Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім беруді ізгілендіру технологиясы ( Ш.А.Амонашвили )

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы

  • Проблемалық оқыту технологиясы

  • Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы

  • Түсіндіре басқарып -оза оқыту технологиясы

  • Деңгейлік саралап оқыту технологиясы

  • Бағдарламалап оқыту технологиясы

  • Оқытудың компьютерлік технологиясы

  • Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы

  • Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы

  • Дип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-т. І тарау. лемдік білім жйесіндегі технологиялы рдіс


    Скачать 445.5 Kb.
    НазваниеІ тарау. лемдік білім жйесіндегі технологиялы рдіс
    Дата01.04.2019
    Размер445.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаДип.-Жалпы-білім-беретін-мектептер-тәжірибесінде-оқытудың-жаңа-т.doc
    ТипДиплом
    #72189
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    1. Ынтымақтастық педагогикасы.

    Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік тұрғысынан қарау мен оқыту мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.

    Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымының ерекшелігі:

    Ÿ мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субьект, мұғалім де субьект;

    Ÿ екеуінің бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі;

    Ÿ жалпы мектеп ұжымының арасында өзара ынтымақ болуы;

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    Ÿ балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;

    Ÿ дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;

    Ÿ тәрбиелеу тұжырымдамасы;

    Ÿ қоршаған ортаны педагогикаландыру;

    1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)

    Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.

    Білім беруді ізгілендіру технологиясының тұжырымының ерекшелігі:

    Ÿ ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдары;

    Ÿ бала-табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан ол мықтылық, шексіздік сияқты қасиеттеріне ие;

    Ÿ бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштар.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:

    Ÿ жазу-сөйлеу қарекеті;

    Ÿ математикалық пайымдау, математикалық түсіну;

    Ÿ әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;

    Ÿ өзге тілді меңгеру;

    Ÿ рухани жетілу т.б әдістері;

    Ÿ ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;

    Ÿ оқыту арқылы тәрбиелеу.

    1. Ойын арқылы оқыту технологиясы

    Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.

    Ойын арқылы оқыту технологиясының тұжырымының ерекшелігі:

    Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Мазмұнының ерекшелігі-білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік. Әдістері-пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік.

    1. Проблемалық оқыту технологиясы

    Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.

    Тұжырымының ерекшелігі:

    Ÿ білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үрдіс;

    Ÿ бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;

    бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

    Ÿ оқытуда табысқа жетудің шарттары;

    Ÿ оқу-материалында проблема туғызу;

    Ÿ баланың белсенділігі;

    Ÿ оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    Белгісіз х-ке байланысты:

    Х-мақсат

    Х-іс-әрекет обьектісі

    Х-қызмет әдісі

    Х-іс-әрекетті орындау шарты.

    Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;

    Ÿ проблемалық мазмұндау;

    Ÿ эвристикалық;

    Ÿ проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;

    Ÿ проблемалық жан-жақты эксперимент;

    Ÿ мәселені проблемалық шешу;

    Ÿ проблемалық ситуация (ойын түрінде)

    5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)

    Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне (әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету

    Тұжырымының ерекшелігі:

    Ÿ үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

    Ÿ жеке бағдарлы қарым-қатынас;

    Ÿ ізгілік (барлық бала талантты);

    Ÿ зорлықсыз, еркімен оқыту;

    Ÿ әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

    Ÿ оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.

    Мазмұнының ерекшелігі:

    Ÿ материал ірі мөлшерде енгізіледі;

    Ÿ материалды блокпен топтау,

    Ÿ оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.

    Әдістерінің ерекшелігі:

    1. теорияны блоктау;

    Ÿ теориялық материалды сыныпта меңгеру;

    Ÿ үйде де өз бетімен жұмыс істеу;

    Бірінші қайталау:

    Ÿ конспект (меңгергенін жан-жақты бақылау)

    Ÿ тірек конспектісіе ауызша баяндау

    Екінші бақылау:

    Ÿ жалпылау және жүйелеу;

    Үшінші бақылау:

    Ÿ өзара бірін-бірі бақылау

    1. практиканы блоктау

    Ÿ практикалық жұмыс(жаттығу)

    Ÿ есеп шығару

    Ÿ нәтиже

    Кеңестік дәуірде жеке пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында оқытудың жаңаша бір әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа технологиясын мектеп өміріне белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің бірі донецкілік математика пәнінің мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып табылады. Кезінде оның оқыту технологиясы да көптеген қиындықтарға кездесті. Себебі, В.Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесін жаңа жағдайда жұмыс жасауын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, түсіндіру және сипаттау жеткіліксіз болды..

    Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады(16).

    Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі.

    Біздің ойымызша, В.Ф.Шаталовтын басты еңбегі оқыту ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, “Оқыту әдісі дегеніміз – мұғалімнің оқыту, білім беру, үйрету іс-әрекеті мен оқушының оқу, үйрену іс-әрекетінің бірлігі” деген формулада келтірілген оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, В.Ф.Шаталов мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда, ол кеңестік психологияда тұжырымдалған А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина сияқты ғалымдардың жалпы идеяларын шынайы түрде жүзеге асырып, оларды әдістемелік жағынан “нақыштай” білді.

    В.Ф.Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны белсенді түрде тыңдауы түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) шығармашылық жұмыс орындау және т.б. жүзеге асырылады.

    В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я.Галь-

    периннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдары мен белгілері П.Я.Гальпериннің белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына (теория поэтапного формировангия умственных действий) сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі “меңгерудің негізгі бірліктері” түрінде жүзеге асырылады (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және басқалар).

    Мұғалімнің оқушылардың өтілген оқу материалын қаншалықты сапалы меңгергендігін бағалау мақсатындағы оқу тапсырмаларын сұрауы да сол сияқты В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттің жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын — оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды бәсең дауыспен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл жазылғандарды кезектесіп тындау және бағалау — міне, осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін тудырды.

    Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнін ізінше) және олардың жүйелері мен “байланыстарын” бөліп алуы, әрі оларды белсенді түрде жазбаша жаңғыртуы олардың оқуға деген белсеңді іс-әрекетінің дәлелі ретінде көрініп отырады. Сондай-ақ, мұғалімнін күнделікті сабақ сұрау жүйесі оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалауға мүмкіндік бергендігін көрсетеді.

    В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінде оқушылар оқу материалының мазмұнын, тірек сигналдарды дауыстап оқығанда біршама қиындықтар туындағанмен, практикалық жұмыс кезінде кейбір сәттер ойдағыдай шықпағанмен, бәрібір, мұнда білімді жинақтау процесі, істің ішкі мәнін терең толғау процесі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Оқушыға сынып алдында қате жауап беріп, қысылу, өзінің білімсіздігін жұрт алдында көрсету оңай емес.Сондықтан В.Ф.Шаталов өз оқушыларына мұғаліммен бетпе-бет отырғызып, бәсең дауыспен сабақ айтқызған немесе одан да оңайы - оқушыға өз жауабын магнитофонға жазғызған. Білім деңгейі төмен оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабында қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететін оқушыларға қаншама рухани күш береді.

    Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі — жариялық принципі. Оқушылардың магнитофонға жазғандарын ашық тындау – соның кішігірім элементі(17).

    Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В. В. Давыдовтьң зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.

    Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізеді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.

    Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56—60%) болады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз(18).

    Оқулықпен жұмыс істеу. Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудырады және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалардан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындық кезіңдегі диалогтарды жаттағандағыдай іске асыру керек.

    6. Түсіндіре басқарып -оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н.)

    Мақсаты: білім, білік, дағдыны меңгерту, барлық баланы табысты оқыту.

    Тұжырымының ерекшелігі:

    Педагогикалық ынтымақтастық тұжырымдары:

    Ÿ табыс- баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;

    Ÿ сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек)

    Ÿ қателікті ескерту, жазғырмау;

    Ÿ оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;

    Ÿ саралау әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;

    Ÿ бірте-бірте толық дербестікке жету;

    Ÿ нашар оқитын оқушыны білгір оқушы арқылы үйрету.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    1. а) Болашақ білімінің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу.

    ә) жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану.

    б) оқу әректі мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту.

    2. Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:

    Ÿ қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;

    Ÿ сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;

    Ÿ 1 сыныпта үйге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай(әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі.

    Ÿ ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді.

    Ÿ баланы жинақылыққа баулу;

    Ÿ ата- анамен қарым-қатынас;

    Ÿ оқудағы сабақтастық

    1. Деңгейлік саралап оқыту технологиясы

    Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

    Тұжырымының ерекшелігі:

    Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады. Күшті топтарда оқуға деген ынта артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    Ÿ оқу мазмұны мектептің арнайы мектептер, гимназиялар, лицей, колледж, жеке меншік мектеп сияқты типтерінің;

    Ÿ гимназия, тереңдетіп оқытылатын сыныптардың;

    Ÿ факультатив, әр жастан біріктірілген топтар;

    Ÿ сынып құрамындағы топтар бағдарламалары негізінде жүзеге асады.

    1. Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б.Скинер, Н.Краудер, В.П.Беспалько)

    Мақсаты: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.

    Тұжырымының ерекшелігі: оқыту құралдарының (ЭВМ бағдарламаланған оқулық, кино-тренажер т.б.) көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту кішкентай бөлігі арқылы логикалық бірізділік пен беріледі.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    • сызықтық бағдарлама;

    • тармақталған бағдарлама;

    • құрастырылған бағдарлама. Әдісі: блоктық және модульдық оқыту. Блоктық (ақпараттық блок, тестілік-ақпараттық, түзету-ақпараттық, проблемалық). Модульдық (блоктық оқытуды дамыту ретінде), оқушылар модульдерден құрастырылған оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдық оқыту технологиясы уақытты реттеумен оқу материалдық мазмұнында ыңғайлатуға мүмкіндік береді.

    1. Оқытудың компьютерлік технологиясы

    Мақсаты: ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау.

    Тұжырымының ерекшелігі:

    Ÿ оқыту бұл оқушының компьютермен қатынасы

    Ÿ баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    • информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу;

    • компьютерлік техниканың принциптерін білу.

    1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)

    Мақсаты: математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу, пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.

    Тұжырымының ерекшелігі:

    Дидактикалық бірліктерді ірілендіру оқытудың төмендегі нақты жолдарын:

    1. өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2. есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3. деформацияланған жаттығулар әдісін; 4. тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру; 5. математикалық білімінің күрделілігіне орай, жүйелі де тиянақты білім беру; 6. берілетін тапсырмаларының баланың ойлау операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуын ұсынады.

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:

    · бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;

    · өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;

    · тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру.

    · жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.

    1. Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)

    Мақсаты: барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту, балалардың математикаға қызығуын туғызу және таланттарды тәрбиелеу.

    Тұжырымының ерекшелігі:

    · математиканы оқыту-есеп шығаруға үйрету; есеп шығаруға үйрету-типтік бірліктерге типтік есептерді шығаруға үйрету.

    · “қиын” және “дарындылармен” жеке жұмыстану; жеке және ұжымдық іс-әрекеттің табиғи байланысы.

    · ересек оқушылар мен төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынасын орнықтыру;

    · сабақ кезіндегі және сабақтан тыс мезгілдегі жұмыс түрлерін байланыстыру

    Мазмұны мен әдістерінің ерекшелілігі:

    1. есеп шығаруға “кілтін” табу, яғни:

    · есептерді әр түрлі әдістермен шығару;

    · бірін-бірі тексеру арқылы есептердің шығарылуының дұрыстығына көз жеткізу;

    · өз бетінше есептер құрастыру; конкурс, олимпиадаларға қатысу.

    1. сабақ-консультация дайындалған карточкалар бойынша өткізіледі;

    · есептер мазмұнына, шығарылу әдісіне, күрделілігіне қарай іріктеледі;

    · әр түрлі карточкалардағы есептерге ұқсас бір есептің шығарылуы көрсетіледі.

    · барлық оқушы үшін маңызды мұғалім пікірі бойынша есеп алынады;

    1. есеп-сабақ

    2. сыныптан тыс жұмыс математикалық сайыс, математикалық олимпиада; КВН;

    · математикалық кеш.
    1. 1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта