Главная страница
Навигация по странице:

  • Модульдік анықтама 1.

  • 2. Пререквизит тер мен постреквизит тер

  • 3. Қысқаша сипаттамасы Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет .

  • 6. Қалыптасатын құзыреттер

  • 7. Сандық технологиялар және инновациялық оқыту әдістері

  • Пәннің қысқаша сипаттамасы 1-тақырып. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет.

  • 2-тақырып.

  • 3-тақырып. Практик психолог, клиент және тапсырыс беруші.

  • 4-тақырып. Психологиялық диагностика.

  • 5-тақырып. Тұлға құрылымын зерттеу әдістері.

  • 6-тақырып. Отбасын әлеуметтік – психологиялық зерттеу

  • 7-тақырып. Өзара қарым-қатынасты анықтау әдістері.

  • 8-тақырып. Эмоция және эмоцияны диагностикалау.

  • 9-тақырып. Танымдық үрдістерді диагностикалау. Зейінді зерттеу теориялары. Зейінді диагностикалау.

  • Ойлаудың әдістемелік негіздері.

  • Қиялды зерттеудің ерекшеліктері.

  • 10-тақырып. Психологиялық алдын алу.

  • 11-тақырып. Психологиялық сауаттану.

  • 12-тақырып. Психологиялық кеңес беру

  • Білім берудегі психологиялық қызмет. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту Силлабус. І. жансгіров атындаы жетісу мемлекеттік университеті педагогика жне психология факультеті Педагогика жне психология кафедрасы


    Скачать 0.59 Mb.
    НазваниеІ. жансгіров атындаы жетісу мемлекеттік университеті педагогика жне психология факультеті Педагогика жне психология кафедрасы
    АнкорБілім берудегі психологиялық қызмет
    Дата27.09.2022
    Размер0.59 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаБілім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту Силлабус.doc
    ТипДокументы
    #699470
    страница1 из 5
      1   2   3   4   5

    І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
    Педагогика және психология факультеті

    Педагогика және психология кафедрасы

    Бекітемін

    Академиялық мәселелер

    жөніндегі проректор
    ______________ Д. Қалдияров
    «____»_____________ 2020ж.

    СИЛЛАБУС

    Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту пәнінен

    (пәннің атауы)

    7М01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша

    (коды, атауы)

    ___5___ академиялық кредит көлемінде

    (саны)

    Талдықорған қ., 2020
    Құрастырушы: пс.ғ.д. педагогика және психология кафедрасының профессоры

    Наубаева Хапиза Танирбергеновна

    (Аты-жөні,тегі, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы)


    Силлабус педагогика және психология кафедрасының отырысында қарастырылды және 7М01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісіне енгізілуге ұсынылды.

    Хаттама № 10 « 18 » 05 2020 ж.
    Кафедра меңгерушісі_______ ____Э.Д. Баженова

    (қолы)

    Силлабус педагогика және психология факультетінің әдістемелік бюросымен қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

    Хаттама № 8 « 27 » 05 2020 ж.

    ФӘБ төрайымы ___________________ Г.Н. Ахмедиева

    (қолы)

    Модульдік анықтама


    1. Негізгі мәліметтер

    Код, білім беру бағдарламасы


    7М01101 – Педагогика және психология

    Пәннің атауы / Цикл/ Компонент түрі/

    PRCh 1204 Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту



    Курс, семестр

    1курс,1-семестр

    Академиялық кредит саны/ сағат


    5/150

    Әзірлеуші


    пс.ғ.д., профессор Х.Т. Наубаева

    Тьютор:

    Email:

    Телефон:

    пс.ғ.д., профессор Х.Т. Наубаева

    2. Пререквизиттер мен постреквизиттер

    Пререквизиттер


    философия, психология


    Постреквизиттер





    3. Қысқаша сипаттамасы

    Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет. Психологиялық диагностика. Психологиялық алдын алу. Психологиялық сауаттану. Психологиялық кеңес беру. Психологиялық түзету және дамыту жұмыстары. Кәсіби шеберлік және психолог этикасы.

    4. Мақсаты мен міндеттері

    Пәннің мақсаты: оқу пәні ретіндегі білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ерекшеліктері жайлы ғылыми-әдістемелік білімдердің қалыптасуын және алынған білімді психологиялық қызмет тәжірибесінде жүзеге асыра білу шеберліктерін жетілдіруді көздейді.

    Пәннің міндеті:

    • белгілі психологиялық мәселені шешуге ниеттенген клиент немесе нақты топ туралы толық мәлімет алу;

    • психологиялық талдауды қажет етіп отырған мәселені қарастыру;

    • психологиялық көмекті қажет еткен клиентке немесе топқа нақты кәсіби психологиялық көмек көрсету;

    • жеке тұлғаның өмірінде, еңбек барысында және әлеуметтік іс-әрекеттерінде психологиялық септілік жасау;

    • мемлекеттік, жеке немесе ғылыми мекемелерге психологиялық мәселенің тиімді шешімін табу үшін практикалық психологиялық көмек көрсету;

    • психологиялық сауаттандыру іс-әрекетін жүргізу;

    • кәсіби біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында үнемі өзіндік психологиялық білімін арттыру және өзіндік терапия тәжірибесін жинақтау қарастырылады.




    5. Оқыту нәтижелері

    Меңгеру: «Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту» курсының нәтижесі: магистрлер білім беру мекемелерінде психологиялық қызметтің мазмұны мен мақсаты жөнінде, оқу пәні ретіндегі психологияның ғылыми құрылымы туралы, психология курстары бойынша негізгі оқу сабақтарын өткізу ерекшеліктері жайлы білімдер алулары тиіс.

    6. Қалыптасатын құзыреттер

    Магистрант пәнді оқу процесінде және емтихан тапсырғанда міндетті:

    • Психологиялық қызмет, психологиялық диагностика, Психологиялық алдын алу, психологиялық сауаттану, психологиялық ағарту жайлы ұғымдарын және оқу пәні ретіндегі психологияның құрылу принциптері жайлы, психологиялық пәндердің мазмұнын меңгеру тәсілдерін ұйымдастыру жайлы түсінік-ұғымдарын қалыптасады.

    7. Сандық технологиялар және инновациялық оқыту әдістері

    • Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу сабақтары "on-line" және "off-line" режимінде өткізіледі. "On-line" режимінде оқу сабақтары нақты уақыт тәртібінде өткізіледі: бейне конференция (Skype, Discord, MOODLE, ZOOM, Google Classroom, Microsoft Teams, Hangouts, Cisco WebEx Meetings және т.б.). "Off-line" режимінде оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы Smart ZhetySU жеке платформасы арқылы қарым-қатынастың ішкі сервистері, чаттар мен форумдар арқылы жүзеге асырылады.




    • В.Ф.Шаталовтың тірек белгілер негізіндегі технологиясы.

    • Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.

    • М.Чошановтың, П.И.Третьяковтың, К.Я.Вазинаның, В.М.Монаховтың модульдік оқыту технологиялары.

    Оқыту әдістері:

    1. Баяндама

    2. Лекция немесе сабақ

    3. Реферат

    4. Теледидар, интерактивті бағдарлама түрінде

    5. Эссе жазу

    6. Дипломдық және жоба жұмыстары

    7. Әңгімелесулер.





    Пәннің қысқаша сипаттамасы

    1-тақырып. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет. Білім беру жүйесіндегі психолог жұмысының ерекшеліктері мен маңызы жайлы Р.В.Овчарова, Т.Д.Марцинковская, А.Құдайбергенова, С.Оспанбаева, С.Наметқұлова, Ж.Т.Тасжүрекова, Э.Д.Әбішева т.б. еңбектерінде кеңінен қарастырылған.

    Білім беру мекемелеріндегі практикалық психологияны дамыту, оқу-тәрбие жұмыстарын психологиялық қамтамасыз ету мекемелерді гуманизациялау қажеттілігімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңдағы психологтар қажетті ақпаратты меңгере отырып, оны іс жүзінде іске асыруда қиыншылықтар.

    2-тақырып. Психологиялық қызметті жетілдіруде инновацияны қолдану. Психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, білімгерлерді және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады. Қазіргі заманауи білім беру кеңістігінде педагогикалық үдерістердің екі типі бар: инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация – бұл теориялық негізделген, мақсатқа бағытталған және практикалық-бағдарлы үш деңгейдегі (макродеңгей, мезодеңгей және микродеңгейлі) жаңалықтар. Мезодеңгейдегі инновация белгілі өлкедегі білім беру мен нақты оқу орындарындағы өзгерістерге бағытталады.

    3-тақырып. Практик психолог, клиент және тапсырыс беруші. Психологиялықкөмек адамдарға әрдайым қажет. Сондай-ақ, көптеген адамдар оны әруақытта алып отырды. Шамандар, тәуіптер, шіркеу, отбасы, достар, жеке дара психологиялық қабілетті тұлғалар қалайда психологиялық проблемаларды шешіп отыру. Психолог-маманның тәжірибесі психологтық қызметіне деген әлеуметтің тапсырыстың туындауына ықпал етеді. Сондай-ақ, ұйымдағы психолог нақты қызметкердің немесе топ мінез-құлқының, қарым-қатынастарының және іс әрекетінің ерекшеліктері оның назарын аударып, алаңдатса әрі ол сол ерекшеліктерді түзету немесе дамыту

    4-тақырып. Психологиялық диагностика. Психодиагностика дифференциалды психологияның ғылыми теориялары мен тестерді құрастырудың математикаланған технологияларына сүйеніп, нәтижесінде нақты практикалық міндеттерді шешу үшін психодиагностикалық әдістерді дайындап, пайдаланатын интегративті ғылыми технологиялық пән болып табылады (А.Г.Шмелев).

