Главная страница
Навигация по странице:

  • Өмір сүруді ұзарту.

  • Хейфлик лимиті. Хейфлик лимиті немесе шегі -сомалық клеткалардың бөліну санының шегі (Леонард Хейфлик ұсынған). 1965 ж .

  • Гомеостаз тұралы ілім.

  • Организмнің ішкі ортасы.

  • Қан жүйесі -организмнің ішкі ортасы

  • Организм және қоршаған орта. Бейімделу реакциялары.

  • Стресс және бейімделу.

  • ГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша (1). Хронофизиология жне геронтологияны тадаулы тараулары пні бойынша дрістерді ысаша конспектісі


    Скачать 46.93 Kb.
    НазваниеХронофизиология жне геронтологияны тадаулы тараулары пні бойынша дрістерді ысаша конспектісі
    Дата03.09.2022
    Размер46.93 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГЕРОНТОЛОГИЯ қазақша (1).docx
    ТипКонспект
    #660334
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    Адамның қартаюы.


    Адамның қартаюы –бара бара деградацияға ұшырайтын биологиялық процесс.қартаю процесінің физиологиясы басқа сүтқоректілерге тәң, айтайық, ақыл-ой қабілеттілігін жоғалту адамғ үшін өте маңызды. Сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік және экономикалық эффектілері бөлек орын алады. Қартаю (биологиясы). Қартаю психологиясы.Мидың жұмысының өзгерістері. Окуға қабілеттілігінің төмендеуі.

    Әлеуметтік аспектілері. Денсаулықты сақтап қорғау.

    Өмір сүруді ұзарту – биомедициналық геронтология


    • . Биологиялық процестерінің дамуында жыныстық ерекшелердің маңызы зор. Жыныстық ерекшеліктер өмірдің ұзақтығына әсер ететіндігі адам баласында ғана емес жануарларда да белгіленеді; олардың әсері көптеген аурулардың дамуында және жиілігінде байқалады. Ер адамдарда атеросклероз ауруы ертерек басталады, жүрек пен мидың қанмен қамтамасыздануы нашарлайды. Инфаркт ерлерде 40-49 жаста әйелдерге қарағанда 7 есе жиі кездеседі, 50-59 жас арасында 5 есе, ал 60 жастан ары 2 есе.Жыныстық ерекшеліктердің өмір ұзақтығымен байланысының себептері конституция, нейрогуморальдік реттелу, гипоталамо-гипофизарлық аймағының ерекшеліктерінде жатыр. Сондықтан оларды бір ғана факторға келтіруге болмайды.

    • Бұл мәселеде жыныстық гормондардың маңызы ерекше. Ерлерде андрогендер түзіледі, ал әйелдерде – эстрогендер. Эстрогендердің қорғаныстық ролі бар. Бұл жағдай ерлерде де байқалады неге десек эстрогендер олардада аз мольшерде түзіліп шығарылады. Тәжірибелі түрде және клиникада эстрогендердің бір қатар аурулардың «жүмсақтау» өтетінін көрсетілген.

    • Өмір сүру ұзақтыгынада генетикалық аппаратының орыны ерекше екені бәріне мәлім.

    • Организм және қоршаған орта.


    Өмір сүруді ұзарту.

    • Көптеген геронтологиялық зерттеулер адам өмірін ұзарту мәселеге арналған – биомедициналық геронтология деп аталады. Медициналық көмекті жақсарту, білікті білімді мамандарды дайындау, өмір сүрудің деңгейін көтеріп жақсарту. Өмір сүрудің сапасын көтеру бір неше факторларға байланысты. Айтайық, дұрыс тиімді тамақтану яғни диеталарды қолдану, экологиялық жағдайды жақсарту, дене шынықтыру т.б.

    • Қартаюды баяуландыру және өмір ұзақтығын көбейту үшін көптеген стратегиялар бар. Диетада 50% калорияларын төмендету мен қатар оның биологиялық құндылығын сақтап қалу. Бағаналы клеткаларды қолдану, трансплантация әдістерін жанама мүшелерді және арнайы өсірілген ұлпаларды зақымданған мүшелер мен ұлпалардың орнына қондыру, гормональды терапия, антиоксиданттарды т.б. әдістерді кеңінен қолдану.

    Хейфлик лимиті.

