Главная страница
Навигация по странице:

  • Нервная система

  • тест сұрақтар патан (1). Гипофизді алдыы блігіні эозинофильді аденомасы андай ауру кезінде дамиды


    Скачать 135.45 Kb.
    НазваниеГипофизді алдыы блігіні эозинофильді аденомасы андай ауру кезінде дамиды
    Дата09.05.2023
    Размер135.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатест сұрақтар патан (1).docx
    ТипДокументы
    #1116495
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    Гипофиздің алдыңғы бөлігінің эозинофильді аденомасы қандай ауру кезінде дамиды://

    Иценко-Кушинг ауруы//

    Бабинский-Фредлих ауруы//

    +акромегалия, алыптық//

    Симмондс ауруы//

    қантты емес диабет

    ***

    Қант диабеті кезінде тамыр қабырғасында қалыптасатын зат://

    +липогиалин//

    күрделі гиалин//

    жәй гиалин//

    фибрин//

    ақуыз

    ***

    Тиреотоксикоз қандай ауруға тән://

    +базедов ауруы//

    Хашимото жемсауы//

    Ридель жемсауы//

    коллоидты жемсау//

    лимфоматозды струма

    ***

    Терінің гиперпигментациясы қандай ауруға тән://

    Иценко-Кушинг ауруы//

    +аддисон ауруы//

    Бабинский-Фредлих ауруы//

    Симмондс ауруы//

    микседема

    ***

    Қант диабетінің негізгі көріністері://

    гипогликемия, анемия, бауыр гликогенозы//

    гиперпротеинемия, анурия, некронефроз//

    гиперхолестеринемия, олигоурия, панкреонекроз/

    +гипергликемия, глюкозурия, макро- және микроангиопатия//

    гипопротеинемия, билирубинурия, амилоидоз

    ***

    Ішетін суда йод жетіспеушілігі кезінде дамитын жемсау://

    аутоиммунды жемсау//

    Ридель жемсауы//

    +эндемиялық жемсау//

    спорадикалық жемсау//

    Хашимото жемсауы

    ***

    Жемсаудың қайсысы аутоиммунды ауру болып табылады://

    коллоидты жемсау//

    паренхималық жемсау//

    Ридель жемсауы//

    + Хашимото жемсауы//

    базедов жемсауы

    ***

    Морфологиялық көрінісі бойынша жемсаудың түрлері://

    коллоидты, склероздық//

    микрофолликулярлы, қабынулық//

    диффузды, стромалық//

    атрофиялық, түйінді//

    +паренхималық, коллоидты

    ***

    Қант диабеті кезінде ұйқы безіндегі негізгі морфологиялық өзгерістер://

    гемосидероз, амилоидоз, Лангерганс аралшықтарының гиперплазиясы//

    гемосидероз, ұйқы безінің қабынуы, гиалиноз//

    қан төгілулер, фиброз, панкреонекроз//

    +липоматоз, склероз, Лангерганс аралшықтарының атрофиясы//

    аралық қабыну, поликистоз

    ***

    Тері мен шырышты қабықшалардың гиперпигментациясы, миокардтың атрофиясы, қолқа мен магистральді тамырлар қуыстарының тарылуы, асқазанның шырышты қабығының атрофиясы, лимфоидты тін мен айырша бездің гиперплазиясы, гипогликемия, АКТГ-ң гиперпродукциясы қандай ауруға тән://

    +қола ауруы//

    Иценко-Кушинг ауруы//

    Бабинский-Фрелих ауруы//

    Симмондс ауруы//

    Грейвс ауруы

    ***

    Қант диабеті кезінде ұйқы безінде дамитын өзгерістер://

    некроз, реституция//

    +атрофия, склероз//

    қан төгілулер, гиперплазия//

    кальциноз, гемосидероз//

    гипертрофия, липоматоз

    ***

    Жоғарғы тип бойынша семіру, ай тәрізді бет, іштің алдыңғы қабырғасындағы стриялар қандай ауруға тән://

    + Иценко-Кушинг синдромы//

    Аддисон ауруы//

    Сипл синдромы//

    Кон синдромы//

    Уотерхауз-Фридериксен синдромы

    ***

    Темір тәрізді жемсау – бұл://

    базедов жемсауы//

    +Ридель жемсауы//

    Хашимото жемсауы//

    Спорадикалық жемсау//

    коллоидты жемсау

    ***

    Симмонс ауруының синонимі://

    +церебральді-гипофиздік кахексия//

    адипозогенитальді дистрофия//

    акромегалия//

    қантты емес диабет//

    гипофиздік нанизм

    ***

    Гипофиздің артқы бөлігінің зақымдануы кезінде қандай ауру дамиды://

    Иценко-Кушинг ауруы//

    Симмондс ауруы//

    алыптық, акромегалия//

    +қантты емес диабет//

    гипофиздік нанизм

    ***

    Қалқанша без фолликуллаларында цилиндрлік эпителийдің пролиферациясы нәтижесінде емізікшелердің қалыптасуы, коллоидтың вакуолизациясы мен тинкториальді қасиеттерінің өзгеруі, стромасында лимфо-плазмоциттік сіңбелердің пайда болуы, ұрықтық орталықтары бар лимфа фолликулдарының дамуы, миокардтың гипертрофиясы, бауырдың фиброзы, тимомегалия, лимфоидты тіндердің гиперплазиясы, бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының атрофиясы қандай ауруға тән://

    +Грейвс ауруы//

    Ридель жемсауы//

    эндемиялық жемсау//

    фиброзды жемсау//

    Хашимото жемсауы

    ***

    Қандай жемсау кезінде кретинизм мен микседема дамиды://

    +эндемиялық жемсау//

    паренхималық жемсау//

    темір жемсауы//

    базедов жемсауы//

    Хашимото жемсауы

    ***

    Диабеттік макроангиопатияның көрінісі://

    артериолосклероз//

    +атеросклероз//

    ангиоматоз//

    эндартериит//

    эластофиброз

    ***

    Акромегалия қай ағза патологиясының көрінісі болып табылады://

    тимустың //

    қалқанша бездің //

    АПУД-жүйесінің //

    +гипофиздің //

    бүйрек үсті безінің

    ***

    Диффузды токсикалық жемсау кезінде өлімнің мүмкіндік себебі://

    бүйрек жетіспеушілігі//

    бауыр жетіспеушілігі //

    тыныс алу жетіспеушілігі //

    +жүрек жетіспеушілігі//

    бас миының ісінуі

     

    Нервная система

    Би миы ишемиялық инсультының жиі орналасатын жері://

    +Ортаңғы ми артериясы бассейні//

    Алдыңғы ми артериясы бассейні//

    Артқы ми артериясы бассейні//

    Алдыңғы байланыстырушы ми артерия бассейні//

    Артқы байланыстырушы ми артериясы бассейні

    ***

    Миға қантөгілу кезіндегі өлім себебі://

    +Бас ми бағанасының дислокациясымен мидың ісінуі//

    Кахексия//

    Кардиогенді шок//

    Тынысалудың жедел жеткіліксіздігі//

    Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

    ***

    Миға қантөгілу кезіндегі өлім себебі://

    Кахексия//

    Пульмонокоронарлы рефлекс//

    Тынысалудың жедел жеткіліксіздігі//

    Жүрек-тамыр қызметінің жедел жеткіліксіздігі//

    +Қанның ми қарыншаларына төгілуі

    ***

    Бас миының транзиттік ишемиясының ұзақтығы://

    +Бірнеше минуттан 1 тәулікке дейін//

    1 күннен 14 күнге дейін//

    14 күннен 28 күнге дейін//

    1 айдан 2 айға дейін//

    2 айдан 6 айға дейін

    ***

    Церебральді тромбоэмболияның жиі себепшісі://

    +Жүрек қуысындағы тромбтар//

    Аяқ веналарындағы тромбтар//

    Қолқаның құрсақ бөліміндегі тромбтар//

    Өкпе артериясындағы тромбтар//

    Мезентериялық тамырлардағы тромбтар

    ***

    Ишемиялық инфаркт ошағының сипаттамасы://

    + Консистенциясы жұмсақ, ақ немесе сұр түсті ошақ //

    Консистенциясы тығыз, ақ немесе сұр түсті ошақ //

    Консистенциясы жұмсақ, қызыл түсті ошақ//

    Консистенциясы тығыз, қызыл түсті ошақ//

    Некроз аумағымен қоршалған ақ түсті ошақ

    ***

    Менингиттің жиі қоздырғышы://

    +Neisseria meningitidis//

    Streptococcus pneumoniae//

    Streptococcus haemolyticus//

    Escherichia coli//

    Staphylococcus aureus

    ***

    Жедел вирусты энцефалитке тән морфологиялық белгілер://

    + Субарахноидальді кеңістікте лимфоциттер мен плазмоциттердің болуы//

    Жұлын сұйықтығында лейкоциттердің болуы//

    Субарахноидальді кеңістікте эозинофилдердің болуы//

    Бас миы затының периваскулярлы ісінуі//

    Бас миы тамырларынындағы қантолым

    ***

    Бас миы инфарктының нәтижесі://

    Абсцесс//

    +Киста//

    Флегмона//

    Гранулема//

    Эмпиема

    ***

    Ми қан айналымының жедел бұзылуының себептері://

    артерия эластофиброзы//

    артерия қабырғасының гиалинозы//

    +артериялардың ұзақ уақытты спазмы//

    периваскулярлы ісіну//

    артериолалардың қабырғаларының фибриноидты некрозы

    ***

    Артериолалар және ұсақ артериялардың қабырғаларының айқын дәрежелі альтерациясы мен микроаневризмаларының нәтижесінде жарылуы қандай аурудың белгісі://

    геморрагиялық инфильтрация//

    мидың ишемиялық инфаркты//

    +бас миының гематомасы//

    геморрагиялық сіңбе//

    плазмалық сіңбе

    ***

    «Тотықтық тәрізді кистаның» құрамындағы пигментті атаңыз://

    гематоидин//

    гематин//

    гемомеланин//

    гемин//

    +гемосидерин

    ***

    Мидың сұр жұмсару ошағы ненің көрінісі болып табылады://

    геморрагиялық инфильтрация//

    +мидың ишемиялық инфаркты//

    бас миының гематомасы//

    геморрагиялық сіңбе//

    мидың геморрагиялық инфаркты

    ***

    Ортаңғы ми артериясының эмболиясы қашан дамиды://

    өкпе артериясының тромбозы//

    +ревматизимдік эндокардит//

    бүйрек артериясының тромбозы//

    қолқаның құрсақ бөлімінің атеросклерозы//

    Бадда-Киари синдромы

    ***

    Мидың жұмсақ қабықшасының қабынуы қалай аталады://

    пахименингит//

    арахноидит//

    энцефаломенингит//

    +лептоменингит//

    энцефалит

    ***

    Бактериялық менингиттің түрі://

    жәй//

    +серозды//

    шірікті//

    фибринозды//

    некроздық

    ***

    Орналасуына байланысты менингиттің түрі://

    +конвекситальді//

    бүйірлік//

    алдыңғы//

    артқы//

    төменгі

    ***

    Вирусты менингитке не жатады://

    менингококкты менингит//

    +лимфоциттік менингит//

    микоплазмалық менингит//

    лептоспиралық менингит//

    пневмококкты менингит

    ***

    Іріңді менингит қашан дамиды://

    микоплазмалық менингитте//

    герпестік менингитте//

    +менингококкты менингитте//

    лептоспиралық менингитте//

    тұмаулық менингитте

    ***

    Мидың жұмсақ қабықшасы гиперемияланған, ісінген, бірең-сараң қан төгілу ошақтары бар, макрофагтар мен плазмоциттар аралас лимфоциттермен инфильтрацияланған. Диагноз://

    +серозды лептоменингит//

    фибринозды арахноидит//

    іріңді пахиоменингит//

    геморрагиялық лептоменингит//

    некроздық менингит

    ***

    Іріңді энцефалиттің асқынуы://

    апостема//

    флегмона//

    эмпиема//

    +абсцесс//

    гангрена

    ***

    Мидың спецификалық инфекциясына тән белгі://

    іріңді-деструкциялық процестер//

    +гранулематозды реакция//

    некроздық-жаралы процестер//

    плазманың сіңуі, фибриноидты некроз//

    тамырлық-экссудациялық реакция

    ***

    Іріңді менингит кезіндегі субарахноидальді кеңістіктің облитерациясында не дамиды://

    ішкі гидроцефалия//

    менингоцеле//

    +сыртқы гидроцефалия//

    менингоэнцефалоцеле//

    аневризма

    ***

    Іріңді менингит кезіндегі Монро тесігінің окклюзиясында не дамиды://

    +ішкі гидроцефалия//

    менингоцеле//

    сыртқы гидроцефалия//

    менингоэнцефалоцеле//

    аневризма

    ***

    Мидың геморрагиялық инфаркты кезінде дамитын гематоманың даму механизмі://

    haemorrhagia per diapedesis//

    haemorrhagia per diabrosin//

    +haemorrhagia per rhexin//

    plasmarrhagia//

    metrorrhagia

    ***

    Бас миының транзиторлы ишемиясы кезінде дамитын геморрагиялық инфильтрацияның даму механизмі://

    +haemorrhagia per diapedesis//

    haemorrhagia per diabrosin//

    haemorrhagia per rhexin//

    plasmarrhagia//

    metrorrhagia

    ***

    Бас миының тінінде некроз бен іріңге толған қуыстың қалыптасуымен жүретін жедел ошақты процесс қандай ауруға тән://

    туберкулезді менингит//

    бактериялық менингит//

    мерездік энцефалит//

    туберкулезді энцефалит//

    +бактериялық энцефалит

    ***

    Микроглия мен олигодендроглияның диффузды пролиферациясы, жасушаішілік қосындылар, периваскулярлық лимфоциттер, плазмалық жасушалар, макрофагтардан құралған инфильтрация, глиалық түйіншелердің дамуы және нейронофагия қандай ауруға тән://

