Эталон. 3 деңгей Педиатрия. Фмк003016 3дегей
Скачать 70.17 Kb.
|
33. Науқас Жанар. Жасы 1,5. Ауруы жедел басталған: t – 37,80C, мұрны бөліндімен бітелген, жөтел мазалаған. ОРВИ себебімен амбулаторлы ем қабылдаған. 5 күнге дейін t037,5 С болған, мойын аймағында ісіну байқалған. Нәресте инфекциялық стационарға госпитализацияланған. Преморбидті фоны асқынбаған. Түскен кездегі жалпы жағдайы орташа, салмағы -11,100гр, пульсі-125 минутына, тыныс алу жиілігі 28 рет/мин. Мұрнымен тыныс алуы қиын, бөлініс жоқ. Аңқада миндалиналары ісінген. Желке алды, арты лимфа түйіндері «шынжыр» тәрізді ұлғайған. Өкпесінде везикула тынысы. Жүрек үндері таза, ырғақты. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан - 4 см. шығыңқы, көкбауыры-2 см.ұлғайған. Үлкен, кіші дәреті өзгермеген. Қан анализі : Эрит – 3,5х1012л, Нв - 120г/л, түс көрсеткіші - 0,9, лейкоциттер - 20х109л, Эозинофильдер - 1%, таяқшалы – 2 %, Лимфоциттер - 53%, Моноциттер - 10%, атипті монокулеарлар - 17%. Клиникалық диагнозын қойыңыз? Қандай негіздерге сүйеніп диагноз қойдыңыз? Ем жоспарын түзіңіз. 1.Инфекциялық мононуклеоз, типті түрі, орта ауырлықты дәрежесі. 2.Қызба, мойын лимфадениті, гепатолиенальді синдром, гемограммада атипті мононуклеарлар. 3 Режим: · Жартылай төсек тарту (қалтыраудың барлық кезеңінде); · Науқастың гигиенасын сақтау: ауыз қуысының, көздің шырышты қабықтарын күту, мұрынды шаю; Диета: · №13 үстел (жылы сұйықтықтарды бөліп ішу, сүтті-өсімдікті). Дәрі-дәрімекпен емдеу: · 38,5оС жоғары гипертермиялық синдромды жою үшін қабылдау арасы 4 сағаттан кем емесе аралықта ауыз немесе per rectum арқылы 10-15 мг/кг парацетомол беріледі, үш күннен көп емес, немесе 5-10 мг/кг дозасында ибупрофен, ауыз арқылы тәулігіне 3 реттен көп емес; · Стафилококкты немесе стрептококкты этиологиялық іріңді тонзиллит кезінде (Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes ) – бірінші күні тәулігіне бір рет ішке 10 мг/кг азитромицин, содан соң тәулігіне бір рет 5 мг/кг 4 күн қатарынан немесе 7 күн бойы тәулігіне екі рет 7,5 мг/кг кларитромицин. NB! Инфекциялық мононуклеоз кезінде келесі антибиотиктер қарсы көрсетілген: · ампициллин – жиі бөртпенің пайда болуымен және дәрілік аурудың туындауына байланысты; · хлорамфеникол, сондай-ақ сульфаниламидті препараттар – қанжасаушылықты басумен байланысты.
34. 9 айлық бала емханаға ауруының 4-ші күні түсті. Ауру жедел басталған. Науқаста селқостық, тәбеті төмен, температура t-38,50С, мұрыннан сулы бөлінділер бөлінген. Ауруының екінші күні ылғалды жөтел мен конъюктивит қосылған, 3-ші күні айқын ентікпе, жалпы жағдайы бірден төмендеген. Ауруханаға түскенде баланың жағдайы нашар, температурасы t-39,50С, айқын әлсіздік, тері жамылғысы бозғылт, периоральді цианоз, бет домбыққан, салмағы 9000 гр., аранның кілегей қабаты ісіп гиперемияланған, конюъктива гиперемиялы, өкпе тынысы қатаң, орта калибрлы ылғалды сырылдар. Жиі әрі өте ауыр жөтелдер мазалайды, тыныс алу жиілігі минутына 58-рет. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен пальпацияланады. Қ.Ж.А: Эрит – 3,8х1012/л, Нв-115г/л, түс көрсеткіш – 1,0, Л-12,8х109/л, Тя-5%, лим-32%, моно-6%, ЭТЖ -18 мм/сағ. Алғашқы болжам диагнозыңыз? Қандай қосымша зерттеулер жүргізуге болады? Қандай бұзылыстар күтесіз? Дәл дозалы емдеу жоспары? 1.Аденовирусты инфекция, фаринго-конъюктивальді қызба. Асқынуы: ошақты пневмания. 2.Жұлын ми пункциясы. ЖҚА, ликворды бак/лық зерттеу. Сералогиялық зерттеу. 3.Ликвордағы нейтрофилдің жоғарлауы. Нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары, ликвордың бак-лық нәтижесінде МК. 4.Пенициллин 300 000 кг б/етке (4 сағат сайын). Дегидратация, дезинтоксикация. 35. 7 жасар бала (салмағы 22 кг., бойы 120 см), 1 –сыныпта оқиды, жедел ауырған. Мұрынмен дем алуы қиындап, жөтеліп, басы ауырып оған сандырақ қосылған, дене температурасы 38,5, соңғы 3 күн бойы жөтелі күшейіп, қызуы 37,1-37,3 болған. 4-күні кешке қарай бетінде бөртпелер пайда болды, мұрнынан кілегейлі бөлінділер бөлінеді. Ауруханаға түскенде бала селқос болған. Температурасы 39,5. Беті домбығып, қабақтары ісініп, жарыққа қарай алмай, көздері жасаурап тұр. Екі жақты коньюктивит. Дөрекі әрі құрғақ жөтел. Жұмсақ таңдай мен қатты таңдайдың кілегей қабатында жас мөлшерде, ашық түсте дақты энантема. Ұрттың кілегей қабатты гиперемиялы, араны да гиперемия. Бетінде дақты-папуллалы, құйылмалы бөртпелер. Өкпесінде құрғақ сырыл, жүрек тондары айқын. Қан анализінде Эр-3,6*1012/л, Нв-122г\л, түс көр -0,9, Лейк -4,2*109/л, Эози -2%, таяқшада яд - 1%, сегмент яд - 31%, лимф - 59%, Мон - 7%, ЭТЖ – 5мм/сағ. Жанұясында қызылшамен ауырмаған 4 жас 6 айлық және 15 жасар балалар бар. Клиникалық диагнозды қойыңыз? Аурудың болжамы мен алдын-алуы. Жанұясымен, мектептегі эпидемиялық іс-шара ұйымдастыру. 1.Қызылша, типтік формасы, ауыр дәрежелі, бөртпелі саты. 2.Қолайлы, 12- айда белсенді иммунизация. 3Мектепте балаларды реваксинация жасау. 4.Жанұяда 21 күн карантин, контакттағы балаларға қызылшаға қарсы гамма глобулин егу. Шұғыл СЭС-ке хабар беру. Сыныпта қарым-қатынаста болғандарды бақылау. |