ФАКУЛЬТАТИВ_КУРС_БАГДАРЛАМА. І. физика физика трмыста сынып
Скачать 252.85 Kb.
|
51 БАҒДАРЛАМАЛАУ ЕСЕПТЕРІН ШЕШУ ПРАКТИКУМЫ сынып Никишина С.П. Ю.А.Гагарин атындағы жалып білім беретін №3 орта мектеп, Шемонаиха ауданы. Түсінік хат Мектептің компьютерленуіне, бағдарламаның дамуына байланысты информатика курсы толықтай өзгерді. Басты назар заманауи ақпараттық технологияларға бөліне бастады. Бұл тенденциялар информатиканың жаңа стандарттарында да байқалады. Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-сыныптарында «Информатика» пәні бойынша алгоритм және бағдарлауға бөлінген 15-сағат жеткіліксіз. Жылдан жылға маңызды болып келе жатқан пән бойынша олимпиадалар бағдарламалауды тереңірек меңгеруді талап етеді. Қиын есептерді шығару – пәннің негізін тереңірек меңгеруге түрткі болып табылады. Мұндай тапсырмалардың білім беру айналымындағы «Білім-Білік-Дағдыны» шыңдауда маңызы зор. «Бағдарламалау бойынша тапсырмаларды шешу практикумы» курсы бағдарламалау бойынша терең білім беріп, білімді қорытындылауға бағыт береді. Бұл курс оқушыларды өмірдегі ақпараттық қоғамға дайындауға, сол сияқты келешекте 9-сыныптан кейін оқу орындарында білім алуға даярлауға бағытталған. Есептерді шығарып, тапсырмаларды орындау бағдарламалауды меңгерудегі ең қолайлы әдіс. Курстың негізгі мақсаты: Оқушылардың ақпараттық біліктіліктерін,алгоритмдік ойлауларын және бағдарлай алу қабілеттерін қалыптастыру. Курстың міндеттері: Паскаль бағдарламалауының негізгі тілін меңгеру. Бағдарламалаудың негізгі алгоритмдік құрылымдарын қолдана алуды үйрету. АКТ арқылы оқушылардың алгоритмдік және логикалық ойлауларын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютер техникасына ұқыпты қарауға, ақпаратты мәдениетке тәрбиелеу. Оқытудың формасы: Бағдарламаны құрудағы оқытудың негізгі формасы- аралас сабақтар. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Сабақтың көп бөлігі практикалық бөлімге жұмсалады. Оқытудағы технологиялар мен әдістер -теориялық сабақ; -практикалық сабақ; -байқау аралығындағы нәтижелер әдісі мен формасы. Аптасына 1-сағат, жылына 34-сағат. Бағдарламаның мазмұны Турбо Паскаль бағдарламасының шоғырланған ортасы - 5-сағат. Турбо Паскаль бағдарламасының шоғырланған ортасының іске қосылуы. Терезе элементтері, клавиатура мен тышқанның қолданылуы. Мәзірдегі команданы тез 52 таңдау әдісі. Терезені басқару. Терезені басқарудың «ыстық батырмалар». Шоғырланған ортаны редакциялау. Редакциялау терезесінде бағдарлама мәтінін енгізу. Компиляция. Ехе файлын құру. Бағдарламаны орындау. Пайдаланушы экранында бағдарламаның орындалуын қарау. Бағдарламаны дискіге сақтау. Бағдарламалау тілінің әліпбиі, синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау - 4-сағат.Енгізу және шығаруоператорлары. Меншіктеу операторы. Тармақталған алгоритмдерді бағдарламалау - 5-сағат. Тармақталуоператорлары. Шартты оператор. Таңдау операторы. Циклдік алгоритмдерді бағдарламалау - 6-сағат. «Үшін»параметрлі цикл. «Әзірге» циклі. Графикалық процедуралар мен функциялар - 10-сағат. Фигураларды салу:тіктөртбұрыш, шаршы, сызық. Шеңбер, эллипс, доға, сектор салу. Объектілердің қозғалысы. Жобалау қызметі- 4-сағат. Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар. Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық жүйелі іс-әрекеттерінің нәтижесіне қарай бағаланады. Пәндік нәтижелер екі аспектіге негізделген: білуі тиіс және істей білуі тиіс. Оқушылар білуге тиіс: -Турбо Паскаль шоғырланған ортасын қосу, -терезе құрылымын, -мәзір командасын таңдау үшін тышқанды пайдалану, -мәзір командасын таңдаудың жылдам тәсілі, -мәзір командасын таңдау үшін клавиатураны пайдалану, -Турбо Паскальмен жұмыс кезіндегі «ыстық батырмаларды» пайдалану, -шоғырланған ортаны редакциялау, -бағдарламалармен жұмыс (мәтін енгізу, бағдарламалар, бағдарлама компиляциясы, орындау, қарау, бағдарламаны сақтау, бағдарламаны ашу және қайтару); -Паскаль тілінің негізгі элементтері (әліпби және сөздік, идентификатор, тұрақтылар мен айнымалылар, бағдарлама құрылымы); -мәліметтердің типтері (қарапайым, құрылымдық, процедуралық), -өрнектер, операциялар, операндалар, -мәліметтерді енгізу және шығару процедуралары, -операторлар (қарапайым, құрылымдық), -функциялар мен процедуралар, -мәліметтердің құрылымдық типтері (жолдық өрнектер, процедуралық, функциялық), -массивтер (массивтермен және оның элементтерімен амалдар, массивтерді іріктеу), -видеорежимді іске қосу, жабу, -мәтін-сызба-мәтін қосу, -қателерді жөндеу, -базалық процедуралар мен функциялар (координат жүйесі, графикалық режімдегі экран және терезе, нүктелерді, сызықтарды шығару), 53 графикалық режімде мәтінмен жұмыс, -әртүрлі қаріптерді пайдалану, -түстерді, палитрларды пайдалану, -графикалық фигураларды кескіндерді салу (тіктөртбұрыш, үшбұрыш, көпбұрыш, шеңбер, доға т.б.). Оқушылар істей білуі тиіс: -Турбо Паскаль шоғырланған ортасын қосу, -тышқан және батырмамен жұмыс істей білу, -бағдарламаны енгізу мен орындай білу, -қолданушы экранынан бағдарламаны көре білу, -бағдарламаларды дискіге сақтау, аша білу, -берілген тілде бағдарламалар құра білу, -әр түрлі айнымалыларды жаза білу, Refd, Write, Readln, Writeln көмегімен мәліметтерді енгізу және шығару, меншіктеу, шартсыз өту, процедура шақыру операторларын пайдалану, , -шартты операторлар, таңдау, қайталау операторлары, -функциялар мен процедуралар арқылы ішкі бағдарламаларды пайдалану, -жолдармен және жолдық өрнектермен амалдар орындау, -видеорежімді жабу және іске қосу, -мәтіндік режімнен графикалық режімге немесе керісінше өту, -сызба режімінде қателермен жұмыс жүргізу, -нүктенің, сызықтың, үшбұрыштың, төртбұрыштың, көпбұрыштың, дөңгелектің т.б кескінін сала білу -түстер мен палитрларды өзгерту. |