Эталон. 3 деңгей Педиатрия. Фмк003016 3дегей
Скачать 70.17 Kb.
|
Ф-МК-003/016 3-деңгей 1. Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер қарау барысында: балада артық салмақ, шат аймағының баздануы, гиперемия, беттің қабыршақтануы, «географиялық тіл» анықталды. Ата-анасының айтуы бойынша балада тұрақсыз дәрет, қайталамалы ринит, тершеңдік байқалады. Қан анализінде: диспротеинемия, гипохолестеринемия, гипергликемия анықталды. Көрсетілген симптомдар қандай ауруға тән? 2. зерттеу әдістері 3. емі 4. ажырату диагнозы 5. асқынуы Көрсетілген симптомдар қандай ауруға тән?- Конституция аномалияларына тән. 1.Болжамды диагноз- Экссудативті - катаральды диатез.2.Зерттеу әдістері: обьективті зерттеу және анасынан сұрастыру жүргізу.3.Емі- ЭКД-мен науқас балалар жасына сай белок, май, көмірсулар мөлшері үйлестірілген тамақтану болу керек. Салмағы артық балаларға тамақтану калориялығы жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (каша, кисель, қант) шектеу арқылы жүргізілуі қажет. Тамақтағы майдың 30 % өсімдік майлары есебінен енгізу керек. Егер бала табиғи жолмен тамақтанатын болса анасының рационынан жұмыртқаны, цитрустарды, құлпынайды, шоколад, кофе, ашты шай, сыр, какаоны, консерваларды, колбасаны шектеу керек. Жасанды жолмен тамақтанатын балаларға сиыр сүтінің мөлшерін барынша азайту керек. Жемістердің пюресін, ботқаларды жемістердің қайнатпаларында дайындау дұрыс. Сүттің орнына балаларға айран немесе биолакт беру қажет.Витаминотерапия: витамин А, В5, В6, В12.ЭКД кезінде 7 -10 күндік курспен антигистаминді дәрілер қолданылады. Шөптің қайнатпалары (череда, зверебой, крапива, ) жақсы нәтиже береді. Емдеудің маңызды бөлшегі зақымдалған теріні жергілікті емдеу. Оған нафталин , т.б. мазьдар қолданылады.4.Ажырату диагнозын атопиялық диатезбен жасалады.5.Асқынуы-аллергиялық аурулар және аутоиммундық үрдістер. 2. Аймақтық дәрігерге 4 айлық ұл бала анасымен келді. Бала ананың сүтімен, алма пюресімен тамақтанады. Дәрігер тексеру барысында: баланың мұрнынан шырышты бөлінділердің пайда болуын, гиперемия, беттің қабыршақтануын, мойын лимфа түйіндерінің гиперплазиясын, дәретінің сұйық болғанын байқады. Анасы соңғы күндері бірнеше апельсин жеген. Анасында катаральді белгілер пайда болды. 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. зерттеу әдістері 3. емі 4. ажырату диагнозы 5. асқынуы 1.Болжамды диагноз- Экссудативті - катаральды диатез.2.Зерттеу әдістері: обьективті зерттеу және анасынан сұрастыру жүргізу.3.Емі- ЭКД-мен науқас балалар жасына сай белок, май, көмірсулар мөлшері үйлестірілген тамақтану болу керек. Салмағы артық балаларға тамақтану калориялығы жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (каша, кисель, қант) шектеу арқылы жүргізілуі қажет. Тамақтағы майдың 30 % өсімдік майлары есебінен енгізу керек. Егер бала табиғи жолмен тамақтанатын болса анасының рационынан жұмыртқаны, цитрустарды, құлпынайды, шоколад, кофе, ашты шай, сыр, какаоны, консерваларды, колбасаны шектеу керек. Жасанды жолмен тамақтанатын балаларға сиыр сүтінің мөлшерін барынша азайту керек. Жемістердің пюресін, ботқаларды жемістердің қайнатпаларында дайындау дұрыс. Сүттің орнына балаларға айран немесе биолакт беру қажет.