    Психодиагностика оқу барысында тұлғаның белгілі сапасын өлшеу, осының негізінде диагноз қою т.б. жүзеге асырылады. Диагноздың екі түрін айтуға болады. Біріншіден, нақты бір белгінің бар болуын немесе болмауын констатациялау негізінде диагноз қою. Екіншіден, диагноз нақты сапаның көрінуі бойынша «континуум өсіндегі» зерттелінуші немесе зерттелінуші топтың орнын табуға мүмкіндік береді.

    5-тақырып. Тұлға құрылымын зерттеу әдістері. Кеңес дифференциалды психологиясында темпераменттің біркелкі шарт проблемаларын және қызметін шешуді ескеру мүмкін. В.С.Мерлиннің айтуы бойынша, темперамент – барлығына ортақ, яғни, универсалды, адамның динамикалық психикасының жүргізушісі. В.С.Мерлин темпераментті жалпы деп, универсалды, адам психикасын жалпы динамикасын реттеуіш деп есептеді. Жиналған көптеген эксперименталды материалдар қоры темпераменттің әр түрлі қасиеттерін ашады. А.И.Крупнов динамикалық белсенді параметрлерін (психомоторлы, ақыл-ойлы (интеллектуалды, ерікті) өнімді-нәтижелі компонентке индивидтің санаулы қабілеттерін берілген үш жұмыс режимі: ыңғайлы, максималды, жоғарғы максималды режимдері бойынша зерттеген. Көптеген эксперименталды материалдарда темперамент – іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Соған сәйкес, Б.И.Додонов пен А.А.Бодалевтың зерттеулерінде монотонды әрекеттің эксперименталды моделін айтуға болады. Монотонды пайда болу дәрежесі мен жылдамдылғын және әр түрлі темперамент типтеріндегі адамдарда түңілу бірін-бірі керісінше байланыстырып, бірін-бірі толықтырады.

    6-тақырып. Отбасын әлеуметтік – психологиялық зерттеу

    Халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін психологиялық қызмет көрсету, соның ішінде, отбасына психологиялық көмек көрсету қызметі, қазіргі кездегі психология ғылымын тәжірибемен енгізудің орталық жолы болып табылады. Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» терминін ұсынған. Отбасы диагнозы – отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы - отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік –психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері.

    7-тақырып. Өзара қарым-қатынасты анықтау әдістері. Тілдесу – адамзат әрекеттесуінің бір түрі. Тілдесу барысында тұлғаның ең жағымды жақтары анықталады және ашылады. Мәдениетті адам үшін қарым-қатынас – қажеттілік, оның жоқтығы ауыр, орны толмас шығын деп қабылданады. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ықпал етеді. Адамдар тілдесуіндегі ең бастысы - өзара түсінушілік.Тілдесу мәдениеті әр адамға қажеттілігі. Тілдесудің маңыздылығы.

    8-тақырып. Эмоция және эмоцияны диагностикалау. «Адамзаттық эмоция» ұғымы соншалықты қиын, тіпті локальды анықтама оның толық мағынасын ашу. Эмоция – бұл маңызды, ол ойлау мен іс қимылды мотивке келтіріп, ұйымдастырып және бағыттап, сезім сияқты толқиды. Эмоция объективті жағынан толқу формасын бейнелеп, субъективті жағынан соған қатынасын көрсететін психикалық көріністің ерекше формасы. «Эмоция» ұғымының төркіні «эмецера» деген латын сөзінен, «эмоцион» француз сөзінен шыққан, қазақша мәні – тітіркену, толқу. Бұл жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынан көрініс беруі. Базалық-дискретті эмоция – бұл өзіне нейрофизиологиялық, қозғалмалы-экспрессивті және сезгіштік компоненттерді қосатын күрделі феномен.

    9-тақырып. Танымдық үрдістерді диагностикалау. Зейінді зерттеу теориялары. Зейінді диагностикалау. Зейін–сыртқы және ішкі ортаның нақты обьектілері жайлы ақпараттың дәл осы сәттегі өзектілігін ағымды бақылау және таңдау үрдісі. Зейінге кез-келген әрекеттің жемістілігі тәуелді.

    Ойлаудың әдістемелік негіздері. Ойлау заттары мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен катынастарын бейнелейтін психикалық процес. Ойлау таным процестерінің ішіндегі ең биік сатысында тұрған жоғарғы процес. Ойлау дегеніміз шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжірибесіне сүйне отырып, ойлау ісін атқарады.

    Қиялды зерттеудің ерекшеліктері. Қиял психикалық процесс. Субъектінің заттық іс-әрекетінің құрамдарымен соңғы нәтижесінің білім құрады. Қиялды зерттеуге байланысты көптеген әдістер қолданылады. Роршахтың «сия докторы» проективті жоба әдістемесі жатқызуға болады. Өмірде жоқ жануар.

    Есті зерттеу әдістері. Адамның есі көп түрлі. Естің түрлері: қозғалыс, образды, эмоциялық т.б. Естің осы түрлері байланысты түрлі әдістемелер туындыларында көп. мысалы, ақпаратты қабылдау есі зерттеуші жылдамдығы тез арада сөздер жинағын оқиды, ол зерттеуші осы оқыған сөздерді тиісті бағанға қарастырып, жазып отыруы керек. Бес баған беріледі. Әрқайсысының өзіне тән тақырыптары да белгіленген. 1. Химиялық элемент. 2. Адам сезім мүшелері. 3. Жиһаз. 4. Ағаш. 5. Жануарлар әлемі.

    10-тақырып. Психологиялық алдын алу.

    Психологиялық алдын-алу міндеттері: жаңа әлеуметтік ортаға келген адамның бейімделуіне көмектесу; білім беру процесінің дұрыс іске асырылуына жағдай жасау; оқудың не кәсіби іс-әрекеттің келесі деңгейлеріне өтуге жекелеген не топты даярлау. Психологиялық алдын-алу мазмұны: тұлғалық дамуға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтау үшін өмір және жұмыс жағдайларын талдау; психологиялық қиындықтарға ұшырайтын немесе өздері қиындық тудыратын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау; тұлға дамуында болуы мүмкін кемшіліктердің алдын-алу; жағымды психологиялық климат құру; әріптестер арасында жағымды климат құру; еңбек және өмір жағдайларының өзгерістерінде дезадаптацияны болдырмау, бейімделуге көмектесу. Психологиялық алдын-алу бірнеше аспектіде қарастырылады: ғылыми, қолданбалы, практикалық және ұйымдастырушылық. Психологиялық алдын-алу әдістері: сұхбаттасу арқылы коррекциялық жұмыстар, жалпылық, топтық зерттеулер, халықты ақпараттандыру, психологиялық педагогикалық консилиум, т.б.

    11-тақырып. Психологиялық сауаттану.

    Әлеуметтік-психологиялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері: білім алушыларды, олардың ата-аналары мен педагогтарды әлеуметтік қорғау, оларға әлеуметтік, дәрігерлік-психологоиялық немесе педагогикалық-психологиялық көмек көрсету, оларды қалпына келтіру мен бейімделуін ұйымдастырудағы іскерлік; отбасында, білім беру мекемесінде, қоғамда оң қатынастарды орнату; тұлғаның өзін-өзі дамытуы және педагогикалық процесс субъектілерінің жеке даралығын қалыптастыруына жағдай туғызу, яғни тұлғаны қолдау, оның дамуына түрткі беріп, даму жағдайларын қамтамасыз ету; білім беру процесі субъектілерінің қалыпты дамуына қажетті оңтайлы жағдайларды жасау; білімгер, олардың ата-анасы, педагогтардың психикалық денсаулығын, мүдделерін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, білім алушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыру, оларды өмірге бейімдеу; жасөспірімдерде өзін-өзі дамыту жалпы мәдениетін қалыптастыру.

    12-тақырып. Психологиялық кеңес беру

    Психологиялық кеңес беру ресми емес формада достық, туысқандық сияқты байланыстар негізінде және кәсіби жағдайларда емшінің, мұғалімнің т.б. ақылы, кеңесі, жәрдемі, қолдауы, қалыптасуы, жетекшілік жасауы сияқты адам өмірінде ежелден-ақ белгілі орын алады. Психологиялық кеңес беру ұғымы бірнеше мәнге ие болады: қарым-қатынас процесінде жақын туыстардың, дос-жарандардың және т.б. бір-біріне беретін ақылдары болып табылады. Екіншіден, психолог кеңесі - нақты бір жағдайлардың адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп те түсіндіріледі. Психологиялық кеңес беру – қазіргі психологияның қолданбалы аймағына 1951 жылы АҚШ-та «кеңес беру психологиясы» термині ретінде енгізілген. И.А. Абеуованың көзқарасына сәйкес, психологиялық кеңес беру – бұл психикалық дамуы қалыпты адамдардың өзін-өзі тану шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беретін, осының негізінде басқаларға қатысты бағдары мен қатынасын өзгертуге және қандай да бір жағдайларда мінез-құлық, жүріс-тұрыстың варианттарын ойластыра алып, тиімділерін қолдануға қабілеттіліктерін арттыратын психологиялық көмек көрсетудің бір түрі.
      1   2   3   4   5


    написать администратору сайта