Тесты. тесты и сит.задачи. Хирургиялы инфекция таырыптарынан тестер. Бір трлі микробтардан туындаан инфекцияны аталуы
Скачать 357.5 Kb.
|
Сіздің болжам диагнозыңыз? Емдеу тактикаңыз? Жауабы: 2-3 саусақаралық қол флегмонасы. Емі-іріңдікті алақан жағынан тіліп, антисептиктермен жуып, дренаждау. Алақан сыртынан, гипсті лангетамен қол ұшын иммобилизациялау. 5. Сол жақ жамбасының ауырсынуына, дене қызуының көтрілуіне щағымданған науқас әйел, аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Өлшегенде дене температурасы 38,9°С. 2 апта бұрын қан қысымының көтерілуіне байланысты, фельдшер науқастың жамбасына магний сульфат ерітіндісін иньекциялаған. Қарап тексергенде жамбастың жоғарғы сыртқы квадранты ісінген, қызарған. Қатты ауыратын инфильтрат ортасы жұмсарған. Қан анализі: лейкоцитоз – 12,2×109/л, таяқшаядролық нейтрофилдер - 7%, сегментіядролық нейтрофилдер -74%, ЭТЖ-26 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз? Диагнозды нақтылауда не істеу қажет? Емдеу тактикаңыз? Жауабы: Сол жақ жамбасының постиньекциялы абсцессі. Жуан инемен пункция жасап, ірің болса (баканализ), іріңдікті кеңінен тіліп ашу. Саусақпен қуысты зерттеп, антисептиктермен жуып, гипертоникалық ерітіндімен дренаж қойылады. Асептикалық таңу, антибиотик тағайындау. 6. Жасы келген ер адамға осыдан 3күн бұрын операциядан кейінгі перитонитке байланысты қайта операция жасалған. Науқас операция жарасындағы ауырсынуға, аузының кебуіне, шөлдеуіне шағымданады. Дене температурасы 37,6-38,5°С. Тілі құрғақ, бетінде кір-сұр түсті жабынды, гипосаливация байқалады. Шықшыт сілекей безі біраз ауырсынады. Науқаста қандай асқыну орын алған? Ол асқынудың алдын алу шаралары қандай? Жауабы: науқаста операциядан кейінгі паротит болуы мүмкін. Бұл асқынудың алдын алу:1. Операция алдында ауз қуысының ауруларын санациялау (пародонтоз, кариес, созылмалы тонзилит және т.б.); 2. операциядан кейінгі алғашқы сағаттарда, науқастың ауызын антисептиктермен шаю, ары қарай тісін тазалау; 3. саливацияны белсендіру үшін апельсин, лимон, алма бөліктерін сорғызып, қышқыл морс ішкізу керек. 7. Босанғанына 16 күн болған әйел, оң жақ сүт безінің ауырсынуына, тоңып қалтырауына шағымданып, хирургия бөліміне қабылданды. Ауырғанына 3 апта болған, дәрігерлік көмекке жүгінбей, өзі емделген. Дене қызуы 39,9°С, оң жақ омырауы үлкейген, Төменгі квадрантарында пальпация кезінде үлкен, қатты ауыратын, ортасы жұмсарған, тығыз инфильтрат анықталады. Оң жақ қолтықасты бездері үлкейген , ауырады. Сіздің диагнозыңыз? Кезекші хирургтің іс-әрекеті? Баланы қалай тамақтандыру қажет? Жауабы: қолтықасты лимфаденитімен асқынған оң жақ омыраудың интрамаммарлы маститі. Диагнозды нақтылау үшін, жуан инемен пункция жасап, іріңді бактериологиялық зерттеуге жіберу. Қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды. Дереу, венаішілік наркоз беріп, іріңдікті Барденгейер тәсілімен (омыраудың астыңғы қатпарынан доға тәріздес) тіліп ашып, іріңді шығарып, жараны дренаждайды. Екі омырауынан сүтті сауып, пастеризациялап немесе қайнатып баланы тамақтандыру. Операциядан кейінгі кезеңде антибиотиктер беру. 8. 45 жастағы әйел оң жақ балтырының қатты ауырсынуына, басының ауыруына, әлсіздікке шағымданып аурухананың қабылдау бөліміне қаралды. Ауырғанына 2 тәулік, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілген. Қарап тексергенде оң жақ балтырдың төменгі және ортанғы бөліктері қатты қызарған (алқызыл түсті), шекарасы айқын (географиялық карта тәріздес). Қабыну ошағында серозды-гемррагиялық экссудат түзілген көпіршіктер анықталады. Қызарған жерлері ісінген, қатты ауырады. Қан анализі: лейкоцитоз-15×109/л., нейтрофилдер -7%, ЭТЖ-34 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз? Науқасты жеке палатаға басқа аурулардан оңашалау қажетпе? Қандай ем тағайындайсыздар? Жауабы: Науқаста оң аяқ балтырының тілме ауруы, буллезды формасы. Әйелді хирургиялық инфекция бөліміне жатқызады, оңашалаудың қажеті жоқ. Емі: төсектің режим, антибиотиктер (пенициллин, ампициллин, оксациллин, метициллин, ампиокс),сульфаниламдтер (сульфацил, сульфапиридазин, этазол және т.б.). Қабынған жерге құрғақ асептикалық таңу, субэритемды дозадағы ультрадыбыс сәулесімен қыздыру. Тілме ауруында жараға ылғалды таңу салынбайды. 9. 53 жастағы әйел , сол жақ қолдың 3-ші саусағының шыдатпай қышуына, күйдіріп ауруына шағымданып, дерматолог қабылдауына келді. Науқас 3 күн бұрын, балықты аршу кезінде. саусағын балық сүйегімен жаралап алған. Жарақаттан кейін 2-ші күні саусақ ісінген, қызарған. Қарап тексергенде саусақ ісінген, терісі қызыл-көкшіл түсті, шекарасы айқын. Саусақтың қимылы шектелген. Қай ауру деп ойлайсыз? Қандай аурулармен ажырату диагнотикасын жүргізесіз? Қалай емдейсіз? Науқас жұмыстан босатылама? Жауабы: науқаста, сол жақ қол ұшы, 3-ші саусағының эризипелоиды, терілік формасы. Ауруды тудыратын грам оң шошқа тілмесінің таяқшасы (Erysipelothryx rhusiopathiae). Балықшы, қасапшы, аңшылар жиі ауырады. Эризипелоидты саусақ панарициі, тілмесі, экссудативті эритема, трофоневротикалық артриттер және ревматоидты инфекциялардан ажырата білу керек. Емі: антибиотиктер, сулфаниламидтер беріліп, ултракүлгін сәулесімен қыздыру. Саусақты иммобилизациялау. Егерде, науқастың жұмысы тамақ дайындаумен байланысты болса, уақытша жұмыстан босату парағы беріледі. Немесе әкімшілік науқасты тамақ әзірлеуге қатысы жоқ жұмысқа ауыстыруы қажет. 10. Әскерден келген жас жігіт, оң жақ аяқ сасақтарының аурсынуна щағымданып, дерігерге қаралды. Қарап тексергенде аяқтың 2-3-ші саусақтары қажалып, іріңдеген. Саусақтар, табан үсті қызарған, қабыну ошағынан жоғары қарай бағытталған, қызыл жолақтар байқалады, пальпация кезінде ауырады. Шаптың бездері шошынған. Науқастың диагнозы және емі қандай? Жауабы: оң жақ табанүсті лимфангит және шаптың серозды лимфаденитімен асқынған, оң аяқтың, 2-3-ші саусақтарының инфицирленген, қажалған жарасы. Науқасты ауруханаға жатқызып, жарасын антисептиктермен жуып, таңу салынады. Аяқтың қимылын шектейді. Антибиотиктер, сулфаниламидтер тағайындалады. 11. 