    • Хейфлик лимиті немесе шегі -сомалық клеткалардың бөліну санының шегі (Леонард Хейфлик ұсынған).

    • 1965 ж . Хейфлик клеткалық культурасында клеткаларды 50 рет бөлінгеннен соң өлгенін және де қартаю белгілері сол шегіне жақындағанда көріне басталғанын байқаған.

    • Айтылған шек барлық дифференциалынған адам және жануарлар клетка культураларында табылған.Адам клеткаларының көбісінде Хейфлик шегі 52 рет бөлінуге тән.

    • Хейфлик шегі теломерлердің (хромосомалардың үшіндегі орналасқан ДНК учаскілерінің) қысқаруына байланысты. Егерде клеткада активті теломераза болмаса сомалық клеткалардың көбісіндей онда клетканың әр бөлінуінде теломераза қысқарады неге десеңіз ДНК-полимераза ДНК молекулаларының үшінің репликациялануына қабілеті жоқ. Белгілі рет бөлінген соң теломераза толық жойылып кетеді, клетка белгілі бір клетка циклында тоқтап қалады да немесе апоптоз бағдарламаны жүргізеді.

    Гомеостаз тұралы ілім.

    Организмнің ішкі ортасы және оның тұрақтылығы тұралы ілімнің негізін салушы К.Бернар. Сыртқы ортаның факторлары немесе ішкі ортаның факторлары әр уақытта бір лалыпты болмайды. Сондықтан олардың әсерінен пайда болатын өзгерістерді организм өзі реттеп тұрады, көрсеткіштері өзгергенде тұрақтылығын сақтауға тырысады. Ішкі орталықтың тұрақтылығын реттелуін У.Кеннон гомеостазис деп атады. Осы терминді организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметіне және олардың динамикалық тұрақтылығына сәйкестіруге болады. Ішкі ортаның тұрақтылығын қолдалдайтын негізгі механизмі организм өзін өзі реттеугіш жүйе деп айтуға болады. Гомеостаздық реакциялар үздіксіз реттеліп тұрады.

    Гомеостаз механизмдері және оны қолдайтын деңгеәлер. Организм жүйелерімен мүшелерінің қызметі өзгерістерден кейін қайта қалыптасуына түолі деңгейдегі реттелу механизмдерге байланысты. Ұлпалардың құрамы олардың спецификалық биосинтезіне және гистогематикалық тосқауылдарының өткізгіштік белсенділігіне байланысты. Оған қатысты зат алмасу процесстерінің деңгейі, гуморалды факторлар және организмнің жалпы физиологиялық жағдайы өте маңызды.

    Өзін өзі реттейтін жүйеге жататын жүрек, қан тамырлар жүйесі. Бұл процесске қатысатын қан тамырларының рецепторлары (қан қысымын сезетін, қан көрсеткіштерін байқайтын) арқылы өзгерістер тұралы ақпаратты орталыққа жеткізіп тұратын.

    Гомеостаз реакцияларын нормаға келтіріп тұратын негізгі механизмі шартсыз рефлекс.Тұрақтылықты сақтап тұратын күрделі түрі шартты рефлекстер. Шартты рефлекстер организмнің бейімделуімен қатар сыртқы факторлардың әсерінен күн бұрын сақтандырып және адамның келешектегі реакцияларын болжамдайды. Адам организмінің константалары бір жүйемен емес барлық жүйелермен реттеліп тұрады. Айтарлықтай оттегін жекізетін тыныс алу жүйесімен қанайналым жүйесі қатар қызмет етеді.

    Қанның оттегімен қанағаттануы қанайналымының өзгерісіне, қанның жалпы көлеміне, қан ағымының минуттік көлемінің көбеюіне, қан қысымының көтерілуіне және оның жылдамдылығына байланысты. Қанның оттегіне қанығуы тыныс алу жүйесінің қызметінеде байланысты: тыныс алудың минуттік көлеміне, бронхалардың саңылауына, альвеолдардың санына т.б. Қанның қасиеттеріде оксигенацияға әсері бар: эритроциттердің саны, гемоглобиннің мөлшері, гемоглобиннің оттегіне тартқыштығы.

    Нейрогуморалды факторлар организмнің түрлі жүйелерін реттеп тұрады, олардың бір бірімен байланысын және бір біріне әсерін организмнің біртұтастығын қолдап тұру үшін интегративті қызмет атқарады.
    Организмнің ішкі ортасы.

    Организмдегі сұйықтықтар клетканың ішіндегі және клетка сыртындағы деп бөлінеді. Клетка сыртындағылар интравазарлық және экстравазарлық деп бөлінеді. Интравазарлықтарға жататын қан және лимфа, экстравазарлық деп ұлпааралық сұйықтық және арнаулы орталар: синовиалды, бұындардың ішіндегі; серозды; ликвор – орталық жүйке жүйесіндегі; қоздің ішіндегі т.б.

    Сондайақ бұларға жататын асқорыту сөлдері, өт, несеп, сүт, жас.

    Клетка сыртындағы сұйықтықтардың өзара алмасуы орыналғаннан химиялық құрамы бірдей болып келеді. Оларға қарағанда клеткаішіндегі сұыйқтықтардың құрамы әр түрлі болады.

    Су балансы. Сұйықтықтардың негізі су . Су балансы организмде өте маңызды. Тәулігіне 1-2 л су келіп түсу қажет. Тотығу реакциялардың нәтижесінде организмде 250-300 мл эндонгенды су пайда болады. Су жетіспеушілік пайда болса онда гипоталамуста орналған шөл орталығында қозу процессі пайда болады. Импульстың біреуі тамырлармен ұлпалардағы осморецепторлардан келіп түседі. Импульстың тағы біреулері ауыз қуыстығынан келеді. Ауыз қуыстығының кілегей қабаты кеуіп турса күшті импульстер шөл орталығының нейрондарына бағытталған импульстерді жібереді. Шөл орталығы козуының үшінші механизмі гипоталамустың өзінде орналасқан осморецепторларға қанның қоюлануының тікелей әсері. Осы механизмдердің әсерінен адам шөлды қандыруға әрекет жасайды. Шөлды қандырғаннан сон шөл орталығындағы қозу процесстер тежелуге айналады.

    Су организмнен бүйрек арқылы 1500 мл шамасында сыртқа шығарылады.

    Тері арқылы 350 мл, нәжіспен 150 мл шамасында. Су балансы сақталып тұру үшін су-тұз балансы және арнаулы гормондардың мөлшері сақталып тұоу керек. Су-тұз балансын қолдап тұратын антидиуретикалық гормон, альдостерон гормоны сөл бездерімен белгілі мөлшерде бөлініп тұру тиісті.

    Қан жұйесі организмнің ішкі ортасының ең маңызды сұйықтығы деп табылады. Қанның құрамы: плазма және формалық элементтер. Формалық элеменнтерге жататын эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан плазмасында белоктар және электролиттер бар.

    Қанның қызметі:

    1. тасмалдау;

    1. организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қолдау;

    2. термореттелу процессіне қатысу;

    3. қорғаныстық қызметі;

    4. бүкіл организмде гуморалды біртұтастықты және адаптивтік реакцияларды қамыту.

    Қанның негізгі көрсеткіштері: рН, Эшж,Нв, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттердің саны және көптеген биохимиялық көрсеткіштері.


    Қан жүйесі -организмнің ішкі ортасы

    Организмнің ішкі ортасыныңң негізін құрайтын қан жүйесі.

    Қанның физикалық және химиялық қасиеттері:

    1. тұтқырлығы қан түйіршіктері мен плазмадағы, әсіресі ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сұйылуына қалай әрдайым өзгеріп отырады. Демек, қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің, плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судыңң тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.

    2. Осмостық қысымы. Қою және сұйық ерітіндіні қатар қойып, олардын арасына мембрана салса, еріткіш сұйық ерітіндіден қою ерітіндіге өте бастайды. Жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітіндіні өткізетін күш осмостық қысым деп аталады. Ол жарғақтың екі жағындағы (бетіндегі) ерітінділерде еріген электролиттер мен молекулалар санына, олардың арасындағы айырмашылыққа байланысты. Ерітіндінің осмостық концентрациясы мен осмостық қысымының аз-көптігі еріген бөлшектердің химиялық тегіне емес, жалпы санына байланысты, еріген заттардын иондар саны неғұрлым көп болса, оның осмостық қысымы соғұрлым жоғары болады.

    Осмостық қысымы қанның осмос қысымына тең тұз ерітіндісі изотониялық ерітінді деп аталады. Қанға қарағанда тұзы аз болса – гипотониялық ерітінді дейді. Тұз мөлшері қандағы тұз мөлшерінен жоғары болса гипертониялық ерітінді дейді. Адам қанының осмостық қысымы – бірде-бір тұрақты көрсеткіш. Оның тұрақтылығын күрделі механизмдер қамтамасыз етеді.

    Қанның реакциясы. Қан реакциясы сутегі (H+) мен гидроксил (ОН) иондарының ара қатынасына байланысты. Реакция көрсеткіші өте тұрақты гомеостаз көрсеткіштерінің бірі. Мұның үлкен мәні бар: реакция көрсеткіші тұрақты болса ғана зат алмасу мен негізгі тіршілік процестер дұрыс бағытта өтеді. Қанның реакциясы сәл сілтілі – 7,35-7,36.

    Қан реакцияясын өзгертпей бір қалыпта сақтауда эритроциттер мен плазманың ұлкен мәні бар. Қан плазмасында буферлік жүйелер бар : карбонат, фосфат және белок, ал эритроциттерде гемоглобин буферлік қызметті орындайды. Гемоглобин ең күшті буферлік жүйе ретінде үздіксіз жұмыс істейді, қанның барлық буферлік қызметінің 75%-ін сол атқарады.

    Қанның буферлік қасиеті ондағы әлсіз қышқыл, сілтілі тұздарының мөлшеріне де байланысты. Олардың мөлшері қанның сілтілік қоры деп аталады. Қанның сілтілік қоры, көмір қышқыл газдың қысымы с.б. 40 мм-ге тең болса, 100 мл қандағы тұздармен байланысқан көмір қышқылының мөлшерімен олшенеді (мл). Қанның белсенді реакциясының қышқыл жақа қарай ауысуы ацидоз, ал сілтіге қарай ауысуы алкалоз деп аталады.

    Қанның құрамы. Плазманың құрамы. Қан клеткалары – эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Гемоглобин. Құрамы, құрылысы, негізгі атқаратын қызметі. Гемоглобиннің газдармен әрекеттесуі. Гемоглобиннің түрлері. Эритроциттердің тұну механизмі. Гемолиз. Гемолиздің түрлері. Қан ұю процесі. Коагуляциялық гемостаз. Тамырдағы тромбоциттік гемостаз. Антикоагулянттар. Қан ұюының реттелуі. Қан топтары. Қан жүйесі және оның реттелуі.
    Организм және қоршаған орта. Бейімделу реакциялары.

    Организм қоршаған ортамен тығыз байланысты екені белгілі. Зат алмасу, тыныс алу тағыда басқа физиологиялық процестер сыртқы орта факторларының көптеген әсерлерімен байланысты. Сыртқы ортаның факторлары бүкіл организмге әртүрлі әсерін білдіреді.

    Сыртқы ортаның факторларына жататын физикалық факторларын айтсақ ол температура, ауа қысымы, түрлі сәулеленулер, климаттық факторлар т.б. Организмге олардың әсері әртүрлі деңгейде көрінеді. Организмнің олардың әсеріне реакциясы да әр адамда ерекше болады. Сыртқы ортаның факторларына адам организмінің жауабы жасқа, жынысқа, текке, тіпті әлеуметтік жағдайына қарай ерекше болады.

    Сыртқы ортамен организм арасында тығыз байланыс барысында белгілі тепе-теңдік пайда болады. Айтылған тепе-теңдік организмнің сыртқы ортаның факторларына елеуі физиологиялық маңызды механизмдері және ОЖЖ қызметі арқылы қалыптасады. Осы тепе-теңдік формасы динамикалық стереотип деп аталады, яғни фактордың әсері үздіксіз, қайталанып турса организмнің динамикалық стереотипі реакциялар қалыптасады. Жаңа факторлар пайда болса қалыптасқан тепе-теңдік бұзылады. Өте қауыпты экстремалды факторлар. Динамикалық стереотиптің өзгеруі организмнің функцияларының бұзылуынан пайда болады: психикалық, нервтік, стресс жағдайлар, экстремалды жағдайлар.

    Қоршаған ортаның факторлары адам денсаулығына, өмір сүру ұзақтығына, жұмысқа қабіліттілігіне, өсуіне, дамуына әсер етеді. Сондықтан қоршаған ортаның сапасы – адамның денсаулығы.

    Сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі бейімделіс (адаптация) деп аталады. Ол клеткалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді. Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал барабар емес тітіргендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.

    Төтенше түрткілер физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық, мағыналық және биологиялық болып 5 класқа жіктеледі. Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, маусым, космос жылылық, сәулелену) және химиялық (ауаның, тағамның құрамы, газдардың мөлшері) түрткілері әдеттен тыс әсер еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар тұғызады.

    Орасан түрткілер гравитациялық (салмақсыздық әсіресалмақтық) және ақпараттық (қисындық, компонеттік, жағдайлық) негіздерден тұрады.

    Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды.

    Семантикалық төтенше түрткілер жеке адам немесе ұжымға қауі-қатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.

    Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру, ұзақ уақыт ұйықтамау, аштық және т.б. жатады. Осыған орай адамның бейімделіс негізін биологиялық және әлеуметтік механизмдері жасайды.

    Стресс және бейімделу.

    Стресс дегеніміз организмнің әртүрлі әсерге бейарнамалы әсерлесі. Стресс – маңызды тітіркендіргішке организмніңң жауабы. Стресс – организмнің зиянды факторларының әсеріне төзімділік көрсететін реакциясы.

    Стресс түрлері. Тез дамитын және созылмалы түрін ажыратады. Біріншісінде қорғаныс механизмдері қысқа мерзімде көрінеді, екіншісінде – стрессордың әсері ұзақ уақыт әсер етеді оған жауапты механизмдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Физикалық стресс деп және эмоционалды (психогенды) стресс деп тағы екі түрін ажыратады. Физикалық стресс ол физикалық факторларының әсерін айтады, ал психогенды – жағымсыз эмоциялар, жағымсыз көңіл күйдің әсерінен болатындығын анықтайды.

    Сондайақ Г.Селье эустресс пен дистресс деген түсініктерді еңгізген. Эустресс – жағымды стресс, организм үшін зияны жоқ, дистресс – шамадан тыс стресс, зақымдандыратын фактор организмге зиянды, оның мүмкіншілігін әлсірететін. Егерде стресс факторының күші шамадан тыс болса эустресс дистреске айналады.

    Стрессорлар – сыртқы және ішкі ортаның факторлары:

      1. қоршаған ортаның зиянды факторлары;

      2. организмдені физиологиялық процестерінің бұзылуы;

      3. ақпаратты өндеуін жеделдету;

      4. батылды жағдайда жұмыс істеу;

      5. өмірге қауыпты жағдайлар;

      6. шеттету;

      7. құғын жағдай;

      8. өмірде мұратсыздық;

      9. депривация – тітіргендіргіштердің жоқтығы.

    Стресс механизмдері.Бейімделіс реакцияларға көптеген механизмдер қатысады. Олардың барлығын “жалпы адаптациялық синдромы” деп атайды. Соңғы кездері бейімделіке қатысатын мехенимдерді стресті іске асыру жүйелер деп атайды. Стресс- реакциялардың дамуына кедергі жасайтын не болмаса теріс эффектлерді төмендететін механизмдерді “стресс-шектеуші жүйелер” дейді.

    Стресс – адаптацияның бейарнамалы компоненті. Сол арқылы организмнің энергетикалық және пластикалық қоры жүйелер жұмысының өзгерген деңгейінде толық пайдаланылады.

    Тітіркендіргіштің алғашқы әсері бас мида қабылданады – неокортекспен торлы құрылымда, одан сон лимбика жүйесіне және гипоталамусқа. Аталған құрылымдарда ақпарат толық талқыланып организм жауап беруге дайын. Стресс сонымен күшті фактор, адамның эмоционалды реакциясына себепші.

    Күшті эмоционалды қозу жоғары вегетативтік орталықтарды қоздырады және симпатикалық нерв жүйесін белсендіреді. Нәтижесінде жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйелердің, қаңқа еттердің функционалды мүммкіншіліктерін жоғарлатады. Сонымен қатар парасимпатикалық жүйенің активтілігі биіктеп организмде қайта қалыптасу процестері, яғни орнына келтіру , гомеостазды сақтап қалу мүмкіншілігі жоғары болуына жол тудырады.

    Сонымен, симпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің белсенділігі стресс-реакцияның немесе жалпы адаптациялық синдромының бірінші кезеңі.

    Стрессордің әсері созылса онда симпатикалық жүйенің медиаторларының қоры шектелу болғансон оған қарсы тұралмайды. Ол екінші кезеңі. Бұл жерде орталық механизм деп бүйрекүсті безін айтамыз. Организмде адреналин мен норадреналин көп мөлшерде бөлініп шығады. Нәтижеде артериалды қысым жоғарлайды, жүректің жұмысы күшееді, липолиз деңгейі көтеріледі т.б. өзгерістер пайда болады. 1-ші мен 2-ші механизмдерді симпато-адреналды реакция деп аталады.

    Стресс-реакцияныңң орталық бұыны деп адрено-кортикалды механизмды атайды. Бұл механизм жүззеге асырылуы бірінші екі механизмдердің стресске қарсы тұру әлі жеткіліксіз болса. Адрено-кортикалды механизмнің схемасы: неокортекс-гипоталамус-кортиколиберинның бөлінуі-АКТГ бөлінуі-глюкокортикоидтар мен аз мөлшерде минералокортикоидтардың бөлінуі. Ең бастысы бұл реакциядағы глюкокортикоидтардың юөлінуі – кортизол, гидрокортизон т.б. Бірақ глюкокортикоидтардың көп мөлшерде бөлінуі кейбір өзгерістерге әкеледі – оны адаптацияныңң бағасы – иммунды механизмдер төмендейді, ас қазанда ою жара пайда болады, инфаркт миокарда болуы мүмкін. АКТГ мөлшері бірден көтерілгенде альдостерон көп түзіліп бүйректе натрий иондарының қайта сіңуі жоғарлайды да артериалды қысым көтеріле бастайды.

    Жалпы адаптациялық синдромыныңң үш эндокринды механизмі н құрайтын адренокортикалды, соматотропты және тиреоидты.

    Стресс-реакциясының (жалпы адаптациялық синдромы) үш кезеңі:

    1. абыржу кезеңі – барлық қорғаныстық механизмдерді жұмылдыру.

    2. Резистенттілік немесе төзімділік.

    3. әлсріреу.

    Сонымен стрессті жүзеге асыратын жүйелер – симпатикалық жүйесі, бүйрекүсті безінің ми және қыртыс қабаты, аденогипофиз (СТГ), қалқанша без (Т3 4).

    Стресс-шектеуші жүйесі.Эволюция барысында организмде стресске қарсы тұратын немесе оның әсерін төмендететін арнайы стресс-шектеуші жүйелер пайда болған. Оларға жататын:

    1. ГАМК-эргия жүйесі: гамма-амин-майы қышқылы, ОЖЖ коптеген нейрондарымен түзіледі.

    2. Эндогенды опиаттар – энкефалиндер, эндорфиндер, динорфиндер. Олар стрессордың әсерінен гипофиздегі бета-липотропинның түзілуі жоғарлауынан пайда болады.

    3. Простагландиндер.

    4. Антиоксидантты жүйесі (тотығу реакцияларына қарсы).

    5. Трофотропты механизмдері.

    Стресс және аурула. Глюкокортикоидтардың ұзақ уақыт бөлінуі тестостеронның түзілуін төмендете. Соматикалық аурулар пайда болады: ішек қарынның ою жарасы, колит, гипертония, аритмия, бас аурулары, бронхиалды астма, экзема, қышыма, індет, ісіктер (иммунодепрессия нәтижесі), психиканың бұзылуы – невроздар, депрессия (тұнжырау).

    Стресс жағдайлардың нақтамасы. Стресс әсерінің нақтама әдістері көп. Ең біріншісі – қандағы гормондардың мөлшерін анықтау. Сондайақ электромиография, коптеген тест-әдістері.

    Стреске бейімделу. Организм стреске бейімделу қабілеті бар. Оның барысында стресс жүзеге асыратын және стресс шектеуші жүйелердің күші жоғарлайды, организмнің түрлі факторларға шыдамдылығы мен төзімділігі көтеріледі – айқасқан бейімделіс пайда болады.
    1   2   3   4


    написать администратору сайта