Витаминотерапия: витамин А, В5, В6, В12.ЭКД кезінде 7 -10 күндік курспен антигистаминді дәрілер қолданылады. Шөптің қайнатпалары (череда, зверебой, крапива, ) жақсы нәтиже береді. Емдеудің маңызды бөлшегі зақымдалған теріні жергілікті емдеу. Оған нафталин , т.б. мазьдар қолданылады.4.Ажырату диагнозын атопиялық диатезбен жасалады.5.Асқынуы-аллергиялық аурулар және аутоиммундық үрдістер 3. Стационарға 10 айлық ұл бала анасымен түсті. Дәрігер тексеру барасында: бұлшық еттік гипотонияны, тимомегалия, барлық лимфа түйндерінің гиперплазиясы, бос, тері асты шел май қабатының баздануын, респираторлы инфекциямен ауырғанын анықтады. Ауруы ауыр түрде токсикоз белгілерімен, коллаптоидты реакциямен өткен. Гидрокортизонды енгізгеннен кейін тез басылған. Бұл балада қандай фон токсикоздың және коллаптоидты реакцияның дамуына әсерін тигізеді? 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. зерттеу әдістері 3. емі 4. ажырату диагнозы 5. асқынуы Бұл балада қандай фон токсикоздың және коллаптоидты реакцияның дамуына әсерін тигізеді?- бүйрек үсті безінің қыртысты аймағының қызметінің бұзылысы фонында. 1)Сіздің болжам диагнозыңыз?Лимфатикалық гипопластикалық диатез. 2)Зерттеу әдістері:шағым,жалпы қарау,ЖҚА(лейкоцитоз, нейтро/моноцитопения),ЖЗА,БХА(гипогликемия, гиперхолестеринемия, фосфолипидтер жоғарлайды),айырша безді рентгенологиялық зерттеу, иммунограмма IgG, IgA, Т және В лимфоциттер төмендейді.3)Емі -медикаментозды ем ішіне глицирам,нуклеинат натрия,дибазол,этимизол,витаминотерапия,фитотерапия,физиотерапия.4)Ажырату диагнозы- экссудативті катаральды диатез және ВИЧ инфекциясымен жүргізіледі.5)Асқынуы асқорытудың созылмалы бұзылысымен,созылмалы инфекция ошағымен,иммунокомплексті аутоиммунды аурулармен,қан жасау жүйесі ауруларымен,жедел өлім синдромымен көрінеді. 4. Аймақтық дәрігерге 5 айлық бала анасымен тексерілуге келді. Анасының айтуынша тамақтану барысында жарма ботқасын енгізгеннен кейін бетінде гиперемия, қабыршақтануы, құрғауы пайда болды.Тілінде ірі дұрыс емес пішінді ақшыл қызыл түсті аймақтар ақ түсті аралшықтармен алмасады. Осы пайда болған өзгерістер қай ауруға тән? 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. зерттеу әдістері 3. емі 4. ажырату диагнозы 5. асқынуы Осы пайда болған өзгерістер қай ауруға тән?- Конституция аномалияларына тән.1.Болжамды диагноз- Экссудативті - катаральды диатез.2.Зерттеу әдістері: обьективті зерттеу және анасынан сұрастыру жүргізу.3.