Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚОСЫМША 28-29

  • Бүйрек үсті бездері милы затының гормондары қызметі. ЖАУАБЫ

  • Айырша безінің гормондары, олардың атқаратын қызметі. ЖАУАБЫ

  • Эндокринді бездердің морфологиялық ерекшеліктері. ЖАУАБЫ

  • АНАТ ЭНДО.docx. Эндокринді жйе туралы жалпы тсінік, гуморальды тепетедік


    Скачать 5.04 Mb.
    НазваниеЭндокринді жйе туралы жалпы тсінік, гуморальды тепетедік
    Дата18.08.2022
    Размер5.04 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАНАТ ЭНДО.docx.docx
    ТипДокументы
    #648412
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    Гипертиреоз, Тиреотоксикоз, токсикалық зоб немесе Базедов ауруы

    Қалқанша безінің гипофункциясы: Гипортиреоз, микседема, эндомиялық зоб



    1. Бүйрек үсті бездері қыртысты аймағының гормондары қызметі.

    ЖАУАБЫ:

    Бүйрекүсті безінің қыртыс заты гормондарының жалпы атауы — кортикостероидтар, олар үш топқа бөлінеді: кыртыстын шумақтыкзонажасушаларымен бөлінетін- минералокортикоид-альдостерон; будалык зонада түзілетін глюкокортикоид-гидрокортизон, кортикостерон, 11-дегидро-және 11-дезоксикортикостерон; құрылысы және функциясы аталық жыныс гормондарына жақын жыныс гормоны — андроген, торлы аймактын жасушаларымен түзілетін эстроген жэне прогестерон.

    ҚОСЫМША 28-29:






    1. Бүйрек үсті бездері милы затының гормондары қызметі.

    ЖАУАБЫ:

    Бүйрекүсті безінің ортасында хром кабаттарымен сарғыш-ала боялатын, ірі жасушалардан тұратын милы зат, medulla, орналасады. Осы жасушалардың екі түрі бар: эпинефроциттер — негізгі массаны күрап, адреналин бөледі; милы затта топталып шашыраған норэпинефроциттер-норадреналин бөледі. Адреналин гликогеннің бұлшықеттердегі жэне бауырдағы қорын төмендетіп, оны ыдыратады да, қандағы көмірсулар деңгейін жоғарлатады. Инсулинге антогонист, жүрек бұлшықетінін жиырылуын күшейтеді және жиілетеді, тамырларды тарылтады, артериялық қысымды көтереді. Норадреналиннің организмге әсері адреналинге ұқсас, бірак осы гормондардын кейбір функцияларының әсері қарама-қарсы мүмкін. Норадреналин жүректің жиырылу жиілігін тежейді.


    1. Айырша безінің гормондары, олардың атқаратын қызметі.

    ЖАУАБЫ:

    Айырша без (тимус), thymus, алдынғы көкірекаралыкта, оңжәне сол көкірекаралық өкпеқаптың аралығында орналасқан. Айырша без екі ассиметриялық үлестен-оң үлес, lobus dexter және сол үлестен, lobus sinister, түрады. Олар өзара ортаңғы бөліктермен қосылған. Әрбір үлестің төменгі бөлігі кеңейген, ал жоғарғы бөлігі тарылған, және де кейде жоғарғы үлестері екітісті айыр түрінде мойын аймағында шығып тұрады (содан айырша без). Айырша бездің сол үлесі оңға қарағанда ұзын. 10-15 жаста жетілген айырша бездің салмағы орташа 37,2 г, ал үзындығы 7,5-16 см-ге жетеді. Тимустың алдыңғы беті дөңес, төстің сабы мен денесіне жанасады. Тимустын артында қолқа мен өкпе сабауының бастапкы бөлігін алдынан жабатын жүрекқаптың жоғарғы бөлігі, колка доғасы мен оның ірі тармактары, сол иык-бас және жоғарғы қуыс веналары орналасады. Айырша бездің кұрылысы: Айырша безді сыртынан жіңішке дәнекер тінді капсула, capsula thy mi, жабады. Капсуладан мүшенің ішіне тимус затын үлесшелерге бөлетін үлесше аралық калкалар, septа interlobularia, таралады. Тимус паренхимасы үлесшенің перифериясында орналасатын қою заттан-кыртыстан, cortex thymi, жэне орталығында орналасатын ақшыл заттан-милы заттан, medulla thymi, тұрады. Тимустың стромасын торлы тін мен жұлдызша пішінді көпөсінділі жасушалары - айырша бездің эпителиоретикулоциттері құрайды. Жасушалар мен талшықтардан құралған торлы ілмекте тимустың лимфоциттері (тимоциггер) орналасады. Тимоциттер кыртыс затында милы затқа қарағанда тығыз жатады.

