Гераклит о Первоначале мира. Диалектика Гераклита Выдающимся пре. Гераклит о Первоначале мира
Скачать 200.11 Kb.
|
Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады. Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды. Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты. Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ. Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ. Эпикуршылдар мектебі[өңдеу] Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. «Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы – қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады. Эпикур[өңдеу] Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады. Эллинизм[өңдеу] Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі Секст Эмпирик. 1. Тарихи тұрғыдан философияның алдында қайсысы болған жоқ? 1. Тарихи бiлiм 2. +Социология 3. Мифология 4. Дін 5. Геометрия 2. Философия қай елде пайда болды? 1. Еуропада 2. Ежелгi қытайда 3. Ежелгi үндiстанда 4. Ежелгi Грецияда 5. +Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Греция жерлерінде 3. Философияның ерекшелігі: 1. қатаң ғылыми ой-тұжырымдарда тануға тырысу. 2. +Әлемді, оның жалпыға ортақтығы мен тұтастығында алып тануға тырысу 3. Анықталмайды 4. әлемге деген практикалық қатынаста 5. догматизмде. 4. Дәстүр «философия» терминін пайда болуын кімге жатқызады? 1. Фалеске 2. Аристотельге 3. Плотинге 4. +Пифагорға 5. Зенонға 5. Дүниетанымның қандай тарихи типтерін бөліп қарастыруға болады? 1. +Мифология, дін, философия 2. Мифология, ғылым 3. Метафизикалық, дiни, позитивтiк 4. әдебиет, философия, ғылым 5. эпос, пафос, логос 6. Философияның қандай анықтамасы мүлдем дұрыс емес? 1. философия- бұл дүниетаным 2. философия- бұл мәдениеттiң квинтэссенциясы 3. +Философия – бұл жеке теория 4. философия-бұл ойларға толы, дәуiр 5. философия-қоғам мен табиғаттың дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым. 7. Дүниетанымның тарихи типін көрсетіңіз: 1. +Діни дүниетаным 2. материализм 3. экзистенциализм 4. ғылым 5. атеизм 8. Адамзаттың рухани мәдениетінің анағұрлым ерте формасы: 1. +миф 2. материя 3. субстанция 4. ғылым 5. атеизм 9. Дұрыс ойлау формасында өмір сүретін, әлем туралы стихиялық жүйеленбеген, дәстүрлі түсініктер: 1. дiни дүниетаным 2. теоретикалық дүниетаным 3. философиялық дүниетаным 4. +күнделікті дүниетаным 5. ғылыми дүниетаным 10.Әлемді түсіну табиғаттан тыс күштерге сенуге негізделген дүниетанымның формасы: 1. +дін 2. материализм 3. экзистенциализм 4. ғылым 5. атеизм 11.Орыс философы Вл.Соловьев былай деген: «ақыл терезесі»- бұл: 1. +дүниетаным 2. материализм 3. экзистенциализм 4. ғылым 5. атеизм 12. Әлем және ондағы адамның алатын орнына деген тұтас көзқарас: 1. таным 2. сана 3. жан 4. +дүниетаным 5. аксиология 13. Қоғамдық сананың формасы, ежелгі қоғамның дүниетанымы: 1. таным 2. өнер 3. +мифология 4. мәдениет 5. болмыс 14. Дінге негізделген дүниетанымның формасы: 1. таным 2. сана 3. мифология 4. +дін 5. философия 15. Дүниетанымның ерекше, ғылыми-теориялық типі: 1. таным 2. мәдениет 3. мифология 4. дiн 5. +философия 16. Өзінің рационалдылығымен, жүйелігімен, логикасымен және