Емі- ЭКД-мен науқас балалар жасына сай белок, май, көмірсулар мөлшері үйлестірілген тамақтану болу керек. Салмағы артық балаларға тамақтану калориялығы жеңіл сіңірілетін көмірсуларды (каша, кисель, қант) шектеу арқылы жүргізілуі қажет. Тамақтағы майдың 30 % өсімдік майлары есебінен енгізу керек. Егер бала табиғи жолмен тамақтанатын болса анасының рационынан жұмыртқаны, цитрустарды, құлпынайды, шоколад, кофе, ашты шай, сыр, какаоны, консерваларды, колбасаны шектеу керек. Жасанды жолмен тамақтанатын балаларға сиыр сүтінің мөлшерін барынша азайту керек. Жемістердің пюресін, ботқаларды жемістердің қайнатпаларында дайындау дұрыс. Сүттің орнына балаларға айран немесе биолакт беру қажет.Витаминотерапия: витамин А, В5, В6, В12.ЭКД кезінде 7 -10 күндік курспен антигистаминді дәрілер қолданылады. Шөптің қайнатпалары (череда, зверебой, крапива, ) жақсы нәтиже береді. Емдеудің маңызды бөлшегі зақымдалған теріні жергілікті емдеу. Оған нафталин , т.б. мазьдар қолданылады.4.Ажырату диагнозын атопиялық диатезбен жасалады.5.Асқынуы-аллергиялық аурулар және аутоиммундық үрдістер 5. Аймақтық дәрігердің қабылдауына 2 жасар ұл бала анасымен келді. Шағымы: жиі жөтелу, тұрақсыз дәрет. Тексеру барысында: себорея және құрғақ тері, универсалды лимфаденопатия, тіндердің бос баздануы, статикалық дамудың артта қалуы, бауыр мен талақтың үлкеюі анықталды. Рентгенограммада біршама тимомегалия байқалды. Зәр анализінде: көру алаңында 5-6 лейкоциттер және зәр шығару жолында эпителий анықталды. Осы көрсетілген симптомдар қай ауруға тән? 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. зерттеу әдістері 3. емі 4. ажырату диагнозы 5. асқынуы Осы көрсетілген симптомдар қай ауруға тән?- Конституция аномалияларына тән. 1.Болжам диагноз: Лимфатикалық-гипопластикалық диатез 2.Зерттеу әдістері: •Анамнез•Жалпы қан анализі,Жалпы зәр анализі•Биохимиялық қан анализ•Иммунологиялық зерттеу•Рентгенограмма,УДЗ3.Емі: Күн тәртібін сақтау, таза ауада жеткілікті болу, жоспарлы түрде шынығу, массаж, гимнастика.Диета- тамақ құрамында сиыр сүті мен оңай сінірілетін көмірсуларды шектеу жөн. Сиыр сүтін кефирге ауыстыру керек. Қосымша тамақ көкөніс, жеміс түрінде болғаны жөн.Адаптогендер- организмнің қорғаныс қызметі мен бүйрекүсті бездері қабілетін көтеретін заттарды тағайындау орынды: глицирим, дибазол, метацил, пентоксил, В5, В6, В12, А, Е витаминдері, алоэ, калий оротаты Иммунитетті көтеру мақсатында Виферон препаратының курсты емдерін жүргізу қажет 4.Ажырату диагнозы: •Жедел лейкоз,Инфекциялық мононуклеоза,Туберкулездік лимфаденит,Экссудативті диатез. 5.Асқынуы. •Іріңді-септикалық аурулар•Зәр шығару жолдарының инфекциялары•Инфекциялық-аллергиялық аурулар. 6. 3 айлық бала 2 күннен бері ауырады. Субфебрильді температура, мұрны бітелу, құрғақ біртіндеп күшейген жөтел байқалады. Үшінші күні таңата экспираторлы ентігу пайда болды, ентігуі күшейе беріп, күннің соңында 80 рет минутына дейін жетті, жүрек соғысы 186 рет минутына. Медициналық көмек алу үшін емханаға бармаған, мейірбике патронаж жасау кезінде баланың ауырып жатқаның көріп, жедел жәрдем шақыртқан. Тексеру кезінде (мұрын желбезектерінің кернеуі, қабырғааралық бұлшық еттерінің ішке тартылуы) ентікпе пайда болған. Акроцианоз. Окпеде екі жағынан да құрғақ және ылғалды сырылдар естілуде. Перкуторлы корап дыбыс етілуде. Клиникалық диагноз қойыңыз, ТЖ дәрежесін анықтаңыз. Тексеру жоспарын белгілеңіз. Емдеу жоспарын жазаңыз Диагноз: Бронхиолит, ЖТЖ III дәрежелі.