық, келесі);
    – баланың өзінің бұрын меңгерген әдістерін, жаңа танымдық мәселелерді шешуде қолдануы;

    – баланың өз әрекетін қаншалықты дұрыс бағалайтыны;

    – танымдық мәселелерді шешу жолдарының өзге нұсқаларын қарастыруы, өз бетімен ізденуі, тапқырлық танытуы;
    – қиындықтар мен сәтсіздіктер кездескен жағдайда, бала қаншалықты күш жұмсап, қажырлылық көрсете алады;
    – басқалар тарапынан берілген көмекті қалай пайдаланады және көмектің қай түрін қажет етеді.

    Психикалық әрекеттің орындалу сипаттамасы, психикалық
    қызметтердің көмегімен орындалатын әдістерді, операцияларды, тәсілдерді, соның ішінде ойлау мен сөйлеуді сипаттайды. Мұнда, әсіресе, талдау мен жинақтау, салыстыру мен қорытындалау, классификация т.б. ерекше назар аударылады.
    Қорытындыда төмендегі сұрақтарға жауап алынады:


    1. баланың психикалық дамуының, оның биологиялық жасына сәйкестігі;




    1. кеміс дамудың құрылымы қандай: қай кемістік алғашқы, қай кемістіктер заңдылықпен пайда болды және алғашқы кемістік негізінде дами бастады;




    1. баланың жоғары психикалық қызметтерінің өзара байланысы қандай, әсіресе ойлау мен сөйлеудің байланысы;




    1. бала дамуындағы кемістік пен оның жеке тұлғалық дамуы арасындағы байланыс қандай;




    1. тексеру кезіндегі баланың білімі мен практикалық дағдыларының деңгейі;




    1. баланы оқыту мүмкіндігі қандай?


    Баланы тексерудің нәтижелеріне сипаттама бере отырып, қорытындыларды дәлелдейтін нақты мысалдар келтірген дұрыс.
    Қорытындының үшінші бөліміне, диагностикалық құндылығы бар қысқаша мәліметтер енгізіледі.
    Жоғарыда келтірілген шарттарды дұрыс орындаған жағдайда психологиялық қорытынды баланың психикалық дамуы туралы кешенді қорытынды жасауда, маңызды әлес қосады. Баланы психологиялық зерттеу, тиянақтылықты қажет ететін өте жауапты жұмыс. Оның нәтижелері, баланың тағдырын шешеді: балаға деген өзгелердің көзқарасы, қарым-қатынастары, баланың өзіне көзқарасы, білім алу мекемесін таңдау, түзету мүмкіндігі т.б. Зерттеудің сапасы, әрқашанда психолог маманның кәсіби шеберлігіне байланысты, оның дүниетанымдық парадигмасына, баламен тілдік қарым-қатынас орнату қабілетіне, оптимистік болжам жасау қабілетіне тікелей байланысты.
    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


    написать администратору сайта