    менингококкты энцефалит//

    саңырауқұлақты энцефалит//

    туберкулезді энцефалит//

    +вирусты энцефалит//

    бактериялық энцефалит

    ***

    Бабеш-Негри денешіктері қандай аурудың диагностикалық белгісі болып табылады://

    полиомиелит//

    эпидемиялық паротит//

    +құтыру//

    кенелік энцефалит//

    жәй герпес

    ***

    Жүйке жүйесінің ошақты деструкциясы, глияның пролиферациялық реакциясы, түйіршікті шарлардың жиналуы, периваскулярлық инфильтраттар мен нейронофагия, фибриллярлы глиоз, демиелинизация, ми бөлімдерінің атрофиясы қандай ауруға тән://

    полиомиелит//

    іріңді энцефалит//

    құтыру//

    +кенелік энцефалит//

    іріңді менингит

    ***

    Жұлынның алдыңғы мүйіздерінің нейрондарының зақымдануы қандай ауруға тән://

    +полиомиелит//

    іріңді энцефалит//

    құтыру//

    кенелік энцефалит//

    іріңді менингит

    ***

    Ми инфарктының нәтижесі://

    склероз//

    флегмона//

    +глиялық тыртық//

    петрификация//

    малигнизация

    ***

    Бас миының тамырларында аневризмалардың жиі орналасатын жері://

    ішкі күретамыр//

    +ортаңғы ми артериясының бифуркациясы аумағы//

    жалпы күретамырдың бифуркациясы аумағы//

    сыртқы күретамыр//

    омыртқа артериясы

    ***

    Ми инфарктының анағұрлым жиі дамитын аумағы://

    +алдыңғы мен ортаңғы ми артерияларының шекаралық аумағы//

    артқы мен ортаңғы ми артерияларының шекаралық аумағы//

    артқы ми артериясы мен вертебробазилярлық артериялардың шекаралық аумағы//

    ішкі күретамыр мен омыртқа артерияларының арасындағы шекаралық аумағы//

    Виллизиев доғасының артерияларының арасындағы шекаралық аумағы

    ***

    Созылмалы менингит қай кезде дамиды://

    герпес//

    тұмау//

    +кандидоз//

    паротит//

    энтеровирусты инфекция

    ***

    Бас миында геморрагиялық инфаркт әдетте дамиды://

    ми тамырларының атеросклерозы кезінде//

    +гипертония ауруы кезінде//

    қолқа атеросклерозының асқынуында//

    диабеттік энцефалопатия кезінде//

    гипоксиялық энцефалопатия кезінде

    ***

    Бас миында ишемиялық инфаркт әдетте дамиды://

    бас ми травмасында//

    гипертониялық кризде//

    +церебральдық атеросклерозда//

    алкогольдық энцефалопатияда//

    бактериалдық энцефалиттерде

    ***

    Қандай процестің нәтижесінде мидағы инфаркт ошағының орнында киста қалыптасады://

    организация//

    петрификация//

    реваскуляризация//

    +инкапсуляция//

    инкрустация

    ***

    Микрокисталар, петрификаттар және псевдоцисталардың болуымен сипатталатын өнімдік менингоэнцефалит көрінісі болып табылады://

    алкогольдық энцефалопатияның//

    диабеттік энцефалопатияның//

    бактериальндық инфекцияның//

    вирустық инфекцияның//

    +токсоплазмоздың

    ***

    Орталығында амилоид жинақталған сенильдік табақшалар қандай аурудың белгісі://

    Паркинсон ауруы//

    +Альцгеймер ауруы//

    Гатингтон ауруы//

    Фрейдрих ауруы//

    Пик ауруры

    ***

     

     

    ОДС сист

    Сүйектердің деформациясы, остеопороз, патологиялық сынықтар, гиперкальциемия - қандай ауруға тән://

    гематогенді остеомиелит//

    фиброзды остеодисплазия//

    +паратиреоидты остеодистрофия//

    мраморлы ауру//

    деформациялаушы остеодистрофия

    ***

    Сүйек кемігінің, периосттың, гаверс каналының іріңді қабынуы, сүйек кемігі мен сүйектің компактты табақшасының некрозы - қандай ауруға тән://

    ревматоидты артрит//

    +жедел остеомиелит//

    созылмалы остеомиелит//

    жедел периостит//

    созылмалы периостит

    ***

    Макроскопиялық: сүйектің ұзаруы немесе қысқаруымен қатар «қампаю» ошақтары дамыған, сүйек «шопанның таяғы» түрінде деформацияланған. Микроскопияда: сүйек бағандарының әктену дәрежесі төмен, құрылысы қарапайым, ал остеоидты бағаншаларда ретсіз орналасқан коллагенді талшықтар будаларының шоғырланған ошақтары анықталды. Сонымен қатар, миксоматозды ошақтар, кисталар, остеокласттардың жиналуы, шеміршек тінінің аралшықтары кездеседі. Осы белгілер қандай ауруға тән://

    гематогенді остеомиелит//

    фиброзды остеодисплазия//

    +паратиреоидты остеодистрофия//

    мраморлы ауру//

    деформациялаушы остеодистрофия

    ***

    Созылмалы гематогенді остеомиелиттің асқынуын атаңыз://

    +екіншілік амилоидоз//

    әктік метастаздар//

    жүректің жетіспеушілігі//

    әлсіз параплегия//

    транзиторлы гиперкинездер

    ***

    Синовиальді қабықшаның шеттерінде жасушалық реакция мен түкшелерінің фибриноидты некрозы дамыған, фибриноидты өзгерген артериолалардың қабырғасында иммуноглобулиндер анықталған, буынның қуысында түкшелердің бір-біріне тығыз жабысуымен қатар экссудат қалыптасқан, грануляциялық тіннің даму ошақтары, шеміршектің бұзылуы, эпифиздің сүйектік беткейінің жалаңаштануы, буындардың шығып кетуі мен тайып кетуі байқалған. Осы өзгерістер қандай ауруға тән://

    жедел гематогенді остеомиелит//

    ревматизмнің полиартриттік түрі//

    созылмалы гематогенді остеомиелит//

    деформациялаушы остеоартроз//

    +ревматоидты артрит

    ***

    Паратиреоидты остеодистрофия кезіндегі өлім себебі://

    бауыр жетіспеушілігі//

    патологиялық сынықтар//

    тыныс алу жетіспеушілігі//

    +бүйрек жетіспеушілігі//

    жүрек-тамыр жетіспеушілігі

    ***

    Деформациялаушы остеодистрофия кезіндегі өлім себебі://

    сепсис//

    буындардың шығып кетуі//

    пневмония//

    анемия//

    +остеогенді саркома

    ***

    Беті кең, көздері алшақ орналасқан, мұрынның түбі батық, танаулары айналып кеткен, еріндері қалыңдаған. Сонымен қатар, гидроцефалия, жүндестік, геморрагиялық диатез, сүйектердің көптеген зақымданулары дамыған. Осы белгілер қандай ауруға тән://

    деформациялаушы остеодистрофияның белсенді фазасы//

    фиброзды дисплазияның полиоссальді түрі//

    Педжет ауруының монооссальді түрі//

    остеопетроздың аутосомно-доминатты (кеш) түрі//

    + остеопетроздың аутосомно-рецессивті (ертелі) түрі

    ***

    Буындар деформацияланған, сүйектердің буынды беткейлерінде ойықтар пайда болған, шеміршектер жойылған. Осы макроскопиялық көріністер қандай ауруға тән://

    +идиопатикалық остеоартроз//

    фиброзды остеодисплазия//

    паратиреоидты остеодистрофия//

    мраморлы ауру//

    деформациялаушы остеодистрофия

    ***

    Ревматоидты артриттің асқынуы://

    жайылмалы остеопетроз//

    +сүйектік анкилоз//

    остеогенді саркома//

    митральді стеноз//

    әктік метастаздар

    ***

    Генерализацияланған остеодистрофия мен қалқанша маңы безінің аденомасы қандай ауруға тән://

    гематогенді остеомиелит//

    фиброзды остеодисплазия//

    +паратиреоидты остеодистрофия//

    мраморлы ауру//

    деформациялаушы остеодистрофия

    ***

    Инкапсуляцияланған абсцестер, секвестрация, сүйек кемігінің каналында сүйектің өсуі, остеофиттердің қалыптасуы қандай ауруға тән белгілер://

    ревматоидты артрит//

    жедел остеомиелит//

    +созылмалы остеомиелит//

    жедел периостит//

    созылмалы периостит

    ***

    Жедел гематогенді остеомиелиттің асқынуы://

    кіншілік амилоидоз//

    әктік метастаздар//

    +септикопиемия//

    әлсіз параплегия//

    транзиторлы гиперкинездер

    ***

    Сан сүйегінің төменгі бөліктерінің колба тәрізді кеңеюі, сүйектері ауырлап, аралануы қиындауы, сүйек кемігі каналының жойылуы, анемия, геморрагиялық диатез, гидроцефалияның дамуы және соқырлықтың даму мүмкіндігі қандай ауруға тән белгілер://

    гематогенді остеомиелит//

    фиброзды остеодисплазия//

    паратиреоидты остеодистрофия//

    +туа пайда болған остеосклероз//

    деформациялаушы остеодистрофия

    ***

    Синовиальді қабықшада фибриноид ошақтарымен қатар фиброз дамыған, түкшелер жартылай бұзылып грануляциялық тінмен алмасқан, оларда лимфоидты фолликулдар қалыптасқан, шеміршектері ыдырап, буындардың қуысының анкилоздары дамыған. Қандай ауруға тән белгілер://

    жедел гематогенді остеомиелит//

    ревматизмнің полиартриттік түрі//

    созылмалы гематогенді остеомиелит//

    деформациялаушы остеоартроз//

    +ревматоидты артрит

    ***

    Паратиреоидты остеодистрофия кезіндегі өлім себебі://

    +кахексия//

    буындардың шығып кетуі//

    патологиялық сынықтар//

    анемия//

    остеогенді саркома

    ***

    Остеопетроз кезіндегі өлім себебі://

    кахексия//

    буындардың шығып кетуі//

    патологиялық сынықтар//

    +анемия//

    остеогенді саркома

    ***

    Микроскопияда шеміршекте терең жылғалар, көптеген «бос лакуналар» және хондроциттер ядроларының пикнозы, шеміршектің беткейлік және аралық аймақтарының некрозы, гликозаминогликандар мөлшерінің азаюы анықталған. Осы гистологиялық белгілер қандай ауруға тән://

    паратиреоидты остеодистрофия//

    фиброзды остеодисплазия//

    +екіншілік остеоартроз//

    мраморлы ауру//

    деформациялаушы остеодистрофия

    ***

    Педжет ауруы кезіндегі өлім себебі://

    бауыр жетіспеушілігі//

    патологиялық сынықтар//

    тыныс алу жетіспеушілігі//

    бүйрек жетіспеушілігі//

    +жүрек-тамыр жетіспеушілігі

    ***

    Ревматоидты артриттің асқынуы://

    остеогенді саркома//

    патологиялық сынықтар//

    жергілікті остеопетроз//

    +нефропатиялық амилоидоз//

    митральді стеноз

    Ересектерде Ходжкин лимфомасы кезінде жиі зақымданады://

    +мойын мен көкірекорта лимфа түйіндері//

    құрсақ қуысы лимфа түйіндері //

    шап аумағы лимфа түйіндері//

    көкбауыр//

    сүйек кемігі

    ***

    Асқазанның инфильрациялық-ойықжаралық обырымен ауыратын 39 жастағы науқас кофе тұнбасы түстес қан құсып, мелена байқалған. Қанындағы эритроциттер мөлшері 2,0х1012\л.  Ол үдемелі жүрек-тамыр жеткіліксіздігінен өлген. Дамыған анемияның түрі://

    гемолиздік//

    дисэритропоэздік//

    +постгеморрагиялық//

    гипоплазиялық//

    теміртапшылық анемия

    ***

    Березовский-Рид-Штернберг жасушаларының сипаттамасы://

    +ашық түсті аймақпен қоршалған әйнектегідей көрініс беретін екі ядро, ірі ядрошықтар//

    сопақ ядролары шеткері орналасқан, ірі көпядролы жасушалар//

    цитоплазмасы «көпіршік тәрізді» макрофагтық жасушалар//

    цитоплазмасы ашық түсті ірі макрофагтар//

    ядролық хроматині «тістер тәрізді» жолақтар түрінде орналасқан жасушалар

    ***

    Жедел лейкоздың сипаттамасы://

    + бласттық, дифференциацияланбаған жасушалар пролиферациясы, қатерлі ағымды /

    дифференциацияланған жасушалар пролиферациясы, ағымы шамамен қатерсіз//

    бласттық, дифференциацияланбаған жасушалар пролиферациясы, ағымы қатерсіз//

    дифференциацияланған жасушалар пролиферациясы, қатерлі ағымды //

    ісіктік процесс көбінесе лимфа түйіндерінде дамып, оларда Березовский-Рид-Штернберг  жасушалары анықталады

    ***

    Созылмалы лейкоздың сипаттамасы://

    бласттық, дифференциацияланбаған жасушалар пролиферациясы, қатерлі ағымды//

    +дифференциацияланған жасушалар пролиферациясы, ағымы шамамен қатерсіз//

    бласттық, дифференциацияланбаған жасушалар пролиферациясы, ағымы қатерсіз//

    дифференциацияланған жасушалар пролиферациясы, қатерлі ағымды //

    Ісіктік процесс көбінесе лимфа түйіндерінде дамып, оларда Березовский-Рид-Штернберг  жасушалары анықталады

    ***

    Пернициозды анемияның синонимі://

    +мегалобласттық анемия//

    гемолиздік анемия//

    постгеморрагиялық анемия//

    теміртапшылық анемиясы//

    апластикалық анемия

    ***

    Гемолиздік анемия кезінде гемосидеринді анықтауға арналған арнайы бояу://

    + Перлс реакциясы//

    ШИК – реакциясы//

    суданом-3 бояуы //

    Ван-Гизон бояуы //

    Пикрофуксин бояуы

    ***

    Миеломды аурудың синонимі://

    +Плазмоцитома//

    Лимфогранулематоз//

    Беркитт лимфомасы //

    Лимфангиома//

    Эритремия

    ***

    Аутопсия кезінде мәйіт денесінің әр жерінен: лимфа түйіндер көлемінің ұлғайғаны және түрлерінің шырынды болуы анықталған. Сонымен қатар, бадамша бездердің ұлғаюы байқалған. Сүйек кемігінің жасушалық құрамын зерттегенде лимфобласттар саны үстем болып табылды.  Қандай ауру жөнінде күдік туындайды://  

    созылмалы лимфолейкоз//

    миеломдық ауру//

    эритромиелоз//

    АИДС//            

    +лимфобласттық лейкоз

    ***

    Лимфогранулематозды анықтау үшін қандай жасушалардың диагностикалық мәні бар://  

    +Березовский-Штернберг жасушалары// 

    Пирогов жасушалары// 

    макрофагтар// 

    базофилдер// 

    көбікті жасушалар

    ***

    Қатерлі  лимфомаларға жатады://

    макроглобулинемия//

    +лимфогранулематоз//

    созылмалы эритромиелоз//

    лимфобласттық лейкоз//

    миелоцитарлық лейкоз

    ***

    Лимфогранулематоздың синонимы://

    Гоше ауруы//

    Ниман-Пик ауруы//

    +Ходжкин ауруы//

    гемобластоздар//

    Сезари ауруы

    ***

    Лимфогранулематоз кезіндегі көкбауыр өзгерісінің аталуы://

    сага тәрізді//

    майлы//

    түкті//

    шұбар//

    +порфир тәрізді

    ***

    Жедел миелобластты лейкоздың морфологиялық көрінісі://

    +пиоидты сүйек кемігі (ірің тәрізді)

    порфир тәрізді көкбауыр

    «түкті» жүрек //

    «қаз» бауыры//

    «жолбарыс» терісі тәрізді жүрек//

    ***

    Нодулярлы лимфосаркоманың аталуы://

    Ходжкин ауруы//

    Сезари ауруы//

    +Брилла-Симмерс ауруы//

    Менковского-Шоффар ауруы//

    гемобластоздар

    ***

    Лейкоздарға жатады://

    Ходжкин ауруы//

    Сезари ауруы//

    лимфома//

    лимфосаркома//

    +миеломды ауру

    ***

    «Жұлдызды аспан» көрінісі тән://

    лейкоздарға//

    лимфогранулематозға//

    +Беркитт лимфомасына//

    ретикулосаркомаға//

    Сезари ауруына

    ***

    Жедел лейкоздың түрі://
    +миелобласттық//

    миелоцитарлық//
    ауыр шынжырлар ауруы//
    лимфоцитарлық//
    гистиоцитоз

    ***

    Қан түзу және лимфа тіндерінің регионарлық ісік ауруы://

    макроглобулинемия//

    созылмалы эритромиелоз//

    +лимфогранулематоз//

    лимфобластозтық лейкоз//

    миелоцитарлық лейкоз

    ***

    Жедел лейкозға тән ағзалардағы өзгеріс://

    жүрек гипертрофиясы//

    бауыр циррозы//

    +некрозды ангина//

    дифтеритикалық колит//

    гидронефроз

    ***

    Лимфогранулематоз кезінде лимфа түйіндерде көбейетін жасушалар://

    миелоциттер//

    лимфобласттар//

    миелома жасушалары//

    +ретикула текті атипиялық жасушалар//

    плазмобласттар

    ***

    Лейкоздың өршуін белгілейді://

    бүйректердің жедел жетіспеушілігі//

    +бласттық криз//

    асцит//

    жүректің жедел жетіспеушілігі//

    сарғаю

    ***

    Миеломды ауруға тән көрініс://

    семіру//

    бауыр-бүйрек жетіспеушілігі//

    полицитемия//

    өкпе-жүрек жетіспеушілігі//

    +остеопороз, парапротеинемия

    ***

    Жедел лейкоз кезіндегі мүмкіндік өлім себебі://

    +миға қан төгілу//

    бауыр жетіспеушілігі//

    аритмия//

    шынайы круп//

    жалған круп

    ***

    Анемияның анықтамасы://

    айналымдағы қан мөлшерінің азаюы//

    тірішіліктегі қан ағысының тоқталуы//

    тін мен ағзаның қанға толуының төмендеуі//

    +эритроцитопения мен гемоглобиннің азаюы//

    эритроцитоз, лимфоцитопения

    ***

    Қан түзілу бұзылыстарына байланысты анемия://

    +темір-дефицитті анемия, В12 (фолий)-дефицитті анемия//

    постгеморрагиялық анемия//

    эритроцитопатия кезіндегі анемия//

    эритроцитоферментопатия кезіндегі анемия//

    гемоглобинопатия кезіндегі анемия

    ***

    Анемияның қай түріне спленомегалия мен сарғаю тән://

    жедел постгеморрагиялық анемия//

    созылмалы постгеморрагиялық анемия//

    пернициозды анемия//

    темір-дефицитті анемия//

    +тамырдан тыс гемолизге байланысты анемия

    ***

    Мегалобластикалық түрде қан түзу қандай анемияға тән://

    жедел постгеморрагиялық анемия//

    темір-дефицитті анемия//

    12 (фолий)-дефицитті анемия//

    апластикалық анемия//

    гемоглобинопатия кезіндегі анемия

    ***

    Пернициоздық анемияның себебі://

    В12 витамині мен фолий қышқылының экзогендік жеткіліксіздігі//

    12 витамині мен фолий қышқылының эндогендік жеткіліксіздігі//

    эритроцитопатиялар//

    гемолитикалық улар//

    аномалды гемоглобиннің синтезі

    ***

    Анемия кезіндегі қуыс сүйектер кемігінің өзгерісі://

    протеиноз//

    амилоидоз//

    некроз//

    склероз//

    +гиперплазия

    ***

    Созылмалы постгеморрагиялық анемия кезіндегі бауыр өзгерістері://

    гидропиялық дистрофия, ошақты қан төгілулер//

    созылмалы веналық қантолу, гемосидероз//

    гемохроматоз, экстраваскулярлықгемолиз//

    +майлы дистрофия, экстрамедуллярлық қан түзу ошақтары//

    перипорталдық инфильтраттар, сатылы некроздар

    ***

    Пернициозды анемия кезіндегі асқазан-ішек арнасындағы өзгеріс://

    фибриндік гастрит//

    гипертрофиялық гастрит//

    +шырышты қабықшалар атрофиясы//

    гиперпластикалық гастрит//

    катаралды гастрит

    ***

    Анемияның қай түрінде Гунтер глосситі дамиды://

    жедел постгеморрагиялық//

    созылмалы постгеморрагиялық//

    +пернициозды анемия//

    темір-дефицитті анемия//

    тамырдан тыс гемолизге байланысты анемия

    ***

    Пернициозды анемия кезіндегі сүйек кемігінің өзгерістері://

    амилоидоз, қан түзілуі – нормобласттық//

    гиперплазия, қан түзілуі – нормобласттық//

    миелосклероз, қан түзілуі – мегалобласттық//

    панмиелофтиз, қан түзілуі – мегалобласттық//

    +гемосидероз, қан түзілуі – мегалобласттық

    ***

    Гемолитикалық анемияларға тән://

    жергілікті гемосидероз, бауырлық сарғаю//

    +жалпы гемосидероз, бауырүстілік сарғаю//

    жалпы гемосидероз, паренхималық сарғаю//

    жалпы гемосидероз, механикалық сарғаю//

    жергілікті гемосидероз, бауырастылық сарғаю

    ***

    Тамырдан тыс гемолизге байланысты анемияларға тән://

    гиперхроматоз, сарғаю//

    гиперспленизм, интраваскулярлық гемолиз//

    гепатомегалия, жалпы гемосидероз//

    +спленомегалия, сарғаю//

    спленомегалия, интраваскулярлық гемолиз

    ***

    Иммундық емес тромбоцитопенияның себебі://

    көк бауырмиелозы//

    гипоспления//

    гепатомегалия//

    +спленомегалия//

    тимомегалия

    ***

    Тромбоцитопенияға тән синдром://

    +геморрагиялық//

    гемолитикалық//

    гемостатитикалық//

    эритремиялық//

    тромбоэмболиялық

    ***

    Тұқым қуалайтын тромбоцитопатия://

    +Глацман тромбоастениясы//

    гемобластоз кезіндегі тромбоцитопатия//

    эссенциалды тромбоцитемия//

    токсикалық тромбоцитопатия//

    тромботикалық тромбоцитопениялық пурпура

    ***

    Жүре пайда болған  тромбоцитопатия://

    Глацман тромбоастениясы//

    Бернар-Сулье синдромы//

    тромбоксансинтетаза жеткіліксіздігі синдромы// 

    +эссенциалды тромбоцитемия//

    Чедиак-Хигаси синдром
      1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта