Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыптық жоспар

  • Барлығы 34

  • ФАКУЛЬТАТИВ_КУРС_БАГДАРЛАМА. І. физика физика трмыста сынып


    Скачать 252.85 Kb.
    НазваниеІ. физика физика трмыста сынып
    Дата10.10.2022
    Размер252.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФАКУЛЬТАТИВ_КУРС_БАГДАРЛАМА.docx
    ТипДокументы
    #726208
    страница1 из 20
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

    І. ФИЗИКА
    ФИЗИКА ТҰРМЫСТА

    1. сынып


    Акманова Қ.С., Хамитова Б.Д.
    Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қаласы.
    Түсінік хат
    Қазіргі таңда техниканың өрлеу кезеңінде физикадан берілетін білімнің басым бағыттарының бірі ғылыми таным әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға айрықша мән беріледі. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында біз осы таңдау курсын ұсынып отырмыз.
    «Физика тұрмыста» таңдау курсы жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 7-сыныпқа 34 сағат көлемінде апталық оқытуға жоспарланған.
    Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын алуы, ең әуелі оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне байланысты. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезден бастап білім беру ісінде жаңа ұлттық сипаттағы бағыттар пайда болып, жаңа оқулықтар шығарыла бастады.
    Физика пәнін оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен білімдерін қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру, ата-бабаларымыздың танымдық ұстанымдары терең бойлаған ұлттық салт- дәстүр, әдет-ғұрыпымызды пайдалана отырып, қосымша материал ретінде курсқа енгізу болып табылады.
    Оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, өз бетімен алған білімдерін қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру, физикалық құбылыстарды бақылау және түсіндіру арқылы оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын неғұрлым жоғары көтеру болашақ мамандығын дұрыс, саналы түрде таңдай білуге көмектеседі.
    Күтілетін нәтиже:


    • Оқушылардың курс бағдарламасы бойынша алған білімдері халқымыздың тарихымен байланысқан салт–дәстүрін біле отырып, өзіндік ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін арттырады.




    • Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмегін тигізеді, оқытудың манызын арттыруға қол жеткізеді.




    • Табиғат пен техника арасындағы байланысты нақтылай түседі, айналадағы құбылыстарды ғылыми тұрғыдан тани білуге және өз пікірін айтуға үйретеді.




    • Мамандық таңдауға мүмкіндігін арттырады.

    Оқушылар білуі керек:


    • физикалық теориялардың негізін;




    • физикалық ұғымдардың (атын, типін, мәнін, өлшемін) негізгі сипаттамаларын;




    • физикалық құбылыстарды ата-бабамыздың салт–дәстүрімен байланыстыруды;



    3

    • қоршаған ортаны бақылай отырып, ізденушілік–зерттеушілік қабілетке ұмтылуды;




    • физика мен астрономияның байланысын.


    Тақырыптық жоспар

    (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)




    Сабақтың тақырыбы

    Сағат







    саны










    I

    Кіріспе

    1










    II

    Механикалық қозғалыс

    7










    1

    Денелердің ілгерлемелі және айнымалы қозғалысы (кранмен

    1




    көтерілген жүктің қозғалысы)













    2

    Токарь станогының қозғалысы, тігін машинасы.

    1










    3

    Бұрғының айнымалы қозғалысы, сүргінің жұмыс кезіндегі

    1




    қозғалысы.













    4

    Механика заңдарын ата-бабамыз қалай қолданған? (арқан тарту)

    1










    5

    Механика заңдары (садақ ату, құдықтан қауғамен су алу)

    1










    6

    Рычагтардың тұрмыста, техникада қолданылуы

    1










    7

    Семинар сабақ

    1










    III

    Халық ұғымындағы өлшем бірліктер мен күнтізбе

    12










    1

    Ата-бабамыз қолданған өлшем бірліктер (салмақ өлшемдері)

    1










    2

    Уақыт өлшемдері, тәулік бірліктері

    1










    3

    Тереңдік (биіктік) бірліктері

    1










    4

    Физикалық құбылыстар қазақ дастарханында

    1










    5

    Физикалық құбылыстардағы мақал-мәтелдер

    1










    6

    Физикалық құбылыстар тұрмыста (шайдың қайнауы, булану мен

    1




    конденсация процестері)













    7

    Қазақ календарының зерттеле бастауы

    1










    8

    Календарь түрлері

    1










    9

    Орта Азия мен Қазақстанның ұлы астрономдары

    1










    10

    Ұлы астрономдардың өмірі мен еңбектері

    1










    11

    Мүшел есебі, оның шығу тарихы

    1










    12

    Эссе жазу (өтілген материалдар бойынша)

    1










    IV

    Энергияның құпия қоймалары

    7










    1

    Энергияның өзгеріп отыруы, түрленуі

    1










    2

    Электр және жарық энергиялары

    1










    3

    Электр құбылысын зерттеудің бастамасы, найзағай

    1










    4

    Спектр түстері, найзағайдан қорғану

    1










    5

    Магнит тілі неге тербеледі? Магнит түрлері

    1










    6

    Аса күшті магнит өрістері, заводтағы магниттер

    1










    7

    Семинар сабақ

    1










    8

    Логикалық есептер

    1










    V

    Қорытынды













    1

    Курс бойынша еркін тақырыпта жоба қорғау

    2










    2

    Практикалық жұмыстар

    2











    4

    3

    Курс бойынша альбом дайындау

    1










    4

    Тақырыптық эсселер жазу

    1













    Барлығы

    34











    Курстың дидактикалық қамтылуы.
    Курсты оқыту үрдісінде ойын элементтерін кеңінен қолдануға болады. Қазақ халқының ұлттық ойындарын физика пәнінде пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау, қайталау кезеңдерін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Оқушы өзінің ойын дамыта отырып, өзінің пікірін айтуға үйренеді. Ойын түрлері сабақта білімділік және тәлім-тәрбиелік мақсатта қолданылады.
    Білімділік мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,ынтасынарттырады. Жаңа сабақты түсіндіргенде ойын элементтерін қолдану сабақтың тартымды өтуіне ықпалын тигізеді. Өткен сабақты немесе тарауды қайталағанды оқушы ойында, санасында мықтап бекиді.
    Тәлім-тәрбиелік мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа баулып,зейінін,байқампаздығын жан-жақты арттыру, ойын қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын, білім деңгейін арттыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, өз бетімен еңбектенуге, ұлттық сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
    1-ойын. «Сәреден мәреге дейін!»
    Бұл ойын «Есептер шығару» сабағы кезінде қолданылады. Сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз. Әр топқа ат қойылады. Тақтаға плакат ілінеді. Оған


    1. баған етіп түрлі-түсті қағаздар жабыстырамыз. Түрлі-түсті қағаздардың ішіне есептер бар кеспе қағаздар жасырылған. Әр бағанда 4 есеп, 1 сұрақ болады. Сонда барлығы 15 тапсырма орындалады. Үш топтан үш оқушы шығып, плакаттағы өз тобының тұсындағы тапсырманы бірдей уақытта алып, есеп шығаруды бастайды. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, мұғалімде есептердің жауаптары болуы тиіс. Есеп шығарып қойған оқушының есебі мұғалімдегі жауаппен салыстырылады, тексеріледі. Егер есеп дұрыс шығарылса, онда оқушы тез орнына отырады да, оның тобындағы келесі оқушы тақтаға шығып, келесі есепті шығарады. Егер есеп қате шығарылса, онда оқушы сол есепті дұрыс шығарғанынша тақтада тұрады. Қай топ бірінші болса, сол топ мәреге 1-ші жеткен боп есептеледі.


    2-ойын. «Балық аулау».
    Бұл ойын үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты бекіту кезінде қолданылады. Мұғалім партасының үстіне бірнеше түрлі-түсті қағаздан жасалған балықтар қойылады. Тапсырмаларды кішкене қылып бүктеп, балықтардың аузына скрепкамен қыстырып қоямыз. Магнитті жіппен байлап, ұзындау таяқшаның бір ұшына бекітіп, «қармақ» жасаймыз. Оқушылар тақтаға шығып, «қармақпен» балық аулайды. Магнитке скрепка жабыса қалады. Оқушылар балықтың аузындағы сұрақтарға жауап беріп, есептерді шығарады.
    3– ойын. «Жаяу жарыс».
    Жеткіншектер жазық алаңға жиналып, басқарушы тағайындайды. Қатысушылардың бір бөлігі көрермен ретінде қалып қояды, қалғандары белгіленген жерге барып, басқарушының нұсқауымен жарысқа түседі. Кім бұрын озып келсе, бірінші бәйге, екінші келген ойыншы екінші бәйге алады. Ойын бірнеше рет қайталанады. Осы ойынға сәйкес әр топтан бір-бір оқушы шығып жарысады. Сұрақтарға кезекпен
    5
    жауап береді. Оқушылардың білімі берілген дұрыс жауаптарының санымен бағаланады.


    1. ойын. «Қыз қуу».

    Кеңінен таралған ұлттық ойын. Сөреге қыз бен жігіт шақырылады. Жігіт қыздан 10
    – 15 м кейін тұрып жарысқа қосылады. Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңілгенін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір әдет ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік аттың жоқтығы үлкен кемістік болып саналған.
    Оқушылардың санына сәйкес сынып екі топқа бөлінеді. І топ. «Қыз балалар». ІІ топ. «Ұл балалар».
    Әр топтан бір-бір баладан шығып есеп шығарады. Кім бірінші шығарса, сол топ жеңеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.
    5 – ойын. «Байқап қал!».
    Бұл ойынға балалар екі топқа бөлініп қатысады. Екі топ өздеріне басшылар тағайындап алады. Олар стол үстіне 15 – 20 ұсақ нәрселерді қойып, (мысалы физикалық құралдарды) балаларға бір минут қаратқаннан кейін, өздері көрген нәрселердің тізімін жазуларын тапсырады. Қай топтың балалары көп жазса, сол топ ұтқан болып саналады.

    Ойын көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре түседі.

    6 – ойын. «Жүйріктер жеңеді».
    Ойынға қатысушылар қызыл және сары топ болып екіге бөлінеді. Әр топтың алдында қызыл және сары түсті жұлдызшалары бар қорапшалар болады. Үй тапсырмаларын қайталағанда, жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде сұрақтарға жауап берген сайын әрбір оқушы өзіне қызыл және сары жұлдызшаларды ала отырып, өздеріне ұпай санын жинайды. Сабақ аяғында жұлдызшаларының санына сәйкес ұпайлары саналып бағаланады.
    Ойын оқушыларды белгілі бір мақсатқа ұжымдық әрекет жасауға, шапшаңдыққа үйретеді.
    7 – ойын. «Арқан тартыс».
    Оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақта алдында ұзын жіп байланады. Киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, т.б. суреттер салынған конверттер ілінеді. Әрбір оқушы өзіне ұнаған конвертті қиып алып, оның ішіндегі сұраққа жауап береді. Есептер болса шығарады және сурет физикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Топтағы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Қай топ көп тапсырма орындаса, сол топ жеңеді. Ойын ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
    8 – ойын. «Орамал тастау».
    Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Ол жазда, көгалда, алаңда шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойыншылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың оң жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз» дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда

    6

    «қағаз», «қала» т.б. сөздер шығады. Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.
    Осы ойынды қолданып, физикалық шамаларды, өлшем бірліктерін жаттап алуға дағдыландыруға болады. Мысалы: оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың бір оқушысы «m» әрпін көрсеткенде, екінші топ оқушысы «масса» деп жауап береді. Ойын осылайша қайталанады. (Әр топ оқушыларының алдында физикалық шамалар мен өлшем бірліктері жазылған парақтар болады).


    1. ойын. «Ақ терек».


    Халыққа кең тараған ойынның бірі. Ойынға қатысушылар кең, жазықты алаңды жерді таңдап алады да, тең екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басқарушы сайлап алады. Екі топ ара қашықтығы 20-30 метрдей жерде бір-біріне қарсы қарап, қол ұстасып, тізбек құрап тұрады. Қай топтың бірінші болып ойын бастайтынын жеребе арқылы шешеді. Бірінші болып ойын бастайтын топтың басшысы қарсы тұрған топтың бір ойыншысының атын атап шақырады. Аты аталған ойыншы жүгіріп барып, өзін шақырған қарсы топтың тізбегін бұзып өтуі керек. Егер ол тізбекті бұзып өтетін болса, онда бұзып өткен жердегі бір ойыншыны өзімен бірге ала кетеді. Егер бұзып өте алмаса, онда өзі сол топқа қосылып қала береді. Ойын жалғаса береді. Ойын бір топтың жеңісімен аяқталады.
    Бұл ойынды аталған курсты оқыту үрдісінде былайша қолдануға болады. Мысалы: бірінші топтың бір оқушысы екінші топтың бір оқушысына сұрақ қояды. Егер жауап бере алса ұпайлары екі есе артады. Жауап бере алмаса, сұрақ қойған топқа екі есе артық ұпай беріледі. Ойын осылай жалғаса береді. Ұзаққа созылып кетпес үшін, сұрақтың санын және уақытын белгілеп алу керек. Ойын оқушылардың алған білімдерін тереңдетуге көмектеседі.

      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


    написать администратору сайта