теориялық рәсімделгендігімен айрықшаланатын дүние: 1. таным 2. мәдениет 3. мифология 4. дiн 5. +философия 17. Танымның негізгі әдістерін жасайтын философияның функциясы: 1. дүниетанымдық 2. +методологиялық 3. теориялық-ойлау 4. әлеуметтiк 5. аксиологиялық 18. Мифологиялық дүниетанымға тән белгіні көрсетіңіз: 1. логикалық талдау 2. рационалдылық 3. +антропоморфизм 4. логикалық құрылым 5. логикалық қорытынды 19. Әлемнің тұтас картинасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын философияның функциясы: 1. +дүниетанымдық 2. методологиялық 3. теориялық-ойлау 4. әлеуметтiк 5. аксиологиялық 20.Концептуалды ойлауға және теоретизациялауға үйрететін философияның функциясы: 1. дүниетанымдық 2. методологиялық 3. +теориялық-ойлау 4. әлеуметтiк 5. аксиологиялық 21. Адамға мейлінше зейін салғанда жүзеге асатын философияның функциясы: 1. +гуманистік 2. методологиялық 3. теориялық-ойлау 4. әлеуметтiк 5. аксиологиялық 22. Гректің филео-сүйемін, софия-даналық деген сөздернен шыққан термин: 1. дүниетаным 2. мифология 3. +философия 4. қоғам 5. адам 23. Дүниетанымның рефлексивті типі: 1. +философия 2. дін 3. мифология 4. сенім 5. материя 24.Аристотельдің таным жанында айтылған пікірлері қай кітапта? 1. Афина саясаты 2. Этикалық трактаттары 3. Метафизика 4. Жан туралы 5. +Философиялық трактаттары 25.Үндістандағы арнайы жаттығуларды талап еткен ілім- 1. Веда 2.+Йога 3. Миманса 4. Вайшешика 5. Санкхья 26.Қандай орта ғасырлық философтың айтуынша философия аяқталған жерде теология болды? 1. Авенариус 2. Скотт 3. +Бонавентура 4. З.Фрейд 5. Р.Бэкон 27. Ғылым мәдениетінің ең жоғарғы құндылығы және адам да сол арқылы әлемде өзін бағдарлайды деп есептейтін бағытты көрсетіңіз: 1. Неопозитивизм 2. +Сциентизм 3. Антисцентизм 4. Модернизм 5. Футурология 28. Күнделікті сана – бұл: 1. Нанымдар мен сенiмдер, болмысты әсерлеп түсiну 2. +Адамдардың әртүрлі қоғамдық құбылыстарды күнделікті өмірдегі түсінуі 3. Көңiл-күйлердiң жиынтығы 4. Еңбек пен тiршiлiк 5. Сезiмдердiң жиынтығы 29. Тәрбие, білім, қоршаған әлеуметтік орта, ата-ана кімнің қалыптасуына ықпал етеді: 1. Азамат 2. әскер 3. өсiмдiк 4. Жануар 5. +тұлға 30. Гумбольдтың түсінігі бойынша тіл ненің өндірістік жұмысы ретінде қарастырылады: 1. Сананың 2. +Сөйлеудің 3. Дененiң 4. Ақылдың 5. Рухтың 31. Майевтика әдісін ұсынған философ: 1. Аристотель 2. Платон 3. Цицерон 4. Гераклит 5. +Сократ 32. Болмыс деген сөзді кең мағынасында қалай түсінуге болады? 1. табиғат, қоғам және ойлау 2. математикалық есептер 3. +Күллі болып тұрған нәрселер, тіршілік ету туралы жалпы ұғым 4. болмай тұрған, дүниеде жоқ нәрсе 5. бiлiмдердiң жүйесi 33. Қайшылықты дамитын болмыстың жалпыға бірдей түрі: 1. Айырмашылық 2. үйлесiмдiлiк 3. Сәйкестiк 4. +Қарама қарсылық 5. Салыстырмалылық 34. Аристотель адамды қалай атаған болатын? 1. "ақыл-ойы бар жаратылыс" 2. "нысандарды жасап шығаратын жаратылыс" 3. +Саяси жануар 4. "ойнайтын жаратылыс" 5. "өндiретiн жаратылыс" 35. Экзистенциализм философияның бел ортасына.........қояды: 1. қоғамдық болмысты 2. +адам болмысын 3. табиғат болмысын 4. заттар болмысын 5. Рухани болмысын 36. Қандай философиялық бағыт философияның бас проблемасы ретіндегі ұғынуды, түсінікті береді: 1. Неотомизм 2. +Герменевтика 3. Феноменология 4. Логикалық позитивизм 5. Экзистенциализм 37. Мәдениетті символдар, белгілердің жүйесі деп қарастыратын ағым 1. +семиотика 2.функционализм 3.структурализм 4.гуманизм 5.социология 38. Білімнің 3 түрін: 1. Білім, ойлаудың негізгісі, 2. Жадылық білім, 3. Интуиция, деп кім бөлді? 1. +Беркли 2. Юм 3. Спиноза 4. Фихте 5. Ньютон 39. И.Кант танымның қандай екі деңгейін көрсетті? 1. Сезiмдiк және иррационалдық 2. +Сезімдік және рационалдық 3. Аксиологиялық және эмпиристiк 4. Логикалық және тәжiрибелiк 5. рационалдық және иррационалдық 40. Позитивизмнің эмпириокритицизм деген түрінің басты өкілдері кімдер? 1.Кун мен Фейерабенд 2.Рассел мен Витгенштейн 3.Шлик пен Карнап 4.Конт пен Спенсер 5. +Мах пен Авенариус 41. Өмір философиясының Дильтей бойынша философия мен ғылымның арақатынасы қалай? 1. Ғылым философияға бағынады 2. Ғылым философияға қарсы 3. Ғылым философияның бiр бөлiгi 4. +Философия ғылымдардың ғылымы 5. Ғылым мен философия тең 42. Диалектикалық – материалистік философия тұрғысындағы қоғам анықтамасы: 1. Қоғамдық қатынастар адамдардың арасындағы табиғи байланыстардың жалғасы 2. Қоғам адамдардың жиынтығы 3. +Қоғам жеке адамдардың жиынтығы емес, олардың бір – бірімен әлеуметтік байланыстары қатынастарының жиынтығын білдіреді 4. Барлық қоғамдық қатынастардың маңызы бiрдей 5. Қоғам дегенiмiз - фикция(ойдан шығарылған сөз ол мүлдем жоқ нәрсе) 43. Қай философияда мәдениет алғаш рет философиялық зерттеудің пәні болып қалыптасқан? 1. Антикалық философияда 2. Қайта өрлеу дәуiрi философиясында 3. +Ағартушылық , тарих философиясы 4. Фейербах философиясында 5. Кант философиясында 44. Игілікке қарсы бағытталған, оны бұзатын қасиеттерді сипаттайтын этикалық категорияны көрсет: 1. жақсылық 2. бақытсыздық 3. әдiлетсiздiк 4. жеккөрушiлiк 5. +зұлымдық 45. Демокрит атомдарының бір – бірінен өзгешелігі неде? 1. салмағында 2. түр-түсiнде 3. +Қаттылығында 4. жылуында 5. формасында 46 . Ежелгі үнді философиясы бастау алған әдеби ескерткіш: 1. Құран 2. Материяның құрылымын талдайтын ғылыми шығарма 3. Авеста 4. Iнжiл 5. +Ведалар 47. « Айығу кітабы » және « Білім кітабының » авторы: 1. Әл-Фараби 2. Әл-Ғазали 3. Әл-Кинди 4. Ибн-Рушд 5. +Ибн-Сина 48. « Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары » трактатының авторы: 1. +Әл-Фараби 2. Әл-Ғазали 3. Әл-Кинди 4. Ибн-Рушд 5. Ибн-Сина 49. Ортағасырлық исламдағы діни – мистикалық ілім: 1. схоластика 2. софизм 3. +суфизм 4. дуализм 5. пантеизм 50. Кімді Шығыста Аристотельден кейінгі « екінші ұстаз » деп атады: 1. +Әл-Фараби 2.Әл-Ғазали 3.Әл-Кинди 4. Ибн-Рушд 5. Ибн-Сина 51. Шығыс аристотелизмнің ірі өкілі: 1. Абай 2. +Әл-Фараби 3. Әл Ғазали 4. Ы.Алтынсарин 5. Ибн-Сина 52. Ұлы мұсылман философы және теологы, суфизмнің өкілі: 1. Абай 2. Әл-Фараби 3. Шәкәрім 4. +Әл-Ғазали 5. Алтынсарин 53. Араб – мұсылман философы, шығыс перипатетизмінің өкілі: 1. +Ибн-Рушд 2.Аристотель 3.Ш.Уәлиханов. 4. Абай 5.Ы.Алтынсарин 54. « Қара сөздер » трактатының авторы: 1. +Абай 2. Әл-Фараби 3. Әл-Кинди 4. Ы.Алтынсрин 5. Ибн-Сина |