64 жастағы науқас, сол жақ қолына көктамырішілік дәрі құйылғаннан кейін, қолының ауырғанына жағымданады. Дәрігер тексергенде, шынтақ буынның алдыңғы бетінде, теріасты вена проекциясында жоғары және төменгі бағытта теріде қызару, вена қабырғасы қатайған, қатты ауырады. Сіздің диагнозыңыз және тағайындайтын еміңіз? Жауабы: Науқаста сол жақ қолы, теріасты венасының жедел флебиті. Бұл венаға инфузия жасауды тоқтатып, қабыну ошағына жартылай спирттік компресс салынып, қолды иммобилизациялайды. Нитрофуран, сулфаниламидтер, антибиотиктер беріледі. 12. Сол жақ балтырының жедел тромбофлебиті диагнозымен, хирургия бөліміне 58 жастағы науқас әйел қабыланды. 4 күн бойы тиісті ем жүргізілуіне қарамастан, қабыну өрши түсті. Ауырсыну санға тарады, үлкен теріасты венаның проекциясында терінің қызаруы, тіндердің қатаюы пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз және жасалатын еміңіз қандай? Жауабы: науқаста сол жақ аяқ, терасты венасының көшпелі, жедел тромбофлебиті. Көшпелі, спонтанды ( аяқ астынан) тромофлебит Бюргер ауруында, ішкі мүшелердің қатерлі ісіктерінде, полиартритте кездеседі. Сондықтан науқасты қосымша зерттеу қажет. Қабынуды тоқтату мақсатында, үлкен теріасты венаны терең венаға құйылатын жерінен байлау немесе флебэктомия операциясы жасалады. 13. Оң жақ шынтақ буынының ауырсынуына шағымданып хирургтің қабылдауна әйел адам келді. 8 күн бұрын шынтағын соғып алған. Тексеру кезінде, оң жақ қолдың шынтақ сүйек өсіндісінің тұсында қара қотырланған іріңді жара, тіндердің қатты ісінуі, терісінің қызаруы, қатты аурсыну байқалады. Флюктуация симптомы оң. Шынтақ буында қимыл толық сақталған, ауырсыну жоқ. Флюктуация анықталған жерді пункциялағанда ірің алынды. Рентгенограммада буын сүйектері өзгеріссіз. Сіздің диагнозыңыз, емдеу тактикаңыз? Жауабы: Науқаста оң жақ шынтақ буын синовиальды сумкасының жедел іріңді қабынуы. Пункцияда синовиальды сумкадан ірің алғандықтан, іріңдікті тіліп ашып, антисептиктермен жуып, резина денаж қою керек. Егерде, қабыну синовиальды сумканың айналасына онша тарамаса, тотальды бурсэктомия жасауға болады. Ол үшін, 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандырып, шынтақ өсіндісінен жоғары, таға тәріздес, ұзындығы 6-7 см. тілік жасалады. Теріні синовиальды сумкадан сылып төмен түсіреді. Абайлап, шынтақ буынын ашып алмай, бурсэктомия жасалады. Жараға тігіс салынады, тігіс арасынан 1-2 күнге жараға резина дренаж койылады. Асептикалық таңу салынып, қолды гипсті лонгетамен иммобилизациялайды. Тігіс 9-10-ші тәулікте алынады. 14. 65 жастағы науқас оң иық буынының ауырсынуына, дене қызуының 40°С. көтерілуіне, қалтырап тоңуына шағымданып, үйіне учаскелік дәрігерді шақырды. 2 апта бұрын осы буынына гидрокортизон суспнзиясын салдырғаннан кейін аталған шағымдар пайда болған. Өзі үйде емделген: буынға компресс қойған, ауырсынуды басатын дәрілер ішкен, нәтиже болмаған. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғу жиілігі мин. 96. Оң қолын денесінен алшақтау, көтеріп ұстайды. Буын қатты ісінген, жергілікті температура жоғары, қол қозғалтпай, қатты ауырады. Сіз учаскелік дәрігер ретінде қандай диагноз қоясыз, қандай іс-әрекет жасайсыз? Науқасқа жүргізетін қосымша зертеулер, еміңіз? Жауабы: Оң иық буынның жедел іріңді артритіне күдік диагнозымен, науқасты хирургиялық стационарға жатқызу керек. Қосымша қан, зәр анализдерін, екі иық буындарына рентгенография және ауырған буынға диагностикалық, емдік пункция жасау. Буыннан ірің алынған жағдайда бактериологиялық зерттеуге жіберу, іріңді қуысты антисептиктермен, антибиотик ерітінділерімен жуу. Науқасқа жалпы антибиотикотерапия тағайындалады. Қолға гипсті лонгета салады. Нәтижесіз жағдайда буынға артротомия жасалып, дренажды түтікше арқылы, буын қуысы үздіксіз, антисептик ерітінділерімен жуылады (лаваж). Қабыну тоқтамаса, остеоартрит дамыса буынға резекция жасауға тура келеді. 15. 54 жастағы науқасқа, оң жақ өкпе рагі ауруына байланысты, пульмонэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін 10 күн жақсы болған жағдайы, төмендей бастаған: әлсіздік, кеудесінің ауырсынуы, дене қызуының тәулігіне бірнеше рет 40°С. дейін көтерілуі. Тамыр соғу жиілігі- мин. 112-120. Тыныс алу- мин. 26, акроцианоз. Қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, нейтрофилдердің токсикалық өзгеруі. Кеуде рентгенограммасында сұйықтық деңгейі 7-ші қабырғаға дейін. Науқастың операциясы немен асқынды? Емдеу тактикасы қандай? Жауабы: Операциядан кейінгі кезең іріңді плевритпен асқынған (плевра қуысының эмпиемасы). Науқасқа күнделікті пункция жасап, плевра қуысына антибиотиктер, протеолиттік ферменттер ерітінділерін енгізу керек. Белсенді тазарту үшін плевра қуысына силикон түтікше дренаж қойып, сыртқы ұшын сорғыш аппаратына қосуға болады. 16. 59 жастағы науқас, аудандық ауруханада пневмониямен асқынған, жабық кеуде жарақаты, оң жақ 7-9-ші қабырғалардың сынуы, диагнозымен емделген. Жағдайының нашарлауына байланысты қалалық хирургия клиникасына ауыстырылды. Түскен кезде кеуденің ауырсынуы, тоңып қалырауы, әлсіздік, тершеңдікке шағымданады. Ақырғы күндерде жөтелмен, тәулігіне-300 мл.-дей сары-жасыл түсті, тәттілеу иісті қақырық бөлінеді. Жағдайы ауыр, тері жабындысы бозарған. Дене қызуы 38-39°С. Тамыр соғысы мин.100-116. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы тұйық дыбыс анықталады. Аускультацияда тыныс алу әлсіреген, кейде ылғалды сырыл естіледі. Қан анализінде: лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы, ЭТЖ-58 мм/сағ. Науқасты клиникаға қандай асқынумен ауыстырды? Диагнозды анықтауда қандай қосымша зерттеулер қажет? Науқасты емдеу тактикасы? Жауабы: Науқаста оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің абсцессі болуы мүмкін. Іріңдіктің бронх арқылы жарылып, сыртқа дренирленуі. Қақырықты шыны ыдысқа жинап тұндырса, ыдыстың түбінде қою ірің, ортасында су тәріздес сұйықтық, бетінде іріңді-шырышты көбік аралас масса анықталады. Диагнозды нақтылау үшін өкпеге рентгеноскопия, рентгенография, қажет болса компьютерлік томография, бронхоскопия жасалады. Қақырық жеңіл түсу үшін, науқасты сау жақ қырына жатқызады (постуральды дренаж). Науқасқа антибиотик, сульфаниламдтер, иммундық, дезинтоксикациялық терапия тағайындалады. Абсцесс қуысындағы іріңді бронхоскоп арқылы сорып, трахеяға антибиотиктер, протеолиттік ферменттер енгізіледі. 6-8 аптада консервативті ем нәтиже бермесе, пневмотомия, лоб- немесе пневмонэктомия операциялары жасалады. 17. 7 күн бұрын флегмонозды аппендицитке аппендэктомия жасалған ер адамда, дене қызуы көтерілген. Ауызының құрғауы, зәр шығару соңында ауырсыну, үнемі үлкен дәрет келу сезімі мазалайды. Операциялық жара ауырмайды. Пульс - мин. 108. Өкпесінде везикулярлы тыныс алу. Тілі құрғақ, іші дұрыс пішінді, тыныс алуға қатысады. Іш пальпациясы: жұмсақ, төменгі бөлігінде ауырсыну. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Қан анализінде: лейкоцитоз-17,2 ×109/л, таяқшаядролық нейтрофилдер-8%, ЭТЖ-30 мм/сағ. Жарада қабыну белгілері жоқ. Өкпенің рентгендік зерттеінде өзгеріссіз. Науқаста қандай асқыну орын алған? Қосымша қандай зерттеулер қажет? Емі қалай? Жауабы: операциядан кейін науқаста, қуық-тікішекаралық абсцесстің түзілгеніне қауіптілік бар. Қосымша науқастың тікішегін саусақпен тексеру. Қажет болса, жамбас қуысына ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография жасау. Саусақпен тікішекті тексергенде, ішектің алдыңғы қабырғасын ішіне қарай ығыстырған, қатты ауыратын, ортасы жумсарған инфильтрат аныталса, қуық-тікішекаралық абсцесстің нақтылы болғаны. Абсцессті тікішек арқылы пункциялағанда ірің алынса, іріңдікті иненің бойымен тіліп ашып, санациялайды. Абсцесс қуысы жуан силикон түтікшемен дренаждалады. Науқастың бас жағын биіктеу орналастырады. 18. 47 жастағы науқас К. ішінің ауруына, жүрек айнуына шағымданады. 3 сағат бұрын мас күйінде құлап ішімен соғылған, «жедел жәрдем» шақыртпаған. 12 сағаттан кейін шыдай алмағандықтан ауруханаға жеткізілген. Тексеру кезінде, науқас оң жақ қырында, аяқтарын ішіне тартып, қозғалмай жатыр. Тамыр соғысы- мин. 100. Артериальды қан қысымы - 115/80 мм. с .б. б. Тілі құрғақ, кір-сұр түсті жабындымен жабылған. Іші тыныс алу актісіне қатыспайды, бұлшықеттері қатайған. Саусақ ұштарымен абайлап перкуссялағанда, ішінің ауырсынуы күшее түседі. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, ішек перистальтикасы мүлде естілмейді (симптом гробовой тишины). Сіз кезекші хирург ретінде науқасқа қандай диагноз қояр едіңіз? Емдеу тактикаңыз? Бірден операцияға аласызба? Науқасты операцияға қалай дайындайсыз? Жауабы. Науқстың диагнозы: іштің жабық жарақаты, қуысты мүшелердің зақымдалуы, перитонитпен асқынған. Науқасты дереу ауруханаға жеткізіп, жедел операция жасалуы керек. 19. 18 сағат бұрын дамыған жедел перитонитпен науқасқа операция жасау кезінде себебі анықталды: Тоқішек ректосигмойдальды бөлігінің қатерлі ісігінің перфорациясы. Іш қуысында көп мөлшерде, нәжісиісті сұйықтық анықталды. Ісік айналасындағы мүшелер, тіндермен жабыспаған. Бауырда, ішек шажырқайларында рак метастазы жоқ. Ішастарында гиперемия, ұсақ қанталау. Жіңішке ішек ілмектері кеңейген, қабырғалары ісінген. Беттері фибринмен жабылған, перисталтика жоқ. Электрсорғышпен іш қуысы құрғатылды. Осы перитонит көріністерінде хирургтің тактикасы қандай? Жауабы. Іш қуысын іріңнен толық тазартқаннан кейін, тоқішектің ректосигмоидты бөлігіне ісікпен бірге, резекция жасалады. Тоқішектің төменгі болігі 2-3 қатар тігіс салынып жабылады. Жоғарғы бөлігін сол жақ мықын тұсынан сыртқа шығарып, бір ұшты колостома салынады (anus praethrnaturalis). Іріңді перитонитте, ішек резекциясынан кейін анастамоз салынбайды. Перитониттің себебін жойғаннан кейін, іш қуысын 5-6 литр антисептиктер ( фурациллин, хлоргексидиннің биглюконаты, диоксидин) ерітіндісімен жуады. Жіңішке ішектер салданса, назогастроинтестинальді зонд қойып декомпрессия жүргізіледі. Операция соңында іш қуысын дренаждайды. 20. 84 жастағы науқас, ішінің тұтас, қатты, тұрақты ауыруына шағымданып хирургия бөліміне түсті. Іші 3 күн ауырады, ауырсыну эпигастрий аймағынан басталған. Бір тәулік бұрын бір рет құсқан, үлкен дәретке отырған. Тілі құрғақ, бетінде жабындылар. Іші кебкен, қатайған, тұтас ауырғанымен оң жақ бүйірінде ауырсыну қаттырақ. Перкуссия-тимпанит, бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қанның анализі: лейкоциттер-18,1×109/л, таяқшаядролық-10%, сегментядролық-70%, лимфоциттер-18%, моноциттер-2%, ЭТЖ-16 мм/сағ. Іштің шолу рентгенограммасында бос ауа, « Клойбер тостағаншалары» жоқ, жіңішке ішектерде пневматоз анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз және емдеу тактикаңыз? Жауабы. Науқаста аппендициттен кейін дамыған перитонит болуы мүмкін. Ауруға қысқа мерзімде инфузиялық терапия жүргізіп, асқазанын тазалап, жалпы наркоз беріп, жедел операцияға алу керек. Операцияның мақсаты: перитонит себебін жою, іш қуысын санациялау, дренаждау, ішекке декомпрессия жүргізу. 21. Үйінде 5 күн ауырғаннан кейін, хирургия бөліміне науқас қабылданды. Түскендегі диагнозы: аппендикулярлы инфильтрат. Консервативті ем жүргізу нәтижесінде жағдайы жақсара бастады, лейкоцитоз, дене қызуы төмендеді. 6-шы тәулікте кенеттен науқастың іші қатты ауырып, температурасы көтерілді, тамыр соғысы жиіледі. Тілі құрғап, бір рет құсты. Тексергенде: іші кебкен, тыныс алу актісіне толық қатыспайды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, лейкоцитоз 9,8×109 /л-ден 16,7×109/л дейін өсті. Науқаста қандай асқыну дамыды? Сіздің тактикаңыз? Дәке тампондарын қолдануға кандай көрсеткіштер бар? Жауабы. Іріңдеген аппендикулярлы инфильтрат іш қуысына жарылып, жайылған перитонит дамыған. Науқасқа жедел, орта-орталық лапаротомия жасап, іш қуысын мұқият санациялау. Абсцесс қуысына, егерде аппендикс жеңіл алынса тампон және антибиотиктер енгізу үшін микроирригатор қойылады. Іш қуысында перитонит қарқынды болса, екі жақ қабырға астынан, мықын тұстарынан силикон түтікше дренаждар қойылады. Операциядан кейін іш қуысы антисептиктермен үздіксіз жуылады (лаваж). Дәке тампон қолданудың көрсеткіштері: 1. Перитонит көзі толық жойылмаса, перитонитті шектеу мақсатында. 2. Жергілікті шектелген іріңді перитонитте, томпонды силикон түтікше дренаждармен бірге қолданады. 3. Капиллярлы қанауда, гемостатикалық губкамен қолданады. ПАНАРИЦИЙ 22. Оң қолдың, 2-ші саусағының қатты солқылдатып ауруына шағымданып, хирургтың қабылдауына әйел науқас келді. 4 күн бұрын балық тазалау кезінде, саусағын балық сүйегімен жаралап алды. Саусағы ауырғаннан екі түн ұйықтай алмады. Саусақтың тырнақ фалангасы ісінген, пальпациялағанда алақан беті ктты ауырады. Буынаралық қимыл шектелген, қолтықасты бездері ауырмайды. |