Главная страница
Навигация по странице:

  • Науқас стационарға қандай асқынумен түскен Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай зерттелер жүргізу керек

  • Сіздің болжам диагнозыңыз Қандай тактика қолданасыз

  • Науқаста қандай ауру болуы мүмкін Диагнозды анықтау үшін қандай зертеулер қажет Жүргізілетін еміңіз

  • Жабылмай жүрген жыланкөздің себебін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек Емдеу тактикасы

  • Секвесртэктомия операциясынан кейін, санацияланған сүйек қуысын немен толтырған ( пломбировка ) жөн

  • Учаскелік педиатр ретінде балада қандай ауру деп ойлайсыз Тактикаңыз қандай

  • Жедел жәрдем дәрігері ретінде қандай диагноз қоясыз, іс-әрекетіңіз

  • Науқасқа қандай операция жасау қажет Қосымша ем жүргізу керекпе

  • Науқаста қандай асқыну дамыды Сіздің іс-әрекетіңіз

  • Сіз гинеколог дәрігер ретінде, ана мен балаға жедел түрде, сіреспеге қарсы сарысу тағайындайсызба

  • Осы науқасқа жедел түрде сіреспеге қарсы, арнайы сарысу егілеме

  • Науқаста қандай патологиялық процесс болуы мүмкін

  • Хирург қандай қателік жіберді Пункция алдында қосымша қандай зерттеу жүргізу керек еді

  • Сіздің болжам диагнозыңыз Дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жургізесіз

  • Тесты. тесты и сит.задачи. Хирургиялы инфекция таырыптарынан тестер. Бір трлі микробтардан туындаан инфекцияны аталуы


    Скачать 357.5 Kb.
    НазваниеХирургиялы инфекция таырыптарынан тестер. Бір трлі микробтардан туындаан инфекцияны аталуы
    АнкорТесты
    Дата11.02.2022
    Размер357.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлатесты и сит.задачи.doc
    ТипДокументы
    #358092
    страница3 из 3
    1   2   3

    Қандай диагноз қоясыз? Емханада көрсетілетін ем?

    Жауабы. Диагноз: Оң қолдың, 2-ші саусағының теріасты іріңді панрицийі. Саусақты, асептика заңдылығын сақтай отырып, Лукашеыич- Оберст тәсілімен жансыздандырып, іріңдікті тіліп ашу.
    23. Ауырғанына 22 күн болған, 34 жастағы ер адам хирургиялық инфекция бөліміне қабылданды. Түскен кездегі шағымдары: оң қолының 2-ші саусағының ауырсынуы. Емханада, ауру басталғаннан кейін 8-ші тәулікте, саусақтың теріасты панарицийіне операция жасалған. Операциядан кейін саусақты марганцовка, ас тұзызы ерітінділерінен ванночкаға салып, антисептиктермен жуылып, стрептомицин, Вишневский майларымен таңу салынған. УВЧ терапия жургізілген. 2 апта жүргізілген ем айтарлықтай нәтиже бермеген. Саусақтың тырнақ фалангасы түйрегіштің басы сияқты жуандаған. Операциядан кейінгі жарада гипергрануляция байқалады, болар-болмас серозды-іріңді сұйықтық бөлінеді.


    Науқас стационарға қандай асқынумен түскен? Диагнозды нақтылау үшін қосымша қандай зерттелер жүргізу керек?

    Жауабы. Саусақтың теріасты панарицийі сүйек панарицийімен асқынуы мүмкін. Оның себептері әртүрлі: операциялық тіліктің кішкентай болуы; толық некрэктомия жасалмаса; дұрыс дренаждалмаса.
    24. Ауруханада жатқан науқастың сол қолы, 3-ші саусағының көлемі үлкейіп, пішіні өзгерген. Буындарында қимыл жоқ, көптеген жыланкөздерден ірің, сүйек секвестрлері, сіңір өліеттерінің бөліктері шығады. Саусақ терісі некрозданған. Рентгендік зерттеуде саусақ сүйектері деструкцияланған.

    Науқаста қандай ауру? Қандай ем қолданасыз? ( жауабы: пандактилит, емі оперативті.) В.Н. Чернов, А.И. Маслов.
    25. Тырнақ айналасы тіндерінің ауырсынуына, ісінуіне, қызаруына шағымданып емханаға науқас әйел келді. 3-ші саусақтың тырнақ маңының тіндерінде ісіну, гиперемия, флюктуация анықталады. Ауру маникюрден кейін, келесі күні пайда болды. Науқаста қандай ауру дамыды, емі қалай? ( жауабы паронихия. Емі операция.)

