Лекция философия. Лекциялар Философия 2023. Философия кафедрасы
Скачать 1.08 Mb.
|
Бақылау сұрақтары: Материяның негізгі атрибуттарын атаңыз? Дүниенің материалдылығын сіз қалай түсінесіз? Материя, қозғалыс, кеңістік бір-біріне өзара байланысты ма, болса қалай? Материя категориясы және оның фундаментальдық маңызы неде? Болмыстың негізгі формаларын көрсетіңіз. Субстанция, дүние бірлігі мәселелері. Дуализм мен монизм түсініктерінің мәні неде? Қозғалыстың негізгі формалары, олардың қатынасы мен байланысын көрсет. Кеңістік, уақыт, қозғалыстың материямен бірлілігі неде? Дүниенің философиялық түсінігі: болмыс, материя бастапқы категориялар? Әдебиет: Доброхотов А.Л. Категория бытия в классической западно-европейской философии. М.: 1986. Есім Ғ. Сана болмысы (саясат пен мәдениет туралы ойлар). 3 - кітап. Алматы, 1997. Категории мышления и индивидуальное развтитие. Алматы, 1991. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Е. Философия. Алматы, 2003. Ленин В. И. Материализм и эмпирикритицизм ПСС, т. 18 с. 138 б. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Х. Ғабитов, А. Т. Құлсариева. Алматы : Раритет 2004. Нысанбаев Ә,. Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. Алматы, 1994. Фрейд З. Ведение в психоанализ. Лекции. М.: 1989. Юнг К. Архетип и символ. М., 1991 №13 дәріс. Қоғам ғылыми таным обьектісі. 1.Қоғамды түсіндірудің материалистік және идеалистік тұрғыларының мәні. 2.Қоғам табиғатын формациялық және өркениеттік талдау. 3.Қазақстан қоғамын «кешіккен модернизация» тұжырымдамасы призмасынан қарау. Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің салалығымен және мінез-құлқымен түбегейлі ерекшелігін көрсетеді. Қоғам – адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез-келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құралатын бірлестік. Күнделікті өмірде ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады – адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер қоғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамассыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі. Әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықытама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және төрақтылығымен төтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен қөндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. елдерде қоғам мағынасында айтылады. Бөл жерде қоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктермен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдар қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауап береді. Мысалы, француз ғалымы Э.Дюркгейм рухани ақиқат, неміс ғалымы М.Вебер адамдардың өзара әрекеті, К.Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы, америка әлеуметтанушысы Т.Парсонс адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, өлттық шығу тегінің бір болуы деген. Қоғамдық-экономикалық формация – тарихта маркстік, материалистік тұрғыда ұғынудың маңызды категориясы, өндіріс тәсілінің анықталуымен жалпы жағдайды көрсететін, оның тарихи дамуының белгілі бір сатысы. Әлеуметтік эволюционизм тарихи процесті жалпы, шексіз әртүрлі және белсенді, Ғарыштың, планеталық жүйенің, Жердің, мәдениеттің эволюция процесінің бөлігі ретіндегі ғаламдық ойлауға ұмтылыс болып табылады. Әлеуметтік эволюционизм, әсіресе ағылшын социологы Г. Спенсердің жүйесінде айқын көрсетілген. Оның социологиясында 19 ғасыр әлеуметтік эволюционизмнің негізгі идеясы іске асырылған – қарапайымнан жіктелгенге, дәстүрліден рационалдыға, надандықтан білімділікке қарай дамитын адамзат қоғамының тарихи кезеңдері болу идеясы. Әлеуметтік эволюционизм идеясының дамуына француз социологы Э.Дюркейм зор үлесін қосты. Ол бірінші болып, еңбек бөлінісі қоғамның күрделенуіне әсер ететіндігін айтты. Әлеуметтік эволюционизм шеңберінде индустриялды қоғам теориясы қалыптасты. Индустриялды қоғамға келесі тән: - басқару мен өндірістің нақты салаларындағы қоғамның специализациясы жағдайындағы ондағы еңбек бөлінісінің дамыған және күрделі жүйесі; - тауарларды кең рынокқа жаппай өндіру; - басқару мен өндірісті механизациялау мен автоматизациялау; - ғылыми-техникалық революция. XX ғасырдың 60 – жылдары танымал болған индустриялы қоғам теориясы 70 – жылдарда «постиндустриялды қоғам» теориясында өз жалғасын табады. Аталған теорияға сәйкес, қоғам өзінің дамуында 3 негізгі кезеңнен өтеді: индустриалдыға дейінгі (аграрлық), индустриалды және постиндустриалды. Бірінші кезеңде экономикалық іс-әрекеттің алғашқы саласы – ауыл шараушылығы, екінші кезеңде – өндіріс, үшінші кезеңде – қызмет көрсету орын алады. Индустриялдыға дейінгі қоғамның көздеген мақсаты – билік, индустриялды кезеңде – ақша, постиндустриялдыда – білім. Аталған кезеңдердің әрбіреуіне әлеуметтік ұйымның ерекше формалары тән: аграрлы қоғамда – шіркеу мен әскер, индустриялдыда – корпорация, постиндустриялдыда – университет. Әлеуметтік эволюционизм концепциясымен қатар қоғамның революциялық түрлену теориясы дамыды, оның негізін қалаушылар – К.Маркс пен Ф.Энгельс. Марксистік теория тарихты талдаудың формациялық тәсіліне сүйенеді және оған сәйкес адамзат өзінің дамуында бес кезеңнен өтуі керек: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік. Бір қоғамдық-саяси формациядан екінші формацияға өту әлеуметтік революция негізінде іске асады. Эволюциялық және революциялық теориялармен қатар П.А.Сорокиннің мәдени – тарихи типтер теориясы бар. Бұл теорияда Сорокин бүкіл адамзатты біріктіретін жаңадан қалыптасып жатқан өркениеттің негізгі сипаттамаларын атайды. Бүгінгі күн бұл дүние жүзінде бырыңғай өркениетті қалыптастыру идеясы кең таралып, дамуда. Оның ғылым мен қоғамдық санада бекітілуі қазіргі әлемдегі әлеуметік және мәдени процестердің жаһандану үрдісіне әкеліп соқты. этимологиялық «жаһандану» термині «глобус», яғни Жер, жер шары деген латын сөзімен байланысты және белгілі бір процестердің жалпы планеталық сипатын білдіреді. Жаһандану дегеніміз бүкіл адамзаттың әлеуметтік – мәдени, экономикалық, саяси қатынастар мен өзара әрекеттің біртұтас жүйесіне енуін білдіреді. Сол себептен де социологтар түрлі мемлекеттердің, халықтардың әлеуметтік – мәдени, экономикалық және саяси сипатының әртүрлілігіне қарамастан, бырыңғай өркениет пайда болу керек деп есептейді. Әдебиеттер тізімі: Әлеуметтік философия: Хрестоматия. Алматы, 1997. Барулин В. С. Социальная философия. М.: 1993. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана оқу құралы. Алматы, 1996. Поппер К. Открытое общество и его враги . М.: 1992. Сорокин П. А. Человек. Цивилизация. Общество. М.: 1992. Шпенглер О. Закат Европы. М.: 1993. №14 дәріс. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролі 1.Мораль қоғамның рухани өмірінің жоғарғы көрінісі 2.Қазіргі заманғы адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарыстары 3. Ізгілікке, Ақиқатқа, Сұлулыққа ұмтылу – тұлғаның шексіз кемелденуінің кілті Мораль – адамдар өздерінің мінез-құлықтарында басшылыққа алатын, олардың бір-біріне, қоғамдастықтың әртүрлі формаларына қатынасын білдіретін принциптердің, ережелердің, нормалардың жиынтығы. М. – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Өзін сақтап қалу үшін қоғам адамдардың бәрі ұстануға тиіс ережелер қалыптастырып, олар арқылы жалпы адамдардың, жыныстардың және ұрпақтардың арасындағы қатынастарды реттеп отырды. М-дың пайда болуы туралы бірнеше концепциялар бар. Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдайдан беріледі. Эмпирикалық концепция М. адамның, оның тәжірибесінің, тарихының дамуының, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерінің қалыптасуының жемісі деп түсіндіреді. Автономдық концепция бойынша М. адамға әуелден, генетикалық деңгейде берілген, сондықтан ол салыстырмалы түрде өзгеріске көп ұшырамайды және адамдардың индивидуалдық сапаларына байланысты әрбір адамда әртүрлі. М-дың ұлттық, таптық және жалпыадамзаттық сипаты бар. Кезінде таптық М-ға шектен тыс назар аудару, оны әсірелеу қоғамға белгілі бір деңгейде зиян әкелгені белгілі. Қазіргі уақытта ұлттық М-дық құндылықтарды жаңғырту – ұлтты сақтап қалу, мысалы, қазақ ұлтын сақтап қалу факторы ретінде қарастырылып отыр. Бұл дұрыс қадам деп мақұлдай отырып, М-дың жалпыадамзаттық сипатын да естен шығармауымыз керек. Қоғамдық сананың басқа формаларымен салыстырғанда М. ең басты десек, артық емес, себебі адамның адами сипаты оның бойындағы адамшылығы арқылы, қоғамның даму деңгейі оның адамгершіліктік келбеті арқылы анықталатыны сөзсіз. Моральдық құндылықтар. Адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар-намыс, парыз сияқты моральдық Қ-тардың бар екенін ешкім де теріске шығармас. Осы және т.