Тексеру жоспары:-пульсоксиметрия: гипоксияны анықтау, - ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы,-кеуде сарайының рентгені.Емі:1Жандандыру бөліміне жатқызу 2Ылғалды оттегімен ингаляция жасау.3) Жоғарғы тыныс жолдарын электроотсоспен тазалау.4)Небулайзер арқылы бронхиолитикпен ингаляция жасау: 1 ингаляцияға 2 мл натрий хлор ерітіндісіне: сальбутамолдан – 0.5-2.5 мл., фенотеролдан – 10 -15 тамшы, беродуалдан – 10 -20 тамшы араластырып еріту.5)20 минуттан соң бронхиолитикпен ингаляция нәтижесін бағалау: ентігудің азаюын, тыныстың жақсаруын. 6) ингаляциядан соң нәтижесі жоқ немесе аз болған жақдайда небулайзер арқылы 1 мг будесонид суспензиясымен ингаляция жасау немесе преднизолонды 2 мг/кг бұлшық етке/ көк тамырға енгізу.7) Нәтиже болмаған жағдайда көк тамырға жәй 2,4 % аминофиллина (Эуфиллин) ерітіндісін 0,15 мл/кг есеппен, 0,9 % натрий хлорид ерітіндісіне араластырып тамызу.8) Седативты препараттар – 0,5 % диазепам (седуксен) ерітіндісін 0,1 мл /кг есеппен 2 мл асырмай бұлшық етке жіберу 7. 6 жастағы бала, ауырғанына 2 күн болған: субфебрильді температура, мұрны ағу, жөтел. 3-ші күні құрғақ жөтел күшейді. Экспираторлы түрлі ентігу пайда болды. Емханадан үйге дәрігер шақырылды. Тексеру кезінде мәжбүр қалыпта, акроцианоз, перкуторлы өкпе үстінен қорапты дыбыс, аускультацияда ұзарған дем шығару кезінде қатаң тыныс, артынан төменгі жағында әлсіреген естілуде. Құрғақ сырылдар екі өкпеден естілуде. ТЖ 36 минутына, ЖСЖ 126 минутуына. 1. Клиникалық диагноз қойыңыз, ТЖ дәрежесін анықтаңыз. 2. Тексеру жоспарын белгілеңіз. 3. Емдеу жоспарын жазыңыз. 1. Диагноз: Жедел обструктивті бронхит, ЖТЖ II дәрежелі. 2. Тексеру жоспары: - пульсоксиметрия: гипоксияны анықтау, - ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, - кеуде сарайының рентгені. 3. Емі:1. Ылғалды оттегімен ингаляция жасау.2. Жоғарғы тыныс жолдарын электроотсоспен тазалау.3. Небулайзер арқылы бронхиолитикпен ингаляция жасау: 1 ингаляцияға 2 мл натрий хлор ерітіндісіне: сальбутамолдан – 0.5-2.5 мл., фенотеролдан – 10 -15 тамшы, беродуалдан – 10 -20 тамшы араластырып еріту. 4. 20 минуттан соң бронхиолитикпен ингаляция нәтижесін бағалау: ентігудің азаюын, тыныстың жақсаруын 5. Нәтиже болмаған жағдайда көк тамырға жәй 2,4 % аминофиллина (Эуфиллин) ерітіндісін 0,15 мл/кг есеппен, 0,9 % натрий хлорид ерітіндісіне араластырып тамызу.7) ингаляциядан соң нәтижесі жоқ немесе аз болған жақдайда небулайзер арқылы 1 мг будесонид суспензиясымен ингаляция жасау немесе преднизолонды 2 мг/кг бұлшық етке/ көк тамырға енгізу.8) ауруханаға жатқызуға көрсеткіштерді аймақтық дәрігер шешеді. 