геронтология. геронтология кешен. Геронтологиялы мейіргерлік ктім. пні бойынша дістемелік оулы. Маманды мейіргер ісі растыран оытушы Эркинова. Ю. Г
Скачать 1.81 Mb.
|
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау Егде жастағы және қарт науқастарда жүрек-қантамыр жүйесінің (ЖҚЖ) ауруларының ерекшелігі басқа да мүшелер мен жүйелердің аурулары сияқты организмдегі иволютивті үрдістерге, бірінші кезекте тамыр және жүректің склерозды зақымдалуына байланысты. Қолқа, тәж, ми және бүйрек артерияларының иілгіштігі төмендейді; тамыр қабырғасының қатаюы шеткері қарсыласуды біртіндеп күшейтеді. Капилляр және артериолалар аневризмалық кеңейіп және бұраланып капиллярлар желіндегі тамырлар облитирацияға ұшырап трансмембраналық алмасу нашарлайды. Негізгі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі толық адекватты болмайды. Жүрек қан айналымының жеткіліксіздігі нәтижесінен бұлшық ет талшықтарының дистрофиясы, атрофиясы және олардың дәнекер тініне ауысуы болады. Жүрек жеткіліксіздігіне және жүрек ырғағының бұзылуына әкеп соқтыратын атеросклерозды кардиосклероз пайда болады. Миокардтың склерозға ұшырауынан оның жиырылғыш қасиеті төмендеп, жүрек қуысы кеңейеді. «Кәрі жүрек» (жүрек бұлшықетіндегі адамның жасына байланысты өзгерістер) нейрогуморальді реттелудің өзгеруінен миокардтың ұзақ уақыт гипоксияға ұшырауынан дамитын жүрек жеткіліксіздігінің негізгі факторының бірі болып табылады. Егде жаста қанның ұю жүйесі белсенеді, ұюға қарсы механизмдердің функциональді жеткіліксіздігі дамиды, қанның реологиясы нашарлайды. Егде және қарт жаста гемодинамика ерекшеліктерінің кейбір қатары дамиды: негізіген систолалық артериялық қысым (АҚ) жоғарлайды, венозды қысым төмендейді, жүректің жұмысы, кейіннен минуттық көлемі төмендейді. Жасы ұлғая келе ірі тамырлар қабырғасы өзінің иілгіштік қасиетін жоғал-тады, атеросклерозды түйіндер және ұсақ тамырларды органикалық өзгеріс-тер дамуының салдарынан ми, бүйрек және бұлшықеттің қан айналымы төмендейді. Қазіргі уақытқа дейін адамның жасына байланысты АҚ-ның қалыпты көрсеткіші құрастырылған жоқ – егде және қарт жастағы адамдарда АҚ-ның көтерілуі қалыпты компенсаторлы көрініс ретінде қарастырылады. ЖИА бар егде және қарт жастағы науқастардың жағдайының нашарлауына қосымша өкпе-бронх аурулары, физикалық күш, тойып тамақтану, психоэмо-циональды есеңгіреу, жедел инфекциялар, зәр шығару жолдарының қабыну үрдістері, операциялық ем және т.б. себеп болуын естен шығармаған жөн. Мейірбике науқастармен белсенді жұмыс жүргізіп, оларға теріс әдеттер-мен күресу жолдарын түсіндіруі керек. Әр бір шылым шеккеннен кейін жү-рек жиырылуының күші және жиілігі жиілейтінін, АҚ-ның жоғарлайтынын түсіндіру керек. Темекі шегетін адамдарда артериялық гипертензияның қатерлі түрі байқалады, емнің нәтижесі төмендейді, жүрек-тамыр аурулары салдарынан болатын өлім 2 есе жоғарлайды. Егде және қарт жастағы науқастар күндіз шамалы дем алып, түнде тыныш ұйықтауы керек. Босаңсуға арналған жаттығулар жасау пайдалы. Науқасқа дәрумендерге бай және толық калориялы тамақ рационының пайдасы мол. Жануар майынан, тәттілерден, тойып тамақ ішуден бас тарту қажет, себебі артық салмақ жүрек жұмысына кедергі жасайды. Егде және қарт жастағы адамдарға мүмкіндігінше физикалық жатты-ғулар және тыныс алу гимнастикасымен айналысу ұсынылады. Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау Егде және қарт жаста асқорыту мүшелері ауруларының сипаты ас қорыту жолдарының (АҚЖ) адамның жасына сәйкес анатомия—физиологиялық ерекшелігіне байланысты барынша өзгереді. Ауыз қуысы: сілекей бездерінің инволюциясы дамиды, шайнау аппараты өзгереді. Өңеш: шырышты қабаты атрофияланады, перистальтикасы төмендейді, жиі дискинезия дамиды. Асқазан: секреторлы және ферментті белсенділігі төмендейді, қозғалыс белсенділігі баяулайды. Бауыр: гепатоциттер саны азаяды, олардың регенерация үрдісі тежеледі, бауырдың функциональды белсенділігі төмендейді. Билирубин деңгейінің төмендеуі, өт қышқылы және фосфолипидтер мен холестериннің жоғарлауы байқалады. Өттің липидті комплексі көрсеткіштерінің төмендеуі ішектің ас қорытуын бұзып, диспепсиялық бұзылыстар байқалады. Ұйқы безі: жасы ұлғая келе тіндердің атрофиялануы сыртқы секреторлы қызметінің төмендеп, қуыстық және мембраналық ас қорытуды баяулатады. Ішек: ішек түктерінің биіктігі төмендейді, және мембраналық ас қоры-тылу және сіңірілу жүзеге асатын шырышты қабаттың көлемі кішірейеді. Гипоталамус, гипофиз және қалқанша безінің жасы ұлғая келе өзгеруі ащы ішектің ферментативті спектрінің қайта құрылуына әсер етеді. Ащы және тоқ ішектердің қозғалыс белсенділігі төмендейді, ішек микрофлорасының құра-мы өзгереді, ішек диспепсиясының көрінісі күшейеді. Ас қорыту мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі және инервациясы да функциональды және құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Статистикалық мәліметтер бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың 50% созылмалы гастритпен сырқаттанады, ал жасы 60-тан асқан адамдарды бұл ауру 100%-ға жақындайды. Егде және қарт жастағы адамдарды созылмалы гастрит жеке ауру түрінде болмайды, көбінесе асқазан он екі елі ішек аймағындағы аурулармен, созылмалы панкреатитпен, ЖИА, қантты диабетпен қосарланады. Егде жаста атрофиялық гастриттің жиі таралуы бактериальды созылма-лы гастрит ағымының ұзақ болуына, дуоденогастральды рефлюкстің жиі дамуының салдарынан пайда болатын асқазанның шырышты қабатының зақымдалуына және тітіркенуіне байланысты. Сонымен қатар созылмалы гастрит ятрогенді себептерден дамиды (әртүрлі медикаменттерді жиі қолдану). Егде және қарт жаста созылмалы атрофиялық гастриттің көрінісі спе-цификалық емес. Созылмалы гастриттің симптомдары қосымша патологиямен боялуы мүмкін (ЖИА, созылмалы панкреатит және т.б.). Кей жағдайда ЖИА ас қорыту жолдарының әртүрлі аурулары түрінде байқалады. (олар мынадай терминдермен белгіленеді «іш ұстамасы», «созыл-малы мезентериальді жеткіліксіздік», «абдоминалді ишемиялық ауру»). Патологияның бұл түрінде созылмалы ишемия соқыр ішек артериясының, жоғарғы және төменгі шажырқай артериясының толық қанмен қамтамасыз етілмеуінен байланысты. Мезентериальды қан айналымның бұзылу себебі бұл тамырлардың атеросклерозды зақымдалуы және басқа да қан айналымды төмендететін жағдайлар: миокард инфарктісі, жүрек ырғағының бұзылуы (мысалы жүрекше фибрилляциясы), артериальді гипертензия; тамырдың сырттан қысылуы (экстравазальді қысылуы) ісік және жабыспа үрдісінің болуынан; тамыр қабырғасының интрамуральды қабатындағы жасына сәйкес пайда болатын іш қуысындағы мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуын күшейтетін өзгерістер. Осындай науқастарды күту кезінде пациенттердің режимді сақтауын (тамақтанғаннан соң тынығу) және диетаны (қабылдайтын тамақтың көлемін азайту арқылы липид алмасуды қалыпқа келтіруге бағыттау) бақылау өте маңызды. Егде және қарт жастағы науқастарда ең жиі кездесетін шағымдары іш қату болып табылады. Оның себебі қимыл-қозғалыстың аздығы, ішек атониясы, дұрыс тамақтанбау, дәрілік препараттардың кері әсері және т.б. Үлкен дәретті қалыпқа келтіру үшін біріншіден, диетаны түзету қажет. Науқасқа таңертең аш қарынға ½ стақан қайнатылған салқын су, айран бері-леді. Мейірбике пациентке қызылшадан, сәбізден, пісірілген алма, картоптың орнына бұқтырылған көкөністер, қарақұмық ботқасын қабылдау керектігі туралы кеңес беруі қажет. Тамақ рационында жемістер мен көкөністер мөл-шері көп болуы тиіс. Құрғақ көкөністерді – кептірілген өрік, қара өрік, мейіз қолдану іштің жүруіне оң нәтиже береді. Оларды ыстық суға батыру керек, егер науқастың шайнауы қиын болса ет тартқыштың көмегімен үгіту қажет. Іш қату ұзаққа созылса мейірбике дәрігердің тағайындауымен науқасқа тазалау клизмасын жүргізеді. (тазалау, гипертониялық, майлы және т.б.). Егде және қарт жастағы науқастарды тамақтандыру ережесі Қазіргі кезде калориясы аз және көлемі шектелген диета мерзімінен бұрын қартаю үрдісімен күрестің ең тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. Егде жастағы науқастың тамақ рационында ақуыз, май және көмірсулардың қатынасы 1:0,9:3,5, құрайды, яғни, қолданатын май мен көмірсудың мөлше-рін азайту керек (ой еңбегімен шұғылданатын орта жастағы әйелдер мен еркектерге ұсынылатын қатынас 1:1,1:4,1). Құрамында пурин негіздері, қымыздық қышқылы және холестерин бар тамақтарды қолдануда шектеп, калий, магний тұздары, темір, микроэлементтер дәрумендер және органика-лық қышқылдар бар көкөністер мен жемістер жеткілікті болуы керек. Егде және қарт жастағы науқастар үшін төрт рет тамақтану рациональды болып саналады. Ұсынылатын тамақ калориясы 60 жастан асқан әйелдер үшін 1900-2000 ккал, ал осы жастағы еркектер үшін 2000-3000 ккал. Бірінші таңертеңгі ас калориясы сөткелік рационның 25% құрайды, екінші таңертеңгі ас – 15%, түскі ас – 40-45% және кешкі ас (ұйқыға дейін 2 сағат бұрын) – 15-20%. Ішті жүргізуші нәтиже. Таңғы астан 1 сағат бұрын 1 стақан шырын, итмұрын тұндырмасы немесе бөлме температурасындай қайнаған су ішу, ал ұйықтар алдында 1 стақан айран ішу ұсынылады. Тамақ рационының кало-риясын шектеу үшін калориясы жоғары тамақтарды қолдану: міндетті түрде қантты, тұз, май және майлы тағамдарды аз қолдану керек. Рафинирленген қанттың орнына ас қорыту жолдарында тез сіңірілетін, жеңіл тыныштан-дырушы әсер беретін, іш қатуды болдырмайтын балды қолданған дұрыс. Тамақтанудың атеросклерозға қарсы бағыты тамақтың жалпы калория-сын төмендету және май алмасуды қалыпқа келтіретін тамақтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өсімдік майының көлемін көбейту ұсынылады (сөткесіне 2 ас қасыққа дейін сұйық май, зәйтүн майы, жүгері майы). Олар-дың құрамындағы биологиялық белсенді заттар (қанықпаған май қышқыл-дары, фосфатидтер және фитостериндер) бірігіп холестерин алмасуға қолай-лы әсер тигізеді (холестеринді тамақпен бірге сөткесіне 300 мг-ға дейін қолдануға рұқсат етіледі). Сонымен қатар, сұйық майдың жақсы өт айдаушы және ішті жүргізуші әсері бар. Дәрумендер, микроэлементтер және атеросклерозға қарсы белсенді заттар ретінде диетаға теңіз қырыққабатын қосу ұсынылады. Науқастарға дәріханадан теңіз қырыққабатының ұнтағын сатып алуға болады (қантты ламинарии). Жас теңіз қырыққабатымен Жапония, Ақ теңіз жағалауының тұрғындары тамақтанады және оларда жүрек-қан тамыр ауруларының даму жағдайлары неғұрлым сирек кездеседі. Өсімдік клетчаткасы. Егде жастағы адамдарға өсімдік клечаткасының жалпы мөлшері сөткесіне 25-30 г. Тамақтың талшықты заттары (құрамында клечатка және пектинді заттар бар күрделі көмірсулар және т.б.) тамақ және токсикалық заттарды адсорбция жасап, ішектің бактериялық құрамын жақ-сартады. Тамақ талшықтарының әсерінен жүретін ішектің моторлық қыз-метінің белсенділенуі, үлкен дәреттің қалыпқа келуі дивертикулёз және қатерлі ісіктердің алдын-алудың шынайы шаралары болып табылады. Дивертикулит (лат. diverticulum – басқа жаққа жол, тармақталу) – қуыс мүшенің қабырғасының томпаюы (ішек, өңеш, несеп ағар және т.б.). Дәрумендер. Қартайған организмнің гомеостазын қолдауда дәрімен-дердің маңызы зор. Жасырынды гиповитаминоз егде жастағы адамдарда қантты диабет, полиурия, іштің жиі өтуі, инфекциялық аурулар кезінде байқалады. Құрамында дәнді дақылдар және жаңадан піскен жемістер бар толық тамақтану режимі рационды дәрумендермен байытуға мүмкіндік береді. Тіпті жаз және күз мезгілдерінде де егде жастағы адамдар қосымша дәруменді препараттарды қолданғаны жөн. Минералды заттар. Жас ұлғайған сайын организмде минеральды заттардың кейбіреулері төмендеп, басқалары жиналып отырады. Мысалы, калий және натрий қатынасының өзгеруінен организмде сұйықтық жиналып жүрек-қан тамыр және зәр шығару жүйесінің қызметіне теріс әсер етеді. Егде жастағы адамдар калий тұздарының жетіспеуіне өте сезімтал болады, оларды гипокалиемия тез дамиды, әсіресе зәр айдайтын препараттарды қолдану кезінде. Гипокалиемияның клиникалық көрінісіне жүрек ырғағының бұзы-луы, бұлшық ет тонусының әлсіреуі, суыққа сезімталдылықтың жоғар-лауы, бұлшық еттердің тырысуы (әсіресе түнгі уақытта аяқ бұлшық еттерінің), зәр қышқылдылығының және бүйректің концентрациялық қыз-метінің төмендеуі жатады. Натрийдің аз мөлшері және калиийдің көп мөлшері бар нағыз тамақ өнімдеріне көкөністер (картоп және т.б.), жемістер (банан, апельсин) құрғақ жемістер (қара өрік, мейіз, кептірілген өрік) жатады. Жас ұлғая келе адамдарда минеральды заттардың құрамының төмендеуі аясында кейбір мүшелерде тұздардың көп мөлшерде жиналуы – мысалы, қартайған организм тамыр қабырғасына кальцийді жинауға қабілетті, деген-мен кальцийдің жетіспеушілігі кәрілік остеопороздың негізгі бір себебі бо-лып табылады. Егде жастағы адамдар организміне кальцийдің қалыпты мөл-шерде түсуі орта жастағы адамдарға қажетті мөлшермен бірдей (800-1000 мг/сөт). Жеңіл сіңірілетін кальций көзі – сүт, ашытылған сүт өнімдері, ірімшік. Кулинарлы өңдеу. Қарт жаста шайнау аппараттары өзгеріске ұшыраған-дықтан тамақты кулинарлы өңдеу және тәсіліне және тамақ өнімдерін таңдаудың ерекше талаптары пайда болады. Тартылған ет, балық, ірімшік ас қорыту ферменттерінің әсеріне жеңіл ұшырайды. Ал көкөністерден – қызылша, сәбіз, кәді, түсті қырыққабат, қызамық, картоп (езілген түрде). Қауданды қырыққабат тамақ рационында шектелу керек, себебі оны көп қолданғанда ішекте ашу үрдісі күшейеді. Тамақ аса ыстық немесе суық болмау керек. Тамаққа қосатын дәмдеуіштерден сарымсақ және ақжелкектің шамалы мөлшері рұқсат етіледі. Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау Егде және қарт жастағы адамдардың бүйрегіне тән өзгерістер: Бүйректің барлық құрылымдық элементтерінде дәнекер тінінің компоненттері өршімелі түрде жиналып, осы мүшенің атрофиясына әкеп соқтырады. Бүйрек көлемінің және салмағының төмендеуі, әйелдерге қарағанда еркектерде байқалады. Бүрйек капсуласының тығыздалып, қалыңдауы, паранефральді клечатка көлемінің үлкеюі. Шумақтардағы капиллярлар ілмегіне гиалиноз қалыптасады. ( 40-жастан асқандарда анық байқалады), одан әрі қарай бүйрек нефрондарының біртіндеп өлуі байқалады. Шумақ фильтрациясы төмендейді (40 жастан кейінгі әрбір он жылдық өмірде 7%-ға). Нефронның өзекшелер бөлігіндегі өзекше эпителиінің физиологиылқ жаңару жылдамдығы төмендейді және шумақтың қызметі бұзылады: глюкозаның максимальды реабсорбциясы, қышқылдарыдың шығарылуы, бос су клиренсі төмендейді. Бүйрек тамырларының артериолосклерозы, тамырдың ішкі қабатының эластикалық гиперплазиясы. Бүйрек гемодинамикасының бұзылуы; бүйрек қан айналымы жартылай төмендейді, сонымен қатар бүйректегі плазма айналысы нәтижесі де төмен-дейді. Юкстагломерулярлы аппарат элементінің жасушалары атрофияланады. Клетка ішіндегі қан айналымның реттелуі әлсірейді. Әртүрді деңгейде рефлюкстің пайда болуына әкеп соқтыратын зәр шығару жолдарының атониясы (зәрдің кері ағуы). Егде және қарт жастағы науқастарда кездесетін бүйрек ауруларының бірі – пиелонефрит, ЖБЖ (жедел бүйрек жеткіліксіздігі) және ангионефросклероз. Гериатриядағы ең жиі кездесетін бүйрек ауруы кәрілік пиелонефрит. Оның дамуына келесі себептер әсер етеді. Зәр шығару жолдарының атониясы салдарынан болатын рефлюкстер. Бүйректің тас ауруы және ісік үрдістері. Еркектердегі қуық үсті безі. Бүйрек гемодинамикасының бұзылуынан болатын бактериялық флораның фиксациясы. Организмнің иммундық жауабының жас ұлғая бұзылуы. Жас ұлғайған сайын зәр шығару жолдарына аспаптық килігулердің жиілеуі. Кәрілік жалпы дистрофиялық үрдістердің айқын болуына және кахексия кезінде пиелонефриттің тіпті іріңді түрі де симптомсыз өтуі мүмкін. Кей жағ-дайда оқшауланған интоксикациялық синдром (осы кезде науқастар ин-фекциялық бөлімшеге түсуі мүмкін), тұрақты айқын анемия (диагнозды бүй-рек патологиясынан «ұзаққа әкетіп» «онкологиялық жоспар» бойынша тексе-рулуге мұқтаж етеді) байқалады. Науқастарды күту кезіндегі мәселелердің гериатриялық науқастарда түнгі уақытта зәр шығаруының жиілеуі (бұл тек зәр шығару жүйесінің патологиясы ғана емес, сонымен қатар адамның жасы-на сәйкес бүйректегі өзгерістерге және ұйқының бұзылуына да байланысты) түнгі уақытта науқастың төсегінен бірнеше рет тұруына әкеледі. Жағдайы әлсіз науқастарда төсегінен бірден тұрғанда АҚ ның бірден төмендеп, есінен тану жағдайына ұшырауы мүмкін. Егде және қарт жастағы науқастардың құлауынан әртүрлі сынықтар пайда болып, пациенттің жағдайын одан әрі нашарлатады. Сондықтан мейірбике науқастарға түнде зәр шығаруға жиі бармау үшін кешкі сағат 18.00-19.00 кейін сұйықтық ішпеу керектігін түсін-діру қажет, ал кешкісін төсегінің қасына судно немесе зәр қабылдайтын ыдыс қоюы тиіс. Гериатриялық науқастарда кейде зәрді ұстай алмау – энурез кездеседі (бүйрек аурулары, цистит, қуық үсті безінің аденомасы, ми қан айналымы-ның бұзылуы, науқастың жалпы арықтау, кәрілік есінің төмендеуі және т.б.). Стрессті жағдайға байланысты әйелдерде жөтелгенде, түшкіргенде немесе күлгенде, ал егде және қарт жастағы науқастарда қуық сфинктерінің жеткіліксіздігі салдарынан зәрді ұстай алмау, энурездің негізгі түрі ретінде байқалады. Кейде бұндай жағдайлар көп босанған әйелдерде немесе постменапауза кезеңінде де байқалуы мүмкін. Зәрді толық ұстай алмау сфинктер қызметінің толық жойылуына байқалады, егер сегіз көз аймағындағы жүйке шоғырына ісік өсіп қуық инервациясы бұзылса немесе егер ісік қуық мойнына қарай тікелей өссе. Бұл кезде науқаста зәрдің біртіндеп ағуы болады. Зәрді ұстай алмау кезінде мейірби-ке әр бір зәрге отырған сайын науқаста жуындырып оның ішкі киімін ауыстыру керек. Науқастың туыстарына ересек адамдарға арналған памперс әкелуін айту керек. зәрді ұстай алмау кезінде күндізгі сағат 15.00 ден кейін сұйықтықты шектеу керек. Тамақты аз мөлшерден жиі қабылдау керек, қабылдайтын тамақ жеңіл сіңетін болғаны дұрыс. Судно, зәр қабылдағыш ыдыстардағы зәрді канализацияға төгер алдында міндетті түрде дезинфекциялау қажет. Қатаң төсек режимі кезінде науқастың жағдайы ауыр болса мейірбике пациенттің тері қабатының жағдайына аса көңіл бөлу қажет, әсіресе ісіктер болса және тері ойылуларының алдын-алу керек. |