Главная страница
Навигация по странице:

  • Қ ысқартылған сөздер тізімі

  • Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің негізгі ерекшеліктері

  • Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің жалпы принциптері. Медициналық этика

  • Ұйқысыздық мәселесі

  • Жеке гигиена шараларын қамтамасыз ету

  • Жарақаттанудың алдын-алу

  • Дәрі қабылдауды бақылау

  • Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау

  • геронтология. геронтология кешен. Геронтологиялы мейіргерлік ктім. пні бойынша дістемелік оулы. Маманды мейіргер ісі растыран оытушы Эркинова. Ю. Г


    Скачать 1.81 Mb.
    НазваниеГеронтологиялы мейіргерлік ктім. пні бойынша дістемелік оулы. Маманды мейіргер ісі растыран оытушы Эркинова. Ю. Г
    Анкоргеронтология
    Дата09.04.2022
    Размер1.81 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлагеронтология кешен.doc
    ТипДокументы
    #457619
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5


    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

    АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ

    ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ

    КЕНТАУ КОЛЛЕДЖІ

    «Геронтологиялық мейіргерлік күтім».

    пәні бойынша әдістемелік оқулық.


    Мамандық: -«мейіргер ісі »

    Құрастырған: оқытушы Эркинова.Ю.Г



    Қ ысқартылған сөздер тізімі
    АҚ – артериялық қысым

    АҚЖ – асқорыту жолдары

    БҰҰ- біріккен ұлттар ұйымы

    ЖИА- жүректің ишемиялық ауруы

    ЖҚЖ – жүрек қан тамыр жүйесі

    ЖБЖ - жедел бүйрек жеткіліксіздігі

    ГПЛ – гиперлипопротеинемия

    ӨСОА – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

    УКС- ультракүлгін сәулесі

    Кіріспе
    Соңғы 160 жылда өмір сүру ұзақтығы экономикалық дамыған елдерде жылына 3 айға ұлғайды. БҰҰ деректері бойынша 2025 жылы 60 жастан асқан азаматтар саны 1 млрд-тан асады. Дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетті. Біздің елде қарт адамдардың саны5%құрайды.

    Геронтология (грекше. geron, geront(os) – қарт+logos оқу) – тірі жандар-дың, адамдардың қартаю қағидаларын, қарттық кезеңді зерттейтін ғылым. Алғаш рет бұл термин 1903 жылы И. И. Мечникпен ұсынылған болатын. «Оптимизм этюдтарында» Илья Ильич кәрілікті зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы барын атап өткен.

    Қазіргі заман геронтологиясы – қартаю биологиясы, клиникалық герон-тология (гериатрия), геронтопсихология мен әлеуметтік геронтологияны (герогигиена) қамтитатын пән аралық ғылым. «Гериатрия» терминін 1909 жылы американдық дәрігер И. Л. Нашер енгізген болатын. Ол АҚШ -та1914 жылы «Гериатрия: қарттық аурулар мен олардың емі» атты алғашқы кітапты жарыққа шығарған. Қартаю биологиясының міндеттері – ағзалар мен популяциялардың алғашқы қартаю механизмдері мен өмір ұзақтығын анықтайтын факторларды іздестіру. Қартаю биологиясын зерттеу – түрлі жануарларды эксперименталды зерттеу мен адам өмірінің түрлі кезеңдерінде клиникалық талдамалар жүргізугебағытталған.

    Қазіргі заман медицинасының динамикалық дамыған саласы – клиника-лық геронтологияның (гериатрии) міндеті – қарт адамның физиологиялық және патофизиологиялық ерекшеліктерін, патологиялық үрдістердің өтуі мен оларды емдеу тәсілдерін анықтау. Геронтопсихология міндеті – қарт адам-дардың жүйке жүйесі мен әдет-қылықтарын зерттеу. Геронтопсихологияның маңызды саласы – түрлі тірі жандылардың жастық әдет-қылықтарын зерттей-тін әдет-қылық геронтологиясы болып табылады. Әлеуметтік гигиенаның міндеті (герогигиена) – өмір сүру жағдайлары мен қоршаған ортаның қартаю мен адамның өмір сүру ұзақтығына әсерін анықтау.

    Валенсиялық геронтологиялық форумда қабылданып, 2002 жылы қартаю бойынша БҰҰ әлемдік ассамблеясында бекітілген 21 ғасырдағы қартаюды зерттеуге бағытталған БҰҰ бағдарламасы – қартаюдың түбегейлі механизмдері мен қартаю факторларын түсінуге бағытталған биомедици-налық қағидаларға үлкен мән бөлген.

    Қартаю мен оның дамуындағы қосалқы аурулар негізінде жатқан меха-низмдерді түсіну қажеттілігі де айтылған. Осының негізінде қарт адамдарға тән ауруларды нәтижелі емдеу мен алдын алу стратегиясы оайластырылу қажет. ЖИА, инсульт, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы мен пневмо-ния, өкпе рагі сияқты ауруларды алдын-алу, талдау тобының деректері бойынша өмір сүру ұзақтығын 9,3 жылға ұлғаюына алып келуі мүмкін (дамыған елдерде жылына4,4, экономикасы барынша дамыған елдерде жылына16,1).

    Бүгінде, қазіргі заманда алдын-алу медицинасының кейінгі үрдісі денсаулық сақтау мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға қарасты талпынысты әдіс-тәсілдердің қолданылуынсыз мүмкін емес келеді. Жаппай индустриали-зациялау, урбанизация мен дамып келе жатқан қоршаған ортаның ластануы жағдайында осы факторлардың ағзаға кері әсер етуінің аз ғана әлсізденуіне үміттене аламыз. Нәтижелі өзгерістердің болуы маңызды ғылыми-техни-калық мәслелердің шешілуі мен экономикалық шығындарды қажет етеді. БҰҰ талдаушыларының 21 ғасырдағы қартаю мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми бағдарламасының негізгі қағидасы ретінде дені сау болып қартаю концепциясын орындауда – адамның өмір сүру стиліндегі өзгерістер аса маңызды. Мысалы: диеталық әдеттер, жыныстық өмірдің басталу уақыты, алкоголь мен темекіден бас тарту уақыты және т.б. рак ауруымен науқастануды алдын алуда маңызды болып, өмір сүруді ұзартуға әсерін тигізуі ықтимал. Дегенмен, жастық гормоналды-метаболитикалық өзгеріс-терді қалыпқа келтіретін, генетикалық қартаю бағдарламасын кідіртетін жағдайларды қолдану – геропротекторлы әсер етіп, ісіктердің дамуын алдын-алатын нәтижеге алып келеді. Мұндай әсерлердің ең басыңқысы – Бүршіктектес бездің эпиталамин мен эпиталон, сондай-ақ ас-тағамдардың калориялылығын шектейтін құрамдас заттар (мысалға, антидиабеттік бигуанидтер, қант алмастырғыш, анорексанттар) – қазіргі замандағы қоршаған ортаның қауіпті әсері де ағзадағы жағымсыз өзгерістер мен алдын-ала қартаюды болдырмауы ықтимал. Геропротекторлардың құрамына (Е, С) дәрумендері, микроэлементер (Zn, Se), биогенді стимуляторлар (плацента препараттары), адаптогендер (элеутеракокк, көк шай), липотропты заттар (статиндер, фибраттар), нейротроптты заттар, цитомединдер классының пептидті биорегуляторлары, сүйек миының клеткалары.

    Сонымен, қазіргі медицина – қартаю үрдісін тежетіп, адамның өмір сүру ұзақтығын генетикалық детерминирленген шекке дейін (110–120ж) ұзартуға мүмкіндік беретін гериатрлық құралдардың арсеналын қамдап отыр.

    Аурухана мен қарттар үйіндегі күнделікті жұмыс тәжірибесінің нәтижесі бойынша қарттық кезеңде ауруды емдеп-жазу аса қиын әрі нәтижелі емге қол жеткізу үнемі мүмкін бола бермейтіндігін көрсетті.

    Қарт адамдардағы сүйек сыну немесе респираторлы аурулардың өршуі төсектік тәртіп пен сананың тежелуіне алып келетінін көрсетті. Сондықтан да, геронтология мен гериатрия жіті дами бастады.

    Сондай ақ, күтім бойынша сақтандыруды енгізу – қарт адамдарға күтім көрсету ұғымына реабилитациялық мән берді. Геронтологиялық реабилита-ция – адамның өзі мен оның қоршаған ортасына бағытталып, медициналық диагноз бен емдеуді қамтиды, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарды қолданады,тұрмыстық деңгейде ауруды жойып, оның алдын- алуға көмектеседі, мақсат-мүдделерін жақсартуға бағытталып, бейімделу қызметін қолдайды, компенсациялық қызметті атқаруға көмектеседі, сұхбат-тасу, қосалқы құралдарды танып-білу, мұндай шектеулер және науқастармен қалай өмір сүру қажеттілігін оқытады, алдын-алу шараларын қолданады, туысқандармен сұхбат жүргізуді білдіреді, геронтологиялық науқастарға тәуелсіз өмір сүруді үйретеді, дәрігерлік, мейірбикелік, санитарлық және әлеуметтік шараларды бірігуін білдіреді, бірнеше мамандардың тобымен жүргізіледі, амбулаторлық, жартылай стационарлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі, реабилитация үрдісіне арналған мақсатты жоспар бойынша жүзеге асады, жеке тіл табысу мен мультидисциплинарды топтың ұжымдық шешімін қолданады.

    Геронтологиялық реабилитацияның маңызы:

    • Пациентті оның жекелеген қоршаған ортасымен бірге тұтас тәуелсіз тұлға ретінде қабылдау;

    • Пациент және оның туған-туыстарымен бірге науқасты күту мәселелерін ойластырып, жеке шешімдерді қабылдау;

    • Геронтологиялық реабилитация адамға қауіп төніп, шарасыздығын білдірген кезде ғана релевантты;

    • Геронтологиялық реабилитация қарт, науқас адамдарғы қорғап, мүгедектерді дискримингациядан сақтап, шарасыздық, жалғыздық, әлеуметтен алшақтанудан аман алып қалуы қажет;

    • Геронтологиялық реабилитация жалпы талдау үшін ай сайын жиналатын көптеген мамандардың командасында мүмкін болады.;

    • Түрлі ұйымдарды құрған маңызды (аурухана, отбасылық дәрігерлер, амбулаторлық күтім, қарттар үйі мен қаттарды күту орындары, қысқа мерзімді күтім орындары); себебі осы мекемелерді дұрыс қолдану үшін пациентке жекелеген күтім мен мамандардың командасымен келісілген шешімдерді қолдану қажет.


    Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің негізгі ерекшеліктері
    Егде және қарт жастағы адамдарға тән патологиялық өзгерістердің байқалуы 40-50 жастан басталады. Бұл өзгерістерді мынадай топтарға біріктіруге болады:

    • Инволюциялық (кері дамуға байланысты) әртүрлі мүшелер мен жүйелерде байқалатын функциональді және морфологиялық өзгерістер. Мысалы, жасы ұлғайған сайын өкпенің тіршілік сыйымдылығының көрсеткіші, бронх өткізгіштігі, бүйректегі шумақтар сүзгіштігінің көлемі төмендейді, май тіндерінің салмағы ұлғайып, бұлшық ет салмағы азаяды (көк етті қосқанда).

    • Бір науқастың бойында екі немесе одан да көп аурулардың болуы. Егде және қарт жастағы науқастың бойында тексеру кезінде аурудың кем дегенде бес түрі анықталады. Осыған байланысты аурудың клиникалық көрінісі «майланады», әр түрлі симптомдардың диагностикалық бағасы төмендейді. Бір жағынан қосымша аурулар бір-бірін күшейтеді. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) бар науқастағы анемия жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісін тудырады.

    • Көбнесе аурулардың созылмалы ағымды болуы. Көптеген созылмалы аурулардың өршуіне жасына сәйкес эндокринді алмасу және иммундық ығысудың қолайсыздығы әсер етеді.

    • Аурудың клиникалық ағымы әдеттегідей болмайды. Көбінесе аурудың неғұрлым баяу және жасырынды бүркемелі ағымы анықталады. (пневмония, миокард инфарктісі, өкпе туберкулёзі, неопластикалық үрдістер, қантты диабет және т.б.). Мысалы, егде жастағы науқастарда қызба, туберкулез немесе инфекциялық эндокардиттің, іш қуысындағы абсцесстің негізгі көрінісі болуы мүмкін.

    • «Кәрілік» аурулардың болуы (остеопороз, қуық үсті безінің қатерсіз ісігі, Альцхаймер аруы, кәрілік амилоидоз және т.б.).

    • Қорғаныс реакцияларының, бірінші кезекте иммунды реакцияның өзгеруі.

    • Әлеуметтік-психологиялық статустың өзгеруі. Әлеуметтік бейімсіздену-дің негізгі себебі адамның зейнеткерлікке шығуы, жақын туыстарын және жолдастарының өліміне байланысты оларды жоғалту, жалғыздық және басқа адамдармен қарым-қатынасының шектелуі, өзін күтудің қиындауы, экономикалық жағдайының нашарлауы. Осы жағдай аясында үрейлілік, депрессия, ипохондриялық синдром сияқты бұзылыстар дамиды (өзінің денсаулығы үшін шектен тыс патологиялық сақтану, ешқандай ауру болмаса да оның бар екеніне сену).

    Қарт жастағы науқасты рациональды қарау өзара міндетті түрде түсіну-шілікке жету және «науқас – мейірбике – дәрігер» «үштігімен» келісуді бол-жайды. Науқастың дәрігердің тағайындауын орындау дәрежесі медициналық әдебиетте «комплайенс» (англ. compliance – келісу) терминімен берілген. Қарт жас өздігінен жеткіліксіз комплайенстің себебі бола алмайды, себебі дұрыс жақындасу комплайенске жетуге қол жеткізеді – ауызша және жазба-ша нұсқауды қолдану, тағайындалатын медикаменттердің санын азайту, ұзақ әсер ететін дәрілердің түрлерін және қосарланған препараттарды таңдау және т.б.
    Егде жастағы және қарт науқастарды күтудің жалпы принциптері.

    Медициналық этика

    Егде жастағы және қарт науқастарды күтуде медициналық этика және деонтологияның ережелерін сақтау маңызды болып табылады. Кей жағдайда жалғыз басты пациент үшін мейірбике ең жақын адам болып саналады. Әрбір науқастың жеке бабын табу үшін пациенттің жеке басының ерекшеліктерін және оның өз ауруына көз қарасын ескеру қажет. Науқаспен дұрыс қарым- қатнас орнату үшін мейірбике онымен сабырлы сөйлесіп, үнемі сәлемдесу керек. Егер пациенттің көзі көрмесе күн сайын науқастың палатасына кіргенде өзін таныстыру қажет. Науқаспен сыпайы және сыйластықпен қатынасып, оны аты- жөнімен атаған дұрыс. «Апа», «ата» деген сөздерді қолдануға болмайды. Гериатриялық науқастар кей жағдайда «өзіне кетеді», өзінің жағдайын «тыңдайды» тітіркенгіштік, жылампаздық пайда болады. Пациентті әртүрлі медициналық емшараға дайындау, оны дұрыс тыңдай білу, жанашырлық көрсету және кеңес беру дұрыс емдеудің маңызды факторлары болып саналады. Дегенмен, мейірбике өз бетімен, дәрігердің айтуынсыз науқасқа немесе туыстарына оның ауруы және ауруының ақыр соңы туралы мәлімет беруге болмайды, тексеру және емдеу тәсілдерінің нәтижесін талқыламау керек.

    Ұйқысыздық мәселесі

    Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйық-тау режимі өзгереді – олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсе-теді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды). Осы жағдайда ұйқы тудыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен қатар ұйқы тудыратын дәрілерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы, таңертеңгі уақытта басының «сынуы», іш қату байқалуы мүмкін. Ұйқы туды-ратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық шөп тұнбасы 10-15 мл-ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы «Валокордин», бал араласқан жылы сүт (1 ас қасық) және т.б.

    Жеке гигиена шараларын қамтамасыз ету

    Егде және қарт жастағы науқастарға өзінің бабын табу қиынға соғады. Оларға төсек жаймасын, іш киімдерін ауыстыруға көмектесу керек, қажет болған жағдайда шашын, тырнағын күту жүзеге асырылады. Пациенттің ауыз қуысының жағдайын бақылаған дұрыс. Оларға тамақтан кейін ауыз қуысын мұқият шаю үшін қайнатылған жылы су беріледі. Жағдайы ауыр науқастар-дың мейірбике 1% сутегінің асқын тотығына немесе гидрокарбонат натрий ерітіндісіне малынған мақтамен ауызын сүртуге міндетті. Ұзақ уақыт төсек режимінде жатқан науқастың терісін күту, ойылулардың алдын-алу жүзеге асырылады. Мейірбике науқастың төсектегі қалпін өзгертуге көмектесу, егер жағдайы мүмкіндік берсе жан-жағына жастық тіреп төсекке отырғызу, арқасын, аяқ басын және саусақтарын шамалы уқалау керек. Науқастың физиологиялық бөліністерін бақылау керек және қажет болса ішек қызметін диета арқылы реттеу (тамақ рационына құрғақ жемістерді, қышқыл-сүт өнімдерін қосу және т.б.), дәрігердің тағайындауымен іш жүргізетін препа-раттарды қолдану немесе тазалау клизмасын қою. Науқас жағдайының нашарлауының кез-келген түрінде, жаңа симптомдар пайда болғанда мейір-бике дереу дәрігерге хабарлау керек. Дәрігер келгенше пациентті жатқызып ыңғайлы жағдайда отырғызуға көмектесу керек (мысалы, науқас ентіккенде оны отырғызу немесе жартылай отырғызу), тыныштықты қамтамасыз ету, қажет болса-алғашқы көмек көрсету.

    Жарақаттанудың алдын-алу

    Жарақаттанудың пайда болуын алдын-алуға ерекше назар аудару керек. Соғылу және сынықтар (әсіресе, сан сүйегінің мойны) науқастардың қозға-лысын шектеп, өлімге әкеп соқтыратын пневмония, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты асқыныстардың пайда болуы мүмкін. Қауызда науқасты жуындырғанда науқасқа тірек болу, қауызға енуге және шығуына көмектесіп, науқастың аяғы тайып кетпеу үшін еденге резеңкелі алаша төсейді. Мейірбике ауруханадағы бөлмелердің жағдайын, жарықтың жеткілік-ті болуын бақылайды. Еденде бөтен заттар болмау керек, сұйықтық төгілуін болдырмау керек, себебі науқас байқамай, аяғы тайып, құлап кетуі мүмкін. Гериатриялық бөлімшенің дәлізі кең, жиhаздармен толмау керек, дәліздегі қабырға бойына науқастар жүргенде сүйену үшін сүйеніш орнатылу керек.

    Дәрі қабылдауды бақылау

    Мейірбике науқастың тағайындалған дәріні қабылдауын бақылау керек. Есте сақтау қабілеті төмендегенде және деменция дамығанда (лат. dementia –ақылы кем) пациенттер дәрісін ішуді ұмытады немесе қайталап ішуі мүмкін. Сондықтан егде жастағы және қарт науқастар дәрігер ұсынысын тек ауызша ғана емес сонымен қатар жазбаша түрдегі нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілуі қажет. Науқас бойындағы судың тепе-теңдігін бақылаған дұрыс, себебі сұйықтықты аз мөлшерде қабылдау организмде тағайындалған препарат-тардың концентрациясының жоғарлауына, кері әсерлерінің пайда болуына дәрілік интоксикацияның пайда болуына әкеп соқтырады.
    Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт науқастарды күту және бақылау
    Егде жас және қарт науқастардағы тыныс алу мүшелері ауруларының клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне байланысты.

    • өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды.

    • альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға төмендейді.

    • өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, «сынғыш» келеді) өкпе тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу қиындайды.

    • мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы газ алмасуды қиындатады.

    • альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды.

    • кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару механизмі бұзылады.

    • бронхтардың безді эпителийінің және шеміршек тінінің атрофиясы бронх өзегінің әрқилы тарылуына және олардың қампаюына әкеп соқтырады.

    • жөтел рефлексі төмендейді.

    • кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың қозғал-ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін шектейді.

    • тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына және гипоксияға сезімталдылығы күшейеді.

    Егде жас және қарт науқастарда созылмалы бронхиттің өршуінің жиі байқалуы, кеуде қуысының жасына сәйкес өзгеруімен, тыныс алу қозға-лысының шектелуімен, жөтел түрткісінің нәтижесі аз болуынан дренажды қызметінің төмен болуы және жыбыр эпителийнің атрофиясына, кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуіне, инфекцияға қарсы қорғанысының төмен болуына байланысты. Егде жас және қарт науқастарды емдеуді олардағы патологиялық үрдістердің ерекшеліктерін, қосымша ауруларын, пациенттің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Гериатриялық науқастардың созылмалы бронхитпен жиі ауруы бактерияға қарсы препараттарды жиі қолдануына байланысты. Осыған орай егде жастағы науқастарда бактерияға қарсы препараттардың кері әсері жиі байқалады, мысалы, есту қабілетінің төмендеуі (стрептомицин, гентамицин және т.б.), бүйрекке токсикалық әсер (канамицин), кандидоз, дисбактериоз және атрофиялық глоссит (тетрациклин, қосарланған антибиотики) және т.б. Сондықтан мейірбике токсикалық дәрежесі төмен дәрілерді қолдануға пациенттерді үйрету қажет. Науқастар тағайындалған препараттарды сөткенің бекітілген уақытында қабылдап, ұсынылған, іс-әрекет режимін және қабылдау шартын сақтау керек (мысалы, ко-тримоксазолды қабылдағанда көп мөлшерде сілтілі су ішу керек «Боржоми» немесе 7г гидрокарбонат натрийдің бір стақан судағы ерітіндісі), диеталық ережелер (мысалы, тетрациклинмен емделгенде тамақ рационынан шұжық, кептірілген және тыңайтылу арқылы өсірілген көкөністерді қабылдауға болмайды).

    Егде жас және қарт науқастарды оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу керек. Қарт жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже беру мүмкін – басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн-Стокс тынысы. Одан басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу сал-дарынан коматозды жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқат-танған науқастарды бақылау кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі науқас үшін өте қауіпті екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде же-дел жүрек жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериат-риялық жастағы науқастар үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта