Главная страница
Навигация по странице:

  • Организм төтенше және терминалды жағдайларда. 1 сағат

  • Температура әсеріне бейімделіс. Гипоксияға бейімделіс.Жасқа сай өзгерістер. 1 сағат

  • Биоырғақтар. Сыртқы ырғақтарға бейімделу және оның организмге әсері. 1 сағат

  • ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша (1). Хронофизиология жне геронтологияны тадаулы тараулары пні бойынша дрістерді ысаша конспектісі


    Скачать 46.93 Kb.
    НазваниеХронофизиология жне геронтологияны тадаулы тараулары пні бойынша дрістерді ысаша конспектісі
    Дата03.09.2022
    Размер46.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша (1).docx
    ТипКонспект
    #660334
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    Бейімделістің түрлері. Бейімделісті мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің “авария сатысы” ретінде қарайды. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.

    Жеке организм деңгейінде бейімделістің келесі түрлерін ажыратады: туа болған және жүре болған, жеке және қауымдық, жалпы және маманданған, арнамалы, бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық және физиологиялық, соматикалық және психикалық т.с.с.

    Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жүзеге асырылады.

    Физиологиялық бейімделіс деп әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Құрылымдық бейімделістің негізін клеткалық бейімделіс түзеді. Организмніңң фенотипті бейімделісін дара бейімделіс деп те айтады. Жалпы бейімделіс организмнің екі түрлі әсерленісіне байланысты болады. Адамдарға төтенше түрткілер әсер еткенде екі түрлі әсерленіс байқалады. Біріншісі -барабар әсерленіс организмнің арнайы жауаптары арқылы төтенше түрткілердің әсерін әлсіретіп немесе жойып, оның қажетті іс-әрекетін сақтауға бағытталады. Екіншісі – абыржу әсерленісі. Бұл кезінде талдағыштардың түйсіну табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып, адамның еңбңктену қабілеті төмендейді. Абыржу әсерленісінің белсенді және селқос түрлері бар.

    Алайда организм сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі түрткілерімен өзара әрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің бірнеше кезден өтетін бейімделіс әсерленісін қамтамасыз етеді.

    Организм төтенше және терминалды жағдайларда. 1 сағат

    Г.Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мәні бар негізгі жүйелік әсерленіс тек аденогипофиз бен бүйрекүсті безінің гормондарының белсенділігі деп санады. Алайда ол стресс кезінде гормондардың ролін ерекше дәріптегенімен, кейінгі еңбектерінде, бейімделіске басқа механизмдердің қатысатындығын теріске шығарған жоқ. Расында, тітіргендіргіштердің әсері вегетативтік жүйе арқылы әркелкі тканьдерге оның ішінде бүйреүсті безінің боз қабатына жететіндігі дәлелденді. Сөйтіп соңғыларда адреналин мен норадреналинді жұмылдыратындығы анықталды. Ал, басқа жүйке жолдары гипофиздің сыртқы бөлігінде вазопрессинді белсендіріп, қан тамырлары жүйесі мен бүйрекке ықпал жасайды.

    Организмнің стресс әсерленісіне бүйрекүсті безінің тағы бір гормоны – альдостерон қатысады. Ол өзінің әрекетін ренин-ангиотензин жүйесі арқылы жүзеге асырады. Сондықтан бұл әсерленіс кезінде симпато-адреналин жүйесімен байланысты қан айналысы мен су тұз гомеостазына қатысты бүйрек қызметінің көрсеткіштері өзгереді.

    Организмде ышқыну кезінде жаңа жағдайларға икемделудің жалпыланған әсерленістері байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың жиынтығын Г.Селье бейімделістің жалпы синдромы деп атады. Ол 3 сатыдан өтеді: абыржу, төзімділік (резистенттік) және түгесілу (әлсіреу). Абыржу сатысы шок және оған қарсы кездерден тұрады. Шок кезінде орталық жүйке жүйесінде шалық пайда болады, жабырқау, гипотония, гипотермия, мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасуы нашарлайды. Шоққа қарсы кезі қарама-қарсы көріністермен сипатталады.

    Төзімділік - әркелкі зиянды түрткілер әсер еткенде организмнің орнықты күйін көрсетеді, яғни оларға төтеп беретін қасиеті. Бұл оның әсіребелсенділік қасиетін қалыптастырады. Әсіребелсенділік организмнің белсенділіктің қорғаныс және икемделу ісі екендігін айқындайды. Бұл сатыда бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты белсендіріліп, кортикостероидтар көп түзіледі.

    Төзімділіктің арнамалы және бейарнамалы түрлерін жіктейді. Арнамалы төзімділік қоршаған ортаның тек белгілі түрткілерінде ғана байқалады. Ол кейбір жұқпалы аурулардан немесе жасанды иммунизациядан кейін пайда болады. Сонымен бірге ортаның белгілі бір түрткілеріне (биік таулы жерде, суықтыққа, күшті жүктемелерге т.б.) бейімделіс кезінде туады.

    Кейбір тітіргендіргіштер әсер еткенде пайда болатын бейімделіс пен жоғары төзімділік басқа да түрткілерге қарсы байқалады. Мұны айқас төзімділік деп атайды. Алайда кейбір жағдайларда, керісінше, жоғары төзімділікпен қатар, басқа тітіргендіргіштерге айқас өте сезімталдық болуы ықтимал. Бұл айқас сезімделіс (сенсибилизация) деп аталады. Ол организмнің иммундық қасиеті арқылы ішкі және сыртқы антигендерге әсіресезімталдығын сипаттайды. Ойткені арнамалы төзімділік механизмі негізінен иммунитет аарқылы жүзеге асырылады.

    Организмнің бейарнамалы төзімділігі деп оның табиғатты әралуан көптеген түрткілердің төтенше әсерлеріне тұрақтылығын айтады. Бұл ғарышкер, ұшқыш, сүңгушілердің орасан жүктемелері кезінде байқалады. Бұл төзімділіктің шығу механизмі өте күрделі, толық анықталған жоқ. Алайда организмнің зиянды әсерлеге жауаптары, ол іс жүзінде асырылатын деңгейіне қарамастан, біртұтас жүйенің әсерленісі түрінде қалыптасады. Ол басқа ағзалар мен тканьдерге өз ықпалын жүйкелер мен сөліністік жүйелер арқылы жеткізеді. Әсіресі Л.А.Орбели бұған симпатикалық жүйкенің қатысатындығын, оның бейімделу-нәрлендіру (адаптациялық-трофикалық) ықпалын жеткілікті дәлелдеді.

    Жалпы сезімделіс немесе төзімделіс кезінде, алдағы жаңаша тіршілік жағдайларының сипатына қарай, адам мен жануарлар организмінің құрылымдық қалпын қалыптастыруда нейро-гуморальдық реттеуші жүйке жетекші болып саналады.

    Организмнің бейімделіске даярлығы, оның бірнеше рет икемделуі кезінде немесе арнайы машықтануы арқасында бейімделген механизм қасиеттеріне байланысты. Осыған орай, қоршаған ортаға бейімделу қабілетіне сәйкес адамдарды екі топқа бөледі. Бірінші тобын спринтерлер -“шапшаңдар” деп атайды, екіншілер – “стайерлер” деп аталады.

    Негізінде организмнің бейімделіске даярлығын және оны нәтижелі жүзеге асыруын, яғни бейарнамалы төзімділігін нығайтатын көптеген маңызды түрткілер бар. Олардың қатарына ұтымды тамақтану, белгілі режим, бейімдеуші дәрі-дәрмектер, дене шынықтыру және машықтану, биологиялық ырғақтар жатады. Сондықтан бейімделіске толық даярлық гено- және фенотиптік түрткілерге негізделіп, бейімдеуші және гомеостатикалық механизмдер арқылы қалыптасып, жетіледі.
    Температура әсеріне бейімделіс. Гипоксияға бейімделіс.Жасқа сай өзгерістер. 1 сағат

    Организмнің күнделікті тіршілік жағдайында қоршаған ортаның факторларына жауап беру және функцияларының жұмысын өзгерістерден сақтап қалу әрекетін жүзеге асырады.

    Организм қоршаған ортаның температура өзгерістеріне әртүрлі бейімделеді. Адам суық жерлерде немесе тоңазытқыштарда жұмыс істегенде, алғашқы кезде оның организмінің жылу өндіруі тиімсіз, орасан көп, ал жылу шығаруы әлі де жеткіліксіз болады. Кейін жылу өндіру мен жылу шығару процестері теңестірілеп бейімделістің тиянақты кезі қалыптасады. Сөйтіп бұл адамның өзіне тән температуралық режимі пайда болады. Мұнда бейарнамалық бейімделіс құбылыстарымен қатар, суықты қабылдауды бейімдейтін және дене температурасының белгілі ырғағын жасайтын арнайы механизмдер қатысады.

    Олардың ішінде, Кеннонның деректері бойынша, суық тітіргендіргіштер әсер еткенде, бүйрекүсті безінің ми қабатында катехоламиндер көп өндіріледі. Кейін қалқанша бездің тироксин гормоны белсендіріледі. Бұлар

    Катаболизмді, липолизді күшейтіп, жылу өндіруді ұлғайтады. Оған АКТГ мен глюкокортикоидтар қатысады. Мәселен, адам солтүстік ендікке мекен ауыстырғанда, алғашқы кезде жылу өндіру мен жылу шығарудың тепе-теңдігі байқалмайды. Көбінесе жаңа жағдайға тиянақты икемделу үшін жылу өндіру ерекше орын алады. Жалпы энергия шығынын азайтып, жылу гомеостазын тұрақты сақтау үшін ОЖЖ-нің нәрлендіру әрекет төмендейді. Температуралық талдағыштың суыққа сезімталдығы әлсірейді, өкпе желдетілісі азаяды, оттегін пайдалану жеңілдейді, артериялық қан қысымы төмендейді. Кейде бейімделіс кезінде адам тез шаршайды, жиі ентігеді, психикалық әсерленісі өзгереді. Мұндай синдромның пайда болуына жоғары қарқынды ғарыштық сәулеленіс әсер етеді. Кейбір адамдарға нашар даярлықтан және бейбарабар психофизиологиялық жүкмегелерге төзе алмағандықтан бейімделісі бұзылады. Мұны “полюстік ауру” дп атайды.

    Балалардың температуралық өзгерістерге әсерленісі жас кезеңдеріне

    сәйкес жетіледі. Алғашқы балалық шақта олар жоғары температурадан гөрі салқындықты жақсы көреді. Бұл олардың жылу реттелісінің толық жетілмегендігін көрсетеді. Өйткені балалардың осы жас кезеңдерінде жылу реттелуі, терісінің құрылысы, оның тамырлануы, жете қалыптаспайды. Сондықтан тері бездерінің саны жеткілікті болғанымен, терлеу әсерленісі организмнің жылу шығаруын толық қамтамасыз етпейді. Жас ұлғайған сайын терлеу күшейе түседі. Балалар өмірінің алғашқы айларында тер әрі суықтық, әрі жылылық тітіргендіргіштерге бірдей шығады. Бір жасқа дейінгі

    балаларда, үлкендерге қарағанда, ішінара рефлекстік терлеу өте жоғары температурада байқалады. Сонымен бірге балалардың дене аумағы мен салмағының арақатынасы үлкен болғандықтан, организмнің жылу шығаруы қарқынды өтеді.

    Балалық шақта басталған климатқа бейімделіс өте тиімді және орнықты болады. Өйткені жас оргаизм, оның тектік аппараты бейімделістің өте зор және жан-жақты құрылымдық негізін жасайды. Әрине бұл үшін балалардың қалыпты тұлғасын, жүйке-психиканың дамуын, жоғары иммуналық әсіребелсенділігін қамтамасыз ететін, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар жасалуы тиіс.

    Жоғары температураға икемделу суыққа бейімделу тектес болады. Алайда мұнда организмдегі өзгерістер суықтыққа қарағанда басқаша, қарама-қарсы болып келеді. Бұл ретте бейімделістің бастапқы кезі тыныс, жүрек соғысының жиіленуінен басталады. Организмде қан мөлшері қайта бөлініп, ішкі ағзаларда ол азаяды да , сыртқы дене бетінің тамырларында қан ағымы жеделдейді. Ол денеден тердің көп шығуына әкеп соғады, жылу шығымы ұлғаяды. Сонымен жылу өндіру бәсеңдейді. Ал бейімделістің тиянақты кезінде бұл әсерленістер мөлшерленіп, үйлесімді келеді, тыныс, қан айналыс жүйелері тұрақты қызмет атқара бастайды. Дегенмен әртүрлі жүйелерде байқалатын бейімдеуші өзгерістермен қатар көптеген физиологиялық ауытқулар кездеседі. Әсіресе жылу рецепторларының қозғыштық қабілеті төмендейді. Сондықтан кейбір бейімделістік әсерленістер әлсірейді. Энергия шығыны азайғандықтан, организм көп тамақ қажет етпейді. Өйткені ас қорыту жүйелерінің сөлінісі азайып, адамның аштық сезімі білінбейді.

    Организм жоғары температураға су-тұз алмасуын реттейтін эндокриндык жүйелер арқылы икемделеді. Антидиурездік (АДГ) гормонның сөлінісі белсендіріледі. Себебі көп терлегендіктен, органимзде су мөлшері азаяды, ал осморецепторлар арқылы гипоталамусқк мол ақпарат жеткізіледі. Сөйтіп АДГ бүйрекке әсер етіп

    Судың қайта сіңірілуін күшейтеді де диурезді тежейді.

    Сонымен қатар бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында минералокортикоидтар (альдостерон) көп түзіледі. Мұндай сөліністі тер арқылы жойылған натрийдің мөлшері демеп отырады.

    Сөйтіп, тканьдердегі тотығу құбылыстарының белсенділігі төмендеуі, жылу шығаруының күшеюі, су-тұз алмасуының балансы мен гормонд реттелудің режимдері тиянақты жылулық бейімделісті қамтамасыз етеді.

    Балалар организмнің тропикалық ыстық жайларға бейімделісі тұралы ғылыми мәліметтер аз. Дегенмен, балалардың денесін қатты қыздырудың олардың суыққа шалдықтырудың қатері кем емес. Өйткені балаларды ауа райына сәйкес киіндірмеу, ыстық бөлмелерде өте тұмшалау олардың денесін қатты қыздырады, жиі терлетеді, содан қан айналысы мен су-тұз алмасуы бұзылады. Балаларды орасан қыздыру жылылық соққыға немесе шоққа, орталық жүйке жүйесінің және маңызды ағзалар қызметінің өзгеруіне әкеліп соғады.

    Қоршаған ортаның қолайсыз температура жағдайларында узақ уақыт болу, балалардың жылу реттелуі мен өосалқы мүмкіндіктерін әлсіретеді. Соның

    Салдарынан олардың дене температурасы не көтеріліп, не күрт төмендеп кетеді. Мұндай күйлер шала тұған немесе дамып жетілмеген нәрестелерде жиі кездеседі.Жалпы балалардың температура өзгерістеріне икемделуі олардың психоэмоциялық күйіне байланысты болады. Сондықтан балаларды суықтықтан және аса қызынудан сақтаумен бірге оларды шынықтыру әдісі үнемі қолданылып отырады.

    Организмде оттегінің тапшылығы бірнеше жағдайларда кездеседі. Кейбір дерттерде тканьдердің оттегін пайдалану қабілеті нашарлайды. Гипоксия қан

    клеткаларының тканьдерге оттегін жеткізу қабілеті әлсірегенде эритроцит немесе гемоглобин азайғанда, қан айналысы бұзылғанда немесе тыныс жүйесінің қызметі нашарлағанда болады. Организм ауадан оттегін аз қабылдаған жағдайда да гипоксия байқалады. Бұл желдетілмеген бөлмелерде ұзақ уақыт отырғанда немесе биіктікке, не тауға көтерілгенде оттегінің үлесітік қысымы төмендегенде кездеседі. Мұндай жағдайларда организм оттегінің аз мөлшеріне бейімделуге мәжбүр болады.

    Үлестік қысым төмендегенде пайда болатын гипоксия күйі теңіз деңгейінен белгілі бір биіктікке көтерілгенде білінеді. Бұл кездегі гипоксияға бейімделіс әртүрлі болады. Егер оттегінің үлестік қысымы күрт төмендесе бейімделістің бастапқы кезі тканьдерге оттегі тым жетіспегендіктен , өте айқын көрінеді. Гипоксия алдымен тыныс және қан айналысы жүйелеріне қатты әсер етеді. Қан ағысы өте жылдамдайды. Жүректің соғуы 120-130 мин дейін жиілейді. Қан қысымы да өзгерістерге ұшырайды. Қан деподан шығып, оның айналымдағы мөлшері молайтады.

    Биіктікте ұзақ болған жағдайда, бейімделістің тиянақты кезі туады. Ол кезде тканьдегі энергия шығынын қадағалайтын механизмдер тиімді келеді. Эритроциттердің саны 8.1012-ге дейін өседі, өйткені оны гипоксияның әсерінен бүйректе және басқа тканьдерде эритропоэтиндер демеп отырады. Тканьдегі тотығу процестері жеңілдейді. Оттегі клеткаларға оңай беріледі де ол бұл жағдайларда ұтымды пайдаланылады. Жалпы тканьді оттегімен жабдықтау үшін олардың тамырлану қарқыны, гистогематикалық өткізгіш қабілеті, оттегінің эритроциттен шығғу жылдамдығы, клеткаларға өту, пайдалану кинетикасы және ферменттік жүйелердің белсенділігі әсер етеді.

    Организм гипоксия жағдайында өзінде бар оттегін тиімді пайдалануға икемделеді. Жұмыскер мүшелерді қанмен ерекше жабдықтау, оттегін ткань-қан тосқауылдардан жедел жеткізу және тасымалдау, оттегі берілуінің жылдамдауы арқылы жүзеге асырлады. Сонымен бірге ферменнтік жүйелердің белсендірілуі де ықтимал. Әрине, мұндай жағдай өтеміс механизмдердің іске қосылуынан туады.

    Организмнің қорғаныш және икемделу әсерленісін жасайтын түрткілердің қатарына оттегі тапшылығымен бірге СО2 мөлшері жатады. Қалыпты жағдайларда дене жүктемелері кезінде гипокия мен гиперкапния бірге үштасып отырады. Ал, қимылсыз жағдайда, оттегінің үлестік қысмы төмендегенде, мәселен, тауға көтерілгенде, гипоксия мен гиперкапния қатар байқалмайды. Мұндай жағдайларда газ алмасуы мен энергия шығынын теңестіретін барабар өтеміс әсерленістерді іске қосатын көмір қышқылы газының аздығы білініп тұрады. Өйткені ол тканьдерге оттегімен жеткілікті түрде жабдықтау үшін, тікелей және рефлекстік жолмен бүкіл қосымша жүйелерді үнемі белсендіріп отырады. Осы себептен, тау ауруы деп аталатын дерттік ауытқулар пайда болады. Оған адамдардың жеке ерекшеліктері ықпалын тигізеді.

    Тау ауруының сиптмдары лоқсу, құсу, ас қорытудың бұзылыстары, бас ауруы, дене және ой еңбектерінен тез қажу, жабығу түрінде кездеседі. Физиологиялық ауытқуларға тыныс және пульс ырғағының өзгерістері, жүктемелерден соң тез қажу, ұйқының бұзылыу жатады.

    Алайда көптеген зор биіктіктегі қалаларда, тауда тұратын адамдар тумасынан гипоксияға бейімді келеді. Өйткені таулы аймақтың тұрғындарында зат алмасудың ерекше түрлері қалыптасып, ұрпақ қуалайтын дәрежеге жетеді. Мұны акклиматизация яғни тиянақты бейімделіс деп атайды. Мұндай жағдайларда бейімделу өте күрделі болады. Өйткені гипоксиядан басқа, төмен барометрлік қысым, жоғары сәуле, климат және географиялық түрткілер қоса әсер етеді. Олар адамдардың таудағы астрономиялық, метеорологиялық стансаларындағы еңбек пен тұрмыс режимдеріне, салттарына белгілі ықпал жасайды. Сондықтан бұндай адамдарды емдегенде немесе шынықтырғанда мұқият ескерілуі тиіс.

    Балалар организмінің тау биіктігіне бейімделісі әлі де аз зерттеліп отыр. Дегенмен, биік тауларда тұған балаларда брадикардия 4-7 жасқа дейін оң жақ жүректін әсірежүктемелері, капиллярдың жоғары өткізгіштігі байқалады. Осы өзгерістердің арқасында организм тканьдерді оттегімен тиімді жабдықталып, энергия шамалы шығындайды. Тау тұрғындарының эритроциттері қалыпты мөлшерде болғанымен, олардың оттегіне сыйымдылығы өте жоғары болады.

    Балалар организмінде тотығу процестері үдемелі келеді. Тыныс және қан түзу органдарының қосалқы әрекеттері шамалы. Сондықтан олардың биік таулы жағдайларға бейімделісі өте күрделі және ұзақ уақытқа созылады. Мұны жүзеге асыру жеткілікті сақтықты және дәйектілікті талап етеді.
    Биоырғақтар. Сыртқы ырғақтарға бейімделу және оның организмге әсері. 1 сағат

    Адам организмі ұзақ уақыт ұшу немесе жолаушы шығу жағдайларында күн мен түннің алмасу оралымына ылғи икемделіп отыруға мәжбүр болады. Организм уақыттық белдеулерді қиып өткендігі тұралы мәліметті Жердің магнит және электр өрісі ықпалынан қабылдауы да ықтимал.

    Қазіргі кезде трансмеридиандық көшулер жиі кездеседі (вахташылар, ғарышкерлер, ұшқыштар, спортшылар т.б.). Мұндай жағдайларда организм ағзалары мен жүйелеріндегі физиологиялық ырғақты әсерленістердің өзара әрекеттесуіндегі ауытқуларын десинхронизация деп атайды. Бұл күй организмнің бейімделуіне қолайсыз әсер етеді: бас ауруы, ұйқысыздық байқалады, назар, жұмыскерлік төмендейді, ас қорыту бұзылады, ентігу пайда болады

    Көптеген зерттеулер бойынша, тәуліктік кезеңнің өзгерістеріне бейімделіс орталық жүйке жүйесі, талдағыштар, ішкі без сөлінісі ырғағына байланысты қалыптасатындығы дәлелденді. Олар организмде жылу өндіру, зат пен энергия алмасу қарқынын, жүйелер, ағзалар мен тканьбер іс-әрекетінің белсенділігін сәкестіріп өзгертеді.

    Жаңа тәуліктік ырғақтырға жедел бейімделуге жоғары дәрежелі әрекеттік даярлық пен үйреншікті қимыл режимін сақтау көп әсер етеді. Мұны әртүрлі халықаралық спорт сайысына қатысушылардан байқауға болады. Жылжытылған еңбек пен тынығу режимдерінде биоырғақтың қайта құрылуы үщ сатыдан өтеді: әуелі бірнеше тәулік юойы үйреншікті ырғақ сақталады, содан ол көзге көрінерлік қайта құрылған ырғаққа алмасып, кейін ақырғы бейімделіске тіреледі. Жаңа жерлерге келгенде тиянақты бейімделіс 8-10 күннен кейін қалыптасады.

    Адамның әркелкі биоырғақ кезеңінде, оның бейімделіс және жұмыскерлік қабілетіне ықпалы тиетін, жоғары немесе төмен әсіребелсенділігін ескерген жөн. Клиницистердің байқауынша, организмнің жалпы төзімділігінің маусымдық тербелісіне сәкес кейбір аурулар жылдың белгілі айларында асқынады.

    Жануарлардың уақытты түйсінуі және оның өзгерістеріне икемделу тек биологиялық заңдылық. Ал адамдарда, бұл сапасы жағынан алғанда, ерекше. Олардың мерзімдік бейімделісі ақыл-ой қабілетіне, кісілік қадыр-қасиетіне байланысты. Бұл, әрине, қоғамдық, әлеуметтік, тұрмыс жағдайларында қалыптасады.

    Сондықтан организмнің сыртқы уақыттық өзгерістерге толық икемделуіне оның өзінің қалыптасқан биоырғақтары, яғни жеке ерекшеліктері ықпалын тигізеді. Осыны ескеріп, қазіргі кезде, жұмысына байланысты сағаттық поясты жиі қиып өтетін адамдарды кәсіби іріктеуден өткізу қолға алынып отыр.

    Адам өзінің тіршілік жағдайында ортаның басқа да төтенше түрткілеріне бейімделіп отырады. Олардың ішінде геофизикалық (магнит өрісі, салмақсыздық, жоғары қысым), метеорологиялық түрткілер, психогендык жағдайлар тағам мен су тапшылығы, ақпарат жетімсіздігі, қарқынды еңбек, гиподинамия т.б.

    Сондықтан организмнің бейімделіс тәсілдері мен механизмін зерттеу бұл күндері өзгеше орын алуда. Шығыс және солтүстік аудандарға қоныстау, Арктика мен Антарктиданы игеру, таулы, шөлейт мекендерді жайлау, мұхиттарды игеру үшін тереңдікке түсу, жаңа мамандық меңгеру кеңінен таралып отыр. Мұның барлығы, адам жаратылысының бүкіл талаптарын қанағаттандырарлық, оның тіршілігін қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау, денсаулығын сақтау және жақсарту үшін физиология ғылымының алдына мүлдем жаңа мақсаттар мен сауалдар қояды. Сол мақсаттарды жеткілікті зерттеп барып, толығынан шешуге болады.

    Соңғы жылдары адамдар қоршаған ортаға жауапкерсіздіпен қарауға болмайтындығын түсінді. Олар табиғатқа адамның бүлдіруші әрекеттерінің зардаптарын өте-мөте ескертуге мәжбүр болды. Осы айтылғандардың айғағы ретінде Арал, Балқаш т.б. мекендердің қасіреттерін келтіруге болады. Сөйтіп табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, биосфераның экологиясын сақтау шараларын жасау мен жүзеге асыру айрықша жолға қойылды.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта