ФАКУЛЬТАТИВ_КУРС_БАГДАРЛАМА. І. физика физика трмыста сынып
Скачать 252.85 Kb.
|
АЛЬТЕРНАТИВТІ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ сынып Сакеева К.К. Рыков атындағы орта мектебі, Катонқарағай ауданы. Түсінік хат Мектеп бағдарламасында альтернативті энергия көздері, оның табиғи ресурстары, экологиялық проблемалар, табиғатты қорғау мәселелері толық қарастырылмайтындықтан осы бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10 сыныпқа арналған. Бағдарлама оқушылардың практикалық тапсырмалар мен шығармашылық ізденістер жасау біліктіліктерін қалыптастыруға көмектеседі, өмірмен байланыс жасау арқылы жылулық құбылыстар мен энергетикалық ұғымдарды, экологиялық мәселелерді зерделеуге жол ашып, шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Болашақтың энергиясын іздеу және жасау мақсатында ұйымдастырылған Дүниежүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесі оқушылардың зейінін аударуға мүмкіндік береді. Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту, физиканың негізгі заңдылықтары мен табиғат құбылыстарын меңгере отырып, техникада, өмірде қолдана білуге үйрету, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезімдерін ояту, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Бағдарламаның міндеттері: оқушылардың ғылыми ойлауын, өз бетімен эссе жазып, практикалық жұмыстар орындауға дағдыландыру. физиканың жетістігін адами өркениеттің даму игілігіне пайдалану. қоршаған ортаға жеке тұлғалық қарым-қатынасты, технологияландырылған әлемде бағдар ала білуге үйрету. қоршаған ортаны қорғауға, табиғат құндылықтарын тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Бағдарламаның мазмұны I. Жылулық құбылыстар (7 сағат). Гелиоэнергетика (7 сағат). III. Энергетиканың температуралар айырмасын қолдану (3 сағат). IV. Жел энергетикасы (1 сағат). 36 V. Биоэнергетика (7 сағат). VI. Альтернативті энергия көздері ( 5 сағат). VII.Энергияны пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау (3 сағат). VIII. Қорытынды (1 сағат). Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА сынып Хасенова Б.А. Көкжыра орта мектебі, Тарбағатай ауданы. Түсінік хат Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады. Қазіргі уақытта физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық потенциалға да ие болып отыр. Бұның өзі физикалық білімнің табиғатты қорғаумен байланысты әлемнің бірыңғай ғылыми бейнесін қалыптастыруға бағыттау, яғни білімдерді интеграциялау керектігін көрсетеді. Курс кіріспе және 4 бөлімнен тұрады. Курстың мазмұнына оқушының шығармашылық қабілетінің артуы мақсатында экскурсия сабақтары, жаттығу есептері, физикадан экологиялық білімдерін тексеру сұрақтары енді. Курстың өзектілігі: Орта мектепті бітірген жастарымыздың көпшілігі өндіріс ортасына қосылатындықтан, олардың табиғатты ұтымды пайдалану, оны ластанудан, бүлінуден қорғау, ғылыми-техникалық прогресс пен табиғи қоршаған орта жөніндегі білім-білік дағдылары болуы қажетті. Осындай, техника және өндіріс технологиясының қоршаған ортаға әсері туралы білім - пәнаралық байланысқа әкеледі, ал пәнаралық байланыстардың оқушының ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, білімді бір пәннен екіншіге көшіре алу біліктілігін қалыптастыруда мүмкіндігі үлкен. Бағдарлама 34 сағатқа (аптасына 1 сағат) арналған. Бұл білім беруді жаңарту негіздеріне жататын құзыреттіліктердің қалыптасуына бірден-бір себепші критерий. Осы арқылы курстың мақсаты мен міндеті айқындалады. Курстың мақсаты: Оқушының қоршаған дүние мен техника әлемі туралы және табиғатты ұтымды пайдалану, қорғау үшін қажетті экологиялық білім-біліктерін қалыптастыру негізінде қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылығын дамыту. Курстың ерекшелегі: Бұл бағдарламаны жаратылыстану-математика, сонымен қоса, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға да пайдалануға болады. Курстың міндеттері: Оқушылардың физика, техникалық және табиғат туралы білімдерін интеграциялау, құзіреттілігін қалыптастыру. Өздігінен іздену, оқулықпен, 38 әдебиетпен жұмыс жасай білу, алған білімдерін қажетті жағдайда қолдана білу біліктілігін дамыту. Оқушыға қойылатын талаптар: -қоғам, адам үшін қоршаған орта күйінің сан-алуан өзгерісін білу қажеттілігі; -ғылыми-жаратылыстану, техникалық білімнің маңызы; -физикалық, химиялық ластандырғыштар және табиғатты қорғауға арналған техникалық құрылғылар; -«Жылыжай» эффектісі, «қышқыл жаңбыр», «динамикалық тепе-теңдік» - терминдерінің мәнін білу; -кез-келген экологиялық шараларға қатысуға дайын болу. Бағдарламаның мазмұны Кіріспе - 4 сағат. Қол еңбегін машинаның алмастыруы туралы қарапайым ұғым. Адам өміріндегі техниканың маңызы. Техника жетістіктері. Техниканың негізгі даму кезеңдеріне қысқаша шолу. Ғылыми-техникалық революцияның мәні. Молекула-кинетикалық теория негіздері - 4 сағат. Диффузия құбылысы, физикалық, химиялық, ластану, ылғалдылықтың мәні және оның биологиялық жүйелерге әсері. Ауа ластануының, ондағы будың конденсациялануының әсері, ауаның өзін-өзі тазартуы, механикалық қондырғылар. Динамикалық тепе-теңдік. Термодинамика негіздері. -12 сағат. Табиғаттағы температура диапазоны, температураның биосфераға әсері. Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарын қызметіне, жұмыс процесіне, тактісіне, қолданылатын жанар майына, цилиндрлерінің саны мен орналасуына қарай жіктеу. Бір цилиндрлі төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының жалпы құрылысы мен жұмыс принципі. Төрт тактілі карбюраторлы, дизельді қозғалтқыштар. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар. Қозғалтқыштардың пайдалы әсер коэффициенті туралы ұғым. Карно циклі. Жылу қозғалтқыштарының жұмысы кезіндегі ластану түрлері. Табиғаттағы зат айналымы. Табиғатты қорғау мақсаты мен жылу қозғалтқыштарын жетілдіру. Жердің жылу балансы және климаттың өзгеру мүмкіндігі. Атмосфераны, ғарышты ластанудан қорғау. Электр және магнит өрістері. Электр энергиясын пайдалану - 9 сағат. Электр энергиясын өндіру, түрлендіру, тарату және қолдану. Электр қозғалтқыштары, электр қыздырғыш пештер, аспаптар, жарықтандыру, электротехнологиялық қондырғылар, тетіктер. ЖЭС – тің қоршаған ортаға әсері, онымен күрес жолдары, электр энергиясын алудың альтернативті тәсілдерінің даму тенденциясы, «Жасыл экономика» бағдарламасының маңызы. Электр энергиясын тұрмыста, халық шаруашылығында ұтымды пайдалану. ЭКСПО-2017-болашақтың энергиясын жасайды. Токпен емдеу, ондағы техникалық қондырғылар. Табиғи қорларды кешенді пайдалану. Қазақстан - уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Энергетиканың дамуындағы физиканың ролі. АЭС, реактор жұмысы. Түрлі ортадағы электр тогы - 3сағат. 39 Ауаның иондануы, ғарыш аппараттарының атмосфера күйін бақылаудағы ролі. Плазмалық МГД генератор. Техника және қоршаған орта» (2 сағат). Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
|