Главная страница
Навигация по странице:

  • ____________________________________

  • 2.Анықтамалар және терминдер

  • 3.Тараптардың құқықтары мен міндеттері 3.1.Орындаушы міндетті

  • Тапсырыс беруші міндетті

  • . Тапсырыс беруші құқылы

  • 4. Құны және есеп айырысу тәртібі

  • 6. Тараптардың жауапкершілігі

  • 7.Форс-мажорлық жағдайлар

  • 8. Жарамдылық мерзімі, Шарттың әрекет ету мерзімін өзгерту және тоқтату 8.1.

  • 9. Дауларды шешу тәртібі

  • 11. Шарттың қосымшалары

  • 12.

  • «Медикер» «Медикер Ассистанс» ЖШС Филиалы

  • Филиал директоры _________________ Жумаханова А.К. Орындаушы

  • __________________ ТАӘ/ Лауазымы М.О. ДОГОВОР № Ф___/16/_____ на оказание фармацевтических услуг (с аптекой)

  • _____________________________

  • Фарм. Фармацевтикалы ызметтерді крсету (дріханасы бар) туралы ф 16 шарт астана . 2016ж. Медикер жшс, ары арай Тапсырыс беруші


    Скачать 80.75 Kb.
    НазваниеФармацевтикалы ызметтерді крсету (дріханасы бар) туралы ф 16 шарт астана . 2016ж. Медикер жшс, ары арай Тапсырыс беруші
    Дата16.10.2021
    Размер80.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаfarm-uslugi.docx
    ТипДокументы
    #248707
    страница1 из 9
      1   2   3   4   5   6   7   8   9



    Фармацевтикалық қызметтерді көрсету (дәріханасы бар) туралы № Ф___/16/_____ШАРТ

    Астана қ. «___»___________ 2016ж.
    «Медикер» ЖШС, ары қарай «Тапсырыс беруші» деп аталатын, 05.01.2016 жылғы №002 сенімхат негізінде әрекет ететін «Медикер» «Медикер Ассистанс» ЖШС филиалының атынан директоры Жумаханова А.К. бір тараптан және ____________________________________, ары қарай «Орындаушы» деп аталатын, ________жылғы __________ негізінде әрекет ететін, келесі тараптан, ары қарай бірге Тараптар деп аталып, төмендегі туралы осы Шартты жасасты:

    1.Шарттың мәні

    1.1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Орындаушы фармацевтикалық қызметтерді (ары қарай -Қызмет) көрсету бойынша міндеттерді өзіне қабылдайды – Тапсырыс берушінің Клиенттеріне (ары қарай-Клиент) Тапсырыс берушінің дәрігерінің рецептісі бойынша дәрі-дәрмектерді сату.

    1.2. Қолма-қолсыз ақшамен төлем бойынша дәрі-дәрмектерді сатудың негіздемесі - Клиентте Тапсырыс берушінің рецепт бланкісінің болуы болып табылады.

    1.3. Орындаушының белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес келесі мекенжай бойынша орналасқан Тапсырыс берушінің нысандарында Орындаушы Клиентке дәрі-дәрмектерді сатуды жүзеге асырады: _______________________________________________________________

    (қызметтердің көрсетілу орны: қаласы, көшесі/даңғылы, үй және т.б.)

    2.Анықтамалар және терминдер

    2.1. Тапсырыс берушінің Клиенті – Тапсырыс берушінің рецепт бланкісін ұсынған тұлға.

    2.2. Тапсырыс берушінің дәрігері – бұл қатаң есептілік бланкісінде дәрі-дәрмектерді жазуға құқығы бар Тапсырыс берушінің білікті маманы, отбасы дәрігері.

    2.3. Тапсырыс берушінің рецепт бланкісі – Тапсырыс берушінің дәрігерімен тағайындалған дәрі-дәрмектер туралы ақпараттан тұратын қатаң есептілік нысаны болып табылатын №1 Қосымша нысаны бойынша Тапсырыс берушінің түпнұсқалық бланкісі.

    2.4. Қызметтер сапасын бақылау – көрсетілетін Қызметтердің нақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар №6 Қосымшаға сәйкес бақылаушылық сатып алу арқылы Тапсырыс беруші жүргізетін процедура.

