Ғылыми теория. Теорияның құрылысы мен негіздері. ылыми теория. Теорияны рылысы мен негіздері
Скачать 177 Kb.
|
Танымның эмпириялық деңгейінің әдістері[өңдеу] Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады. Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді. Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері[өңдеу] Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады. 52. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді. 53.Жүйелік тәсіл әдістемелік принциптердің жиынтығы ретінде Жүйелік тәсіл (Системный подход; approach system) — объектіні негізінен жүйе ретінде қарастыратын ғылыми таным мен практиканың әдіснамалық бағыты; зерттеушіні объектінің тұтастығын ашуға, байланыстар типтерінің көп түрлілігін жөне оларды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауды анықтауға бағыттайды. Жүйелік тәсіл принципі кибернетикада, техникада, басқаруда, экономикада және т.б. қолданылады. 54.Ғылыми танымның тарихи әдісі 55. Танымның жалпы логикалық әдістері[ Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'', ''дедукция'' жатады. 1. Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты. 2. Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді. 3. Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады.Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады. 4. Данышпан ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті. Индуктивтік әдіспен алынған ақиқат үнемі толық бола бермейді, сондықтан ол дедуктивтік әдіспен дәйектелуі керек. Екінші жағынан, дедукция үнемі индуктивтік жолмен алынған нәтижелерді пайдалануы керек. 56. Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда. Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді. Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған: 1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау; 2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту; 3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру; 4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау. Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: - анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; - синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру; - абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; - жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; - индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі; - дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі; - аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б - классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері). Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады: • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы; • интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу; • модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; • ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу; • эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары; Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады: - декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу; - селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау; - агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру. Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді. Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады. Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы. Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады. Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д.К.Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді. Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады: - қалыпты кезең, бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланаған; -экстраординарлық кезең - жаңа парадигманы іздеу кезеңі. Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның кәдімгі даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір біріне үзілді – кесілді қарама - қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті. 57.Диалектика – танымның жалпы тәсілі ретінде Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) — табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.[1] Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды. Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит “от”, “әлемдік өрт”, “космос” ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И.Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г.Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады. Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Қайшылық - даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі. Диалектика – болмыстың әмпебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. « Диалектика» ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымның өзі терминінің әуелгі мағынасын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігі атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процеске кез келген қасиеттің қарама-қарсы айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған. Бұл сияқты зерттеулерде диалектика термині әлі қолданылмады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу / грек тілінен dialegu mai/ деген ұғымды білдіреді. Аристотель диалектиканы ойлап тапқан Зенон Элейский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым – аналитикадан диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады. Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бір қалыпты әрі өз өзімен барабар болады деп анықтайды. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар приципінен негізделеген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды. “Софист” және “Парминид” сұхбаттарында жаратылыстағы жоғарғы буындағылардың кез келгенін бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар әрі барабар емес, өзіне тепе-тең және өзінің “басқа ” түріне өтіп отырады деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келеді. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы, тыныштық күйінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық – рухты ойландырып – толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт. Және бұл өнер, Платонның пікірінше, диалектикалық өнер болып табылады. Неоплатоншылдар диалектиканы дамыту ісін жалғастырды. Феодалдық қоғамның философиясы – схоластикада – диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады. Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімі туралы диалектикалық ойларды Н.Кузанский мен Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігіне қарамастан Декарт пен Спиноза диалектикғалық ой үлгілерін жасады. 18 ғасырда Францияда диалектикалық идеяларының сонылығымен Руссо мен Дидро ерекшеленді. Диалектикалық дамудың аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы – шындықты танылу объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де қарастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің диалектикалық идеяларының өресіздігіне, жаңсақтығын көрсетті. Лейбниц монадаларының өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде Кант физикалық және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды әрі Декарттан соң бірінші болып – табиғатты танудағы даму идеясын енгізді. Классикалық неміс философиясы диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық заңдар концепциясында қарастырады. Таным теориясында Кант диалектикалық идеяларды «антиномиялар» туралы ілімінде дамытты. Бірақ ақыл парасат диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдану аясына оралысымен ақ диалектика жойылады. Бұдан кейін таным теориясында Фихте маңызды диалектикалық идеялары бар категориялар жасаудың «антитетикалық» әдісін жетілдіреді. Шеллинг Канттың ізінше табиғат процестерін диалектикалық тұрғыда ұғынуды ұсынды. Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік диалектикасы болды. Гегель «тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуа деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байданысын ашуға тырысты». Гегельдің ойынша диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы, онда бұл анықтамалардың сыңаржақты әрі өресіз екендігі, яғни олардың бойында өздерін өздері терістеу бар екендігін көрінеді, пайымдаудың дерексіздік анықтамаларынан диалектиканың ерекшелігі осында Гегель ілімі бойынша, сол себепті диалектика ойдың ғылыми тұрғыда өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден бір принцип болып табылады. Дүниедегінің бәрінің өзін өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімінде, өмірді де ойды да революцияландыратын негіз болады, сол себепті алдыңғы қатарлы ойшылдар Гегель диалектикасын «революция алгебрасын» көрді. Гегельдің диалектикалық жүйесі сандық және сапалық өзгерістердің табиғатын көрсетеді:қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі «прогресс», «регресс», «даму» ұғымы мен тығыз байланысты. Сонымен бірге оның сыни – рефлексивтік фунциясын да айта кету керек. Диалектикадан басқа ойлаудың басқа да тәсілдері бар, олар: метафизика, софистика, эклектика. Болмыстың универсалды байланыстары диалектиканың заңдары мен катергорияларында көрініс береді. Диалектиканың негізгі заңдары бар, олар: сандық және сапалық өзгерістердің бір-біріне өту заңы; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы , терістеуді терістеу заңы. Қайшылық диалектиканың басты категориясы болып табылады. Диалектиканы қайшылықтар туралы ілімде дамудың қандай түрінің болса да қозғаушы күші мен қайнар көзін ашып көрсетеді: диалектикалық дамудың басқа да категориялары мен принциптерінің кілті осы ілімде, сандық өзгерістерінің сапалық өзгерістерге айналуы арқылы даму, біртіндеушіліктің үзілуі, секірістер, дамуың бастапқы сәтіне қатысты терістеудің өзін терістеу, бастапқы күйге тән белгілердің, қасиеттердің кейбірінің жоғары негізде қайталануы. Дамуды нақ осылайша түсіну диалектиканы реформистік теорияларға тән неше түрлі анайы — эволюционистік көзқарастардан ажыратады. Даму– мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында. Материяның өмір сүру тәсілі түріндегі қозғалыс еш нәрседен пайда болмайды және жоғалып та кетпейді,мәңгі өмір сүреді, басы да, аяғы да жоқ. Жоғары өрлейтін және төмен түсетін даму болады. Сырттан ішке қарай, іштен сыртқа қарай, ескіден жаңаға және жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге және күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарғыға және жоғарғыдан төменгіге, кездейсоқтықтан қажеттілікке және қажеттіліктен кездейсоқтыққа дамулар болады. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді. Дамудың әрбір жеке процесінің баспалдақтары: оның пайда болуының алғышарттарын әзірлеу, яғни, негізінен сыртқы қозғалыс; туу, яғни, ішкі қозғалысқа көшу; қалыптасу, Яғни дамудың жаңа процесі мен ол туған жағдайды өзгерту; өзіндік даму; немесе даму процесінің пісіп-жетілуі, яғни, оның өз бетінше өмір сүруі; процестің өшуі, күйреуі. Дамудың түпкі процесс ретінде әуел бастан ақ төмендегіден жоғарыға және жоғарыдан төменгіге жеткізетін тенденциялары жасырын күйде болады. Диалектика табиғатты, қоғамды және танымды зерттеудің философиялық әдісі болып табылады. Тек диалектика тұрғысынан ғана объективтік ақиқаттың күрделі, қайшылықтарға толы қалыптасу жолын, ғылыми дамудың барлық сатыларында абсолюттік пен шарттылық, тұрақтылық пен құбылмалылық элементтерінің байланысын, тұжырымдаудың бір түрінен басқа, неғұрлым мазмұнды түріне өтуін түсінуге болады. Диалектиканың тоқырау мен сылбырлықтың қандайымен болса да ымыраласпайтын революция табиғаты оны қоғамдық дамудың тарихи мұқтаждарын, жаңа мазмұнға ескі формалардың үйлеспейтіндігін, адамзат прогресіне жағдай жасайтын жетілген формаларға өту қажеттігін объективті тұрыда ескеріп отыруға көмектесетін, қоғамды практика жүзінде қайта құрудың қаруы етеді. . 58.Магистранттың ғылыми іс-әрекетінің аумағына тән арнайы әдістер 59. 60.Ғылым тілі. Мәдениет семиотикасы. Тіл қалыпты белгілі жүйе ретінде. |