с.с. рухани Қ-тарды жан-дүниесінде сақтап қалу үшін ол көп нәрселерден айырылуға дайын. Біздің ойымызша, моральдың арқауын «тұлға мен қоғам» арасындағы қарым-қатынастардан іздеу керек. Өйткені, адам басқа кісілермен сан-алуан байланыс, өзара іс-әрекетке түсіп қана өмір сүре алады, ол оның әлеуметтік табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың ережелік, нормативтік ерекшелігін алға тартуға болады, өйткені, күнбе-күнгі адамдардың миллиондаған іс-әрекетін ретке келтіру үшін олар ереже, қағида, идеал ретінде қорытылады. Моральдық сана шындықты алдын-ала болжай алады, оның талаптары күнделікті өмірлік қатынастардың әр жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп тірейді. Бұл арада біз моральдың аксиологиялық (Қ.) жағына келіп тірелеміз. Расында да, моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я болмаса, басқаның жүріс-тұрысын бағалауға мүмкіндік аласыз. Олай болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде өзіңді қалай ұстау керек екенін көрсетіп қана қоймай, адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігіне айналады. Моральдық қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін құрайды. Сондықтан, адамның моральдық қағидаларды таңдап оны өз құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір салтын анықтайды. Сол себепті, саясаттан бастап нақтылы күнбе-күнгі адамдардың қарым-қатынасына дейін барлық әлеуметтік құбылыстар моральдық тұрғыдан бағаланады. Руханилық - еркін шығармашылық белсенділік арқылы, әлемге деген адамгершілік қатынас арқылы қалыптасады және сол құрылымдардың арқасында дамиды, адам өмірінің мәніне алады. Сондықтан, «руханилық – адамның түпкі мәндік негіздеріне сәйкес келетін дүниеге деген ыстық ықыласынан туындаған қатынастар жиынтығы» деген тұжырымға тоқтам жасауға болады. Ал руханият болса одан әлде кең мағынадағы қатынастар жүйесі. Ол қоғамның рухани өмірінің көптеген қырын қамтиды. Руханилық адамның жан дүниесімен байланыста болса, оның дүниетанымы зерде, ақыл-ой саласымен, рационалдылықпен астасып жатады. Дүниетаным мен руханилықтың өзара байланысын іс-әрекеттер деңгейінің биігінен іздеу керектігін кейбір зерттеушілер атап көрсетуде. Әрине, адам руханилығының парасаттанған формасы дүниетанымдық жүйе ретінде рауажданады. Басқа кейіптегі қатынастар дискретті кейіптегі түсініктерді байқатады. Өкінішке орай,көптеген зерттеушілер арасында руханият пен руханилықты өзіндік қасиеттерге жіктемей, оларды көбінесе толық сәйкестендіру, етенелестіру әдетке айналғанын байқаймыз. Бұл кейбір теориялық және құндылықтық-мағыналық жаңылысуларға, ауытқуларға алып баратынын байқаймыз. Бақылау сұрақтары: Қоғам ұғымы. Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы. Қоғам мен оның тарихын материалистік тұрғыдан түсіну. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Материалистік және идеалистік философтардың қоғамға көзқарасының айырмашылығы неде? Қоғамның рухани саласын сіз қалай түсінесіз? Әлеуметтік мобильдік нені білдіреді? Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы. Тарихтағы обьективтік жағдай және субьективтік фактор. Тарихи процестің субьектілері мен қозғаушы күштері. 10.Қоғамдық прогресс пен оның өлшемдері. Базис пен қондырма. Экономика және саясат, олардың өзара диалектикалық қатынасы. №15 дәріс Адам ғылыми және философиялық танымның обьектісі 1.Адам ұғымы. Адамның био-психо-әлеуметтік мәні 2.Адамның жаратылуы мәселесі 3.Адам өмірінің мәні мәселесі 4.Өлім мен өлмейтіндік. Трагедиялық үштік (азап шегу, күнә, өлім). Эвтаназия мәселесі Философиялық ойтолғаныс тек сыртқы дүниеге ғана емес, сол дүниені субъектісі болып отырған, жер планетасының белсенді «лидері» ретінде танымалданған, өзін табиғатқа үстемдік етуші деп жариялаған адам мәселесіне де тоқталады. Себебі, философияның объектісінің жалпылама нұсқасы - адам мен дүние болып табылады. Бірақ адам сол өзі өмір сүріп тұрған әлемнен оқшау қарастырылмайды, оның мәнінің ашылуы, жұмбақтығының сыры да табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын тіршілік иесі болуымен айқандалады. Сондықтан философиядағы рефлексия, өзін тануға ұмтылыстың жалпы көрінісі – адамтану болып табылады. Көне Грек ойшылы Сократтың «Өзіңді-өзің таны» деген қағидасын жалпыласақ, тек жеке тұлғалықты ғана емес, бүкіл адамзатты тануға ұмтылыстың қажеттілігін сезінуге болады. Сондықтан философия тарихында «адам дегеніміз кім немесе ол не» деген сауалдар мыңдаған жылдық таным кеңістігін қамтып жатыр. Осыған орай, адамды анықтауға әр түрлі түсініктер мен анықтамалар берілген. Адам – белсенді әрекет ететін сананы иемдену арқылы еңбек құралдарын жасап, пайдаланып, өнім өндіріп табиғатты өзгертетін барша тіршіліктің лидері: жан мен тәннен құралған, табиғаттан мәдени-рухани асқақтығы, ойлау тереңдігі, мақсат қоюы және т.б арқылы ажыратылады. Ол мәдени-рухани игілікті иеленіп, жер бетінде саналы тіршілік ететін субъект. Осыдан адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылықтарын былайша зерделеп көрсетуімізге болады: санасы бар, дискурсивті ойлайды; еңбек құралдарын жасап пайдаланады, мәдениетті жасаушы, мақсат қоя тіршілік етеді, өзінің өмір сүріп тұрғандығын және оның аяқталатындығын саналы түрде түйсінеді т.б. Бұл адамның қазіргі сипаты мен күйі, дегенмен, ол әу-баста эволюцияда қайдан және қалай пайда болған деген түсініктер туындайды. Бұны жаратылыстану ғылымдарында және қоғамдық ілімдерді де қызықтыратын сала – антропогенез қарастырады. Антропогенез – (антропос – адам, генезис – шығу тегі деген мағынада) адамның пайда болып жетілу процесін, эволюциясын зерттейтін сала. Дарвин, Гексли, Геккель адамның жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардан шыққандығы туралы теориясын дәлелдейді. Бұл адам тектес маймылдардан осыдан 2,5 млн. жыл бөлініп шыққандығын дәйектейтін дарвинизм теориясы деп аталады. Дарвинизм – Ч. Дарвин негізін салған адамның шығуы мен дамуы жөніндегі эволюциялық теория. Ұрпақтардың сабақтастығы негізінде тіршілік иелерінің түрлерінің өзгеретіндігі фактісінің тәжірибесінен алынған тіршілік үшін күрес, сұрыпталу сияқты табиғи заңдылықтарынан өткен адам бүгін де өзі тіршілік етуі мен дамуын сақтайды деген тұжырым жасалады. Ал Т. Гексли – Томас Генри, ағылшын жаратылыстанушысы, философы (1825-1895 ж) Дарвин ілімін қорғап, өмірдің материалистік түсінігі жалғыз ғана жаратылыстанулық болжамдардың нәтижесі деп қарап, априорлық білімдер өмір сүрмейді, ол мұрагерлік жолмен заңдандырылатын бұрынғы ұрпақтар тәжірибесімен алынады, адам - әлемдік құбылыстардың жемістісі деп таныса, неміс зоологы Эрнст Геккель (1834-1919жж.) де дарвиндік теория ізімен құдайдың өмір сүретіндігінен ауытқу қажет деп тапты, өз ілімін монизм деп атады. Бұларда адамның маймылдан пайда болуының бірте-бірте жүзеге асқандығын дәйектейтін ұстанымдар бар. Соның алғашқысы адам типтес маймылдар туралы түрлермен анықталады. Австралопитектер – бұдан 5 млн. жыл бұрын өмір сүрген маймылдар, адамның ең жақын арғы-тегі, Австралия мен Африкадан табылған. Олар жер бетіне тіршілік ету салтына бейімделді, алғашында талғаусыз тамақтанды, табиғи заттарды құрал ретінде қолданды. Синантроптар, питекантроптар – австралопитектерден кейінгі алғашқы қауымдық топтарды құруға бейімделген, өңделмеген сүйек, ағаштарды пайдаланып, терімшілікпен шұғылданды, аң аулады. Одан кейін неандертальдықтармен саналы адам қалыптасты. Гомо Сапиенс – саналы адам, осыдан 35 - 40 мың жылдай бұрынғы қазіргі адамдарға барынша ұқсас, тік жүретін, дене бітімі толық қалыптасқан, қауымдық тобырлардың, алғашқы қауымдық қоғамға ауысу кезеңіндегі адам эволюциясының уақыты тас ғасырындағы адам. Адамның пайда болуы олардың қоғамдасып өмір сүруімен шартталады. Сондықтан бұл құбылысты зерделейтін ілім антропосоциогенез деп аталады. Антропосоциогенез – (антропос – адам, социум – қоғам, генезис – шығу тегі деген мағынада) материя қозғалысының биологиялық формадан әлеуметтік формаға ауысуын және жануарлықтан адамзат қоғамының шығуын зерттейтін сала. Адамның мәні барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Социогенез – антропогенездің мазмұны. Қоғамның тууы – алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі. Яғни, инстинктердің шеттетілуі, қоғамдық нормалардың тууы, табиғилықтың бақылауға түсуі, экзогамияның іске асуы, әлеуметтік болмыстың құрылуы және т.б. жүзеге аса бастады. Әлеуметтік болмыс – болмыс түрі, адам болмысының қоғамда, әлеуметтенудегі бірігуі мен бірлесуінің жалпы табиғаты. Оның басқа болмыс түрлерінен, адам болмысынан да өзгеше кең мағыналы сипаты бар, биологиялық, психологиялық негіздер бойынша әлеуметтікке ауысу тұрпатты көрінісі айғақталады. Еңбек, мораль, сана – қандай-ма болсын адамзаттың игіліктері (еңбек), адамдар арасындағы құқықтылық қатынас (мораль), адамға тән психиканың деңгейі (сана) қоғам қалыптасуындағы басты үш фактор, қажетті сектор. Үшеуінің қайысысы бұрын екендігі жөнінде тұжырым болмағандықтан еңбек, мораль, сананың тууы – қоғамның қалыптасуының түпкі шарты болып табылады. Сондай-ақ жанама факторлар: тіл, жанұялық қатынас, қоғамдастық және т.б да антропосоциогенездегі маңызды қатынастар. Теологияда – адамды құдай жаратқан (кезеңі көрсетілмейді), ол тумысынан саналы, мәдениетті, құлықты жан иесі, рух пен тәннің бірлігін алып жүруші деп түсініледі. Бұл тұжырым теологияда креационизм деп аталады және дарвиндік теория жоққа шығарылады. Креационизм – әлем мен адамды құдайдың бірегей актіде жаратқандығы туралы ілім. Бұнда арнайы уақыт кезеңі көрсетілмейді, дегенмен әлем, алғашқы адам, одан соң мәдениетті, саналы кейіпте бірден жаратылғандығы туралы түсінік басымдау болып келеді. Жаратылу актісінде әлем ештеңеден, адам топырақтан деп ұғынылады. Алғашқы түр – Адам ата мен Хауа ана деп есептеледі. Соңғы уақыттарда дарвинизм ілімімен де, креационизм тұжырымдамасымен де келіспейтін ғылыми болжамдық идеялар ұсынылады. Адам жер бетіндегі маймыл типтестерге, қазіргі маймылға еш қатынасы жоқ, тек сыртқы келбеті ғана сәйкестенгендіктен, оны осы түрлерден туды деп санаған. Адам баласы ғарыштағы тіршілік белгілерінен жерге тараған, өзге планеталықтар сондықтан біздің тұрпатымызға ұқсайды, әсіресе, ақыл-ой санасының жетілгендігі бұған куә деп ой түйінделеді. Адамның табиғатпен, қоғаммен, әлеммен байланысынан оның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік жақтары ашылады. Жақтары дегеніміз – қандай-ма болмасын нәрсенің немесе құбылыстың толық мәнін алу үшін өзінің байланысты объектілерін сипаттайтын шектеулі өлшемдері. Олар мазмұны жөнінен өзара тең болып келеді. Биологиялық жағы адамның болмысына енгізілген, жалпы табиғи нұсқасын зерделеу, эволюциядағы белгілі бір маңызы мен түпбастамалық негіздерін айқындау мәселелерін таразылайды. Биологиялық жағы – тәндік негізі бойынша барлық сүт қоректі хайуандарға ортақ қасиеттерді иемденеді. Организмдердің бәріне ортақ: қан айналым, зат алмасу, туу мен өлу және т.б процестер адамның бір жағынан биологиялық тіршілік иесі екендігін көрсетеді. Сондықтан адам эволюциядан оқшау әлеуметтік жан иесі ғана емес, сол табиғи ортаның заңды жалғасы болып табылады. Ал психологиялық жағы – адамның психикасындағы өзге жануарлар психикасынан елеулі айырмашылықтар арқылы сипатталатын және онымен үндесетін психикалықтың, психофизиологиялықтың, саналылықтың тұтастануын білдіреді. Сана, мінез-құлық, сезімдер, ойлау, қиялдау, мақсатқа ұмтылушылық адам психикасының ерекшеліктерін құрап, психологиялық жағынан өзге хайуандардан ажырай бастады. Бұдан руханилық жағы ашылады. Осы тұста адамның психикасындағы табиғи қалыптарға басымдылық беретін иррационалистер адамды хайуанаттармен салыстыра отырып сипаттап, субъектінің басты тұғырлы айырмашылықтарының түп төркінін қайтадан табиғилыққа балайтындығын ескерсек, оның инстинктік негіздеріне сараптама жасау қажеттілігі айқындалады. Инстинкттер табиғилыққа да, психологиялыққа да жатқызылатын аралық буындар, нақтырақ айтқанда, психофизиологиялық жақтар болып табылады. Адам эволюцияның нәтижесі және оның заңдылықтарынан ажырай алмайтын, табиғи заңдылық шеңберінде өмір сүретін тіршілік иесі болғандықтан, ол да осы инстинкттермен шартталады. Бірінші аналық инстинкт бүткіл тіршілік иесіне тән, әсіресе, сүт қоректілерде анық байқалатын анасы мен ұрпағы арасындағы өзара түсіністікпен қабылданған табиғатқа бейімделудің нақты және жетілген көрінісі. Кез-келген аналық өзінің ұрпағын қорғау үшін жанын сала күресуге дайын тұрады, сәйкесінше, ұрпағы да анасының қамқорлығының аясын үнемі ескеріп жүреді, одан физикалық кеңістік жағынан алшақтап кете алмайды. Себебі, өздігінше өмір сүруге бейім емес ұрпақ үшін анасы қоректендірудің және қоректенудің ең сенімді жағы. Аналық инстинкт эволюциядағы тіршілік иелерінің ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің психикаға табиғи бағдарланған, сіңірілген көрінісі, ұрпақтар сабақтастығы арқылы түрдің сақталуы мен көбеюінің, дамуының қамтамасыз етілген ішкі күштері. Осы инстинкт адамға да берілген, ол ғасырлар бойы жалғасқан және адамзат өркениетінің сан жағынан өсіп-өркендеуінің шартына айналған заңдылық. Бұл ұрпақтың өздігінен өмір сүруге қабілетті болған кезеңіне дейін жалғасуы тиіс тәртіп және эволюцияның талабы болып табылады. Адамның келесі бір қыры – психологиялық жағы жағы болып табылады. Адам тек психофизиологиялық қана емес, психологиялық та жан иесі. Ол психикалыққа бағдарланған және оны психоәлеуметтікпен ұштастырған өзінің барлық мақсаттары мен мүдделерінің орындалуында да психологиялықпен танылатын субъект болып табылады. Сондықтан адамның тіл, қарым-қатынас, мәдениет сияқты руханилық көріністері де осыған байланысты болып келеді. Бүкіл тіршілікке тән психикамен қатар және жалпыадамзаттық психологиялылықпен бірге адамның, әрбір тұлғаның өзіндік жеке психологиялық мінез-құлқы, таным-түсінігі қалыптасады. Психологияға қатысты таным баспалдақтарын Ф. Бэкон «үңгір елестері» деп ажырата отырып, адамның психологиялық әлеуеттегі орнының танымдық жағдайда да көрініс беріп отыратындығын байыптаған болатын. Осы «психологиялық» адам өмірінде елеулі маңызы бар оның болмысын да кей сәттерде анықтап отырады. Бұған басымдылық беруші психологизм өкілдері жеке адамның психикасы оның бүткіл өмір тағдырын айқындайды деп түсіндіреді, оның денсаулығы, жолының болғыштығы, адамдар арасындағы беделі т.б. барлық маңызды сәттердің барлығы, тұтастай алғанда, адамның ішкі психологиялық түйткілдерінен, өзін сендірулерінен, өзін-өзі бағдарлауынан құралады деп түсіндіреді. Мәселен, бұл ұстанымның айқын көрінісі халықтық медицина өкілдерінен байқалады. Шамандық дәстүр де, алдымен, психологиялық күрес, психологиялық тайталас және психологиялық сендіру шаралары арқылы субъективтілікті объективтендіреді. Шындығында да, адамның психологиялық жағы оның өз болмысын өзі жасауына тұтастай болмаса да едәуір әсер етеді. ХХ ғасырдағы экзистенциалист Ж.П. Сартр айтқандай, адам болмысы оның өзі жасап, өзі қалыптастыратын, қандай болғысы келсе, сондай болатын болмысы болып табылады. . Әлеуметтік жағы – биологиялық жақтың кейбір ұмтылыстары тежеліп, психикалық жақтың оңды, ілгерішіл жақтары дамытылып, адам – адамзат өкілі екендігін түйсінуден басталады. Ол қоғамдағы әлеуметтік үдерістердің барлығының белсенді-белсенді емес, ерікті-еріксіз субъектісіне айналады. Себебі, онда әлеуметтенген немесе әлеуметтендірілген бағдарлар әуел бастан-ақ орнықтырылған. Бірақ ол басқа жақтарынан оқшау таза дербес бола алмайды, психологиялық пен табиғилықтың ұштасуының нәтижесін де басшылыққа алады. Жеке адам қоғамнан тыс бола алмайды, ол қоғамдық нормалар мен талаптарды, мораль мен мемлекеттік ұстанымдарды, дәстүрлер мен ғұрыптарды, қарым-қатынас қағидаларын мойындауы тиіс, еңбек бөлінісіне қатынасып, сыртқы ортадан өзіндік орнын айшықтайды. Сондықтан адамның әлеуметтенуі стихиялы түрде және ұйымдасқан түрде жүріп отырады. Ол адамдағы әлеуметтік модустармен түйіседі. Ол болмысынан табиғи тұрғыдан құрылған қауымдастықтың мүшесі болу бағдарынан мәдени қауымдастың субъектісі болу сәтіне қарай ойысумен болады. Оның әлеуметтік жағы жоғарыда айтқандай, табиғи болмысындағы топтасу инстиктісін негізге ала отырып, оны мәдениеттенген, әлеуметтенген, саясиланған формаға көшіреді де, субъект әлеуметтік жан иесі болып шығады. Сондықтан оған өзін қоршаған қоғамдық ортада қалай сезіну керектігі, қоғамнан өз орнын табу, қоғамдық қатынастар мен талаптарды игеру, өзінің белсенділігін анықтау сияқты талаптар қойылады. Осы талаптар оның рухани жағымен байланысып жатыр. Адам мәнін ашатын философиялық мәселелердің бірі - өлім мен өмір мәселелесі. Өлім – ғылымда биологиялық жүйенің өмірлік әрекетінің қайтымсыз және табиғи тиылуы, болмай қоймайтын ең ақырғы шегі, болмысының жойылуы, ештеңеге өтуі. Философияда табиғи ғана емес, рационалдық қабылдауды талап ететін әлеуметтік феномен. Ол жоғары ұйымдасқан жыныстық жолмен көбейетін организмдерге тән деп деген түсінік басым. Мәселен, бір клеткалы амеба бөліну арқылы көбейеді. Өлім мәселесімен философиялық тұрғыдан арнайы ілім танатология шұғылданады. Тантология - өлімнің себептері, тетіктері, белгілері туралы ілім. Өлімнің жақындауы, өліп бара жатырған адам реакциясы, өлім жақындағандағы күй және т.б зерттейді. Кюблер Росс өлім алдындағы бес психологиялық сатыны көрсетеді: терістеу, ашу, бәсекелесіп қарау, депрессия, қабылдау. Танатологияға: қайғы жағдайындағы көңіл-күй, эвтаназия, өмірді көтермелеу және т.б мәселелер де жатады. Психоанализде адам бойында өлімге ұмтылатын инстинкт болады, ол - танатос деп аталады. Өмір – мәндердің ішкі белсенділігімен бөлінген болмыс тәсілін бекітетін тіршіліксіздіктен айрылатын құбылыс. Тірінің негізгі қасиетін алып жүретін негізгі субстраттары ДНК молекулалары мен белоктар. Тірінің ұйымдасуының мынандай өлшемдері бар: организмдік, популяциялық, түрлік, биоценотикалық, биосфералық. Адам өмірі – оны өзі саналы түйсінуінде, өмір сүруін, өлімін сезінуінде болып табылады. Витализм - өмірдің көрінуі оған тәуелді болатын организмдерде ерекше өмірлік күш бар деп санайтын биологиялық бағыт, неовитализмде ұрық элементінің проспективті потенциясы мен энтелехия ролін көрсетеді. Бұл өмірлік процестердің себепті – механикалық мүмкіндіктерін терістеп, оған жоспарлықты, мақсатқа ұмтылушылықты, ішкі және жеке заңдылықтарын қосады. Психоанализдегі өмірге ұмтылатын инстинктік – эрос танатоспен қайшылық құрап, қайтадан екеуі келісімге келіп отырады деп түсіндіріледі. Философияда өлім мәселесін таразылауда екі түрлі қыр бар: 1) эмоционалдық; 2) рационалдық. Эмоционалдық тұрғыдан өлім – үрей мен қайғы алып келетін, уақыты келмеген өлімнің үмітсіз мұңға жетелейтіндігін, мәңгі өмірдің аңсаудың дәрменсіздігін және асқақтығын әйгілейтін мәселелерді қарастырса, рационалдық тұрғыдан өлім мәселесінің адамзат пен барша тіршілік үшін болмай қоймайтын ақырының сырын, өлімнің болмыстан бейболмысқа өту екендігінің қырларын, адамзат тіршілігінің сабақтастығының заңды эволюциялық жалғасы болатындығының терең түйткілдері т.б. мәселелер зерделенеді. Рационалдлық тұғырдың танымы бойынша адам өмірі болмыс, ал өлім бейболмыс деп танылады және мойындалады. Бұл мәселе философия тарихында әр түрлі пайымдалған. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың, мәдениеттің дамуы барысында өлім мәселесінің күрделі түйткілдерін зерделейтін эвтаназия мәселесі пайда болады. Эвтанзия – медициналық-биологиялық зерттеулер саласындағы адамның өлуге құқ проблемасын этикалық деңгейге шығарған бағыт. Әсіресе «аурудың өз сұрауы бойынша азабын жеңілдету үшін оны өлтіруге бола ма?» - деген проблема арқылы шыққан. Қазір бұл сала «аборт адам өлтіру қылмысы болып санала ма», «адамның өзін-өзі өлтіруіне араша түсу керек пе», «өлген адам мүшелерін өзгеге ауыстырып салу – зұлымдық болып табыла ма» және т.