Главная страница

АНАТ ЭНДО.docx. Эндокринді жйе туралы жалпы тсінік, гуморальды тепетедік


Скачать 5.04 Mb.
НазваниеЭндокринді жйе туралы жалпы тсінік, гуморальды тепетедік
Дата18.08.2022
Размер5.04 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАНАТ ЭНДО.docx.docx
ТипДокументы
#648412
страница3 из 4
1   2   3   4

Әйелдер ағзасының репродуктивті жүйесі.


ӘЙЕлдердің

жыныс мүшелері
Әйелдердің жыныс мүшелеріне аналық без және оның косалкысы, жатыр, жатыр түтігі,

қынап, деліткі және әйел жыныс аймағы жатады. Олардың орналасуына байланысты ішкі

және сыртқы жыныс мүшелері деп бөледі. (№184, 185 суреттерді қараңыз). Әйелдердің ішкі жыныс мүшелері.

Аналық без.

Аналық без, ovarium, (грекше oophoron) жамбас астау қуысында орналасқан жұп без.(№175, 187, 189 суреттерді қараңыз). Ана-

лық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және кан мен лимфаға әйел жыныс

гормондарын бөледі. Аналық без сопақша пішінді, алдынан-артқа кішкене жалпиған. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт. Туған әйел-

дердің аналық бездерінің бетінде ұңғылдар мен сары денелердің қайтадан дамыған және

овуляция іздері көрінеді. Аналық без салмағы 5-8 г. Аналық бездің орташа көлемі: ұзындығы-2,5 см, ені-1,5 см, қалыңдығы - 1 см-

ге жуық. Аналық бездің екі бос бетін: жамбас астау қуысына қараған медиалді, facies

medialis, және жамбас астау қабырғасында жатқан латералді, facies lateralis, ажыратады.

Аналық без беттері шығыңқы бос (артқы) жиекке (margo liber), ал алдынан - аналық бездің шажырқайына бекитін шажыркайлык жиекке (margo mesovaricus) өтеді. Шажыркайлық жиекте науашықтәрізді ұңғыл - аналык без кақпасы, hilus ovarii, орналасқан. Оларқылы

аналық безге артерия мен нервтер кіріп, вена мен лимфа тамырлары шығады. Аналык_бездін ұзыны вертикалді орналаскан, соған

байланысты жатыр түтігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатыр-

лык шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол жатырмен аналык бездің меншікті байламы-

мен, lig. ovarii proprium, байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің жатырлык шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпак байламының екі табағының аралығында орналаскан. Ана-

лық бездің байламдық аппаратына lig.suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар

будалары орналаскан, ол кіші жамбас астау кабырғасынан аналық безге өтетін ішастардың

катпары Аналык безішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің

аналық без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның

ұлғаюына (жүктілік кезінде) байланысты. Аналык без кіші жамбас астау қуысында орнала-

сатын ең козғалмалы мүшелерге жатады. Аналық без қабырғаларының құрылысы:

Аналық без беті бірқабатты ұрықтық эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер

тінді ак қабық, tunica albuginea, орналасады.

Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін, stroma ovarii, кұрайды.

Аналык без паренхимасы сыртқы және ішкі кабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығын-

да, оның қакпасына жақын ішкі қабатын -милы зат, medulla ovarii, деп атайды. Бұл қабатта көптеген лимфа және қан тамырлар

орналасқан. Аналық бездің сыртқы қабыты, оның қыртыс заты, cortex ovarii, өте тығыз.

Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері (граафов түйіншелері), folliculi

ovarici maturis, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici primarii, орналасқан. Жетілген аналык без түйіншелерінің диаметрі І см-ге жетеді, оның дәнекер тінді

кабығы, thecafolliculi, болады. Теканың тығыз дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабығы және

қан мен лимфа капиллярлары, интерстициалді жасушалар орналасатын ішкі қабығы

ажыратылады. Ішкі қабығына түйіршікті қабат, stratum granulosum, жанасады. Бұл

қабаттың бір жері калыңдап, аналық жыныс жасушасы, овоцит, ovocytus, орналасатын

аналық безтөмпесін, сumulusoophorus, құрайды. Жетілген түйіншенің ішінде фолликулярлықсұйықтығы, liquorfollicularis, бар қуысбо-

лады. Аналық жыныс жасушасы zona pellucida, мен corona radiata, қоршалып, аналык без төмпесінде орналасады. Аналық бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналық бездің беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, ана-

лық жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар куысына түседі,

кейін түтіктін шашақтары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді (№189 суреті

караныз).

Жарылған түйіншенің орнында қанға толы ұңғыл қалады, кейін онда сары дене, corpus luteum, қалыптасады. Егер аналық без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5см-ге

жуық, көп тұрмайды, сондықтан циклдік сары дене, corpus luteum ciclicum menstruationis деп

аталады. Ол болашақта дәнекер тінмен алмасып, ак дене, corpus albicans, атауын алады.

Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі,

corpus luteum graviditatis, қалыңдап, диаметрі 1,5-2,0 см-ге іріленіп, жүктілік кезеңінде өмір

сүріп, ішкі секреторлық кызмет атқарады.

Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. Аналық бездің жарылған түйіншелерінің

орнында қатпар және ұңғыл түрінде іздер калады.

Аналық без қосалқысы

Аналық без жанында рудиментарлық түзілістер-аналық без қосалқысы, аналық без-жаны, сабақты өсінділер, алғашқы бүйректің

өзекшелерінің қалдықтары мен оның түтігі орналаскан.

Аналық без косалқысы, ерооphoron, жатыр түтігі шажырқайының, mesosalpinx, табақтарының аралығында, аналық безден латералді

және артында орналасып, аналық без қосалқысының бойлық түтігінен ductus epoophori

longitudinalis, және аналық без қакпасына соқыр шеттері қараған көлденең түтіктерден,

ductuli transversi, тұрады. (№189 суретті қараныз). Аналық безжаны, paroophoron, -жатыр

түтігі шажырқайында, аналық бездің түтіктік шетінде орналаскан кішкене көлемді құрылым. Аналақ безжаны бірнеше дербес соқыр өзекшелерден тұрады.

Сабақты өсінділер, appendices vesiculosae, аналык безден латералді және жатыр түтігінің

құйғышынан кішкене төмен орналасқан түйінше. Ол ұзын аяктарымен бекіп, куысын-

да мөлдір сұйықтық болады.

Аналық бездін канмен камтамасыз етілуі:

Аналық безді құрсақтық қолқаның тармағы- аналық без артериясы, а. ovarica, және

жатыр артериясының тармағы - аналық без тармақтары, rr. ovaricae, қанмен қамтамасыз

етеді.

Аналық безден веналық қан аттас веналар арқылы ағады(№190 суретті караңыз)…

Аналық бездің лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне ашылады.

Аналық без құрсақтық қолқа және төменгі кұрсақасты өріммен тармақталған нервтермен

нервтендіріледі.


  1. Аталық бездің эндокринді бөлігі.

  2. Аналық бездің эндокринді бөлі 18и 19 бірге


Жыныс безінің эндокринді бөлігі.

Еркектерде аталық без testis, әйелдерде

аналық без ovarium. Жыныс жасушаларымен

қатар екінші реттік жыныс белгілеріне жауап

беретін жыныс гормондарын қанға бөледі.

Аталық бездегі эндокринді функция аткара-

тын интерстиций, ол қан және лимфа капил-

лярлары қасындағы иреленген шәует өзекше-

лері арасындағы борпылдак дәнекер тінде ор-

наласатын аталық бездің интерстициалді эн-

докриноциттерінен түзілген (Лейдиг жасу-

шалары). Аталық бездің интерстициалді эн-

докриноциттері аталық жыныс гормоны- те-

стостеронды бөледі.

Аналық безде эстроген және прогестерон

жыныс гормондары түзіледі. Эстрогеннің

(фолликулин) түзілетін жері жетілген

түйіншелердің дәнді қабатымен қатар, ана-

лық бездің интерстициалді жасушалары.

Түйіншелердің (фолликулдардың) өсуі мен интерстициалді жасушалардың белсенділігі

гипофиздің фолликулин және сары дене гор-

мондарыныңәсерінен жүреді. Сары дене гор-

моны овуляцияның басталуы мен жасушала-

ры аналық без гормоны - прогестеронды

бөлетін сары дененің түзілуіне әсер етеді.

Прогестерон қынаптың шырышты қабығын

ұрықтанған жұмыртқа жасушаны қабылдауға

дайындайды да, жаңа түйіншелердің өсуін

тежейді.


  1. Диффузды эндокринді бездер атқарататын қызметі, құрылысы.






  1. Эпифиздің қыртысты затының құрылысы, гормондары.

  2. Эпифиздің боз затының құрылысы, гормондары.

21 и 22 бірге
Томпақ дене.

Томпақ дене (ми эпифизі), corpus pineale,

(еруphysiscerebri) аралықмидың эпиталамусы-

на жатады және ортаңғы мидың жоғарғы

төмпешіктерін бір-бірінен бөлетін жүлгеде

орналасады. Томпақтың алдыңғы ұшынан

оң және сол таламустың (көру төмпешіктері)

медиалді беткейіне жүгеншелер, habenulae,

тартылған. Томпақ дененің пішіні көбінесе жұмыртқатәрізді, ересек адамда салмағы 0,2

г, ұзындығы 8-15 мм, ені б-10 мм, калыңдығы

4-6 мм. III қарыншаның қуысына қараған

томпақ дененің негізінде ойыс орналасқан.

Сыртынан томпак дене кұрамында көпте-

ген қантамырлардың анастамоздары бар

дәнекер тінді капсуламен капталған. Капсу-

ладан мүшенің ішіне карай дәнекер тінді шар-

бакшалар (трабекулалар) енеді де, томпак де-

ненің ұлпасын үлесшелерге бөледі. Ұлпаның

жасушалык элементтері саны жағынан көп

мамандырылған безді жасушалар - пинеало-

циттер (пинеоциттер) және аздау келген гли-

алді жасушалар (глиоциттер). Ересек және әсіресе карт адамдардың томпак денелерін-

де кұмды денелер (милы кұм) кездеседі.

Томпак дененің эндокринді рөлі: оның

жасушалары жыныстық жетілуге дейін гипо-

физ әсерін тежейтін зат бөледі және зат ал-

масудың көбін реттеуге катысады.

Томпакдененін канмен камтамасызетілуі:

Томпак денені артқы милык және жоға-

рғы мишықтык артериялардың тармақтары

қанмен қамтамасыз етеді.

Томпақ дененің веналары үлкен милық

венаға немесе оның артерияларына кұяды.

Тамырлармен бірге мүше тініне симпати-

калык жүйке талшықтары енеді.



  1. Аденогипофиз гормондары, атқаратын қызметі, гипер және гипофункциоларының ерекшеліктері

ЖАУАБЫ:

Гипофиз, hypophysis (glandula pituitaria),

сынатәрізді сүйектің түрік ершігінің гипофиз шұңқырында орналасқан жэне бас сүйегі қуысынан ершіктің көкетін құрайтын катты милы кабық өсіндісімен бөлінген. Гипофиздің 3 үлесін ажыратады — алдыңғы және артқы, аралық. Алдыңгы үлес (аденогипофиз), lobus anterior (adenohypophysis), ірілеу келген, барлык гипофиз салмағының 70-80% құрайды. Ол артқы үлеске Караганда тыгыздау. Гипофиз шұңқырында орналасқан алдыңгы үлесте дисталды бөлікті, pars distalis, ажыратады, аралық бөлік, pars intermedia, артқы бөлікпен шекарада орналасқан және төмпелік бөлік, pars tuberalis, жоғары көтеріліп гипоталамустын құйғышымен байланысады. Қан тамырлардың көптігіне байланысты гипофиздің алдыңғы үлесі бозғылт-сары қызғылт болады. Гипофиздың алдыңғы үлесінің тіні арасында синусоидты капиллярлар орналасқан безді жасушалардың бірнеше типтерінен құралған.

Аденогипофиздың гипофункциясы:

1. Гипофиздік ергежейлілік-тапшылық

соматотропного гормонының

2. Гипофизарлы инфантилизм-гонадотропты гормондардың жетіспеушілігі
Аденогипофиздың гиперфункциясы:

1. Гигантизм-балалардағы СТГ гиперпродукциясы
2. Акромегалия-СТГ гиперпродукциясы

а) қолдың, аяқтың, мұрынның, жақтың кеңеюі

б) висцеромегалия

в) бет әлпетін қатайту

г) төмен дауыс

д) гипергликемия

е) кетоз



  1. Гипофиздың аралық бөлімінің гормондары, атқаратын қызметі гипер және гипофункциоларының ерекшеліктері

ЖАУАБЫ:

Артқы және алдыңғы лобтар арасындағы жұқа қабат болып табылатын бұл кішкентай гипофиз бөлігінде тері жасушаларын күн сәулесінен қорғайтын меланоциттерді ынталандыратын гормон шығарылады.

Бұл зат миелоцит жасушаларына әсер етеді, пигменттің бөлінуін ынталандырады — ультракүлгін сәулеленудің деструктивті әсеріне қарсы бағытталған қорғаныс механизмі. Тотығу әсері дәл осы әсерге негізделген.

Бұл гормонның артық бөлінуідақтар әкеледі. Бұл жағдай жүктілік кезінде және кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде, тері күн сәулесіне сезімталдықты жоғарылатқан кезде пайда болады.

Бұл гормонның болмауы, әдетте, генетикалық ауытқулармен байланысты, ақ терісі бар науқастар күн күйе алмайды, бірақ күн сәулесінде бірден күйіп кетеді. Өкінішке орай, генетиканы өзгерту мүмкін емес.





  1. Нейрогипофиздің гормондары, атқаратын қызметі.

ЖАУАБЫ:

Арткы үлес (нейрогипофиз), lobus posterior (neurohypophysis), гипофиз шұңқырының арткы бөлігінде орналасқан нервті бөлік, lobus nervosus, және аденогипофиздің төмпешік бөлігінің артында орналасқан құйғыштан, infundibulum, түрады. Гипофиздің артқы үлесі нейроглиалді жасушалардан (петуицид), гипоталамустың нейросекреторлық ядроларынан нейрогипофизға баратын нерв талшықтарынан және нейросекреторлық денелерден құралған. Гипофиз онын жұмысын реттейтін аралық мидың гипоталамусымен нерв талшықтары және қантамырлары арқылы функпионалді байланысқан. Гипофиздің алдыңғы және артқы үлестерінің гормондары басқа эндокринді бездер арқылы организмнің көптеген функцияларына эсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде жас организмнің осу және даму процестерін реттеуге қатысатын соматотропты гормон (осу гормоны) бөледі; бүйрекүсті безінің стероидты гормондар секрециясын реттейтін адренокортикотропты гормон(АКТГ); қалқанша бездің дамуына және продукциясына эсер ететін тиреотропты гормон (ТТГ); организмнің жыныстық жетілуіне эсер ететін гонадотропты гормондар (фолликулаынталандырушы, лютеинынталандырушы және пролактин), олар аналық бездегі түйіншелердің дамуына, овуляцияға, сүт бездерінің өсуі мен сүт бөлінуге, еркектерде сперматогенез процесін ретгейді. Сонымен қатар, гипофиздің алдыңғы үлесінде организмдегі майлардың мобилизациясы мен утилизациясына эсер ететін гипофиздін липотропты факторлары бөлінеді. Гипофиздің аралық үлесінде организмде меланиннің түзілуін реттейтін меланоцит гормоны түзіледі. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларының нейросекреторлы жасушалары вазопрессин мен окситоцин бөледі. Бұл гормондар гипофиздін артқы үлесіне гипоталамо-гипофизарлы жол түзетін аксондар бойымен тасымалданады. Гипофиздің артқы бөлігінен осы заттар қанға түседі. Вазопрессин гормонының әсері тамырларды тарылтушы және антидиуретикалық болып табылады, соған байланысты онын атауы антидиуретикалық гормон (АДГ). Окситоцин жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына эсер теді, сүт бездерінен сүт бөлінуді жақсартады, сары дененің функциясы мен дамуын тежейді, аскорыту жүйесінің тегіс бүлшықеттерінің тонусының өзгеруіне эсер етеді.

Нейрогипофиздің патологиясы

1. Қантсыз диабет-тапшылық

вазопрессина (антидиуретического

гормон)
2. Пархон ауруы-артық

вазопрессин (антидиуретического

гормон)
ҚОСЫМША 24-26: https://en.ppt-online.org/525499


  1. Қалқанша безінің гормондары, гипер және гипофункцияларының ерекшеліктері

ЖАУАБЫ:

Қалқанша без, glandula thyroidea, ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең ірі так без. Ол мойыннын алдыңғы аймағында, көмей мен кеңірдектің жоғарғы бөлімдерінің аралығында орналасқан. Бездің оң және сол үлестері, lobus dexter et sinister, және қылтасы, isthmus glandulae thyroidea, ажыратылады (№198, 199, 200 суретті қараңыз). Қалқанша бездің оң және сол үлестерін бір-бірімен жалғастырушы қылтасы, кеңірдектің II және III жартылай сақиналы шеміршегінің маңында орналасқан. Кейбір жағдайларда қалқанша без қылтасы кеңірдектін I шеміршегінің тұсында немесе жүзіктәрізді шеміршектің доғасында жатады. Кейде калканша без қылтасының мүлде болмауы жиі байқалады, мұндай жағдайда, калканша без үлестері дербес орналасады. Қалканша бездің оң және сол үлестерінің жоғаргы полюстары көмейдің қалқанша шеміршегінің жоғаргы жиегінен кішкене төмен, ал төменгі полюстары кеңірдектің Ү-ҮІ шеміршектер деңгейіне жетеді. Қалқанша бездің артқы-бүйір беті жұткыншақтың көмей бөлігімен, өңештің бастапқы бөлігімен және жалпы ұйкы артериясының алдыңғы айналымымен жанасады. Қалқанша без кылтасынан немесе бір үлесінен қалқанша шеміршегінің алдында орналасатын 30 % жағдайда кездесетін, пирамидалык үлес, lobus pyramidalis, тармакталады. Бұл үлестің ұшы тіласты сүйегінің денесіне жетеді. Ересек адамдарда қалқанша бездін көлденең мөлшері 50-60 мм-ге жетеді. Қалқанша без қылтасының вертикалді мөлшері 5-15 мм-ге жуық, қалыңдығы 6-8 мм. Қалканша бездің максималді салмағы 30 жаста 25-30 г., 50-55 жастан соң бездің мөлшері мен салмағы азаяды. Әйелдердің калқанша безінін мөлшері мен салмағы ерлерге қарағанда үлкен.





Қалқанша безінің гиперфункциясы

1. Фолликуланың диаметрі мен коллоид көлемі азаяды

2. Фолликулярлық тироциттер мөлшері ұлғаяды және

жоғары

3. Апикальды бетіндегі микровиллалардың саны артады (реабсорбция күшейеді)

4. Жасушалардың митоздық белсенділігі артады.
1   2   3   4


написать администратору сайта