Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникалық көрінісі

  • Науқасқа келесі сұрақтарды қою керек

  • Герантология және гериатрия бойынша тест сұрақтары

  • геронтология. геронтология кешен. Геронтологиялы мейіргерлік ктім. пні бойынша дістемелік оулы. Маманды мейіргер ісі растыран оытушы Эркинова. Ю. Г


    Скачать 1.81 Mb.
    НазваниеГеронтологиялы мейіргерлік ктім. пні бойынша дістемелік оулы. Маманды мейіргер ісі растыран оытушы Эркинова. Ю. Г
    Анкоргеронтология
    Дата09.04.2022
    Размер1.81 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлагеронтология кешен.doc
    ТипДокументы
    #457619
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    Егде жастағы адамның тірек қимыл жүйесінің аурулары
    Қарт және егде жастағы адамдарда жиі кездесетін ауру түріне тірек қимыл жүйесінің аурулары жатады. Ол физикалық күйзеліс әкеліп, қозғалыс және өз-өзіне қызмет көрсету қабілеттілігін төмендетіп, өмір сапасын төмендетеді де мүгедектікке әкеледі. Мұндай аурулардың емі әжептәуір экономикалық шығынға әкелуі мүмкін.

    Буындардың зақымдануы қабынумен (ревматоидты артрит, реактивті артриттер және т.б.), алмасу-дистрофиялық (остеопороз, остеоартоз, подаг-ра), екінші ретті (жарақаттан кейін, қатерлі аурулар кезінде – ісік, гемоблас-тоздар және т.б.) және эндокриндік аурулар салдарынан (қантты диабет, гипофизді-бүйрек үсті безі жүйесінің, қалқанша және қалқанша маңы безінің аурулар) болады. Дәріс, алдын-алу және емдеу диагностикалық іс шаралары кезіндегі мейірбикенің роліне және гериатрия тәжірибесіндегі буындардың алмасу дистрофиялық (дегенеративті) аурулары кезінде мейірбикелік үрдіс-тің және күтімнің ерекше маңыздылығына бағытталған.

    Аурудың дамуына тірек қимыл жүйесінің жастық өзгерістері әсер етеді. Қартаю кезеңінде бұлшықет масссасының көлемі азаяды, бұлшықеттердің жиырылу қабілеттілігі нашарлап, семіп босайды. Сүйектерде минералды заттар мен сүйектің салмағы азайып, сынғыш келеді. Буын шеміршегінің дегенерациясы күшейіп, сіңірлер мен буын қалталарына кальций тұздары (кальциноз) жиналады.
    Остеопороз
    Остеопороз («кеуекті сүйек») сүйек салмағының азаюымен және сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылысымен сипатталып, сүйектің морттығына әкеледі де сыну қаупін жоғарлатады. Сүйектің жиі кездесетін сынықтарына білектің дистальді бөлігінің, сан сүйегінің проксимальді бөлімінің (мойнының, ұршық үсті аймағының) және омыртқаның (омыртқа-ның денесі) жатады.

    Остеопароз әлеуметтік жағынан тек жүрек қантамыр, ісік аурулары және қантты диабеттен кейін орын алады және әрбір екінші әйелге және 50-ден асқан әрбір үшінші ер адамға қауіп төндіреді. Бұл ауру 61-70 жас арасында 40-66% және 71-89 жас арасында – әйел адамдарда 70-90% диагностика-ланады. Бұл жастағы ер адамдарда осы аурудың көрсеткіштері төмен болады. Остеопорозбен және сүйек сынықтарымен асқынған оның науқастардың емі мен қайта қалпына келуі едәуір материалды шығындармен байланысты.

    Этиология және патогенезі. Сүйектің қалыпты құрылымы және қызметі ағзаға жеткілікті мөлшерде кальций, фосфор, магний, цинк, мыс, марганец, фтор, D дәруменінің және т.б түсуімен байланысты. Өмір ағымына байла-нысты сүйек тіні үнемі жаңарып отырады. Бұл құбылыс кальций-фосфор алмасыуымен тығыз байланысты және күрделі гормональды жүйемен рет-теледі, негізгі орынды қалқанша маңы безінің паратиреоидты гармоны, қал-қанша безінің кальцитонины және D дәрумені алады. Соңғысы ағзаға та-ғаммен түседі, сонымен қатар ультракүлгін сәулелерінің әсерімен пайда болады. Жас ұлғая келе (35-40 жастан кейін) сүйек салмағының физиология-лық азаюымен басталады. Остеопароздың алдын-алу, ерте диагностикалау және емдеу мақсатында мейірбике, бұл аурудың даму қаупіне жататын сәт-терді білуі қажет:

      • етеккірі тоқтауы байқалған әйелдерде;

      • егде жастағы әйелдер мен ер адамдарда;

      • етеккір циклінің бұзылыстары, аменорея, сонымен қоса жатыр қосалқы-ларын алып тастаған әйелдерде;

      • анамнезінде және жақын туыстарында сүйек сынықтары бар науқа-старда;

      • ұзақ уақыт бойы қимылсыз жатқан науқастарда (сынықтардан, жарақаттан және ортопедиялық операциялардан кейін);

      • созылмалы эндокринді және ревматикалық, сонымен қатар асқорыту, зәр шығару, қан жасау жүйесінің патологиялары бар науқастар.

    Остеопароздың дамуына темекі шегу, жеткіліксіз физикалық белсен-ділік (отырықшы өмір кейпі) және тамақпен кальцийдің түсуі, дене салма-ғының төмен болуы (57 кг-нан төмен), көп мөлшерде ішімдік және кофе ішу себебін тигізеді. Сонымен қатар кейбір дәрілерді қолдану: глюкокортикосте-роидтар (преднизолон және т.б.), тырысуға қарсы (фенобарбитал) және зәр айдаушы (фуросемид) препараттар, антикоагулянттар (гепарин), антацидтер, құрамында мыс бар (альмагель және т.б.), тиреоидты гормондар (тироксин) осындай нәтиже береді.

    Егде және қарт жаста бірінші ретті остеопороз (етеккір тоқтағаннан кейін және сенсильді) басым болады, әртүрлі: эндокринді, ревматикалық, асқазан-ішек, зәр шығару жолдарының және қан жасау жүйесінің созылмалы ауруларына байланысты дамитын екінші ретті түрі сирек кездеседі.

    Етеккір тоқтағаннан кейінгі (климакс) остеопороз 50-70 жастағы әйелдерде кездеседі. Оның негізгі себебі – «жіберу механизмі» – организмде әйел жыныс гармоны эстрогендердің жеткіліксіз мөлшерде түзілуі. Олардың жеткіліксіз болуы калий фосфор алмасуын реттейтін гармонды жүйенің бұзылуын туғызады. Осыдан сүйек тінінің түзілу үрдісі бұзылып, Д дәруменінің жеткіліксіздігі дамып, ас қорыту ішек жолдарында кальцийдің сіңірілуі төмендейді. Соңынан сүйек салмағы және тығыздығы азайып, олардың сынғыштығы күшейеді.

    Сенильді остеопороз еркектерге қарағанды әйелдерді 70 жастан асқанда жиі анықталады. Оның дамуына бірнеше факторлар қатары қатысады:

      • сүт өнімдерін шектегендіктен тамақпен бірге кальцийдің түсуінің төмендеуі;

      • физикалық белсенділіктің төмендеуінен және ұзақ уақыт инсоляцияның («күн сәулесі ваннасы») организмде Д дәруменінің түзілуінің төмендеуі;

      • Д дәруменінің жеткіліксіздігінің нәтижесінен ас қорыту жолдарында кальцийдің сіңірілуінің төмендеуі;

      • қалқанша маңы безінің белсенділігінің жоғарлауы паратиреоидты гармонның әсерінен сүйектен кальции шығып остеопроз дамиды.


    Клиникалық көрінісі
    Остеопороз ұзақ уақыт жасырын түрде болуы мүмкін ешқандай белгісіз және алғаш рет сүйек сынғанда көрніс береді. Ұзақ уақыт тік жағдайда болғанда және қозғалыста арқаның ауруы оның жиі болатын жалғыз белгісі болып табылады.

    Уақыт өте келе бұл ауырсыну күшейе түседі де тек жатқан кезде ғана басылады. Бұған жылдың суық мерзімінде күшейе түсетін және физикалық күш түскенде қол-аяқ сүйегіндегі үнемі болмайтын, ұшпалы, әртүрлі қарқын-дағы ауырсыну қосылады. Аурудың өршуінде омыртқада тұрақсыз ауырсыну үнемі болады, немесе «үйректік» жүріс, кейде ақсаңдау пайда болады, науқа-стың (қимылы) физикалық белсенділігі шектеледі. Ауырсыну оны төсек тартып жатқызады және үнемі біреудің көмегі мен күтімін қажет еттіреді .

    Еттеккір үзілісіндегі остеопорозға омыртқа денесінің, қабырға және сәулелі сүйек сынығы, ал сенильді үшін түтікшелі сүйек және ортан жілік мойнының сынығы тән. Жедел және ұзақ уақыт созылмалы ауырсыну жағдайы (2-3 апта) омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінде, көбінесе физика-лық жүктемеден немесе жарақаттан, компрессионды омыртқа сынығы кезін-де болады. Олар қарт адамдардың сырт пішінінің өзгеруіне әкеп соқтырады: омыртқаның қысқаруына және кеуденің қисаюына, бойының шөгуіне, бүкірленуге, «ішінің шығып тұруына» келтіреді. Остеопороздың дамуында дені сау ересек адамның екі қолын жайғандағы ұзындыққа тең болатындай аралықта адамның бойы шөгеді. Бойдың қолды жайғандағы ұзындықтан аспауы остеопороздың пайда болуына себебін тигізеді.

    Мейірбикелік күтім. Мейірбике остеопорозы бар қарт адамнан анамнез жинағанда остеопороздың Халықаралық фондысының сұраунамасын қолдануына болады, бұл сұраунама осы аурудың даму қаупін бағалауға көмектеседі.

    Науқасқа келесі сұрақтарды қою керек:

    1. Сіздің ата-аналарыңыздың қайсы бірінде аздап жарақаттанудан кейін сан сүйегі мойнының сынығы болды ма?

    2. Сізде аздап жарақаттанғаннан кейін сынық болды ма?

    3. Сіз стероидты гормондарды 6 айдан астам уақыт қолдандыңыз ба ? (преднизолон және басқа)

    4. Сіздің бойыңыз 3 сантиметрге азайды ма?

    5. Сіз аптасына бір рет немесе жиі ішімдік қолданасыз ба ?

    6. Сізде диарея жиі болады ма (іш өту)?

    7. Сіз күніне бір қорап темекі тартасыз ба?
    Ер адамдар үшін:

    8. Сізде тестостерон деңгейінің төмендеуіне байланысты мәселелер болды ма? (жыныстық құштарлықтың төмендеуі, импотенция)

    Әйелдер үшін:

    9. Сізде етеккірдің үзілісі қашан басталды, сіздің жасыңыз 45 жастан төмен болғанда ма ?

    10. Сізде етеккіріңіздің бір жылдан астам уақытқа тоқтауы байқалды ма? (жүктілік кезінен басқа)

    Дәрігерге қаралу үшін осы сұрақтардың бір немесе бірнешеуіне жағым-ды жауап берілсе және зертханалық-аспаптық зерттеу жүргізуге себеп бола-ды. Екінші остеопорозды болдыратын жағдайда қосымша тамақтану ерекше-лігі және рацион құрамында сүт тағамдарының барлығы анықталады, физикалық белсенділігін, жеке басының қауіпсіздігі және тұрмысының қауіп-сіздігін сақтауы,созылмалы аурулары анықталады. Остеопороз диагнозын қойған науқасқа қойылатын сұрақ: ол диета және су тұз режімін ұстайды ма, физикалық күш түсіреді ме, бойын және дене салмағын бақылайды ма, жазып берген дәрі-дәрмектерді қолданады ма, өзін өзі емдеумен айналыс-пайды ма.

    Дәрігерлік қарауда омыртқаның кифоз немесе лордозына байланысты кеуде қуысының әртүрлі деңгейдегі ақауы жиі кездеседі, «кәрілік бүкір», төмен түскен қабырғалық доға және иек, қол-аяқтың өзгерісі және қысқаруы. Қарт адамның дене бітімі өзгереді, «сұрағыш қалып», еңкею пайда болады.

    Физикалық зерттеуде паравертебральды нүктені немесе омыртқаны соққылап тексеруде және денені саусақтармен басып қарағанда, қол-аяқ сүйектерінің сынған жерінде кездесетін ауырсынулар.

    Мейірбике сұраған мәліметтің негізінен және объективті зерттеуден мейірбикелік диагноз қалыптастырады – остеопорозда науқастың ең маңыз-ды мәселелері болып табылатындар:

      • арқасының (омыртқаның) және қол-аяқ сүйектерінің ауырсынуы;

      • физикалық белсенділігінің шектелуі;

      • сынықтың пайда болу қауіпі;

      • сүйектің сынуына байланысты қаңқаның ақауы және дене бітімінің өзгерісі;

      • психологиялық және әлеуметті-экономикалық мәселелер және үйрен-шікті өмір салтының өзгеруі.

    Күтімді жоспарлауда мейірбике тиімділікті және диагностикалық зерт-ханалық және аспаптық зерттеудің мүмкіншілігін науқасқа түсіндіреді, ті-зіміне кіретін: қанның клиникалық анализі, жалпы белок, ақуыз фракциясы және қандағы холестерин, кальций концентрациясы, фосфор, магний, қант, креатинин, қандағы сілтілік фосфатазалар, сөткелік кальций экскрециясы және зәрдегі фосфор, жалпы зәр анализі, сонымен бірге кеуде қуысының флюорографиясы, сүйектердің рентгенографиясы. Остеопороздың асқынған сатысында рентгенограмма, визуальды бағалау 20-30% сүйектің салмағын жоғалтқанда, ақауын табуда және сүйектердің сынығы диагнозын қоюға көмектеседі.

    Нақты уақытта диагностикалаудың ең тиімді әдісі болып сүйек денсито-метриясы саналады (рентгендік және ультрадыбыстық). Оның көмегімен остеопороздың бастапқы сатысында 2-6% дейін қысымы және сүйек тінінің жоғалтуын дәл бағалауға болады. Ресейдің көп қаласында остеопороздың денситометриясы үшін орталықтар аппараттармен қамтамасыз етілген.

    Диагностикалық күрделі жағдайда қандағы және зәрдегі жыныс гормондары, ұйқы безі және қалқанша маңы безінің жыныс гармондары, D дәруменінің мөлшері анықталады, сонымен бірге (қаңқаның сцинтигра-фиясы) және сүйек тінінің биопсиясы, радиоизотопты әдістер қолданылады.

    Дәрігер-мамандардың кеңесі (ревматолог, травматолог, гериатр, эндокринолог және басқа) қажетті болған жағдайда жүргізіледі.

    Остеопороз болған науқасқа емханада сонымен бірге амбулаторлы-емха-налық жағдайда тексеріс және емдеу жүргізуге болады. Жанұялық дәрігер және мейірбикенің науқасқа амбулаторлы жағдайда медициналық көмек көрсетуде рөлі өсе түседі (үйінде көмек көрсеткенде де рөлі арта түседі).

    Науқастың әртүрлі мәселелерін шешудегі негізгі рөльге емдік тамақтану және дәрілік терапия жатады, сүйек тінінің алмасу үрдісінің қалпына түсі-ретін, сүйек салмағының жоғалтуының азаюы немесе тоқтауы, сүйектің мықтылығын күшейту, сынықты болдырмау, физикалық белсенділігін артты-ру және өмір сапасын жақсарту. Қарт адамдардағы остеопороздың алдын-алуда және кешенді емдеуде ең маңызды фактор дұрыс тамақтану болып табылады. Негізгі тағамдық заттардың әртүрлілігі және құрамы бойынша үйлестірілісі, D дәрумені, кальцийдің, фосфордың және кейбір басқа микроэлементтердің жеткілікті түрде болуы организмнің энергиялық қажет-тілігін қанағаттандыруы керек.

    Остеопороздың медикаментті емінің жеткілікті болуы күрделі және жауапты мәселе, дәрігердің компетенциясына жатады. Остеопороздың айқындығы және түріне байланысты, қарт адамның жасы мен жынысына, сынықтың және қосымша созылмалы ауруларының болуында дәрілерді дұрыс таңдау және оларды қолдану мерзімінің ұзақтығы мәселелерді шешеді. Организмге кальцийдің тиімді түсуі мақсатында және ас-қорту жүйесінде оның тиімді сіңірілуі біріктірілген препараттарды элементарды кальций жоғары мөлшерде болуы және D дәрумені (Кальций-Dз Никомед, Кальций-Dз Никомед форте, Витрум Кальциум+Dз және басқа ) ұсынады. Кальций (Витакальцин, карбонат, цитрат, трифосфат кальция және басқа) препара-тымен бірге D дәруменін (холекальциферол, эргокальциферол) қолдану тиімді екенін көрсетті. Кәдімгі кальций мен D дәруменінің оптимальды сөткелік мөлшері 1500 мг және 800 ME. Остеопороздың өршуін тоқтату және сынықтың алдын-алуға бағытталған патогенетикалық терапияға жатады:

    - әйелдің жыныстық гормондарымен (эстрогендер, эстрадиол) қосымша емдеу;

    - биофосфонаттарды қолдану (алендронат, ризедронат, золедронат);

    - кальцитонин препаратарын қолдану (миакальцик).

    Емдеу мақсатында селективті эстрогендердің модуляторының рецеп-торларын (ралоксифен) сирек қолданады. Барлық аталған терапияның түр-лері сүйек тінінің бұзылуының алдын алады. Оның пайда болуын күшейтетін затқа (натрий фториді) жатады, соңғы уақытта оның улылығына және оның жеткіліксіз тиімсіздігіне байланысты оны абайлап қолданады.

    Мейірбике науқас күтімі үрдісінде ақпараттың жеткіліксіздігіне байла-нысты, оның қорқыныш пен қобалжуын басуға тырысады, аурудың мәнін, оның емі мен алдын-алу әдістерін түсіндіреді. Ол айналасында науқастың қасында жағымды жайды құруға мүмкіндік береді – палатада және үй жағдайында, мінез-құлқын және тамақтану режімін (диетаны ұстауын), дәрігер тағайындаған медикаментті, дәрі-дәрмектерді қолданауын қадаға-лайды, олардың жағымсыз реакцияларын табады, остеопороздың клиникалық көрнісінің динамикасын бақылайды және бұл жөнінде дер кезінде дәрігерді ақпарттандырады.

    Мейірбикенің міндетінің ішіне өмір салтын өзгерту бойынша өзгеріс-тер, қарт адамның жеке басының қауіпсіздігі және оның үй-тұрмысының қауіпсіздігі шараларын сақтауы, құлауы мен сүйек сынудың алдын-алу кіреді. Ол сынықты диагностикалап немесе оған күдіктеніп, дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсетуі керек.

    Герантология және гериатрия бойынша тест сұрақтары

    1. Қартаю сипатталады:

    1. құлдыраумен

    2. эндогенділікпен

    3. кезеңділігімен

    4. бейімделушілікпен

    5. экзогенділікпен

    2. Егде жас шекарасы:

    1. 45-50 жас

    2. 50-55

    3. 55-60

    4. 60-74

    5. 74 жас және одан жоғары

    3. Егде жас шекарасы:

    1. 45-50 жас

    2. 50-55

    3. 55-60

    4. 60-74

    5. 74 жас және одан жоғары

    4. Тамыр деменциясы дегеніміз:

    1. ми қан айналысының жедел бұзылысы;

    2. жедел бауыр жеткіліксіздігі;

    3. жедел тамыр жеткіліксіздігі;

    4. ми қан айналымының ишемиялық ошақты деструкциялық бұзылысы

    5. бүйректің ишемиялық бұзылысы

    5. Егде жастағы науқастарды медициналық -әлеуметтік экспертизаға бағыттайды:

    1. емхана дәрігері;

    2. стационар дәрігері;

    3. реабилитация орталығының дәрігері;

    4. санаторий дәрігері;

    5. диспансер дәрігері

    6. Ми қан айналымы жағдайын қандай әдіспен анықтауға болады:

    1. ЭЭГ

    2. РЭГ

    3. ЭХО-ЭГ

    4. УЗГДЗ

    5. ЭКГ

    7. Тамыр деменциясының дамуының жас ерекшелігінен басқа қауіп факторы болып табылады :

    1. артериальды гипертензия, инсульт, кордиальды патология (ырғақтың органикалық бұзылысы);

    2. артериальды гипотония;

    3. портальды гипертензия;

    4. бауырдың токсикалық бұзылысы;

    5. кардиогенді шок.

    8. Егде жастағы науқастардың әлеуметтік реабилитациясының негізгі түрлері:

    1. әлеуметтік-тұрмыстық адаптация;

    2. әлеуметтік- қоғамдық бағыт;

    3. әлеуметтік –мәдениеттік реабилитация;

    4. еңбекке қайта оралу;

    5. ақысыз медициналық көмекке құқығын қайта қалпына келтіру.

    9. Жасы үлкен науқаспен тиімді қатынасу:

    1. тегімен

    2. әже, ата

    3. аты- жөнімен

    4. науқас (тегі)

    5. қадірлі (тегі)

    10. Остеохондроз қандай жаста жиі кездеседі?:

    1. 10 жаста

    2. 15 жаста

    3. 25-30 жаста

    4. 40 жастан кейін

    5. 60 жастан кейін

    11. Инсульттің кеш қайта қалпына келу кезеңінің ұзақтығы:

    1. алғашқы 6-18 ай

    2. алғашқы 12-24 ай

    3. алғашқы 18-24 ай

    4. алғашқы 9-10 ай

    5. алғашқы 3-4 ай

    12. Кәрілік жас шекарасы:

    1. 45-50 жас

    2. 50-55

    3. 55-60

    4. 60-74

    5. 75 жас және жоғары

    13. Егде және қарт жастағы науқастарда инсулин тәуелді қантты диабеттің негізгі емі болып табылады:

    1. гирудотерапия

    2. антибиотикотерапия

    3. диетотерапия

    4. физиотерапия

    5. рефлекс инелі терапия

    14. Ерте тамыр деменциясяның себебі болып табылады:

    1. 70 жастан кейінгі мидың жастық өзгерістері;

    2. 60 жасқа дейінгі артериальдық гипертензия;

    3. 60 жастан кейінгі артериальдық гипертензия;

    4. 60 жастан кейінгі инсульт;

    5. 80 жастан кейінгі жүрек ырғағының бұзылысы.

    15. Егде жастағы науқастардың медициналық реабилитациясының негізгі түрлері:

    1. қайта қалпына келтіру терапиясы;

    2. реконструктивті хирургия;

    3. протездеу және ортезирлеу;

    4. консервативті терапия;

    5. гомеопатиялық терапия.

    16. Науқастың тез сөйлеуі нені білдіреді?:

    1. науқастың дипресивтілігін

    2. ипохондриялық уайымдауды

    3. науқастын мазасыздануын

    4. симуляцияға бейім болуын

    5. интоксикациялық психозды

    17. Қарт пациенттерде остеохондрозды қандай аурумен ажырату керек?:

    1. ерлердегі қуық үсті безінің аденомасы

    2. әйелдердің жыныс безідерінің қабынуы

    3. жедел пиелонефрит

    4. миома

    5. сүт безінің қатерлі ісігіндегі метастазы

    18. Ұзақ жасау кезең болып табылады:

    1. 90 жастан кейін

    2. 65 жастан кейін

    3. 75 жастан кейін

    4. 80 жастан кейін

    19. Егде және қарт жастағы науқастарда қантты диабеттің жедел асқынысы болып табылады:

    1. миокард инфарктісі

    2. созылмалы бронхит

    3. коматозды жағдай

    4. жедел пиелонефрит

    5. бауыр ісігі

    20. Қарт адамдарда қан айналым және тыныс алу жүйесі ауруларында мейірбикелік үрдісті кім ұйымдастырады?:

    1. туыстары;

    2. әлеуметтік қызметкерлер;

    3. аға мейірбике;

    4. аймақтық мейірбике;

    5. бас мейірбике.

    21. Остеопароздың алғашқы сатысы мына жаста жиі кездеседі:

    1. етеккір тоқтағаннан кейін

    2. 30-40 жаста

    3. 12-14 жаста

    4. 8-9 айда

    5. 15-17 жаста

    22. Тамыр деменциясында мейірбикелік үрдістің қай сатысында жоспарды жүзеге асырамыз?:

    1. I кезең

    2. I кезең

    3. III кезең

    4. IV кезең

    5. V кезең

    23. Ұзақ өмір сүру жасы:

    1. 45-59 жас;

    2. 60-74 жас;

    3. 75-80 жас;

    4. 81-89 жас

    5. 90 және одан жоғары

    24. Басталған инсульттың негізгі симптомдары:

    1. тамаққа тәбетің төмендеуі

    2. аяқ қолдарының дірілдеуі

    3. аяқ қолдарында қатты ауырсыну

    4. артериальды қысымның төмендеуі

    5. сөйлеу қабілетінің жойылуы

    25. Қартайып бара жатқан ағзаны қолдау үшін еңгізеді:

    1. ферментер

    2. дәрумендер

    3. ақуыздар

    4. майлар

    5. көмірсулар

    26. Қарт адамдарда омыртқаның мына бөлігі жиі зақымданады:

    1. мойын омыртқасы

    2. кеуде омыртқасы

    3. бел омыртқасы

    4. құймышақ омыртқасы

    5. сегізкөз бөлігі

    27. Инсульт асқынуы болып табылады:

    1. контрактуралар

    2. аяқ қолдың дірілдеуі

    3. миокард инфарктісі

    4. альтернирленген пульс

    5. қан кету

    28. Қария адамдардың денсаулығын нашарлататын факторлар:

    1. дұрыс тамақ ішпеу

    2. стрестік жағдайлар

    3. ауыр физикалық еңбек

    4. тұрақты тұратын мекен- жайын ауыстыру

    5. аталғандардың барлығы

    29. Егде жастағы адамдарға қандай тағамдарды шектеу керек?

    1. кептірілген өрік, мейіз, қара алхоры;

    2. алма, алмұрт, банан;

    3. қант, кәмпит, бал, тосап;

    4. картоп, қырыққабат, сәбіз;

    5. қарақат, шие, құлпынай.

    30. Остеопарозы бар науқаста байқалады:

    1. гиперазотоемия

    2. гиперкалиемия

    3. гиперкальциемия

    4. люкозурия и гипогликемия

    5. гипокалиемия

    31. Қарттық жас болып саналады:

    1. 45-59 жас;

    2. 60-74 жас;

    3. 75-80 жас;

    4. 81-89 жас

    5. 90 және одан жоғары

    32. Егде жаста инсультті кешірген науқастарға бейімделу:

    1. психологиялық

    2. интеллектуалды

    3. акустикалық

    4. сенсорлы

    5. жарақаттық

    33. Қартаюға қандай факторлар әсер етеді?:

    1. туылудың төмендеуі

    2. жүрек-қантамыр аурулары

    3. ісік аурулары

    4. стрес, уайымшылдық

    5. аталғандардың барлығы

    34. Егде жас болып саналады:

    1. 45-59 жас;

    2. 60-74 жас;

    3. 75-80 жас;

    4. 81-89 жас

    5. 90 және одан жоғары

    35. Егде және қарт жастағы науқастарда дамыған пневмонияда сирек кездеседі:

    1. әлсіздік

    2. шаршағыштық

    3. ентігу

    4. айқын қызба

    5. жөтел

    36. Егде жаста инсультті кешірген науқастарға бейімделу:

    1. қозғалысты

    2. интеллектуальды

    3. акустикалық

    4. сенсорлы

    5. травматологиялық

    37. Зейнеткерлік кезеңге тез бейімделеді:

    1. ерлер

    2. әйелдер

    3. егде жастағы адамдар

    4. орта жастағы адамдар

    5. ұзақ жасаушылар

    38. Қарт адамдарда атеросклероздың ерте дамуының негізі:

    1. дислипопротеинемия

    2. гипертония

    3. гипоксия

    4. билирубинемиея

    5. ишемия

    39. Қарт адамдардағы диастолалық қан қысымының қандай көрсеткішін артериалды гипертензия деп есептеуге болады?:

      1. 85 мм с.б. жоғары

      2. 100 мм с.б. жоғары

      3. 90 мм с.б. жоғары

      4. 80 мм. с.б. жоғары

      5. 70 мм.с.б. жоғары

    40. Атеросклероздық өзгерістері бар қарт адамдардың рационында басым болуы қажет:

    1. өсімдік майлары

    2. жануар майлары

    3. көмірсулар

    4. минералдар

    5. ет өнімдері

    41. Қарт организмнің гомеостазын тұрақтандыру мақсатында қолданылады:

      1. ферменттер

      2. дәрумендер

      3. ақуыздар

      4. майлар

      5. көмірсулар

    42. Қарт адамдардың организміне калий тұзы жетіспегенде туындайды:

    1. ой кемістігі

    2. бұлшықет тырысулары

    3. жарақаттардың ұзақ жазылуы

    4. бүйрек қызметінің төмендеуі, гипокалиемия

    5. аталғандардың барлығы

    43. Розацеа қарт адамдардың 12% - ын зақымдайды:

    1. безеу бөртпелері

    2. белдеме теміреткісі

    3. телеангиэктазия

    4. аллергиялық дерматит

    5. папиллома

    44. Гериатрия – бұл:

    1. мед қызметкерлерді кесірінен туындайтын аурулар жайлы ғылым

    2. қарт адамдардың аурулары және олардың емі жайлы ғылым

    3. шөптермен емдеу туралы ғылым

    4. психикалық аурулар туралы ғылым

    5. балалар ауруларын емдеу туралы ғылым

    45. Қарт жастағы адамдардағы артериалдық гипертензияның негізгі себебі:

    1. атеросклероз

    2. Иценко-Кушинг ауруы

    3. созылмалы пиелонефрит

    4. феохромоцитома

    5. гипотиреоз

    46. Қарт адамдардағы пневмония кезінде сирек байқалатын белгі:

    1. әлсіздік

    2. қалшылдау

    3. ентігу

    4. лихорадка жөтел

    5. тәбеттің төмендеуі

    47. Себорейлы кератоз – бұл:

    1. терінің қатерлі ісігі

    2. бет-май бездерінің бітелуі

    3. аллергиялық дерматит

    4. қатері емес эпидермалды өзгерістер

    5. терінің микроскопиялық кенемен зақымдануы

    48. Қарт адамдардың анорексиясына алып келуі мүмкін:

    1. тіс протездері

    2. тағамның нашар өңделуі

    3. гиперацидный гастрит

    4. дәм сезу бұзылыстары

    5. Хантер глосситі

    49. Науқас 60 жаста, 4 ай ішінде 10 кг. Арықтаған, тітіркенгіштік пайда болған қалқанша безін қарағанда бұдырлы, қозғалысы шектелген, оң бөлігінде 2 түйін пальпацияланады. Мойын түйіндері пальпацияланады. Дәрігер қолқанша безінің ісігіне күдіктенген. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек:

    1. қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу

    2. қанда Т3, Т4, ТТГ тексеру

    3. зәрдегі йод деңгейін тексеру

    4. қолқанша безінің жінішке инелік аспирациялық биопсиясы

    5. сцинтиграфия

    50. Қарт адамдарды тамақтандыру мынадай қағидаға сәйкес ұйымдастырылады:

    1. ақуыздар мөлшерін азайту;

    2. жануар тектес майлар мөлшерін азайту;

    3. өсімдік майлар мөлшерін азайту;

    4. тамақ рационында көмірсуларды көбейту;

    5. жануар тектес ақуыздар қолданба


    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта