Главная страница
Навигация по странице:

  • Гиподинамия. Иондаушы сәлеленудің организмге әсері. 1 сағат

  • Амалсыз және зорлаумен пайда болған гиподинамия

  • Жергілікті гиподинамия

  • Гиподинамия синдромы

  • ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша (1). Хронофизиология жне геронтологияны тадаулы тараулары пні бойынша дрістерді ысаша конспектісі


    Скачать 46.93 Kb.
    НазваниеХронофизиология жне геронтологияны тадаулы тараулары пні бойынша дрістерді ысаша конспектісі
    Дата03.09.2022
    Размер46.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша (1).docx
    ТипКонспект
    #660334
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    Әлеуметтік бейімделіс және қартаю.. Жоғарыда келтірілген деректер бойынша адам мен қоршаған орта арасындағы байланыстың маңызды механизмінің көрсеткіші – оның биологиялық, әлеуметтік және психологиялық бейімделісі. Басқаша айтқанда, адамның өзі мекендейтін айналаны үнемі өзгерте отырып, оның құбылмалы ауытқуларына бейімделуі. Сонымен бірге адамның сыртқы ортаны, яғни биотехносфераны, озінің қажеттілігіне икемдеуінің маңыздылығы да кем емес.

    Адамның әлеуметтік беәімделі жағдайын және нақтылы механизмдерін зерттеу арқылы қолайлы экологиялық түрткілерді анықтауға болады. Адам бейімделісі тек биологиялық құбылыс емес, ол әлеуметтік тұрғыдан анықтауды талап ететін жаңа сапа. Сондықтан адам бейімделісінің өзгешелігін ғарыш, метеорология, өнеркәсіп, тұрмыс, әлеуметтік-гигиеналық немесе басқа айқындамалар арқылы бағалайды. Яғни, әлеуметтік және биологиялық бейімделіс өзінің мәні, амалдары, сипаты, ұйымдастыру түрі жағынан бір-бірімен сәкес келмейді. Алайда адам организмінде байқалатын тіршілік негіздері мен әсерленістерінің ырғақтары және қарқындары, өндіріс процестері мен табиғи ортаның оралымдарына барабар келеді. Бұлар сәкес келмеген жағдайда әлеуметтік дизадаптация пайда болады.
    Гиподинамия. Иондаушы сәлеленудің организмге әсері.

    1 сағат

    Гиподинамия – дене қимылдың шектелуі және қимыл белсенділігінің интенсивтігінің төмендеуі. Бұл жағдай организмнің физиологиялық жүйелерінің өзгерістеріне келтіреді. Гиподинамия мен гипокинезия екеуі синоним . Адинамия деп дене қимылының шекті деңгейін айтады. Бұндай жағдай кейбір ауру кездерінде кездеседі немесе миорелаксанттарды пайдаланғанда. Олар нервтен бұлшық еттерге импульстердің тарауына кедергі жасайды.

    Гиподинамия адам организмға түрлі әсер етеді. Гиподинамия екі түрге бөлінеді: созылмалы және жіті гиподинамия. Әр қайсысы өзінше даму динамикасымен өтеді. Сонымен қатар жалпы және жергілікті гиподинамияны ажыратады. Клиникалық жағдайда гиподинамияның екі түрі болады – мәжбүрленген (амалсыздан) және зорланған.

    Созылмалы (хроникалық) гиподинамия. Күнделікті қимыл әрекеті төмен деңгейімен сипатталады. Ол жұмыстың ерекшелігіне байланысты. Жұмыс орнында аз қимылдау, копнесе отырып істейтін жұмыстарға байланысты. Күнделікті физиологиялық өзгерістер айтарлықтай көзге көрінбейді. Бірәқта, соңында физиологиялық функциялардың қызметі төмендейді және оларды реттейті механизмдердің де бұзылыстарының белгілері пайда болады. Ұзақ уақыт гиподинамияның көріністері: бұлшықеттер талшықтарының және моторлық нейронлардың атрофиясы мен дегенеративтік өзгерістері. ОЖЖ макромолекулардың алмасуы төмендейді. Гиподинамия кезінде РНК-ң саны азаяды. Бірақта оның концентрациясы өзгермейді негедесек нерв клеткаларының пішіні кішірееді. Ет талшықтары жіңішкелейді, гликоген мөлшері оларда азаяды. Энергия реакцияларының интенсивтілігі төмендеуімен байланысты митохондриялардың саны азаяды. Ет талшықтарының арасында май пайда болады. Афференттік ақпараттың интенсивтілігі мен көлемі азаяды. Дене қимыл үйлесімі бұзылады, күші төмендейді. Адам жігерлігі төмендейді, функционалды тапшылық, ауырсыну – осылардың барлығы дене қимылын оданбетер ұлғайтады. Өте-мөте аталған белгілер күшейеді егерде жұмыс орнында бір позамен отырса немесе жұмыс орны тар бөлмеде болса.

    Бұлшық еттердің әлсіреуі қан айналыс, ас қорыту, тыныс алу жүйелеріне әсер етеді.

    Гиподинамияның әсері бұындарға да әсіресі синовиалды қабығына. Бұын ішіндегі сұйықтық азаяды сондықтан бұындар өзінің ептілігін жоғалтады. Кейбір ет талшықтарында контрактура пайда болады.

    Гиподинамия кезінде катаболизм процестері төмендейді, энергия шығыны азаяды, тотығу реакциялардың интенсивтілігі төмен. Қанның құрамында көмірқышқылы, сүт қышқылы және басқа метаболизм процестерінің заттарының мөлшері төмендейді. Бұл заттар қалыпты жағдайда тыныс алуды және қан айналымды стимулдайды. Гиподинамия кезінде жүректің соғу күші төмендейді, минуттік көлемі азаяды, жүрек етінің жұмысы нашарлайды, жалпы массасы азайғаннан жалпы жұмысы нашарлап әлсірейді.

    Гиподинамия физиологиялық процестерінің тәуліктік ырғағына әсер етеді. Тәуліктік температура ырғағы, зат алмасу интенсивтілігі, қан айналыс, тыныс алу процестерінде өзгерістер байқалады. Қан тамырларында да өзгерістер пайда болады. Гиподинамия кезінде жүректен шыққан қанның көлемі азайғанынан айналымдағы қанның колемі де азаяды (қорда ұсталып қалады), сондықтан капиллярларда тұрып қалады. Артериалды тамырлардың тонусы нашарлайды. Вена тамырларының тонусы солайақ төмендейді. Бұның нәтижесінде қан қысымы төмендеп клеткалар мен ұлпалар оттегі жеткілікті мөлшерде пайдаланаалмайды.

    Капиллярларда қан іркілуі тамырлардың қабырғасынынң су мен электролиттерге өткізгіштігін жоғарлатады. Олар тканьге шыға бастайды. Организмде ісіну пайда болады әсіресі аяқтарда. Лимфа агымы баяу жүреді неге десеңіз оның жылдамдылығы еттердің жұмысына байланысты, гиподинамия кезінде әлсіреген бұлшық еттердің жиырлуы төмендейді. Ортосатикалық тұрақтылық бірден бұзылады.

    Тыныс алу жүйесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды өкпенің желденуімен қатар. Бауырдың қызметі әсіресе зиянсыздандыру қасиеті төмен. Бауырда қан айналыс нашар жүреді, ішектердің капиллярларында қан қысымы көтеріледі. Ішектегі сіңу процестері бұзылады – төмендейді. Жалпы ас қорыту жүйесінің қызметі баяу жүреді де соңында бұзылыстарға акеп соғады. Полиурия орын алады (АДГ үндеуі төмендегеннен). Зат алмасу процестерінің барлық түрлері –белок, көмірсулар, майлар, су-тұз алмасу бұзылыстарға ұшырайды.

    Ең көрінетіні гиподинамия кезіндегі дене салмағының көбеюі. Дене температурасы да біраз төмендейді. Кезеген нервтің тонусы төмендейді.

    Сонымен гиподинамия бүкіл организмге өте қауыпты жағдай десек болады.

    Жіті гиподинамия табан астында және ұзаққа созылған жағдайда туады.

    Біріншіден нерв жүйесінің қызметі өзгерістерге ұшырайды. Қан айналыс жүйесі, тныс алу жүйесі т.б. физиологиялық жүйелерде ерекше өзгерістер пайда болады. АҚ, ЭКГ өзгерістері, жүректің соғу жиілігі, физикалық жүктемеге қабілеттілік төмен, гипоксияға, температурлық өзгерістерге, инфекицияларға тез берілетін болады.

    Амалсыз және зорлаумен пайда болған гиподинамия. Амалсыздан (еркіндіксіз) гиподинамия бір қатар аурулармен сипатталанады – сал, естен тану, кататония (психикалық бұзылыс, алдымен қызбалану сонан кейін сіресіп, мелшиіп қалу - ступор), бірден бұлшық еттердің әлсіреуі, нерв-бұлшық еттің өткізгіштігі, сүйек туберкулезы т.б.

    Жергілікті гиподинамия – локальды – бір топ бұлшық еттердің амалсыз қимылы төмен болса пайда болатын түрі. Гипс белдемесін қолданғанда, нерв жолдары зақымданғанда т.б. Атрофия мен алмасу процестерінің белгілері пайда болады.

    Гиподинамия синдромы - әртүрлі гиподинамиясы кезіндегі түрлі ағзалармен жүйелердегі өзгерістердің белгісі. Гиподинамияға қандай фактор себепші болмасын теріс эмоциялардың әсері бұл жағдайда өте маңызды, психикалық стресс деп атайды. Гиподинамия кезіндегі болатын әртүрлі ауытқұлар организмнің басқа қолайсыз жағдайларға, факторларға тұрақтылығы, төзімділігі төмендейді. Жалпы гиподинамияның организмге әсері өте қауыпты.

    Иондағыш сәлеленудің жалпы қасиеті сәулеленген ортаға өтіп оны иондайды. Бұған жататын рентген сәулесі мен Y- сәулесі т.б. Иондағыш сәулелер сыртқы ортада немесе ішкі ортада болады. Ішкісіндегісі өте қауыпты деп есептелінеді. Иондағыш сәулесінен белоктар, липидтер, ферменттер, нуклеин қышқылдары замқымданады. Егерде ДНК-ға әсері тисе онда тектік коды бұзылуы мүмкін.

    Иондағыш сәулесінен клетканың ішінде биологиялық процестерінің ағуы бұзылысқа ұшырайды. Хромосомалық және гендық мутациялар орын алып клетканың тектік қасиеттерін бұзады. ДНК-ң түзілуі, спецификалық белоктардың қасиеттері, клетканың болінуі біртіндеп бұзылыстарға ұшырайды. Клетка ішіндегі мембраналардың - ядро, митохондриялар, лизосомалардың жалпы биологиялық қасиеті мен функциялары бұзылады.

    Организмнің функцияларыныңң бұзылуы – симптомокомплекс деп атайды. Ең біріншіден қан түзілу мен қан жүйесі зардап шегеді. Барлық формалық элементтердің саны азаяды, функционалдық құнсыздық орын алады. Сәулеленудің әсерінен бірінші сағаттарда лимфопения, кейінрек – гранулоциттердің, тромбоциттердің, эритроциттердің жетіспеушілігі байқалады.

    Иммундық реактивтіліктің төмендеуі. Фагоцитоздың төмендеуі, антиденелердің түзілуі тежеледі. Ауру адам пневмониядан қайтыс болады. Сәледен зардап шеккен адамдардың белгісі геморрагиялық синдромы. Қан тамырлардың өткізгіштігі өзгеріп көптеген заттарды сыртқа, ұлпаға, шығаруға қабілеті жоғарлайды. Эндокринды жүйесі алдымен активтілігін жоғарлатып кейіннен функциялары тежеліп басылады.

    Сәулеленуден зақымданудың негізінде ферменттермен биологиялық активті заттардың қызметінің бұзылуы, жалпы клеткаларға қатты әсер ететінінен болатын жағдай.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта