Главная страница
Навигация по странице:

  • Парадигма

  • Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері. ылыми теория. Теорияны рылысы мен негіздері


    Скачать 177 Kb.
    Названиеылыми теория. Теорияны рылысы мен негіздері
    Дата22.01.2018
    Размер177 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаҒылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері.doc
    ТипДокументы
    #34826
    страница1 из 3
      1   2   3

    Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері

    Теория - ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.

    Ғылыми теорияның қурылымы.

    Ғылыми теориялардың классификациясы.

    Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары

    Ғылыми-танымдық әдістемелер.

    Ғылым заңдары.

     Ғылыми революциялардың ерекшеліктері

     

    ТЕОРИЯ - ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ФОРМАСЫ. ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАР

    Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру - толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

    Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Гене-тикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар про-граммалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма -дегеніміз - нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым да-муының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.

    Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар   тудырады.

    Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу - ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.

     

    ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

    Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық жэне формальдық жақтарын да ескеру қажет.

    Мазмүны жағынан теория - ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан түрады.

    Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.

    Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.

    Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:

    1) Семиотикалық негіздер - теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданыпжүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы компьютерлік бағдарламалардың тілдері)  қолдану  қолайлырақ
    болады.

    2) Методологиялық негіздер - сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.

    3) Логикалық негіздер - бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.

    Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.

    Прототеориялық логикалар - булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін - барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.

    Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс.

     

    ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

    Ғылыми теориялардың мәні және пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс.

    Ғылым зерттеушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі:

    1)сипаттамалық (эмпирикалық) теориялар;

    2) математикаландырылған ғылыми теорияларды;

    3) дедуктивтік ғылыми теориялардың.

    Бірінші түрге жататындар - сипаттамалық (эмпирикалық) теориялар жатады. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бул теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.

    Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бул теориялар аксиомалар түрінде беріледі.

    Үшінші түрге жататындар - дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.

    Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бүл теориялардың негізгі мазмуны ең басында беріледі де, ал бүдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.

    Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмүны мен ерекшеліктері - олардың пайда болуы - ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты.

     

    ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ

    Түсінік дегеніміз - заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.

    Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге бола-ды. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ.

    Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы қубылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теория-льщ түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байла-нысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады.

    Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және тео-риялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде буған сы-нап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теория-лық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.

    Ғылымның мақсаты - әр түрлі заттар мен қубылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау.

    Ал бүл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады.

    Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.

     

    ҒЫЛЫМИ ТАНЫМДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР

    Әдістеме дегеніміз - қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.

    Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз мате-матигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.

    Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.

    Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.

    Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.

    Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мына-ларды жатқызуға болады: 1) формальды - зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме - бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.

    Ал эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау - объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау - объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу - объектілерді ұцсас қасиеттері мен жақтары бойынша салы-стыру; эксперимент (тәжірибе) - қубылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.

    Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:

    1) анализ  - тұтас  заттарды  толық зерттеу жүргізу  үшін  жекеқұрамдас бөліктерге бөлу;

    2) синтез - заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерінбіртұтас жүйеге біріктіру;

    3) абстракциялау  -  зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен  қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;

    4)қорытындылау - нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері менбелгілері анықталатын ойлау тәсілі;

    5)индукция - жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;

    6)дедукция - жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

    7)аналогия - объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша,келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;

    8)жобалау - объектіні оның көшірмесін жасап, зерттеу;

    9) классификациялау - барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

    Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын ор-таша мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.

    Қазіргі кездегі жаратылыстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді.

     

    ҒЫЛЫМ ЗАҢДАРЫ. ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Ғылыми танымның мақсаты - шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын күру.

    Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды про-цестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ор-тақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).

    Заңның негізгі белгісі - әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.

    Ғылыми революция дегеніміз - ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.

    Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады:

    1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

    2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

    3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

    Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теорияларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.

    Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.

    1. Жеке - білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция

    2. Кешендік - білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

    3. Әлемдік- ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.  

    Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

    1)    ғылыми революциялардың аумағы;

    2)    ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;

    3)    жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;

    4)    әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

    5)    ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

    6)    ғылым дамуының тарихи кезеңі,

    7)    ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.

    Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.


    43. Ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

    Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

    Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

    Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

    Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

    Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

    44. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

    Гипотеза (гр. πόθεσις — негізгіжорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылымитеория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.

    Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды.

    46.Философия – жалпы методология, методтардың теориясы, ал теория білімнің адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің, ұғымдар мен категориялардың табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.

    47. Парадигма[1] (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

    48.Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

    Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды.

    · Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.

    · Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы.

    · Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.

    · Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.

    · Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

    49. Кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

    Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

    Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

    Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

    Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

    Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:

    1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

    2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

    3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

    4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

    Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

    1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

    2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

    3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

    Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

    50. Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

    - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

    - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

    - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

    - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

    - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

    - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

    - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

    - классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

    Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:

    • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

    • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

    • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

    • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;

    • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

    Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

    - декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

    - селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

    - агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

    Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

    Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.
      1   2   3


    написать администратору сайта