    2.5. Бақылаушылық сатып алымдар – көрсетілген Қызмет түрлері және құны бойынша нақты мәліметтерді анықтау және/немесе белгілеу мақсатында аты-жөнін көрсетпеу жолымен жүзеге асырылатын Қызметтерді сатып алуға Тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаларының әрекеті;

    2.6. Дәрілік формуляр – Тапсырыс берушінің http://www.mediker.kz/ адресі бойынша ресми сайтында орналастырылған Қызметтерді көрсету үшін Тапсырыс берушімен құрылған және бекітілген емдік дәрі-дәрмектер тізімі.

    3.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    3.1.Орындаушы міндетті:

    3.1.1. Тапсырыс берушінің Клиенттерін Тапсырыс берушінің рецепт бланкісі бойынша және Тапсырыс берушінің Дәрілік формулярына сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;

    3.1.2. №1 Қосымшаға сәйкес дәрі-дәрмектерді сату;

    3.1.3. осы Шарттың №3 Қосымшасына сәйкес Тапсырыс берушімен өзара қарым-қатынас және байланысты жүзеге асыратын жауапты тұлғаларды, уәкілдерін тағайындауға және Тапсырыс берушінің өкілдерінің жұмысына жәрдемдесу;

    3.1.4. №3 Қосымшаға сәйкес тоқсан сайын өзара есеп айырысуларға салыстырулар жүргізу;

    3.1.5. лицензиялауға жататын қызметтерді көрсеткен жағдайда Тапсырыс берушіге лицензияның тізімімен және/немесе патенттің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін беруге;

    3.1.6. қауіпсіздікті басқару жүйесінің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану жүйесінің талаптарын сақтамау нәтижесінде туындаған жағдайлар үшін Тапсырыс берушінің, мемлекеттік, бақылаушы органдардың, басқа да қызығушылық танытқан тұлғалардың алдында жауап беруге;

    3.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану жөніндегі реттеуші құжаттарға сәйкес қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етуге;

    3.1.8. Шарт бойынша Қызметтерді көрсету үшін жеткілікті қызметкерлердің үнемі болуын қамтамасыз етуге, сонымен қатар қызмет көрсетуге қатысатын Орындаушының кез келген қызметкерін келесі жағдайларда Тапсырыс берушінің талабы бойынша ауыстыруға: - өз міндеттерін атқару барысында біліксіздік немесе салақтық танытса, немесе - Тапсырыс берушінің мүддесіне қайшы келетін немесе кедергі келтіретін әрекеттерге қатысса, немесе - қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты Шарттағы талаптарды орындамаса.

    3.1.9. Орындаушының, сонымен қатар оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылар) көрсетілетін Қызметтерге барлық рұқсат құжаттары, лицензиясы, сертификаттары олар болған жағдайда, Шарт бойынша Қызметтерді көрсету үшін талап етілетін басқа да рұқсат құжаттарының, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарының бар болуына, ал Қызметті көрсетуге тікелей қатысатын Орындаушының және қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылар) қызметкерлерінің қызметті сапалы көрсетуі үшін қажетті біліктіліктің және тәжірибенің болуына Орындаушы кепілдік береді.

    3.2. Орындаушыі құқылы:

    3.2.1. осы Шартпен қарастырылған тәртіпте және мерзімде көрсетілген Қызметтер үшін төлемді қабылдауға;

    3.2.2. осы Шартпен қарастырылған төлемдер төленбеген жағдайда Қызметтер көрсетуді тоқтатқанға дейінгі 30 (отыз) жұмыс күні бұрын Тапсырыс берушіні жазбаша ескерте отырып және/немесе оны төлеу бойынша міндеттерді Тапсырыс беруші толық орындағанға дейін тоқтатуға;

    3.3. Тапсырыс беруші міндетті:

    3.3.1. осы Шартпен белгіленген тәртіпте және мерзімде Орындаушының қызметтерін төлеуге;

    3.3.2. №2 Қосымшаға сәйкес Орындаушының уәкілетті тұлғаларымен өзара қарым-қатынас және байланыс жасайтын жауапты тұлғаларды, өкілдерін тағайындауға;

    3.3.3. №3 Қосымшаға сәйкес Орындаушының уәкілетті тұлғаларымен бірлесе отырып, тоқсан сайын есеп айырысу салыстыруларын жүргізуге.