8. 10 жасар қыз бала жұпаргүл шоғын бөлмеге алып келген соң тұншыға бастады. Анық экспираторлы (шулы қиындаған дем шығару) түрлі ентігу пайда болған. Ауыз-мұрын ұшбұрышы көгерген, құрғақ жөтел пайда болды. Аймақтық дәрігерді ата-анасы шақыртты. Дәрігер келгенше дәрі-дәрмектерді қолданбаған. Өкпенің үстінен әр жерінен құрғақ сырылдар естілуде. ТЖ 28 минутына, ЖСЖ 96 минутына, дене температурасы 36,8 ºС .1. Клиникалық диагноз қойыңыз, ТЖ дәрежесін анықтаңыз. Тексеру жоспарын белгілеңіз. 3.Емдеу жоспарын жазыныз. 1. Диагноз: атопиялық бронх демікпесі, ұстама кезеңі, ЖТЖ II дәрежелі.2.Тексеру жоспары: - вентолинмен ингаляция - бронхолитикалық препаратпен сынақ жасау,- ЖҚА эозинофилдермен анықтау,- спирометрия, - пикфлоуметрия.- жалпы қақырық анализінен эозинофилдерді, Шарко-Лейден кристалдарын, Куршман спиралдарын, Креол денешіктерін наықтау,- тері аллергиялық сынамалар жасау, - ИФА Ig E көлемін анықтау, 3. Емі:- Аллергенді жою.- Баланы әнгімемен, ойынмен алдандырып, тыныштандыру. - Тыныс алуды жақсарты және ылғалды оттегімен ингаляция жасау.- Небулайзер арқылы бронхиолитикпен ингаляция жасау: 1 ингаляцияға 2 мл натрий хлор ерітіндісіне: сальбутамолдан – 0.5-2.5 мл., фенотеролдан – 10 -15 тамшы, беродуалдан – 10 -20 тамшы араластырып еріту.- 20 минуттан соң бронхиолитикпен ингаляция нәтижесін бағалау: ентігудің азаюын, тыныстың жақсаруын - Нәтиже болмаған жағдайда көк тамырға жәй 2,4 % аминофиллина (Эуфиллин) ерітіндісін 0,15 мл/кг есеппен, 0,9 % натрий хлорид ерітіндісіне араластырып тамызу. - Бронхолитикалық емнен жақсы нәтиже болған жағдайда оны аэрозолды бронхолитикпен спейсер арқылы жасауды жалғастыру әр 4 сағат сайын 1-2 ингаляциямен немесе небулайзер арқылы 24 сағатта бірнеше рет жасау керек. - аллергологқа көріну, базисты терапияның схемасын анықтау үшін.- бронхиолитик ингаляциясы теріс нәтиже берген жағдайда ауруханаға жатқызу. 9. 10 жасар қыз бала көршісінің айтуы бойынша сальбутамол ингаляциясын көп рет қолданған. Бірақ, оның жағдайы алғашқыда жеңілденген соң нашарлана бастаған, 10 сағаттан соң ұстама басталған соң жедел жәрдем дәрігерін шақыртқан. Тексергенде: қыз бала төсектің шетінен қолымен ұстап отыруда. Қиындаған және ұзарған шулы қосымша бұлшық еттері қатысумен тыныс шығару байқалады. Бошкетәрізді кеуде сарайы. Тыныс жетпегеннен баланың көзінен қорқыныш байқалуда. Акроцианоз. Екі жағынан қорап тыныс перкуторлы анықталуда. Аускультативті өкпесінің екі жағында тынысы әлсіреген, көптеген құрғақ шулы сырылдар естілуде. ТЖ 30 рет минутына, ЖСЖ 132 рет минутына. 1. Клиникалық диагноз қойыңыз, ТЖ дәрежесін анықтаңыз. 2.Тексеру жоспарын белгілеңіз. 3.Емдеу жоспарын жазыныз. 1Диагноз: Бронх демікпесі, ұстамалы кезең, І дәрежелі астматикалық жағдай (статус), ЖТЖ ІІІ дәрежелі. 2Тексеру жоспары: - ингаляция вентолинмен - бронхолитикалық препаратпен сынама,- ЖҚА эозинофилдерді анықтау,- спирометрия, - пикфлоуметрия. - жалпы қақырық анализі эозинофиллдерді, Шарко-Лейден кристаллдарды, Куршман спиралдері, Креол денешіктерін анықтау,- терілік аллергиялық сынамалар, - ИФА Ig E анықтау,3Емі:1Жандандыру бөліміне қабылдау.2Оксигенотерапия (мұрын катетері немесе маска арқылы) 50 % оттегі көлемімен ауа – оттегі қоспасымен. 3Преднизолон көк тамырға 2 -3 мг/кг и будесонид (пульмикорт) небулайзер арқылы 0.5 – 1 мг 5 – 10 минут ішінде4ЖСЖ, ТЖ, ҚҚ, ЭКГ бағалау5Тыныстың тоқтау немесе жағдайының ауырлану қауіпі болғанда эпинефрин 0,1 % 0,3 – 0.5 мл. бұлшық етке/тері астына, 3 ретке дейін әр 20 минутта қажеттілігіне қарай қайталау.6Жедел жәрдемнің арнайы жандандыру бригадасын шақыру 7Жасанды тыныс беруге көрсеткіштері: тыныс шуларының әлсіреуі; есін жоғалту немесе ұйқышылдық жағдай; бұлшық ет гипотониясы; ҚҚ түсіп кетуі.8 Жасанды тыныс беруге дайын болу. 10. М., атты 5 жасар бала, педиатр дәрігерімен төмендегі шағымдармен қаралды: мұрнынан бөліністер және түшкіру. Дәл осылай бірінші рет, бала осыдан 2 жыл бұрын ауырған, сәуір айында балада қатты қышыну мен көзінің ашуы, жас ағуы, жарықтан қорқуы, конъюктивасының қызаруы байқалған. Кейінірек бұл аталған клиникалық белгілерге мұрны мен тамағының қышуы, мұрнының бітуі, қиналып демалу қосылды. Баланың жағдайы антигистаминды препараттар, горманальды маздер, жергілікті тамшылар қолданғаннан кейін аздап жақсарды. Маусым айының ортасында аурудың аталған белгілері жойылып кетті. Анасында экзема бар, ал баланың өзінде 3 жасқа дейін атопиялық сәбилік дерматит болған. Қарау барысында: баланың дене бітімі астениялық. Тері жамылғысы құрғақ және таза. Мұрнымен дем алу қиындаған, науқас мұрның қасиды және түшкіреді. Мұрнынан су болып ағады. Қабағы ісінкі, конъюктивалары қызарған, жас ағу. Тыныс алу жиілігі минутына 22-і рет. Өкпеде пуэрильды дем алу. Жүрек тондары ритмды және анық естіледі. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәрет пен кіші дәретке отыру бұзылмаған. Жалпы қан сынағында: НЬ - 112 г/л, Эр - 3,2х1012/л, Лейк - 7,2х109/л, п/я - 3%, с - 34%, э - 12%, л - 50%, м - 1%, СОЭ - 5 мм/сағ. 1. Диагноз қойыңыз. 2.Тексеру жоспарын белгілеңіз. 3.Емдеу жоспарын жазыныз. 1.Диагноз:Поллиноз, риноконьюктивалды түрі. 2.Қосымша зерттеулер: - аллерг.зерттеулер(терілік скарифик.сынамалар, специф.IgE анықтау),- риоскопия (мұрын полипозы+қабыну өзгерістері).3.Емі:- пед.және аллергологтың бірге көруі. - Аллерг.коньюктивитте- оптикром (р-р кромогликата Na для закап.в глаза). Ремисс кезінде- специф.гипосенс маңызды. - Респираторлы жолдарының қабыну үрдісіне қатысқан жағдайда –сезон алдында интал+задитен курстарын жасау.- Аллергендерді жою, шанды ылғалды жинау арқылы жою, бөлмені желдетіп тұру. - Антигист. Н1 рецепт антогонистерін(димидрол, тавегил),фенотиазины(пипольфен), этилендиамины(супрастин), пиперидины(перитол) Антигист.II ұрпақты: астемизол, кларитин, кестин, зиртек. - Риноконьюкт.түрінде: Н1блокаторы+вазоконстрикторлар: актифед, клариназа, ринопронт; |