ФАКУЛЬТАТИВ_КУРС_БАГДАРЛАМА. І. физика физика трмыста сынып
Скачать 252.85 Kb.
|
41 ІІ. ИНФОРМАТИКА ADOBE PHOTOSHOP ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ АРҚЫЛЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУ сынып Беляева Н.А. Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейі. Түсінік хат Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді қолданудың кең таралған бағыттарының бірі. Бұл жұмысты тек қана кәсіби суретшілер мен дизайнерлер қолданбайды. Әрбір кәсіпорында ара-тұра газет және журналдарға жарнамалық хабарландырулар берудің немесе жай ғана жарнама листовкалары мен буклеттер шығаруға, коллаж әзірлеу, кітап мұқабасына макет жасау, визиткалар, фирмалық бланктер және логотип пен открыткаларды, WEB-ке фотосуретті орналастырған кезде оның «тауарлық түрін» жөндеу, ескі фотосуреттерді реставрациялаудың қажеттілігі туындайды. Осы күнде Adobe компаниясының Photoshop бағдарламасы бағдарламалық қамсыздандыру нарығында ең қуатты графикалық редакторлардың бірі болып келеді. Ол суреттерді басып шығаруға, сондай-ақ компьютер экранында көрсетуге кәсіби мүмкіндіктер береді. Қазіргі заманда оқушылардың мектепте білім алуы мен ғылыми ізденісі табысты болу үшін, дәлірек айтқанда: жобалық қызмет, конференцияларда сөйлеу, реферет, баяндамаларды, мультимедиялық құралдарды безендірудегі ақпараттық технологиялардың қажеттілігі жоғары деңгейге жетіп отыр. Осы мақсатта оқушылар 8 сыныпта жетік менгерген MS Word, MS Power Point бағдарламалары қолданылады. Бірақ графикалық материалдың көп мөлшердегі санын енгізу қажет болған жағдайда Adobe Photoshop редакторында материалды өңдеуді жетік меңгермей берілген бағдарламаларда жұмыс істеу толық жүзеге аспайды. Бұл бағдарламамен жұмыс оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің (суретші немесе дизайнер) ашылуына игі ықпал етуі мүмкін. Курс 8, 9 сынып оқушыларына арналған. Photoshop бағдарламасын оқытуға және жұмыс істеуге аптасына 1 сағаттан 34 сағат: 11 сағат бағдарламаның негізгі мүмкіндіктерін оқуға және 23 сағат практикалық жұмысқа, соның ішінде шығармашылық жұмысқа (коллаж, иллюстрациялар) беріледі. Сабақ барысында еңбек қауіпсіздігіне, өрт және электр қауіпсіздігіне, жеке бас гигиенасына зор көңіл бөлінеді. Курстың мақсаты: -Photoshop бағдарламасы арқылы графикалық ақпаратты өндеу әдістерінің негізгі мүмкіндіктерін ашу; -оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; оқушыларды кәсіптік білімге арнайы дайындау. Курстың міндеттері: 42 -қазіргі заманғы ақпараттық қоғам талабына сай оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, игерген білім, дағдыларын болашақта таңдаған мамандықта қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; -танымдық белсенділікті дамыту, өзін-өзі дамытуына қабілеті бар оқу қызметінің жеке субъектісін қалыптастыру; -абстрактілі суреттерді жасауға үйрету, өңдеуден өтетін суреттерден байқалмайтын ұқсастықты көру. Бағдарламаның мазмұны Кіріспе. Компьютерлік графиканың түрлері. Қолдану облысы. Растрлық суреттер. Adobe Photoshop-ты оқу: -Adobe Photoshop интерфейсінің негіздері. -Жобамен жұмыстың бастапқы кезеңі. Файлдарды құру және ашу. Растрлық графикалық бейнелер файлдарының форматы. Ерекшеліктері. Қолдану облысы. -Растрлық графиканың теориялық негіздері. Пиксел. Суреттің өлшемі. Суреттің физикалық өлшемі. Рұқсат ету. Түс модельдері. Нысанды көшіру және орнына қою. 3.Adobe Photoshop 7.0. құрал-саймандарын оқу. -Суретті қарап шығу. Құралдар: «Қол», «Лупа». «Навигатор» палитрасы. Меню «Түр». Суретті кесу. -Сурет құру құралдары. «Пульверизатор», «Қылқалам», «Қарындаш», «Сызық» құралдары. Палитралар: «Параметрлер», «Қылқалам», «Түс». -Түзету құралдары. «Жуу», «Дәлдік», «Саусақ», «Жарықтандыру», «Күйдіру», «Губка», «Штамп» құралдары. -Таңдау құралдары. Нысандарды ерекшелеудің әр-түрлі тәсілдері. Құралдар: «Облыс», «Лассо», «Сиқырлы таяқша». «Навигатор» палитрасы. Меню. «Ерекшелеу» Ерекшеленген облыспен жұмыс: масштабтау, бұру, белгіленген облысты бұзу. -Белгіленген облыстарды өңдеу. Орын ауыстыру, белгіленген облыстарды толтыру және көмкеру. -Құралдар: «Толтыру», «Градиент». Сканерленген суреттерді өңдеу. Қабаттармен жұмыс. Layers палитрасы көмегімен қабаттарды басқару. Көпқабатты суретпен жұмыс жасаудың ерекшеліктері. Қабаттарды байланыстыру. Кешенді суреттерді (коллаж) құру. Мәтінмен жұмыс. Суреттерді басып шығаруға және Интернетке жариялауға дайындау. Курс аяғында оқушылар білуге тиіс: -Қарындашпен нобай жасау, контурлы сурет, «Акварель» техникасында суреттер құру. Мәтінді эффектілер жасау. -Қабаттарға негізделген суреттерді өңдеу, қызықты коллаждар жасау үшін қабаттарды пайдалану (суреттер, логотиптер, эмблемалар, күнтізбелер, открыткалар). -Ескі ақ-қара фотоларды жөндеу. -Сканерден өткізілген ақпаратты өңдеу. Суреттерді Интернетке орналастыру, басылымға беру, мультимедиялық бағдарламаларда пайдалану үшін дайындау. 43 Ұсынылған бағдарламалық құралдар: Adobe Photoshop 6.0, 7.0 бағдарламасы. Adobe Photoshop графикалық редакторында өз бетінше жұмыс істеуді үйрену құралы. Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
|