    3.4. Тапсырыс беруші құқылы:

    3.4.1. №5 Қосымшаға сәйкес «қызметтер сапасын бақылау» және «бақылаушылық сатып алымдар» жүргізуге;

    3.4.2. Орындаушының осы Шарттың талаптарын орындау сәйкестігіне көрсетілетін медициналық қызметтерге «бақылаушылық сатып алымдар» жүргізуге;

    3.4.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті мемлекеттік (емес) органдарға жүгінуге;

    3.4.4. Орындаушы міндеттерін лайықты орындамағаны фактілері анықталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы шартты біржақты тәртіпте үзуге.
    4. Құны және есеп айырысу тәртібі

    4.1. Тапсырыс берушінің Клиенттеріне арналған дәрі-дәрмектер құны басқа компанияның Клиенттеріне қолма-қол ақшаға немесе босату жолымен бөлшектеп сатып алынатын дәрі-дәрмектердің құнынан аспауы тиіс.

    4.2. Тараптар арасындағы барлық есеп айырысулар шот-фактураның, Орындалған жұмыстар актісінің, Тапсырыс берушінің рецепт бланкісінің негізінде жүргізіледі.

    4.3. Барлық есеп айырысулар теңгемен жүргізіледі.

    4.4. Шот-фактура он күн сайын (есептік айдың 10,20,30-күндері) қойылады және Орындаушыға айына 3 (үш) рет беріледі, бірақ 3 (үшінші) он күндіктің шот-фактурасы ағымдағы айдан кейінгі келесі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей беріледі; Берілген шот-фактуралардың санына шек қойылмайды, алайда берілген бір шот-фактураның сомасы 300 000 (үш жүз мың) теңгеден бастап және 500 000 (бес жүз мың) теңгеден аспауы тиіс.

    4.5. Орындаушы шот-фактураны Тапсырыс берушіге бергенде шот-фактураның кесте бөлігіндегі жеке жолақта көрсетілген ____ (_______) % жеңілдікті береді.

    4.6. Шот-фактураларда ақшаны аудару үшін барлық қажетті деректемелер, осы шартқа сілтеме болуы тиіс.

    4.7. Шот-фактураның қосымшасы №4 Қосымшаға сәйкес қызмет көрсетілген Клиенттердің тізімі болып табылады.

    4.8. Тапсырыс беруші қол қойылған сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күн ішінде қос Тараптың қойылған қолдары бар Орындалған жұмыстар актісінің негізінде Орындаушыға көрсетілген Қызметтерді төлейді.

    4.9. Тапсырыс беруші Орындаушының банктік шотына тиісті қаражатты аудару үшін өзінің Банкіне тапсырыс берген күні төлену күні болып саналады. Күні төлем тапсырысындағы банктің мөрі бойынша белгіленеді.

    4.10. осы шартта жазылған талаптарға рецепт бланкісінің ресімделуі сәйкес келмесе Тапсырыс беруші Қызметтердің құнын төлемейді.

    4.11. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларын бұзумен берілген шот-фактураларды төлемейді.
    5. Құпиялылық

    5.1. Шарттың әрбір Тарапы осы Шарттың талаптарын үшінші тұлғаларға жария етпеуге, сонымен бірге Шартты бекіту және орындау, келіссөздер жүргізу барысында басқа Тараптан алынған қаржылық, коммерциялық және басқа да ақпаратты (ары қарай - «Құпия ақпарат») қатаң сақтауға міндетті.

    5.2. Үшінші тұлғаларға Құпия ақпаратты беру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдардың талабы бойынша басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімімен ғана жариялауға немесе жария етуге болады.

    6. Тараптардың жауапкершілігі
    6.1. Орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босатылатын дәрі-дәрмектердің сапасына және жарамдылық мерзіміне жауапты.

    6.2. Клиентке берілген дәрі-дәрмектің жарамдылық мерзімі мен сапасы сәйкес келмеген жағдайда Орындаушыға Клиенттің немесе Тапсырыс берушінің жүгінген сәтінен бастап 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде Орындаушы дәрі-дәрмектің құнын қайтарады немесе ауыстырып береді.

    6.3. уақытында төленбеген жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушыға әрбір кешіктірген күні үшін төлемге жататын соманың 0,01% көлемінде өсімпұлын төлейді, бірақ төленбеген соманың 5% артық емес.

    6.4. осы Шарттың 4 бабаындағы талаптарды бұзған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушіге әрбір бұзушылық үшін төлемге жататын жалпы сомадан 5% көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

    6.5. Осы шарттың 5 бабын сақтамағаны үшін Орындаушы әрбір сақтамау фактісі үшін 100 АЕК көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

    6.6. Өсімпұлдарды төлеу орындалған міндеттемелер есебінен төлемге жататын сомадан ұстау жолымен жүргізілуі мүмкін.

    6.7. Осы шартта ескерілмеген мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
    7.Форс-мажорлық жағдайлар

    7.1. Тараптар осы шарт бойынша міндеттерін жартылай немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер бұл орындамаулар еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары болып табылғанын қоса алғанда, бірақ шектелмей: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, індет, әскери қимылдарды қоса алғанда осы аталған жағдайлар осы шарт бойынша міндеттерді орындауға тікелей әсерін тигізгенде.

    7.2. Тараптар осы шарттың 7 бабы 7.1. т. көрсетілген жағдайлардың басталуы және аяқталуы туралы бірін-бірі жазбаша түрде тез арада хабарлауы тиіс.

    8. Жарамдылық мерзімі, Шарттың әрекет ету мерзімін өзгерту және тоқтату

    8.1. осы шарт 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді және 2019 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда әрекет етеді, ал есеп айырысулар жағынан – оның толық аяқталуына дейін.

    8.2. егер Тараптардың бірі Шартты үзудің болжалды күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Шартты үзу туралы ескертуді жіберу жолымен оны тоқтатқысы келетіні туралы хабарламаса, осы Шарт автоматты түрде 12 айға ұзартылады.

    8.3. Осы шарт келесі жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:

    8.3.1. Тараптардың өзара келісімі бойынша;

    8.3.2. осы шартты үзудің болжалды күніне дейін 30 (отыз) күннен кешіктірмей басқа Тарапты алдын ала ескерте отырып, Тараптардың бірінің талабы бойынша. Бұл ретте Тараптар осы шартты үзу күнінен бастап 20 (жиырма) банктік күннен кешіктірмей толық есеп айырысулар жүргізуге міндетті.

    8.4. Осы шартқа өзгертулер және (немесе) толықтарулар Тараптардың келісімі бойынша жазбаша түрде жүргізіледі;

    8.5. осы шарттың қолданысын үзу оны үзгенге дейінгі өз міндеттемелерін орындаған соң ғана Тараптарды жауапкершіліктен босатады.

    8.6. Тараптар осы шарттың талаптары бойынша мекенжайдың, банктік деректемелердің және жауапты тұлға тізімдері өзгергені туралы бір-бірін кідіртпей ақпараттандыруға міндетті.

    9. Дауларды шешу тәртібі

    9.1. осы шарттан туындаған талаптар (наразылықтар) Қазақстан Респбликасының заңнамасымен белгіленген талап қою мерзімінің шегінде Тапсырыс берушіге және/немесе Орындаушыға талап етілуі мүмкін.

    9.2. осы шарт бойынша туындаған даулар келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген сот тәртібінде қарастырылады.

    10. Қорытынды ережелер

    10.1. осы шартты орындаумен байланысты Тараптарға жіберілетін барлық ексертулер мен хабарламалар жазбаша түрде жасалуы тиіс.

    10.2. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан жасалды.

    10.3.Мәтіннің әркелкі оқылуы болған жағдайда осы шарттың орыс тіліндегі мәтіні басым болады.

    10.4.Осы шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады және Тараптардың уәкілетті тұлғаларымен қол қойылмайды.