    26. 7 жасар бала 2 күн бойы басы ауырады, дене қызуы 40°С дейін көтеріліп, сандырақтай бастады. Жедел-жәрдем педиатры тексергенде: тамыр соғысы мин.-128, тыныс алуы мин.-28, аускультация - өкпенің төмен бөлігінде құрғақ және ылғалды сырыл естіледі. Пальпация – іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр үлкеймеген. Оң жақ санның төменгі 1/3 бөлігін пальпациялағанда ауырсыну анықталады. Педиатр « жедел респираторлы вирусты инфекция» диагнозын қойып, соған сәйкес ем тағайындаған.


    Сіздің болжам диагнозыңыз? Қандай тактика қолданасыз?

    Жауабы: Балада оң аяқ ортан жілігінің гематогенді остеомиелиті болуы мүмкін. Температурасын түсіретін, ауырсынуды басатын дәрілер салып, оң аяғын иммобилизациялап, ауруханаға жеткізген дұрыс.

    27. Оң аяғы, тізеден төмен бөлігінің ауырсынуы, ісінуі, дене қызуының 38°С көтерілуіне шағымданып, хирургия бөліміне 35 жасар ер адам түсті. 12 ай бұрын балтыр сүйектерінің ашық сынықтарымен емделген (басында аяққа өкшеден қаңқалы созу, соңынан гипс салынған). Науқасты тексегенде: оң аяғы, тізеден төмен бөлігі ісінген. Алдыңғы-латералді бетінде гиперемия, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы, қатты ауырсынуы, флюктуация симптомы оң.


    Науқаста қандай ауру болуы мүмкін? Диагнозды анықтау үшін қандай зертеулер қажет? Жүргізілетін еміңіз?

    (жауабы: жедел остеомиелит. Оң аяқтың балтыр сүйектеріне 2 проекцияда рентгендік зерттеу жасалады. Флегмонаны тіліп ашу.
    28. Науқаста сол жақ аяқ ортан жілігінің созылмалы, оқ-дәрілік остеомиелиті жыланкөзбен асқынған.


    Жабылмай жүрген жыланкөздің себебін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізу керек? Емдеу тактикасы?

    (жауабы: фистулография, компьютерлік томография, жыланкөзден шығатын сұықтықты бактериологиялық зерттеу. Емі жыланкөзді сылып алып, сүйекке некрэктомия, санация жүргізіп, сүйек қуысын дренаждау қажет).
    29. Дәрігерлік кеңес отырысында, оң аяқ ортан жілігінің созылмалы остеомиелитімен ауыратын, 23 жасар науқастың сырқатнамасы талқыланды. Рентгеногрммада сүйектің төменгі метафизінде, диаметрі 1,5см. секвестр бар қуыс көрінеді. Науқасқа операция тағйындалды.


    Секвесртэктомия операциясынан кейін, санацияланған сүйек қуысын немен толтырған ( пломбировка ) жөн?

    Жауабы: санацияланған сүйек қуысын ұйыған қанмен, құрғақ антибиотиктер қосылған аутогенді сүйек, шеміршек бөліктерімен немесе бұлшықеттермен толтырған ( пломбировка ) жөн.
    30. Перзентханадан шығарылған нәрестенің жағдайы 3 аптадан бері нашарлай түсуде. Бала әлсіз, мазасыз, омырауды ембейді, салмақ қоспаған. Тері жабындысы бозғылт-сұр түсті, акроцианоз. Емген сүтін жиі құсып тастайды. Дене қызуы 37,6- 37,9° С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде мазасызданбайды. Кіндік бетінде іріңді, бозғылт түсті жара, грануляция өте баяу.


    Учаскелік педиатр ретінде балада қандай ауру деп ойлайсыз? Тактикаңыз қандай?

    Жауабы: нәрестеде кіндік жарасынан дамыған сепсис, жедел реанимация бөліміне жатқызу. Емдеу барысында, хирургтің бақылауы керек, себебі кіндіктік сепсисі жиі перитонитпен қатар жүреді.
    31. 22 жастағы әйел , 8 күн бұрын криминальды аборттан 2 күннен кейін, дене қызуы көтеріліп (38-40ºС), тоңып қалтырайтын болды, іштің төменгі бөлігі сыздап ауыра бастады. Жыныс жолдарынан қан аралас бөліністер барын байқады. Жағдайы нашарлауына байланысты, жедел медициналық көмек бригадасын шақыртты. Дәрігерлік тексеру кезінде, науқастың жағдайы ауыр, тері-түсі бозарған. Көзі сарғая бастаған, тамыр соғысы мин. 124рет, ырғақты, толымдылығы әлсіз. Тілі құрғақ, бетінде жабындылар. Іші жұмсақ, төменгі бөліктерінде ауырсыну анықталады. Ішастарының тітіркену симптомдары айқын емес.


    Жедел жәрдем дәрігері ретінде қандай диагноз қоясыз, іс-әрекетіңіз?

    Жауабы: эндометрит, аборттан кейіңгі сепсис болуы мүмкін. Науқасты дереу гинекология бөліміне зембілге салып тасымалдау.
    32. 44 жастағы ереркек, оқыстан ашық канализацияға құлаған. Оң аяқ балтырының төменгі 1/3-ің сүйектері ашық түрде сынған. Хирургия бөлімінде аяқ жарасына біріншілік хиругиялық тазарту жасалып, тігіс салынған. Сынған сүйектерді орнына салу мақсатында, скелетті созу тәсілі қолданған. 2-ші күннің кешінде науқас мазасыздана бастаған. Жарасы қатты керіп, ауырған. Жараға салынған таңғыш аяқты қыса бастаған. Науқаста екі тәулік бойы субфебрильді температура.

    Науқастың жарасында қандай асқыну дамуы мүмкін? Сіз ойлаған асқынудың белгілерін атаңыз.

    Жауабы: науқастың жарасында газды гангрена дамуы мүмкін. Бұл инфекцияға жараның тез арада ісінуі тән. Ол белгіні анықтау үшін, жарадан жоғары және төмен аяққа лигатура салып тексереді. Ісіну кұшее түссе, аяқтағы жібтер теріге кіре бастайды. Келесі белгісі, жараның айналасын пальпациялағанда крепитация анықталуы мүмкін. Жарадағы жібтерді шешіп, жараны тексергенде, ішінде кір-сұр түсті жабындылар байқалады. Бұлшықеттер түсін жоғалтып, пинцетпен ұстағанда ыдырап , өліеттенгені анықталады. Жарадан өте аз мөлшерде қоңыр сұйықтық бөлінеді. Жара шетінен басқанда газ көпішіктері шығады.
    33. Хирургия бөліміне, оң аяқтың негізгі ірі қантамырлары және нервтері зақымдалған науқас түсті. Кезекші хирург тексергенде, жарақаттанған аяқта асқыған газды гангренаның дамығаны анықтады.


    Науқасқа қандай операция жасау қажет? Қосымша ем жүргізу керекпе?

    Жауабы: Аяққа сау жерінен ампутация және аяқтың тұқылы (култя) бойымен, ұзынынан тіліктер жасау қажет. Емдік мақсатпен науқасқа, бактериологиялық диагноз анықталғанға дейін, газды гангренаның қоздырғыштарына қарсы 150.000 антитоксикалық бірлік поливалентті антигангренозды сарысуды (антиперфрингенс, антиэдематиенс және антисептикум әрқайсысы 50000 Х.Б. доза) дәрігердің өзі немесе мейірбике дәрігердің бақылауымен науқастың көктамырына баяу тамшылатып енгізеді. Әрбір 100мл. сарысуды 100 – 400 мл. дене температурасына дейін жылытқан натрий хлордың 0,9 % ерітіндісімен араластырып қолданады. Бактериологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекцияны тудырған қоздырғышқа қарсы сарысумен ем жүргізеді. Оттегін, барокамералар арқылы клиникалық ситуацияға байланысты, операция алдында және міндетті түрде операциядан кейін жүргізеді.
    34. Науқас саяжайда қолқапсыз, оң қолының 3-ші саусағын абайсызда кіші-кірім жаралап алды. 5 күннен кейін температурасы көтеріліп, қолдың бұлшықеттері ауырды. Жұтыну, тамақ шайнау қиындады, жақ бұлшықеттері тырысып, сардоникалық күлкі симптомы орын алды.


    Науқаста қандай асқыну дамыды? Сіздің іс-әрекетіңіз?

    Жауабы: Науқастың жарасы сіреспемен асқынған. Жараға жедел түрде екіншлік хирургиялық тазарту жасап, антисептикрермен жуып дренаждау. Реанимация бөліміне жатқызып, сіреспеге қарсы кешенді ем жүргізу: жалпы наркоз беріп, 2 күн қатарынан, көктамырға 200000 Х.Б. (халықаралық бірлік) сіреспеге қарсы сарысуды, 250мл. изотоникалық натрий хлор ерітіндісіне араластырып енгізу. Сарысудың бұл дозасы кан айналымындағы сіреспе токсиндерін толық жояды. 3-ші күні сарысудың 1/3 дозасын қайталайды. Аурудың қозу кеңінде науқасқа 3 мәрте, адсорбирленген сіреспе анатоксинін 1мл.-ден енгізеді. Бұлшықеттер тырысуын болдырмау үшін, аминазинді седативті, ұйқтататын, десенсибилизациялайтын дәрілер, аналгетиктер, антибиотиктермен тағайындайды. Өте ауыр түрлерінде миорелаксанттар енгізіп, жасанды өкпе вентиляциясы жүргізіледі. Науқасты уақытша есінен айыру үшін азоттың шалатотығы, нейролептиктер, седативті препараттар қолданады.
    35. Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне, 6 сағат бұрын үйінде босанған әйел нәрестесімен жеткізілді. Ана, нәрестенің жағдайлары қанағаттанарлық.


    Сіз гинеколог дәрігер ретінде, ана мен балаға жедел түрде, сіреспеге қарсы сарысу тағайындайсызба?

    Жауабы: Сіреспенің алдын алу үшін, анаға және балаға сіреспеге қарсы сарысу міндетті түрде жасалады. Себебі жүкті әйел үйінде босанған.
    36. 30 жасар науқасқа аппендэктомия операциясы жасалды, соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісі гангренозды өзгерген. Операциядан кейін, іш қуысы түзілген экссудаттан құрғатылды. Экссудат бактерилогиялық зерттеуге жіберілді. Операция соңында іш қуысына түтікше дренаж қойылды, жараға тігіс салынды.


    Осы науқасқа жедел түрде сіреспеге қарсы, арнайы сарысу егілеме?

    Жауабы: науқаста гангренозды аппендицит. Кезкелген тіндердің, мүшелердің гангренасы, некрозында жедел түрде науқасқа, сіреспеге қарсы сарысу егуді тағайындайды.
    37. Аурухананың қабылдау бөлімшесіне, кеуде омыртқаларының ауырсынуына шағымданып науқас жеткізілді. Үйінде 1 сағат бұрын төсектен құлаған. Анамнезінде өкпе туберкулезімен ауырады. Кеуде омыртқаларының рентгенограммасында, 8-9 кеуде омыртқаларының компрессионды сынығына күдік бар.


    Науқаста қандай патологиялық процесс болуы мүмкін?

    Жауабы: Өкпе туберкулезі, туберкулезді спондилит, 8-9 кеуде омытрқаларының патологиялық сынығы.
    38. Емхана хирургінің қабылдауына, оң жақ жамбас буынының ауырсынуына, тізе буынының артқы бетінде ісік пайда болғанына шағымданып науқас келді. Тексергенде ауырған аяқтың сан бұлшықеттері атрофияға ұшыраған, Александров симптомы оң, тізедегі ісікті пальпациялағанда флюктуация анықталады. Хирург ісікті пункциялап ірің алды.


    Хирург қандай қателік жіберді? Пункция алдында қосымша қандай зерттеу жүргізу керек еді?

    Жауабы: хирургтің қателігі тексерусіз пункция жасағаны. Өкпесіне, жамбас буынына рентгендік зерттеу жургізу. Өкпе, оң жақ жамбас буынының туберкулезі анықталған жағдайда науқасты туберкулезді диспансерге жатқызып емдеген дұрыс болар еді.
    39. Хирургия бөліміне 39 жастағы науқас қабылданды. Түскендегі диагноз: Қысылған оң жақ сан жарығына күдік. Анамнезінде өкпе туберкулезі. Тексеру кезінде, сан жарығы шығатын жерде, мөлшері 3×6 см тығыз-эластикалық ісік тәріздес үрдіс анықталды. Палпациялағанда ауырмайды, қозғалысы шектелген. Бетіндегі теріде өзгеріс жоқ. Ауырғанына 4- тәуліктей.


    Сіздің болжам диагнозыңыз? Дәлелдеу үшін қандай зерттеулер жургізесіз?

    Жауабы: Бұл жағдайда, ағымды сан абсцессімен асқынған, төменгі кеуде, бел омыртқаларының туберкулезі болуы мүмкін. Диагнозды нақтылауда кеуде-бел омыртқаларына рентгенография жасаған жөн.
    1   2   3


    написать администратору сайта