Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері. ылыми теория. Теорияны рылысы мен негіздері
Скачать 177 Kb.
|
Ғылым тілі – ғылым негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы. Адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғыл. мәтін (текст). Ғылым тілі көптеген ғыл.-зерттеулерде ғыл. стильмен теңестіріледі. Ғылым тілі жазумен тікелей байланысты. Өйткені ғыл. стиль жазу арқылы танылады. Ғылым тілі әдеби тілдің бір тармағы болғандықтан оның пайда болуы мен қалыптасуы сол әдеби тілдің жасалуына тікелей қатысты. Өйткені сол тілде ғыл.-зерт. жұмыстарының жүргізілуіне және ғыл. әдебиеттердің жазылуына байланысты ғылым тілі өрбиді. Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады. Сондықтан логикалық маңызы зор. Ғылым тіліндегі сөздер негізінен өзінің бастапқы мағынасында жұмсалады. Келтірінді, ауыспалы мағынадағы сөздер мұнда болмайды. Ғылым тілін қалыптастыра бастаған ғылым салалары негізінен өздерінің терминдік лексикасын, термин сөздерін жүйелеп пайдаланады. Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология)[1] — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет,салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау,логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотикасының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.[2] Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема,морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген: 1. Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика; 2. Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика; 3. Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін праг Матика. 69. Өркениетті кешенді түсіндіру. (С.Хантинктон «өркениеттер қақтығысы» ) Өркениет – қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға,қоғамдандыруға, қызметтерінің нəтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы жəне еркіндік сəттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ыктимал түрінде автономды жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда."Өркениеттер қақтығысы" - американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірнеше тілге аударылып, қызу пікір-талас тудырды. Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латын американдық және африкандық. Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Ылыми революциялар. Ғылыми зерделік түрлері және олардың сабақтастығы Ғылыми революция дегеніміз – ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмұнын өзгертетін ерекше құбылыстар. Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипаттарын бөліп қарастыруға болады: 1) Жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау, 2) Табиғат туралы бұрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою; 3) Тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы. Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теориялар талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы қайта құру. Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми революциялардың түрлерін бөліп қарастыруға болады. 1. Жеке –білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция; 2. Кешендік – білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция; 3. Әлемдік – ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция. Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет: 1) ғылыми революциялардың аумағы; 2) ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру тереңдігі; 3) жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыстық теориялар ашу; 4) әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы; 5) ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру; 6) ғылым дамуының тарихи кезеңі, 7) ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны ғана әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы революция мен ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық революция. XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады Бірінші глобальды революция «логика» (Аристотель). Екінші глобальды революция Гелиоцентрлік жүйе(күн жүйесі) Коперник Галилей. Үшінші глобальды революция Энштейн, теория относительности. Лемнің ғылыми бейнесі түсінігі. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері. Әлемнің ғылыми бейнесі - ғылым дамуының белгілі кезеңдеріндегі болмыстың жалпы заңдылықтарының біртұтас жүйесі.Әлемнің ғылыми бейнесі: 1.әлемнің жалпы ғылыми бейнесі 2. Әлемнің жаратылыстану бейнесі (физикалық, химиялық, биологиялық ) Әлемнің ғылыми бейнесінің басты сипаттамасы оның жүйелілігі. Әл.ғыл бецнесініңүш түрі: 1.классикалық2классикалық емес 3.постклассикалық емес. Классикалық бейне: И.Ньютонның ғылыми революциясы; классикалық жаратылыстану; кезеңі ХVII-XIXғ; басты идеясы геоцентрлік жүйеден гелиоцентрлік жүйеге ауысу. Классикалық емес бейне: Энштейн революциясы; кезеңі XIX ХХ ғасырлар; ашылулар Атомның күрделі құрылымы, радиоактивті құбылысы, электромагниттік сәулеленкдің дискреттік |