    11. Шарттың қосымшалары

    11.1. №1 Қосымша – Рецепт бланкісі;

    11.2. №2 Қосымша – жауапты тұлғалар тізімі;

    11.3. №3 Қосымша – Өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі;

    11.4. №4 Қосымша – Дәріханада қызмет көрсетілген клиенттер тізілімі;

    11.5. №5 Қосымша – Сапа және шарттық міндеттемелерге сәйкестік саласындағы тексеру жүргізу тәртібі

    12. Тараптардың деректемелері


    Тапсырыс беруші:

    «Медикер» ЖШС

    010000, Астана қ., Есіл ауданы,

    Қабанбай батыр даңғ., 17 үй, Е блогы

    БСН 051140002348

    «Медикер»

    «Медикер Ассистанс» ЖШС Филиалы

    заңды мекенжайы: 010000, Астана қ., Есіл ауданы,

    Қабанбай батыр даңғ., 17 үй, А блогы

    нақты мекенжайы: 010000, Астана қ., Есіл ауданы,

    Қабанбай батыр даңғ., 17 үй, Е блогы, 9 қабат

    БСН 150141023453

    ЖСК KZ046010111000218804

    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

    БСК HSBKKZKX

    Тел. 8(7172) 55-80-91

    Факс 8(7172) 55-80-94

    Филиал директоры
    _________________ Жумаханова А.К.


    Орындаушы:
    Заңды мекенжайы:__________________________________

    Банк:_____________________________________________

    ЖСК_____________________________________________

    БСК______________________________________________

    кБе ______________________________________________

    БСН______________________________________________

    Тел.______________________________________________

    Факс._____________________________________________
    __________________ ТАӘ/ Лауазымы

    М.О.




    ДОГОВОР № Ф___/16/_____

    на оказание фармацевтических услуг (с аптекой)


    г.Астана «____» ___________ 2016г.
    ТОО «Медикер», именуемое в дальнейшем «Заказчик», в лице директора филиала ТОО «Медикер» «Медикер Ассистанс» Жумахановой А.К., действующего на основании доверенности №002 от 05.01.2016 года, с одной стороны, и

    _____________________________, именуемое в дальнейшем "Исполнитель", в лице ___________________________________________________________, действующего на основании __________________, с другой стороны, далее совместно именуемые Стороны, заключили настоящий Договор о следующем:
    1.Предмет договора

      1. Заказчик поручает, а Исполнитель принимает на себя обязательства по оказанию фармацевтических услуг - реализация лекарственных препаратов по рецепту врача Заказчика (далее - Услуги), Клиентам Заказчика (далее – Клиент).

      2. Основанием отпуска лекарственных препаратов по безналичной оплате является наличие у Клиента рецептурного бланка Заказчика.

    1.3. Исполнитель производит отпуск лекарственных препаратов Клиенту Заказчика на объекте (ах), расположенных по адресу: _____________________________________________________

    (указать место оказания услуг: город, улицу/проспект, дом и т.д.)

    соответствии с установленным режимом работы Исполнителя.

    2.Определения и термины

      1. Клиент Заказчика – лицо, предъявившее рецептурный бланк Заказчика.

      2. Врач Заказчика– это квалифицированный специалист, семейный врач Заказчика имеющий право на выписку лекарственных препаратов на бланках строгой отчетности.

      3. Рецептурный бланк Заказчика – оригинальный бланк Заказчика по форме Приложения №1, являющийся формой строгой отчетности, содержащий информацию о лекарственных препаратах, назначенных врачом Заказчика.

      4. Контроль качества услуг – процедура проводимая Заказчиком в целях обеспечения достоверности и качества оказания Услуг, в том числе посредством контрольного закупа, согласно Приложения №6;

      5. Контрольный закуп – это действия уполномоченных лиц Заказчика на проведение закупа Услуг, осуществляемые путем анонимности с целью выявления и/или установления фактически достоверных сведений по оказанным видам и стоимости Услуг;

      6. Лекарственный формуляр - перечень лекарственных средств, сформированный и утвержденный Заказчиком для оказания Услуг размещенный на официальном сайте Заказчика по адресу: http://www.mediker.kz/.

      1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта