Білім берудегі психологиялық қызмет. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтерді дамыту Силлабус. І. жансгіров атындаы жетісу мемлекеттік университеті педагогика жне психология факультеті Педагогика жне психология кафедрасы
Скачать 0.59 Mb.
|
13-тақырп. Психотерапия. Психотерапияның ортақ мақсаты науқастарға ойлауы мен мінез-құлықтарын өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесу. Психотерапиялық үрдістің кезеңдері Кеңес беру мақсатындағы интервьюдің «бес сатылы» моделі. Қазіргі заманғы психотерапия мен психокоррекцияда: психодинамикалық, феноменологиялық (экзистенциялы-гуманистік) және мінез-құлықтық (когнитивті-мінез-құлықтық) атты негізгі үш бағыт бар. 14-тақырып. Психологиялық түзету және дамыту жұмыстары. Психологиялық түзету – бұл психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі қалыптыдан қайсыбір жағымсыз ауытқуларды, мінез-құлықтық, эмоциялы, танымдық, не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын басқа көріністерді бәсеңдетуді немесе жоюды мақсат еткен, адамның психикасына белсенді ықпал ету. Коррекция - (жөндеу, түзету, өзгерту) психиканың барлық жақтарын қамтиды (таным, кейіп-қалып, эмоция, іс әрекет фоны, психикалық қасиеттер, мотивация, ерік-жігер, қызығушылық, темперамент). «Психологиялық коррекция» ХХ ғасырдың 70-ші жылдары. Ұғымның нақты сипаттамасы болмаған соң, психологиялық коррекцияның әр түрлі түсініктемелері де жеткілікті. Р.С.Немов пікірі бойынша, психологиялық коррекция – психикалық сау адамның тәртібіндегі не психологиясындағы кемшіліктерін түзету үшін психолог қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы. 15-тақырып. Кәсіби шеберлік және психолог этикасы Қазіргі педагог-психологтың алдына: болашақ өркениетті, дәстүрлі демократиялық мемлекетті құратын жас ұрпақтың ең әуелі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, содан кейін оның жан сапасын, тән сапасын арттырып, техникалық прогреске сәйкес жан-жақты қолданбалы білім беру міндеттері қойылады. Психолог осы кәсіп аумағында бола отырып жекелік дамудың перспективалары сипаттамасындағы, оқу мен еңбек әрекетін жүзеге асыру сәттілігінің нақты көрінуінде бұл перспективалды анықтау жауапкершілігін мойнына ала отырып, индивидуалдылық өмірдің маңызды сипаттамалары. Кәсіби этика - бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы. Кәсіби этика мазмұны адамдар арасындағы өзара адамгершілік қатынасын нақты бір түрін және сол кодекстерді дәлелдеу тәсілдерін көрсетуші, мінез-құлық кодекстері. Бағалау саясаты Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар шәкіле және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Білім алушылардың шет тілдері бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың деңгейлік үлгіге және ECTS дәстүрлі бағалар шәкілесіне сәйкес балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
|