    Тимустың милы затында тимус денешіктері, corpuscula thymi, орналасады. Олар тығыз, өзгерген, өте жалпиған эптелиалді жасушалардан құралады.

    Айырша бездің қанмен қамтамасыз етілуі: Айырша безді ішкі кеуделік, қолқа доғасының және иық-бас сабауынан тармақталатын тимустық тармақтар, rr. thymici, қанмен қамтамасыз етеді. Тимустан веналық қан иық-бас және ішкі кеуделік веналарға ашылады. Лимфа тамырлары алдыңғы көкірекаралық және кеңірдекбронхтық лимфа түйіндеріне ағады. Тимусты оң және сол кезбе нервтің және де симпатикалық сабаудың мойын-кеуде, жоғарғы кеуде өрімдерінен тармақталатын нервтер нервтендіреді.


    1. Эндокринді бездердің морфологиялық ерекшеліктері.

    ЖАУАБЫ:

    Организмде өтетін процестерді реттеу жүйке жүйесімен ғана емес, сонымен катар эндокринді бездермен қамтамасыз етіледі. Ақырғыларына топографиялық орналасуы және шығу тегі әртүрлі бездер жатады,олардың түтіктері жоқ және шығаратын секретін (инкрет) тікелей қанға немесе лимфаға бөледі. Эндокринді бездердің (ағзалардың) жұмыс өнімдері — гормондар. Бұл өте аз мөлшерінде организмнің әртүрлі функциясына эсер ете алатын жоғары дәрежелі биологиялық активті заттар. Гормондар (грек, hormao - тітіркендіремін) сұрыптаушы функцияға ие, яғни нысана-мүшелердің жұмысына нақты эсер ете алады. Олар жасушалардын, тіндердің, мүшелердің және барлық организмнің өсу және даму үрдістеріне реттеуші әсерді камтамасыз етеді. Гормон өнімінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі организмде ауыр ауытқушылықтар мен ауруларды тудырады. Бір-бірінен анатомиялык дараланған эндокринді бездердің өзара әсері айтарлық. Нысана мүшелерге гормондар қан арқылы жеткізілетіндіктен мүшелердің бұл реттелуін гуморалді реттелу деп атайды. Сонда да организмде өтетін барлық үрдістер орталык жүйке жүйесінің бақылауында болады. Мүшелер жүйесінің осындай реттелуі жүйкегуморалді деп аталады. Қазіргі кездегі эндокринді мүшелердің жалпыға ортақжіктелуі олардың эпителийдің әр түрлерінен пайда болуына байланысты [Зварзин А.А., Щелкунов С.И., 1954].

    1. Жұтқыншақ ішегінін эпителиалді жамылғысынан дамитын, шығу тегі эндотермалді бездер — бранхиогенді топ. Олар қалқанша және қалқанша жанындағы бездер.

    2. Шығу тегі эндотермалді бездер — ішектік түтіктік эпителиінен дамыған — ұйкы безінің эндокринді бөлігі (панкреаттық аралшыктар).

    3. Шығу тегі мезодермалді бездер — интерреналді жүйе, бүйрекүсті безінін қыртыс заты мен жыныс бездерінің интерстициалді жасушалары.

    4. Ш ығу тегі эктодермалді бездер — нерв түтігінің алдыңғы бөлігінің туындылары (неврогенді топ) — гипофиз және томпақ дене (мидың эпифизі).

    5. Шығу тегі эктодермалді бездер - нерв жүйесінің симпатикал ык бөл імінің туындылары. Бүл топқа бүйрекүсті безінің милы заты мен параганглиялар жатады.

    ҚОСЫМША 31:





    1   2   3   4


    написать администратору сайта