б мәселелерді қамтиды. Бұл мәселелер биоэтика ілімінде кеңейе түседі. Биоэтика – адамның қоршаған орта тереңдіктеріндегі моральдік өлшемдері мен шекаралары туралы ілім. Қазір ондағы маңызды мәселелер биотехнология дамуымен байланысты. Гуманизм құндылықтары ғылым үстінен этикалық бақылау орнатуды көздейді. Бұл биоэтиканың эвтаназиялық – аборт, суицид, органдарды ауыстыру, суррогаттық адам, клондау проблемаларына байланысты туған және геноинженерия жетістіктері мен ашылған жаңалықтарын өмірге енгізу қажет пе деген сауалдарды қамтиды. Қазіргі геноинженерия адам өмірін ұзарту және мәңгілігі мәселесімен де шұғылданады, бұл мәселе жаратылыстану мен философиялық ғылымдардың зерделейтін бағыты ретінде – иммартология деп аталады. Мәңгі өмір сүру идеалының діни тұрғыдан келуден басқаша да көптүрлі формалары бар. 1) Ген түсінігіне байланысты ұрпақтардың сабақтасуы оның, сол өлген тұлғаның заңды биологиялық жалғасы деп түсінушілік. Ген – туа біткен қасиеттік сабақтастық материалының бірлігі. Сабақтастық геннің жаңа ұрпаққа берілуі, ген – барлық клеткаларда өмір сүретін бөлінбейтін, араласпай берілетін өз бетінше бірліктер. Туа біткен қасиеттер белгілі бір генге байланысты емес, ядро мен плазманы қамтитын генетикалық клетка жүйесіне байланысты. Бұнымен биологияның генетика саласы айналысады; 2) Мумификация – организмнің физологиялық негізін ұзақ уақытқа сақтау үшін қолданылатын тәсілдер. Бальзамдау көне Египеттік фараондардан бері сақталып келе жатырған организмнің ыдырамауын қамтамасыз ететін әдіс; 3) Тарихи-биографиялық, бұнда өлген адамның артына қалдырған мұралары мен тарихтағы орны арқылы оның рәміздік түрде мәңгі жасайтындығы бағамдалады. Өлім мен өмір мәселесіне қатысты маңызды түйткілдердің бірі – өмірдің мағынасы. Ол адам мәңгілік өмір сүрсін, мейлі өлімді болсын одан тыс болып табылады да, «өмірдің мәні неде, мен не үшін өмір сүрдім және өмір сүремін, қалай өмір сүру керек, өмірде қандай мақсаттар бар» деген сияқты сауалдарды қамтитын күрделі мәселе бола отырып, «өмірдің мақсатының мәні неде, мәнінің мақсаты бар ма, өмірдің мағынасының мәні қандай, мақсаттардың мәні, негізгі мәннің мағынасы, жалпы мазмұнның мақсаты» деген тәрізді мәселелермен күрделене түседі. Өмірдің мағынасы – адам болмысының сыры, өмір сүрудің түпкі мақсатын, негізгі мәнін, жалпы мазмұнын ашуға ұмтылатын философиялық және этикалық проблема. Сонымен қатар діни, атеистік, психологиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылады. Мәселен, этикалық тұрғыдан өмірдің мәні жөнінде мынадай бағыттар қалыптасқан. Бақылау сұрақтары: Адамның рухани дүниесінің діни, философиялық және ғылыми түсінігінің мәні? Материалистік философия жүйесіндегі сана категориясының рөлі? Сана – адамның өмір сүруінің формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгертудің тәсілі? Сананың пайда болу негізі (генезисі) және сана бейнелеудің жоғарғы түрі ретінде? Сана – шындықты бейнелеудің әлеуметтік-мәдени формасы? Сана және сана-сезім, өзіндік сана, ішкі сұхбат, өзіндік сананың механизмі? Санасыздық психикалық феномен ретіндегі мәні? З. Фрейд іліміндегі санасыздық концепциясы; ол, мен, жоғарғы Мен мәселелерін түсінудің мәні? К. Юнг концепциясындағы ұжымдық санасыздық пен оның «архетиптерінің» философиядағы орны? Жеке және қоғамдық сана, олардың диалектикалық байланысы. Қоғамдық сананың құрылымы мен формаларын әлеуметтік қажеттіліктердің бейнесі ретінде түсіну. Әдебиеттер тізімі Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2000. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. Алматы, 1997. Выгодский Л. С. Развития высших нервных функции. М.: 1990. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 тт. Алматы, 1994-2004. Категория мышления и индивидуальное развития. Алматы, 1991. Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звуко- знаковых систем. Алматы, 2004. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саясат. Қостнай, 2000. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Ғабитов, А. Т. Құлсариева Алматы, 2004. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. Алматы, 1994. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1996. Сыбанбаев Қ., Затов Қ. Философия. Алматы, 2000-2004. Философия. Құр. Т. Ғабитов. Алматы: Раритет, 2005. 13. Философия. Электрондық оқулық Т. Ғабитов Алматы: Юрлит, 2004. Философиялық сөздік. Алматы, 1996. Философский энциклопедический словарь. М.: 1994. Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции. М.: 1989. Фрейд З. Психология бессознательного. М.: 1989. Юнг К. Г. Архетип и символ. М.: 1991. |