ФАКУЛЬТАТИВ_КУРС_БАГДАРЛАМА. І. физика физика трмыста сынып
Скачать 252.85 Kb.
|
ГРАФИКА ЖӘНЕ ДИЗАЙН 10-11 сынып Сапарғалиева Б.К. М.Әуезов атындағы орта мектеп, Зайсан ауданы. Түсінік хат Біздің мемлекетіміздегі жалпы білім беру жүйесін ақпараттандыру қоғамдық маңызға ие болып отыр. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. ХХІ ғасырдағы ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрі ақпараттандырылған. Бұл — бүгінгі күннің негізігі талабына айналып отыр. Ал қойылған талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау кажет. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар кажет екеніне талдау жасап, кажетті мамандарды дайындаудың тұжырымдамасын, стандартын, оқу бағдарламасын, оқу - әдістемелік кешендері мен қолданбалы программалық кұралдарды жасақтау қажет. Бугінгі таңда компьютерлік дизайн, жүйелік админстратор, программалаушы және т.б. мамандардың кажет екендігі белгілі. Ұсынылып отырған «Графика және дизайн» бағдарламаcында түрлі графикалық бейнелерді өңдеуге қолданудың негіздері қарастырылған. Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға «графика», «дизайн» түсініктерін беру, компьютерлік графиканың түрлерімен таныстыру, Corel Draw бағдарламасында бастапқы дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық графиканы, ою-өрнектерді әртүрлі жарнамалық плакаттар, баннерлер құрастыру барысында қолдану. Corel DRAW векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Corel DRAW интерфейсі өте ыңғайлы, көптеген қолданбалы функцияларымен жабдықталған редактор. Редакторда бөлек объектілерді өзгертіп, түзетулер еңгізіп, біріктіріп көлемді сурет құруға болады. Графиктік макеттерінің кез-келген жеріне мәтін орналастырып, әртүрлі фото суреттерді, кестелерді, сызбаларды кірістіруге болады. 56 Бағдарламаның мазмұны І. Графика және дизайн түсінігін беру, графиканың, дизайнның түрлерін келтіру. Графиканың даму тарихына шолу жасау. Қазақстандағы график суретшілер туралы мәлімет беру, таныстыру. ІІ. Corel Draw бағдарламасының интерфейсімен таныстыру. Құрал-саймандар тақтасымен, түстер палитрасымен таныстыру. Документтерді ашып, жабу. ІІІ. Corel Draw бағдарламасының қарапайым объектілерімен жұмыс. Оларды байланыстыру, трансформациялау. Түстер палитрасымен жұмыс жасау, бояу. Ою-өрнектерді, орнаменттерді салу жолдары. Қарапайым, фигуралық мәтіндермен жұмыс. Жоба құру. Тақырыптық жоспар (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ 10-сынып Токсанбаева Г.К. Рыков атындағы орта мектебі, Катонқарағай ауданы. Түсінік хат Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары білім берудің Мемлекеттік стандартында белгіленіп көрсетілген және онда 11 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. Бағдарлы оқытуда оқушылар қалаулары бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін таңдай алады. Таңдаулы курс мектептің жоғары сатысындағы бағдарлы стандарттық деңгейіндегі негізгі бағдарлы пәнді меңгеруге қолдау жасайды және оқушының жеке білім негізін құрауына көмектеседі. Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялар адамдардың өмірін, қарым-қатынасын және жұмысын өте аз уақыт ішінде қатты өзгертті. Жаңа технологиялар адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырды және қоғамның барлық салаларына өзгерістерді енгізді. Солардың ішінде негізгі рөлді компьютер атқарады. Компьютерлік программалардың ішінде жылдам қарқынмен дамып келе жатқандары «Объектіге бағытталған программалау» және «Компьютерлік графика». Информатика пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыруда объектіге бағытталған программалауға үлкен көңіл бөлінеді. Объектіге бағытталған программалау қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсінікті ұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын-ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдану мүмкіндігін береді. Visual Basic объектіге бағытталған программалауды іске асырудың танымал құралы болады. Бұл орталар сонымен бірге визуалды программалау құралдары ретінде қисындалады, яғни 58 объектілерді монитор экранында көру және оларды программаның орындалуына дейін қандай да бір түрде бейнелеу мүмкіндігін береді. Осы негізде жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныптағы «Объектіге бағытталған программалау» таңдаулы курсы бойынша апталық сағат саны – 1сағат, жалпы жылдық сағат саны – 34сағат. Курстың негізгі мақсаты: қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардыңтеориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалауды меңгерту, оқушылардың ақпараттық мәдениетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту. Курстың негізгі міндеттері: -қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау технологияларын пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұнын қалыптастыру; -визуалды программалау құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру; -оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілікті дамыту; -есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту; -оқушыларды практикалық және бағдарлы бағытта даярлау. Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,математика,физика,биология,сызу. Оқушыларға қойылатын талаптар. Білу: қауіпсіздік техникасы ережесін,жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріорталар түсінігін, жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін, программалау жүйелерінің ерекшеліктерін, объектілі-бағдарлы ортасында құрылған файлдар міндеті мен типтерін, ақпаратты енгізу және шығару объектілерін, тышқан мен пернетақта оқиғасын, анимацияланған қойылымдарды құрудың негізгі кезеңдерін және оларды іс-жүзінде қолдануды. Үйрену: символдық және сандық деректерді өңдеуді,программалау тілдерініңортасында программалауды, объектілердің қасиеттерін өзгертуді, графикалық бейнені құруға арналған әдістерді қолдануды, әртүрлі арнайы әсерлерді визуалдағанда қолдануды, кішігірім топтар мен бірлестіктерде жұмыс істеуді, жоба қорғауды. Сағат жүктемесі: аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. |